94
Казахский
АБАЙЛАҢЫЗ
Орнату жəне алып тастау жұмыстарын тек қана білікті техник маман орындауы тиіс.
• Егер тіреуіш дұрыс орнатылмаса, плазмалық дисплей құлап кетіп, бұзылуы жəне жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
Жылжымалы тіреуішті бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап кетіп, бұзылуы жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Діріл аз болатын жəне құрылғының салмағын
көтере алатын жерге орнатыңыз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап кетіп, жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына
көз жеткізіңіз.
• Егер ұзақ уақыт пайдалану кезінде оның беріктігі азайса, дисплей құлап кетіп, жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Каталогта көрсетілгеннен басқа плазмалық дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап кетіп, бұзылуы жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Сөре тақтасына түсетін салмақ 20 кг-нан аспауы тиіс.
• Əйтпесе, құрылғы құлап кетуі жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Егер жылжымалы тіреуіш майысқан немесе бұзылған болса, оны пайдаланбаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап кетіп, бұзылуы
жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Дөңгелекшелерді майламаңыз.
• Дөңгелекшелер шытынап немесе бұзылып, дисплей құлап түсуі жəне бұзылуы мүмкін жəне
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейге немесе жылжымалы тіреуішке мінбеңіз немесе оған асылмаңыз.
• Əсіресе кішкентай балалардың бұл сақтандыруды ескеруін қадағалаңыз. Əйтпесе, құрылғы құлап
кетіп, бұзылуы жəне жарақат алуға себеп болуы
мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Жылжымалы тіреуішті пайдаланған кезде плазмалық
дисплейдің астыңғы жағы мен еден арасындағы кеңістікті жаппаңыз.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Құлап кетуді болдырмау шараларын қолданыңыз.
• Жердің сілкінуі немесе дисплейдің үстіне балалар шығып кеткенде дисплей құлап, жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейдің жоғарғы, төменгі, сол жəне оң жақтарынан кемінде 10 см бос орын
қалдырыңыз. Сондай-ақ, артынан да
кемінде 7 см бос орын қалдырыңыз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны тікелей күн түсетін жерге жəне қыздырғыш жабдықтарға жақын жерге қоймаңыз.
• Бұл талап орындалмаса, материалдар майысуы, деформациялануы немесе бұзылуы мүмкін жəне
беріктік жоғалып, жабдық құлауы немесе сынуы жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді кемінде екі адам орнатуы
немесе орнынан шешуі керек.
• Плазмалық дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Құрастыру жəне орнату кезінде барлық бұрандаларының мықтап тартылғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер жинақтау дұрыс жүргізілмесе, тірек дисплейдің салмағын көтере алмайды. Мұның
нəтижесінде дисплей құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, дене жарақатына
əкелуі ықтимал.
Тұрақты, тегіс бетке орнатыңыз.
• Əйтпесе,
құрылғы құлап кетіп, бұзылуы жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Орнату үшін тек арнаулы құраушы бөлшектерді пайдаланыңыз.
• Олай етпеген жағдайда, плазмалық дисплей жылжымалы тіреуіштен құлап жəне бұзылып,
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Дисплейді жылжытқан кезде дөңгелекшелерін босатыңыз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап кетіп, бұзылуы жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Егер өнім
бұдан əрі пайдаланылмайтын болса, оны алып тастаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап кетіп, бұзылуы жəне жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Сақтық шаралары