Сүт қоры мен емізу кестесі орныққанша (әдетте, босанғаннан кейін 2-4 апта) күтуге кеңес
беріледі (денсаулық сақтау маманы/емізу бойынша кеңесші басқаша кеңес бермесе).
Қиыс жағдайлар:
- Егер ауруханада жатқан балаңызға беру үшін сүтті саусаңыз.
- Емшектеріңіз ауырса (ауру немесе іссе): емізуден бұрын немесе арасында сүттің аз
мөлшерін сауып, ауруды басуға және балаңызға оңай емуге көмектесуге болады.
- Емізіктер ауырса немесе жарылса, олар жазылғанша сүтті саууыңыз керек болуы мүмкін.
- Балаңыздан бөлектенсеңіз және қайта қосылғанда емізгіңіз келсе, сүт қорын келтіру үшін,
сүтті кезеңді түрде саууыңыз керек.
Сүтті сауу үшін оңтайлы уақыттарды табуыңыз керек, мысалы, емшектер сүтке толы немесе
балаңыз екі емшекті де босатқанда, таңертеңгі баланың бірінші емуіне дейін немесе одан кейін.
Жұмысқа шықсаңыз, үзіліс кезінде саууыңыз керек болуы мүмкін.
Сүтті сору құралын пайдалану жаттығуды талап етеді және жетістікке бірнеше әрекеттен кейін
жетуге болады. Бақытыңызға қарай, Philips AVENT қолмен сүтті сору құралын құрастыру және
пайдалану оңай, сондықтан онымен саууға көп ұзамай үйреніп кетесіз.
- Сүтті сору құралын бірінші рет пайдаланбастан бұрын, онымен және оны пайдалану
жолымен танысыңыз.
- Асығыс емес және ешкім кедергі жасамайтын уақытты таңдаңыз.
- Балаңыздың суреті әсерлену әрекетін қолдауға көмектесуі мүмкін.
- Жылылық та көмектеседі: душ не ванна қабылдаған соң сауыңыз немесе саумастан бұрын,
жылы шүберекті немесе Philips AVENT термо жастықшасын кеудеге бес минуттай қойыңыз.
- Балаңыз басқа емшекті еміп жатқанда немесе еміп болған бойдан сауу оңай болуы мүмкін.
- Егер сауу ауру тудырса, тоқтатып, емізу бойынша кеңесшімен ақылдасыңыз.
1 Қолдарыңызды мұқият жуып, емізіктердің таза екендігін тексеріңіз.
2 Жайлы орындыққа жайғасыңыз (арқаңызға жастықтар қойсаңыз да болады). Міндетті
түрде жақын жерде бір шыны су болуы керек.
3 Құрастырылған сүтті сору құралын кеудеңізге басыңыз. Ұшын ортаға келтіріп, массаж
жастығы ауасыз байланысты жасайтындай етіңіз.
4 Емшекте соруды сезінгенше тұтқаны төмен қарай жайлап баса бастаңыз. Одан кейін,
тұтқаны қалыпты орнына қайтарыңыз.
Ескертпе Тұтқаны толық төмен басудың қажеті жоқ, тек ыңғайлы түрде басыңыз. Сүтті
сору құралы жасай алатын сору процесін толық пайдаланбасаңыз да, сүт көп ұзамай аға
бастайды.
5 «Әсерлену» әрекетін бастау үшін 4-қадамды 5-6 рет қайталаңыз.
6 Тұтқаны төмен басып, оны басып тұрған күйінде қалыпты орнына қайтармастан бұрын 3
секундтай ұстап жай ритмді қалыптастырыңыз. Сүт ағып жатқанда осылай
жалғастырыңыз. Қолдарыңыз шаршаса, сүтті сору құралын жұмыс істету үшін басқа
қолыңызды пайдаланыңыз немесе қарсы емшектен сүтті сору құралына білегіңізді қойып
демалдырыңыз.
Ескертпе Сүтіңіз бірден ақпаса уайымдамаңыз. Демалып, саууды жалғастырыңыз. Сүтті сору
құралын емшекке уақыт сайын қою сүт ағынын жылдамдатады.
45