Hilti DAG 115-S Инструкция по эксплуатации

Категория
Электроинструменты
Тип
Инструкция по эксплуатации
DAG 115-S
Bedienungsanleitung de
Operating instructions en
Mode d’emploi fr
Istruzioni d’uso it
Manual de instrucciones es
Manual de instruções pt
Brugsanvisning da
Bruksanvisning sv
Kulllanma Talimatı tr
Пайдалану бойынша басшылық kk
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТҮПНҰСҚА НҰСҚАУЛЫҚ
Бұрыштық тегістеу машинасы DAG 115‑S
Жұмысты бастау алдында міндетті түрде
пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Әрқашан осы пайдалану бойынша
нұсқаулықты аспаптың жанында сақтаңыз.
Иесі ауысқанда міндетті түрде пайдалану
бойынша нұсқаулықты аспаппен бірге
беріңіз.
Мазмұны Беттер
1 Жалпы ақпарат 117
2 Сипаттамасы 118
3 Пайдаланылатын материал 120
4 Техникалық сипаттамалар 120
5 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар 121
6 Жұмысқа дайындық 126
ызметкөрсету 127
үтужәнетехникалыққызметкөрсету 128
қаулықтардыжою 129
10 Утилизация 129
11 Өндіруші кепілі 129
12 ЕС нормаларына сәйкестік декларациясы
(түпнұсқа) 130
1 Иллюстрациялар сандармен белгіленген. Мәтінге
иллюстрациялар мұқабаның ішкі жақтарында
орналастырылған. Аспаппен танысқан кезде, оларды
көрнекілік үшін ашыңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың мәтінінде
«аспап» сөзі әрқашан DAG 115‑S ротациялық лазерін
білдіреді.
Басқару бөлшектері және аспап құрамдастары 1
@
Желдету ойықтары
;
Негізгі сөндіргіш
=
Жиналған бүйірлік тұтқыш
%
Шпиндель бекіткішінің түймесі
&
Шпиндель
(
Қорғауыш қаптама
)
Қыспа фланец
+
Шайба
§
Қыспа гайка
/
Кілт
алпыақпарат
1.1 Шартты белгілер және олардың мәні
ҚАУІПТІ
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп
төндіруі мүмкін тікелей жағдайдың жалпы белгіленуі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп
төндіруі мүмкін ықтимал жағдайдың жалпы белгіленуі.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына
әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы
белгіленуі.
НҰСҚАУ
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа
пайдалы ақпарат.
1.2 Пиктограммалардың белгіленуі және басқа
нұсқаулар
Ескертетін белгілер
Қауіпті! Электр тогы
соғуының
қаупі
Ыстық бет
kk
117
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
Ұйғарымдайтын белгілер
Қорғауыш
көзілдірікті
киіңіз
Қорғауыш
касканы
қолданыңыз
Қорғауыш
құлаққапты
қолданыңыз
Қорғауыш
қолғаптарды
қолданыңыз
Жеңіл
респираторды
қолданыңыз
Таңбалар
Жұмыс
бастау
алдында
міндетті
түрде
пайдалану
бойынша
нұсқаулықты
оқып
шығыңыз.
Қоқысты
утилизациялау
Вольт Ампер
Ватт Герц Айнымалы
ток
Минут
ішіндегі
айналымдар
Минут
ішіндегі
айналымдар
Номиналды
айналу
жиілігі
Диаметр Қос
изоляция
Аспаптағы идентификациялық мәліметтердің
орналасуы
Аспап түрі, артикулы, өндіру жылы және
модификациясы аспаптың зауыттық кестешесінде
көрсетілген. Сериялық нөмір электр қозғалтқыш
корпусының сол жағында көрсетілген. Бұл
мәліметтерді осы пайдалану бойынша нұсқаулыққа
жазыңыз, олар аспапқа қызмет көрсеткенде және
оны пайдалану бойынша консультация алғанда қажет.
Түрі:
Буын: 02
Сериялық нөмірі:
2 Сипаттамасы
2.1 Тағайындалуы бойынша пайдалану
Аспап металды және минералды материалдарды су пайдаланбай кесуге немесе дөрекі тегістеуге арналған.
Ықтимал аспапты қолдану салалары және түрлері: құрылыс алаңы, шеберханартүрліжөндеужұмыстарын
орындау.
Аспапты пайдалану тек зауыттық кестеде көрсетілгенге сәйкес электр желісінің кернеуі болғанда мүмкін.
Металды өңдеу: Кесу, дөрекі тегістеу.
Минералды материалдарды өңдеу: Кесу, штробтар жүргізу және дөрекі тегістеу.
Тек ең азы 11000 айн/мин айналу жиілігіне сай, дөрекі тегістеу дискілернің маскималды қалындығы 6,4 мм, ал
кесу дискілерінің максималды қалындығы 2,5 мм болып Ø 115 мм болған жұмыс саймандарын (дөрекі тегістеу
дискілерін, кесетін дискілерін т.б.) қолданыңыз.
kk
118
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
Байланыстырушы заты синтетикалық шайырдан тұратын және талқыш қосылған кесетін дөңгелектерді және
дөрекі тегістеу дискілерін қолданыңыз. Олардың тік жылдамдығы 80 м/с аспауы керек, сонымен бірге, рұқсат
етілген шеңбер бойынша жылдамдығы 80 м/с алмас кесетін дөңгелектерді қолдануға болады.
Аспап тек құрғақ тегістеу мен кесуге арналған.
Құрамында асбест бар материалдарда тесіктерді бұрғылауға болмайды.
Сіздің еліңізде қабылданған қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаңыз.
Қызметкерлердің жарақат алуын және аспаптың зақымдалуын болдырмау үшін тек түпнұсқа Hilti компаниясы
шығарған саймандарды және құралдарды қолданыңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген аспапты пайдалану, күту және техникалық қызмет көрсету
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Аспап кәсіби қолдануға арналған, сондықтан оған тек уәкілетті қызметкерлер қызмет көрсете және жөндей
алады. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Аспапты басқа мақсатта
қолдану және оны оқытылмаған қызметкерлердің пайдалануы қауіп тудырады.
Аспаптың конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
Қоршаған орта жағдайларын ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
2.2 Айырып-қосқыш
Сөндіргіш
2.3 Картон орауыштағы жеткізу жинағына мыналар кіреді:
спап
орғауышқаптама
1 Жиналған бүйірлік тұтқыш
ыспафланец
ыспагайка
ілт
1 Пайдалану бойынша нұсқаулық
артонқорап
2.4 Ұзартқыш кабельді қолдану
Тек осы пайдалану саласына сай, қимасы жеткілікті ұзартқыш кабельдерді қолданыңыз. Әйтпесе аспап қуаты
жоғалуы және кабель қызып кетуі мүмкін. Тұрақты түрде кабель зақымдалмаған ба, соны тексеріңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабельдерді дереу ауыстырыңыз.
Төменде ұзартқыш кабельдердің ұсынылған қималары және ұзындықтары көрсетілген:
Сымның қимасы
1,5 мм² 2,0 мм² 2,5 мм² 3,5 мм²
Желідегі кернеу 100 В 30 м 50 м
Желідегі кернеу 110 - 120
В
20 м 30 м 40 м 50 м
Желідегі кернеу 220 - 240
В
75 м
100 м
Қимасы 1,25 мм² ұзартқыш кабельдерді қолдануға тыйым салынады.
2.5 Ұзартқыш кабельді бөлмелерден тыс пайдалану
Ашық ауада жұмыс істегенде тек пайдалануға рұқсат етілген, сәйкес белгілеуі бар ұзартқыш кабельдерді
қолданыңыз.
2.6 Генераторды немесе трансформаторды қолдану
Келесі талаптарды сақтағанда аспап генератордан немесе трансформатордан қуат ала алады: электр қамтуы
көзінің шығыс қуаты (Вт) аспаптың зауыттық кестесінде көрсетілгеннен ең азы екі есе үлкен; жұмыс кернеуі
номиналды кернеуден +5 % пен –15 % арасында орналасқан; ток жиілігі 50-60 Гц болуы керек, ешбір жағдайда
65 Гц-тен көп болмауы керек, сонымен бірге, іске қосу күшейткіші бар автоматты кернеу стабилизаторы бар.
Генераторды/трансформаторды бір уақытта басқа құрылғыларға қуат беру үшін қолдануға тыйым салынады.
Басқа құрылғыларды қосу/өшіру кезінде кернеудің кенет өзгерулері пайда болып, аспапты зақымдауы мүмкін.
kk
119
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
2.7 Жапсырмасы бар қорғауыш қаптама
АБАЙЛАҢЫЗ
Металды материалдырды дөрекі тегістеу дискілерімен дөрекі тегістеуде және кесу дискілерімен кесуде
жабу табасы бар қорғауыш қаптаманы пайдаланыңыз.
3 Пайдаланылатын материал
Макс. Ø 115 мм, 11000/мин, айналу жылдамдығы 80 м/с, дөрекі тегістеу дискісінің қалындығы макс. 6,4 мм
және кесу дискінің қалындығы макс. 2,5 мм үшін дискілер.
Дискілер
Пайдалану саласы
Қысқаша белгiленуі
Негіз
Абразивті кесу дискі
Кесетін тегістеу AC‑D
металды
Алмасты кесу дискісі Кесетін тегістеу DC‑D
минералды
Абразивті дөрекі тегістеу дискісі
Сиыра/аршыта
тегістеу
AG‑D, AF‑D, AN‑D
металды
Алмасты дөрекі тегістеу дискісі
Сиыра/аршыта
тегістеу
DG‑CW
минералды
Қолданған жабдықтар бойынша дискілерді реттеу
Жабдық
AC‑D AG-D
AF-D AN-D
DG‑CW DC‑D
ҚорғауышқаптамаXXXXXX
Жапсырмасы бар
қорғауыш қаптама
X
----
X
Жиналған бүйірлік
тұтқыш
XXXXXX
ҚыспагайкаXXXXXX
ҚыспафланецXXXXXX
ехникалықсипаттамалар
Өндіруші техникалық өзгертулерді енгiзу құқығын өзiне қалдырады!
Аспап DAG 115‑S
Номиналды ток/тұтынылатын қуат 3,8 A / 840 Вт (Номиналды кернеу 230 В)
8,0 A / 840 Вт (Номиналды кернеу 110 В)
Номиналды жиілік 50…60 Гц
Номиналды айналу жиілігі 11000/min
Кесу дискілері Макс. 115 мм
Қаптамасыз габариттік өлшем х Б х Е)
271 мм x 103 мм x 78 мм
EPTA 01/2003 әдісіне сай салмағы 2,0 кг
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар
Шпиндельдің ирек оймасы M 14
Қорғау класы II қорғау класы (қос изоляция)
НҰСҚАУ
Осы нұсқауларда көрсетілген вибрация деңгейі EN 60745 стандартына сай өлшеу әдісінің көмегімен анықталған
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол вибрациялық
жүктемені алдын ала бағалау үшін жарайды. Көрсетілген вибрация деңгейі іс жүзінде электр құралын пайдалану
салаларына сай келеді. Алайда егер электр құралы басқа мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса
немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық қызмет көрсетілсе, вибрациядеңгейібасқаболуымүмкін.
Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде вибрациялық жүктеме айтарлықтай артуы мүмкін.
kk
120
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
Вибрациялық жүктемені дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде вибрациялық жүктеме айтарлықтай
төмендеуі мүмкін. Операторды пайда болатын вибрациядан қорғау үшін қосымша сақтық шараларын қолданы-
ңыз, мысалы: электр құралға және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау,
жұмыс процестерін дұрыс реттеу.
Шу мен діріл көрсеткіштері (мынаған сәйкес EN 60745‑1 ):
DAG 115‑S шу деңгейінің орташа А-түзетілген мәні 97 дБ (А)
DAG 115‑S дыбыс қысымы деңгейінің орташа А-
түзетілген мәні
86 дБ (А)
Жоғарыда берілген шу деңгейлері көрсеткіштерінің
дәлсіздігі
Б(А)
Үш ось бойынша вибрация мәндері (векторлық
қосынды)
EN 60745‑2‑3 мынаған сай өлшеу
Жоғарғы бетті тегістеу, a
h,AG
7,5 м/с²
Дәлсіздік (К) 1,5 м/с²
Қосымша ақпарат Басқа мақсаттарда қолдану, мысалы, кесу немесе
щеткамен өңдеу үшін, вибрация мәндерінің
ауытқуына әкелуі мүмкін.
5 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
5.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік
техникасыбойыншажалпынұсқаулар
a)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сақтық шаралары бойынша барлық
нұсқауларды және нұсқауларды оқып
шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды
орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі
мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы
мүмкін. Қауіпсіздік техникасы бойынша
барлық нұсқауларды және нұсқауларды
келесі пайдаланушы үшін сақтаңыз. Бұдан
әрі қолданылатын «электр құрал» термині
электр желісінен (желілік кабельмен) және
аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін
электр құралға қатысты.
5.1.1 Жұмыс орны
a) Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті
қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
b) Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар
жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз. Жұмыс істегенде электр құралдан
ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
булардытұтандыруымүмкін.
c) Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс
істеп тұрған электр құралға жақындауына
рұқсат етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде,
электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
5.1.2 Электр қауіпсіздігі
a) Электр құралдың біріктіруші айыры электр
желісінің розеткасына сай болуы керек.
Айырдың конструкциясын өзгертпеңіз. Қор-
ғауыш жерге қосуы бар электр аспаптарымен
бірге өтпелі айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа
айырлар және оларға сай розеткалар электр
тогының соғу қаупін азайтады.
b) Жерге қосылған беттерге, мысалы,
құбырларғаылытуқұралдарына,пештерге
(плиталарға) және тоңазытқыштарға, тікелей
тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға
тигенде электр тогының соғуының үлкен қаупі
туындайды.
c) Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал
әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
d) Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз,
мысалы, электр құралды тасымалдау,
оны іліп қою немесе электр желісінің
розеткасынан айырды шығару үшін. Кабельді
жоғары температуралардың, майдың,
үшкір жиектердің немесе электр құралдың
айналатын түйіндерінің әсерлерінен қорғаңыз.
Кабельдің зақымдалуы немесе қабаттасуы
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
e) Егер жұмыстар ашық ауада орындалса,
тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат
етілген ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз.
Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш
кабельді пайдалану электр тогының соғу қаупін
азайтады.
f) Егер электр құралмен ылғалдылық
жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау
мүмкін емес болса, шығып кететін токтан
қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін
токтан қорғау автоматын қолдану электр тогының
соғу қаупін азайтады.
kk
121
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
5.1.3 Адамдардың қауіпсіздігі
a) Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз
және электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршасаңыз немесе есірткілер,
алкоголь немесе дәрі-дәрмек әсерінің астында
болсаңыз, электр құралды пайдаланбаңыз.
Электр құралмен ұқыпсыз жұмыс істегендегі
мардымсыз қате ауыр жарақаттанудың себебі
болуы мүмкін.
b) Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз
және әрқашан міндетті түрде қорғауыш
көзілдірікті киіңіз. Электр құралының түріне
және пайдалану жағдайларына байланысты жеке
қорғану құралдарын, мысалы, респираторды,
ұлтаны сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш
касканы немесе қорғауыш құлаққапты қолдану
жарақаттану қаупін азайтады.
c) Электр құралының кездейсоқ қосылуын
болдырмаңыз. Электр қуатына қосу
және/немесе аккумуляторды қою, көтеру
немесе тасымалдау алдында электр құрал
өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Электр құралды
тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын
немесе қосылған электр құрал желіге қосылатын
жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
d) Электр құралды қосу алдында реттеуші
құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз.
Электр құралдың айналатын бөлігіндегі аспап
немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
e) Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға
тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді
және тепе-теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген
жағдайларда электр құралды жақсырақ
басқаруға мүмкіндік береді.
f) Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе
әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралдың айналатын
түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер
және ұзын шаш оларға ілінуі мүмкін.
g) Егер шаңды жинау және кетіруге арналған
құрылғыларды қосу қарастырылған болса,
олар қосылғанына және мақсаты бойынша
қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды
кетіру модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін
азайтады.
5.1.4 Электр құралды қолдану және оған қызмет
көрсету
a) Электр құралға шамадан тыс жүктеме түсуін
болдырмаңыз. Дәл осы жұмысқа арналған
электр құралды қолданыңыз. Бұл ережені
сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ
жұмыс сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз
етеді.
b) Сөндіргіші бұзылған электр құралын
қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр
құрал қауіпті және оны жөндеу керек.
c) Электр құралды реттеуге, саймандарды
ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы
үзіліс алдында розеткадан айырды
және/немесе электр құралдан аккумуляторды
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр
құралдың кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
d) Қолданылмайтын электр құралдарды балалар
жетпейтін жерлерде сақтаңыз. Электр
құралды оны пайдалана алмайтын немесе
осы нұсқауларды оқып шықпаған тұлғаларға
бермеңіз. Электр құралдар тәжірибесі жоқ
пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
e) Электр құралдарына ұқыпты қараңыз.
Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет
ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін,
барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралдың жұмысына теріс әсер етуі мүмкін
зақымдардыңжоқтығынтексеріңізспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында
жөндеуге өткізіңіз. Көп сәтсіз жағдайлардың
себебі болып электр құралға техникалық қызмет
көрсету ережелерін сақтамау табылады.
f) Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын
қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады,
оларды басқару жеңілдеу.
g) Электр құралды, саймандарды, көмекші
құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын
және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарды басқа мақсаттарда
қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
5.1.5 Қызмет
a) Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа
қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр
құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
5.2 Тегістеу және зімпара дөңгелектерімен
тегістеу, сым щеткалармен және кесетін
дөңгелектермен жұмыс істеу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы туралы жалпы
нұсқаулар
a) Бұл электр құралы тегістеу машинасы мен
кесу машинасы ретінде қолдануға арналған.
Аспаппен бірге алынған барлық қауіпсіздік
техникасы туралы нұсқауларды, нұсқауларды,
схемаларды және деректерді орындаңыз.
Төменде берілен нұсқауларды орындамау электр
тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
b) Бұл электр құрал зімпара қағазын қолда-
нуға, сым қылшақпен жұмыс істеуге және
жылтыратуға арналмаған. Электр құралын басқа
мақсатта қолдану қауіпті жағдайлардың пайда
болуына әкелуі мүмкін және жарақаттанудың
себебі болуы мүмкін.
c) Өндіруші арнайы осы электр құрал үшін
жасамаған немесе ұсынбаған саймандарды
қолданбаңыз. Сіздің электр құралда қандай
да сайманды бекіте алғаныңыз оны қауіпсіз
пайдалануға кепіл бермейді.
kk
122
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
d) Жұмыс аспабында көрсетілген шекті айналу
жиілігі электр құралда көрсетілген ең көп
айналу жиілігінен азырақ болмауы керек.
Рұқсат етілгеннен көбірек жиілікпен айналатын
жұмыс аспабы бұзылуы мүмкін.
e) Жұмыс аспабының сыртқы диаметрі және
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сай
болуы керек. Өлшемдері қажеттіге сай келмейтін
жұмыс аспаптарын жеткілікті дәрежеде экрандау
немесе басқару мүмкін емес.
f) Бұрандалы алмалы-салмалы аспаптар тегістеу
шпинделінің бұрандасына сай болуы керек.
Фланецпен орнатылатын алмалы-салмалы
аспаптарда алмалы-салмалы аспаптың тесік
диаметрі фланецтің патрон диамтеріне
сай болуы керек. Электр құралында дұрыс
бекітілмеген алмалы-салмалы аспаптар бір
қалыпта айланбай, қатты дірілдеп бақылау
жоғалтуына алып келуі мүмкін.
g) Зақымдалған жұмыс аспаптарын
қолданбаңыз. Әр пайдалану алдында тегістеу
дөңгелектерінде сынықтар мен сызаттар,
тегістеу тарелкаларында сызаттар, тозу
немесе қатты сырылу, сым щеткаларында
сыну немесе үзілу бар-жоғын тексеріңіз.
Электр құрал немесе жұмыс аспабы
құлағаннан кейін оларда зақымдар бар-жоғын
тексеріңіз немесе жұмыс аспабын ауыстыруды
орындаңыз. Айналатын жұмыс аспабын
қолданғанда оператор мен жанында тұрған
тұлғалар одан қауіпсіз қашықтықта болуы
керек. Аспапқа бір минут бойы ең көп айналу
жиілігімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек.
Ақаулы жұмыс аспаптары көбінесе осы бақылау
уақыт аралығында істен шығады.
h) Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз.
Жағдайларға байланысты қорғауыш масканы
немесе қорғауыш көзілдірікті қолданыңыз.
Қажет болғанда шаңнан қорғайтын
масканы, қорғауыш құлаққапты, қорғауыш
қолғаптарды немесе сізді өңдеп жатқан
материалдың майда бөлшектерінен қорғайтын
арнайы алжапқышты қолданыңыз. Әр түрлі
жұмыстарды орындау кезінде пайда болатын
бөлшектердің көзге тиюінен қорғауды қамтамасыз
ету керек. Жұмыс кезінде пайда болатын шаңды
респиратордың шаңнан қорғайтын сүзгіні ұстап
тұруы керек. Қатты шу тым көп әсер еткенде есту
қабілеті жоғалуы мүмкін.
i) Бөгде тұлғалар жұмыс аймағынан қауіпсіз
қашықтықта болуын қадағалаңыз. Жұмыс
аймағындағы кез келген адам жеке қорғану
құралдарын қолдануы керек. Өңдеп жатқан
бөлшектердің немесе бұзылған жұмыс
аспаптарының сынықтары шетке ұшуы және тіпті
жұмыс аймағының шектерінен тыс жарақаттауы
мүмкін.
j) Аспаптың жасырын электр сымдарын
немесе желілік кабельді зақымдау қаупі
болғанда аспапты изоляцияланған беттерінен
ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың
қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында
болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі
мүмкін.
k) Желілік кабельді айналатын жұмыс
аспаптарынан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
Аспапты басқаруды жоғалту жағдайында
желілік кабель кесілуі, ал қол айналатын жұмыс
аспабының аймағына тартылып кетуі мүмкін.
l) Аспапты электр қозғалтқыш толық тоқтағанша
қоймаңыз. Айналатын жұмыс аспабы тірек бетіне
тиіп, осының салдарынан сіз электр құралды
басқаруды жоғалтуыңыз мүмкін.
m) Тасымалдау кезінде электр құралдың
қосылуын болдырмаңыз. Айналатын жұмыс
аспабы кездейсоқ киіміңіздің жиектерін іліп алуы
және айналғанда сізді жарақаттауы мүмкін.
n) Электр құралдың желдету саңылауларын
тұрақты түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш
корпусына тартылатын металл шаңының артық
концентрациясы электр тогының соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
o) Оңай тұтанатын материалдардың жанында
электр құралды қолданбаңыз. Ұшқындардың
тиюі бұл материалдарды тұтандыруы мүмкін.
p) Пайдалану үшін салқындату сұйықтықтары
қажет жұмыс аспаптарын қолданбаңыз.
Суды немесе басқа салқындату сұйықтықтарын
қолдану электр тогының соғу қаупіне әкелуі
мүмкін.
5.3 Қайтарым және тиiстi нұсқаулар
Қайтарым айналып жатқан аспап (тегістеу дөңгелегі,
тегістеу тарелкасы, сым щеткасы және т.б.) іліну
немесе бұғатталу кезінде пайда болатын күтпеген
реакция болып табылады. Іліну немесе бұғатталу
айналып жатқан жұмыс аспабының кенет тоқтауына
әкеледі. Бұғатталу орнында жұмыс аспабының
қарама-қарсы бағытта айналуына байланысты электр
құралдың басқарылмайтын қозғалысы орын алады.
Өңдеп жатқан бөлшекте тегістеу дөңгелегі ілінгенде
немесе бұғатталғанда, бөлшекке салынатын тегістеу
дөңгелегінің жиегі тұрып қалуы мүмкін. Бұл дөңгелектің
сынуына әкеледі немесе қайтарымды тудырады. Бұл
кезде тегістеу дөңгелегі оператор бағытында немесе
оған кері қозғалады (бұғатталу сәтінде дөңгелектің
айналу бағытына байланысты). Сонымен бірге, бұл
тегістеу дөңгелегінің құртылуына әкеп соқтыра алады.
Қайтарым электр құралды дұрыс емес немесе қате
қолданудың салдары болып табылады. Төменде
берілген сақтық шараларын орындаған жағдайда
мұны болдырмауға болады.
a) Аспаптың қайтарымын амортизациялау алатын
қалыпты қабылдап, электр құралды берік
ұстаңыз. Электр қозғалтқышы тездегенде
пайда болатын қайтарымды немесе реактивті
моментті максималды басқару үшін әрқашан
қосымша тұтқышты (бар болса) қолданыңыз.
Тиісті сақтық шараларын қолданған жағдайда
оператор қайтарымды және реактивті моментті
басқара алады.
kk
123
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
b) Қол буынын айналатын жұмыс аспаптарына
жақындатпаңыз. Қайтарым кезінде жұмыс
аспабы оларға ілінуі мүмкін.
c) Қайтарым кезінде электр құралдың жылжитын
аймаққа түсуін болдырмаңыз. Қайтарым электр
құралды бұғатталу орнынан жұмыс аспабының
айналуына қарама-қарсы бағытта жылжытады.
d) Бұрыштарды, үшкір жиектерді және т.б.
өңдеу кезінде өте мұқият болыңыз. Электр
құралдардың ыршып кетуін және өңделетін
бөлшектерде сыналануын болдырмаңыз.
Айналатын жұмыс аспабы бұрыштарды, үшкір
жиектерді өңдеу кезінде немесе ыршып кеткенде
сыналануы мүмкін. Бұл аспапты басқаруды
жоғалтудың немесе қайтарымның пайда
болуының себебі болады.
e) Шынжырлық немесе тісті ілінісі бар төсемді
қолданбаңыз. Мұндай жұмыс аспаптарын
қолдану жиі қайтарымды тудырады немесе
электр құралын басқаруды жоғалтуға әкеледі.
5.4 Дөңгелекпен тегістеу және кесу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
a) Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті
аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз. Бұл электр құралға
арналмаған абразивті дөңгелектер жеткілікті
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс
істейді.
b) Қисық тегістеу дискілерін тегістеу аймақтары
қорғауыш қаптама шетіненen шықпайтын етіп
орнату керек. Тиісті ретте орнатылған тегістеу
дискісі қорғауыш қаптама шетінен шығып тұрса
жетерлік ретте қапталмайды.
c) Қорғауыш қаптаманы электр құралға берік
орнату керек және ешбір ең майда абразивті
бөлшек операторға тимейтіндей ең жоғары
қорғау дәрежесіне реттелуі керек. Қорғауыш
қаптама операторды сынықтардан, киімді
тұтандыруы мүмкін ұшқындар сияқты тегістеу
нысандарына кездейсоқ тиюден қорғауға
көмектеседі.
d) Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай
қолдану керек. Мысалы , тегістеуді кесу
дөңгелегінің бүйірлік бетімен орындауға
тыйым салынады. Кесу дөңгелектері материалды
дөңгелек жиегімен алуға арналған. Дөңгелекке
бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының
себебіне айналуы мүмкін.
e) Тегістеу дөңгелегін орнату үшін әрқашан
зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні қажеттідей
қыспа фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі
жарайтын фланецтер тегістеу дөңгелегін бекітеді
және оның сыну қаупінің дәрежесін азайтады.
Кесу дөңгелектерінің қыспа фланецтері басқа
тегістеу дөңгелектерінің қыспа фланецтерінен
ерекшеленуі мүмкін.
f) Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған
тегістеу дөңгелектерін қолданбаңыз. Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу
дөңгелектері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы
себепті бұзылуы мүмкін.
5.5 Дөңгелекпен кесу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
a) Кесу дөңгелегінің бұғатталуын немесе тым
қатты басу қысымын болдырмаңыз. Тым қатты
кесулерді орындамаңыз. Кесу дөңгелегіне
шамадан тыс жүктеме түсуі оның тозуын және
қисаю немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен
бірге қайтарымның пайда болу немесе оның
бұзылу мүмкіндігін арттырады.
b) Айналып жатқан кесу дөңгелегінің аймағында
және оның артында болмаңыз. Өңдеп жатқан
бөлшектегі кесу дөңгелегі өзіңізден ары бағытта
ауытқығанда электр құралы қайтарым пайда
болғанда тура сізге ыршып түсуі мүмкін.
c) Кесу дөңгелегі сыналанған немесе жұмысты
тоқтатқан жағдайда аспапты өшіріңіз және
дөңгелек толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі
айналып жатқан дөңгелекті кесу жерінен
шығарып алуға ешқашан әрекет жасамаңыз
–қайтарымболуымүмкін.Сыналану себебін
анықтаңыз және кетіріңіз.
d) Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты
қайтадан қоспаңыз. Жұмысты жалғастыру
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне
дейін тездегенше күтіңіз. Әйтпесе дөңгелек
сыналануы, өңдеп жатқан бөлшектен ыршып кетуі
немесе қайтарымның пайда болуы мүмкін.
e) Кесу дөңгелегі сыналанған жағдайда қауіп
дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді
тақталарды немесе бөлшектерді тіреңіз. Үлкен
өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен
иілуі мүмкін. Өңделетін бөлшекті екі жағынан
кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ,
бөлшек жиегінің бойында тіреу керек.
f) Қабырғаларда немесе басқа көру мүмкін емес
аймақтарда қуыстарды кесуді орындау кезінде
әсіресе сақ болыңыз. Газ және су құбырларын,
электр сымдарын немесе басқа заттарды кесу
кезінде кесу дискісін салғанда, қайтарым пайда
болуы мүмкін.
5.6 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
5.6.1 Адамдардың қауіпсіздігі
a) Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің
нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
b) Аспапты әрқашан екі қолмен арнайы жасалған
тұтқалардан ұстау керек. Тұтқалар құрғақ,
таза, маймен ластанбаған болуы керек.
c) Егер аспап шаңды кетіру құралдарынсыз
қолданылса, шаң пайда болатын жұмыстарда
қорғану құралдарын қолданыңыз.
d) Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін
саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
e) Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз.
Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын түйіндерге, әсіресе
kk
124
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға
әкелуі мүмкін.
f) Жұмыс кезінде желілік және ұзартқыш
кабельдердің аспаптың артында болуын
бақылаңыз. Бұл жұмыс уақытында оларға
шалыну қаупін азайтады.
g) Балалар оларға аспаппен ойнауға тыйым
салынғаны туралы білуі керек.
h) Аспап тиісті нұсқау алусыз балалардың немесе
денесі әлсіреген тұлғалардың пайдалануына
арналмаған.
i) Құрамында қорғасын бар материалдарды,
ағаштың кейбір түрлерін, минералдарды және
металлдарды өңдеу кезінде пайда болатын шаң
денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай
шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі
мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын
шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе
ағашты өңдеу үшін қолданылатын қосымша
материалдармен (хром қышқылының тұзы,
ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында
асбест бар материалдарды өңдеуді тек мамандар
орындауы керек. Мүмкін болса жарамды
шаңсорғыш аппаратты қолданыңыз. Шаңды
оптималды кетіру үшін бұл электр құралды
Hilti компаниясы ағаш үгінділерін және/немесе
минералдық шаңды тазалау үшін ұсынылған
тиісті тасымалданатын шаңсорғышпен
тіркесімде қолданыңыз. Жұмыс аймағының
жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
P2 класты сүзгісі бар респираторды кию
ұсынылады. Материалдарды өңдеу бойынша
күшіндегі ұлттық нұсқауларды орындаңыз.
5.6.2 Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және
оны дұрыс пайдалану
a) Тегістеу дөңгелектерін өндірушінің
нұсқауларына сай сақтаңыз және қолданыңыз.
b) Тегістеу аспабы тегістеу машинасына өндіруші
нұсқауларына сай орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
c) Тегістеу дөңгелектеріне комплектте төсемдер
берілсе, олардың дұрыс орнатылғанын
қадағалаңыз.
d) Аспапты қорғауыш қаптамасыз қолдануға
тыйым салынады.
e) Жұмыс кезінде өңделетін бөлшекті берік бекіту
керек.
f) Кесу дөңгелектерін сиырып тегістеуге қолда-
нуға мүлде тыйым салынады.
g) Дөңгелек сынғаннан, аспап құлағаннан кейін
немесе басқа механикалық әсерлерден кейін
аспапты Hilti сервис орталығына тексеруге
жіберіңіз.
h) Жұмыс кезінде пайда болатын ұшқындар сізге
немесе басқа адамдарға қауіп төндірмейтініне
және тұтанғыш материалдарға тимейтініне
көз жеткізіңіз. Бұл үшін қорғауыш қаптаманы
дұрыс орнатыңыз.
i) Электр қамтуы өшкенде: Құрылғыны өшіріңіз
және желілік кабель айырын розеткадан
шығарыңыз. Бұл электрмен қамту қалпына
келтірілгенде аспаптың өздігінен қосылуын
болдырмайды.
5.6.3 Электр қауіпсіздігі
a) Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында
жасырын электр сымдарының, газ және су
жүргізу құбырларының бар-жоғын тексеріңіз,
мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр
сымдарына кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық
металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне
айналуы мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу
қаупі пайда болады.
b) Тұрақты түрде аспаптың электр қамтуы
кабелін тексеріңіз. Зақымдалған кабельді
ауыстыруды маман электрик орындауы керек.
Қуат беретін кабель зақымдалған жағдайда
оны басқа, ауыстыруға арналған арнайы
кабельге ауыстыру керек. Оған клиенттерге
қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс
беруге болады. Тұрақты түрде ұзартқыш
кабельдерді тексеріңіз және зақымдар бар
болғанда оларды ауыстырыңыз. Егер жұмыс
уақытында желілік немесе ұзартқыш кабель
зақымдалған болса, оған тиюге тыйым
салынады. Кабель айырын желілік розеткадан
шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері
және ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу
қаупін тудырады.
c) Ток өткізетін материалдармен жиі жұмыс
істегенде аспап ластанады, өйткені оны
тұрақты түрде тексеру үшін Hilti қызмет
көрсету орталығына өткізу керек. Жағымсыз
жағдайларда аспаптың бетінде жиналатын ылғал
мен шаң (әсіресе ток өткізгіш материалдардан)
электртогыныңсоғуынтудыруымүмкін.
d) Ашық ауада жұмыс істегенде аспаптың желіге
шығып кету тогынан қорғау автоматымен бірге
(RCD) ең көп өшіру тогы 30 мА етіп қосылға-
нына көз жеткізіңіз. Шығып кету тогынан қорғау
автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін
азайтады.
e) Әдетте ең көп өшіру тогы 30 мА шығып кету
тогынан қорғау автоматын (RCD) қолдану ұсы-
нылады.
5.6.4 Жұмыс орны
a) Жұмыстарды өткізу орнына жақсы жарық
түсіруді қамтамасыз етіңіз.
b) Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамта-
масыз етіңіз. Нашар желдетілетін жұмыс аймағы
шаңның жоғары жиналуына байланысты көңіл-күй
нашарлауына себеп болуы мүмкін.
kk
125
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
5.6.5 Жеке қорғану құралдары
Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам
және оның жанындағы тұлғалар тиісті қорғауыш
көзілдірікті, қорғауыш шлемді, қорғауыш
құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды және жеңіл
респираторды киюі керек.
6 Жұмысқа дайындық
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспапты қорғауыш қаптамасыз қолдануға тыйым
салынады.
ҚАУІПТІ
Аспапты баптау, оның құрама бөліктерін
ауыстыру немесе жұмыста үзіліс жасау алдында
айырды розеткадан шығарыңыз. Бұл сақтық
шарасы электр құралдың кездейсоқ қосылуын
болдырмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ
Монтаждау, демонтаждау, орнату жұмыстары
кезінде және ақаулықтарды жою кезінде
қорғағыш қолғапты киіңіз.
6.1 Бүйірлік тұтқаны орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кез келген жұмыстардың орындалуы барысында
әрдайым бүйірлік тұтқыш орнатылуы керек.
Бүйірлік тұтқыш корпустың сол немесе оң жағына
бұралады.
6.2 Қорғауыш қаптама
АБАЙЛАҢЫЗ
Аспапты қорғауыш қаптамасыз қолдануға тыйым
салынады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Қорғауыш қаптаманың жабық беті әрдайым
операторға бағытталған болу керек.
6.2.1 Қорғауыш қаптаманы немесе қорғауыш
қаптаманы жабу табасымен орнату мен
шешу 2
1. Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Қорғағыш қаптаманы шығыңқы жерлерімен
шпиндель мойнындағы науаға орнатып, қажет
жұмыс күйіне бұрыңыз.
3. Қорғағыш қаптаманы винтпен бекітіңіз.
4. Жұмыс әдісіне байланысты құрал басында оң
жақта немесе сол жақта қосымша тұтқаны бұрап
бекітіңіз.
5. Қорғағыш қаптаманы ажырату үшін сәйкес
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6.3 Алмалы-салмалы аспапты орнату мен
шешу 4
ҚАУІПТІ
Жұмыс аспабында көрсетілген ең көп айналу
жиілігі құралда көрсетілген ең көп айналу
жиілігінен аз болмауы керек.
ҚАУІПТІ
Қолдану алдында тегістеу аспабы дұрыс
орнатылғанына және бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Зақымдалған жұмыс аспаптарын қолданбаңыз.
НҰСҚАУ
Кесу мен тегістеу сапасы төменделсе алмасты
дискілерді алмастыру керек болады. Жалпы
жағдайда алмас сегменттері 2 мм кіші болса
алмастыру керек болады. Басқа диск түрлерін
кесу сапасы төменделген кезде немесе бұрыштық
тегістеуіш бөліктері (дискіден басқа) жұмыс кезінде
жұмыс материалына тисе алмастыру керек болады.
Абразивтідискілердітозумерзіміөткенненсоң
алмастыру қажет болады.
1. Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Қысқыш фланецті шпиндельге ойығы бар жағы
шпиндель фланеціне отыратындай орнатыңыз
(бұрылмалы байланыс).
3. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
4. Қыспа гайканы бекітіңіз.
kk
126
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
5.
АБАЙЛАҢЫЗ Шпиндель бекіткішінің
түймесін тек шпиндель айналуы толығымен
тоқтағаннан кейін басуға рұқсат етіледі.
Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
6. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемде-
ңіз және шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз.
7. Қосу алдында құралдың дұрыс орнатылғанын
жәнеоныңеркінайналуынтексеріңіз.
8. Алмалы-салмалы аспапты шешу үшін сәйкес
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6.4 Редукторды бұру 3
НҰСҚАУ
Кез келген күйде қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс істеу
үшін (мысалы, бастың үстінде), рекдторды төрт рет 90
º бұрышқа бұруға болады.
1. Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Аспапты тазалаңыз.
3. Аспаптан бүйірлік тұтқышты алыңыз.
4. Редуктордың төрт бұрандасын бұрап алыңыз.
5. Редукторлық механизмді аспаптан алмай қажет
күйге бұрыңыз.
6. Редуктордың төрт бұрандасын бұраңыз.
7. Піспек тоқтатқышын орнатыңыз.
ызметкөрсету
ҚАУІПТІ
Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің
нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жаңа тегістеу аспабын орнатылған аспапқа
жүктемесіз ең көп айналу жиілігінде шамамен 60
секунд жұмыс істетіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда
тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді,
әсіресе арматураны немесе ұстап тұратын
құрылыстарды кескенде. Жұмысты бастау алдында
инженер-құрылысшыдан немесе басқа жауапты
тұлғадан кеңес алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Желі кернеуі аспаптың белгілеу кестешесінде
көрсетілген сипаттамаларға сай болуы керек. 230
В желілерінде жұмыс істеуге есептелген аспаптар
220 В кернеуі бар желілерде жұмыс істей алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кез келген жұмыстарды орындау кезінде бүйірлік
тұтқыш орнатылған болуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспапты қорғауыш қаптамасыз қолдануға тыйым
салынады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Затты берік бекітіңіз. Затты бекіту үшін
струбциналарды немесе қыспақтарды
қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тегістеу кезінде материалдың бөліктері жан-жаққа
ұшуы мүмкін. Қорғауыш көзілдіріктерді пайдала-
ныңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер аспап шаңды кетіру құралдарынсыз
қолданылса, шаң пайда болатын жұмыстарда
қорғану құралдарын қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз.
Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын түйіндерге, әсіресе
айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жұмыс кезінде ауыстырылатын аспаптар қызады.
Ауыстырылатын аспапты ауыстырғанда қорғауыш
қолғаптарды киіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кесу жұмыстарын орындау кезінде кесу
дөңгелегін қисайтпаңыз және тым көп күш
салмаңыз. Әйтпесе аспап тоқтауы, қайтарым пайда
болуы немесе дөңгелек бұзылуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін
саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Электр құралды оңай тұтанатын материалдардың
жанында қолданбаңыз.
kk
127
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
7.1 Сиыра/аршыта тегістеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Ешқашан кесетін тегістеу дөңгелегін сыдыру
жұмыстары үшін қолданбаңыз.
мен 30° арасындағы көлбеу бұрышында сыдыру
кезінде жақсырақ нәтиже алынады. Құралды
бір қалыпты қысыммен ары-бері жылжытыңыз.
Осылайша, өңделетін зат қызбайды, боялмайды және
онда іздер қалмайды.
7.2 Кесетін тегістеу
Кесу кезінде қатты басып жұмыс істеп аспапты
қисайтып қомаңыз (шам. 90° кесу деңгейіне).
Профильдер және төрт бұрышты қимасы бар шағын
құбырлар ең кіші көлденең қимаға өтсе жақсырақ
кесіледі.
7.3 Қосу/сөндіру
Басу қысымының салдарынан қозғалтқышқа шамадан
тыс жүктеме түскенде, қуат айтарлықтай төмендейді,
осының нәтижесінде аспап тоқтап қалуы мүмкін
(тоқтауды болдырмау керек). Аспаптың рұқсат етілген
шамадан тыс жүктемесі дәл анықталған шама
болып табылмайды, ал қозғалтқыш температурасына
байланысты. Егер шамадан тыс жүктеме пайда болса,
құралды босатып, бос жүрісте шамамен 30 секунд
жұмыс істету керек.
7.3.1 Қосу
1. Желілік кабель айырын розеткаға салыңыз.
2. Негізгі сөндіргіштің артқы бөлігін басыңыз.
3. Қосу/Өшіру ауыстырып-қосқышын басыңыз.
4. Қуат сөндіргішін басыңыз.
7.3.2 Өшіру
Негізгі сөндіргіштің артқы бөлігін басыңыз. Сөндіргіш
«Өшір.» күйіне орнатылады.
8 Күту және техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ
Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
8.1 Аспапты күту
ҚАУІПТІ
Күрделі пайдалану жағдайларында металдарды
өңдегенде аспап ішінде ток өткізетін шаңның
отыруы мүмкін. Бұл оның қорғауыш изоляциясына
әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тұрақты
сорып шығатын құрылғыны қолдану, көп рет
желдету саңылауларын тазалау және ағып кететін
токтан қорғау автоматын (RCD) алдын ала қосу
ұсынылады.
Аспаптың қақпағы соққыға төзімді пластмассадан
жасалған. Корпустағы қаптама эластомерден
жасалған.
Желдету тесіктері әрқашан кедергісіз және таза
болуы керек! Желдету саңылауын жүйелік түрде
жайлап құрғақ щеткамен тазалаңыз. Аспаптың
ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырмаңыз.
Қозғалтқыш вентиляторы корпуске шаң тартады, тоө
өткізетіншаңдың(мысалы,металөміртектікталшық)
қатты жиналуы электр қауіптеріне алып клеу мүмкін.
Аспаптың сыртқы бетін тұрақты түрде тазалау үшін
аздап ылғалды шүберекті қолданыңыз. Тазалау үшін
су бүріккішін, бу генераторын немесе су ағынын
қолдануға тыйым салынады! Мұндай заттармен
тазалағанда аспаптың электр қауіпсіздігі бұзылады.
Майланып кеткен тұтқыштарды дереу тазартыңыз.
Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолдануға
тыйым салынады.
НҰСҚАУ
Тоқ өткізетін материалдарды жиі ретте өңдеу (мысалы,
метал, көміртектік талшық) қысқарақ қызмет көрсету
аралықтарына алып келуі мүмкін. Жұмыс жайының
жеке қауіптер талдауын ескеріңіз.
8.2 Техникалық қызмет көрсету
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бөлшектері зақымдалған немесе басқару
элементтері ақаулы аспапты қолдануға тыйым
салынады. Аспапты Hilti сервис орталығында
жөндету керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек
маман-электрикке тапсырыңыз.
Аспаптың барлық сыртқы бөлшектерінің бүлінбегенін
және басқару бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігін
тұрақты түрде тексеріңіз.
8.3 Күту және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарынан кейін бақылау
Аспапты күтіп, техникалық қызмет көрсеткеннен кейін
барлық қорғауыш құрылғылар орнатылғанына және
дұрыс қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
kk
128
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
қаулықтардыжою
Ақаулық
Ықтимал себеп
Ақаулықтарды жою
Аспап жұмыс істемейді. Электр қамтуы жоқ. Басқа электр аспапты қосыңыз
және ол жұмыс істей ма, соны
тексеріңіз.
Желілік кабель немесе айыр жұмыс
істемейді.
Тексеру үшін маман-электрикке
барыңыз және, қажет болса, ауыс-
тырыңыз.
Көмір щеткалары тозған. Тексеру үшін маман-электрикке
барыңыз және, қажет болса, ауыс-
тырыңыз.
Аспап толық қуатпен жұмыс
істемейді.
Ұзартқыш кабельдің тым кіші
қимасы.
Сымның жеткiлiктi қимасымен
ұзартқыш кабельді қолданыңыз.
10 Утилизация
Hilti аспаптарында қайта өңдеуге болатын көп материалдар бар. Утилизация алдында материалдарды мұқият
сұрыптау керек. Көп елдерде Hilti компаниясыескі электр құралдарын утилизацияүшін қайтарутуралыкелісімдер
жасасып қойған. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпаратты клиенттерге қызмет көрсету орталығынан немесе
Hilti компаниясының техникалық консультантынан алуға болады.
Тек ЕО елдері үшін
Электр құралдарын үй қоқысымен бірге тастамаңыз!
Ескі электрлік және электрондық құрылғыларды жою туралы еуропалық директивасына және
жергілікті заңдарға сәйкес, қолданыста болған электрлік құралдар қоршағанортаүшінқауіпсіз
әдіспен жеке утилизациялануы тиіс.
11 Өндіруші кепілі
Hilti компаниясы жеткізілетін аспапты өндірістік
ақаулықтардың (материал және жинау ақаулықтары)
жоқ екеніне кепіл береді. Бұл кепіл тек келесі
шарттарды орындаған жағдайда жарамды: аспапты
пайдалану, оған қызмет көрсету және тазалау осы
пайдалану бойынша нұсқаулықтың нұсқаулары
сәйкес орындалады; аспаптың техникалық тұтастығы
сақталған, яғни, онымен жұмыс істегенде тек Hilti
компаниясы жасаған түпнұсқа шығын материалдары,
саймандар және қосалқы бөлшектер немесе солар
сияқты сапасы бірдей бөлшектер қолданылған.
Бұл кепіл аспаптың бүкіл қызмет көрсету мерзімі
бойында ақаулы бөлшектерді тегін жөндеуді немесе
тегін ауыстыруды қамтиды. Бұл кепілдің күші табиғи
тозуының салдарынан жөндеуді немесе ауыстыруды
қажет ететін бөлшектерді қамтымайды.
Жергілікті заңнама талап ететін жағдайларды
қоспағанда, барлық басқа шағымдар
қарастырылмайды. Атап айтқанда, Hilti
компаниясы аспапты кез келген мақсаттарда
қолданумен немесе қолдану мүмкін еместігімен
байланысты немесе соның нәтижесі болған
тікелей, жанама, кездейсоқ зиянға жауапты емес.
Аспапты аталмаған жұмыстарды орындау үшін
пайдалануға болмайды.
Ақаулықты тапқанда аспапты және/немесе ақаулы
бөлшектерді дереу жөндеу немесе ауыстыру үшін ең
жақын Hilti өкілдігіне жіберу керек.
Осы кепіл Hilti компаниясының барлық кепіл
міндеттемелерін қамтиды және кепілдерге қатысты
барлық басқа міндеттемелерді және жазбаша немесе
ауызша келісімдерді ауыстырады.
kk
129
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
12 ЕС нормаларына сәйкестік декларациясы үпнұсқа)
Белгіленуі: Бұрыштық тегістеу
машинасы
Аспаптың түрі: DAG 115‑S
Буын: 02
Шығарылған жылы: 2007
Hilti компаниясы осы өнімнің келесі директивалар мен
нормаларға сәйкес келетінін толық жауапкершілікпен
жариялайды: 2006/42/ЕС, 2004/108/ЕС, 2011/65/EU,
EN 60745‑1, EN 60745‑2‑3, EN ISO 12100.
Hilti Corporation, Feldkircherstrasse 100,
FL‑9494 Schaan
Paolo Luccini Jan Doongaji
Head of BA Quality and Process
Management
Executive Vice President
Business Area Electric Tools &
Accessories
Business Unit Power
Tools & Accessories
01/2012 01/2012
Техникалық құжаттама:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH
Zulassung Elektrowerkzeuge
Hiltistrasse 6
86916 Kaufering
Deutschland
kk
130
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72
  • Page 73 73
  • Page 74 74
  • Page 75 75
  • Page 76 76
  • Page 77 77
  • Page 78 78
  • Page 79 79
  • Page 80 80
  • Page 81 81
  • Page 82 82
  • Page 83 83
  • Page 84 84
  • Page 85 85
  • Page 86 86
  • Page 87 87
  • Page 88 88
  • Page 89 89
  • Page 90 90
  • Page 91 91
  • Page 92 92
  • Page 93 93
  • Page 94 94
  • Page 95 95
  • Page 96 96
  • Page 97 97
  • Page 98 98
  • Page 99 99
  • Page 100 100
  • Page 101 101
  • Page 102 102
  • Page 103 103
  • Page 104 104
  • Page 105 105
  • Page 106 106
  • Page 107 107
  • Page 108 108
  • Page 109 109
  • Page 110 110
  • Page 111 111
  • Page 112 112
  • Page 113 113
  • Page 114 114
  • Page 115 115
  • Page 116 116
  • Page 117 117
  • Page 118 118
  • Page 119 119
  • Page 120 120
  • Page 121 121
  • Page 122 122
  • Page 123 123
  • Page 124 124
  • Page 125 125
  • Page 126 126
  • Page 127 127
  • Page 128 128
  • Page 129 129
  • Page 130 130
  • Page 131 131
  • Page 132 132
  • Page 133 133
  • Page 134 134

Hilti DAG 115-S Инструкция по эксплуатации

Категория
Электроинструменты
Тип
Инструкция по эксплуатации

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ