Philips RQ1195/21OP Руководство пользователя

Категория
Электробритвы для мужчин
Тип
Руководство пользователя
138
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!
Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз. Осы пайдаланушы нұсқаулығын
оқуыңызды өтінеміз. Мұнда осы электр ұстараның мүмкіндіктері туралы ақпарат,
сондай-ақ, қырынуды оңай әрі жағымды ететін кеңестер берілген.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A Электр ұстара
1 Дисплей
2 Электр ұстараны қосу/өшіру түймесі
3 Қорғау қақпағы
4 RQ11 қыру бөлігі
B CRP331 кесу құралы (тек RQ1197, RQ1185, RQ1180, RQ1160,
RQ1155, RQ1151 үлгілерінде)
C RQ111 сақал сәндегіш қосымшасы (тек RQ1195, RQ1175 үлгілерінде)
1 Шаш ұзындығын таңдауыш
2 Сақал сәндегіш қосымшасының тарағы
D Jet Clean жүйесі (тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC,
RQ1180CC, RQ1175CC, RQ1160CC үлгілерінде)
1 Электр ұстараның ұстағышы
2 «Тазалау орны бос» белгісі
3 Тазалау белгісі
4 Кептіру белгісі
5 Jet Clean жүйесін қосу/өшіру түймесі
6 Тазалау орнын босату түймесі
E Адаптер
F Зарядтағыш
G Щетка
H HQ200 тазалау сұйықтығы (тек RQ1197CC, RQ1195CC,
RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC, RQ1160CC үлгілерінде)
I Қалта (тек RQ1197, RQ1195, RQ1185, RQ1180, RQ1175, RQ1160,
RQ1155, RQ1151 үлгілерінде)
Маңызды
Ұстара мен Jet Clean жүйесін пайдаланбастан бұрын осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескертпе. Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы «құралдар» сөзі ұстара
мен Jet Clean жүйесін білдіреді. Ұстараның Jet Clean жүйесі болмаса,
бұл сөз тек ұстараның өзін білдіреді.
Жалпы ақпарат
Қауіпті жағдайлар
- Адаптердің суланбауын қадағалаңыз.
ҚАЗАҚША
139
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, себебі бұл өте
қауіпті жағдай туғызады.
- Бұл құралдарды мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және
білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде балалардың)
қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауымен немесе құралды
пайдалану жөнінде нұсқауымен ғана қолдануына болады.
- Балалардың ұстарамен және Jet Clean жүйесімен ойнамауын
қадағалаған жөн.
- Құралдарды тазалағанда сақ болыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
Ескерту
- Jet Clean жүйесін және зарядтағышты суға батырмаңыз және
ағынды сумен шаймаңыз.
- Құралдар мен қосалқы құралдарды ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Құралдарды тек су өткізбейтін бетке қойып қолданыңыз.
- Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Тек осы ұстарамен берілген немесе осы ұстара үшін арнайы
әзірленген қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
- Адаптер немесе қосалқы құралдардың біреуі зақымданған болса,
қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек түпнұсқа түрімен алмастырыңыз.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
- Зақымданған болса, құралдар мен қосалқы құралдарды пайдаланбаңыз.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
Jet Clean жүйесі (тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC,
RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде)
Ескерту
- Jet Clean жүйесін тек түпнұсқа HQ200 тазалау сұйықтығымен
қолданыңыз.
- Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін әрқашан тек
тұрақты, тегіс және көлденең су өтпейтін бетке қойып пайдаланыңыз.
- Jet Clean жүйесін суға батырмаңыз.
- 15 күн сайын тазалау орнының ішін босатып, ыстық ағынды сумен
шаю арқылы жақсылап тазалап тұрыңыз.
- Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды,
алайда дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен
бірігіп қолданбаңыз.
- Jet Clean жүйесінің тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы ағып
кетпеуі үшін жүйені қозғалтуға болмайды.
ҚАЗАҚША 139
140
Сақал сәндегіш қосымшасы (тек RQ1195, RQ1175 үлгілерінде)
Ескерту
- Сақал сәндегіш қосымшасын тек беттегі түкті (сақал, мұрт және
жақ сақалы) түзету үшін қолданыңыз. Оны мойыннан төмен дене
мүшелеріндегі түктерді түзету үшін қолданбаңыз.
- Сақал сәндегіш қосымшасын тек мына ұстара түрлерімен бірге
қолданыңыз: RQ12xx, RQ11xx, RQ10xx.
- Сақал сәндегіш қосымшасы ыдыс жуғышта жууға жарамайды.
Стандарттарға сәйкестігі
- Осы электр ұстара халықаралық, мақұлданған қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес келеді, сондықтан оны жуыну бөлмесінде немесе душта
қолдану және ағынды сумен шаю қауіпсіз болып есептеледі.
- Philips құралдары электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) байланысты
барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер дұрыс және осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сай ұсталса, құралдар
бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша қолдануға
қауіпсіз болып келеді.
Дисплей
Ескертпе. Дисплейде қорғаныш фольга болса, ұстараны алғаш қолданар
алдында оны алып тастаңыз.
Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болып келеді, олар
төмендегі суретте көрсетілген.
- RQ1197, RQ1195, RQ1180, RQ1175
- RQ1185, RQ1167, RQ1160
- RQ1155, RQ1151, RQ1150, RQ1145, RQ1141, RQ1131
ҚАЗАҚША
141
Зарядтау
- Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
RQ1197, RQ1195, RQ1180, RQ1175
- Электр ұстара зарядталып жатқанда, алдымен төменгі зарядтау шамы
жыпылықтайды, содан кейін екінші зарядтау шамы, осылайша электр
ұстара толық зарядталғанша, барлық шамдар бір-бірден жанады.
- Жылдам зарядтау: электр ұстарада бір рет қырынуға жететін заряд
жиналғанда, төменгі зарядтау шамының түсі сарғыш пен ақ түс
арасында ауысады.
RQ1185, RQ1167, RQ1160, RQ1155, RQ1151, RQ1150,
RQ1145, RQ1141, RQ1131
Ескертпе. Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болғанымен,
жұмыстары бірдей.
- Ұстара зарядталып жатқанда, алдымен штепсельдік ұш белгісі, содан
кейін батарея белгісі кезектесіп жыпылықтайды. Біраз уақыттан
кейін, штепсельдік ұш белгісі өшіп, батарея белгісі ұстара толық
зарядталғанша жыпылықтап тұра береді.
- Жылдам зарядтау: ұстарада бір рет қырынуға жететін қуат болған
кезде, штепсельдік ұш белгісі мен батарея белгісінің кезектесіп
жыпылықтауы тоқтап, тек батарея таңбасы жыпылықтап тұрады.
Батарея толығымен зарядталды
RQ1197, RQ1195, RQ1180, RQ1175
- Батарея толығымен зарядталғанда, барлық зарядтау шамдары
тұрақты жанып тұрады. Шамамен 30 минуттан кейін, дисплей
автоматты түрде қайта өшеді.
RQ1185, RQ1167, RQ1160, RQ1155, RQ1151, RQ11510,
RQ1145, RQ1141, RQ1131
Ескертпе. Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болғанымен,
жұмыстары бірдей.
- Батарея толығымен зарядталғанда, батарея белгісі тұрақты жанып
тұрады. Шамамен 30 минуттан кейін, дисплей автоматты түрде
қайта өшеді.
ҚАЗАҚША 141
142
Батарея заряды аз
RQ1197, RQ1195, RQ1180, RQ1175
- Батарея заряды толығымен дерлік таусылғанда (батареяда тек
5 минут немесе одан да аз қырыну уақыты қалғанда),
төменгі зарядтау шамы сырғыш болып жыпылықтайды.
- Электр ұстараны өшіргенде, төменгі зарядтау шамы бірнеше секунд
жыпылықтап тұрады.
RQ1185, RQ1167, RQ1160, RQ1155, RQ1151, RQ11510,
RQ1145, RQ1141, RQ1131
Ескертпе. Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болғанымен,
жұмыстары бірдей.
- Батарея заряды толығымен дерлік таусылғанда (батареяда тек
5 минут немесе одан да аз қырыну уақыты қалғанда), штепсельдік
ұш белгісі жыпылықтайды.
- Электр ұстараны өшіргенде, штепсельдік ұш белгісі бірнеше секунд
жыпылықтап тұрады.
Батареяда қалған заряд деңгейі
RQ1197, RQ1195, RQ1180, RQ1175
- Батареяда қалған заряд деңгейі жанып тұрған зарядтау
шамдарының санымен көрсетіледі.
Сапар құлпы
Жолға шықпас бұрын, электр ұстараны құлыптап қоюға болады.
Тасымалдау құлпы электр ұстараның байқаусызда қосылып кетуін
болдырмайды.
Тасымалдау құлпын іске қосу
1 Тасымалдау құлпы режиміне өту үшін, қосу/өшіру түймесін 3 секунд
басып тұрыңыз.
, Дисплейде құлып белгісі жанады.
Ескертпе. Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болғанымен,
көрсететін белгісі бірдей.
ҚАЗАҚША
143
Тасымалдау құлпын өшіру
1 Қосу/өшіру түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
, Мотор істей бастап тасымалдау құлпының өшірілгенін білдіреді.
Электр ұстара енді қолдануға дайын.
Ескертпе. Электр ұстараны розеткаға қосылған зарядтағышқа немесе
Jet Clean жүйесіне қойғанда, тасымалдау құлпы автоматты түрде
ажыратылады.
Қырыну басын ұстағышты ауыстыру
Ескертпе. Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болғанымен,
көрсететін белгісі бірдей.
Жақсы қырыну үшін қырыну басын ұстағышты әр екі жыл сайын
ауыстыруға кеңес береміз.
- Қырыну басын ұстағышты ауыстыру туралы еске салу үшін,
құрал шамамен екі жылдан кейін автоматты түрде іске қосылатын
ауыстыру туралы ескерту мүмкіндігімен жабдықталған.
Ауыстыру туралы ескерту 9 сәтті қырынуда немесе ұстараны
бастапқы қалпына келтіргенге дейін қайталанады.
Зарядтау
Зарядтау шамамен 1 сағат алады. RQ1195, RQ1187, RQ1185, RQ1180,
RQ1175, RQ1167, RQ1160, RQ1155: толық зарядталған ұстарамен 50 минут
қырынуға болады. RQ1151, RQ1150, RQ1145: толық зарядталған ұстарамен
45 минут қырынуға болады. RQ1141, RQ1131: толық зарядталған ұстарамен
40 минут қырынуға болады. Электр ұстараны алғаш қолданар алдында,
сондай-ақ дисплейде батарея заряды толығымен дерлік таусылғаны
көрсетілгенде («Дисплей» тарауының «Батарея заряды төмен» бөлімін
қараңыз), ұстараны зарядтаңыз.
Жылдам зарядтау
Электр ұстара 5 минут бойы зарядталған болса, онда бір қырынуға
жететін қуат жиналады.
Зарядтағышта зарядтау
1 Кішкентай штепсельдік ұшты зарядтау құрылғысына жалғаңыз.
ҚАЗАҚША 143
144
2 Зарядтағыштың бүктеуін жазыңыз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
3 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
4 Ұстараны зарядтағышқа (1) салып, оны артқа қарай орнына
бекігенше (2) басыңыз.
, Дисплейде электр ұстараның зарядталып жатқаны көрсетіледі
(«Дисплей» тарауындағы «Зарядтау» бөлімін қараңыз).
Jet Clean жүйесінде зарядтау (тек RQ1197CC, RQ1195CC,
RQ1185CC, RQ11801CC, RQ1175CC үлгілерінде)
1 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3 Ұстараның артын ұстағышқа қаратып ұстағыш үстіне ұстараны
төңкеріп ұстаңыз.
Ескертпе. RQ1197, RQ1195, RQ1180, RQ1175: ұстараны төңкергенде,
дисплейдегі батарея көрсеткіші де төңкеріледі, сонда батарея
зарядының деңгейін көруге болады.
4 Екі қысқыштың (1) артқы жағына ұстара корпусын қойып, ол орнына
түскенше басыңыз (2).
Ескертпе. Қыру бөлігіне қорғау қақпағы, сондай-ақ, ұстараға триммер
тағылған болса, ұстараны Jet Clean жүйесіне салу мүмкін емес.
, Дисплейде электр ұстараның зарядталып жатқаны көрсетіледі
(«Дисплей» тарауын қараңыз).
ҚАЗАҚША
145
Электр ұстараны қолдану
Қырыну
Терінің бейімделу кезеңі
Алғашқы қырынулар күткендегідей нәтиже бермеуі мүмкін және
тері аздап тітіркенуі де мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай. Теріңіз бен
сақалыңыз жаңа қырыну жүйесіне бейімделу үшін уақыт қажет.
Теріңіз жаңа ұстараға бейімделуі үшін 3 апта кезеңінде (кемінде
аптасына 3 рет) мерзімді түрде қырынуға кеңес береміз. Бұл кезеңде
тек жаңа электр ұстарасын пайдаланыңыз және басқа қырыну әдістерін
пайдаланбаңыз. Егер басқа қырыну әдістерін пайдалансаңыз, теріңізге
жаңа қырыну жүйесіне бейімделу қиын болады.
1 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, RQ1197, RQ1195, RQ1185, RQ1180, RQ1175: дисплей бірнеше
секунд жанады.
2 Қыратын бастарды тері бетімен айналдырып жүргізіңіз.
- Тура жүргізбеңіз.
3 Электр ұстараны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
, RQ1197, RQ1195, RQ1185, RQ1180, RQ1175: дисплей бірнеше
секунд жанады, одан кейін қалған батарея қуаты көрсетіледі.
Ылғалды қырыну
Осы электр ұстара арқылы қырыну көбігінің немесе қырыну гелінің
көмегімен ылғалды бетті қыруға болады. Қырыну көбігімен немесе
гелімен қырыну үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
1 Теріні біраз сулаңыз.
2 Теріге қырыну көбігін немесе гелін жағыңыз.
3 Қыру бөлігінің тері бетімен оңай сырғуы үшін, оны ағынды сумен
шайыңыз.
4 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
5 Қыратын бастарды тері бетімен айналдырып жүргізіңіз.
Ескертпе. Терінің бетімен оңай сырғуы үшін, электр ұстараны ағынды
сумен қайта-қайта шайып тұрыңыз.
6 Пайдаланғаннан кейін, бетіңізді құрғатып, электр ұстараны жақсылап
тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
Ескертпе. Электр ұстарадан қырыну көбігін немесе қырыну гелін
толық жуып кетіру керек.
ҚАЗАҚША 145
147
3 Сақал сәндегіш қосымшасының тұтқасын ұстараның
жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз (1). Одан кейін, Сақал сәндегіш
қосымшасын ұстараға бекіту үшін, оны төмен қарай басыңыз (2)
(«сырт» ете түседі).
Тарағы бар Сақал сәндегіш қосымшасын пайдалану
Сақалыңызды бір бекітілген параметрде, сондай-ақ, түрлі ұзындық
параметрлерінде сәндеу үшін сақал сәндегіш қосымшасын тіркелген
тарағымен пайдалана аласыз. Сақал сәндегіш қосымшасындағы түк
ұзындығының параметрлері қиғаннан кейінгі қалған түктің ұзындығына
сәйкес келеді және 1-5 мм ауқымында болады.
1 Тарақты сақал сәндегіш қосымшасының екі шетіндегі бағыттауыш
ойықтарға тіке сырғытып енгізіңіз («сырт» ете түседі).
2 Қалаған түк ұзындығы параметрін таңдау үшін, ұзындықты таңдау (1)
түймесін басып, одан кейін оны оңға не солға итеріңіз (2).
3 Ұстараны қосу үшін ондағы қосу/өшіру түймесін басыңыз.
4 Енді сақалды сәндеуді бастауға болады.
Сақал сәндегіш қосымшасын тарақсыз пайдалану
Сақалыңызды, мұртыңызды немесе бакимбардыңызды реттеу және контурлау
үшін сақал сәндегіш қосымшасын тарақсыз пайдалануыңызға болады.
ҚАЗАҚША 147
148
1 Тарақты сақал сәндегіш қосымшасынан тартып шығарыңыз.
Ескертпе. Тарақты сақал сәндегіш қосымшасынан тартып шығару үшін
оны ортасынан ұстаңыз. Тарақтың шеттерінен тартпаңыз.
2 Ұстараны қосу үшін қосу/өшіру түймесін бір мәрте басыңыз.
3 Енді сақалыңызды, мұртыңызды, бакимбардыңызды немесе мойын
сызығын реттеуді және контурлауды бастай аласыз.
Сақал үлгілері
Төменнен жасауға болатын сақал үлгілерінің бірнеше мысалын таба
аласыз.
- Қырынбаған көрініс
- Толық сақал
ҚАЗАҚША
149
- Мұрт
- Шоқша сақал
Тазалау және күтіп ұстау
Ұстараны, оның аксессуарларын немесе Jet Clean жүйесін (тек RQ1197CC,
RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде) тазалау үшін,
қырғыштарды, қырғыш тазалау құралдарын немесе бензин және ацетон
тәрізді сұйықтықтарды пайдаланушы болмаңыз.
- Электр ұстараны тазалаудың ең жақсы және гигиеналық жолы — Jet
Clean жүйесін пайдалану (тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC,
RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде). Сондай-ақ, ұстараны ағын
сумен шаюға немесе берілген щеткамен тазалауға болады.
- Жақсылап қыруы үшін, қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
- Электр ұстараның сыртын дымқыл шүберекпен сүртуге болады.
- Электр ұстараны әрдайым тазалап тұру оның жақсы қыруына
себепкер болады.
Қыратын бөлікті тазалау
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
1 Ұстараны өшіріңіз. Оны зарядтағыштан немесе Jet Clean жүйесінен
(тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC
үлгілерінде) шығарып алыңыз.
2 Қыру бөлігін ыстық ағынды сумен біраз уақыт шайыңыз.
Ескертпе. Сондай-ақ, қыру бөлігін жинақпен берілген
тазалағыш щеткамен тазалауға болады.
ҚАЗАҚША 149
150
3 Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан
шығарыңыз да, ыстық ағынды сумен 30 секунд шайыңыз.
Ескертпе. Сондай-ақ, қыру бөлігін жинақпен берілген
тазалағыш щеткамен тазалауға болады.
4 Артық суды мұқият сілкіп тастап, қырыну басын
ұстағышты кептіріңіз.
Қыру бөлігін орамалмен немесе шүберекпен сүртпеңіз. Қыру ұштары
зақымдануы мүмкін.
5 Қырыну басын ұстағышты қыру бөлігінің төменгі жағына қайта
бекітіңіз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
Қыру бөлігін Jet Clean жүйесінде тазалау (тек RQ1197CC,
RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде)
Jet Clean жүйесінің автоматты түрде тазалау бағдарламасы бар.
Қосу/өшіру түймесі басылғанда, Jet Clean жүйесі автоматты түрде осы
тазалау бағдарламасымен тазалауды бастайды.
Jet Clean жүйесін пайдалануға дайындау
Алғаш қолданар алдында, тазалау орнын толтырып алыңыз.
1 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
, Ұстағыш автоматты түрде ең жоғарғы позициясына жылжиды.
3 Тазалау орнының екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта
басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау орнынан
шығарыңыз (2).
, Тазалау орны астында қалады.
4 HQ200 тазалау сұйықтығы бар шишаның қақпағын бұрап ашыңыз.
5 Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау
сұйықтығын құйыңыз.
6 Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз.
Босату түймелері сырт етіп орындарына түскенін тексеріңіз.
ҚАЗАҚША
151
Jet Clean жүйесін пайдалану
Ескертпе. Кырыну көбігімен немесе гелімен пайдаланған жағдайда,
электр ұстараны Jet Clean жүйесімен тазаламас бұрын, ыстық ағынды
сумен шайып алған жөн. Бұл тазалау сұйықтығының біраз уақытқа
жетуін қамтамасыз етеді.
1 Ұстараның артын ұстағышқа қаратып ұстағыш үстіне ұстараны
төңкеріп ұстаңыз.
2 Екі қысқыштың (1) артқы жағына ұстара корпусын қойып, ол орнына
түскенше басыңыз (2).
, Дисплейде электр ұстараның зарядталып жатқаны көрсетіледі
(«Дисплей» тарауын қараңыз).
3 Тазалау бағдарламасын іске қосу үшін, Jet Clean жүйесіндегі қосу/
өшіру түймесін басыңыз.
, Электр ұстараның дисплейі зарядтау барысын көрсетуді тоқтатады.
, Тазалау шамы жыпылықтап, электр ұстара автоматты түрде тазалау
сұйықтығына батырылады.
, Тазалау шамы бірнеше минутқа созылатын тазалау бағдарламасы
барысында жыпылықтап тұрады.
, Тазалау бағдарламасының бірінші кезеңінде, электр ұстара бірнеше
рет автоматты түрде қосылып, өшеді және жоғары, төмен жылжиды.
, Тазалау бағдарламасының екінші кезеңінде, электр ұстара кептіру
позициясына қойылады. Бұл кептіру белгісінің жыпылықтауы арқылы
көрсетіледі. Бұл кезең шамамен 2 сағатқа созылады. Электр ұстара
бұл позицияда бағдарлама аяқталғанша тұрады.
, Тазалау бағдарламасы аяқталғаннан кейін, ұстараның дисплейінде
зарядтау көрсеткіші пайда болады («Дисплей» тарауын қараңыз).
ҚАЗАҚША 151
152
Ескертпе. Jet Clean жүйесіндегі қосу/өшіру түймесі тазалау
бағдарламасы барысында басылса, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда,
тазалау немесе кептіру шамы жыпылықтауын қойып, ұстағыш ең
жоғарғы позициясына жылжиды.
Ескертпе. Тазалау барысында адаптер қабырға розеткасынан
ажыратылса, бағдарлама тоқтайды. Ұстағыш ағымдағы
позициясында қалады. Адаптер қабырға розеткасына қайтадан
жалғанғанда, ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
- Тазалау сұйықтығының деңгейі ең төменгі көрсеткіштен төмен
түскенде, «тазалау орны бос» белгісі жыпылықтап, ұстағыш
бастапқы позициясына оралады.
- Егер Jet Clean жүйесін ұстараны тазалау үшін күнделікті қолданатын
болсаңыз, тазалау камерасын шамамен 15 күн сайын толтырып
тұруыңыз қажет болады.
Jet Clean жүйесін тазалау
Тазалау орнын 15 күн сайын тазалап тұрыңыз.
Jet Clean жүйесінің сыртын дымқыл шүберекпен сүртуге болады.
1 Jet Clean жүйесінің екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта
басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау орнынан
шешіңіз (2).
, Тазалау орны астында қалады.
2 Қалған тазалау сұйықтығын тазалау орнынан төгіп тастаңыз.
Тазалау сұйықтығын шұңғылшаға ағызып жіберуге болады.
3 Тазалау орнын ағынды сумен шайыңыз.
Тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
4 Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау
сұйықтығын құйыңыз.
ҚАЗАҚША
153
5 Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз.
Босату түймелері сырт етіп орындарына түскенін тексеріңіз.
Мұқият тазалау әдісі
Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
1 Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан
шешіңіз.
2 Жасыл жүз ұстағышын жүз ұстағышының үстіндегі көрсеткі
бағытында сырғытыңыз.
3 Жүз ұстағышын қыру ұшының ұстағышынан шешіңіз.
4 Қырыну қорғауышынан кескішті шығарыңыз.
Ескертпе. Бір уақытта бірнеше қырыну қорғауышы мен кескішті
тазаламаңыз, себебі олардың жинақтары бір-біріне сәйкес келеді.
Егер байқаусызда кескіш басқа қырыну қорғауышына салынса,
тиімді қыру жұмысының қалпына келуіне бірнеше апта кетуі мүмкін.
ҚАЗАҚША 153
154
5 Кескішті берілген тазалау щеткасымен тазалаңыз.
6 Қырыну қорғауышының ішін тазалаңыз.
7 Тазалап болған соң, тілдерін төмен қаратып, кескішті қайтадан
қырыну қорғауышына орнатыңыз.
8 Жүз ұстағышын қыру ұшының ұстағышына қайта бекітіңіз.
9 Қорғауышты орнына сырғытып салыңыз (сырт еткен дыбыс
естіледі).
ҚАЗАҚША
156
Ауыстыру
Жақсы қырыну үшін қырыну басын ұстағышты әр екі жыл сайын
ауыстыруға кеңес береміз.
Қырыну басын ұстағышты тек түпнұсқа RQ11 Philips қырыну
басын ұстағышымен ауыстырыңыз.
Ауыстыру туралы ескерту
Қырыну басын ұстағышты ауыстыру туралы еске салу үшін, құрал шамамен
екі жылдан кейін автоматты түрде іске қосылатын ауыстыру туралы ескерту
мүмкіндігімен жабдықталған. Ауыстыру туралы ескерту 9 сәтті қырынуда
немесе ұстараны бастапқы қалпына келтіргенге дейін қайталанады.
1 Ұстараны қосқанда, қыру бөлігі белгісі жыпылықтайды.
Ескертпе. Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болғанымен,
көрсететін белгісі бірдей.
2 Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан
шешіңіз.
3 Жаңа қыру ұшының ұстағышын қыру бөлігінің төменгі жағына қайта
бекітіңіз (сырт еткен дыбыс естіледі).
4 Ұстараны бастапқы қалпына келтіру үшін, қосу/өшіру түймесін
шамамен 10 секунд басып тұрыңыз.
Ескертпе. Бірінші ауыстыру туралы ескертуден кейін ұстараны
бастапқы қалпына келтірмесеңіз, ол тағы да 8 қырынуда немесе
ұстараны бастапқы қалпына келтіргенше қыру бөлігі белгісін көрсетіп
тұра береді.
ҚАЗАҚША
157
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Бұл құрылғыға қосалқы құралдар сатып алу үшін,
www.shop.philips.com/service мекенжайындағы онлайн-
дүкенімізге кіріңіз. Онлайн-дүкен қызметін пайдалану еліңізде мүмкін
болмаса, Philips дилеріне немесе Philips қызмет көрсету орталығына
барыңыз. Құрылғы үшін қосалқы құралдар алуда қиындықтар болса,
еліңіздегі Philips Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Бұл байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табасыз.
Төмендегі бөлшектер қол жетімді
- HQ8505 адаптері;
- RQ11 Philips қыру ұшының ұстағышы;
- HQ110 Philips қыру ұшын тазалау спрейі
- HQ200 Philips тазалау сұйықтығы.
- RQ111 Сақал сәндегіш қосымшасы
Қыратын бас ұстатқышы
- Қырыну басын ұстағышты әр екі жыл сайын ауыстыруға кеңес
береміз. Қырыну басын ұстағышты әрқашан түпнұсқа RQ11 Philips
қырыну басын ұстағышымен ауыстырыңыз.
Тазалау
- Тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC
үлгілерінде: қырыну бастарын үнемі тазалау үшін Jet Clean шешімін
(HQ200) пайдаланыңыз.
Қоршаған орта
- Қызмет мерзімі аяқталғанда, ұстара мен Jet Clean жүйесін
(тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC
үлгілерінде) әдеттегі тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Оны қайта өңдеуге жіберу үшін ресми қалдық жинау орнына
тапсырыңыз. Осылайша, қоршаған ортаны қорғауға көмегіңіз тиеді.
- Ішіне орнатылған қайта зарядталатын ұстара батареясының
құрамында қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды
тастамас немесе арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын,
батареяны шығарыңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын
орынға өткізіңіз. Батареяны шығара алмаған жағдайда, құралды
Philips қызмет көрсету орталығына апаруға болады. Орталық
қызметкерлері батареяны шығарып, қоршаған ортаға қауіпсіз
жолмен жояды.
ҚАЗАҚША 157
158
Қайта зарядталатын ұстара батареяларын шығару
Қайта зарядталатын батареяны тек ұстараны тастайтын кезде алыңыз.
Алмас бұрын батарея зарядының толық таусылғанын тексеріңіз.
Абай болыңыз, батарея қырлары өте өткір болады.
1 Электр ұстараның артқы панелін бұрауыштың көмегімен алып
тастаңыз.
2 Қайта зарядталатын батареяны алыңыз.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек
дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Қыру ұштары (кескіштер және қырыну қорғауыштары) тез
тозатындықтан, халықаралық кепілдік шарттарына кірмейді.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған.
Төмендегі ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын
сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support торабына кіріңіз
немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Проблема Ықтимал себебі Шешімі
Электр ұстара
бұрынғыдай жақсы
қырмайды.
Қыру ұштары зақымданған немесе
тозған.
Қыру ұштарының ұстағышын
ауыстырыңыз («Ауыстыру» тарауын
қараңыз).
Қыру ұштарына ұзын шаш тұрып
қалған.
Мұқият тазалау әдістерінің
қадамдарын орындап, қыру ұштарын
тазалаңыз («Тазалау және техникалық
қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Тек RQ1197CC, RQ1195CC,
RQ1185CC, RQ1180CC,
RQ1175CC үлгілерінде: Jet
Clean жүйесі ұстараны дұрыстап
тазаламаған, себебі тазалау
камерасындағы тазалау сұйықтығы
ластанып қалған немесе тазалау
сұйықтығының деңгейі өте төмен.
Қырынуды жалғастырмас бұрын,
электр ұстараны жақсылап тазалаңыз.
Керек болса, тазалау орнын тазалап,
сұйықтық құйыңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
ҚАЗАҚША
159
Проблема Ықтимал себебі Шешімі
Қосу/өшіру түймесін
басқанда, ұстара
қосылмайды.
Қайта зарядталатын батарея қуаты
таусылған.
Батареяны зарядтаңыз («Зарядтау»
тарауын қараңыз).
Тасымалдау құлпы іске қосылған. Тасымалдау құлпын өшіру үшін, қосу/
өшіру түймесін 3 секунд басып
тұрыңыз.
Қыру ұшының ұстағышы мотор
қосылмайтын деңгейде ластанған
немесе зақымданған.
Қыру ұшының ұстағышын тазалаңыз
немесе ауыстырыңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» және
«Ауыстыру» тарауларын қараңыз).
Электр ұстараның температурасы
тым жоғары. Бұндай жағдайда,
ұстара жұмыс істемейді.
Электр ұстараның суытып алыңыз.
Электр ұстараның температурасы
төмендегеннен кейін, оны қайта
қосуға болады.
Тек RQ1197CC,
RQ1195CC,
RQ1185CC,
RQ1180CC,
RQ1175CC
үлгілерінде: ұстараны
Jet Clean жүйесінде
тазалағаннан
кейін ол толық
тазаланбаған.
Тазалау орнындағы тазалау
сұйықтығы ластанған.
Тазалау камерасын босатып, шайыңыз
және жаңа тазалау сұйықтығымен
қайта толтырыңыз.
Тазалау сұйықтығының деңгейі өте
төмен. Тазалау кезінде, тазалау
орнындағы сұйықтық мөлшері
ең төменгі деңгейінен аз болса,
тазалау бағдарламасы тоқтайды.
Тазалау шамы және «тазалау
орны бос» белгілері кезек-кезек
жыпылықтап, ұстағыш бастапқы
қалпына жылжиды.
Тазалау орнының екі сызығының
ортасына дейін тазалау сұйықтығын
қайта құйыңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
Түпнұсқа Philips тазалау
сұйықтығынан басқа
сұйықтық қолданылған.
Тек HQ200 Philips тазалау сұйықтығын
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚША 159
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98
  • Page 99 99
  • Page 100 100
  • Page 101 101
  • Page 102 102
  • Page 103 103
  • Page 104 104
  • Page 105 105
  • Page 106 106
  • Page 107 107
  • Page 108 108
  • Page 109 109
  • Page 110 110
  • Page 111 111
  • Page 112 112
  • Page 113 113
  • Page 114 114
  • Page 115 115
  • Page 116 116
  • Page 117 117
  • Page 118 118
  • Page 119 119
  • Page 120 120
  • Page 121 121
  • Page 122 122
  • Page 123 123
  • Page 124 124
  • Page 125 125
  • Page 126 126
  • Page 127 127
  • Page 128 128
  • Page 129 129
  • Page 130 130
  • Page 131 131
  • Page 132 132
  • Page 133 133
  • Page 134 134
  • Page 135 135
  • Page 136 136
  • Page 137 137
  • Page 138 138
  • Page 139 139
  • Page 140 140
  • Page 141 141
  • Page 142 142
  • Page 143 143
  • Page 144 144
  • Page 145 145
  • Page 146 146
  • Page 147 147
  • Page 148 148
  • Page 149 149
  • Page 150 150
  • Page 151 151
  • Page 152 152
  • Page 153 153
  • Page 154 154
  • Page 155 155
  • Page 156 156
  • Page 157 157
  • Page 158 158
  • Page 159 159
  • Page 160 160
  • Page 161 161
  • Page 162 162
  • Page 163 163
  • Page 164 164
  • Page 165 165
  • Page 166 166
  • Page 167 167
  • Page 168 168
  • Page 169 169
  • Page 170 170
  • Page 171 171
  • Page 172 172
  • Page 173 173
  • Page 174 174
  • Page 175 175
  • Page 176 176
  • Page 177 177
  • Page 178 178
  • Page 179 179
  • Page 180 180
  • Page 181 181
  • Page 182 182
  • Page 183 183
  • Page 184 184
  • Page 185 185
  • Page 186 186
  • Page 187 187
  • Page 188 188
  • Page 189 189
  • Page 190 190
  • Page 191 191
  • Page 192 192
  • Page 193 193
  • Page 194 194
  • Page 195 195
  • Page 196 196
  • Page 197 197
  • Page 198 198
  • Page 199 199
  • Page 200 200
  • Page 201 201
  • Page 202 202
  • Page 203 203
  • Page 204 204
  • Page 205 205
  • Page 206 206
  • Page 207 207
  • Page 208 208
  • Page 209 209
  • Page 210 210
  • Page 211 211
  • Page 212 212
  • Page 213 213
  • Page 214 214
  • Page 215 215
  • Page 216 216
  • Page 217 217
  • Page 218 218
  • Page 219 219
  • Page 220 220
  • Page 221 221
  • Page 222 222
  • Page 223 223
  • Page 224 224
  • Page 225 225
  • Page 226 226
  • Page 227 227
  • Page 228 228
  • Page 229 229
  • Page 230 230
  • Page 231 231
  • Page 232 232
  • Page 233 233
  • Page 234 234
  • Page 235 235
  • Page 236 236
  • Page 237 237
  • Page 238 238
  • Page 239 239
  • Page 240 240
  • Page 241 241
  • Page 242 242
  • Page 243 243
  • Page 244 244
  • Page 245 245
  • Page 246 246
  • Page 247 247
  • Page 248 248
  • Page 249 249
  • Page 250 250
  • Page 251 251
  • Page 252 252
  • Page 253 253
  • Page 254 254
  • Page 255 255
  • Page 256 256
  • Page 257 257
  • Page 258 258
  • Page 259 259
  • Page 260 260
  • Page 261 261
  • Page 262 262
  • Page 263 263
  • Page 264 264
  • Page 265 265
  • Page 266 266
  • Page 267 267
  • Page 268 268
  • Page 269 269
  • Page 270 270
  • Page 271 271
  • Page 272 272
  • Page 273 273
  • Page 274 274
  • Page 275 275
  • Page 276 276
  • Page 277 277
  • Page 278 278
  • Page 279 279
  • Page 280 280
  • Page 281 281
  • Page 282 282
  • Page 283 283
  • Page 284 284
  • Page 285 285
  • Page 286 286
  • Page 287 287
  • Page 288 288
  • Page 289 289
  • Page 290 290
  • Page 291 291
  • Page 292 292
  • Page 293 293
  • Page 294 294
  • Page 295 295
  • Page 296 296
  • Page 297 297
  • Page 298 298
  • Page 299 299
  • Page 300 300
  • Page 301 301
  • Page 302 302
  • Page 303 303
  • Page 304 304
  • Page 305 305
  • Page 306 306
  • Page 307 307
  • Page 308 308
  • Page 309 309
  • Page 310 310
  • Page 311 311
  • Page 312 312
  • Page 313 313
  • Page 314 314
  • Page 315 315
  • Page 316 316
  • Page 317 317
  • Page 318 318
  • Page 319 319
  • Page 320 320
  • Page 321 321
  • Page 322 322
  • Page 323 323
  • Page 324 324
  • Page 325 325
  • Page 326 326
  • Page 327 327
  • Page 328 328
  • Page 329 329
  • Page 330 330
  • Page 331 331
  • Page 332 332
  • Page 333 333
  • Page 334 334
  • Page 335 335
  • Page 336 336
  • Page 337 337
  • Page 338 338
  • Page 339 339
  • Page 340 340
  • Page 341 341
  • Page 342 342
  • Page 343 343
  • Page 344 344
  • Page 345 345
  • Page 346 346
  • Page 347 347
  • Page 348 348
  • Page 349 349
  • Page 350 350
  • Page 351 351
  • Page 352 352
  • Page 353 353
  • Page 354 354
  • Page 355 355
  • Page 356 356
  • Page 357 357
  • Page 358 358
  • Page 359 359
  • Page 360 360
  • Page 361 361
  • Page 362 362

Philips RQ1195/21OP Руководство пользователя

Категория
Электробритвы для мужчин
Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ