Hilti PR 2-HS-A12 Инструкция по эксплуатации

  • Привет! Я прочитал руководство по эксплуатации ротационного лазера Hilti PR 2-HS A12, а также информацию о лазерном приемнике PRA 20 и держателе PRA 83. Готов ответить на ваши вопросы о его функциях, настройке, использовании и техническом обслуживании. В руководстве описаны различные режимы работы, включая режим самовыравнивания и режим работы с наклоном, а также меры предосторожности и способы устранения неисправностей. Спрашивайте!
  • Как включить лазерный уровень?
    Как перевести лазер в режим работы с наклоном?
    Что делать, если лазерный уровень выключился сам?
    Как использовать лазерный приемник PRA 20?
    Как заменить батареи в лазерном приемнике?
136 Қазақ
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Шартты белгілердің анықтамасы
1.1.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
белгімен бірге қолданылады:
ҚАУІП! Ауыр жарақаттарға әкелуі немес өмірге қауіп төндіруі мүмкін тікелей қауіпті
жағдайдың жалпы белгіленуі.
ЕСКЕРТУ! Ауыр жарақаттарға әкелуі немес өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті
жағдайдың жалпы белгіленуі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ! Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін
ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
1.1.2 Таңбалар
Төмендегі таңбалар қолданылады:
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
1.1.3 Суреттер
Бұл нұсқаулықтағы суреттер аса маңызды мәнге ие және нақты конструкциядан ауытқуы мүмкін:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді.
Суреттердегі нөмірлеу әрекеттердің реттілігін бейнелеп білдіреді және мәтіндегі әрекеттер
реттілігінің нөмірленуінен өзгешеленуі мүмкін.
Позиция нөмірлері шолу суретінде қолданылады. «Өнімге шолу» мақаласында шартты
белгілердің нөмірлері осы позиция нөмірлеріне сілтеме береді.
1.2 Өнімде
Лазер туралы ақпарат
2-ші лазер класы, IEC60825-1/EN60825-1:2007 стандартына негізделген
CFR 21 § 1040 (лазер бойынша 50-ескертпеге) сай келеді.
Лазер сәулесіне қарамаңыз.
1.3 Бұл құжаттама туралы
Іске қосу алдында міндетті түрде осы пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз
жұмыс пен ақаусыз басқару үшін алғышарт болып табылады.
Осы құжаттамадағы және аспаптағы қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым аспапта сақтаңыз және аспапты басқа тұлғаларға тек
осы нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
Өзгерістер мен қателер сақталған.
1.4 Өнім туралы ақпарат
Hilti өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен
пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану
немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
Қазақ 137
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Ротациялық лазер PR 2-HS A12
Буын 02
Сериялық нөмір
2 Қауіпсіздік
2.1 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
2.1.1 Негізгі қауіпсіздік шаралары
Сақтық шаралары бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде
берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр
жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз. Бұдан әрі қолданылатын «электр құрал» термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралға қатысты.
2.1.2 Жалпы қауіпсіздік шаралары
Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралды
қолданбаңыз. Электр құралды қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
Сақтандырғыш құрылғыларды өшірмеңіз және ескертетін жазулар мен белгілерді алмаңыз.
Аспапты балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Аспапты қате бұрап шығарғанда 2-кластан асыратын лазерлік сәуле пайда болады. Аспапты тек
Hilti қызмет көрсету бөлімдеріне жөндеуге рұқсат беріңіз.
Лазерлік сәулелер көз деңгейінен айтарлықтай төмен немесе жоғары өтуі керек.
Қоршаған ортаның әсерін ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде
қолданбаңыз.
FCC§15.21 директивасы бойынша нұсқау: Hilti компаниясы рұқсат етпеген өзгертулер немесе
модификациялар пайдаланушының құрылғыны пайдалану құқықтарын шектеуі мүмкін.
Аспап құлаған жағдайда немесе оған басқа механикалық әсерлер тигізгенде, оның жұмысқа
қабілеттілігін тексеру керек.
Температура кенет өзгерген жағдайда аспап қоршаған орта температурасын қабылдағанша
күтіңіз.
Адаптерлерді және жабдықтарды қолданғанда құрал берік бекітілгеніне міндетті түрде көз
жеткізіңіз.
Дұрыс емес өлшеулерді болдырмау үшін лазерлік сәуленің шығу терезесін таза ұстау керек.
Аспап құрылыс алаңдарының қатаң жағдайларында қолдануға арналғанымен оған дәл басқа
оптикалық және электр құрылғыларына (жорық дүрбісі, көзілдірік, фотоаппарат) сияқты
ұқыпты қарау керек.
Аспап ылғалдың кіруінен қорғалғанмен, тасымалды сөмкеге салу алдында оны құрғатып сүрту
керек.
Маңызды өлшеулер алдында аспапты тексеріңіз.
Аспап дәлдігін әр кез маңызды өлшеулер алдында тексеріңіз.
Жұмыс орнын жақсы жарық түсумен қамтамасыз етіңіз.
Лазерді жаңбыр мен ылғалдан алшақ ұстаңыз.
Контакттерге тимеңіз.
Электр құралының күйін мұқият қадағалаңыз. Қозғалатын бөліктердің мүлтіксіз қызмет
ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және аспаптың
қызмет етуіне теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқ екенін тексеріңіз. Зақымдалған
бөлшектерді аспапты іске қоспас бұрын жөндетіңіз.Нашар жөнделген аспаптар көптеген
жазатайым оқиғалардың себебі болып табылады.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
138 Қазақ
2.1.3 Жұмыс орнын жақсылап жабдықтау
Өлшеу орнын қорғаңыз. PR 2-HS A12 орнатқан кезде сәуленің басқа адамдарға не өзіңізге
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
Сатыларды және басқыштарды қолданғанда сақ болыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз.
Қайтаратын нысандар немесе беттер жанында орындалған өлшемдер, әйнек немесе ұқсас
материалдар өлшеу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Аспапты тегіс, қозғалмайтын бетте (вибрациялар әсерін тигізбей) орнату керек екенін есте
сақтаңыз.
Аспапты тек техникалық сипаттамаларының шектерінде қолданыңыз.
Аспапты, қосалқы құралдарды, алынбалы құралдарды және т.б. нұсқауларына сай және дәл
осы құрылғылар түрін қолдану бойынша нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Жұмыс шарттарын
және орындалатын әрекеттерді есепке алыңыз.Аспаптарды алдын ала көзделген мақсаттардан
тыс қолдану қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін.
Өлшеу рейкаларымен жоғары кернеу желілерінің жанында жұмыс істеуге тыйым салынады.
2.1.4 Электрмагниттік үйлесімділік
Аспап тиісті директивалардың қатал талаптарына сәйкес келсе де, Hilti төмендегілерді есептен шығара
алмайды:
Аспап қатты сәулеленуден бұзылып, жұмыста ақаулықтар пайда болуы мүмкін.
Мұндай және басқа да қауіпті жағдайларда бақылау өлшем әрекеттері орындалуы тиіс.
Аспап басқа аспаптарға (мысалы, ұшақтардағы навигация жүйелеріне) кедергі келтіре алады.
Тек Корея үшін:
Бұл аспап тұрғын аймақта пайда болатын электрмагниттық толқындарға арналған класы). Ол негізінде
тұрақты жерлерде пайдалануға арналған, бірақ оны басқа аймақтарда да пайдалануға болады.
2.1.5 2-ші лазер класындағы аспап үшін лазерлік жіктеу
Аспап IEC60825‐-1:2007/EN60825‐-1:2007 стандарты бойынша 2-ші лазер класына жатады. Бұл аспапты
пайдалану қосымша қорғауыш құралдарды қолдануды қажет етпейді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Лазерлік сәулені адамдарға бағыттауға тыйым салынады.
Лазердің жарық көзіне ешқашан тікелей қарамаңыз. Көзге тікелей тиген жағдайда, көзіңізді
жауып, басыңызды сәуле диапазонынан шығарыңыз.
2.1.6 Аккумуляторлық аспаптарды мұқият пайдалану
Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
Жарылыс қаупі бар.
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға
және жағуға тыйым салынады. Әйтпесе өрт, жарылыс немесе күйік қаупі бар.
Аккумуляторға қатты механикалық соққы қолданбаңыз және аккумуляторды лақтырмаңыз.
Аккумуляторды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Ылғалдың тиюін болдырмаңыз. Ішке енген ылғалдылық қысқа тұйықталуға әкелуі және
нәтижесінде жарылыс не өртке апарып соғуы мүмкін.
Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
Тек тиісті аспапқа арналған аккумуляторды ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторлады
пайдалану немесе аккумуляторларды басқа мақсаттармен пайдалану нәтижесінде өрт не жарылыс
қаупі туындайды.
Аккумуляторды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Аккумуляторды күн көзінде, жылыту
құралдарында немесе терезе сыртында сақтауға тыйым салынады.
Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контактілердің тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, бұрандалардан және басқа металл
заттардан ары ұстаңыз. Аккумулятор не зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің қысқа
тұйықталуы күйік не өртке апарып соғуы мүмкін.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
Қазақ 139
Зақымдалған аккумуляторларды (мысалы, сызаттары бар, бөліктері сынған, контактілері
бүгілген және/немесе созылған аккумуляторларды) зарядтауға және қайта қолдануға тыйым
салынады.
Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
Аспапты жүк тиеу алдында аккумуляторлар мен батареяларды оқшаулау немесе аспаптан
шығару керек. Ағып кеткен аккумулятор элементтері аспапты зақымдауы мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумулятордың ыстық екені сезілгенде, аккумулятордың өзі не аспап пен
аккумулятор жүйесі ақаулы болуы мүмкін. Аспапты жанғыш материалдардан алшақ, бақылауға
болатын тұтанбайтын жерге қойып, суытыңыз.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу
3.1.1 PR 2-HS A12 ротациялық лазері 1
@
Лазерлік сәуле (ротация жазықтығы)
;
Ротациялық бастиек
=
Тұтқыш
%
Аккумуляторды босату түймесі
&
LiIon аккумуляторы
(
Аккумулятордың зарядтау деңгейі
индикаторы
)
Басқару панелі
+
5/8" ирек оймасы бар негіз
3.1.2 PR 2-HS A12 басқару панелі 2
@
Қосу/өшіру түймесі
;
Жарық диоды: Автоматты нивелирлеу
=
Түйме мен жарық диоды: «Антишок»
функциясын өшіру
%
Түйме мен жарық диоды: Қолмен
еңкейту режимі
&
Аккумулятордың зарядтау деңгейінің
индикаторы жарық диоды
3.1.3 PRA 20 лазер қабылдағышының басқару панелі 3
@
Қосу/өшіру түймесі
;
Дауыс қаттылығы түймесі
=
Бірліктер түймесі
%
Айқындау аймағы
&
Белгілеу кесігі
(
Индикатор
3.1.4 PRA 20 лазер қабылдағышының индикаторы 4
@
Лазер жазықтығына қашықтық көрсеткіші
;
Дауыс қаттылығы көрсеткіші
=
Ротациялық лазер аккумуляторының
төмен зарядтау деңгейіне арналған
индикатор
%
Батарея зарядының индикаторы
&
Лазер жазықтығының биіктігіне
салыстырмалы қабылдағыш
орналасуының индикаторы
(
Индикатор
)
Белгілеу кесігі
+
Айқындау аймағы
3.1.5 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім пайдаланушы басқара алатын айналмалы, көрінетін лазерлік сәулесі бар ротациялық
лазер болып табылады. Аспап горизонталды және еңкейген жазықтықтарда өлшемдерді өлшеу,
тасымалдау және тексеруге арналған. Метр немесе биіктік ойықтарын тасымалдау үшін пайдалану
мысалдары.
Бұл өнім үшін тек Hilti B 12⁄2.6 литий-иондық аккумуляторын ғана пайдаланыңыз.
Бұл өнім үшін тек Hilti C 4⁄1250 зарядтағыш құрылғысын пайдаланыңыз.
3.1.6 Ерекшеліктері
Ротациялық лазер көлденең күйде және еңкейтулер үшін пайдаланылуы мүмкін.
Аспапта келесі жұмыс күйінің индикаторлары бар: Автоматты нивелирлеу жарық диоды, еңкейту жарық
диоды және «антишок» функциясының жарық диоды.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
140 Қазақ
Автоматты нивелирлеу
Автоматты нивелирлеу аспап қосылғаннан кейін екі кірістірілген сервомотор арқылы орындалады.
Жарық диодтары әр пайдалану жағдайын көрсетеді. Автоматты нивелирлеу көлденең сызыққа қарсы
±5° аумағында белсенді және түймесі арқылы ажыратылуы мүмкін. Аспапты тікелей еденде,
штативте немесе қабырға бекіткішінің көмегімен орнатуға рұқсат етіледі.
Еңкейту бұрышы
Я болмаса, еңкейту адаптерімен еңкейтуді реттеу режимінде 60%-ға дейін қолмен еңкейтуге болады.
Автоматты нивелирлеу белсенді емес.
Автоматты өшірілу
Автоматты өшірілу нивелирлеу жүзеге аспаған кезде лазердің төмендегі күйінде орындалады:
көлденең сызыққа қарсы 5°-тан артық еңкейтілген кезде.
механикалық блок қойылған кезде.
теңселу немесе соққы нәтижесінде бумадан шығып кеткен кезде.
Өшкеннен кейін сәуленің айналуы тоқтайды, барлық жарық диодтары жыпылықтай бастайды.
«Антишок» функциясы
Егер лазер қолдану барысында деңгейден шығып кетсе, аспап кірістірілген «Антишок» функциясының
көмегімен ескерту режиміне ауысады. «Антишок» функциясы алғаш рет нивелирлеу жүзеге асқаннан
кейін екінші минутта белсендіріледі. Егер осы 2 минут ішінде басқару панелінде түйме басылса,
«Антишок» функциясы белсендірілгенше қайтадан екі минут уақыт кетеді. Лазер ескерту режимінде
болған кезде:
барлық жарық диодтары жыпылықтайды.
ротациялық бастиек тоқтайды.
лазерлік сәуле жанады
Астыңғы бет дірілге төзімді емес болғанда немесе еңкейту режимінде өңделген кезде, «Антишок»
функциясын түймесі арқылы ажыратуға болады.
Лазер қабылдағышы
Hilti лазер қабылдағышын үлкен қашықтықтарда лазерлік сәуле индикациясы үшін қолдануға болады.
3.1.7 Жарық диодты индикаторлар
Ротациялық лазер жарық диодты индикаторлармен жабдықталған.
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы
барлық жарық диодтары жыпылықтайды Аспапқа соққы тиді немесе нивелирлеу
режимінен уақытша шығарылған.
Автоматты нивелирлеу жарық диоды жасыл
түспен жыпылықтайды
Аспап нивелирлеу режимінде.
Автоматты нивелирлеу жарық диоды жасыл
түспен жанып тұр
Аспап нивелирленді/жұмысқа дайын.
«Антишок» функциясының жарық диоды сарғылт
түспен жанып тұр
«Антишок» функциясы өшірілді.
Еңіс индикаторының жарық диоды сарғылт
түспен жанып тұр
Еңкейту режимі белсендірілген.
3.1.8 Li-Ion аккумуляторының зарядтау деңгейінің индикаторы
Литий-иондық аккумулятор зарядтау деңгейінің индикаторымен жабдықталған.
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы
4 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 75 % - 100 %
3 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 50 % - 75 %
2 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 25 % - 50 %
1 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 10 % - 25 %
1 жарық диоды жыпықтайды. Зарядтау күйі: < 10 %
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
Қазақ 141
Нұсқау
Жұмыс істеп тұрған кезде аккумулятордың зарядтау деңгейі аспаптың басқару панелінде
көрсетіледі.
Жұмыс істемей тұрған күйде аккумулятордың зарядтау деңгейін босату түймесін түрту арқылы
көрсетуге болады.
Зарядтау барысында зарядтау деңгейі аккумулятордағы индикаторда көрсетіледі (зарядтағыш
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқаулықты қараңыз).
3.1.9 Жеткізілім жинағы
PR 2-HS A12 ротациялық лазері, PRA 20 (02) лазер қабылдағышы, 2 батарея (AA ұялары), PRA 83 лазер
қабылдағышының ұстағышы, 2 өндіруші сертификаты, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса, өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімді Hilti орталығында немесе келесі сайтта табуға
болады: www.hilti.com.
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Ротациялық лазердің техникалық сипаттамалары
Әрекет ету диапазоны (диаметр) PRA 20 (02) үлгісімен
2 м …600 м
10 м-дегі дәлдік (MILSTD810G бойынша стандартты
қоршаған орта шарттарында)
±0,5 мм
Лазер класы
Көрінеді, 2-ші лазер класы,
620-690 нм/По<4,85 мВт 300 айн⁄мин;
EN 60825-1:2007; IEC 60825-1:2007
Айналу жылдамдығы
300 А/мин
Өздігінен туралану диапазоны
±5°
Жұмыс температурасы
−20 …50
Сақтау температурасы
−25 …60
Салмағы (B12/2.6 аккумуляторын қоса)
2,44 кг
Құлау сынағының биіктігі (MILSTD810G бойынша
стандартты қоршаған орта шарттарында)
1,5 м
Тағанның ирек оймасы
5/8 дюйм
IEC 60529 стандарты бойынша қорғаныс класы
(аккумулятор мен аккумулятор бөлімінен басқа)
IP66
4.2 Лазер қабылдағышының техникалық сипаттамалары
Қашықтық индикаторы аймағы
±52 мм
Лазер жазықтығының индикация аймағы
±0,5 мм
Айқындау өрісінің ұзындығы
120 мм
Корпус жоғарғы қырының орталық белгісі
75 мм
Өшуден алдын айқындаусыз күту уақыты
15 мин
PRA 83 қабылдағыш ұстағышындағы құлау сынағының
биіктігі (MILSTD810G бойынша стандартты қоршаған
орта шарттарында)
2 м
Жұмыс температурасы
−20 …50
Сақтау температурасы
−25 …60
Салмағы (батареяларды қосқанда)
0,25 кг
IEC 60529 бойынша қорғаныс класы
IP66
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
142 Қазақ
5 Ротациялық лазерді басқару
5.1 Лазер мен аккумуляторды дұрыс қолдану 5
Нұсқау
Аккумулятордың B12 түрінде қорғаныс класы жоқ. Аккумуляторды жаңбыр мен ылғалдан алшақ
ұстаңыз.
Hilti ережелеріне сәйкес, аккумуляторды тек оған қатысты өніммен бірге пайдалану және ол
үшін батарея бөліміне салу керек.
1. 1-сурет: Көлденең режимде жұмыс істеу.
2. 2-сурет: Еңкейту режимінде лазер басқару панелінің бүйіріне көтерілуі тиіс.
3. 3-сурет: Алып тастау немесе еңкейтілген күйде тасымалдау.
Лазерді аккумулятор бөлімі немесе аккумулятор жоғары қарап тұрмайтындай және ылғал
кірмейтіндей етіп ұстаңыз.
5.2 Аккумуляторды орнату / шығару 6
АБАЙЛАҢЫЗ
Электрлік қауіп. Кір контактілер қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін.
Аккумуляторды орнатпас бұрын аккумулятор мен аспаптың контактілерінде бөгде заттардың
жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Аккумулятор дұрыс салынбаған кезде, аспап ішінен түсіп қалуы мүмкін.
Аккумулятордың түсіп қалуын не басқа қауіптерді болдырмау үшін оның аспап ішіне берік
орнатылғанын қадағалаңыз.
1. Аккумулятор берік отырғанша оны жылжытып тұрыңыз.
Лазер іске қосылуға дайын.
2. Босату түймесін басып тұрыңыз.
3. Аккумуляторды тартып шығарыңыз.
5.3 Лазерді іске қосу және көлденең күйде жұмыс істеу 7
Нұсқау
Маңызды өлшеу жұмыстарын орындамас бұрын лазердің дәлдігін тексеріңіз, әсіресе, ол еденге
құлағаннан соң немесе әдеттегіден тыс механикалық әсер еткен соң.
1. Лазерді арнайы ұстағышқа орнатыңыз.
2.
' түймесін басыңыз.
Автоматты нивелирлеу жарық диоды жасыл болып жыпылықтайды.
Нивелирлеуге қол жеткізген соң лазер сәулесі қосылып, автоматты нивелирлеу жарық диоды
үздіксіз жанады.
Нұсқау
Ұстағыш ретінде қабырға ұстағышын немесе таянышты пайдалануға болады. Тірек аймағының
еңкейту бұрышы максималды ± болуы керек.
5.4 Еңкейту адаптерінің көмегімен еңісті орнату
1. Арнайы еңкейту адаптерін таянышқа орнатыңыз.
2. Лазерді еңкейту адаптеріне орнатыңыз.
Нұсқау
Лазердің басқару панелі еңкету бағытының кері жағында болуы керек.
3. Тағанды еңкейту жазықтығының жоғарғы немесе төменгі қырында орналастырыңыз.
4. Еңкейту адаптері бастапқы күйінде болуына көз жеткізіңіз (0°).
5. Лазердің артынан басқару панеліне қарап тұрыңыз.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
Қазақ 143
6. Лазердің бастиегіндегі нысандық кесік көмегімен лазерді, соның ішінде еңкейту адаптерін еңкейту
жазықтығымен қатарлас туралаңыз.
7.
Лазерде түймесін басыңыз.
Лазердің басқару панелінде еңкейту режимінің жарық диоды енді жанады.
Лазер автоматты нивелирлеуді бастайды. Ол жабық болғанда лазер қосылып, айнала бастайды.
8. Енді еңкейту адаптерінде қажетті еңкейту бұрышын реттеңіз.
Нұсқау
Стандартты режимге қайту үшін лазерді өшіріп қайта қосыңыз.
5.5 «Антишок» функциясын өшіру
1. Лазерді іске қосыңыз. Бет 142
2.
түймесін басыңыз.
«Антишок» функциясын өшіру тұрақты түрде қосылған жарық диоды функцияның сөндірілгенін
білдіреді.
Нұсқау
Стандартты режимге қайту үшін лазерді өшіріп қайта қосыңыз.
5.6 Х және Ү осьтері бойынша аспап дәлдігін тексеру 8
1. Аспапты қабырғадан шамамен 20 м (66 фут) қашықтықта орнатыңыз (штативке орнатуға болады).
2. Аспапты тағанға орнатып, аспап басын қабырғада белгіленген мақсатты белгілердің көмегімен
туралаңыз.
3. А суреті: Қабылдағыштың көмегімен қабырғада нүктені белгілеңіз (1-нүкте).
4. Аспапты өз осінің айналасында 90º бұрыңыз. Бұл кезде аспап биіктігі өзгермеуі керек.
5. В суреті: Нысана көмегімен қабырғаға екінші нүктені белгілеңіз (2-нүкте).
6. С және D суреті: Алдында орындалған екі қадамды тағы екі рет қайталап, нысана көмегімен 3-ші
және 4-ші нүктені ұстап алыңыз және қабырғада белгілеңіз.
Нұсқау
Мұқият орындағанда 1 және 3 нүктелері (негізгі ось) мен 2 және 4 нүктелерінің (көлденең ось)
арасындағы қашықтық 2 мм-ден (20 м үшін) (66 фут үшін 0,12") аспауы керек. Үлкен ауытқу
болса, аспапты Hilti сервистік орталығына калибрлеуге жіберіңіз.
6 Лазер қабылдағышын басқару
6.1 Батареяларды лазер қабылдағышына салу 9
Батареяларды лазер қабылдағышына салыңыз.
Нұсқау
Тек халықаралық стандарттарға сай өндірілген батареяларды пайлаланыңыз.
6.2 Лазер қабылдағышымен сигналды қабылдау
1.
Лазер қабылдағышында түймесін басыңыз.
2. Лазер қабылдағышын айқындау әйнегімен лазер сәулесінің жазықтығында тікелей ұстаңыз.
3. Лазер қабылдағышын туралау кезінде жай ұстап лазер қабылдағышы мен аспап арасы бос болуына
көз жеткізіңіз.
Лазерлік сәуленің қамтылуы оптикалық және акустикалық түрде көрсетіледі.
Лазер қабылдағышы лазерге дейінгі қашықтықты көрсетеді.
6.3 Бірліктер жүйесін орнату
1.
Лазер қабылдағышын қосу кезінде түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
Мәзір индикаторы индикатор панелінде пайда болады.
2.
Метрикалық және ағылшын-американдық бірліктер жүйелерінің арасында ауысу үшін түймесін
пайдаланыңыз.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
144 Қазақ
3.
Лазер қабылдағышын түймесі арқылы өшіріңіз.
Реттеулер сақталады.
6.4 Лазер қабылдағышында өлшем бірліктерін ауыстыру
1. Лазерді іске қосыңыз. Бет 142
2.
' түймесін бірнеше рет басыңыз.
Қалаулы дәлдік (мм/см/өшіру) сандық индикаторда ауысып көрсетіледі.
6.5 Лазер қабылдағышында дыбыс деңгейін реттеу
1. Лазерді іске қосыңыз. Бет 142
2.
түймесін бірнеше рет басыңыз.
Қалаулы дыбыс деңгейі (төмен/қалыпты/жоғары/өшіру) сандық индикаторда ауысып көрсетіледі.
Нұсқау
Лазер қабылдағышын қосу кезінде дыбыс деңгейі "қалыпты" күйіне орнатылып тұрады.
6.6 Лазер қабылдағышында акустикалық сигналды орнату
1.
Лазер қабылдағышын қосу кезінде түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
Мәзір индикаторы индикатор панелінде пайда болады.
2. Жоғарғы және төменгі айқындау аймағында акустикалық сигналдың жылдамырақ реттілігін реттеу
үшін түймесін пайдаланыңыз.
3.
Лазер қабылдағышын түймесі арқылы өшіріңіз.
Реттеулер сақталады.
6.7 PRA 83 ұстағышы бар лазер қабылдағышы 10
1. Лазер қабылдағышын жоғарыдан PRA 83 резеңке жабынына еңкейтіп салыңыз.
2. Лазер қабылдағышы резеңке жабынмен оралғанша енді оны толығымен жабын ішіне итеріңіз.
3. Резеңке жабынды магниттік тұтқышқа енгізіңіз.
4.
түймесін басыңыз.
5. Тұтқыштың бұрау тұтқасын ашыңыз.
6. PRA 83 қабылдағыш ұстағышын телескопқа немесе нивелир тағанына бекітіп, оны бұрау тұтқасын
бұрау арқылы тіркеңіз.
Лазер қабылдағышы өлшеу үшін дайын.
7 Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Аккумулятор енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын әрдайым
аккумуляторды шығарыңыз!
Аспапқа қызмет көрсету
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Аккумуляторды май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Барлықкөзге көрінетін бөлшектердезақымдардың бар-жоғынжәне басқару элементтерініңақаусыз
жұмысын тексеріңіз.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
Қазақ 145
Зақымдалған және/немесе ақаулы аккумуляторлық аспапты қолданбаңыз. Бірден Hilti қызмет
көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Нұсқау
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары
мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti орталығында немесе келесі сайтта қолжетімді:
www.hilti.com
Лазерлік сәуленің шығу терезесін тазалау
Лазерлік сәуленің шығу терезесінен шаңды үрлеп шығарыңыз.
Лазерлік сәуленің шығу терезесіне саусақпен тимеңіз.
Нұсқау
Бұдыр тазалау құралы әйнекті қырып, аспап дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Спирт не судан басқа
ешқандай сұйықтықтарды пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы
мүмкін.
Жабдықты температураның шекті мәндерін сақтап кептіріңіз.
7.2 Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімі
Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімі тексерісті өткізеді және ауытқу пайда болған жағдайда,
қайта орнатуды орындайды және аспаптың сипаттамаға сәйкестігін тексереді. Сынақ өткізу кезіндегі
сипаттамаға сәйкестік қызмет көрсету сертификатында жазбаша түрде расталады. Төмендегілер
ұсынылады:
Жарамды тексеру аралығын пайдалануға сәйкес таңдаңыз.
Аспапқа күтілмеген жүктеме түскен соң, маңызды жұмыстар орындамас бұрын, сонда да кем
дегенде жыл сайын Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімінде тексерістерді орындау қажет.
Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімі өткізетін тексеріс пайдаланушыны қолдану алдында және
қолдану кезінде аспапты тексеруден босатпайды.
7.3 Өлшем дәлдігін тексеру
Техникалық шарттарға сәйкестікке кепілдік беру мақсатында аспапты тұрақты аралықтарда (кемінде
үлкен/релевантты өлшемді орындау алдында) тексеру керек.
Аспапүлкен биіктіктен құлаған соң аспаптың жұмысқа қабілеттілігінзерртеу керек. Төмендегі шарттарда
аспаптың ақаусыз қызмет етуі қамтамасыз етілуі мүмкін:
Құлау кезінде техникалық сипаттамаларда берілген құлау биіктігінен асырылмайды.
Аспап құлаудан бұрын ақаусыз жұмыс істеген.
Құлау кезінде аспап механикалық түрде зақымдалмаған (мысалы, Penta призмалары сынбаған).
Аспап пайдалануда ротациялық лазер сәулесін шығарып жатыр.
8 Тасымалдау және сақтау
8.1 Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу. Аккумуляторлар аспап ішіне енгізілген кезде, аспапты
тасымалдау барысында бақыланбайтын іске қосылу орын алып, аспапқа зақым келтіруі мүмкін.
Аспапты тасымалдағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
Аккумуляторларды шығарыңыз.
Аспап пен аккумуляторларды бөлек орауыштарда тасымалдаңыз.
Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
146 Қазақ
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу. Ағып кеткен аккумулятор элементтері
аспапты зақымдауы мүмкін.
Аспапты сақтағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.
Аккумуляторларды ешқашан күн, жылу көздерінің астында немесе әйнек артында сақтамаңыз.
Аспап пен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт сақтаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
9 Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti сервис
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Аспап жұмыс істемейді. Аккумулятор толығымен
салынбаған.
Аккумуляторды шырт еткен
дыбыс естілгенше бекітіңіз.
Аккумулятор заряды бос. Аккумуляторды алмастырып,
бос аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор заряды
әдеттегіден жылдам бітеді.
Қоршаған орта температурасы
тым төмен.
Аккумуляторды бөлме
температурасында ұзақ уақыт
бойы жылытыңыз.
Аккумулятор естілетін шырт
ету дыбысымен бекітілмейді.
Аккумулятордағы құлып
шоқылары кірленген.
Тіреуіш шығыңқы
жерлерін тазалаңыз және
аккумуляторды қайтадан
салыңыз.
Аспапта немесе
аккумуляторда қатты қызу
пайда болды.
Электр бөлігі бойынша ақаулық Аспапты бірден өшіріңіз,
аккумуляторды шығарыңыз,
оны қадағалап, салқындауына
мүмкіндік беріңіз және
Hilti сервис орталығына
хабарласыңыз.
10 Кәдеге жарату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі. Қате кәдеге жаратудан болатын қауіп.
Жабдықты дұрыс емес кәдеге жарату келесі салдарға әкелуі мүмкін: Пластмассадан тұратын
бөлшектерді жаққанда, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін улы газдар пайда болады. Егер
батареялар зақымдалса немесе жоғары температуралардың әсері тисе, олар жарылуы
және уланудың, тұтанулардың, химиялық күйіктердің немесе қоршаған ортаны ластаудың
себебі болуы мүмкін. Кәдеге жарату ережелерін бұзғанда, жабдықты олармен жұмыс істеу
ережелерімен таныс емес бөгде тұлғалар қолдануы мүмкін. Бұл ауыр жарақаттардың,
сондай-ақ, қоршаған орта ластануының себебі болуы мүмкін.
Ақаулы аккумуляторларды бірден кәдеге жаратыңыз. Аспапты балалардан ары ұстаңыз.
Аккумуляторларды бөлшектемеңіз және отқа жақпаңыз.
Аккумуляторларды ұлттық ережелерге сай кәдеге жаратыңыз немесе пайдалану мерзімі
біткен аккумуляторларды Hilti компаниясына қайтарыңыз.
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санынан тұрады. Кәдеге
жарату алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі
аспабыңызды қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе
дилеріңізден сұраңыз.
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
Қазақ 147
Ескі электрлік және электрондық аспаптарды жою туралы еуропалық директивасынажәне жергілікті
заңдарға сәйкес, қолданыста болған электрлік құралдар мен аккумуляторлар қоршаған орта үшін
қауіпсіз әдіспен жеке кәдеге жаратылуы тиіс.
Электр құралдарды кәдімгі қоқыспен бірге тастамаңыз!
Қоршаған ортаға зиянын болдырмау үшін, аспаптар, аккумуляторлар мен батареялар әр елде
қолданыстағы тиісті нормативтерге сәйкес кәдеге жаратылуы тиіс.
11 Өндіруші кепілдігі
Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.
12 ЕО нормаларына сәйкестік декларациясы
Өндіруші
Hilti Aktiengesellschaft
Feldkircherstrasse 100
9494 Schaan
Лихтенштейн
Біз осы өнімнің келесі директивалар мен нормаларға сәйкес келетінін толық жауапкершілікпен
жариялаймыз.
Сипаттама Ротациялық лазер
Аспаптың түрі PR 2-HS A12
Буын 02
Шығарылған жылы 2015
Қосымша директивалар: 2011/65/EU
2004/108/ЕС
2014/30/EU
2006/42/ЕС
2006/66/EG
Қосымша нормативтер: EN ISO 12100
Техникалық құжаттама: Рұқсатты электрлік құрал
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH
Hiltistraße 6
86916 Kaufering
Германия
Schaan, 10.2015
Paolo Luccini
(Head of BA Quality and Process Management /
Business Area Electric Tools & Accessories)
Ted Przbylowicz
(Head of BU Measuring Systems / BU Measuring
Systems)
Printed: 01.09.2017 | Doc-Nr: PUB / 5260695 / 000 / 02
/