ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ОПЦИЯЛАРДЫ ТАҢДАУ
3.- Бағдарлама таңдағышты (A) қажетті бағдарламаға бұрыңыз.
4.- Пернені немесе кез келген қажетті опцияға арналған пернелерді басыңыз (C1, C2,).
.- Бағдарламаны бастау пернесін (H) басудан бұрын қажетті опцияларды таңдау ұсынылған.
.- Бағдарлама опция белсендірілген кезеңнен өтіп кеткен болса, опция орындалмайтынын
есте сақтаңыз.
C1 суық суда жуу пернесі
Бұл түймені басу арқылы əрбір бағдарламаны басқа сипаттамаларын (су деңгейі, уақыты, ырғағы т.б.)
өзгертпей суық суда жууға ауыстыруға болады.
Перделер, кіші кілемдер, қолдан жасалған нəзік маталар, түстері тұрақты емес киімдер осы жаңа
құрылғының көмегімен қауіпсіз жуылады.
C2 aquaplus (сезгіш перне)
SENSOR ACTIVA ЖҮЙЕСІНІҢ көмегімен пернені басу арқылы барлық бағдарламаларға жəне мата
түрлеріне қолданылатын, олардың талшықтарына жəне оларды пайдаланатын пайдаланушылардың
нəзік терілеріне күтім жасайтын арнайы кір жуу циклін жүргізуге болады.
Барабан айналдыру циклдерін жаңа біріккен əрекеттерімен бірге көбірек суды пайдалану жіне суды
ағызу киімдерді тамаша таза, шайылған күйде шығару мүмкіндігін береді. Тиімді жуу əрекетін
қамтамасыз ететін кір жуу құралын толықтай еріту үшін көбірек су пайдаланылады. Талшықтардағы кір
жуу құралының іздерін толықтай жою үшін шаю кезіндегі судың көлемі көбейтілген.
Бұл функция кір жуу құралының аз көлемінен тітіркенетін немесе аллергиясы бар терісі нəзік, сезімтал
адамдар үшін арнайы зерттелген.
Бұл функцияны балалардың киімдеріне жəне жалпы нəзік маталарға, əсіресе, кір жуу құралын сақтап
қалатын жуыну халаттары үшін пайдалану ұсынылған.
Бұл опция жүнге арналған бағдарлама үшін қол жетімді емес.
5.- Қажет болса, айналдыру жылдамдығын таңдаңыз (B1)
B1 айналдыру жылдамдығы
Бағдарлама таңдалғаннан кейін бағдарлама үшін рұқсат етілген максималды айналдыру жылдамдығы
дисплейде пайда болады. Айналдыру түймесін басу түймешік басылған сайын жылдамдықты 100 ай/м
азайтады. Рұқсат етілген минималды жылдамдық 400 ай/м немесе айналдыру түймешігін қайта-қайта
басу арқылы айналдыруды өткізіп жіберуге болады.
6.-Бағдарламаны бастау үшін опциялар таңдалғаннан кейін H пернесін басыңыз. Кір жуу машинасы
жұмыс істеуді бастайды. Таңдалған опциядан бас тартқыңыз келсе, пернені қайта басыңыз. (Бақылау
шамы өшіріледі.)
B2 Бастауды қалдыру түймесі
Бұл түйме циклді бастауды 24 сағатқа дейін қалдыру үшін кір жуу циклін алдын ала бағдарламалау
мүмкіндігін береді.
Бастауды қалдыру үшін келесі процедураларды пайдаланыңыз:
Қажетті бағдарламаны орнатыңыз.
Белсендіргеннен кейін түймені басып (дисплейде h00 көрінеді), 1 сағат қалдыру үшін оны қайта басыңыз
(дисплейде h01 пайда болады); қалдыруды алдын ала орнату түйме басылған сайын түймені басқан
кезде қалдыру нөлге қайта орнатылатын дисплейде h24 пайда болғанша 1 сағатқа көбейіп отырады.
“БАСТАУ/КІДІРУ” түймесін басу арқылы растаңыз (дисплейдегі шам жыпылықтай бастайды).
Кері есеп басталады жəне ол аяқталғанда бағдарлама автоматты түрде басталады.
Келесі əрекеттер арқылы бастауды қалдырудан бас тартуға болады:
Дисплейде таңдалған бағдарламаға арналған параметрлер көрсетілгенше түймені 5 секунд басып
тұрыңыз.
Бұл кезеңде "БАСТАУ/КІДІРУ" түймесін басу арқылы алдын таңдалған бағдарламаны бастауға жəне
таңдағышты ӨШІРУЛІ күйіне орнатып, басқа бағдарламаны таңдау арқылы процесті болдырмауға
болады.