Electrolux EWC1350 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации стиральной машины Electrolux EWC 1350 и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции подробно описаны программы стирки, функции машины, рекомендации по уходу и устранению неисправностей. Спрашивайте!
  • Как выбрать подходящую программу стирки?
    Что делать, если машина не включается?
    Как очистить лоток для моющих средств?
    Что делать, если машина протекает?
EWC 1350
................................................ .............................................
KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU СТИРАЛЬНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
26
UK ПРАЛЬНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 51
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Сақтық шаралары 2
Қауіпсіздік нұсқаулары 3
Бұйым сипаттамасы 5
Басқару панелі 6
Бірінші қолданғанға дейін 8
Əркүндік қолдану 8
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
11
Жуу бағдарламалары 13
Күту менен тазалау 15
Не істерсіңіз, егер... 17
Техникалық сиппатама 19
Пайдалану көлемі 20
Орнату 20
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 25
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нəтижесінде адам жарақат алса жəне ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап
жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДƏРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат
алуы немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем,
құрылғыны қолдану тəжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат
бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе
қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
2 electrolux
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 3 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық
қызмет көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті
маман ауыстыруға тиіс.
Судың
жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз жəне ең көп) 0,5
бар (0,05 МПа) жəне 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға
тиіс
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Орам материалдарының жəне
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
əсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға
төзімді жəне таза
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті
орын болуын қамтамасыз ету үшін
өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
electrolux 3
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген
электр сымын ауыстырту үшін қызмет
көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер
жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға
болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе
ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына
көз жеткізіңіз.
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу, электр қатері, күйіп қалу жəне
өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз.
Шыны ыстық
болуы мүмкін.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін
суды құю үшін сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
Қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді жəне буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Назарыңызда болсын! Жарақат
алу немесе тұншығып қалу қаупі
бар.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Құрылғыны жөндету үшін
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолдануды ұсынамыз.
4 electrolux
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жаңа құрылғыңыз су мен қуатты, жуғыш затты аз мөлшерде тұтынады жəне
кірді аса тиімді түрде жуу мен кептіруге қойылатын соңғы кездегі
талаптардың барлығына сай келеді. Машинаның жаңа жуу жүйесі жуғыш
затты толықтай пайдалануға, суды аз мөлшерде жұмсай отырып
шығындалатын қуатты да азайтуға мүмкіндік береді.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖАҒЫ
1 2
3
4
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Өзгермелі тірек (алдыңғы)
electrolux 5
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ АРТҚЫ ЖАҒЫ
1
3
2
4
1
Тасымал құралдары
2
Су төгу түтігі
3
Электр сымы
4
Су құю түтігі
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІ
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат салуға
арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш
зат қолдансаңыз, оны бағдарлама
басталардың алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал).
Кез келген мата жұмсартқыш не
крахмалдайтын үстемелерді бөлімшеге
жуу бағдарламасын бастамай тұрып
құю керек.
Алдын ала жуу цикліне арналған
жуғыш затты барабанға тура құю
керек.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Сондықтан да, бағдарлама таңдау тетігі, айналдыру циклін таңдау тетігі,
бағдарлама үрдісінің индикаторлары мен əр түрлі түймешіктер осы
нұсқаулық мəтінінде төменде көрсетілген тиісті белгілермен көрсетілген.
6 electrolux
Eco
Eco
1 2 3 4 5
6
8 97
1
Жуғыш зат үлестіргіш
2
КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі
3
АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі
4
ЖЫЛДАМ түймешігі
5
СУПЕР ШАЮ түймешігі
6
БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі
7
Бағдарлама үрдісінің бейнебеті
8
АЙНАЛДЫРУДЫ азайту түймешігі
9
Бағдарлама таңдау тетігі
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШ
Жуғыш заттың жуғыш зат пен мата
жұмсартқышқа арналған 2 жеке
бөлімшесі бар.
Алдын ала жуу цикліне арналған
жуғыш затты барабанға тура құю
керек.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
Бұл түймешік арқылы бағдарламаны 6
не 3 сағатқа кешіктіріп бастауға болады.
АЛДЫН АЛА ЖУУ
Бұл функцияны таңдаған кезде машина
негізгі жуу циклін орындамас бұрын
алдын ала жуу циклін орындап шығады.
Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл
функцияны қатты кірлеген заттарды жуу
үшін пайдалану ұсынылады.
ЖЫЛДАМ
Бұл функцияны таңдаған кезде жуу
уақыты шамамен 10 минутқа
қысқарады. Бұл аздап кірлеген ақ-/түсті
киімдер мен синтетика үшін
ұсынылатын бағдарлама.
СУПЕР ШАЮ
Осы құрылғыны жасағанда қуатты
үнемдеуге баса назар аударылған. Кірді
қосымша сумен (супер шаю) шаю қажет
болса, осы параметрді таңдаңыз.
Бірнеше қосымша шаю циклдері
орындалады. Бұл жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін жəне суы
аса
тұщы жерлерде пайдалану үшін
ұсынылатын функция.
БАСТАУ ҮЗІЛІС
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
БЕЙНЕБЕТ
(A)
(B)
(C)
(D)
(E)
A шамы машина жуу циклін орындап
тұрған кезде жанады.
B шамы машина шаю циклін орындап
тұрған кезде жанады.
C шамы машина айналдыру циклін
орындап тұрған кезде жанады.
D шамы жуу циклі аяқталғанда
жанады.
E шамы есікті ашуға болатын-
болмайтынын көрсетеді:
Шам қосулы: есікті ашуға болмайды.
electrolux 7
Шам сөндірулі: есікті ашуға болады.
Шам жыпылықтап тұр: есікті көп
кешіктірмей ашуға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ АЗАЙТУ ТЕТІГІ
Айналдыру жылдамдығын таңдау тетігін
бұрау арқылы, таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгертуге немесе
«Шаюды кідірту» немесе
«Айналдырмау» параметрін таңдауға
болады.
БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАЙТЫН
ТҮЙМЕШЕ
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру
мен/не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
ТАҢБАЛАР КЕСТЕСІ
= Кешіктіріп бастау, = Алдын
ала жуу,
= Жылдам, = Супер
шаю,
= Бастау/Үзіліс
= Жуу, = Шаю циклдары, =
Айналдыру,
= Циклдің соңы, =
Есік құлыптаулы
= Шаюды кідірту, =
Айналдырмау,
= Мақта мата, =
Синтетика,
= Нəзік мата, =
Аралас 20 °
= Жүн мата, 30 ° =
Мини 30 °,
=Суды төгу, =Суық,
= ҚОСУ/СӨНДІРУ
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Электр желісіне жəне су жүйелеріне
қосу жұмыстарын құрылғыны орнату
нұсқауларына сəйкес жүзеге асырыңыз.
Өте маңызды! Барабаннан кірдің бəрін
алыңыз.
Өте маңызды! Біз кір жуғыш машинаны
өндіру барысында қалуы мүмкін
қалдықтарды тазалау үшін жуу
бағдарламасын ешбір кір салмай
орындауды ұсынамыз. Шамамен 100 мл
жуғыш затты барабанға тура құйып,
мақта мата циклін 60°C градусқа қойып
орындаңыз.
Бағдарлама аяқталған
кезде машина іске қосуға дайын
тұрады.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Кірді салыңыз
Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа
қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға
бір-бірлеп, барынша сілки отырып
салыңыз. Есікті жабыңыз.
Тығыздағыш пен есіктің арасына ешбір
кір қыстырылып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан
келуі мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН МАТА
ЖҰМСАРТҚЫШТЫ ӨЛШЕП АЛЫҢЫЗ
Үлестіргіш қорапшаны тоқтағанша
тартып шығарыңыз. Жуғыш затты
қажетіне орай өлшеп алып, сол жақтағы
үлкенірек бөлікке салыңыз.
8 electrolux
Қажет болса, мата жұмсартқышты
белгісі салынған кішкене бөлікке
салыңыз (пайдаланылатын мөлшері
тартпаның «MAX» таңбасынан аспауға
тиіс). Қорапшаны еппен жабыңыз.
ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ
БАҒДАРЛАМА ТАҢДАЙТЫН ТЕТІКЕН
(9) ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін
сағат тілінің бағытымен не сағат тілінің
бағытына қарсы бұрауға болады.
6 түймешігінің жасыл индикаторы
жыпылықтай бастайды
Бағдарлама үрдісінің бейнебетінде
таңдалған бағдарламаның барлық
циклдарына қатысты индикатор
шамдар жанады.
қалпына қойған кезде бағдарлама
бастапқы қалпына қойылады жəне
машина СӨНЕДІ.
Бағдарламаның соңында таңдау
тетігін
қалпына қойып, машинаны
сөндіру керек.
Өте маңызды! Машина жұмыс істеп
тұрған кезде бағдарлама таңдау тетігін
басқа бағдарламаға қойсаңыз,
таңдаудың қате екенін көрсету үшін
бағдарлама үрдісінің дисплейіндегі
шамдар жыпылықтай бастайды.
Машина жаңадан таңдалған
бағдарламаны орындамайды.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН,
ШАЮДЫ КІДІРТУ НЕМЕСЕ
АЙНАЛДЫРМАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН
ТАҢДАҢЫЗ (8)
Айналдыру жылдамдығын, Шаюды
кідірту немесе Айналдырмау
параметрін айналдыру жылдамдығын
таңдау тетігімен таңдаңыз.
Синтетика
жəне жүн мата
бағдарламаларында 1300 (немесе
1000) орны 900 мин/айн-ға тең болса,
баппен жуу бағдарламасында 700
мин/айн-ға тең.
500 мəні - синтетика жəне жүн мата
бағдарламаларында 500 мин/айн-ға
тең болса, баппен жуу
бағдарламасында 450 мин/айн-ға тең.
Шаюды кідірту
Бұл параметрді таңдағанда, киімдер
мыжылып қалмас үшін соңғы шаю
циклынан қалған су түгел төгілмейді.
Бағдарлама
аяқталғанда "Соңы" жəне
"Есік құлыптаулы" шамдары жанып,
суды төгу қажет екенін көрсетеді
(Қараңыз: "Бағдарламаның соңы").
Айналдырмау
Осы параметрді таңдағанда айналдыру
циклдарының ешбірі орындалмайды.
Өте нəзік матаны жууға арналған.
Мақта мата жəне синтетика
бағдарламалары үшін машина қосымша
шаю циклдарын қосады.
Əр бағдарламаға арналған ең үлкен
жылдамдық туралы ақпаратты Жуу
бағдарламалары тарауынан қараңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫН 2
ТҮЙМЕШІГІН БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны
кешіктіріп бастағыңыз келсе, қажетті
кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін 2
түймешігін қайта-қайта басыңыз.
Орнатылған кешіктіру уақытына сай
келетін шамдар жанады.
electrolux 9
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып,
Start (Бастау) түймешігін баспай тұрып
таңдау керек.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, Start (Бастау) түймешігін
баспай тұрып біржола тоқтатуға немесе
өзгертуге болады.
Start (Бастау) түймешігін басқаннан
кейін кешіктіріп бастауды болдырмау:
1. Кір жуғыш машинаны ҮЗІЛІС
параметріне Start (Бастау)
түймешігін басып қойыңыз.
2. 2 түймешігін бір рет басыңыз,
таңдалған кешіктіріп бастауға
қатысты шам сөнеді.
3. Бағдарламаны бастау үшін Start
(Бастау) түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын, жуу бағдарламасын
қайта таңдағаннан кейін ғана өзгертуге
болады.
Кешіктіру уақыты кезінде есік
құлыпталып тұрады ("есік құлыптаулы"
шамы жанады).
Кешіктіріп бастау функциясын СУ ТӨГУ
немесе АЙНАЛДЫРУ циклымен бірге
таңдау мүмкін емес.
ҚАЖЕТТІ ФУНКЦИЯНЫ 3, 4 ЖƏНЕ 5
ТҮЙМЕШІКТЕРІН ПАЙДАЛАНЫП
ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама
түріне қарай əр түрлі
функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады. Бұларды қажетті
бағдарламаны таңдағаннан кейін, 6
түймешігін баспай тұрып таңдау
керек.Тиісті шам жанады.
Егер теріс функция таңдалса, тиісті
индикатор шам шамамен 2 секунд
жыпылықтайды. Функциялардың жуу
бағдарламаларымен үйлесетін-
үйлеспейтінін «Жуу бағдарламалары»
тарауынан қараңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ 6 ТҮЙМЕШІГІН
БАСЫП БАСТАҢЫЗ
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
осы түймешікті басыңыз; тиісті
индикатор шам жыпылықтауын
тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
Бағдарлама үрдісінің дисплейінде A
жəне E индикатор шамдары жанып,
құрылғының жұмыс істей бастағанын
жəне есіктің құлыптаулы екенін
көрсетеді
.
ПАРАМЕТРДІ НЕ ОРЫНДАЛЫП
ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ӨЗГЕРТУ
Бағдарламаның кейбір функцияларын
орындалмай тұрғанда өзгертуге
болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізердің
алдында, кір жуғыш машинаны 6
түймешігін басып үзіліске қою қажет.
Бағдарламаны 6 түймешігі басылмай
тұрғанда өзгертуге болады. Орындалып
тұрған бағдарламаны, қайта бастапқы
қалпына қойғаннан кейін ғана өзгерте
аласыз. Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойып, содан кейін жаңа
бағдарламаға қойыңыз. Жаңа
бағдарламаны 6 түймешігін қайта басып
бастаңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ
Орындалып тұрған бағдарламаны
кідірту үшін Бастау\Үзіліс түймешігін
басыңыз, тиісті индикатор жыпылықтай
бастайды. Бағдарламаны қайта бастау
үшін түймешікті тағы да басыңыз.
10 electrolux
БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны
біржола тоқтату үшін таңдау тетігін
қалпына қойыңыз. Енді жаңа
бағдарламаны таңдауыңызға болады.
БАҒДАРЛАМА БАСТАЛЫП КЕТКЕН
СОҢ ЕСІКТІ АШУ
Əуелі 6 түймешігін басып
бағдарламаны үзіліске қойыңыз.
Біраз минут өткеннен кейін, келесі
жағдайлар орындалса есікті аша беруге
болады:
Судың температурасы 55°C
градустан төмен.
Судың деңгейі есіктің астыңғы
жиегінен төмен болса.
Машина айналдырмай тұрса.
Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны
міндетті түрде ашу
қажет болса, таңдау
тетігін
қалпына қойып машинаны
сөндіріңіз. Бірнеше минуттан кейін есікті
ашуға болады
(Судың деңгейі мен
температурасына назар
аударыңыз!).
Осы əрекеттен кейін, бағдарлама мен
параметрлерді қайта орнатып, содан
кейін 6 түймешігін басыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Машина автоматты түрде тоқтайды.
D индикатор шамы жанып,
бағдарламаның аяқталғанын көрсетеді.
E индикатор шамы сөнеді; есікті ашып,
кірді ала беруге болады.
Бағдарламаның соңында
барабан
ішінде су қалса ("Шаюды кідірту"
функциясы таңдалған кезде), суды
төгу үшін келесі нұсқауларды
орындаңыз:
бағдарлама таңдау тетігін
қалпына
қойыңыз
•"Суды төгу" не "Айналдыру"
бағдарламасын таңдаңыз
6 түймешігін басыңыз
E индикатор шамы сөнген кезде есікті
ашып, кірді ала беруге болады.
Циклдың соңында машинаны сөндіру
үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Кірді машинадан алыңыз да,
барабанның бос екенін мұқият
тексеріңіз. Енді кір жумайтын болсаңыз,
су құятын шүмекті жабыңыз.
Зең мен жағымсыз иіс пайда болмас
үшін есікті ашық қалдырыңыз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нəзік мата, жүн тоқыма.
ТЕМПЕРАТУРАЛАР
95° не 90°
қалыпты кірленген ақ мата
не зығырдан жасалған
заттарға (мысалы, шай
сулықтары, сүлгі, үстел
жапқыштар ... ) арналған
60°/50°
қалыпты кірленген, бояуы
тез шығатын зығыр, мақта
не жасанды талшықтан
жасалған киімдер(мысалы,
жейде, жатарда киілетін
көйлек, пижама....) мен
аздап кірленген ақ мақта
киімдерге (мысалы, іш киім)
арналған
40°-30°-
Суық
нəзік мата (мысалы, тор
перде), синтетика мен "таза
əрі жаңа, машинада
жуылатын, тартылмайтын
жүн" деген затбелгісі бар
жүн тоқыма аралас кір
легіне арналған.
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ САЛМАС БҰРЫН
Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
electrolux 11
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін;
сондықтан да оларды алғашқыда жеке-
жеке жуу қажет.
Жуылатын кірдің ішінде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, булавка,
түйреуіштер).
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай
арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
КІРДІҢ САЛМАҒЫ
Төмендегі салмақтар тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген:
Төмендегі салмақтар тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген:
монша халаты 1200 г
көрпе жапқыш 700 г
ерлердің жұмыс жейдесі 600 г
ақжайма, ерлер пижамасы 500 г
үстел жапқыш 250 г
жастық тысы, сүлгі,
жатарда киілетін көйлек,
ерлер жейдесі
200 г
сулық, əйелдердің іш киімі,
майлық, блузка, ерлердің
іш киімі
100 г
ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҚОСПАЛАР
Жуған кезде жақсы нəтижеге жету
сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай жəне
қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін
тиісті мөлшерде пайдалануға да
байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың
құрамында, мөлшері шамадан тыс көп
болған жағдайда табиғаттың үйлесімін
бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның түріне
(нəзік мата,
жүн тоқыма, мақта мата
т.б.),түсіне, жуу температурасына жəне
қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
Əдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы машинада қолдануға
болады:
матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар
нəзік мата (макс. 60°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар
матаның барлық түрлеріне не
əсіресе, жүн заттарға ғана арналған
төменгі температурада жуатын
бағдарламаларға (макс. 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуу бағдарламасын бастамас бұрын
жуғыш зат не басқа да пайдаланылатын
қоспалар тиісті үлестіргіштердегі
қорапшаларға салынуға тиіс.
Алдын ала жуу цикліне арналған
жуғыш зат барабанның ішіне
тікелей салынады
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда
алдын ала жуу функциясы жоқ
бағдарламаны таңдау қажет. Сұйық
жуғыш затты бағдарламаны бастамас
бұрын жуғыш зат қорапшасына құю
керек.
Кір жуғыш машина жуғыш зат
концентратын барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін
араластырғыш жүйемен жабдықталған.
Өнім өндірушісінің жуғыш затты
пайдалану мөлшеріне қатысты
ұсыныстарын орындаңыз,
оны
үлестіргіш қорапшасындағы "MAX"
мөлшерінен асырмай салыңыз.
СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың кермектігі "деңгей" арқылы
өлшенетін өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компания не жергілікті əкімшілік
мекемеден алуға болады. Судың
кермектігі орташа не жоғары болса,
өндіруші нұсқауларын əрқашан
орындай отырып су жұмсартқыштан
қосыңыз. Су жұмсақ болса жуғыш
заттың қосылатын мөлшерін қайта
баптаңыз.
12 electrolux
ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі Опции
Бағдарлама
сипаттамасы
МАҚТА МАТА
90°
Ақ мақта мата
(қатты немесе
қалыпты кірлеген
мақта мата заттар)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
АЛДЫН-АЛА ЖУУ
ЖЫЛДАМ
1)
СУПЕР ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА МАТА ECO
2)
60°
Ақ мақта мата,
үнемді
(Бұл бағдарламаны
шамалы не қалыпты
кірлеген мақта
матадан жасалған
заттар үшін таңдауға
болады.
Температура
төмендейді де, жуу
уақыты ұзарады. Бұл
қуатты үнемдей
отырып, жуу
нəтижесін
жақсартуға
көмектеседі.)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
АЛДЫН-АЛА ЖУУ
СУПЕР ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА МАТА
60° - 30°
Ақ мақта мата
(қалыпты кірлеген
мақта мата заттар).
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
АЛДЫН-АЛА ЖУУ
ЖЫЛДАМ
1)
СУПЕР ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
МАҚТА МАТА ECO
2)
40°
Түрлі-түсті мақта
мата, үнемді
(Мақта матаға
арналған үнемді
бағдарлама.
Қараңыз: Мақта мата
60° ECO)
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
АЛДЫН-АЛА ЖУУ
СУПЕР ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Ұзақ айналдыру,
макс. 1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
СИНТЕТИКА
40°-30°
Синтетика не
аралас мата: іш
киім, түрлі-түсті киім-
кешек, отырып
қалмайтын
жейделер, блузалар.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
АЛДЫН-АЛА ЖУУ
ЖЫЛДАМ
СУПЕР ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
electrolux 13
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі Опции
Бағдарлама
сипаттамасы
НƏЗІК МАТА
40°
Нəзік маталар:
акрил, вискоза,
полиэстер.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
АЛДЫН-АЛА ЖУУ
СУПЕР ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 700 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
АРАЛАС
20°
Қуатты өте тиімді
пайдаланатын, суық
сумен жуатын
бағдарлама. Аз
кірленген. Бұл
бағдарламаға суық
суға арналған жуғыш
зат қажет.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
СУПЕР ШАЮ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
ЖҮН МАТА
40°- СУЫҚ
Машинамен жууға
болатын жүн матаға
арналған жуу
бағдарламасы.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 900 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1 кг
ШАҒЫН
30°
Шамалы кірлеген
немесе жаңартуды
қажет ететін кірлерге
арналған
бағдарлама.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
КЕШІКТІРІП БАСТАУ
Негізгі жуу
Шаю циклдары
Қысқа айналдыру,
макс. 700 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 1,5 кг
ШАЮ ЦИКЛДАРЫ
Бұл бағдарлама
арқылы қолмен
жуылған, мақта
матадан жасалған
киім-кешектерді
шаюға жəне
айналдыруға
болады. Машина 3
рет шаяды да,
соңынан ұзақ
айналдыру циклын
орындайды.
Айналдыру
жылдамдығын
азайтуға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ/
АЙНАЛДЫРМАУ/
ШАЮДЫ КІДІРТУ
СУПЕР ШАЮ
Шаю циклдары
Айналдыру, макс.
1300 мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
СУ ТӨГУ
Шаюды кідірту
функциялары
таңдалған
бағдарламаларда кір
соңғы рет шайылған
суды төгуге
арналған.
Суды төгу
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
14 electrolux
Бағдарлама/
Температура
Кірдің түрі Опции
Бағдарлама
сипаттамасы
АЙНАЛДЫРУ
Қолмен жуылған
киім-кешек үшін
жəне шаюды тоқтата
тұру параметрі
таңдалған
бағдарламалардан
соң бөлек
айналдыру.
Айналдыру
жылдамдығын
таңдау тетігін бұрап,
айналдырылатын
матаға сай келетін
айналдыру
жылдамдығын
таңдауға болады.
АЙНАЛДЫРУДЫ
АЗАЙТУ
Суды төгу жəне ұзақ
айналдыру
Ең үлкен айналдыру
жылдамдығы 1300
мин/айн
Кірдің ең үлкен
салмағы 3 кг
/СӨНДІРУ
Бағдарламаны
бастапқы қалпына
қою немесе
машинаны сөндіруге
арналған
1) Егер осы параметрді таңдасаңыз, ең үлкен салмақты азайтуды ұсынамыз. Мақта мата үшін
ұсынылатын салмақ: 2 кг.
2) Қуат жапсырмасында көрсетілген мəндерге сай келетін стандартты бағдарламалар.
Бұл бағдарламалар 1061/2010 стандарты бойынша "стандартты 60 °C мақта мата бағдарламасы"
мен "стандартты 40 °C мақта мата бағдарламасы"-на сай келеді. Бұл бағдарламалар қалыпты
кірлеген мақта маталарды жууға арналған бағдарламалардың ішіндегі, қуат жəне
суды тұтыну
жағынан қарағанда ең тиімді бағдарламалар болып есептеледі.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Өте маңызды! Тазалау не жөндеу
жұмыстарын жүргізбес бұрын
құрылғыны міндетті түрде электр
желісінен АЖЫРАТУ қажет.
ҚАҚТЫ ТАЗАЛАУ
Пайдаланылатын судың құрамында
əдетте əк болады. Су жұмсартқыш
ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл
пайдаланып отырған дұрыс. Бұны кір
жумай тұрған кезде, жұмсартқыш
ұнтақты өндірушінің нұсқауларына
сəйкес орындаңыз. Бұл əк қағының
жиналып қалуынан сақтайды.
ТАЗАЛАП ЖУУ
Температурасы төмен
бағдарламаларды пайдаланған кезде,
барабанның
ішіне қалдық жиналуы
мүмкін.
Машинаны тазалау мақсатында жуу
бағдарламасын мезгіл-мезгіл орындап
отыруды ұсынамыз.
Машинаны тазалау мақсатында жуу
үшін:
Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
Мақта матаны ең ыстық сумен
жуатын бағдарламаны таңдаңыз.
Жуғыш затты қалыпты мөлшерде
пайдаланыңыз, ол биологиялық
сипаттары бар ұнтақ болуға тиіс.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғының сыртын сабын сумен
жуыңыз да, содан
соң мұқият
құрғатыңыз.
ҮЛЕСТІРГІШТІҢ СУЫРМАСЫН
ТАЗАЛАУ
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар
үлестіргішінің суырмасын мезгіл-мезгіл
тазалап отыру қажет.
electrolux 15
1. Қажет болса, машинаны тазалау
үшін жуғыш зат суырмасын тұтас
алып қоюға болады. Тежегіштен
шығару үшін қатты ұстап тұрып
тарту керек.
2. Суырманың ішіндегі түтікшені
тазалау үшін алғыңыз келсе, оны
ішке қарай басып тұрып, жоғары
көтеру керек. Ағып тұрған суға
шайып, жиналып қалған ұнтақ
жуғышты тазалаңыз. Орнына қойған
кезде, "сырт" еткен дыбыс
естілгенше төмен басыңыз.
ТАРТПАНЫҢ ҰЯСЫН ТАЗАЛАУ
Суырманы алғаннан кейін, оның ұясын
кішкене шөткемен тазалап, ұяның
астыңғы жəне үстіңгі жағынан жуғыш
ұнтақты кетіріңіз.
Суырманы орнына қойып, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір кір
салмай орындаңыз.
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ СҮЗГІСІН
ТАЗАЛАУ
Егер өте кермек немесе əк шөгінділері
бар суды пайдалансаңыз, су құятын
түтіктің сүзгісі бітеліп қалуы ммүкін.
Сондықтан да, уақытылы тазалап
отырған дұрыс.
Су құятын шүмекті жабыңыз. Су құятын
түтікті ағытыңыз. Сүзгіні қатты қылы бар
шөткемен тазалаңыз. Су құятын түтікті
қатайтыңыз.
МҰЗДАП ҚАЛУ ҚАУПІ
Машина 0°C градустан төмен
температурасы бар жерде тұрса, тиісті
сақтық шараларын орындау керек.
Сумен жабдықтауды тоқтатыңыз.
Су құятын түтікті шүмектен ағытып
алыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз,
машинаны іске қосыңыз жəне
бағдарламаны шамалы уақыт қосып
қойыңыз.
Бағдарламаны кідірту үшін
бағдарламаны таңдау тетігін
қалпына қойыңыз.
Су құятын жəне төгетін түтіктердің
ұшын едендегі су жинағышқа
салыңыз. Түтіктің ұшының ақаба су
(ақаба) шүмегінің деңгейінен төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз.
16 electrolux
•"Су төгу" бағдарламасын таңдаңыз
да, соңына дейін қосыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына
қойыңыз. Құрылғыны қайта іске
қосқыңыз келген кезде, бөлме
температурасының 0 °C градустан
жоғары екендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны температурасы қалыпты
бөлме ішінде ғана қолдану жəне сақтау
керек. Мұз қату салдарынан болған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Кейбір мəселелер қарапайым жөндеу
жұмыстары орындалмағандықтан не
немқұрайлықтан туындайтындықтан,
оларды арнайы маманды шақырмай-ақ
оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тексерулерді орындап
шығыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
Соңы сигнал шамы жыпылықтап,
машинаның жұмыс жасамай
тұрғандығын көрсетуі мүмкін:
1 рет жыпылықтау:суды құюға
қатысты ақаулық.
2 рет жыпылықтау: суды сарқуға
қатысты
ақаулық.
4 рет жыпылықтау: есік ашық.
Ақаулықты түзеткен соң БАСТАУ
түймешігін басып бағдарламаны қайта
бастаңыз. Осы тексерулерден соң
ақаулық қайта орын алса, жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Машина іске қосылмай
тұр:
Есік жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Аша розеткаға дұрыс сұғылған жоқ.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Таңдағыш түймеше дұрыс орынға қойылған жоқ жəне
"Бастау" түймешігі басылған жоқ.
Түймешені бұраңыз да, "Бастау" түймешігін қайта
басыңыз.
Кідіртіп бастау функциясы
таңдалған.
Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау функциясын
болдырмаңыз.
Машинаға су толмай тұр:
Судың шүмегі жабық.
Судың шүмегін ашыңыз.
Су құятын түтікше басылып не жаншылып қалған.
Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған.
Су құятын түтікшенің сүзгісін тазалаңыз.
Есік дұрыс жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаға су толады да,
содан соң тез сарқылып
қалады:
Суды сарқитын түтікшенің ұшы тым төмен орналасқан.
•"Орнату" тарауындағы тиісті параграфты қараңыз.
electrolux 17
Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Машинаның суы
сарқылмайды жəне/не ол
айналмайды:
Суды сарқитын түтікше басылып не жаншылып қалған.
Суды сарқитын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Аяқталғанда суы əлі де машина ішінде қалатын не ешбір
айналдыру кезеңі жоқ функция не бағдарлама таңдалған.
Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп мөлшерде пайдаланылған не сай
келмейтін жуғыш зат (тым көп көбік пайда
болады)қолданылған.
Жуғыш зат мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су құятын түтікшенің тығырықтарының ешбірінен су ақпай
тұрғандығын тексеріңіз. Су түтікше арқылы төмен құлдилап
ағатындықтан мұны көру əрқашан мүмкін бола бермейді;
оның дым не дым еместігін тексеріп
көріңіз.
Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Суды сарқитын не құятын түтікшеге нұқсан келген.
Оның орнына жаңасын салыңыз.
Жуу нəтижесі
қанағаттанарлықтай емес:
Жуғыш зат өте аз мөлшерде пайдаланылған не мүлдем сай
келмейтін жуғыш зат қолданылған.
Жуғыш зат мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Оңай кетпейтін дақтар кірді жумай тұрып алдын ала
кетірілмеген.
Оңай кетпейтін дақтарды сатудағы заттарды пайдаланып
кетіріңіз.
Дұрыс температура таңдалмаған.
Дұрыс температураның таңдалған не таңдалмағандығын
тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан тыс көп
.
Жүктің салмағын азайтыңыз.
Есік ашылмайды:
Бағдарлама əлі жұмыс істеп тұр.
Жуу циклі аяқталғанша күтіңіз.
Есік құлпы ашылған жоқ.
•"Есік құлыптаулы" шамы сөнгенше күте тұрыңыз.
Барабанның ішінде су тұр.
Суды сарқу үшін сарқу не айналдыру бағдарламасын
таңдаңыз.
Машина дірілдеп тұр не
одан шуыл шығады:
Орам материалдары мен тасымалдау үшін қолданылған
бекіткіштер алынбаған.
Құрылғының дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.
Сирағы лайықталып орнатылмаған
Құрылғының дұрыс тіктеп орнатылғандығын тексеріңіз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
Барабанның ішіне салынған кір тым аз болуы мүмкін.
Кірді көбірек салыңыз.
18 electrolux
Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Айналдыру кеш
басталады не машина
айналмайды:
Теңсіздікті анықтайтын электронды құрал кір барабанның
ішіне дұрыс таратылып салынбағандықтан іске қосылған. Кір
барабан кері айналған кезде қайта таратылып салынады.
Бұл салмақ теңсіздігі жойылып, барабан қалыпты айналғанға
дейін бірнеше рет қайталануы мүмкін. Егер 10 минуттан соң
барабан ішіндегі кір əлі де біртегіс таратылмаса, машина
айналмайды. Мұндай жағдайда кірді қолмен таратып
салыңыз да, айналдыру бағдарламасын таңдаңыз
.
Кірді таратып салыңыз.
Кірдің салмағы тым аз.
Кірді көбірек қосып салыңыз да, қолмен таратып болған
соң айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Барабанның ішінен еш су
көрінбейді.
Қазіргі технологияға сай жасалған машиналар суды өте аз
пайдаланып тиімді жұмыс жасайды жəне бұл машинаның
жұмысына еш əсер тигізбейді.
Егер нендей ақаулықтың орын алғанын
білмей не оны шеше алмасаңыз,
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Телефон шалмас бұрын
машинаның үлгісін, сериялық нөмірін
жəне оны сатып алған күнді белгілеп
алыңыз: бұл ақпарат қызмет көрсету
орталығына қажет.
Mod. ... ... ...
Prod. No. ... ... ...
Ser. No. ... ... ...
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі 500 / 670 / 550 мм
Электртоғына қосу Кернеу
Жалпы қуат
Сақтандырғыш
Жиілік
230 В
2200 Вт
10 A
50 Гц
Сумен жабдықтау қысымы Ең азы
Ең көбі
0,5 бар (0,05 MПa)
8 бар (0,8 MПa)
Қатты заттар мен ылғал кіруден сақтау деңгейі IPX4
Сумен жабдықтау
1)
Суық су
Ең үлкен салмақ Мақта мата 3 кг
Айналдыру жылдамдығы Ең көбі 1300 мин/айн
1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.
electrolux 19
ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мəндер көрсетілген. Əр түрлі себептер
деректердің өзгеруіне əкелуі мүмкін. кірдің мөлшері мен түрі, судың жəне
қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарламала
р
Салын
ым
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламан
ың
болжалды
ұзақтығы
(минут)
Қалған
ылғал (%)
1)
Мақта мата 60
°C
3 0.9 45 120 53
Мақта мата 40
°C
3 0.45 45 110 53
Синтетика 40
°C
1,5 0.5 50 80 35
Нəзік мата 40
°C
1,5 0.5 52 70 35
Жүн мата/
Қолмен жуу 30
°C
1 0.3 60 75 30
Стандартты мақта мата бағдарламалары
Стандартты 60
°C мақта мата
3 0.59 42 127 53
Стандартты 60
°C мақта мата
1,5 0.54 38 127 53
Стандартты 40
°C мақта мата
1,5 0.49 38 137 53
1) Айналдыру циклының соңында.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0.10 0.98
Жоғарыда көрсетілген кестелердегі ақпарат ЕО Комиссиясының 1015/2010 стандартына
2009/125/EC сай берілген.
ОРНАТУ
МАШИНАНЫ КӨТЕРУ
Машинаны көтерген кезде абай
болыңыз. Дұрыс көтермеген кезде адам
жарақат алу жəне машинаға зақым келу
қаупі күшейеді. Есікті ашыңыз да, есіктің
жақтауының ішкі үстіңгі жағынан
ұстаңыз. Машинаны сонымен қатар
артқы үстіңгі жағындағы шығыңқы
жерінен ұстап көтеруге де болады.
20 electrolux
/