STIHL KG 550, 770 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации подметальных машин STIHL KG 550 и KG 770. В инструкции подробно описаны характеристики машин, правила эксплуатации, техническое обслуживание, а также меры безопасности. Задавайте ваши вопросы, я готов вам помочь!
  • Как очистить щетку подметальной машины?
    Что делать, если подметальная машина заблокирована?
    Как часто нужно проводить техническое обслуживание?
    Как правильно транспортировать подметальную машину?
{
STIHL KG 550, 770
Қолдану нұсқаулығы
Инструкция по эксплуатации
Q Қолдану нұсқаулығы
1 - 19
R Инструкция по
эксплуатации
20 - 37
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG, 2017
0458-767-4921-A. VA1.A17.
0000006855_005_KZ
KG 550, KG 770
қазақ
1
{
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
Мазмұны
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
Қолдану нұсқаулығына 2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы 2
Құрылғының жиынтықтамасы 6
Құрылғыны тасымалдау 6
Жұмыстар 8
Жұмысты аяқтағаннан кейін 9
Құрылғыны сақтау 11
Пайдаланушы тарапынан
тексеру және техникалық қызмет
көрсету 11
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 13
Тозуды азайту және ақаулардың
алдын алу 14
Маңызды толымдаушылары 15
Техникалық сипаттамалар 16
Жұмыстағы ақаулықтарды кетіру 17
Жөндеу бойынша нұсқаулар 18
Кәдеге жарату 18
Мекенжайлар 19
KG 550, KG 770
қазақ
2
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Пайдалану үшін
Сыпырғыш агрегат жолдағы
қоқыстың, жапырақтардың, шөптің,
қағаздың және жалпақ, қатты
қабаттарда жатқан басқа да
заттардың жиналуын қамтамасыз
етеді.
Агрегатты, денсаулыққа қауіпті
заттарды сыпыру үшін қолданбаңыз.
Агрегат сұйықтықтарды жинаға
жарамайды.
Жарылу қаупі бар шаңды,
сұйықтықты, қышқылдарды немесе
еріткіштерді жинау үшін агрегатты
ешқашан пайдаланбаңыз.
Жарылу қаупі бар аймақтарды
агрегатты пайдаланбаңыз.
Агрегатты тасымалдау құралы
ретінде қолданбаңыз.
Агрегатты мақсатына сай қолдану
қажет, керісінше жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгеріс енгізуге тыйым салынады,
себебі осы жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе
агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Жалпы алғанда, талаптарды
орындаңыз
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты
жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Қатты шуыл шығаратын құрылғының
қолданылуы, уақыт өте келе ұлттық
және жергілікті нұсқаулармен
шектеле алады.
Агрегатпен алғаш рет жұмыс істейтін
әрбір адам: Агрегатты қалай қолдану
керектігі туралы мамандандырылған
дилерден немесе басқа маманнан
нұсқау алу керек.
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
агрегатпен жұмыс істеуге рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақта болуы тиіс.
Қолдану нұсқаулығына Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Осы агрегатпен жұмыс
істеген кезде айрықша
қауіпсіздік іс-
шараларын сақтау
қажет болады.
Алғаш рет пайдалануға
беру кезінде, пайдалану
нұсқаулығымен мұқият
танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану
үшін сенімді жерге
сақтап қойыңыз.
Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
KG 550, KG 770
қазақ
3
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана
беруге немесе жалға беруге рұқсат
етіледі – әрқашан пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Агрегатпен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмайтын адамдар,
агрегатпен жұмыс істей алатындығы
туралы дәрігерден кеңес алуы тиіс.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін агрегатпен
жұмыс істеуге болмайды.
Киімдер мен жарақтар
Бұдырлы, тайғанамайтын табаны бар
мықты аяқ киім киіңіз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныс
жарақтандыруының кең
бағдарламасын ұсынады.
Агрегат үшін
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы, қолданысқа
рұқсат етілмеген аспалы
агрегаттарды қолданудың
салдарынан адамға және мүлікке
келтірілген нұқсан үшін жауапты
болмайды.
Агрегатты тасымалдау
Пайдалану нұсқаулығындағы тиісті
бөлімнің талаптарын орындаңыз.
Агрегатты, қоқысқа арналған
контейнердегі саптан ұстап
тасымаңыз.
Автокөліктің ішінде: Агрегатты
төңкерілуден, тайып кетуден және
бүлінуден қорғаңыз.
Агрегатты тазарту
Агрегатты шаң мен кірден
тазартыңыз - май еріткіштерді
қолданбаңыз.
Пластмассалық бөлшектерді
ылғалды шүберекпен тазарту керек.
Тазарту кезінде тазартқыш құрал
жылтыр бөлшектерді бүлдіре алады.
Тәрелке тәрізді қылшақтарды немесе
сыпырғыш білікті* (* тек қана KG 770)
тазарту үшін, қолыңызды өткір
заттармен тырнап алмау мақсатында
берік қолғап киіңіз.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Тәрелке тәрізді қылшақтарды және
сыпырғыш білікті* (* тек қана KG 770)
сығылған ауамен тазартпаңыз. Қатты
ағын қылшақты бұзуы мүмкін.
Құрылғыны сақтау
Егер де агрегат қолданылмаса, оны
ешкімге кедергі келтірмейтіндей етіп
аулақ қойған жөн. Агрегатты
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз.
Агрегатты аударылып кетуден
немесе итергіш тұтқасының
абайсызда қайырылып кетуінен
сақтаңыз.
Итергіш тұтқаның төңкерілу
аймағында агрегатты ұстамаңыз –
итергіш тұтқаның абайсызда
төңкерілуі нәтижесінде дене бөліктері
тұтқа мен шанақтың арасында қалып
қоюы мүмкін – жарақат алу қаупі бар!
Агрегатты құрғақ орынжайдың ішінде
сенімді етіп сақтаңыз.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер
STIHL компаниясы тарапынан осы
агрегатқа рұқсат берілген немесе
өзінің техникалық сипаты жағынан
ұқсас болып келетін бөлшектер мен
құрал-жабдықтарды ғана
монтаждаңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы
бөлшектерді немесе құрал-
жабдықтарды ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясының түпнұсқалы
бөлшектерін және құрал-
жабдықтарын қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан бұйыммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
KG 550, KG 770
қазақ
4
Басқару үшін
Жұмысты бастамас бұрын
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған болса
ғана, оны қолданысқа енгізуге
болады.
Агрегаттың мінсіз жұмыс атқаруын
тексеріңіз және пайдалану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
Сап майдан және кірден
тазартылған, таза әрі құрғақ
болуы қажет, онысы агрегатты
сенімді түрде басқару үшін
маңызды шарт болып табылады
итергіш тұтқаның тығыз
отырғанын тексеріңіз
Шанақтың күйін тексеріңіз
Қоқысқа арналған контейнердің
күйін және тығыз отырғанын
тексеріңіз
Тәрелке тәрізді қылшақтар мен
сыпырғыш біліктің* (* тек қана
KG 770) бөлшектері қысылмауын
және қоқыстың тұрып қалмауын
тексеріңіз – қылшақ еркін
қозғалуы тиіс
Сыпыру режимінің баптауларын
тексеріп, оны сыпырылатын
қабатқа сәйкес реттеңіз
Басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-
келген өзгеріс енгізуге тыйым
салынады
Агрегат тек қана сенімді қолданыс
күйінде қолданылуы қажет –
жазатайым оқиғаның туындау қаупі
төне алады!
Жұмыс барысында
Тәрелке тәрізді қылшақтар немесе
сыпырғыш білік* (* тек қана KG 770)
бұғатталған кезде агрегатты сөндіріп,
аккумуляторды алып шығарыңыз –
тек осындан кейін ғана бұғатын
ашыңыз. Қолыңызды өткір заттармен
тырнап алмау мақсатында берік
қолғап киіңіз.
Айналып жатқан қылшақты
ұстамаңыз – жазатайым оқиға қаупі
бар!
Жұмыс барысында заттармен,
мысалы стеллаждармен, құрылыс
ағаштарымен соқтығысуына жол
бермеңіз – заттарддың аударылып
кету немесе құлап кету бойынша
қауіптілік төнуі мүмкін
Агрегатты жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Агрегат ешбір жағдайда қараусыз
жұмыс істемеуі керек
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, тау еңісінде, кедір-бұдыр
және тағы басқа жерлерде абайлаңыз
тайғанап кете аласыз!
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиғаның туындау қаупі төне алады!
Шаң түзілетін болса, шаңға қарсы
бетперде тағыңыз.
Агрегаттың жұмысында өзгерістер
білінетін болса (мысалы, қатты діріл,
қиындатылған жүріс байқалса)
жұмысты тоқтатып, өзгерістердің
себебін кетіріңіз.
Егер де агрегат арналымынан тыс
жүктемеге ұшыраған болса (мысалы,
соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс
істер алдында агрегаттың қолданыс
жағдайын тексеріңіз – "Қосудың
алдында" бөлімін қараңыз. Әсіресе,
қауіпсіздік қондырғысының
пайдаланудағы сенімділік дәрежесін
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, Мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Жанып тұрған немесе жалынсыз
заттарды, мысалы шылымды, күлді
немесе оттықты сыпырмаңыз –
өртену қаупі бар!
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Агрегатты әрбір рет қолданғаннан
кейін қоқысқа арналған контейнерді
босатыңыз.
Қоқысқа арналған контейнерді
тазарту үшін шыны
жарықшықтарымен, металмен
немесе өткір жиектері бар басқа да
материалдармен жараланбау
мақсатында берік қолғап киіңіз.
Шаңдатпас үшін, мүмкіндігінше,
контейнерді орынжайдан тыс жерде
қоқыстан босатыңыз.
KG 550, KG 770
қазақ
5
Жұмыс техникасы
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Агрегатқа тек қана бір оператор
қызмет көрсетеді жұмыс аймағында
бөгде адамдардың болуына рұқсат
берілмейді.
Итергіш тұтқаны қолмен нықтап
ұстаңыз.
Агрегатты алдыға қарай жылжытып,
жылдамдықты реттеңіз.
2 - 3 см-лік аздаған кедір-бұдыр
жерлер, итергіш сапты сәл
басыңқырау арқылы еңсеріле алады.
Сыпыру нәтижесі нашарлаған кезде,
тәрелке тәрізді қылшақтардың
немесе сыпырғыш біліктің* (* тек қана
KG 770) бұғатталмағанын немесе
тозбағанын тексеріңіз.
Қоқысқа арналған контейнердің толу
деңгейі
Егер сыпырған кезде жиналатын
қоқыс бүйірден сыртқа қарай шығып
жатса, демек, қоқысқа арналған
контейнер толып кеткен.
Жұмысты жалғастыру үшін,
контейнердегі кірді артқа қарай
төңкеру мақсатымен агрегатты
алдынан сәл көтеріңіз. Осылайша,
қоқысқа арналған контейнердің
сыйымдылығын қолдану жақсы
болады.
Қатты қоқысты, мысалы шағылды
сыпырған кезде, толып кеткен
қоқысқа арналған контейнердің
ауырлық орталығы артқа қарай
жылжиды. Соның салдарынан
тәрелке тәрізді қылшақтар мен
сыпырылатын қабаттың арасындағы
байланыс азайып, сәйкесінше
нашарлайды.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Агрегатқа үнемі техникалық қызмет
көрсетіп отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін –
жазатайым оқиға қаупі төне алады!
Тәрелке тәрізді қылшақтарды немесе
сыпырғыш білікті* (* тек қана KG 770)
ауыстыру үшін, қолыңызды өткір
заттармен тырнап алмау мақсатында
берік қолғап киіңіз.
9932BA001 KN
KG 550, KG 770
қазақ
6
Бірінші рет пайдалануға берудің
алдында итергіш тұтқа агрегатта
монтаждалуы керек
KG 550
N Құбырлар (1) мен итергіш
тұтқаны (2) біріктіріңіз – қысқыш
серіппелерді (3) бекітіңіз
N Итергіш тұтқаны қысқыш
сомындардың көмегімен (4)
сыпырғыш агрегатқа бекітіңіз
KG 770
Пайдаланушының бойына қарай,
итергіш тұтқа 2 түрлі күйде
монтаждала алады.
N Тұтқыштарды (1) жоғары қарай тік
күйге қойыңыз
N Итергіш тұтқаны (2)
тұтқыштың (1) екеуіне де бір
мезгілде салыңыз (3) – қысқыш
серіппелерді бекітіңіз
Агрегатты тасымалдау
N Итергіш тұтқаны (1) алдыға қарай
қайырыңыз
N Агрегатты саптан (2) ұстап, тік
күйге қойыңыз
Құрылғының
жиынтықтамасы
3
1
1
9932BA002 KN
2
4
9932BA003 KN
4
9933BA002 KN
9932BA004 KN
1
2
3
1
2
3
Құрылғыны тасымалдау
1
1
KG 770
9932BA005 KN
2
2
KG 550
KG 550, KG 770
қазақ
7
N Агрегатты саптан ұстап
тасымалдау керек – тәрелке
тәрізді қылшақтар оператордың
шанағына қарай бағытталған
Көлік құралында
Агрегатты, тәрелке тәрізді
қылшақтардың қылы
майыспайтындай етіп
орналастырыңыз. Майысқан қыл ұзақ
уақытқа деформациялануы мүмкін.
Майысқан қылшақты феннің
көмегімен қыздыру арқылы түзетуге
болады – "Пайдаланушы тарапынан
тексеру және техникалық қызмет
көрсету" бөлімін қараңыз.
Агрегатты қайыстың тайып кетуінен
қорғаңыз.
N Қайысты, қоқысқа арналған
контейнер мен агрегаттың
корпусы арасынан өткізіңіз.
Агрегатты бүлдіріп алмас үшін,
оны тым қатты тартпаңыз
Тасымалдау кезінде орынды үнемдеу
үшін, агрегаттан итергіш тұтқаны
алып тастауға болады.
KG 550 – Итергіш тұтқа
демонтаждау
N Қысқыш сомындарды бұрап
алыңыз және сыпырғыш
агрегаттан итергіш тұтқаны алып
тастаңыз
монтаждау
"Агрегаттың жиынтықтамасы" бөлімін
қараңыз
KG 770 – Итергіш тұтқа
демонтаждау
N Агрегаттың алдында тұрған кезде
– итергіш тұтқаны 45° бұрыш
шамасында еденге қарай
бұрыңыз (шанақтағы
нұсқарларды тұтқыштың бөгетінің
көмегімен бір деңгейде
орналастырыңыз)
N тұтқыштың екеуін де босатып,
агрегаттың ұяшықтарынан бір
мезгілде алып шығарыңыз
9932BA006 KN
KG 550
KG 770
9933BA026 KN
9932BA007 KN
9932BA020 KN
KG 550, KG 770
қазақ
8
монтаждау
N итергіш тұтқалардың арасына
тұрып, тұтқыштың екеуін де
қолмен ұстаңыз
N Тұтқыштарды сәл босатыңыз
N Тұтқыштарды агрегаттың
ұяшықтарына бір мезгілде
салыңыз – тұтқыштардағы
шетмойындар ұяшықтардың
саңылауларына түседі
N итергіш тұтқаны төмен қарай
еңкейтіңіз – соның салдарынан
тұтқыштар ұяшықтарда бекітіліп,
агрегатпен нықтап біріктіріледі
Тәрелке тәрізді қылшақтарды биіктік
бойынша реттеу
Биіктік бойынша реттеудің көмегімен
тәрелке тәрізді қылшақтарды
сыпырылатын қабатқа қарай сай
келтіруге болады.
N Айналғыш сапты солға немесе
оңға қарай қажетті деңгейге
бұраңыз:
9932BA021 KN
9932BA015 KN
Жұмыстар
Деңгей Пайдалану
9932BA008 KN
KG 550
KG 770
KG 550, KG 770
қазақ
9
Тәрелке тәрізді қылшақтың қылы бар
болғаны қабатқа сәл қысылып тұруы
керек. Тым қатты қысқан кезде жинап-
тазартудың ең жақсы нәтижесіне қол
жеткізілмейді, керісінше – тозу
дәрежесі одан сайын күшейе түседі.
бүйірлік бағыттаушы ролик
Бағыттаушы ролик агрегаттың шеткі
аумақтарда, мысалы қабырғалардың
немесе бордюрлердің бойында
жүргізілуін жеңілдетеді.
KG 770 – Қысқыш
Шеткі аумақтарды, мысалы,
қабырғалардың немесе
бордюрлердің жанын жинап-
тазартқан кезде, қылшақтың қылы,
қысқыштың арқасында беткі қабатқа
қысылады.
N Қысқыштағы сапты төмен қарай
басыңыз
KG 550
N Итергіш тұтқаны алдыға қарай
қайырыңыз
N Қоқысқа арналған контейнердегі
сапты жоғары қарай тартыңыз
N Қоқысқа арналған контейнерді
алып, тазартыңыз
1 - 2 тегіс қабаттар үшін
3 - 4 ылғалды жапырақ, құм,
кедір-бұдыр жерлер,
мысалы жалаң
толтырғышы бар бетон
5 - 8 Қылшақтың тозу
дәрежесіне қарай
қосымша реттеңіз
9932BA009 KN
KG 550
KG 770
9933BA013 KN
Жұмысты аяқтағаннан
кейін
9932BA010 KN
9932BA011 KN
KG 550, KG 770
қазақ
10
Қоқысқа арналған контейнерді
монтаждаңыз
N Агрегатты сәл көтеріңіз
N Қоқысқа арналған контейнерді
агрегатқа орнатыңыз –
контейнердегі саңылаулар
агрегаттың ұяшықтарына кіреді
N Қоқысқа арналған контейнердегі
сапты бекітіңіз
KG 770
N Итергіш тұтқаны алдыға қарай
қайырыңыз
N Қоқысқа арналған контейнердегі
сапты жоғары қарай тартыңыз
N Қоқысқа арналған контейнерді
алып, тазартыңыз
Қоқысқа арналған контейнерді
монтаждаңыз
N Қоқысқа арналған контейнерді
агрегатқа орнатыңыз –
контейнердегі саңылаулар
агрегаттың ұяшықтарына кіреді
N Қоқысқа арналған контейнердегі
сапты бекітіңіз
9932BA012 KN
9932BA015 KN
9932BA013 KN
9932BA014 KN
9933BA018 KN
KG 550, KG 770
қазақ
11
N Құрылғыны жақсылап тазартыңыз
N Агрегатты құрғақ әрі қауіпсіз
жерде сақтаңыз. Рұқсатсыз
қолданудан қорғаңыз (мысалы,
балалардың қолдануынан)
Агрегатты, тәрелке тәрізді
қылшақтардың қылы сынбайтындай
және майыспайтындай етіп
орналастырыңыз. Сынған немесе
майысқан қыл ұзақ уақытқа
деформациялануы мүмкін. Майысқан
қылшақты феннің көмегімен қыздыру
арқылы түзетуге болады –
"Пайдаланушы тарапынан тексеру
және техникалық қызмет көрсету"
бөлімін қараңыз.
KG 770 – агрегатты сақтау
Агрегатты сақтау ыңғайлы болуы
үшін, оны тік күйге қоюға болады.
Агрегатты аударылып кетуден
немесе итергіш тұтқасының
абайсызда қайырылып кетуінен
сақтаңыз.
N Итергіш тұтқаны алдыға қарай
қайырыңыз
N Агрегатты тік күйге қойыңыз
Майысқан қылшақты түзетіңіз
Майысқан қылшақты қыздыру арқылы
түзетуге болады.
N Қылшақты жылы ауа
желдеткішімен (мысалы, феннің
көмегімен) қыздырып, оны
түзетіңіз
Ыстық ауа желдеткіштерін, жанып
тұрған отты немесе жанарғыларды
қолданбаңыз. Тым жоғары
температура себебінен, қылшақ
зақымдалуы мүмкін.
Берілісті майлау
Күтім көрсету мақсатында
бәсеңдеткішті спирт негізіндегі
силиконды спреймен майлауға
болады. Басқа майлағыш құралдарды
қолдану, бәсеңдеткіштің
функциясына теріс әсер етуі мүмкін.
N Агрегатты тік күйге қойыңыз
Құрылғыны сақтау
9932BA015 KN
9933BA020 KN
Пайдаланушы тарапынан
тексеру және техникалық
қызмет көрсету
9933BA023 KN
KG 550, KG 770
қазақ
12
KG 550
N Силиконды спрейдің аздаған
мөлшерін бәсеңдеткішке бүркіңіз
KG 770
N Доңғалақ үстіндегі тыстағы
тесіктері арқылы силиконды
спрейдің аздаған мөлшерін
бәсеңдеткішке бүркіңіз
KG 770 – Ауа сүзгісін тазалау
N Қоқысқа арналған контейнерді
алыңыз
N Бағыттаушылардан екі сүзгіш
элементті алып шығарыңыз
N Сүзгіш элементтен көбікті пласт
ішбетін алып шығарыңыз
N Көбікті пласт ішбетін сумен
жуыңыз, кептіріңіз және қайтадан
сүзгіш элементке салыңыз
N Сүзгіш элементтерді қайтадан
агрегатқа салыңыз
9932BA017 KN
9933BA022 KN
9932BA018 KN
KG 550, KG 770
қазақ
13
Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар
Деректер қалыпты жұмыс шарттарына келтірілген. Қиын жағдайларда (шаңның
көп жиналуы және т.б.) және күн сайын аса ұзақ қолданған кезде аталған
аралықтан тиісінше қысқарту керек.
жұмысты бастамас бұрын
жұмысты аяқтағаннан кейін
немесе күн сайын
апта сайын
ай сайын
жылына бір рет
ақау болған кезде
бүлінген кезде
қажет болғанда
Агрегат жиынтығы
Көзбен шолып тексеру (жағдайын) X
тазарту X
Ауа сүзгісі
2)
тазарту X
ауыстыру X
Тәрелке тәрізді қылшақтар мен
сыпырғыш білік
2)
Көзбен шолып тексеру (жағдайын) XX
тазарту X
мамандандырылған дилер
1)
ауыстыруы керек
X
Бәсеңдеткіш майлау
3)
X
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі
ескертпесі бар жапсырма
ауыстыру X
1)
STIHL компаниясы STIHL мамандандырылған дилерін ұсынады
2)
тек қана KG 770
3)
"Пайдаланушы тарапынан тексеру және техникалық қызмет көрсету" бөлімін қараңыз
KG 550, KG 770
қазақ
14
Осы пайдалану нұсқаулығында
көрсетілген белгіленген өлшемдерді
сақтаған жағдайда, осы агрегаттың
мерзімінен бұрын тозуынан және
бүлінуінен қорғалатын боласыз.
Агрегатты қолдану, оған техникалық
қызмет көрсету және сақтау
шаралары, осы пайдалану
нұсқаулығында баяндалған сипатта
мұқият түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Қауіпсіздік техникасына, жұмысқа
және техникалық қызмет көрсетуге
қатысты нұсқауларды
сақтамағандықтан барлық бүлінген
жерлер үшін пайдаланушы өзі жауап
береді. Бұл келесі жағдайларға аса
көкейтесті болып келеді:
STIHL компаниясынан рұқсат
алмай, өнімдерге өзгеріс жасау
STIHL компаниясы тарапынан
рұқсат етілмеген монтаждық
толымдаушыларды қолдану
агрегатты мақсатына сай
қолданбау
Агрегат ақаулы толықтырушы
бөлшектермен бірге
қолданғандықтан бүлінсе
Техникалық қызмет көрсету
жұмыстары
"Техникалық қызмет көрсетуге және
күтімге қатысты нұсқаулар" бөлімінде
атап өтілген барлық жұмыстар үнемі
орындалып тұруы қажет. Егер де
техникалық қызмет көрсету
жұмыстары пайдаланушының
тарапынан орындала алмаса, STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгіну
керек.
Егер де аталған жұмыстар
орындалмаса, соның салдарынан
зақым пайда болса, оған
пайдаланушы өзі жауап береді.
Басқаларды қоспағанда, оларға
мыналар қатысты болып келеді:
Техникалық қызмет көрсету
жұмыстары дұрыс емес немесе
жеткіліксіз түрде көрсетілуі
салдарынан агрегатқа келтірілген
зақымдар
Дұрыс емес сақтаудың
салдарынан тоттану және басқа
да бүліну белгілері
STIHL түпнұсқалы
жинақтаушыларының орнына
басқа жинақтаушыларды
қолданудың салдарынан орын
алатын зақымдар мен
туындайтын зақымдар
STIHL тарапынан өкілеттік
берілмеген компанияларда
техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жұмыстарын орындаудан
келтірілген зақымдар
Тозатын бөлшектер
Агрегаттың кейбір бөлшектері, тіпті
мақсатына сай қолданылып жатса да,
қалыпты тозу үрдісіне бейім болып
келеді, сонымен қатар қолданылатын
түріне және ұзақтығына байланысты
уақытында ауыстырылып тұруы
қажет. Осындай бөлшектердің
қатарына мыналар жатқызылады:
Тәрелке тәрізді қылшақтар
Сыпырғыш білік (тек қана KG 770)
Тозуды азайту және
ақаулардың алдын алу
KG 550, KG 770
қазақ
15
1 Итергіш тұтқа
2 Қоқысқа арналған контейнер
3 Қоқысқа арналған контейнердегі
сап
4 Ауа сүзгісі (тек қана KG 770)
5 Сыпырғыш білік (тек қана KG 770)
6 Биіктік бойынша реттеу
7 Сап
8 Тәрелке тәрізді қылшақтар
9 бүйірлік бағыттаушы ролик
10 Қысқыш
# Сериялық номер
Маңызды толымдаушылары
9
#
3
7
6
3
9932BA019 KN
1
2
8
9
10
1
2
6
7
8
9
4
5
#
KG 550, KG 770
қазақ
16
KG 550
KG 770
REACH
REACH дегеніміз химикаттарды
тіркеуге, бағалауға және жіберуге
арналған ЕҚ қаулысы дегенді
білдіреді.
REACH (ЕҚ) № 1907/2006 қаулысын
орындауға арналған ақпаратты
www.stihl.com/reach сайтынан
қараңыз
Белгіленген қолданыс кезеңі
Белгіленген қолданыс кезеңі: 30
жылға дейін.
Белгіленген қолданыс кезеңі
уақытында, қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
тұрақты техникалық қызмет және
күтім көрсетіледі.
Техникалық сипаттамалар
Сыпырудың теор.
өнімділігі 1600 м
2
/сағ
Қоқысқа арналған
контейнердің көлемі 25 л
Салмағы 6 кг
Өлшемдер
Итергіш тұтқа тік күйде
Ұзындығы 580 мм
Ені 550 мм
Биіктігі 1150 мм
Итергіш тұтқа тасымалдау күйінде
Ұзындығы 860 мм
Ені 550 мм
Биіктігі 950 мм
Сыпырудың теор.
өнімділігі 2900 м
2
/сағ
Қоқысқа арналған
контейнердің көлемі 50 л
Салмағы 13 кг
Өлшемдер
Итергіш тұтқа тік күйде
Ұзындығы 800 мм
Ені 800 мм
Биіктігі 1270 мм
Итергіш тұтқа тасымалдау күйінде
Ұзындығы 1050 мм
Ені 800 мм
Биіктігі 1050 мм
KG 550, KG 770
қазақ
17
Жұмыстағы ақаулықтарды кетіру
Ақаулық Себеп Жою тәсілдері
Агрегат әрең жылжиды
Тәрелке тәрізді қылшақтар немесе
сыпырғыш білік бұғатталған
Бұғатты алып тастаңыз
Биіктігі тым төмен реттелген тәрелке
тәрізді қылшақтар негіздемеге тым
тығыз қысылады
Баптауларды сыпырылатын
негіздемеге сәйкес биіктігі бойынша
реттеңіз
Бәсеңдеткіш бөлшектерінің жүрісі
қиындатылған
Бәсеңдеткіштің бөлшектерін
силиконды спреймен
1)
жинаңыз
1)
"Пайдаланушы тарапынан тексеру және техникалық қызмет көрсету" бөлімін қараңыз
KG 550, KG 770
қазақ
18
Аталған құрылғының
пайдаланушылары, осы қолдану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
техникалық қызмет көрсету және
күтім жасау жұмыстарын ғана
орындай алады. Жөндеу
жұмыстарының қалған түрлерін
мамандандырылған дилерлер ғана
жүзеге асыра алады.
STIHL фирмасы техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
қана STIHL фирмасының сауда-
агенті-маманына тапсыруыңызға
ұсыныс береді. STIHL фирмасының
мамандандырылған агенттері-
мамандары біліктілікті арттыру
курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық
ақпарат ұсынылады.
Жөндеген кезде, аталған
моторланған құрылғыға арналған
STIHL компаниясымен рұқсат етілген
толымдаушыларды немесе
техникалық тең сипаттағы
толымдаушыларды монтаждауға
болады. Жоғары сапалы қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алу қаупі немесе
құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
STIHL фирмасы STIHL фирмасының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін
қолдануға ұсыныс береді.
STIHL фирмасының түпнұсқалы
қосалқы бөлшектерін STIHL
толымдаушысының нөмірі, жазбасы
{ және қажет болса STlHL
K толымдаушысының белгісі
(кішігірім толымдаушыларда тек қана
бір белгі бола алады) бойынша
анықтап тануға болады.
Кәдеге жаратқан кезде, қандай да бір
елге тән болып келетін қалдықтарды
кәдеге жарату жөніндегі нормаларды
сақтау қажет.
STIHL компаниясының өнімдері
тұрмыстық қалдықтар емес. STIHL
өнімі, аккумулятор, керек-жарақ және
қаптама қоршаған ортаны
ластамайтын түрде қайта кәдеге
жаратылуы тиіс.
Кәдеге жарату жөніндегі көкейтесті
ақпаратты STIHL мамандандырылған
дилерінен ала аалсыз.
Жөндеу бойынша
нұсқаулар
Кәдеге жарату
000BA073 KN
/