Electrolux EKK603504W Руководство пользователя

  • Привет! Я — чат-помощник, ознакомленный с инструкцией по эксплуатации газовой плиты Electrolux EKK603504. Я могу ответить на ваши вопросы о ее функциях, установке, использовании и уходе. Например, я знаю, как зажечь конфорки, как использовать различные режимы духового шкафа и как правильно чистить плиту. Задавайте свои вопросы!
  • Как зажечь газовые конфорки?
    Какие режимы работы есть у духового шкафа?
    Как очистить духовой шкаф?
    Что делать, если газовая конфорка не загорается?
Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
Аралас газ пеші
Кухонная плита на разных видах топлива
EKK603504
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 4
Қосымша жабдықтар 5
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар 6
Электронды бағдарламалаушы 8
Бірінші қолданғанға дейін 11
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
11
Күту менен тазалау 19
Не істерсіңіз, егер... 23
Техникалық сиппатама 24
Орнату 25
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Өте маңызды! Құрылғыны орнатып не
пайдаланбас бұрын, нұсқаулықта
берілген ескертулерді мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ. Көмек қажет болған
жағдайда, біздің тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығымызға хабарласыңыз.
Орнату
Құрылғыны орнату жұмыстарының
барлығын білікті де уәкілетті мамандар
қолданыстағы ережелереге сай
жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғыны орнату үшін бөлмедегі
электр желісіне қандай да бір өзгеріс
енгізу қажет болса, бұл жұмысты тек
білікті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
Тасымалдау барысында құрылғыға еш
нұқсан келмегенін тексеріп алыңыз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге
қоспаңыз. Құрылғыңыз бүлініп қалса,
онда сатушыға хабарласыңыз.
Бұл құрылғыға қандай да бір өзгеріс
енгізу, не оны өзгертіп әлденеге
бейімдеу қатерлі жағдайларға
ұшыратады.
Құрылғыны тұтанғыш заттарға
(мысалы, терезе пердесі, сүлгі
т.б.)таятып орнатудан қашық
болыңыз.
Бұл пештің салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Бұл құрылғыны тағанның үстіне
орнатуға болмайды.
Пешті пайдаланбас бұрын
орауыштарының барлығын алыңыз.
Оның кейбір бөліктері соққыға төтеп
бере алатын пластик таспамен
қорғалған. Пластик таспалардың
барлығын құрылғыны іске қоспай
тұрып алыңыз да, таспа жанасқан
бөліктердің барлығын аздаған жуғыш
зат салынған жылы суға жұмсақ
шүберекті батырып, әбден сығып
алғаннан соң сүртіп алуды ұмытпаңыз.
Газ және электр қуатымен қамтамасыз
ету, газбен жабдықтау құбырының
маңындағы тақтайшада көрсетілген
талаптарға сай келетіндігін тексеріңіз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Бұл пеш тек ересек адамдар
пайдалану үшін ғана арналған.
Балаларға пештің қасында не онымен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Іске қосылып тұрған пеш ысып кетеді.
Пеш суығанша балаларды одан аулақ
ұстау керек.
Балалар таба не кастрюльдерді
пештен тартып қалып та өздерін
жарақаттап алуы мүмкін.
2 electrolux
Пайдалану кезінде
Бұл пеш тек үйде пайдалануға ғана
арналған. Бұл пеш коммерциялық
мақсатта не өнеркәсіпте қолдануға
арналмаған.
Құрылғы айналасының жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Ауаның жеткіліксіз болуы оттегі
тапшылығына ұшыратуы мүмкін.
Бұл пеш жанған жағармай өнімдерін
жинап шығаратын құралға
жалғанбаған. Бұл пешті қолданыстағы
орнату ережелеріне сай орнатып және
желіге қосу қажет. Желдетуге қатысты
талаптардың орындалуына ерекше
назар аудару керек.
Құрылғыны пайдаланған кезде оны
орнатқан бөлменің ішін пештен
бөлінген ыстық пен ылғал жайлайды.
Желдеткіш саңылауларды бірқалыпты
ұстау арқылы не желдеткіш түтікшесі
бар арнайы құрылғыны пештің үстіне
орнату арқылы ауаның үздіксіз келуін
қамтамасыз етіңіз.
Пеш ұзақ уақыт іске қосылып тұрған
кезде, терезені ашу не ауа сорғыштың
жылдамдығын арттыру арқылы
желдету қарқынын жақсарту қажет.
Қақпақпен жабдықталған
құрылғылардағы қақпақ жабық тұрған
кезде пештің бетін шаң басудан
қорғаса, ашық тұрған кезде май
шашырандыларын жинайтын қызмет
атқарады. Қақпақты басқа мақсатта
қолданбаңыз .
Қақпақты әрқашан тазалап барып
жабыңыз.
Қақпақты жаппас бұрын оттықтарды
суытып алыңыз.
Бұл пешті суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
Пеш іске қосылмай тұрған кезде,
басқару түймешелерінің OFF
қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде ысып
кетеді. Пештің ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тиіп кетпес үшін
абай болған жөн.
Жиналған бу не жылуды шығарып
жіберу үшін, пештің есігін әрқашан
артқа шегініп барып ашыңыз.
Басқа электр құрылғыларын
пайдаланған кезде, пештің ысып
тұрған беттеріне кабельдердің тиіп
кетпеуін тексеріңіз.
•Түбі орнықсыз не сай келмейтін
ыдыстарды пеш оттықтарына қойып
пайдалануға болмайды, себебі олар
аударылып кетсе не тағам тасып
төгілсе оқыс жағдайлар орын алуы
мүмкін.
Оттықты жылдам тұтату үшін, оларды
кастрюльдерді тор тағанның үстіне
қоймас бұрын жағып алыңыз .
Оттықтарды тұтатып алған соң, от
жалынының тұрақты шығып тұрған не
тұрмағанын тексеріп алыңыз.
Кастрюльдерді әрқашан жалынды
азайтып не өшіріп барып алыңыз.
Май және тоңмайды пайдаланып
тағам пісірген кезде пешті ешқашан
назардан тыс қалдырмаңыз.
Бұл пешті әрқашан таза ұстау керек.
Пеште жиналып қалған май не тағам
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Тағамды пеш ішінде не үстіндегі
оттықтарға қойып пісіру үшін ешқашан
пластик ыдыстарды қолданбаңыз.
Пештің ешбір бөлшегін алюминий
қаңылтырмен қаптамаңыз.
Пеш қуысындағы ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан
саңылаудың бітеліп не қалқаланып
қалмағанын тексеріңіз.
Тез бұзылатын ас, пластик заттар
және аэрозоль жылу әсеріне тез
ұшырайтындықтан оларды пештің
үстінде сақтамау керек.
Егер пеш ұзақ уақыт жоғарғы қызу
параметрінде тұрса, зат сақтайтын
суырма тағам пісіріліп жатқан кезде
ысып кетуі мүмкін, сондықтан да, ас үй
қолғабы, сүлгі не пластик алжапқыш
тәрізді заттарды онда сақтамаған жөн.
Пісіруге арналған қаңылтыр тәрізді
пеш жабдықтары да ысып
кететіндіктен, бұл заттарды пеш іске
қосылып тұрғанда не әлі де ыстық
күйде тұрғанда суырмадан сақтықпен
алған жөн.
electrolux 3
Пештің астындағы суырмаға тек
қызуға төзімді табақтарды ғана
сақтаған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш
заттар салмаңыз .
Осы құрылғыны тазалау үшін буды
немесе бумен тазалағыш аспапты
ешқашан пайдаланбаңыз.
Түрпілі тазалағыш заттар мен өткір
металл қырғыштарды пеш есігінің
шынысын тазалау үшін
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар
шыны бетіне сызат түсіріп оның
шытынап кетуіне алып келеді.
Қызмет көрсету
Бұл құрылғыға қатысты жөндеу не
қызмет көрсету жұмыстарын тек ғана
уәкілетті қызмет көрсету маманы жүзеге
асыруға тиіс және тек ғана өзіне сай
келер сайман-бөлшектер қолданылуға
тиіс.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Орнатқаннан соң, орауыш заттарды
қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау
ережелерін мұқият сақтай отырып
арнайы жерге тастаңыз.
Ескі құрылғыны кабелін кесіп алу
арқылы мүлдем жарамсыз етіп барып
тастаңыз.
Өнімнің бетіндегі немесе оның
орамындағы
белгішесі, оны
тұрмыстық қалдық ретінде тастауға
болмайтынын көрсетеді. Оның орнына
пешті электр және электрондық
жабдықтарды қайта өңдеуден өткізу
үшін жинайтын орталыққа тапсыру
керек. Осы құрылғыны дұрыс тастау
арқылы құрылғы дұрыс тасталмаған
жағдайда қоршаған орта мен
адамдардың денсаулығына төнуі
ықтимал қатердің алдын аласыз. Осы
құрылғыны қайта өңдеуден өткізуге
қатысты егжей-тегжейлі ақпаратты
жергілікті қала әкімшілігіне, тұрмыстық
қалдықтарды тастау қызметіне немесе
осы өнімді сатып алған дүкенге
хабарласып алыңыз.
Өте маңызды! Бұл нұсқаулықты
келешекте де пайдалану үшін сақтап
қойыңыз, егер құрылғы келешекте басқа
бір адамға берілсе нұсқаулықты да қоса
беруді ұмытпаңыз.
Өте маңызды! Бұл нұсқаулар осы
кітапшаның мұқабасында белгісі
көрсетілген елдер үшін ғана жарайды.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Басқару панелі
2 3 4 5 6 7 8
9
1
1 Пеш терморелесін басқаратын шам
2 Артқы сол жақ оттықты басқаратын
түймеше (орташа жылдам)
3 Алдыңғы сол жақ оттықты
басқаратын түймеше (жылдам)
4 Алдыңғы оң жақ оттықты басқаратын
түймеше (қосымша)
5 Артқы оң жақ оттықты басқаратын
түймеше (орташа жылдам)
4 electrolux
6 Пеш функциясын басқаратын
түймеше
7 Пеш терморелесін басқаратын
түймеше
8 Электронды бағдарламалаушы
9 Электр қуатымен от алдыратын
түймешік
Пештің іші
1 2
3
4
1 Гриль элементі
2 Пеш шамы
3 Пеш сөрелері
4 Пеш желдеткіші
Қосымша жабдықтар
Май жинайтын таба
Бұл тағам пісірген кезде ағатын майды
жинау үшін қолданылады. Май жинайтын
табаны қолданбасаңыз оны пештен
алып қоюыңызға болады.
Пісіру табасы
Пеш сөресі
Пештің үлгісіне қарай пеште бір не екі
сөре болуы мүмкін.
Керек-жарақтардың барлығын
тұмшапештің астыңғы жағында
орналасқан суырмаға салып сақтауға
болады.
Назарыңызда болсын! Тағам
пісірген кезде жабдық сақтайтын
суырма ысып кетуі мүмкін.
electrolux 5
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар
Газ пешін басқаратын түймешелер
Пештің үстіндегі газ оттықтарын
басқаратын түймешелер басқару
панелінде орналасқан. Басқару
түймешелерін кіші жалын белгішесіне
қою үшін сағат бағытына қарсы бұрап
және керісінше бұрау арқылы үлкен
жалын белгішесіне қоюға болады.
Ешбір газ берілмей тұр
Газдың ең көп мөлшерде берілуі
Газдың ең аз мөлшерде берілуі
Газ оттықтарды тұтату
Оттықтарды тұтату үшін табаны пеш
үстіне қоймай тұрып:
1.
кішкене ұшқын
белгішесі бар
электр қуатымен от тұтататын
құралды басыңыз
2. тиісті басқару түймешесін шегіне
дейін басыңыз да, оны сағат
бағытына қарсы бұрап ең жоғарғы
қалпына (
) әкеліп қойыңыз;
3. түймешені 5 секундтай басып ұстап
тұрыңыз; бұл терморелені қыздырып,
қауіпсіздік құралын өшіріп қоюға
мүмкіндік береді, әйтпесе газдың
үздіксіз беріліп тұруына кедергі келеді
4. отты тұтатқан соң жалынды
қажетінше ұлғайтып не азайтуға
болады
Егер бірнеше рет әрекеттенгенге
қарамай отты тұтата алмасаңыз,
оттықтың шығырығы мен табақшасының
дұрыс тұрған-тұрмағанын тексеріңіз.
2
1
3
4
1 Оттық табақшасы
2 Оттық шығырығы
3 Ұшқын шығаратын құрал
4 Термо-жұп
Газдың берілуін тоқтату үшін түймешені
сағат бағытымен бұрап
қалпына
қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Басқару
түймешесін 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз. Егер пеш оттығы
15 секундтан соң да от алмаса,
басқару түймешесін босатыңыз да,
оны "Off" қалпына қойып, оттықты
қайта тұтатпас бұрын кем дегенде 1
минут күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
қаупі бар! Қатты ысыған тоңмай не
сұйық май тез тұтанып кетеді.
Оттықты қолмен тұтату
Оттықты қолмен тұтатқан кезде(электр
қуаты өшкен жағдайда) жалынды
оттыққа таятып ұстаңыз. Басқару
түймешесін ешқашан шырпы жалынын
оттыққа таятып алмайынша бұрамаңыз.
Пештің үстіңгі қақпағы
Жабық тұрған қақпақ пештің үстін шаң
тұрып қалудан қорғаса, ашық тұрған
кезде май шашырандыларын жинайтын
роль атқарады. Қақпақты ешбір басқа
мақсатта қолданбаңыз.
Қақпақты ашпас бұрын ондағы сұйық
шашырандыларын әрқашан сүртіп алып
отырыңыз.
6 electrolux
Қақпақты ашып не пештен ағытып алмас
бұрын әрқашан жиналып қалған тағам
қалдықтарын тазалаңыз.
Назарыңызда болсын! Қызып кеткен
шыны қақпақ шытынап кетуі мүмкін.
Оттықтардың барлығын қақпақты
жаппай тұрып өшіріп алу керек.
Түбі тегіс кастрюльдер мен
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Назарыңызда болсын! Егер
ұсынылып отырған таба өлшемінен
кіші табаны пайдаланып отырсаңыз,
оттың жалыны ыдыстың түбінен
асып шығып оның сабын аса
қыздырып жіберуі мүмкін.
Ыдыстың ішіндегі сұйық қайнай
бастаған кезде, ол шымырлап ғана
қайнау үшін жалынның алауын
бәсеңдетіп қойыңыз.
Өте маңызды! Тот баспайтын болат
ыдыстың түсі аса қатты қызудың
салдарынан көмескі тартуы мүмкін.
Сондықтан да, тағамды керамика,
фарфор не құйылған шойын табақтарға
салып ұзақ уақыт пісіру ұсынылмайды.
Сонымен қатар, олардың үстін
алюминий қаңылтырмен қалқалап
пайдалану да ұсынылмайды.
Назарыңызда болсын! Ыдысты
басқарылатын аймаққа кіргізіп
орнату қажет.
Пеш функциялары
Пеш функциясын басқаратын түймеше
пешті қажетті пісіру функциясына қоюға
мүмкіндік береді.
Пеш функциясын таңдау үшін функция
түймешесін сағат бағытымен бұрап,
қажетті функцияның белгішесіне апарып
қойыңыз.
Функция Сипаттамасы
Пеш өшірулі
Пеш шамы
Бұл шам пеш функциясын басқаратын түймеше қосылған кезде
жанады да, пеш іске қосылып тұрған кезде жанып тұрады.
Конвекция
арқылы пісіру
Пештің ішін қыздыру үшін, қызу үстіңгі және астыңғы қыздырғыш
элементтердің екеуінен де келеді.
Астыңғы қызу
Қызу тек пештің астыңғы жағынан ғана келеді
Ішкі гриль
Ішкі грильді тағамның кішкене кесектерін грильдеу үшін пайдалануға
болады
Толық гриль
Толық гриль элементі қосылады. Көп мөлшердегі тағам үшін
ұсынылады
Пицца
Астыңғы қыздырғыш элемент пен ішкі гриль қосылғанда, желдеткіш
пеш ішіндегі ауаны айналдыра отырып, пиццаның не бәліштің
үстіндегі қоспаларын пісіреді.
Желдеткішпен
пісіру
Бұл тағам дәмін екінші бір тағамға сіңірмей қуыруға не кез келген
сөрелерді пайдалана отырып тағамды қуыру мен пісіруге мүмкіндік
береді.
Жібіту
Бұл функция мұздатылған тағамдарды жібітуге көмектеседі
Назарыңызда болсын! Пеш
функциясын не грильді пайдаланып
пісірген кезде, аса қызып кетудің
алдын алу үшін қақпақты жаппаңыз.
electrolux 7
Пеш терморелесін басқаратын түймеше
Пештің терморелесін басқаратын
түймешесін сағат бағытымен бұрау
арқылы пісіру температурасын 50
°
C мен
максимум (230
°
C) аралығында
таңдаңыз.
Пеш терморелесін басқаратын шам
Термореленің сигнал шамы терморелені
басқаратын түймешені бұрағанда
жанады. Шам қажетті температураға
жеткенше жанып тұра береді. Содан соң
жанып-сөну арқылы қажетті
температура деңгейінің орнағанын
көрсетеді.
Қауіпсіздік терморелесі
Пеш қауіпсіздік терморелесімен
жабдықталған. Егер негізгі термореле
дұрыс жұмыс істемей соның салдарынан
пеш шамадан тыс қызып кетсе,
қауіпсіздік құралы пешке берілетін
қуатты тоқтатады. Егер осындай жағдай
орын алса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Ешқашан
құрылғыны өзіңіз жөндеуге
әрекеттенбеңіз.
Пеш шамы
Бұл шам пеш функциясын басқаратын
түймеше қосылған кезде жанады да, пеш
іске қосылып тұрған кезде жанып
тұрады.
Электронды бағдарламалаушы
Негізгі көрініс
7
8
2 1
4
3
5
6
1
Функцияны таңдайтын түймешік
2
Азайтатын басқару түймешігі
3
Көбейтетін басқару түймешігі
4 Бейнебет
5
Пісіру ұзақтығының сигнал шамы
6
Пісіру соңының сигнал шамы
7 Минут операторының сигнал шамы
8
Тәулік уақытының сигнал шамы
Пеш тек тәулік уақыты орнатылған
соң ғана жұмыс жасайды. Дегенмен,
пеш еш бағдарламасыз да жұмыс
жасай алады.
Егер электр қуаты өшіп қалса,
барлық параметрлер(тәулік уақыты,
бағдарлама параметрі не
орындалып тұрған
бағдарлама)біржола тоқтайды. Қуат
қайта берілген кезде, бейнебеттегі
сандар жыпылықтайды да, сағат/
таймерді қайта орнату қажет
болады.
Тәулік уақытын орнату
Қуат көзіне қосылған кезде не қуаттың
берілуі үзіліп барып қайта қосылған
кезде, сандық бейнебетте "Тәулік
уақыты" сигнал шамы
жыпылықтайды.
Дұрыс тәулік уақытын орнату үшін:
1.
не түймешігін басыңыз
2. Параметр орнатылып болған соң 5
секунд күте тұрыңыз. "Тәулік уақыты"
сигнал шамы өшеді де, бейнебетте
орнатылған уақыт пайда болады.
Құрылғы енді қолдана беруге дайын.
8 electrolux
Дұрыс тәулік уақытын қайта орнату үшін
түймешікті қайта-қайта басып тәулік
уақыты функциясын таңдаңыз. Тиісті
сигнал шамы жыпылықтай бастайды.
Содан соң жоғарыда көрсетілген
қадамдарды орындаңыз.
Тәулік уақытын ешбір автоматты
функция (пісіру ұзақтығы
не пісірудің
соңы
) орнатылмаса ғана қайта
орнатуға болады.
"Пісіру ұзақтығы" функциясы
Бұл функция пісірудің
бағдарламаланған ұзақтығының соңы
келгенде пешті автоматты түрде өшіреді.
Тағамды пештің ішіне қойыңыз да, пісіру
функциясын таңдап, пісіру
температурасын орнатыңыз.
түймешігін қайта-қайта басып "Пісіру
ұзақтығы" функциясын таңдаңыз. Тиісті
сигнал шамы жыпылықтай бастайды.
Пісіру ұзақтығын орнату үшін:
1.
не түймешігін басыңыз.
2. Параметр орнатылып болған соң 5
секунд күте тұрыңыз. "Пісіру
ұзақтығының" сигнал шамы
жанады да, бейнебетте тәулік уақыты
пайда болады.
3. Пісіру уақыты аяқталған кезде пеш
автоматты түрде өшеді де, сигнал
шамы жыпылықтай бастаған кезде
дыбысты сигнал беріледі. Пештің
функциясы мен терморелесін
басқаратын түймешені нольге әкеліп
қойыңыз.
Дыбысты сигналды кез келген түймешікті
басып өшіріңіз.
дыбысты сигналды өшірген
жағдайда пеште қолмен басқару
параметрі орнатылады да, егер
пештің функция не термореле
түймешелері нольге қойылмаса пеш
қайтадан қыза бастайды.
Пісіру уақытының ұзақтығын біржола
тоқтату үшін:
1.
түймешігін қайта-қайта басып
"Пісіру ұзақтығы" функциясын
таңдаңыз. Тиісті сигнал шамы
жыпылықтайды да, бейнебетте
пісірудің соңына дейін қалған уақыт
пайда болады.
2.
түймешігін бейнебетте 0:00 пайда
болғанша басыңыз. 5 секунд уақыт
өткен кезде сигнал шамы өшеді де,
бейнебеттен тәулік уақыты
көрсетіледі.
"Пісірудің соңы" функциясы
Осы функцияның көмегімен
бағдарламаланған пісіру уақытының
соңы келгенде пешті автоматты түрде
өшетін етіп баптауға болады. Тағамды
пештің ішіне қойыңыз да, пісіру
функциясын таңдап, пісіру
температурасын орнатыңыз.
түймешігін қайта-қайта басып "Пісірудің
соңы" функциясын таңдаңыз. Тиісті
сигнал шамы жыпылықтай бастайды.
electrolux 9
Пісірудің соңы уақытын орнату үшін:
1.
не түймешігін басыңыз.
2. Параметр орнатылып болған соң 5
секунд күте тұрыңыз: "пісірудің соңы"
сигнал шамы
жанады да,
бейнебетте тәулік уақыты пайда
болады.
3. Пісіру уақыты аяқталған кезде пеш
автоматты түрде өшеді де, дыбысты
сигнал беріліп, сигнал шамы
жыпылықтай бастайды. Пештің
функциясы мен терморелесін
басқаратын түймешені нольге әкеліп
қойыңыз.
Дыбысты сигналды кез келген түймешікті
басып өшіріңіз.
дыбысты сигналды өшірген
жағдайда пеште қолмен басқару
параметрі орнатылады да, егер
пештің функция не термореле
түймешелері нольге қойылмаса пеш
қайтадан қыза бастайды.
Пісіруді аяқтау функциясын болдырмау
үшін:
1.
түймешігін қайта-қайта басып
"Пісірудің соңы" функциясын
таңдаңыз. Тиісті сигнал шамы
жыпылықтайды да, бейнебетте
пісірудің соңына дейін қалған
бағдарламаланған уақыт пайда
болады.
2.
түймешігін бейнебетте тәулік
уақыты пайда болғанға дейін
басыңыз. Бағдарламалаушы сигнал
береді де, сигнал шамы өшеді.
Біріктірілген "Пісіру ұзақтығы"
мен
"Пісірудің соңы"
функциясы
"Пісіру ұзақтығы" мен "пісірудің соңы"
функцияларын пешті кейінірек
автоматты түрде қосып не өшіруге
лайықтау үшін қатар пайдалануға
болады.
1.
"Пісіру ұзақтығы" функциясы
(пісіру ұзақтығы параметрін тиісті
тарауда көрсетілгендей орнатыңыз)
арқылы пісіру ұзақтығын орнатыңыз.
Содан соң,
түймешігін басыңыз,
бейнебетте бағдарламаланған
параметр пайда болады.
2. "Пісірудің соңы" функциясы арқылы
(пісіру уақытының соңын тиісті
тарауда көрсетілгендегідей
орнатыңыз) пісіру уақытының соңын
орнатыңыз. Тиісті сигнал шамы
жанады да, бейнебетте тәулік уақыты
пайда болады. Пеш орнатылған
бағдарламаларға сай қосылады және
өшеді.
"Минут операторы" функциясы
Есептелген уақыт соңына жеткен кезде
минут операторы дыбысты сигнал
береді, бірақ пеш іске қосылып тұрса
жанған қалпы қалады.
Минут операторын орнату үшін:
1.
түймешігін қайта-қайта басып
"Минут операторы" функциясын
таңдаңыз. Тиісті сигнал шамы
жыпылықтай бастайды.
10 electrolux
2.
Содан соң,
не түймешігін
басыңыз (максимум: 2 сағат, 30
минут).
3. Параметр орнатылып болған соң 5
секунд күте тұрыңыз. "Минут
операторының" сигнал шамы
жанады.
4. Есептелген уақыттың соңында,
сигнал шамы жыпылықтай бастайды
да, дыбысты сигнал естіледі.
Дыбысты сигналды кез келген
түймешікті басып өшіріңіз.
Минут операторын болдырмау үшін:
1.
түймешігін қайта-қайта басып
"Минут операторы" функциясын
таңдаңыз. Сәйкес келетін сигнал
шамы
жыпылықтайды да,
бейнебетте пісірудің соңына дейін
қалған уақыт пайда болады.
2.
түймешігін бейнебетте 0:00 пайда
болғанша басыңыз. 5 секунд уақыт
өткен кезде сигнал шамы өшеді де,
бейнебеттен тәулік уақыты
көрсетіледі.
Бірінші қолданғанға дейін
Ең алғаш пайдаланбас бұрын
Назарыңызда болсын! Пешті
пайдаланбас бұрын оның ішкі және
сыртқы орауыштарының барлығын,
жарнамалық жапсырмасы мен
қорғаныс таспаларымен қоса алып
тастаңыз.
Ең алғаш рет тағам пісірмес бұрын
пештің керек-жарақтарын жақсылап
жуып алыңыз.
Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын оны
еш тағамсыз қыздырып алу қажет. Осы
кезде жағымсыз иіс шығуы ықтимал. Бұл
әбден қалыпты жағдай.
Бос пешті қыздыру
1. Пеш функциясын басқаратын
түймешені конвекциямен пісіруге
ауыстырыңыз.
2. Терморелені басқаратын түймешені
максимум қалпына қойыңыз.
3. Терезені ашып желдетіңіз.
4. Пешті еш затсыз 45 минуттай қосып
қойыңыз.
Бұл әрекетті толық гриль функциясы
мен желдеткішпен пісіру функциясын
қолданғанда 5-10 минуттай орындау
керек.
Осы операцияны орындаған соң
пешті салқындатыңыз да, содан
кейін пештің қуысын аздаған
тазалағыш сұйық қосылған жылы
суға матырылған жұмсақ
шүберекпен тазалап алыңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Пештің үстін пайдалану
Түймешені белгішесіне
қою арқылы
тағамды ең үлкен жалынға қойып пісіре
бастаңыз. Содан соң жалынды
қажетінше ұлғайтып не азайтуға болады.
Жалынның сырты оның ішінен қарағанда
аса ыстық болады (ядро). Сондай-ақ,
жалын ыдыстың түбін "жалап" тұруға
тиіс. Артық жалын газдың босқа
шығыңдалып тұрғандығын білдіреді.
electrolux 11
Электр оттықтарға қарағанда, газ
оттықтары түбі тегіс ыдыстарды қажет
етпейді: жалын ыдыстың түбін жалай
отырып оның бетін тұтас қыздырып
шығады.
Газ оттықтары үшін арнайы ыдыстар
қажет емес. Дегенмен, қабырғасы
жұқа ыдыстар, қабырғасы қалың
ыдыстарға қарағанда қызуды
ішіндегі тағамға жылдам өткізеді.
Қызу ыдыстың астыңғы жағына біркелкі
жайылмайтындықтан, тағам жартылай
ғана ысуы мүмкін. Сондықтан да,
ыдыстағы тағамның түпкі жағын жиі-жиі
араластырып отыру ұсынылады.
Түбі қалың ыдыс тағамның жартылай
ысуына жол бермейді, себебі бұл
жеткіліксіз жылудың орнын толтыруға
мүмкіндік береді.
Тым кіші ыдыстарды пайдаланбаңыз.
Кең әрі таяз ыдыстар, тар және терең
ыдыстарға қарағанда неғұрлым
қолайлы, себебі бұлар тағамды жылдам
қыздыруға мүмкіндік береді. Тар
ыдыстарды жалпақ оттықтарға қойып
пайдалану пісіруді тездетпейді.
Нәтижесінде, газ босқа шығындалады.
Дұрыс пайдалану үшін, кішкене ыдысты
кіші оттыққа, үлкен ыдысты үлкен
оттыққа қойыңыз.
Газ шығынын азайту үшін
ыдыстардың қақпағын жабуды
ұмытпаңыз.
Керамика
Түбі кең ыдыс тар ыдысқа қарағанда
тағамды тез пісіретіндігін
ұмытпаңыз.
Әрқашан пісірілетін тағамға сай
келетін ыдысты ғана пайдалануды
есте ұстаңыз.
Әсіресе, сұйық зат тез тасып
кететіндіктен сұйық зат үшін кішкене
ыдысты пайдаланбаңыз.
Сондай-ақ, жылдам пісірілуге тиіс тағам
үшін тым үлкен ыдысты да
пайдаланбаңыз. Май мен сорпа пеш
табанына тасып төгіліп тез жанып
кететінін есте ұстаңыз.
Торт пісірген кезде ашылмайтын
қалыпты пайдаланған дұрыс. Ашпалы
қалыптар шырын мен қанттың жылыстап
ағып, пеш түбіне төгіліп, сондай-ақ пісіру
табасының түбінде күйіп кетіп те
тазалауды қиындатуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Пластик
сапты ыдыстарды пеш ішінде
пайдаланудан сақ болыңыз, себебі
бұлар қызуға төзімді емес.
Газ шығынын азайту үшін диаметрі пеш
оттығына неғұрлым сай келетін ыдысты
пайдалануыңыз қажет.
Сонымен қатар, бұқтырылып пісірілетін
тағамның кез келгенін қақпақпен жауып,
сұйық қайнай бастаған кезде қайнау
нүктесін бірқалыпты ұстап тұру үшін
жалынның қарқынын азайтыңыз.
Пешті пайдалану
Назарыңызда болсын! Тағамды
әрқашан пеш есігін жауып пісіріңіз.
Төмен қарай ашылатын пеш есігін
ашқан кезде артқа шегініңіз. Есік
әбден ашылғанша тұтқасын
жібермей ұстап тұрыңыз, есікті
тартқаннан кейін әрі қарай еш
сүйемелсіз ашылуына жол бермеңіз.
Пештің есігін ашу үшін тұтқаны
әрқашан орта тұсынан ұстаңыз.
Пештің сөре қоюға арналған төрт қатары
бар. Сөрелердің орналасуы суретте
көрсетілгендей төменнен жоғары қарай
саналады.
12 electrolux
4
3
2
1
Пештің керек-жарақтарын дұрыс
орналастырудың маңызы зор.
2-ші және 4-ші сөре қатарлары,
сөрелерді алып не салу жұмыстарын
жеңілдету үшін телескопиялық сөре
сырғытпасымен жабдықталған.
Телескопиялық сөре сырғытпаларын
пайдалану үшін:
1. Оң жақ пен сол жақтағы
телескопиялық сөре сырғытпаларын
суретте көрсетілгендегідей түгел
тартып шығарыңыз
2. Сөре не гриль табасын
телескопиялық сөре тірегіштерге
орналастырыңыз да, содан соң
оларды ақырын пештің ішіне қарай
итеріңіз.
Назарыңызда болсын!
Телескопиялық сөре тірегіштері пеш
ішіне әбден кірігіп тұрмаса, пеш
есігін жабуға әрекеттенбеңіз. Бұл
пештің сыры мен шынысын бүлдіруі
мүмкін.
Өте маңызды! Телескопиялық сөре
сырғытпалары мен басқа да керек-
жарақтар аса қатты қызып кетеді! Пешке
арналған қолғап не сол сияқты затты
пайдаланыңыз.
Назарыңызда болсын! Ыдыс-аяқты
пештің табанына тура қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш
функциясын не грильді пайдаланып
пісірген кезде, шамадан тыс қызып
кетпес үшін пеш қақпағын ашып қою
керек.
Назарыңызда болсын! Тамақ пісіру
барысында пештің табанына
ешқандай зат не ыдыстарды
қоймаңыз және пештің еш бөлігін
алюминий қаңылтырмен жаппаңыз,
себебі бұл пісіру нәтижесіне әсер
ететін әрі пештің сырлы қабатын
бүлдіретін қызудың жиналуына
себеп болады. Ыдыстарды, қызуға
төзімді ыдыстарды, алюминий
қаңылтырды әрқашан пеш
сөрелеріне қойыңыз.
electrolux 13
Конденсат және бу
Пеш ауаның табиғи түрде айналуын
және будың үнемі қайталап
пайдаланылуын қамтамасыз ететін
айрықша жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйе тамақты булы ортада пісіруге
мүмкіндік береді және тағамдардың ішін
жұмсақ, ал сыртын қытырлақ күйде
сақтайды. Сонымен қатар тамақ пісіру
уақыты мен қуаттың тұтынылатын
мөлшері де барынша азаяды. Тамақ
пісіру барысында шығатын бу пештің
есігі ашылған кезде сыртқа шығып кетуі
мүмкін. Бұл әбден қалыпты жағдай.
Назарыңызда болсын! Дегенмен,
жиналған будың не жылудың сыртқа
шығуына мүмкіндік беру үшін тамақ
пісіру барысында немесе соңында
пештің есігін ашқан кезде әрқашан
артқа шегініңіз.
Тағам ысытылған кезде одан қайнап
жатқан шәйнектен шығатындай бу
шығады. Бу пештің есігіндегі шыныға
тиген кезде, ол шыны бетінде
жиналады да, су тамшылары пайда
болады.
Конденсатты азайту үшін пеш ішіне
тағам қоймас бұрын оны жақсылап
қыздырып алыңыз. Кез келген тамақты
пісірмес бұрын пешті әрқашан алд ын ала
сәл (10 минуттай) қыздырып алу қажет.
Біз құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын жиналған конденсатты сүртіп
алып отыруды ұсынамыз.
Ыдыс-аяқ
230
°
C қызуға төзімді кез келген ыдыс-
аяқты пайдалануға болады.
Пісіруге арналған таба, пеш
ыдыстарын т.б. пештің арт жағындағы
желдеткіш саңылаудың торын тура
қалқалап не пештің табанына тура
қоюға болмайды.
Өлшемі 30 см - 35 см (12 дюйм - 14
дюйм)үлкен табаларды
пайдаланбаңыз, себебі олар қызудың
айналуын тежеп, құрылғы жұмысына
ықпал етуі мүмкін.
Ыдыстардың пісіру нәтижесіне тигізер
әсері
Ыдыстар мен қалбыр сауыттардың
қалыңдығы,жылу өткізгіштігі, түсі, т.б.
қасиеттері әртүрлі әрі олар жылудың
ыдыс ішіндегі тағамға өтуіне әсер етеді.
A : Алюминий, керамика, қызуға төзімді
шыны ыдыстар және жылтырақ ыдыстар
тағамды тездетіп пісіреді және оның түп
жағын да тезірек қызартады.
B : Сырлы шойын, анодталған
алюминий, іші зат жабыспайтын
материалмен қапталған алюминий және
сырты боялған сондай-ақ түсі баран
және ауыр ыдыстар тағамды баяу
пісіреді және түп жағын да баяу
қызартады.
Балық пен етті пісіру
Етті қызуға төзімді ыдыстарға
салуыңызға не пеш сөресінің үстіне тура
қоюыңызға болады. Мұндай жағдайда,
май жинайтын табаның ішіне сәл су
құйыңыз да, пештің астынан санағанда
бірінші қатарға орналастыруды
ұмытпаңыз. Май жинайтын таба еріген
майды пештің табанына ағызбай
жинайды.
Құс не балық еті тәрізді ақ етті орташа
температурада(150
°
C мен 175
°
C
аралығында)пісіру қажет. Егер қызыл
етті пісіру қажет болса(сыртын сәл
қызартып ортасын жұмсақ етіп пісіру
үшін) жоғарғы температураны (200
°
C
пен 230
°
C аралығы) аз уақыт пайдалану
ұсынылады.
Пісіру
Торттарды әдетте орташа
температурада(150
°
C мен 200
°
C
аралығында)пісіру қажет.
Торт не пісірмелерді пісірер алдында
пешті алдын ала сәл (10 минуттай)
қыздырып алу қажет. Пісіру басталып
кеткен соң, пісіру аяқталғанша пеш есігін
жабық ұстаңыз да пісіру нәтижесін пеш
есігінің терезесі арқылы бақылап
отырыңыз.
Грильдеу
Егер ет не балықты грильдеу қажет
болса, олардың үстіне сәл май жағып
барып сөреге тура қойыңыз.
14 electrolux
Гриль функциясын пайдаланғанда қызу
тек пештің үстіңгі қыздырғыш
элементінен ғана келеді. Сондықтан да,
пісіру қатарын ет пен балықтың
қалыңдығына сай лайықтап алыңыз.
Ішіне сәл су құйылған май жинайтын
табаны астыңғы орынға қоюды ешқашан
естен шығармаңыз.
Тамақ пісіру уақыты
Тамақ пісіру уақыты пісірілетін тамақтың
түріне, құрамына және көлеміне қарай әр
түрлі болады. Біз пеште алғашқы тамақ
пісіру тәжірибеңізді жазып отыруды
ұсынамыз, себебі бірдей жағдайларда
бірдей тағам түрлерін пісіре жүріп әрине,
ұқсас нәтижеге жететін боласыз.
Тек тәжірибе арқылы ғана сіз кестелерде
берілген шамаларды лайықты түрде
өзгерте аласыз.
Жібіту
Пеш желдеткіші жылу шығармай жұмыс
жасайды және бөлме
температурасындағы ауаның пеш ішінде
қалыпты айналуын қамтамасыз етеді.
Бұл жібіту жылдамдығын арттырады.
Дегенмен, ас үй температурасының
жібіту жылдамдығына әсер ететіндігін
естен шығармаңыз. Бүл функция
әсіресе, ыстықтың әсерінен бұзылып
кетуі мүмкін, кремі бар печенье, үсті
әрленген торт, пирог, нан не басқа да
ашытқы қосылған тағамдар үшін тамаша
жарайды.
Жібіту функциясын қолдану тәсілі
Пеш функциясын басқаратын түймешені
қалпына қойыңыз да, терморелені
басқаратын түймешені OFF қалпына
қойыңыз.
Пісіру кестесі- Конвекция және
желдеткіш арқылы пісіру
Кестелердегі ақпарат тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген.
Температураны жеке талаптарыңыз бен
қалауыңызға сай көбейтіп не азайту
қажет болуы мүмкін.
Өз талаптарыңызға сай параметрлерді
тек жеке тәжірибеңіз арқылы ғана
анықтай аласыз.
Тамақ пісіру уақытына алдын ала
қыздыру уақыты қосылмаған. Кез
келген тамақты пісірер алдында
пешті алдын ала сәл (10 минуттай)
қыздырып алу керек.
Салмағы (г)
Тағам түрі Конвекциямен
пісіру
Желдеткіш арқылы
пісіру
Пісіру
уақыты,
минут
ЕСКЕРІМДЕР
Қата
ры
темп.
°
C
Қатары
темп.
°
C
Автоматты
рецептілер
2 170 2 160 45 ~ 60 Сөредегі торт
қалыбы
Шала ашыған
қамыр
2 170 2 (1 және 3)
1)
160 20 ~ 30 Сөредегі торт
қалыбы
Сарымай мен
сүт қосылған
чизкейк
1 160 2 150 60 ~ 80 Сөредегі торт
қалыбы
Алма торты 1 180 2 (1 және 3)
1)
170 40 ~ 60 Сөредегі торт
қалыбы
Штрудель 2 175 2 150 60 ~ 80 Сөредегі торт
қалыбы
Джем
тарталеткасы
2 175 2 (1 және 3)
1)
160 30 ~ 40 Сөредегі торт
қалыбы
Жеміс торты 1 175 1 160 45 ~ 60 Торт
қалыбында
electrolux 15
Салмағы (г)
Тағам түрі Конвекциямен
пісіру
Желдеткіш арқылы
пісіру
Пісіру
уақыты,
минут
ЕСКЕРІМДЕР
Қата
ры
темп.
°
C
Қатары
темп.
°
C
Көтеріліп
піскен торт
1 175 2 160 30 ~ 40 Сөредегі торт
қалыбы
Кристмас
торты
1 170 1 160 40 ~ 60 Сөредегі торт
қалыбы
Мейіз
қосылған кекс
1 170 1 160 50 ~ 60 Сөредегі торт
қалыбы
Кішкене
торттар
2 170 2 (1 және 3)
1)
160 25 ~ 35 Пісіру
табасында
Печеньелер 3 190 3 170 15 ~ 25 Пісіру
табасында
Меренга 2 100 2 100 90 ~ 120 Пісіру
табасында
Булочка 2 190 2 180 12 ~ 20 Пісіру
табасында
Кондитер
өнімдері:
Кремі бар
пирожный
2 200 2 (1 және 3)
1)
190 15 ~ 25 Пісіру
табасында
1000 Ақ нан 1 190 2 180 40 ~ 60 Пісіру
сөресіне
қойылған 2
бөлке
500 Қара бидай
наны
1 190 1 180 30 ~ 45 Торға
қойылған нан
қалыбы
500 Булочка 2 200 2 175 20 ~ 35 Пісіру
сөресіне
қойлыған 6-8
булочка
250 Пицца 1 200 2 (1 және 3)
1)
190 15 ~ 30 Торға
қойылған
табада
пісіріледі
Макарон
пісірмесі
2 200 2 (1 және 3)
1)
175 40 ~ 50 Сөредегі торт
қалыбы
Көкөніс фланы 2 200 2 (1 және 3)
1)
175 45 ~ 60 Сөредегі торт
қалыбы
Киш лорен 1 200 2 (1 және 3)
1)
180 35 ~ 45 Сөредегі торт
қалыбы
Лазанья 2 180 2 160 45 ~ 65 Сөредегі торт
қалыбы
Каннелони 2 200 2 175 40 ~ 55 Сөредегі торт
қалыбы
16 electrolux
Салмағы (г)
Тағам түрі Конвекциямен
пісіру
Желдеткіш арқылы
пісіру
Пісіру
уақыты,
минут
ЕСКЕРІМДЕР
Қата
ры
темп.
°
C
Қатары
темп.
°
C
1000 Сиыр еті 2 190 2 175 50 ~ 70 Сөре мен май
жинайтын
таба
1200 Шошқа еті 2 180 2 175 100 ~ 130 Сөре мен май
жинайтын
таба
1000 Бұзау еті 2 190 2 175 90 ~ 120 Сөре мен май
жинайтын
таба
1500 Ағылшынша
ростбиф
2 210 2 200 50 ~ 60 Сөре мен май
жинайтын
таба
1500 Ағылшынша
ростбиф,
шала
пісірілген
2 210 2 200 60 ~ 70 Сөре мен май
жинайтын
таба
1500 Ағылшынша
ростбиф,
әбден
пісірілген
2 210 2 200 70 ~ 80 Сөре мен май
жинайтын
таба
2000 Шошқаның
жамбасы
2 180 2 170 120 ~ 150 Терісімен
пісіріледі,май
жинайтын
таба
пайдаланыла
ды
1200 Шошқаның
саны
2 180 2 160 100 ~ 120 2 кесегі - май
жинайтын
табада
1200 Қозы еті 2 190 2 175 110 ~ 130 Сирағы - май
жинайтын
табада
1000 Тауық еті 2 190 2 175 60 ~ 80 Тұтас-май
жинайтын
табада
4000 Күркетауық еті 2 180 2 160 210 ~ 240 Тұтас-май
жинайтын
табада
1500 Үйрек еті 2 175 2 160 120 ~ 150 Тұтас-май
жинайтын
табада
3000 Қаз еті 2 175 2 160 150 ~ 200 Тұтас-май
жинайтын
табада
1200 Үй қояны 2 190 2 175 60 ~ 80 Кесектеп
бөлінген
electrolux 17
Салмағы (г)
Тағам түрі Конвекциямен
пісіру
Желдеткіш арқылы
пісіру
Пісіру
уақыты,
минут
ЕСКЕРІМДЕР
Қата
ры
темп.
°
C
Қатары
темп.
°
C
1500 Қоян 2 190 2 175 150 ~ 200 Кесектеп
бөлінген
800 Қырғауыл 2 190 2 175 90 ~ 120 Тұтас
1200 Форель/Теңіз
мөңкесі
2 190 2 (1 және 3)
1)
175 30 ~ 40 3-4 балық
1500 Тунец/Ақсерке
балық
2 190 2 (1 және 3)
1)
175 25 ~ 35 4-6 филе
1) Егер бірден көп тағамды бір уақытта пісіргіңіз келсе, оларды жақшада көрсетілген қатарларға
орналастырыңыз. Пеш қатарлары астынан бастап саналады.
Егер бір уақытта бірден де көп тамақ пісіргіңіз келсе, пісірудің соңғы 5-10 минутында
тағамның түсі біркелкі болу үшін пісіру қатарларын ауыстыруды ұсынамыз.
Пісіру кестесі - Грильдеу
Тамақ пісіру уақытына алдын ала қыздыру уақыты қосылмаған.
Кез келген тамақты пісірер алдында пешті алдын ала сәл (10 минуттай)
қыздырып алу керек.
Тағам түрі Мөлшері
Қатары
Темп.
°
C
Пісіру уақыты (мин.)
Данасы Салмағы
(г)
Үстіңгі
жағы
Астыңғы
жағы
Қоң еттен
жасалған
бифштекс
4 800 3 максимум 12 ~ 15 12 ~ 14
Бифштекст
ер
4 600 3 максимум 10 ~ 12 6 ~ 8
Шұжықтар 8 - 3 максимум 12 ~ 15 10 ~ 12
Шошқаның
кесектеліп
туралған
еті
4 600 3 максимум 12 ~ 16 12 ~ 14
Тауық еті
(екіге
бөлінген)
2 1000 3 максимум 30 ~ 35 25 ~ 30
Кәуап 4 - 3 максимум 10 ~ 15 10 ~ 12
Тауық (төс
еті)
4 400 3 максимум 12 ~ 15 12 ~ 14
Тауық (төс
еті)
6 600 3 максимум 10 ~ 15 8 ~ 10
Балық
(филе)
4 400 3 максимум 12 ~ 14 10 ~ 12
Сэндвичте
р
4 - 6 - 3 максимум 5 ~ 7 -
Қыздырылғ
ан нан
4 - 6 - 3 максимум 5 ~ 7 2 ~ 3
18 electrolux
Пісіру кестесі - Пицца
Салмағы (г) Тағам түрі
Қатары
темп.
°
C
Пісіру
уақыты,
минут
Ескерім
700 Үлкен пицца 1 200 15 ~ 25 пісіру
табасында
500 Кішкене
пицца
1 200 10 ~ 20 Сөреге
қойылған
қалыпта
пісіріледі
500 Жалпақ торт 1 200 15 ~ 25 пісіру
табасында
Пеш температуралары тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген.
Температураны жеке талаптарыңыз бен қалауыңызға сай келтіру үшін көбейтіп
не азайту қажет болуы мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Қандай да бір
жөндеу не тазалау жұмыстарын
жүргізбес бұрын міндетті түрде пешті
электр желісінен АЖЫРАТЫП
алуыңыз қажет. Бұл пешті будың
көмегімен немесе бумен тазалағыш
аспаппен тазалауға болмайды.
Пештің үстін тазалау - пештің үсті
Пештің үсті жылы тұрған кезде оңай
тазаланса, төгіліп қалған тағам
қалдығын салқындаған соң тазалағанда
тез кетеді.
Пештің үстін аздаған жуғыш зат
салынған жылы суға жұмсақ шүберекті
батырып, әбден сығып алу арқылы
мезгіл-мезгіл сүртіп отыру керек. Келесі
заттарды пайдаланбаңыз:
тұрмыста қолданылатын жуғыш
заттар мен ағартқыштар;
түбі күймейтін кәстрөлдер үшін арнайы
зат сіңірілген тазалағыш затты
пайдалану;
болат жүннен жасалған ысқыштар;
ванна/раковина дақ кетіргіштері
Пештің үсті аса қатты ластанып кетсе,
"Hob Brite" не "Bar Keepers Friend" тәрізді
тазалағыш заттарды пайдалану
ұсынылады.
Ыдыс тірегіші
Ыдыс тірегіштерін ыдыс жуғыш
машинада жууға болады. Егер оларды
қолмен жусаңыз, құрғатқан кезде абай
болыңыз, себебі оларды сырмен
қаптаған кезде ара-тұра кедір-бұдыр
қалып қойып отырады. Қажет болса,
қатып жабысып қалған қалдықтарды
паста тәрізді тазалағышты пайдаланып
тазалаңыз.
Пеш оттықтары
Пеш оттықтарының табақшаларын және
шығырықтарын алып тазалауға болады.
Пеш оттықтарының табақшаларын және
шығырықтарын ыстық сабынды сумен
тазалаңыз да, ондағы дақтарды паста
іспеттес жұмсақ затпен тазалап кетіріңіз.
Егер дақтар оңайшылықпен кетпесе,
әбден езіліп жұмсартылған сабын
сіңірілген, темір жүннен жасалған
тазалағышты сақтықпен қолдануға
болады.
Тазалап болған соң жұмсақ шүберекпен
құрғатып сүртіп алуды ұмытпаңыз.
От тұтатқыш электрод
Электр қуаты арқылы от тұтату үшін
ішінде темір электроды бар керамикалы
"электрод" қолданылады. От тұтату
қиынға соқпас үшін бұл компоненттерді
аса таза ұстаңыз және оттықтың
electrolux 19
шығырығындағы саңылаулардың бітеліп
қалмағанын тексеріңіз.
Пешті тазалау
Назарыңызда болсын! Бұл пешті
әрқашан таза ұстау керек. Жиналған
май не тағам өрт қатерін тудырады,
әсіресе гриль табасында бұл
қатердің орын алу ықтималдығы
жоғары.
Пешті пайдаланып болған соң оның
қуысын жылы тұрған кезінде мұқият
тазалап алыңыз. Сонымен қатар, тоңмай
не шырын дағы, қант түйірлері не май
тәрізді заттардан қалған қалдықты осы
кезде тазалап алған жеңіл.
Тазалғыш зат қосылған су не пеш
бүріккіштердің сай келетін бірін
пайдалануға болады.
Назарыңызда болсын! Көмескі темір
беттерге бүріккішті тура шашпаңыз,
себебі бұл оларды бүлдіруі мүмкін
және әрқашан өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
Пештің керек-жарақтарын тазартқыш зат
пен жылы сумен тазалаңыз.
Қабыршықтанып жабысқан қақты аздап
жеміргіш ұнтақ арқылы кетіріңіз.
Назарыңызда болсын! Пештің ешбір
бөлшегін алюминий қаңылтырмен
қаптамаңыз. Бұл пісіру нәтижесіне
әсер ететін және пештің сырлы бетін
бүлдіретін қызудың жиналуына
себеп болуы мүмкін.
Тазалағыш материалдар
Қандай да бір тазалағыш затты пешті
тазалау үшін пайдаланбас бұрын
олардың жарамдылығын әрі осы өнімді
өндірушінің оларды ұсынатын не
ұсынбайтынын тексеріп алыңыз.
Құрамында ағартқыш қоспасы бар
тазалағыш заттар пештің беткі
қабатының өңін солғын
тарттыратындықтан, оларды
қолданбаған жөн. Қатты түрпілі заттарды
да қолданудан сақ болыңыз.
Назарыңызда болсын! Осы
құрылғыны тазалау үшін буды
немесе бумен тазалағыш аспапты
ешқашан пайдаланбаңыз.
Сыртын тазалау
Назарыңызда болсын! Басқару
панелін, пеш есігін, оның
тығыздағышын аздаған жуғыш зат
салынған жылы суға жұмсақ
шүберекті батырып, әбден сығып
алғаннан соң уақтылы сүртіп отыру
керек.
Пеш есігінің шыны панеліне нұқсан
келіп не босап қалмас үшін келесі
заттарды пайдаланбаңыз:
Тұрмыста қолданылатын жуғыш
заттар мен ағартқыштар
Түбі күймейтін кәстрөлдер үшін
жарамайтын арнайы зат сіңірілген
тазалағыш мата
Маталар не темір жөкелер
Химиялық пеш тазартқыштар не
бүріккіш
Тот кетіргіштер
Ванна/Раковина дақ кетіргіштері
Есіктің сыртқы және ішкі шынысын
сабынды жылы сумен тазалаңыз. Есіктің
ішкі шынысы аса қатты ластанып кетсе,
"Hob Brite" не "Bar Keepers Friend" тәрізді
тазалағыш заттарды пайдалану
ұсынылады.
Пештің есігін тазалау
Пештің есігін тазаламас бұрын оны
пештен ағытып алуды ұсынамыз.
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалар алдында оның салқын
тұрғандығына және электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Төмендегі әрекетті орындаңыз:
1. пештің есігін түгел ашыңыз
2. есікті пешке жалғап тұрған
топсаларды табыңыз
20 electrolux
/