қапқа салыңыз, себебі мұндай заттар
сыртқы жəне ішкі барабанның
арасына түсіп кетуі мүмкін.
• Құрылғыны қыл өткізілген киім-кешек,
жиегі көмкерілмеген не жыртық
заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз.
• Пайдаланып, тазалап жəне жөндеп
болғаннан кейін құрылғыны əрқашан
тоқтан суырып, су беретін түтігін
жабыңыз.
• Құрылғыны ешбір жағдайда өзіңіз
жөндеуге əрекет жасамаңыз.
Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу
жұмыстары адамды
жарақаттауы не
машинаға елеулі ақау келтіруі мүмкін.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Əрқашан тек
фирмалық бөлшектерді пайдалануды
талап етіңіз.
ОРНАТУ
• Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Жылжытқан кезде абай болыңыз.
• Пайдаланбас бұрын орауыштары мен
тасымалдау бұрандаларының
барлығын алу керек. Бұлай
істемесеңіз, құрылғыға немесе басқа
заттарға да елеулі нұқсан келуі
мүмкін. Пайдаланушы
нұсқаулығындағы тиісті тарауды
қараңыз.
• Бұл жеке
тұратын құрылғы.
Жиһаздың астына ОРНАТПАҢЫЗ,
үстіңгі бетін ешқашан АЛМАҢЫЗ.
• Құрылғыны орнатып болған соң, оның
су құятын жəне төгетін түтікті басып
тұрмағанын, қорек сымының жұмыс
алаңы мен қабырға арасында
қыстырылып қалмағанын тексеріңіз.
• Машинаны тегіс, қатты еденге
орнатыңыз.
• Еденнің қандай да бір кедір-бұдырын,
құрылғының астына тақтай, ағаш не
сол сияқты заттарды қойып тегістеуге
тырыспаңыз
.
• Құрылғы кілем төселген еденге
қойылса, құрылғының астыңғы
жағында ауа еркін айналуы үшін оның
аяқтарын реттеңіз.
• Құрылғының қабырғаға немесе басқа
да ас үй құрылғыларына тиіп
тұрмағанын тексеріңіз.
• Бұл құрылғыны міндетті түрде
суық су жүйесіне қосу керек.
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін ескі
құрылғының түтігін қолданбаңыз.
Əрқашан құрылғымен бірге
жеткізілген түтікті пайдаланыңыз.
• Су құятын
түтікті ұзартуға болмайды.
Егер ол тым қысқа болса жəне су
шүмегін орнынан жылжытқыңыз
келмесе, осындай қосылымға
арналған жаңа əрі ұзын түтік сатып
алу қажет.
• Орнатып болғаннан кейін құрылғының
түтіктері мен қосылымдарынан су
ақпайтынын үнемі тексеріп отырыңыз.
• Егер құрылғы мұз қатуы мүмкін жерге
қойылса, «Мұз қатуға қарсы сақтық
шаралары» тарауын оқыңыз. Мұз
қату салдарынан болған
ақау үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
• Құрылғыны орнату барысындағы су
жүйесіне қосу жұмыстарының
барлығын кəсіпқой сантехник не
білікті адам орындауға тиіс.
• Осы құрылғыны орнату үшін қажетті
кез келген электр жұмыстарын білікті
маман немесе құзырлы адам жүзеге
асыруға тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
• Бұл құрылғы тек тұрмыста
пайдалануға арналған. Құрылғыны
өзінің арналған мақсатынан басқа
мақсатта пайдалануға болмайды.
• Тек машинада
жууға болатын
маталарды ғана жуыңыз. Əр киімнің
затбелгісіндегі нұсқауларды
орындаңыз.
• Құрылғыға шамадан тыс жүк
салмаңыз. "Жуу бағдарламалары
кестесін" қараңыз.
• Кір жууды бастамас бұрын барлық
қалталардың бос екенін, түймелер
мен сырғытпалардың салынғанын
тексеріңіз. Тозығы жеткен не жыртық
заттарды жумаңыз, бояу, сия, тот,
шөп нілінен қалған дақтарды алдын
ала кетіріңіз. Сым өткізілген төс
тартқыштарды машинада жууға
БОЛМАЙДЫ.
• Жуғыш зат үлестіргішінде сұйық
жуғыш затқа арналған кіріктірме бөлік
бар. Алдын ала жуу, кешіктіріп бастау
electrolux 3