Electrolux EKG603102X Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
Інструкція
Пеш
Кухонная плита
Плита
EKG603102
KZ
RU
UA
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 6
Бірінші қолданғанға дейін 6
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану 7
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес 8
Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау 8
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану 9
Тұмшапеш - Сағат функциялары 10
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес 11
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау 14
Не істерсіңіз, егер... 18
Орнату 19
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 23
Өндіруші ескертусіз өзгеріс
енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан
бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
емес.
Балалар
мен дəрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға оны
іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы
құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Балалар мен
үй жануарларын есігі
ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз.
Жарақат алу немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы
не түймешікті құрсаулау тетігі болса,
соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар
мен үй жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол
бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз.
Жарақат алу немесе
құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін
əрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет
болса,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет
пайдаланардан бұрын барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
төсемдерін алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
Құрылғы қолданылатын елдегі
заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар
мен талаптарды (қауіпсіздік
ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ
2 electrolux
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның
қуат көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз (егер қажет болса).
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны тек білікті электрші
орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уəкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан
алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде
желіден ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер
құралсыз ажыратуға болмайтында
етіп орнатылуға тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын
розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Газға қосу
Құрылғыны тек білікті газ орнатушы
орнатып, желіге қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының айналасындағы ауа
айналымы жақсы екеніне көз
жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті
берілмесе, оттегі жетіспеуі мүмкін.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
əкететін құрылғыға жалғанбаған. Бұл
құрылғыны қолданыстағы орнату
ережелеріне сай орнатып, желіге қосу
қажет. Желдетуге қатысты
талаптардың орындалуына ерекше
назар аудару керек.
Газға тамақ пісіру құрылғысын
пайдаланған кезде оны орнатқан
бөлме ысып кетеді жəне ылғал
түзіледі. Ас үйдің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз: табиғи
жолмен
желдететін саңылауларды ашып
қойыңыз не механикалық желдету
electrolux 3
құралын орнатыңыз (механикалық
тартқыш құрылғы).
Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені
көбірек желдету (мысалы, терезені
ашу немесе механикалық желдеткіш
бар болса, деңгейін көтеру) керек.
Пайдалану
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап
отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін, əрқашан құрылғыдан алыс
тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су
қолмен іске пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі
бар. Пісіру алаңына
темір заттарды,
мысалы ас құралдары мен кəстрөл
қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар
қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтары мен кəстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда
болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті
ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу қаупі бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан
кейін əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне
пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз, себебі қызудың
əсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керек-
жарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не
түбіне бүлінген ыдысты
əрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне
сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
əсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне
тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда
тек қызуға төзімді заттарды (егер
болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін
ала орналасқан (егер бар болса).
Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі
дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар.
Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны
қолданбаңыз.
4 electrolux
Қақпақ
Жабық тұрған қақпақ құрылғыны
шаңнан қорғайды, ашық тұрғанда
шашыраған майды жинайды. Оны
басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
Қақпақты əрқашан таза ұстаңыз.
Қақпақты жаппай тұрып, құрылғының
суығанына көз жеткізіңіз.
Ыстық қақпақ шытынап кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны
панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын заттарды
қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын,
жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш
заттармен, түрпілі жөкелермен жəне
дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен
термостат сенсорына ешбір затты
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін
қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны
электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп
қалу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының
ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
electrolux 5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы көрінісі
1
9
2 4 5
6
7
8
3
1
2
3
4
1 Гриль индикаторы
2 Тұмшапеш шамының түймешігі
3 Пеш үстін басқаратын тетіктер
4 Тұмшапеш функцияларының тетігі
5 Электрондық бағдарламалағыш
6 Гриль
7 Пеш шамы
8 Техникалық ақпарат тақтайшасы
9 Сөре деңгейлері
Пісіру қабатының орналасуы
21
4 3
1 Жартылай жылдам оттық
2 Жартылай жылдам оттық
3 Қосымша оттық
4 Жылдам оттық
Керек-жарақтары
Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру жəне қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау
суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау
суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
тұмшапештің ішіндегі жəне
сыртындағы орам
материалдарының барлығын
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін,
тұтқасын əрқашан ортасынан
ұстаңыз.
6 electrolux
Уақытты орнату
Пеш тек уақыт қойылған соң ғана
жұмыс жасайды.
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
функциясын көрсететін шам автоматты
түрде жыпылықтай бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не "
-" түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен соң
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тəулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтығы
немесе
Соңы
) қоса орнатуға бірге
болмайды.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күтіп ұстау жəне
тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
мен максимум температураны
орнатыңыз да, пештің ішінде қалған
қалдықты күйдіріп жою үшін, ішіне еш
нəрсе салмай 45 минут қыздырыңыз.
Пештің керек-жарақтары оны қалыпты
жағдайда пайдаланған кездегіден де
қызып кетуі мүмкін. Осы кезде
жағымсыз иіс шығуы ықтимал. Бұл
қалыпты жағдай. Бөлмені жақсы
желдетіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде
ашық отты пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалынды дұрыс
пайдаланбау жағдайлары үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты əрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Басқару түймешесін сағат тілінің
бағытына қарсы түбіне дейін
бұраңыз да (
), төмен итеріңіз.
2. Басқару түймешесін шамамен 5
секунд ұстап тұрыңыз; сонда
жылыту элементі қызады. Егер олай
етпесеңіз, газ беру үзіліп қалады.
3. От біркелкі жанғаннан кейін оны
реттеңіз.
Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
3
4
2
1
1 Оттықтың қақпағы
2 Оттықтың шілтері
3 Тұтатқыш жанарғы
4 Жылыту элементі
electrolux 7
Назарыңызда болсын! Басқару
түймешесін 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, басқару түймешесін
босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Өте маңызды! Оттықты электр
құралын қолданбай жағуға болады
(мысалы, ас үйде электр қуаты
болмаған кезде). Ол үшін, жалынды
оттыққа жақын əкеліп, тиісті басқару
түймешесін
басыңыз да, оны сағат
тілінің бағытына қарсы ең көп газ
шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе
қуат үзілісінен кейін электр қуатын
қосқан кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына
белгіге бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын!
Кəстрөлдерді оттықтан алардан
бұрын отты азайтыңыз немесе
сөндіріп қойыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кəстрөлдердің
қақпағын əрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Диаметрі оттықтың өлшеміне дəл
келетін табалар мен кəстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін
ыдыстың диаметрі
Жылдам 180 мм - 260 мм
Жартылай
жылдам
120 мм - 220 мм
Қосымша 80 мм - 160 мм
Түбі барынша қалың əрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тазалардан бұрын сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
Эмальмен қапталған бөліктерін,
қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш
машинада жууға төзімді емес;
оларды қолмен жуу керек.
Тазалап болғаннан кейін
таба
тағандарын дұрыс орнатуды
ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін
таба тағандарын орнына қойған
кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
8 electrolux
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Тұмшапештің температурасын
басқару тетігін басып, оны ең үлкен
қалыпқа дейін бұраңыз. Оны
бірнеше секунд басып тұрыңыз,
бірақ 15 секундтан артық баспаңыз.
Оны жалын пайда болғанша
босатпаңыз.
Тұмшапештің температурасын
басқару тетігін басқанда, от
алдырғыш құрал автоматты түрде
іске
қосылады.
Егер тұмшапештің газ оттығы от
алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пешінің басқару тетігін
босатыңыз да, “Off” қалпына
қойыңыз.
2. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін тұмшапештің
газ оттығын қайта тұтатып
көріңіз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде
газ пешін
басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары
температураға бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару тетігін шамамен 15 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Гаш пешінің басқару тетігін
босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Гаш тұмшапешінің басқару тетігін
қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп
қалғанда
, газдың берілуін тоқтатады.
Газ пеші мен электрлік грильді бір
мезгілде қатар пайдалануға
болмайды.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Пештің функциялары
Пештің төмендегідей функциялары бар:
Пеш функциясы Қолданылуы
Шам
Оны пеш шамының түймешігімен қосыңыз. Осы
функцияның көмегімен пештің ішін жарықтандыруға
болады (мысалы, тазалау үшін)
Off (сөндірулі) қалпы
Құрылғы сөндірулі.
1-8
Температура
мəндерін орнату
Дəстүрлі тамақ пісіруге арналған температура
деңгейлерін лайықтау
(1 - 150°C; 2 - 170°C; 3 - 190°C; 4 - 200°C; 5 - 210°C; 6 -
220°C; 7 - 240°C; 8 - 240°C)
Гриль
Жайпақ тағамды грильдің ортасында пісіру жəне сəл
қуыру үшін.
electrolux 9
Сөренің телескопиялық тірегіштері
2-ші жəне 4-ші сөре қатарларына
телескопиялық сөре тірегіштер
орнатылған. Телескопиялық сөре
тірегіштер көмегімен сөрелерді оңай
кіргізіп, оңай алуға болады.
1. Оң жəне сол жақтағы телескопиялық
сөре тірегіштерді түгелдей тартып
шығарып алыңыз.
°C
2. Сөрені телескопиялық сөре
тірегіштерге қойыңыз да, оларды
пештің ішіне қарай еппен итеріңіз.
°C
Назарыңызда болсын!
Телескопиялық сөре тірегіштер пеш
ішіне əбден кірігіп тұрмаса, пеш
есігін жаппаңыз. Бұл пеш есігінің
сыры мен шынысын бүлдіруі
мүмкін.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
іске қосылып тұрғанда,
телескопиялық сөре тірегіштер мен
басқа да керек-жарақтар қатты
қызып кетеді. Пешке арналған
қолғап киіңіз не сол сияқты затты
пайдаланыңыз.
ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Бейнебет
21 3
56 4
1 Функция индикаторлары
2 Уақыт бейнебеті
3 Функция индикаторлары
4 "+" түймешігі
5 Функция таңдау тетігі
6 "-" түймешігі
10 electrolux
Сағат функцияларын орнату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2.
Минут операторының
, Ұзақтық
немесе Соңы уақытын орнату
үшін, " +" немесе " -" түймешігін
қолданыңыз.
Тиісті функция шамы
жыпылықтайды.
Уақыт өтіп біткенде функция шамы
жыпылықтайды да, дыбысты сигнал
2 минут бойы беріліп тұрады.
Ұзақтық жəне Соңы
функциялары орнатылғанда пеш
автоматты түрде өшеді.
3. Дыбысты сигналды тоқтату үшін кез
келген түймешікті басыңыз.
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне əсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін көрсетуге
арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық пен Соңы
функциясын, пеш кейінірек
автоматты түрде қосылып не
ажыратылуға тиіс болса қатар
пайдалануға болады. Бұндай
жағдайда алдымен Ұзақтық
параметрін, содан кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдау түймешігін қажетті
функцияның индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. "- " түймешігін дыбыстық сигнал
естілгенше басып ұстап тұрыңыз.
3. Түймешікті босатыңыз. Сағат
функциясы бірнеше секунд ішінде
сөнеді.
Бейнебетті сөндіріп қоюыңызға
болады. Сонда қуат үнемделеді.
Бейнебетті сөндіру үшін + жəне -
түймешіктерін қатар басыңыз.
Бейнебетті қосу үшін осы əрекетті
қайталаңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын! Тағамды
пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде
де əрқашан пеш есігін жауып отыру
қажет.
Пісіру табалары, кəстрөлдерді т.с.с.
пештің сыры кетпес үшін оның
табанына қоймаңыз.
Пештің сырын кетіріп алмас үшін
оның керек-жарақтарын салып, не
алып жатқан кезде абай болыңыз.
Пештің төрт сөре қатары бар. Сөре
қатарлары пештің астынан бастап
саналады.
Əртүрлі тағамдарды пештің екі
қатарына қойып, бір мезгілде
пісіруіңізге болады. Сөрелерді 1-ші
жəне 3-ші қатарға қойыңыз.
electrolux 11
Пеш ауаны үздіксіз айдап жəне буды
тұрақты айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйе тамақты булы ортада пісіріп,
тағамдардың ішін жұмсақ, ал сыртын
қытырлақ күйде сақтайды. Сондай-ақ,
бұл тамақ пісіретін уақыт пен қуат
шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына конденсат тұруы мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріліп
жатқан кезде есікті
əрқашан артқа
шегініп барып ашыңыз. Бу
конденсаты аз жиналу үшін пешті
тағамды пісірмей тұрып 10 минуттай
қыздырып алыңыз.
Құрылғыны əр пайдаланып болған
сайын ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша
сай келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі
пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет
өте кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын əбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны
200 °C-250 °C аралығында
орнатыңыз.
Үй құсының еті не балық тəрізді ақ
етті пісіру үшін температураны 150°C
- 175 °C
аралығында орнатыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен
сайын қосымшалап су
құйыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай
пісірілетініне назар аударыңыз. Осы
құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа,
рецептілерге жəне тағамның мөлшеріне
барынша сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
табыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Уақыт аралықтарына алдын ала
қыздыру уақыты қосылмаған.
Бос пешті əрқашан 10 минут алдын
ала қыздыру қажет.
Салм
ағы
(кг)
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
Минутқа
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
Ескертпелер
Темпера
тура (°C)
деңгейі
ЕТ ЖƏНЕ ҚҰС
ЕТІ
1
Сүйегі бар сиыр
еті
160 2 не 3 40
1 Сүйексіз сиыр еті 190 2 не 3 50
1 Қой еті 160 2 не 3 40 - 50
1 Шошқа еті 175 2 не 3 50
12 electrolux
Салм
ағы
(кг)
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
Минутқа
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
Ескертпелер
Темпера
тура (°C)
деңгейі
1,2 Тауық/Қоян еті 210 2 не 3 70 - 80
1 Үйрек еті 190 2 не 3 80
1 Күркетауық еті 180 2 не 3 60
0,5 Бұқтырма тағам 135 2 не 3 150
1 Көкөніс пісірмесі 150 2 /
көкөніс түріне қарай əртүрлі
болады
ТОҚАШ
ӨНІМДЕРІ
Жеміс бəліштері 165 2 35
Жеміс бəліші 160 2 не 3 35
Шұжық
орамалары
180 2 не 3 20
Чокс тоқашы 190 2 не 3 25 - 30
Воловент тоқашы 175 2 не 3 15
Джем қосылған
пирожныйлар
180 2 не 3 30 - 40
пеш сөресіндегі 26 см
алюминий қалып
қолданылады
ПУДДИНГ
Бен-мариде
пісірілген
жұмыртқа десерті
135 2 не 3 60 - 75
Кілегей жеміс
торты
135 2 не 3 90
Меренга 135 2 не 3 70 - 90
алюминий тегіс пісіру
науасында
ТОРТТАР
Шырынды жеміс
торты
150 2 не 3 150 - 170
пеш сөресіндегі 20см
қалыпта
Жай жеміс торты 160 2 не 3 150
Мадейра торты 160 2 не 3 105 - 120
Кішкене кекстер 160 3 30 - 40
Зімбір наны 160 3 35 - 45
НАН
0,5 Нан бөлкелері 190 2 не 3 40 - 50
алюминий тегіс пісіру
науасында
1 Нан бөлкелері 190 2 не 3 50 - 60
алюминий тегіс пісіру
науасында
Орамалар,
мейізді тоқаш
180 2 не 3 15 - 20
electrolux 13
Салм
ағы
(кг)
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
Минутқа
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
Ескертпелер
Темпера
тура (°C)
деңгейі
Печеньелер 180 2 не 3 25 - 35
Грильдеу
Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті
10 минут қыздырып алыңыз.
Мөлшері Грильдеу Минутқа шаққандағы
пісіру уақыты
ТАҒАМ ТҮРІ Бөлікте
р
г
деңгейі
Темпера
тура (°C)
1-ші жағы 2-ші жағы
Филе стейкі 4 800 3 250 12-15 12-14
Сиыр еті стейкі 4 600 3 250 10-12 6-8
Шұжықтар 8 / 3 250 12-15 10-12
Шошқа етінің
бөлігі
4 600 3 250 12-16 12-14
Тауық еті (2-ге
бөлінген)
2 1000 3 250 30-35 25-30
Кебаб 4 / 3 250 10-15 10-12
Тауықтың кеудесі 4 400 3 250 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 3 250 20-30
Балық филесі 4 400 3 250 12-14 10-12
Қызартылған
сендвич
4-6 / 3 250 5-7 /
Тост 4-6 / 3 250 2-4 2-3
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды
ең төмен температурада пісіруді жəне
тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай
тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының
(
жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
14 electrolux
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Пеш сөрелері мен сөре тіреуіштері
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалар алдында оның салқын
екеніне жəне электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Пеш сөрелерін тазалау үшін оларды
жылы сабын суға салып жібітіп, қатып
қалған қалдықтарын сұйық сабын
сіңірілген жөкемен ысып кетіріңіз.
Жақсылап шайыңыз да, жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Сөре тіреуіштерін жууды оңайлату үшін
шығарып алуға болады:
1. Сөре тіреуішін орнынд ұстап тұрып,
алдыңғы бұранданы
екінші
қолыңызбен ағытып алыңыз
2. Артқы ілгекті ағытыңыз да, сөре
тіреуішін алыңыз. Пештің екінші
жағында да осы əрекеттерді
қайталаңыз.
3. Тазалап болғаннан кейін осы
қадамдарды кері ретпен қайталап,
сөре тіреуіштерін орнына салыңыз.
Сөре тіреуіштерін орнына салған кезде,
бұранда тығырығының берік тұрғанын
тексеріңіз.
Назарыңызда болсын! Ысырмалы
сөре тіреуіштерін ешқашан ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз.
Назарыңызда болсын! Сөре
тіреуіштерін тазалаған кезде,
ысырмалы сырғытпалардың артқы
жағындағы майды сүртіп
тастамаңыз. Бұл олардың дұрыс
жұмыс істеуі үшін қажет.
Пештің есігін тазалау
Пеш есігі бірінен кейін бірі орналасқан
шыны панельдерден тұрады. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін пештің есігі
мен ішкі шыны панелін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш есігін
ағытып алмай тұрып, есіктің ішкі
шыны панелін алғыңыз келсе, есік
кенет жабылып қалуы мүмкін.
electrolux 15
Назарыңызда болсын! Шыны
есікті тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына
көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып
қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің
шыны панельдеріне нұқсан келсе
не сызат түссе, шыны босап, сынып
қалады. Бұндай жағдай орын алмас
үшін оларды ауыстыру керек.
Қосымша нұсқауларды жергілікті
қызмет көрсету орталығынан
алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
3. Есікті, оны ашқан кезде оның
бастапқы қойылатын орнына дейін
жабыңыз(жол ортасына дейін).
Содан соң оны алға қарай тарту
арқылы орнынан шығарып алыңыз.
4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз.
Есіктің астыңғы жиегіндегі
бұрандаларды бұранда бұрағышпен
ағытып алыңыз
1
1
Өте маңызды! Бұрандаларды
жоғалтпаңыз
16 electrolux
5. Ішкі есікті ашу үшін ағаштан
жасалған қалақшаны немесе
пластик қалақшаны не сол сияқты
затты қолданыңыз
Сыртқы есікті ұстап тұрыңыз да, ішкі
есікті есіктің үстіңгі жиегіне қарай
итеріңіз.
3
2
2
6. Ішкі есікті көтеріңіз
7. Есіктің ішкі бетін тазалаңыз
Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Мұқият
құрғатыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек су мен сабынды
пайдаланып ғана тазалаңыз.
Жеміргіш тазалағыштар, дақ
кетіргіштер жəне өткір заттар
(мысалы, пышақ не
қырғыштар)шыныны бүлдіруі
мүмкін.
Есік пен шыны панельді орнына қою
Тазалап болғаннан кейін есікті орнына
салыңыз. Ол үшін əрекеттерді кері
тəртіпте орындаңыз.
4
4
5
5
6
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Оны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не
тазалағыш құралдарды ешқашан
пайдаланбаңыз, себебі олар пештің
бетін бүлдіреді. Пештің басқару
панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
Суырманы алу
Тұмшапештің астындағы суырманы
оңай тазалау үшін алуға болады.
Суырманы алу
1. Суырманы барынша бері
тартыңыз.
2. Суырманы, бағыттауыштарының
бұрышынан жоғары көтерілетін етіп,
сəл көтеріңіз.
Суырманы орнына салу
Суырманы орнату үшін осы əрекеттерді
кері ретпен орындаңыз
Назарыңызда болсын! Тұмшапеш
жұмыс істеп тұрғанда, суырманың
іші қызып кетуі мүмкін. Сондықтан,
тазартқыш заттар, пластик
қапшықтар, пеш қолғабы, қағаз,
бүріккіштер т.с.с. сияқты тұтанғыш
заттарды оның ішінде ұстамаңыз.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
electrolux 17
Пештің шамын ауыстырар алдында:
Пешті өшіріңіз.
Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына
қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық
қызуға төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды.
Электр қуаты жоқ. Құрылғының жалғанғанын
жəне электр қуатының іске
қосылғанын тексеріңіз.
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды.
Электр қуаты жоқ. Үйдегі электр жабдығының
сақтандырғышын тексеріңіз.
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды.
Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған.
Оттықтың қақпағы мен
шілтері дұрыс қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Жалын тұтатқан бетте дереу
сөніп қалады.
Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды.
От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 5 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Газ шеңбері біркелкі
жанбайды.
Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған.
Инжектордың бітеліп
қалмағанын жəне оттықтың
шілтерінің тағам қалдығынан
бос екенін тексеріңіз.
Құрылғы жұмыс істемей тұр. Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш босап кеткен.
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
ағытылып қалса, білікті
электрші маманға
хабарласыңыз.
Тұмшапеш қызбай тұр. Тұмшапеш іске қосылмаған. Тұмшапешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбай тұр. Қажетті параметрлер
орнатылған жоқ.
Параметрлерді қадағалаңыз.
Тұмшапештің шамы жанбай
тұр.
Тұмшапештің шамында ақау
бар.
Тұмшапештің шамын
ауыстырыңыз.
Бейнебетте “12.00” жəне
"LED" көрсетіледі.
Электр қуаты үзіліп қалған. Сағатты қайта орнатыңыз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне жəне тұмшапештің
ішіне жиналады.
Тағам тұмшапеш ішінде ұзақ
уақыт қалып қойған.
Тағамды пісіріп болғаннан
кейін тұмшапеш ішінде 15-20
минуттан артық
қалдырмаңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті
ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Техникалық ақпарат тақтайшасы пеш
18 electrolux
корпусының алдыңғы жақтауында
орналасқан.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Техникалық сипаттама
2-ші санат, 1-ші қосымша санат жəне 1-
ші санат құрылғысы
Өлшемдері
Биіктігі 850 мм
Ені 600 мм
Тереңдігі 600 мм
Пештің
сыйымдылығы
53 л
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Газ санаты II2H3B/P
Газбен жабдықтау G20 (2H) 13 мбар
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) -
30/30 мбар
Айналма диаметрлері
Оттық Ø Ішкі айналма,
1/100 мм.
Қосымша 28
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 52
Газ оттықтары
ОТТЫҚ ҚАЛЫПТ
Ы
ҚУАТЫ
ТӨМЕН
ДЕТІЛГ
ЕН
ҚУАТЫ
ҚАЛЫПТЫ ҚУАТЫ
ТАБИҒИ ГАЗ
G20(2H) - 20
мбар
СМГ
(Бутан/Пропан)
30 мбар
G20 - 13 мбар
1)
кВт кВт инж.
100/мм
м³/сағ инж.
100/мм
г/сағ. инж.
100/мм
г/сағ.
Қосымш
а оттық
1,0 0,33 70 0,095 50 72 80 0,181
Жартыл
ай
жылдам
оттық
2,0 0,45 96 0,190 71 144 105 0,133
Жылда
м оттық
3,0
(табиғи
газ)
2,8 (СМГ)
0,75 119 0,286 86 202 120 0,086
Тұмшап
еш
2,7 1 114 0,257 83 196 123 0,229
1) Инжекторлар бөлек сатылады
Газға қосу
Қолданыстағы ережелерге сəйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе тот
баспайтын болатпен қапталған иілгіш
түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл
түтіктерді пайдаланатын болсаңыз,
electrolux 19
олардың жылжымалы бөлшектерге
жанаспауын немесе қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер
қосылымы
Егер қосылымды түгелдей оңай
басқаруға болатын мүмкіндік болса,
иілгіш түтікті пайдалануыңызға болады.
Иілгіш түтікті қысқыштармен берік бекіту
керек.
Орнату: резеңке түтік ұстатқышты
пайдаланыңыз. Əрдайым
тығыздауышты орнатыңыз. Содан кейін
газ желісіне қосуды жалғастырыңыз.
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда
қолдану үшін дайындалады:
ол бөлме температурасынан
жоғары,
30°C-тан асып қызып кете алмайды;
оның ұзындығы 1500 мм-ден
аспайды;
оның ысырмалары болмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында жəне ұзына бойында
жарылған
, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмаса;
материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болса;
бекіткіш қапсырмаларды тот
баспаған;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген
болса.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
оны ауыстыру керек.
Өте маңызды! Орнату аяқталғаннан
кейін əр түтік сəйкестендіргішінің
жақсылап бекітілгенін тексеріңіз.
Жалынды емес, сабын ерітіндісін
пайдаланыңыз!
Газ беретін еңіс
басқару панелінің
артқы жағында орналасқан.
Назарыңызда болсын! Газды
жалғардың алдында, ашаны
розеткадан ағытыңыз немесе
сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғышты сөндіріңіз. Газ
беретін негізгі клапанды
жабыңыз.
1 42325
1 Газ қосылатын жер (құрылғының тек
бір жеріне ғана газға жалғауға
болады)
2 Тығыздағыш
3 Реттелетін қосылым
4 Сұйылтылған газ (LPG) резеңке түтік
ұстатқышы
5 Табиғи газ түтік ұстатқышы
Құрылғыға əдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту
үшін тізімнен түтік ұстатқышты
таңдаңыз. Əрқашан тығыздағышты
қолданыңыз
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы əрекеттерді кері тəртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

Electrolux EKG603102X Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ