47
беттерінде орналасқан.
4. Электр қуат сымы
5. Аспапты қосу және сөндіру батырмасы (0/1/2)
6. Аспапты қосу және сөндіру индикаторы
7. Айналдыру батырмасы (оңға/солға)
8. Силиконды тарағы бар қыздыру баррелі
9. Техникалық деректер
Құрылғының сипаттамалары қаптамада көрсетілген.
Жиынтыққа кіретін қондырмаларды ғана пайдаланыңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Шашқа арналған термоқылшақты пайдалану тәсілдерімен неғұрлым жылдамырақ
таныссаңыз, шашқа деген қажетті әсерге қол жеткізу үшін қажетті оны пайдалану уақытын
соғұрлым дәлірек анықтайсыз.
• Шашыңыз құрғақ, таза екендігіне және шашқа арналған лактың, көбіктің немесе
гельдің іздері жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
• Шашыңызды тараңыз, шашыңыз жақсылап таралғандығына және түйіншектер жоқ
екендігіне көз жеткізіңіз.
• Шашты реттеуді желкеңізден бастаңыз, біртіндеп бүйір жаққа және кекілге ауысыңыз.
• Термоқылшақты пайдаланған, ысыған және салқындаған кезде аспапты ыстыққа
төзімді тегіс беткі қабатқа қойыңыз.
• Шашты ретке келтіру кезінде абай болыңыз, термоқылшақты беттің, құлақтардың,
мойынның немесе бастың сезімтал бөліктеріне қатты жақындатпаңыз.
• Термоқылшақты пайдаланғаннан кейін оны жинамаңыз, толықтай салқындатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тарақты пайдаланып болғаннан кейін оны орнына
қоймас бұрын ол толықтай салқындағандығына көз жеткізіңіз.
Электр қуаты сымын аспаптың айналасына ешқашан орамаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ШАШЫҢЫЗДЫ ДАЙЫНДАҢЫЗ
• Шашыңызды әдеттегідей жуыңыз және түйіншіктерді шешіп, тараңыз.
• Шашыңызды кептіріңіз және тамырынан ұшына дейін тараңыз.
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
• Айырды (1) электр қуаты желісіне қосыңыз.
• Термоқылшақты қосу үшін қосу-сөндіру батырмасын басыңыз (2): 1 күйінде
термоқылшақ қосылады және орташа жылдамдықпен жұмыс істейді, 2 күйде жоғары
жылдамдықпен жұмыс істейді.
• Қосу және сөндіру индикаторы (3) жыпылықтауын тоқтатқан кезде термоқылшақ
пайдалануға дайын.
• Оңтайлы жұмыс істеу үшін және қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше минут күте тұрыңыз.
Оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге арналған қадамдар:
1. Саусақтарыңыздың арасына қылшақтың баррелі (5) сияқты шаштың тұтамын алыңыз
және оның айналасына шаш тұтамын ораңыз.
2. Айналу батырмасын таңдаңыз (4) және шаштың ұшына дейін термоқылшақты мұқият
жетелеп жүргізіңіз.
3. Шаш тұтамы анағұрлым жылтыр болу үшін силиконды қылшақтар шаш тұтамының
ұштарын нәзік тегістейтіндей етіп, айналу батырмасын (4) ұстап тұрыңыз.
• Қандай нәтижеге қол жеткізгіңіз келетіндігіне және шашыңызды қай жағынан ретке
келтіретіндігіңізге байланысты айналу батырмасын оңға немесе солға басыңыз.
Қосымша ақпарат және/немесе кеңестер алу үшін шашты ретке келтіру жөніндегі
нұсқаулықты қараңыз.
• Шашты ретке келтіріп болғаннан кейін батырманы (2) басу арқылы аспапты сөндіріңіз
және айырды қуат розеткасынан алып шығыңыз.
Ескерту: Термоқылшақты пайдаланған кезде бу шығуы мүмкін, бұл - шаштағы
артық ылғалдың булануы.
ТАЗАРТУ
• Батырманы (2) басу арқылы аспапты сөндіріңіз және айырды (1) қуат розеткасынан
алып шығыңыз.
• Баррель (5) салқындағанша күте тұрыңыз.
• Термоқылшақтың беткі қабатын жұмсақ дымқыл матамен тазартыңыз.
Аспапты пайдаланар алдында оның барлық бөліктері толықтай құрғақ
және таза екендігіне көз жеткізіңіз!
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Бұйымның қаптамасы өңделетін материалдардан жасалды. Бұйымды қоршаған
ортаны қорғау нормаларына сәйкес кәдеге жаратыңыз.