5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Құрылғыны пайдалануға
қатысты жалпылама ақпарат
• Құрылғыны сөндіргеннен кейін,
тағамды бірнеше минут қоя
тұрыңыз.
• Алюминий қағаздан жасалған
орамды, темір сауыттарды т.с.с.
тағам дайындар алдында алыңыз.
Пісіру
• Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін
материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз
келсе, қақпақ жаппай пісіріңіз
• Қуат және уақыт параметрлерін
тым жоғары мәнге қойып, тағамды
қатты пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп
немесе оның кей жерлері жанып
кетуі мүмкін.
• Құрылғыны жұмыртқаны немесе
шырышты қабықтарымен пісіру
үшін пайдаланбаңыз, себебі
жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны
қуыру үшін әуелі сарысын тесіп
алыңыз.
• "Терісі" немесе "қабығы" бар
картоп, қызанақ, шұжық тәрізді
тағамдарды пісіретін кезде,
жарылып кетпес үшін бірнеше рет
шанышқымен тесіп қойыңыз.
• Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ
пісіру уақытын орнатыңыз.
• Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
• Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ
тәрізді тығыз тағамдарды суға
салып пісіру керек.
• Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
• Егер мүмкін болса, көкөністерді
кішкенелеп тураңыз.
• Жалпақ, кең ыдыстарды
қолданыңыз.
• Фарфор, керамика немесе
балшықтан жасалған мысалы,
сабында кішкене тесігі бар немесе
түбі безендірілмеген ыдыстарды
қолданбаңыз. Осы тесікке енетін
ылғал қызған ыдысты жарып
жіберуі мүмкін.
• Шыны пісіру науасы тағам мен
сусындарды қыздыруға арналған.
Бұл микротолқынды пештің жұмысы
үшін қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту
• Мұздатылған, оралмаған тағамды
ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене
табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі
ыдысқа жиналады.
• Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін
болса, жіби бастаған бөліктерін
бөліңіз де, алып қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін,
кваркты жібіту
• Тағамды құрылғының ішінде әбден
жібітпеңіз, бөлме
температурасында жібітіңіз. Сонда
барынша біркелкі жібиді. Жібіту
алдында темір немесе алюминий
орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту
• Пісірмей дайындалатын жемістер
мен көкөністерді құрылғыда әбден
жібітпеңіз. Бөлме
температурасында жібітіңіз.
• Жемістер мен көкөністерді алдын
ала жібітпей пісіру үшін жоғарырақ
микротолқын қуатын пайдалануға
болады.
Дайын тағамдар
• Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға
жараса ғана, құрылғыда
дайындауға болады.
• Орам материалында көрсетілген
өндіруші нұсқауларын (мысалы,
темір қақпақты алу және пластик
таспаны тесу) орындаңыз.
www.electrolux.com20