electrolux
5
Қауіпсіздікке қатысты маңызды мағлұмат
Осы нұсқаулықты келешекте де
пайдалану үшін құрылғымен бірге
сақтап қойғанның маңызы зор. Егер
құрылғы сатылса не басқа адамға
берілсе, оның жаңа иесі
құрылғының функцияларымен
танысып, оған қатысты қауіпсіздік
шараларынан да хабардар болуы
үшін, нұсқаулықтың да əрқашан
бірге берілуін қадағалаңыз. Бұл
ескертулер қауіпсіздік мақсатында
берілген. Құрылғыны орнатып не
пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты
мұқият оқып шығуға ТИІССІЗ.
Орнату
• Бұл пешті өндірушінің
нұсқаулары мен сай келер
стандарттарды сақтай отырып,
білікті маман орнатуға тиіс.
• Бұл пештің салмағы ауыр.
Жылжытқан кезде абай болыңыз.
• Электр желісіне жалғау
жұмыстарын маман
электрик/білікті адам жүзеге
асыруы тиіс.
• Пешті орналастырмас бұрын
орауыштарының барлығын
алыңыз.
• Бұл пеш жанғыш өнімдерді
ыдысынан босату құралына
қосылмауға тиіс. Бұл пешті
орнату мен қосу жұмыстары
жарамды ережелерге сай жүзеге
асырылуға тиіс. Желдетуге
қатысты талаптардың
орындалуына ерекше назар
аударылуға тиіс.
• Бұл пеш 230В, 50Гц электр
желісіне қосуға арналып
жасалған.
Пешті өзгертіп, оны əлденеге
бейімдеуге əрекеттенбеңіз.
Бала қауіпсіздігі
• Бұл пеш тек ересек адамдардың
пайдалануына арналған.
Балаларға үлкендердің
бақылауынсыз пештің қасында
ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Пайдаланылып тұрғанда пеш
ысып кетеді. Пеш суығанша,
балаларды одан аулақ ұстау керек.
• Балалар пештің табаларын не
кəстрөлдерін тартып қалып та
өздерін жарақаттап алуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой
кемістігіне ұшыраған адамдар,
балалар не пеш жұмысына
қатысты тəжрибиесі мен білімі
нашар адамдар, оны қолдану
туралы ерекше нұсқауларды
алмайынша жəне олардың
қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз қолдануына
болмайды.
Пайдалану кезінде
• Бұл пеш, тек тұрмыста
пайдалану үшін жасалған. Бұл
пеш коммерциялық мақсатта не
өнеркəсіпте қолдануға
арналмаған.
• Газ пешін пайдаланған кезде
оны орнатқан бөлменің ішін
пештен бөлінген ыстық пен
ылғал жайлайды. Желдеткіш
саңылауларды бірқалыпты ұстау
арқылы не желдету түтікшесі
бар арнайы құрылғыны пештің
үстіне орнату арқылы ауаның
үздіксіз келуін қамтамасыз етіңіз.