Zanussi ZSG25224XA Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации микроволновой печи Zanussi ZSG25224. Готов ответить на ваши вопросы о её функциях, настройках, автоматических программах, режимах разморозки и рекомендациях по уходу. Спрашивайте!
  • Как установить время на часах микроволновой печи?
    Как разморозить продукты по весу?
    Какие материалы посуды подходят для использования в микроволновой печи?
    Что делать, если микроволновая печь не работает?
NL
Gebruiksaanwijzing 2
EN
User manual 18
FR
Notice d'utilisation 33
DE
Benutzerinformation 50
KK
Қолдану туралы
нұсқаулары
67
RU
Инструкция по
эксплуатации
84
UK
Інструкція 102
Magnetron
Microwave Oven
Four à micro-ondes
Mikrowellenofen
Микротолқынды пеш
Микроволновая печь
Мікрохвильова піч
ZSG25224
Мазмұны
Сақтық шаралары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 67
Қауіпсіздік нұсқаулары _ _ _ _ _ _ _ _ _ 70
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 71
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ _ 72
Басқару панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 73
Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 74
Автоматты бағдарламалар _ _ _ _ _ _ _ 77
Керек-жарақтарды қолдану _ _ _ _ _ _ _ 78
Қосымша функциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 79
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 79
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 80
Ақаулықты түзету _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 80
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 81
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 83
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде адам жарақат
алса жəне ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар
жəне кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тəжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының
барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
67
www.zanussi.com
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Құрылғы мен оның қуат сымын 8 жасқа толмаған
балалардан алыс ұстаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде жəне сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
дүкендердің, кеңселердің жəне басқа жұмыс
орындарының қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде;
ферма үйлерінде;
қонақ үй, мотель жəне басқа тұрғынды жерлердегі
пайдаланушылар;
төсек жəне таңғы ас ұсынатын қонақжайларда.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына зақым келсе,
құрылғыны білікті маман жөндегенше пайдалануға
болмайды.
Құрылғыларды сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқаруға арналмаған.
Тек білікті маман ғана
микротолқын қуатынан қорғайтын
қақпақты алуды қажет ететін техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу жұмыстарын іске асыруға тиіс.
Сұйық заттарды жəне басқа тағамдарды тұмшаланған
сауытта қыздыруға болмайды. Жарылып кетуі мүмкін.
68
www.zanussi.com
Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам қыздырған кезде,
құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз, тұтанып кетуі
мүмкін.
Бұл тағамдарды жəне сусындарды қыздыруға ғана
арналған құрылғы. Тағам немесе киім кептіру жəне
қыздырғышты, жөкелерді, дымқыл шүберекті жəне сол
сияқты затты қыздыру, жарақат алу, тұтану немесе өрт
пайда болуға əкелуі мүмкін.
Егер түтін шыққаны байқалса, жалынды тоқтату үшін
құрылғыны сөндіріп немесе розеткасын ағытып, есігін жабық
ұстаңыз.
Сусындарды микротолқынмен қыздырған кезде кенет тасып
төгілуі мүмкін. Сауытты абайлап ұстау керек.
Баланы тамақтандыратын шөлмектердің жəне баланың
тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер алдында
араластыру немесе шайқау керек жəне күйіп қалмас үшін
температурасын тексеру керек.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды
немесе бітеулей
пісірілген жұмыртқаларды құрылғыда қыздырмау керек,
себебі олар микротолқынмен пісіріп болғаннан кейін де
жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғыны уақытылы тазалап, тағамның қалдықтарын
алып отыру керек.
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін жəне құрылғының қолданыс мерзіміне теріс əсер етуі
жəне қауіпті жағдайларға əкелуі мүмкін.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның
беткі қабаттарының
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
Жиһаз ішінде арнайы сынақтан өткізілмеген микротолқынды
пешті жиһаз ішіне орналастыруға болмайды.
69
www.zanussi.com
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін жəне құрылғының қолданыс мерзіміне теріс əсер етуі
жəне қауіпті жағдайларға əкелуі мүмкін.
Корпустың ең кіші өлшемдеріне назар аударыңыз (егер бар
болса). Орнату тарауын қараңыз.
Құрылғыны іске қосқанда, безендіру үшін қолданылатын
есігі ашық болуға тиіс (егер болса).
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уəкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Əрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы
минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне
көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз
.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
тартып суырыңыз.
70
www.zanussi.com
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат
сақтайтын
орынға айналдырмаңыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына
тағамның шашырауына немесе
тазартқыш зат қалдығының жиналуына
жол бермеңіз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы
мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Бұйым сипаттамасы
1 2
8 67
3 4
5
1
Шам
2
Қауіпсіздік бекітпесінің жүйесі
3
Бейнебет
4
Басқару панелі
5
Есік ашқыш
6
Толқын бағыттағыштың қақпағы
7
Гриль
8
Бұрылмалы табақтың білікшесі
71
www.zanussi.com
Керек-жарақтары
Бұрылмалы табақтың жинағы
Шыны пісіру науасы жəне айналмалы
бағыттағыш.
Құрылғыда тағам пісіру үшін үнемі
бұрылмалы табақ жинағын
пайдаланыңыз.
Гриль торы
Тағамнан гриль жасауға жəне аралас
режиммен пісіруге арналған.
Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Уақытты орнату
Құрылғыны электр желісіне қосқаннан
кейін немесе электр қуаты өшіп
қалғаннан кейін бейнебетте 0:00 пайда
болады жəне дыбыстық сигнал естіледі.
Уақытты 24 сағаттық режимге қоюға
болады.
Егер сағат қойылмаса, құрылғы іске
қосылмай тұрғанда жұмыс істемейді.
1.
түймешігін басыңыз.
2. Сағатты енгізу үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4. Минутты енгізу үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
5.
түймешігін басып растаңыз.
72
www.zanussi.com
Басқару панелі
2
3
5
6
7
4
1
Белгіше Функция Сипаттама
1
Бейнебет
Параметрлер мен ағымдық уақытты
көрсетеді.
2
Жібіту түймешігі
Тағамды салмағы немесе уақыты
бойынша жібітуге арналған.
3
Функция түймешігі Функцияны таңдауға арналған.
4
Параметр тетігі
Пісіру уақытын, салмақ параметрін
орнатуға немесе авт. пісіру
бағдарламаларын қосуға арналған.
5
Тоқтату / Өшіру
түймешігі
Құрылғыны сөндіруге немесе пісіру
параметрлерін жоюға арналған.
6
Сағат / Ас үй таймері
түймешігі
Сағатты қоюға арналған.
73
www.zanussi.com
Белгіше Функция Сипаттама
7
Бастау / +30 сек.
түймешігі
Құрылғыны іске қосуға немесе пісіру
уақытын ең үлкен қуатты
пайдаланып, 30 секундқа көбейтуге
арналған.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Қосқыңыз келген функциясы бар
түймешікті пайдаланыңыз.
2. Қажетті функцияны орнату үшін
түймешікті қайта-қайта басыңыз
немесе Параметр тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
4. Қажетті уақытты орнату үшін Параметр
тетігін бұраңыз.
5.
түймешігін басып растап,
құрылғыны іске қосыңыз.
6. Құрылғыны сөндіру үшін:
уақыт аяқталып, құрылғы автоматты
түрде сөнгенше күтіңіз.
есікті ашыңыз. Құрылғы автоматты
түрде тоқтайды. Пісіруді жалғастыру
үшін есікті жабыңыз. Тағамды қарау
үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
түймешігін басыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам болмаса іске
қоспаңыз.
Құрылғыны пайдалануға қатысты
жалпылама ақпарат
Жалпы:
Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз.
Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін материалмен
жауып пісіріңіз. Тағамды қытырлақ етіп
пісіргіңіз келсе, қақпақ жаппай пісіріңіз
Қуат жəне уақыт параметрлерін тым
жоғары мəнге қойып, тағамды қатты
пісіріп жібермеңіз. Тағам кеуіп, күйіп кетуі
немесе оның кей жерлері жанып кетуі
мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны немесе
шырышты қабықтарымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып кетуі
мүмкін. Жұмыртқаны қуыру үшін əуелі
сарысын тесіп алыңыз.
•"Терісі" немесе "
қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тəрізді тағамдарды
пісіретін кезде, жарылып кетпес үшін
бірнеше рет шанышқымен тесіп қойыңыз.
Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
Сəбіз, бұршақ немесе орамжапырақ
тəрізді тығыз тағамдарды суға салып
пісіру керек.
Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
Егер мүмкін болса, көкөністерді
кішкенелеп тураңыз.
Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене тесігі
бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып
жіберуі мүмкін.
Шыны пісіру науасы тағам мен
сусындарды қыздыруға арналған. Бұл
74
www.zanussi.com
микротолқынды пештің жұмысы үшін
қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
Мұздатылған, оралмаған тағамды
ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене
табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі
ыдысқа жиналады.
Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін болса,
жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де, алып
қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін,
кваркты жібіту:
Тағамды құрылғының ішінде əбден
жібітпеңіз, бөлме температурасында
жібітіңіз. Сонда барынша біркелкі жібиді.
Жібіту алдында темір немесе алюминий
орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту:
Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда əбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ
микротолқын қуатын пайдалануға
болады.
Дайын тағамдар:
Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға
жараса ғана, құрылғыда дайындауға
болады.
Орам материалында көрсетілген
өндіруші нұсқауларын (мысалы, темір
қақпақты алу жəне пластик таспаны тесу)
орындаңыз.
Жарамды ыдыстар мен материалдар
Ыдыс-аяқ/Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту Қыздыру Пісіру
Тұмшапешке төзімді шыны жəне керамика
(ешбір бөлігі металл емес, мысалы, пирекс,
қызуға төзімді шыны)
X X X X
Тұмшапешке төзімді емес шыны жəне
керамика
1)
X -- -- --
Тұмшапешке/аязға төзімді материалдан
(мысалы, аркофлам) жасалған шыны жəне
керамика ыдыс, гриль сөресі
X X X X
Керамика
2)
, фарфор ыдыстар
2)
X X X --
200 °C градусқа дейін қызуға төзімді пластик
3)
X X X --
Картон, қағаз X -- -- --
Таспа X -- -- --
Микротолқынға төзімді қаптамасы бар,
қуыруға арналған таспа
3)
X X X --
Металдан, мысалы. эмаль, құйылған
шойыннан жасалған, тағам қуыруға
арналған ыдыстар
-- -- -- X
Қара лак немесе силиконмен қапталған
пісірме қалбырлар
3)
-- -- -- X
Пісірме табақ -- -- -- X
75
www.zanussi.com
Ыдыс-аяқ/Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту Қыздыру Пісіру
Жұқа табақ немесе кранч табағы тəрізді
браунинг ыдыстары
-- X X --
Орамы бар дайын тағамдар
3)
X X X X
1) Ешбір күміс, алтын, платина қоспасы жоқ немесе металмен жалатылмаған/безендірілмеген
ыдыстар
2) Кварц немесе темір бөліктері жоқ немесе темір қосылып безендірілмеген
3) Өндірушінің ең үлкен температураға қатысты нұсқауларын орындау керек.
X жарамды -- жарамсыз
Қуат параметрін орнату кестесі
Функция
түймешігін
басыңыз
Қуат параметрі
Қуаттың пайызбен берілген болжалды
мөлшері
1 рет P100 100 %
2 рет P 80 80 %
3 рет P 50 50 %
4 рет P 30 30 %
5 рет P 10 10 %
Басқа функциялар
Функция
түймешігін
басыңыз
Қуат параметрі Функция режимі
6 рет G - 1 Бүтін қақтама
Аралас пісіру режимі
7 рет C – 1 Микротолқындар 55%, Гриль 45%
8 рет C – 2 Микротолқындар 36%, Гриль 64%
Жылдам бастау
түймешігін басып, құрылғыны ең
үлкен қуатпен 30 секунд қосыңыз.
Түймешікті қосымша басқан сайын пісіру
уақыты 30 секундқа көбейеді. Ең үлкен
пісіру уақыты 95 минут.
Күту режимінде Параметр тетігін сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап пісіру
уақытын орнатыңыз, содан кейін
құрылғыны толық микротолқын қуатына
қойып бастау үшін
түймешігін
басыңыз.
Жібіту
2 жібіту режимінің біреуін таңдауға болады:
Салмақ бойынша жібіту
Уақыт бойынша жібіту
Салмақ жəне уақыт бойынша жібіту
1.
Салмақ бойынша жібіту үшін
түймешігін бір рет, уақыт бойынша
жібіту үшін екі рет басыңыз.
2. Қажетті салмақты немесе уақытты
орнату үшін Параметр тетігін бұраңыз.
3.
түймешігін басып растап,
құрылғыны іске қосыңыз.
76
www.zanussi.com
Мəзір Салмағы
A - 4
Балық
250 г
350 г
450 г
A - 5
Көкөніс
200 г
300 г
400 г
A - 6
Сусын
1 кесе (120 мл)
2 кесе (240 мл)
3 кесе (360 мл)
A - 7
Макарон
50 г (450 мл су қосыңыз)
100 г (800 мл су қосыңыз)
A - 8
Попкорн
50 г
100 г
A - 9
Тауық еті
400 г
800 г
1200 г
A - 10
Ысыту
200 г
400 г
600 г
Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы табақ жинағын орнату
1. Бұрылмалы табақ білікшесінің
айналасына айналмалы бағыттағышты
салыңыз.
2. Шыны пісірме науаны айналмалы
бағыттағышқа орнатыңыз.
78
www.zanussi.com
Гриль торын салу
Гриль торын бұрылмалы табақ жинағына
орнатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тағамды бұрылмалы табақ жинағын
пайдаланбай пісіруге болмайды. Осы
құрылғымен бірге жеткізілген бұрылмалы
табақ жинағын ғана пайдаланыңыз.
Тағамды ешқашан шыны пісіру
науасына тура салып пісірмеңіз.
Қосымша функциялар
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы құрылғыны
кездейсоқ іске қосуға жол бермейді.
Бала қауіпсіздігінің құралын қосу немесе
сөндіру үшін
түймешігін дыбыстық
сигнал естілгенше 3 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Бала қауіпсіздігінің құралы қосылған кезде
дисплейде ағымдық уақыт көрсетіледі.
Ас үй таймері
1.
түймешігін екі рет басыңыз.
2. Уақытты енгізу үшін Параметр тетігін
бұраңыз.
3.
түймешігін басып растаңыз.
Ең үлкен 95 минутты орнатуға болады.
Орнатылған уақыт аяқталғанда
дыбыстық сигнал естіледі.
Есікті ашқанда немесе құрылғыны
кідірткенде таймер жұмыс істейді.
түймешігін басып біржола тоқтатыңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Микротолқынға қатысты ақыл-кеңес
Ақаулық Шешімі
Дайындалған тағамның мөлшеріне
қатысты мəліметті таба алмадыңыз.
Ұқсас тағамды іздеңіз. Келесі ережеге сүйеніп тағам
пісіру уақытын созыңыз немесе азайтыңыз. Мөлшері
екі есе болса = уақытты екі есе көбейтіңіз, Жарты
тағамға = уақыттың жартысы қажет
Тағам тым кебір болып кетті. Қысқа пісіру уақытын қолданыңыз немесе төменірек
микротолқын қуатын таңдаңыз.
Уақыт аяқталған кезде тағам жібіген жоқ,
ыстық емес немесе піспеді.
Ұзағырақ пісіру уақытын қолданыңыз немесе жоғары
қуатты таңдаңыз. Көп тағамға ұзағырақ уақыт қажет.
79
www.zanussi.com
Ақаулық Шешімі
Пісіру уақыты аяқталған кезде тағамның
шеттері қатты қызып кетеді, бірақ ортасы
əлі піскен жоқ.
Келесі жолы төменірек қуат мəнін жəне ұзағырақ
уақытты таңдаңыз. Сұйық тағамды, мысалы, сорпаны
пісіру уақытының ортасына келгенде араластырыңыз.
Жалпақ, кең ыдысты қолдансаңыз, күріш
жақсы піседі.
Жібіту
Қуырылатын тағамның майлы жағын үнемі
төмен қаратып жібітіңіз.
Етті жауып жібітпеңіз, себебі ет жібімей,
пісіп кетуі мүмкін.
Əрқашан бүтін тауықтың төс жағын төмен
қаратып жібітіңіз.
Пісіру
Тоңазытылған ет пен құс етін пісірерден
кем дегенде 30 минут бұрын алып
қойыңыз.
Етті, құс етін, балықты жəне көкөністерді
пісіріп болғаннан кейін
қақпақ жауып
қойыңыз.
Балықтың үстіне шамалы көкөніс майын
немесе еріген сары май жағыңыз.
Əр 250 г көкөніске 30 - 45 мл суық су
қосыңыз. Жас көкөністерді пісірер алдында
біркелкі етіп тураңыз. Көкөністердің
барлығын қақпағы бар сауытқа салып
пісіріңіз.
Гриль жасау
Жайпақ тағам түрлерін гриль торының
ортасына қойып қуыруға арналған.
Орнатылған уақыттың ортасына келгенде
тағамды аударып, қуыруды
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру режимі
Кей тағамдарды қытырлақ күйде ұстау үшін
Аралас пісіру режимін пайдаланыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткенде
тағамдарды аударып, пісіруді
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру функциясына арналған 2
режим бар
. Əр режим əр түрлі уақытта
жəне əр түрлі қуат деңгейлеріне келгенде,
микротолқын жəне гриль функцияларын
біріктіріп пайдаланады.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін əдетте
қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз,
əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы тазалағыштармен тазалаңыз.
Барлық керек-жарақтарды уақытылы
тазалап, құрғатыңыз. Шүберекті, жылы су
мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
Қатып қалған қоқыстарды жібіту үшін,
стакан суды ең жоғары микротолқын
қуатымен 2-3 минут қайнатыңыз.
Иістерді кетіру үшін стакандағы суға 2
шай қасық лимон шырынын құйып, 5
минут ең үлкен микротолқын қуатымен
қайнатыңыз.
Ақаулықты түзету
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
80
www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы тоққа қосылмаған. Құрылғыны тоққа қосыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет жанып
кетсе, білікті электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Есік дұрыс жабылмаған. Есікке ешнəрсенің кедергі
келтірмей тұрғанын тексеріңіз.
Шам жанбайды. Шамда ақау бар. Шамды ауыстыру керек.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Темір ыдыстар немесе темір
жиекті ыдыстар пайдаланылған.
Ыдысты құрылғыдан алыңыз.
Корпустың ішінен
жарқыл көрінеді.
Ішкі қабырғаларға темір істіктер
немесе алюминий жұқалтыр тиіп
тұр.
Темір істіктердің немесе
алюминий жұқалтырдың ішкі
қабырғаларға тимей тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Бұрылмалы табақ
жинағынан егеп немесе
сызғылап жатқан дыбыс
шығады.
Шыны пісіру науасының астында
зат немесе қоқыс тұр.
Шыны пісіру науасының астыңғы
жағын тазалаңыз.
Құрылғы ешбір нақты
себепсіз жұмыс істеуін
тоқтатты.
Ақаулық орын алды. Егер осы жағдай қайталанса,
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилерге немесе
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына қажет ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында жазылған.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық өмірі (S.N.) .........................................
Орнату
Сақтандыру туралы ескерту! Ауа
саңылауларын бітемеңіз. Егер бітеп
қойсаңыз, құрылғы қатты қызып кетеді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны адаптерге немесе
ұзартқыш сымдарға қоспаңыз. Жүктемесі
артып кетіп, өрт шығуы мүмкін.
Құрылғы кіріктіріп орнатуға ғана
арналған.
Құрылғы орнатылатын корпустың арт
жағында қабырға болмауы керек.
Құрылғыны бу, ыстық ауасы бар жəне су
шашырайтын жерден алыс қойыңыз.
81
www.zanussi.com
Құрылғыны суық кезде тасымалдасаңыз,
орнатып болғаннан кейін дереу іске
қоспаңыз. Бөлме температурасына қоя
тұрып, жылу сіңіргенше күтіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Электртоғына
білікті маман ғана қосуға тиіс.
"Қауіпсіздік ақпараты" тарауындағы
сақтық шаралары орындалмаса,
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен жəне
негізгі ашасымен бірге жеткізіледі.
Сақтандыру туралы ескерту! Ең кем
дегенде 85
см биіктікке орнату керек.
1. Жиһаздың өлшемдері орнату
өлшемдеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
D
B
A
C
Орнату қашықтығы
Өлшемдері мм
A 380 + 2
B 560 + 8
C 500
D 18
2. Корпустың астыңғы жағына тақтайша
жапсырып, бұрандалар салынатын
тұстарды белгілеңіз. Тақтайшаны алып,
қапсырманы бұрандалармен бекітіңіз.
=
=
3. Құрылғыны орнатыңыз. Қапсырманың
құрылғының арт жағын бекітетініне көз
жеткізіңіз.
4. Есікті ашып, құрылғыны корпусқа
бұрандамен бекітіңіз.
82
www.zanussi.com
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік жəне электроникалық
құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға жəне
адамның денсаулығына зиын келтіретін
жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді
қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Орам материалы
Орам материалының қоршаған ортаға
зияны жоқ жəне қайта өңдеуден өткізуге
болады. Пластик бөліктері PE, PS т.с.с.
тəрізді халықаралық белгілермен
белгіленген. Орам материалын жергілікті
қоқысты шығару ұйымы арнайы түрде
бөлген контейнерлерге салыңыз.
83
www.zanussi.com
Содержание
Сведения по технике безопасности _ _ 84
Указания по безопасности _ _ _ _ _ _ _ 87
Описание изделия _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 89
Перед первым использованием _ _ _ _ 89
Панель управления _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 90
Ежедневное использование _ _ _ _ _ _ 91
Автоматические программы _ _ _ _ _ _ 95
Использование дополнительных
принадлежностей _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 95
Дополнительные функции _ _ _ _ _ _ _ 96
Полезные советы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 97
Уход и очистка _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 97
Поиск и устранение неисправностей _ _ 98
Установка _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 99
Охрана окружающей среды _ _ _ _ _ _ 100
Право на изменения сохраняется.
Сведения по технике безопасности
Перед установкой и эксплуатацией прибора внимательно оз-
накомьтесь с приложенным руководством. Производитель не
несет ответственность за травмы и повреждения, получен-
ные/вызванные неправильной установкой и эксплуатацией.
Позаботьтесь о том, чтобы данное руководство было у Вас
под рукой на протяжении всего срока службы прибора.
Безопасность детей и лиц с ограниченными
возможностями
ВНИМАНИЕ! Существует риск удушья, получения травм
или стойких нарушений нетрудоспособности.
Данный прибор может эксплуатироваться детьми старше 8
лет и лицами с ограниченными физическими, сенсорными
или умственными способностями или с недостаточным
опытом или знаниями только при условии нахождения под
присмотром лица, отвечающего за их безопасность.
Не позволяйте детям играть с прибором.
Храните все
упаковочные материалы вне досягаемости де-
тей.
Не подпускайте детей и домашних животных к прибору, ко-
гда он работает или остывает. Доступные для контакта ча-
сти прибора сохраняют высокую температуру.
84
www.zanussi.com
Если прибор оснащен функцией «Защита от детей», реко-
мендуется включить эту функцию.
Очистка и доступное пользователю техническое обслужива-
ние не должно производиться детьми без присмотра.
Держите прибор и его сетевой шнур в месте, недоступном
для детей младше 8 лет.
Общие правила техники безопасности
Прибор предназначен для бытового и аналогичного приме-
нения, например:
в помещениях, служащих кухнями для обслуживающего
персонала в магазинах, офисах и на других рабочих ме-
стах;
в сельских жилых домах;
для использования клиентами отелей, мотелей и других
мест проживания;
в мини-гостиницах типа «ночлег и завтрак».
Во время работы прибора
его внутренняя камера сильно
нагревается. Не прикасайтесь к нагревательным элементам
внутри прибора. Помещая в прибор или извлекая из него
посуду или аксессуары, всегда используйте кухонные рука-
вицы.
Не используйте пароочистители для очистки прибора.
Перед выполнением операций по очистке и уходу отключи-
те прибор от сети электропитания.
Если дверца или дверное
уплотнение повреждено, прибо-
ром пользоваться нельзя, пока он не будет отремонтирован
квалифицированным специалистом.
Данный вид приборов не предназначен для эксплуатации с
помощью внешнего таймера или отдельной системы ди-
станционного управления
Все операции по обслуживанию и ремонту прибора, в ходе
которых требуется снятие кожуха, защищающего от микро-
85
www.zanussi.com
волнового излучения, должны выполняться только квали-
фицированным специалистом.
Не нагревайте жидкости и другие продукты в герметичных
контейнерах. Они могут взорваться.
Используйте только ту посуду, которая подходит для ис-
пользования в микроволновой печи.
При нагреве продуктов в пластиковых или бумажных кон-
тейнерах не оставляйте прибор без присмотра: может про-
изойти возгорание
.
Прибор предназначен для нагревания продуктов и напит-
ков. Подсушивание продуктов, сушка одежды, разогрев гре-
лок, шлепанцев, губок, влажной одежды и т.п. несет в себе
риск травм, возгорания или пожара.
При появлении дыма выключите прибор или извлеките вил-
ку сетевого шнура из розетки и не открывайте дверцу, что-
бы не
допустить приток воздуха к источнику возгорания.
Разогревание в микроволновой печи напитков может приве-
сти к задержанному бурному вскипанию. Следует про-
являть осторожность при извлечении контейнера.
Содержимое бутылочек и баночек с детским питанием не-
обходимо перемешать или взболтать и проверить темпера-
туру перед употреблением, чтобы избежать ожогов.
Не следует нагревать
в приборе как яйца в скорлупе, так и
яйца, сваренные вкрутую, так как они могут взорваться да-
же после завершения нагрева при помощи СВЧ.
Прибор следует регулярно чистить, а также удалять из него
какие бы то ни было остатки продуктов.
Если не поддерживать прибор в чистом состоянии, это мо-
жет
привести к повреждению его поверхности, что, в свою
очередь, может неблагоприятно повлиять на срок службы
прибора и даже привести к несчастному случаю.
86
www.zanussi.com
/