- Қуат құрылғысында трансформатор бар. Басқа
тығынмен ауыстыру үшін қуат құрылғысын
кеспеңіз, бұл қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны
8 және одан жоғары жастағы балаларға және
дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем
немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға
пайдалануға болады. Балалар құрылғымен
ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға
техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Ағын сумен шаймас бұрын, құрылғыны әрдайым
розеткадан ажыратыңыз.
- Құрылғыны пайдаланудың алдында оны
әрқашан тексеріңіз. Құрылғы зақымданған
болса, оны пайдалануға болмайды. Жарақат
алынуы мүмкін. Зақымдалған бөлшекті әрдайым
түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
- Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру үшін
құрылғыны ашпаңыз.
Абайлаңыз
- Құрылғыны шаюға душ температурасынан
(макс. 40°C) ыстық суды пайдаланбаңыз.
- Қуат құрылғысына зақым келтірмеу үшін
электрлік ауа тазалау құралы бар қабырға
розеткалары жанында қуат құрылғысын
пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны, бастарын және керек-жарақтарын
тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген
мақсатта пайдаланыңыз.
- Каллюс жою дискісі тек аяқтарға пайдалануға
арналған.
- Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам
ғана қолдануы тиіс.
- Алдын ала дәрігермен кеңеспестен, құрылғыны
тітіркенген, қан тамырлары ісінген, бөртпелері,
дақтары, меңдері (түгі бар) немесе жарақаттары
бар теріге пайдалануға болмайды. Иммунитеті
төмен, қант диабетімен, гемофилия немесе
иммунитет жетіспеушілігі синдромымен
ауыратын адамдар да алдымен дәрігермен
кеңескені жөн.
- Егер осы құрылғы қолданылатын аймақтардағы
қалыпты тері сезгіштігі жеткіліксіз болса, дәрігер
нұсқауынсыз пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны бастапқы пайдалану кезінде тері
шамалы қызарып тітіркендіруі мүмкін. Белгісі
абсолютті түрде қалыпты және жылдам
жойылады. Құрылғыны жиі пайдаланған кезде
тері пайдаланылып, терінің тітіркенуі азаяды.
Егер тітіркену үш күнде жойылмаса, дәрігерге
хабарласуды кеңес етеміз.
- Егер пайдаланғаннан кейін қалысыз ауру
немесе жайсыздық байқалса, құрылғы
қолданысын тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз.
- Зақым мен жарақат алу жағдайларын
болдырмау үшін, істеп тұрған құралды (қосалқы
құралы орнатылған немесе орнатылмаған)
бастың шашынан, қастардан, кірпіктерден,
киімдерден, т.б. заттардан аулақ ұстаңыз.
- Бикини тұсынан басқа арнайы аймақтарға
біріктірмей дәл тегістеу тіркемелерін
пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақатқа себеп
болуы мүмкін.
- Эпиляциядан кейін бірден щетканы
пайдалануға болмайды, эпиляциядан пайда
болған тітіркенуді одан ары асқындыруы мүмкін.
- Ылғал теріге эпиляция жасағанда, жуынатын
бөлмеге немесе душқа арналған майларды
пайдаланбаңыз, тері қатты тітіркенуі мүмкін.
- Құралды тек 10-35°C аралығында ғана
зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.
- Құрылғы оңтайлы қолданыс үшін жарықпен
жабдықталса, жарыққа тікелей қарамаңыз.
- Құрылғыны тазалау үшін еш уақытта қысылған
ауаны, қырғыштарды, абразивті тазалағыш
заттар немесе агрессивтік сұйықтықтарды
пайдаланбаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
- Бұл құрылғы су өткізбейді (сурет 2). Ваннада
немесе душта және ағын су астында тазалауға
үйлесімді. Қауіпсіздік себептері үшін құрылғыны
тек сымсыз пайдалануға болады.
- Қуат көзі 100-240 вольт ауқымындағы ток
кернеуіне арналған.
- Қуат құрылғысы 100–240 вольтті 24 вольттен
төмен қауіпсіз вольтажға алмастырады.
- Максималды шу деңгейі: Lc = 77дБ(A).
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе
халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Қалыпты тозатын бөлшектер (мысалы, кесу
құрылғылары және каллюс жою дискілері)
халықаралық кепілдікпен қамтылмайды.
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық
қалдықпен бірге тастауға болмайтынын
білдіреді (2012/19/EU) (сурет 3).
- Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй
қоқыстарымен (сурет 4) бірге тастауға
болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын
батарея бар екенін білдіреді (2006/66/EC).
Зарядталатын батареяны кәсіби түрде алу үшін,
өнімді ресми жинау орнына немесе Philips
қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
- Электрондық және электр өнімдері мен қайта
зарядталатын батареяларды бөлек жинау
бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізбеуге
көмектеседі.