4 Қақпақты табаққа орнатып, итергішті қақпаққа енгізіңіз.
5 Құрылғыны қосу үшін бақылау түймесін 2 жылдамдығына қосыңыз.
- Бақылау түймесін O қалпына қосқаныңызға дейін жұмыс үрдісі жалғаса береді.
6 Аэростат шайқаушысын қолданып болған бойда тазалаңыз.
Аэростат шайқаушысын бөлу және оны тазалау жолы туралы нұсқауларды тазалау бөлімінен
оқыңыз.
- Майдалауыш дискілерді май немесе маргарин қосылған кремдер мен қосындылар жасауға
қолдануға болмайды. Бұл жұмыстар үшін араластыру қосымша бөлшегін қолданыңыз
(6-бетті қараңыз)
- Жұмыртқа ағын шайқар алдында ыдыс және майдалауыш дискілер кебу және майлы емес
екендігін тексеріңіз. Жұмыртқа ақтары бөлме температурасында болуы тиіс.
Араластырғыштың қызметі:
- Сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар, коктейльдер сияқты
сұйықтықтарды шайқау.
- Құймаққа арналған сұйық қамырды немесе майонезді дайындау үшін жұмсақ
ингредиенттерді араластыру.
- мысалы, балалар тағамына арналған қайнатылған өнімдерден пюре дайындау.
1 Бұрандалы қақпақты сағат тіліне қарсы бұрап (1), мотордан ажыратыңыз (2) (Cурет 19).
2 Моторға араластырғыш ыдысты қойып (1), орнықтыру үшін сағат тілімен бұраңыз (2).
Тұтқыш солға көрсетіп тұруы тиіс (Cурет 20).
Араластырғыш ыдысының тұтқасын қатты күшпен баспаңыз.
3 Ингредиенттерді араластырғыш ыдысына салыңыз (Cурет 21).
Араластырғыш ыдысына температурасы 80ºC -тан жоғары ингредиенттерді салмаңыз.
Төгілмеу үшін, ыдысты ешқашан максимум деңгей көрсеткішінен асырмаңыз, әсіресе, ыстық
сұйықтықтар араластырғанда.
4 Қақпақты жауып тығынды қақпаққа енгізіңіз.
5 Құрылғыны қосу үшін 2 жылдамдығын таңдаңыз.
- Бақылау түймесі O қалпына койылғанша араластырғыш жұмыс істей береді.
Араластырғыш қосулы кезде ешқашан қолыңызды немесе басқа затты ыдысқа салмаңыз.
- Құрал қосулы кезде қақпақты ашып, сұйық немесе қатты ингредиенттерді араластырғыш
ыдысына сала аласыз (Cурет 22).
- Құралды неғұрлым ұзақ істетсеңіз, араластырылуы соғұрлым жақсырақ болады.
- Қатты ингредиенттерді араластырғыш ыдысына салмай тұрып, алдын ала бөлшектеп
алыңыз. Үлкен мөлшерде дайындайтын болсаңыз, барлығын бірден іске қосудың орнына,
кішігірім мөлшерден салыңыз.
- Мұз түйіршіктерін талқандау үшін оларды ыдысқа салыңыз, қақпақты жауып басқару
түймесін пульс қалпына бірнеше рет қосыңыз.
- Кейбір ингредиенттерге, мысалы, жемістерге кішкене сұйықтық, мысалы, лимон шырынын
қоссаңыз, араластыру жеңілірек болады.
- Сорпа араластыратын болсаңыз, қайнатылған ингредиенттерді пайдаланыңыз.
- Егер нәтижесіне риза болмасаңыз, құрылғыны ақырындап жұмыс істету үшін, бақылау
түймесін бірнеше рет пульс қалпына қосыңыз. Жақсы нәтижеге жету үшін сіз сондай-ақ
97