Philips S9911, S9711, S9711/23 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для электробритв Philips S99xx и S97xx. Я могу ответить на ваши вопросы о функциях, настройках, уходе, системе SmartClean и устранении неисправностей. В руководстве описывается персонализация настроек бритья, водонепроницаемая конструкция и функция блокировки от случайного включения.
  • Как зарядить электробритву?
    Как активировать блокировку от случайного включения?
    Как часто нужно менять бритвенные головки?
    Что делать, если индикатор показывает перегрев?
    Можно ли использовать электробритву в душе?
135
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын оқуыңызды өтінеміз. Мұнда осы электр
ұстараның мүмкіндіктері туралы ақпарат, сондай-ақ, қырынуды оңай
әрі жағымды ететін кеңестер берілген.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Сақал сәндегіш саптамасының тарағы
2 Басып кигізілетін сақал сәндегіш саптамасы
3 Басып кигізілетін триммер саптамасы
4 Басып кигізілетін ұстара бөлігі
5 Қосу/өшіру түймесі
6 Кішкене штепсельге арналған розетка
7 Леп белгісі
8 Ауыстыру туралы ескерту
9 Тасымалдау құлпының белгісі
10 Тазалау туралы еске салғыш
11 Зарядтау белгісі
12 Батарея зарядының пайызы
13 Жеке параметрлер
14 Жеке параметрлерге арналған + және - түймелері
15 Ауыстыру белгісі
16 SmartClean жүйесі
17 SmartClean жүйесінің қақпағы
18 Қосу/өшіру түймесі
19 Тазалау белгісі
20 Кептіру белгісі
21 Орындау жолы
22 Дайын белгісі
23 Зарядтау белгісі
24 SmartClean жүйесіне арналған тазалау картриджі
25 Адаптер
26 Кішкене штепсель
27 Бекіту сақинасының ұстағышы
28 Қалта
Маңызды
Бұл ұстараны және SmartClean жүйесін қолданар алдында осы
пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Пайдалану нұсқаулығын
алдағы уақытта қарау үшін сақтап қойыңыз.
ҚАЗАҚША
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді ауыстыруға немесе оған
басқа штепсельдерді қосуға болмайды: бұл өте қауіпті.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз қозғалу мүмкіндігі мен ойлау қабілеті
шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (балаларды
қоса) бұл ұстараны және SmartClean жүйесін қолдануына болмайды.
- Ұстарамен және SmartClean жүйесімен ойнамас үшін, балаларды
қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
Ескерту
- SmartClean жүйесін суға батыруға немесе ағын су астында шаюға
болмайды.
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Зақымдалған ұстараны, SmartClean жүйесін, адаптерді немесе басқа
бөлікті пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы мүмкін. Әрқашан
зақымдалған адаптерді немесе бөлікті түпнұсқа түрінің бірімен
ауыстырыңыз.
- SmartClean жүйесін тек түпнұсқа тазалау картриджімен
пайдаланыңыз.
- Су ағып кетпеу үшін, SmartClean жүйесін әрдайым тұрақты, тегіс
және көлбеу жерге қойыңыз.
- SmartClean жүйесін ұстаны тазалау немесе зарядтау үшін қолданар
алдында міндетті түрде картридж бөлімін жабыңыз.
- SmartClean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалағыш сұйықтығы
ағып кетпеу үшін, оны қозғалтуға болмайды.
- SmartClean жүйесі ұстараңызды жақсылап тазалайды, алайда ол оны
инфекциядан тазаламайды, сондықтан ұстараны басқа адамдармен
бірге қолданбаңыз.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
136 ҚАЗАҚША
Стандарттарға сәйкестігі
- Ұстара халықаралық деңгейде бекітілген қауіпсіздік ережелеріне сай
келеді. Оны ваннада немесе душта пайдалануға, сондай-ақ ағынды
сумен жууға болады. Қауіпсіздік мақсаттарда ұстара тек сымсыз
түрде жұмыс істейді.
- Ұстара мен SmartClean жүйесі барлық қолданыстағы стандарттарға
және электромагниттік өрістердің әсерлеріне қатысты ережелерге сай.
Жалпы ақпарат
- Құралдың автоматты кернеу таңдағышы бар, сондай-ақ құрал
кернеуі 100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға арналған.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
- Ең жоғарғы шу деңгейі: Lc= 69 дБ (A).
Дисплей
Ескертпе: Электр ұстараны алғаш қолданар алдында, дисплейдің
бетіндегі қорғау пленкасын алып тастаңыз.
- S99XX/S97XX
Жеке параметрлер
Құрылғыда параметрлерді дербестеуге мүмкіндік беретін мүмкіндік бар.
Жеке қырыну қажеттіліктеріңізге байланысты үш параметр арасынан
таңдай аласыз: ыңғайлылық, динамика немесе тиімділік.
- - немесе + түймелерін басқанда жолақ үздіксіз ақ түспен жанады.
Зарядтау
- Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
Ескертпе: Бұл құрылғыны тек сымсыз пайдалануға болады.
- Ұстара зарядталып жатқанда батарея зарядының пайызы және
батарея белгісі ақ түспен жыпылықтайды. Ұстараны желіге қосқанда
дыбысты естисіз.
- Батареяда қалған заряд деңгейі дисплейде көрсетілген батарея
зарядының пайызымен көрсетіледі.
- Жылдам зарядтау: батарея белгісі әдеттегіден жылдамырақ ақ
түспен жыпылықтаса, ұстарада бір қырыну үшін жеткілікті заряд бар.
137ҚАЗАҚША
Батарея толығымен зарядталды
Ескертпе: Бұл құрылғыны тек сымсыз пайдалануға болады.
Ескертпе: Батарея заряды толғанда дисплей 30 минуттан кейін
автоматты түрде өшеді. Зарядтау кезінде немесе зарядталғаннан
кейін қосу/өшіру түймесін бассаңыз, ұстара әлі желіге қосылғанын
білдіретін дыбыс естіледі.
- Батарея толығымен зарядталғанда батарея зарядының пайызы ақ
түспен үздіксіз жыпылықтайды.
Батарея заряды аз
- Батарея таусылуға жақын болса, батарея белгісі сарғылт түспен
жыпылықтай бастайды және дыбыс естисіз.
Батареяда қалған заряд деңгейі
- Батареяда қалған заряд деңгейі дисплейде көрсетілген батарея
зарядының пайызымен көрсетіледі.
Тазалау туралы еске салғыш
Жақсылап қырыну үшін, ұстараны әр қолданған сайын тазалап отыру керек.
- Ұстараны өшіргенде тазалау туралы еске салғыш
жыпылықтап, ұстараны тазалау туралы еске салады.
ҚАЗАҚША138
Сапар құлпы
Жолға шықпас бұрын, электр ұстараны құлыптап қоюға болады.
Тасымалдау құлпы электр ұстараның байқаусызда қосылып кетуін
болдырмайды.
Тасымалдау құлпын іске қосу
1 Тасымалдау құлпы режиміне өту үшін, қосу/өшіру түймесін 3 секунд
басып тұрыңыз.
, Тасымалдау құлпын іске қосып жатқанда тасымалдау құлпының
белгісі ақ түспен үздіксіз жанады. Тасымалдау құлпы іске қосылғанда,
ұстара дыбыс шығарады және тасымалдау құлпының белгісі
жыпылықтайды.
Тасымалдау құлпын өшіру
1 Қосу/өшіру түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
, Тасымалдау құлпының белгісі жыпылықтайды, одан кейін үздіксіз
жанады.
Электр ұстара енді қолдануға дайын.
Ескертпе: Сондай-ақ, құрылғыны желіге қосу арқылы тасымалдау
құлпын өшіруге болады.
Ұстара бастарды ауыстыру
Жақсылап қырыну үшін ұстара бастарын әр екі жыл сайын ауыстырып
отыруды ұсынамыз.
- Құрылғы ұстара бастарын ауыстыру туралы еске салатын ауыстыру
туралы еске салғышпен жабдықталған. Ауыстыру туралы еске
салғыш ақ түспен үздіксіз жанады және көрсеткілер ақ түспен
жыпылықтайды. Сіз ұстара бастарын ауыстыру керек екенін
білдіретін дыбыстық сигналды естисіз.
ҚАЗАҚША 139
Ескертпе: Ұстара бастарын ауыстырғаннан кейін қосу/өшіру түймесін
7 секунд бойы басу арқылы ұстараны бастапқы қалпына келтіру керек.
Леп белгісі
Бітелген ұстара бастары
- Егер ұстара бастары бітелсе, леп белгісі қызғылт сары түспен
үздіксіз жанады. Ауыстыру туралы еске салғыш және тазалау туралы
еске салғыш алма-кезек ақ түспен жыпылықтайды және дыбыс
естіледі. Бұл жағдайда мотор жұмыс істей алмайды, себебі ұстара
бастары ластанған немесе зақымдалған.
- Мұндай жағдайда ұстара бастарын тазалау немесе алмастыру
қажет.
Қызып кету
- Егер зарядтау кезінде құрылғы қызып кетсе, леп белгісі қызғылт
сары түспен жыпылықтайды.
- Мұндай жағдайда ұстара автоматты түрде өшеді. Зарядтау құрылғы
қалыпты температураға оралғаннан кейін жалғасады.
Зарядтау
Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
Толық зарядталған ұстарамен 50 минутқа дейін қырынуға болады.
Ескертпе: Зарядталып жатқанда құрылғыны пайдалануға болмайды.
Ескертпе: Батарея толығымен зарядталса, дисплей нақты қалған
батарея зарядының пайызын көрсетеді.
Ұстараны бірінші рет пайдалану алдында және дисплей батарея заряды
таусылуға жақын екенін көрсеткенде зарядтаңыз.
140 ҚАЗАҚША
Адаптермен зарядтау
1 Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
2 Шағын ашаны құрылғыға қосыңыз (1) және адаптерді қабырғадағы
розеткаға қосыңыз (2).
SmartClean жүйесінде зарядтау
1 Шағын ашаны SmartClean жүйесіне қосыңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3 Ұстараны ұстағышқа қою үшін жоғарғы қақпақты басыңыз («сырт»).
4 Ұстараны ұстағыш үстінде жоғары жағын төмен қаратып ұстаңыз.
Ұстараның алды SmartClean жүйесіне қарап тұрғанын тексеріңіз.
5 Ұстараны ұстағышқа қойыңыз (1), ұстараны артқа еңкейтіңіз (2)
және ұстараны қосу үшін жоғарғы қақпақты төмен басыңыз («сырт»
еткен дыбыс естіледі) (3).
Ескертпе: Батарея белгісі жанып, құрылғы зарядталып жатқанын
көрсетеді.
141ҚАЗАҚША
Электр ұстараны қолдану
Қырыну
Терінің бейімделу кезеңі
Алғашқы қырынулар күткендегідей нәтиже бермеуі мүмкін және
тері аздап тітіркенуі де мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай. Теріңіз бен
сақалыңыз жаңа қырыну жүйесіне бейімделу үшін уақыт қажет.
Теріңіз жаңа ұстарға бейімделуі үшін осы ұстарамен 3 апта бойы жүйелі
түрде (кемінде аптасына 3 рет) қырынуға кеңес беріледі.
Кеңес. Өте жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 3 күн немесе одан
ұзағырақ қырынбасаңыз, сақалды алдын ала қысқартуға кеңес беріледі.
Ескертпе: Бұл құрылғыны тек сымсыз пайдалануға болады.
1 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Кеңес. Жеке параметрлерді таңдаңыз («Дисплей» тарауын қараңыз).
, Дисплей бірнеше секундқа жанады.
2 Қыратын бастарды тері бетімен айналдырып жүргізіңіз.
- Тура жүргізбеңіз.
3 Электр ұстараны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
, Дисплей бірнеше секунд жанады, одан кейін қалған батарея заряды
көрсетіледі.
Ылғалды қырыну
Осы электр ұстара арқылы қырыну көбігінің немесе қырыну гелінің
көмегімен ылғалды бетті қыруға болады.
Қырыну көбігімен немесе гелімен қырыну үшін, төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
1 Теріні біраз сулаңыз.
2 Теріге қырыну көбігін немесе гелін жағыңыз.
142 ҚАЗАҚША
3 Қыру бөлігінің тері бетімен оңай сырғуы үшін, оны ағынды сумен
шайыңыз.
4 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
5 Қыратын бастарды тері бетімен айналдырып жүргізіңіз.
Ескертпе: Терінің бетімен оңай сырғуы үшін, электр ұстараны ағынды
сумен қайта-қайта шайып тұрыңыз.
6 Пайдаланғаннан кейін, бетіңізді құрғатып, электр ұстараны жақсылап
тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
Ескертпе: Электр ұстарадан қырыну көбігін немесе қырыну гелін
толық жуып кетіру керек.
Басып кигізілетін саптамаларды пайдалану
Триммер саптамасын пайдалану
Мұрт пен жақ сақалды тегістеу үшін триммерді қолдануға болады.
1 Ұстара бөлігін құрылғыдан тік тартып шығарып алыңыз.
Ескертпе: Ұстара бөлігін құрылғыдан шығарып жатқанда бұрамаңыз.
2 Триммердің саптамасын ұстараның жоғарғы жағындағы тесікке
кіргізіңіз. Одан кейін құрылғыға бекіту үшін триммерді төмен қарай
басыңыз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
3 Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Дисплей бірнеше секундқа жанады.
4 Енді тегістеуді бастауға болады.
5 Қосу/өшіру түймесін бір рет басып құрылғыны өшіріңіз.
, Дисплей бірнеше секунд жанып, қалған батарея зарядын көрсетеді.
143ҚАЗАҚША
6 Триммер саптамасын құрылғыдан тік тартып шығарып алыңыз.
Ескертпе: Триммер саптамасын құрылғыдан шығарып жатқанда
бұрамаңыз.
7 Ұстара бөлігін құрылғының жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз.
Одан кейін құрылғыға бекіту үшін ұстара бөлігін төмен қарай
басыңыз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
Сақал сәндегіш саптамасын пайдалану
1 Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
2 Ұстара бөлігін құрылғыдан тік тартып шығарып алыңыз.
Ескертпе: Ұстара бөлігін құрылғыдан шығарып жатқанда бұрамаңыз.
3 Сақал сәндегіш саптаманы құрылғының жоғарғы жағындағы
тесікке кіргізіңіз. Одан кейін құрылғыға бекіту үшін сақал сәндегіш
саптамасын төмен қарай басыңыз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
Сақал сәндегіш саптаманы тарақпен қолдану
Сақалыңызды бір бекітілген параметрде, сондай-ақ, түрлі
ұзындық параметрлерінде сәндеу үшін тарақ кигізілген сақал сәндегіш
саптамасын пайдалана аласыз. Сақал сәндегіш саптамасындағы түк
ұзындығының параметрлері қиғаннан кейінгі қалған түктің ұзындығына
сәйкес келеді және 1-5 мм ауқымында болады.
1 Тарақты сақал сәндегіш қосымшасының екі шетіндегі бағыттауыш
ойықтарға тіке сырғытып енгізіңіз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
2 Қалаған түк ұзындығы параметрін таңдау үшін ұзындықты таңдау
түймесін басып, оны оңға не солға итеріңіз.
3 Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
144 ҚАЗАҚША
4 Енді сақалды сәндеуді бастауға болады.
Сақал сәндегіш саптаманы тарақсыз қолдану
Сақалыңызды, мұртыңызды, жақ сақалды немесе иек астын тегістеу үшін
сақал сәндегіш саптамасын тарақсыз пайдалануға болады.
1 Сақал сәндегіш саптаманың тарағын тартып шығарып алыңыз.
Ескертпе: Тарақты сақал сәндегіш саптамасынан тартып шығару үшін
ортасынан ұстаңыз. Тарақтың шеттерінен тартпаңыз.
2 Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
3 Сақалыңызды, мұртыңызды, жақ сақалды немесе иек астын
тегістеуді бастадыңыз.
Тазалау және күтіп ұстау
Ұстараны SmartClean жүйесінде тазалау
- SmartClean Pro жүйесінде де екі фаза бар: шаю фазасы және
кептіру фазасы. Сондай-ақ, оның екі фазаның орындалу барысын
көрсететін орындалу барысының жолағы бар.
145ҚАЗАҚША
SmartClean жүйесін пайдалану
SmartClean жүйесіне орнату алдында әрқашан ұстарадан артық суды
сілкіп кетіріңіз.
1 Ұстараны ұстағышқа қою үшін жоғарғы қақпақты басыңыз («сырт»).
2 Ұстараны ұстағыш үстінде жоғары жағын төмен қаратып ұстаңыз.
Ұстараның алды SmartClean жүйесіне қарап тұрғанын тексеріңіз.
3 Ұстараны ұстағышқа қойыңыз (1), ұстараны артқа еңкейтіңіз (2)
және ұстараны қосу үшін жоғарғы қақпақты төмен басыңыз («сырт»
еткен дыбыс естіледі) (3). Батарея белгісі және қосу/өшіру түймесі
жыпылықтай бастайды, бұл ұстараның зарядталып жатқанын
көрсетеді.
4 Тазалау бағдарламасын іске қосу үшін SmartClean жүйесіндегі
қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Қосу/өшіру түймесі және шаю белгісі үздіксіз жанады.
Ескертпе: Шаю фазасы шамамен 10 минутқа созылады.
Ескертпе: Орындалу барысының жолағы шаю фазасының орындалу
барысын көрсетеді.
147ҚАЗАҚША
, Құрғату фазасында құрғату белгісі үздіксіз жанады.
Ескертпе: Құрғату фазасы шамамен 4 сағатқа созылады.
Ескертпе: Орындалу барысының жолағы кептіру фазасының орындалу
барысын көрсетеді.
, Тазалау бағдарламасы аяқталғанда дайын белгісі үздіксіз жанады.
, Батарея белгісі үздіксіз жанып, ұстараның толығымен зарядталғанын
көрсетеді.
Ескертпе: Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
Ескертпе: Тазалау бағдарламасы кезінде SmartClean жүйесінің қосу/өшіру
түймесін бассаңыз, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда шаю немесе
құрғату белгісі жыпылықтауын тоқтатады.
Ескертпе: Егер тазалау бағдарламасы кезінде адаптерді розеткадан
суырсаңыз, бағдарлама тоқтайды.
Ескертпе: Тазалау бағдарламасы мен зарядтау аяқталғаннан
кейін 30 минут өткесін SmartClean жүйесі автоматты түрде өшеді.
SmartClean жүйесінің картриджін ауыстыру
- Тазалау картриджін ауыстыру белгісі қызғылт сары түспен
жыпылықтағанда немесе нәтижеге қанағаттанбағанда ауыстырыңыз.
1 SmartClean жүйесінің бүйіріндегі түймені басыңыз (1) және
SmartClean жүйесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз (2).
2 Бос тазалау картриджін SmartClean жүйесінен алып, қалған тазалау
сұйықтығын тазалау картриджінен төгіңіз.
Тазалау сұйықтығын шұңғылшаға ағызып жіберуге болады.
3 Бос тазалау картриджін қоқысқа лақтырыңыз.
4 Жаңа тазалау картриджін орамадан шығарып, картридж мөрін
тартып шешіңіз.
148 ҚАЗАҚША
5 Жаңа тазалау картриджін SmartClean жүйесіне орнатыңыз.
6 SmartClean жүйесінің жоғарғы бөлігін артқа қарай төмен басыңыз
(«сырт» еткен дыбыс естіледі).
Ұстараны ағын су астында тазалау
Жақсылап қыруы үшін, қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін, судың
ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
Қыру бөлігін орамалмен немесе шүберекпен сүртпеңіз. Қыру ұштары
зақымдануы мүмкін.
1 Ұстараны сөндіріңіз.
2 Ұстара бөлігін жылы ағынды сумен біраз уақыт шайыңыз.
3 Ұстара басының ұстағышын тартып, ұстара бөлігінің төменгі
жағынан шығарып алыңыз.
149ҚАЗАҚША
4 Ұстара басының ұстағышын жылы ағынды сумен шайыңыз.
5 Артық суды мұқият сілкіп тастап, қырыну басын
ұстағышты кептіріңіз.
6 Қырыну басын ұстағышты қыру бөлігінің төменгі жағына қайта
бекітіңіз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
Мұқият тазалау әдісі
Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
1 Ұстара басының ұстағышын тартып, ұстара бөлігінің төменгі
жағынан шығарып алыңыз.
2 Бекіту сақинасының ұстағышын бекіту сақинасына қойыңыз (1),
солға қарай бұрыңыз (2) және ұстара басынан көтеріңіз (3).
Бекіту сақинасын бекіту сақинасының ұстағышынан алыңыз және осы
процесті басқа бекіту сақиналары үшін қайталаңыз.
3 Ұстара бастарын ұстара басының ұстағышынан алыңыз. Әр ұстара
басы кескіштен және қорғауыштан тұрады.
Ескертпе: Бір уақытта бірнеше кескішті және қорғауышты тазаламаңыз,
себебі олардың жинақтары бір-біріне сәйкес келеді. Егер байқаусызда
кескіш қате ұстара қорғауышына салынса, тиімді қыру жұмысының
қалпына келуіне бірнеше апта кетуі мүмкін.
150 ҚАЗАҚША
4 Кескішті және қорғауышты ағынды су астында тазалаңыз.
5 Тазалаудан кейін кескішті қайтадан қорғауышқа орнатыңыз.
6 Ұстара бастарын ұстара басының ұстағышына қайта орнатыңыз.
Ескертпе: Ұстараның қыратын басының томпиып тұрған бөлігі тесікке
дәлме-дәл түсуі тиіс.
7 Бекіту сақинасының ұстағышын бекіту сақинасына орнатыңыз (1),
оны ұстара басына орнатыңыз (2) және оңға қарай бұрып (3) бекіту
сақинасын қайта бекітіңіз.
Бұл процесті басқа бекіту сақиналары үшін қайталаңыз.
8 Ұстара басының ұстағышын ұстара бөлігінің төменгі бөлігіне қайта
бекітіңіз.
151ҚАЗАҚША
Басып кигізілетін саптамаларды тазалау
Триммер саптамасын тазалау
Триммер саптамасын әр пайдаланудан кейін тазалап тұрыңыз.
1 Триммер саптамасы бекітілген құрылғыны қосыңыз.
2 Триммер саптамасын ыстық ағынды сумен біраз шайыңыз.
3 Артық суды ақырын сілкіп тастап, триммер саптамасын кептіріңіз.
4 Тазалағаннан кейін, құрылғыны өшіріңіз.
Кеңес. Триммер жақсы жұмыс істеуі үшін, алты ай сайын, триммер
тістерін бір тамшы тігін машинасының майымен майлап отырыңыз.
Сақал сәндегіш саптаманы тазалау
Сақал сәндегіш саптамасын пайдаланған сайын тазалаңыз.
1 Сақал сәндегіш саптаманың тарағын тартып шығарып алыңыз.
2 Сақал сәндегіш саптама мен тарақты бөлек біраз уақыт ыстық су
астында шайыңыз.
3 Артық суды ақырын сілкіп тастаңыз да, сақал сәндегіш саптамасы
мен тарағын құрғатыңыз.
4 Әр алты ай сайын бір тамшы машина майымен тістерді майлап
тұрыңыз.
Сақтау
1 Электр ұстараны берілген қалтада сақтаңыз.
Ескертпе: Қалтаға салмай тұрып ұстараны кептіруге кеңес беріледі.
Ауыстыру
Қыратын бастарды алмастыру
Жақсылап қырыну үшін ұстара бастарын әр екі жыл сайын ауыстырып
отыруды ұсынамыз.
Ауыстыру туралы ескерту
Ұстара бөлігі белгісі ұстара бастарын ауыстыру қажеттігін көрсету үшін
жанады. Дәл қазір зақымдалған ұстара бастарын ауыстырыңыз. Ұстара
бастарын тек түпнұсқалық SH90 Philips ұстара бастарымен алмастырыңыз.
152 ҚАЗАҚША
1 Ұстараны өшіргенде ұстара бөлігінің белгісі үздіксіз жанады,
көрсеткілер ақ түспен жыпылықтайды және дыбыстық сигнал
естіледі.
2 Ұстара басының ұстағышын тартып, ұстара бөлігінің төменгі
жағынан шығарып алыңыз.
3 Бекіту сақинасының ұстағышын бекіту сақинасына қойыңыз (1),
солға қарай бұрыңыз (2) және ұстара басынан көтеріңіз (3).
Бекіту сақинасын бекіту сақинасының ұстағышынан алыңыз және осы
процесті басқа бекіту сақиналары үшін қайталаңыз.
4 Ұстара бастарын ұстара басын ұстағыштан алып, қоқысқа
лақтырыңыз.
5 Ұстағышқа жаңа ұстара бастарын орнатыңыз.
Ескертпе: Ұстараның қыратын басының томпиып тұрған бөлігі
тесікке дәлме-дәл түсуі тиіс.
153ҚАЗАҚША
6 Бекіту сақинасының ұстағышын бекіту сақинасына орнатыңыз
(1), оны ұстара басына орнатыңыз (2) және оңға қарай бұрып
(3) бекіту сақинасын қайта бекітіңіз. Бұл процесті басқа бекіту
сақиналары үшін қайталаңыз.
7 Ұстара басының ұстағышын ұстара бөлігінің төменгі бөлігіне қайта
бекітіңіз.
8 Ұстараны бастапқы қалпына келтіру үшін қосу/өшіру түймесін
шамамен 7 секунд бойы басып тұрыңыз. Екі дыбыстық сигнал
естілгенше күтіңіз.
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін
www.shop.philips.com/service бетіне кіріңіз немесе Philips дилеріне
барыңыз. Сондай-ақ, еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласуға болады (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік
кепілдік парақшасынан қараңыз).
Төмендегі бөлшектерге тапсырыс беруге болады:
- HQ8505 адаптері;
- SH90 Philips ұстара бастары
- HQ110 Philips қыру ұшын тазалау спрейі
- RQ111 Philips сақал сәндегіш саптамасы
- RQ585 Philips тазалау щеткасы саптамасы
- RQ560/RQ563 Philips тазалау щеткасының бастары
- JC301/JC302/JC303/JC304/JC305 тазалау картриджі
Қыратын бастар
- Біз ұстара бастарын әр екі жыл сайын ауыстырып тұруға кеңес
береміз. Ұстара бөлігін әрдайым SH90 Philips ұстара бастарымен
алмастырыңыз.
154 ҚАЗАҚША
Қоршаған орта
- Қолдану мерзімі аяқталғанда, ұстара мен SmartClean жүйесін
әдеттегі тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Оны қайта
өңдеуге жіберу үшін арнайы жинау орнына тапсырыңыз.
Осылайша, қоршаған ортаны қорғауға көмегіңіз тиеді.
- Ішіне орнатылған қайта зарядталатын ұстара батареясының құрамында
қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды тастамас және
арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын, батареяны шығарыңыз.
Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Батареяны
шығара алмаған жағдайда, құралды Philips қызмет көрсету орталығына
апаруға болады. Орталық қызметкерлері батареяны шығарып, қоршаған
ортаға қауіпсіз жолмен жояды.
Қайта зарядталатын ұстара батареяларын шығару
Қайта зарядталатын батареяны тек ұстараны тастайтын кезде алыңыз.
Алмас бұрын батарея зарядының толық таусылғанын тексеріңіз.
Абай болыңыз, батарея қырлары өте өткір болады.
1 Құрылғының төменгі жағындағы алдыңғы және артқы тақта
арасындағы тесікке бұрауышты салыңыз. Артқы тақтаны алыңыз.
2 Алдыңғы тақтаны алыңыз.
3 Ішкі тақтаның жоғарғы жағындағы екі бұранданы бұрап, ішкі тақтаны алыңыз.
4 Қайта зарядталатын батареяны бұрауышпен алыңыз.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Қыратын құрал бастары (кескіштер мен қорғауыштар) тез
ескіретіндіктен, халықаралық кепілдік шарттарымен қамтылмайды.
155ҚАЗАҚША
/