17
Назар аударыңыз! Бұл құрылғы банан, папайя, авокадо, інжір және манго сияқты
крахмал құрамы өте жоғары жемістерді өңдеуге арналмаған. Бұл өнімдерді өндеу үшін
ас үйлік комбайнды, блендерді немесе миксерді пайдалану керек. Бұл өнімдерді өндеген
жағдайда, сүзгі-торшаның бітеліп қалуына әкеп соғуы мүмкін. Сүзгі-торшаны тазарту
кепілдік қызметіне кірмейді.
Көкөніс-жемістерді қабылайтын саңылауға біртіндеп сала бастаңыз, итергіштің
көмегімен сүзгі-үккішке қарай итеріңіз. Қабығын тағам ретінде қолданбайтын
көкөністерді және жемістерді тазартпай, сондай-ақ, олардың ірі сүйектерін алып
тастамай, салуға болмайды.
Бұл шырынсыққыштың тиімділігінің жоғары боулына қарамастан, қабылдайтын
саңылауға көкөністер мен жемістерді көп мөлшерде салуға болмайды, шағын көлемде,
біртіндеп салған дұрыс, құралды шамадан тыс жүктеуге жол бермеңiз. Көкөністерді
және жемістерді шырынсыққыш жұмыс істеп тұрғанда салады.
Шырын құйып алуға арналған резервуары толғаннан кейін шырынды баса
сыйымдылыққа құйып, көкөністер мен жемістерді сығуды жалғастыру керек.
Құрылғыда «тамшыларын бір тамызбау» функциясы бар, ол шырын сығу барысында
шырынсыққыштың шүмегінен шырынның тамшыларын іркілдеуіне жол бермейтін
функциясы , шырын сығу процессі аяқталған кезде, құралдың «шүмегін» аздап жоғары
жаққа қөтеріңіз, сонда шырынсыққыштың ішкі ыдысында жиналып қалған шырын
үстелдің үстіне, яғни жұмыс қабатына төгілмейді және үстел үстіне жайылмай оны
кірлетпейді. Назар аударыңыз! Құрылғыны қайтадан пайдаланбас бұрын, оның
«шүмегін» бастапқы қалыпқа орнатыңыз, кері жағдайда, шырын құйып алуға
арналған резервуарынан сұйықтық төгіліп қалу мүмкін.
Сығындыларды жинауға арналған сыйымдылық толғаннан кейін, құрылғыны сөндіріп,
оны электр желісінен ажыратыңыз. Жоғарыда келтірілген кеңестерді басшылыққа алып,
сығындыларды жинауға арналған сыйымдылықты құралдан ажыратып алыңыз.
Сыйымдылықты сығындылардан тазартып, орнына қойыңыз. Шырынсыққышты
қайтадан іске қосып, шырын сығу үдерісін жалғастыра беріңіз.
Назар аударыңыз! Шырынды жинау үшін жұмыс сыйымдылықтан шырынның шығуын
бақылау қажет. Шырынды жинап алуға арналған жұмыс сыйымдылықты өңделген
жидектердің сұрыпына, түріне, сапасына қарай қалдық жұмсақтан- күнжарадан қайта-
қайта тазалап тұрыңыз. Сұйық заттарды айналдыра өткізіп шығаратын түтіктің ішінде
жұмсақтың тұрып қалмауын, яғни түтіктің бітеліп қалмауын қадағалаңыз!
Шырынсыққыштың жұмыс істейтін аймақтарын күнжараның жұмсақ қалдықтарынан
ұқыпты тазартылмаған болса, онда бұл құралдың бұзылуына әкеліп соғады!
Ескертпе: Шырын сығу барысындағы шырынның бөліну мөлшері олардың түрі мен
қаншалықты балғын екендігіне байланысты. Шырын сығып алу үшін жеуге жарамды,
яғни тағамға пайдалануға жарамды өнімдерді ғана қолданыңыз; киви шырынын
әзірлеуден бұрын, жемісті аршып, тазартып алу қажет.
Тек қана балғын көкөністер мен жемістерді пайдалануға кеңес беріледі.
Қабығы жұқа көкөністер мен жемістерді тазартудың қажеті жоқ. Тек қалың қабығы бар
өнімдерді ғана аршу керек, мысалы, ананастың немесе шикі қызылшаның қабықтарын.
Алма шырынын әзірлеген кезде, оның қоюлығы мен қанықтылығы алманың сұрыпына
байланысты екенін ескеріңіз. Алманың шырындылығы неғұрлым көп болса, соғұрлым
шырын сұйық және оның түсі мөлдір болып шығады. Сондықтан, шырынды Өзіңіз
ұнататын алма сұрыпынан әзірлеңіз.
Алма шырынының тез қарайып, түсі өзгеріп қоңырқай бастайды, бұл оның құрамында
болатын заттарға байланысты, бірнеше тамшысы осы үрдісті біраз тежейтін лимон
шырынын қолдануға кеңес береміз.
Шырынды әзірленгеннен кейін бірден ішуге кеңес береміз, өйткені, сақтау кезінде
немесе ауамен жанасқанда ол өзінің дәмділік қасиеттерін және тағамдық құндлығын
жоғалтады.
Шырынның максималды мөлшерін алу үшін, итергішке сәл баяу басынқырау қажет.