құралын орнатыңыз (механикалық
тартқыш құрылғы).
• Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені
көбірек желдету (мысалы, терезені
ашу немесе механикалық желдеткіш
бар болса, деңгейін көтеру) керек.
Пайдалану
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап
отырыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін, əрқашан құрылғыдан алыс
тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су
қолмен іске пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі
бар. Пісіру алаңына
темір заттарды,
мысалы ас құралдары мен кəстрөл
қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар
қызып кетеді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтары мен кəстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда
болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
• Есікті
ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт
шығу қаупі бар.
• Пісіру алаңын қолданып болғаннан
кейін əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне
пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз, себебі қызудың
əсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керек-
жарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не
түбіне бүлінген ыдысты
əрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне
сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
əсер етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне
тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда
тек қызуға төзімді заттарды (егер
болса) ғана қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін
ала орналасқан (егер бар болса).
• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі
дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар.
Қақпақ
• Жабық тұрған қақпақ құрылғыны
шаңнан қорғайды, ашық тұрғанда
4 electrolux