Zanussi ZOG511211X, ZOG511211B, ZOG511211W Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который прочитал руководство пользователя для духовых шкафов Zanussi ZOG511211B, ZOG511211W и ZOG511211X. Я готов ответить на ваши вопросы об установке, использовании и уходе за этим прибором. В руководстве описаны такие функции, как гриль, вращающийся вертел и различные режимы выпекания. Задавайте мне любые вопросы!
  • Как включить гриль в духовом шкафу?
    Как использовать вращающийся вертел?
    Как очистить духовой шкаф?
    Что делать, если духовка не нагревается?
GETTING
STARTED?
EASY.
User Manual
ZOG511211B
ZOG511211W
ZOG511211X
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Тұмшапеш
RU Инструкция по эксплуатации 23
Духовой шкаф
UK Інструкція 46
Духова шафа
BY RU UA
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған
жағдайда алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен орнатылған мобильді
құралдармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
2
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған кезде
үнемі қолғап киіңіз.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
BY
RU UA
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Бұл құрылғыны тек
білікті маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғылар мен заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына сай
келетін қауіпсіз жерге орнатыңыз.
Құрылғыны корпустың төменгі қақпағынсыз
іске пайдаланбаңыз. Бұл функциональдық
қауіпсіздік үшін қажет.
Құрылғы электрлі салқындату жүйесімен
жабдықталған. Ол электр қуатымен жұмыс
істеуге тиіс.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
3
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе
ыстық тұрған есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын
етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
ГАЗҒА ҚОСУ
Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті
маман ғана іске асыру керек.
Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
жағдайлары (газдың түрі мен газдың
қысымы) мен құрылғы параметрлерінің
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне
сай орнатыңыз. Желдету талаптарының
дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, күйіп
қалу, электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын
немесе ашық отты жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының немесе
тот баспайтын болат бөлігінің түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы.
Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру
үшін қолдануға болмайды.
4
Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орналастырылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз жеткізіңіз.
Жиһаздың жабық панеліне жиналған жылу
мен ылғал келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің бүлінуіне
әкелуі мүмкін. Құрылғыны қолданғаннан
кейін толық суығанша жиһаздың панелін
жаппаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамындағы қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
ІШКІ ЖАРЫҚТАМА
ЕСКЕРТУ! Электр қатері бар.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз..
СЕРВИС
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЛПЫ КӨРІНІС
1
2 63 4 5
1
12
5
4
3
2
1
7
8
9
11
10
1
Басқару панелі
2
Гриль индикаторы
3
Қыздыру функцияларының тетігі
4
Минут операторының тетігі
5
Газды басқару тетігі
6
Қуат индикаторы
7
Желдеткіштің ауа шығатын саңылаулары
8
Қыздырғыш элемент
9
Жарықтама шамы
10
Бұрылмалы істіктің тесігі
11
Тұмшапеш қуысының табанындағы
пластинка
12
Сөре деңгейлері
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға
арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Бұрылмалы істік
Ет пен құс етінің ірірек кесектерін қуыруға
арналған.
ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ТҰМШАПЕШ ҚУЫСЫНЫҢ ТАБАНЫНДАҒЫ
ПЛАСТИНКА
Пешті сатып алған кезде тұмшапештің керек-
жарақтары корпустың астыңғы табақшасында
бірге тұрады. Тұмшапешті бірінші рет
қолданар алдында "Өнімнің сипаттамасы"
тарауында көрсетілгендей астыңғы
табақшаны оттық аумағының алдыңғы
бөлігіндегі тесікке орнатыңыз.
АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛАУ
Тұмшапеш ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Пешті және керек-жарақтарды алғаш рет
пайдаланар алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды өз орындарына қойыңыз.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
Бос пешті алғаш пайдаланар алдында
қыздырыңыз.
1.
функциясын орнатыңыз.Ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Пешті 1 сағат қосып қойыңыз.
3. . Ең үлкен температураны орнатыңыз.
4. Тұмшапешті 15 минут қосып қойыңыз.
5. Тұмшапешті сөндіріңіз де, салқындатыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып
кетеді. Пештен иіс және түтін шығады. Бөлме
ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
6
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ТҰМШАПЕШТІҢ ГАЗ ОТТЫҒЫН ЖАҒУ
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп
қалғанда, газдың берілуін
тоқтатады.
1. Газды басқару тетігін басып, қалпына
бұраңыз.
2. Газды басқару тетігін, термореле
қызғанша 15 секунд немесе одан аз уақыт
басып ұстап тұрыңыз. Тетікті жалын оты
пайда болғанша босатпаңыз, бұлай
істемеген жағдайда, газ беріліміне кедергі
келеді.
Газды басқару тетігін 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз. Егер пештің оттығы 15
секундтан кейін жанбаса, газды басқару тетігін
босатып, сөндіру қалпына бұрап, пештің есігін
ашыңыз. Кемінде 1 минут күтіңіз, пештің есігін
жауып, пештің оттығын қайтадан тұтатыңыз.
ПЕШ ГАЗЫНЫҢ ОТТЫҒЫН ЖАҚҚАННАН
КЕЙІН
1. Газды басқару тетігін босатыңыз.
2. Газды басқару тетігін бұрап,
температураны орнатыңыз.
Отты корпустың астыңғы табақшасындағы
тесіктер арқылы бақылаңыз.
ГАЗДЫ БАСҚАРУ ТЕТІГІ
Белгі Функция
Сөндіру
қалпы
Тұмшапештің оттығы
сөндірулі.
150 °C -
250 °C
Температура мәндерін орнату
ауқымы.
ТҰМШАПЕШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұмшапеш
функциясы
Қолдану
Сөндіру
қалпы
Пеш өшірулі.
Шам
Шамды пісіру
функциясынсыз қосуға
арналған.
Гриль жасау
+
Бұрылмалы
істік
Еттен гриль, сондай-ақ,
кәуап және кішкене
еттерден гриль жасауға
арналған.
Үлкен кесек етті
бұрылмалы істікке
шаншып қуыруға
арналған.
Температур
а мәндерін
орнату
Корпустың ортасындағы
электр грилінің
температурасын
шамамен ең азы 50 °C
градустан бастап, ең көбі
200 °C градусқа дейін
реттеуге арналған.
Газ пеш пен Гриль + Бұрылмалы
істік функциясын бірге қолдана
алмайсыз.
ГРИЛЬДІ ҚОЛДАНУ
1. Тұмшапеш функциясының тетігін сағат
тілінің бағытымен қалпына бұрап, ең
жоғары температураны орнатыңыз.
2. Гриль мен шұңғыл науаның
сырғытпасының деңгейін әр түрлі тағамға
лайықтап сәйкестендіріңіз.
"Ақыл-кеңестер және ұсыныстар" тарауын,
қақтау бөлімін қараңыз.
ГРИЛЬ ИНДИКАТОРЫ
Грильмен пісіру функциясы қосылғанда гриль
индикаторы қосылады. Ол пеш қажетті
температураға дейін қызған кезде өшеді.
Содан кейін жанып-сөну арқылы қажетті
температураның өзгергенін көрсетеді.
7
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
МИНУТ ОПЕРАТОРЫ
Тұмшапеш функциясының кері санақ уақытын
орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз да,
содан кейін қажетті уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
БҰРЫЛМАЛЫ ІСТІКТІ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде абай болыңыз.
Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
ЕСКЕРТУ! Бұрылмалы істікті алған
кезде тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік
пен гриль ыстық. Күйіп қалу қатері
бар.
A B
D
C
A. Бұрылмалы істіктің жақтауы
B. Шанышқылар
C. Істік
D. Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре қалпына
қойыңыз.
3. Істіктің жақтауын астынан санағанда
үшінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз да,
содан кейін етті бұрылмалы істікке салып,
екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің тесігіне
салыңыз.
7. Істіктің артқы жағын бұрылмалы істіктің
жақтауына салыңыз.
"Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9. Бұрылмалы істік параметрі бар функцияны
таңдаңыз. Бұрылмалы істік айналады.
10. Қажетті температураны орнатыңыз. Пісіру
кестелеріне қараңыз.
8
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ САЛУ
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының арасына
салып итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пісірме науа:
Пісірме науа сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып итеріңіз.
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
ЖЕЛДЕТКІШ
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар рецептерге,
олардың құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты болады.
ПІСІРУГЕ АРНАЛҒАН АҚЫЛ-КЕҢЕС
Тұмшапештің сөре қойылатын бес қатары бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға қарағанда
басқаша пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Төмендегі кестелерде температураға, пісіру
уақытына және сөре орындарына қатысты
стандартты ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған параметрлерді таба
алмасаңыз, ұқсас біреуін пайдаланыңыз.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
Гриль жасау
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және баппен
пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
Тағамның май-сөлі шашырамас үшін тағамды
қақтамас бұрын кептіру керек. Пісіру
барысында кебір болып кетпес үшін майсыз
еттер мен балыққа аздаған өсімдік майын
немесе сары майды жағыңыз.
Етті қақтаған кезде қызанақ және
саңырауқұлақ тәрізді қосымшаларды тордың
астына салуға болады.
Тағамды пісіру барысында қажетінше аударып
отыру керек.
Ет пен балық пісіру
Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес үшін
шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа шамалы
су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін су
таусылған сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына
және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін
бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға,
9
рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай
келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
ГАЗ ТҰМШАПЕШТЕ ТАМАҚ ПІСІРУ
Ет және Құс еті
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 10
минут алдын ала қыздырыңыз.
Тор сөрені пайдаланыңыз.
Шұңғыл табаны екінші сөреге қойыңыз.
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам
Температура
(°C)
Уақыт
(мин)
Сүйекті сиыр еті,
1,0 кг
мин. 40 - 50
Сүйексіз сиыр
еті, 1,0 кг
190 50
Қой еті, 1,0 кг мин. 40 - 50
Шошқа еті, 1,0 кг 180 - 190 75 - 85
Тауық еті / Үй
қоянының еті,
1,2 кг
220 - 230 75 - 85
Үйрек, 1,0 кг 190 80 - 90
Ағылшын
ростбифі - шала
піскен
220 44 - 50
Ағылшын
ростбифі -
орташа
220 51 - 55
Ағылшын
ростбифі - жақсы
піскен
220 56 - 60
Күркетауық
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 10
минут алдын ала қыздырыңыз.
Шұңғыл табаны пайдаланыңыз.
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам
Температу
ра (°C)
Уақыт (мин)
Күркетауық, 4,5
- 5,5 кг
160 210 - 240
Кондитер өнімдері
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 10
минут алдын ала қыздырыңыз.
Егер төменде көрсетілген ыдыс болмаса,
алюминий пісірме табақты пайдаланыңыз.
Төртінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин)
Жеміс бәліштері
тор сөреге
қойылған 26 см
дөңгелек торт
қалыпта
165 40 - 50
Жеміс бәліші тор
сөреге қойылған 26
см дөңгелек торт
қалыпта
мин. 40 - 50
Шұжық орамалары 180 20 - 30
Кремді пирожный 190 25 - 30
Воловент тоқашы 170 15 - 20
Джем тарталеткасы
тор сөреге
қойылған 30 см
дөңгелек торт
қалыпта
165 40 - 50
Пудинг
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 10
минут алдын ала қыздырыңыз.
Керамикадан жасалған 9 қалыпты
пайдаланыңыз.
Шұңғыл табаққа 2 см су құйыңыз.
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин)
Нәзік омлет
буқазанға
мин. 60 - 75
Торттар
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 10
минут алдын ала қыздырыңыз.
Егер төменде көрсетілген ыдыс болмаса,
алюминий пісірме табақты пайдаланыңыз.
Төртінші сөре деңгейін қолданыңыз.
10
Тағам
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин)
Көп жеміс
қосылған торт тор
сөреге қойылған 20
см торт қалыбында
мин. 150 -
170
Көп жеміс
қосылған торт тор
сөреге қойылған 20
см торт қалыбында
мин. 150
Мадера торты тор
сөреге қойылған 20
см торт қалыбында
мин. 105 -
120
Кішкене кекстер мин. -
170
35 - 50
Зімбір наны мин. 35 - 45
Нан
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 10
минут алдын ала қыздырыңыз.
Алюминий пісірме табақты пайдаланыңыз.
Төртінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам
Температура
(°C)
Уақыт
(мин)
Нан бөлкелері,
0,5 кг
180 - 190 40 - 50
Нан бөлкелері,
1,0 кг
180 - 190 50 - 60
Орамалар,
мейізді тоқаш
180 - 190 15 - 20
ГРИЛЬ ЖАСАУ
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 3 минут
алдын ала қыздырыңыз.
Төртінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Ең жоғарғы температура барлық тағам түрлері
үшін әдепкі мән болып табылады.
Тағам
Саны
Уақыт (мин)
1-ші жағы 2-ші жағы
Қоң ет
стейктері,
0,8 кг
4 12 - 15 12 - 14
Сиыр
етінің
стейктері,
0,6 кг
4 10 - 12 6 - 8
Шұжықтар 8 12 - 15 10 - 12
Туралған
шошқа еті,
0,6 кг
4 12 - 16 12 - 14
Тауық еті
((2-ге
бөлінген),
1,0 кг
2 30 - 35 25 - 30
Кәуап 4 10 - 15 10 - 12
Тауықтың
төс еті, 0,4
кг
4 12 - 15 12 - 14
Гамбургер,
0,6 кг
6 13 - 15 12 - 14
Балықтың
қоң еті, 0,4
кг
4 12 - 14 10 - 12
Тост
сэндвичтер
і
4 -
6
5 - 7 -
Қыздырылғ
ан нан
4 -
6
2 - 4 2 - 3
БҰРЫЛМАЛЫ ІСТІК
Бос тұмшапешті таға пісірер алдында 3 минут
алдын ала қыздырыңыз.
Үшінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин)
Құс еті, 1,0 - 1,2 кг макс. 75 - 85
11
Тағам
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин)
Қуырылған
тағамдар, 0,8 - 1,0
кг
макс. 75 - 85
СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН
АҚПАРАТ
IEC 60350-1 стандартына сай тексереді.
Тағам Функция
Керек-
жарақтар
Сөренің
орналас
уы
Темпера
тура (°C)
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Кішкене
кекстер
Дәстүрлі
пісіру
Алюм
иний
пісірм
е
табақ
4 150 -
170
35 - 55 Әр науаға 20
кішкене кекстен
салыңыз.
Тұмшапешті
алдын ала 10
минут
қыздырыңыз.
Алма
бәліші
Дәстүрлі
пісіру
Торкө
з
сөре
4 170 80 - 90 2 қалбыр
(диаметрі 20 см)
пайдаланыңыз,
диагональ
қойылған.
Тұмшапешті
алдын ала 10
минут
қыздырыңыз.
Бисквит
торт
Дәстүрлі
пісіру
Торкө
з
сөре
4 170 50 - 60 Торт қалыбын
(диамтері 26 см)
пайдаланыңыз.
Тұмшапешті
алдын ала 10
минут
қыздырыңыз.
Шала
ашыған
нан
Дәстүрлі
пісіру
Алюм
иний
пісірм
е
табақ
4 160 -
170
25 - 40 Тұмшапешті
алдын ала 10
минут
қыздырыңыз.
Қыздыр
ылған
нан
4 - 6
дана
Гриль жасау Торкө
з
сөре
4 макс. бір жағы 2 - 3
минут; екінші
жағы 2 - 3
минут
Тұмшапешті
алдын ала 3
минут
қыздырыңыз.
12
Тағам Функция
Керек-
жарақтар
Сөренің
орналас
уы
Темпера
тура (°C)
Уақыт (мин.) Түсіндірме
Сиыр
етінің
бургері
6 дана,
0,6 кг
Гриль жасау Тор
сөре
және
май
жина
йтын
таба
4 макс. 20 - 30 Тор сөрені
төртінші
деңгейге және
май жинайтын
табаны
тұмшапештің
үшінші деңгейіне
қойыңыз.
Пісірудің орта
тұсында тағамды
аударыңыз.
Тұмшапешті
алдын ала 3
минут
қыздырыңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ
Пештің алдыңғы жағын жұмсақ жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерін тазалау үшін арнайы жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын ішкі
жағын тазалаңыз. Май жиналғанда немесе
басқа тағам қалдығы жиналса, өрт шығуы
мүмкін.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған сайын
тазалап, құрғатып отырыңыз. Шүберекті,
жылы су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
Керек-жарақтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Зат жабыспайтын
қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
Тұмшапештің ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне ылғал тұруы мүмкін.
Конденсатты азайту үшін тұмшапешті тағам
пісіру алдында 10 минутқа
қосыңыз.Тұмшапешті пайдаланып болған
сайын ішіндегі ылғалды тазалаңыз.
ТОТ БАСПАЙТЫН БОЛАТТАН НЕ
АЛЮМИНИЙДЕН ЖАСАЛҒАН
ТҰМШАПЕШТЕР
Тұмшапештің есігін дымқыл шүберекпен
немесе жөкемен ғана тазалаңыз. Жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі
материалдарды қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі
мүмкін. Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды орындап
тазалаңыз.
ЕСІКТІҢ ТЫҒЫЗДАҒЫШЫН ТАЗАЛАУ
Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз.
Есіктің тығыздағышы тұмшапеш жақтауының
айналасында орналасқан. Есіктің
тығыздағышына нұқсан келсе, тұмшапешті
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін тазалауға
қатысты жапы ақпаратты қараңыз.
ЕСІКТІ АЛУ ЖӘНЕ ОРНАТУ
Тұмшапештің есігінің екі шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін және ішкі шыны панелін
алып тазалауға болады. Шыны панельдерді
13
алу алдында "Есікті алу және орнату”
тармағындағы нұсқауды толық оқыңыз.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің
есігін алмай тұрып алғыңыз келсе,
пештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ Пешті ішкі шыны
панельсіз пайдаланбаңыз.
1. Есікті шегіне дейін ашып, екі топсасын
ұстаңыз.
2. Екі топсадағы тетіктерді көтеріңіз және
бұраңыз.
3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу күйіне
жартылай жабыңыз. Содан кейін көтеріп
алға тартыңыз да, есікті ұясынан шығарып
алыңыз.
4.
Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз.
5. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы жағын
қос қолмен екі жағынан ұстаңыз да,
ысырманы босату үшін ішке қарай
басыңыз.
1
2
B
6. Есікті босату үшін оның жақтаушасын алға
қарай тартыңыз.
7. Есіктің шыны панелін үстіңгі шетінен ұстап
тұрып, абайлап тартып шығарыңыз.
Шынының тіректерден толығымен босап
шыққанына көз жеткізіңіз.
8. Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Шыны
панельдерді жақсылап құрғатыңыз. Шыны
панельдерді ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны панельді және
тұмшапештің есігін орнатыңыз.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі жағына
қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін
14
шыны панельдің безендірілген жағын ұстап
көрген кезде қолға оның бұдыры сезілмеуге
тиіс.
Есіктің жақтауы дұрыс орнатылса, сырт еткен
дыбыс естіледі.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз.
A
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
ЕСКЕРТУ! Электр қатері бар.
Шам ыстық болуы мүмкін.
1. Пешті сөндіріңіз.
Пеш салқындағанша күтіңіз.
2. Пешті розеткадан ағытыңыз.
3. Пештің табанына шүберек төсеңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ Шамға майдың
қалдығы жұғып күймес үшін,
галоген шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
Артқы шам
1. Шамды алу үшін шыны қақпағын бұраңыз.
2. Шыны қақпағын тазалаңыз.
3. Шамды 300 °C градус қызуға төзімді,
сәйкес келетін шамға ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпағын орнатыңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Пеш өшірулі. Пешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш жанып
кеткен.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғышқа қатысты
мәселе қайталанса, білікті
электрикке хабарласыңыз.
15
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пеш жұмыс істемей тұр. Отты автоматты түрде жағу
функциясы жұмыс
істемейді.
Оттықтың отын сіріңкемен
жағыңыз. Отты
тұмшапештің табанындағы
тесіктің жанында ұстап
тұрыңыз. Сондай-ақ, газды
басқару тетігін қатар басып,
сағат тілінің бағытына
қарсы ең жоғары
температураға бұраңыз.
Жалынның жарқылы пайда
болғаннан кейін газды
басқару тетігін термореле
қызғанша 15 секунд немесе
одан аз уақыт басып ұстап
тұрыңыз. Бұлай істемеген
жағдайда газ беріліміне
кедергі келеді.
Шам жанбайды. Шам сынып қалған. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның
үстіне және тұмшапештің
ішіне жиналады.
Пеш ішінде тағам ұзақ
уақыт қалып қойған.
Тағамды пісіргеннен кейін
пештің ішінде 15-20
минуттан артық
қалдырмаңыз.
Жалын тұтатқаннан кейін
дереу сөніп қалады.
Қыздырғыш элементі
қызбайды.
Жалынның жарқылынан
кейін газды басқару тетігін
15 секунд немесе одан
азырақ басып ұстап
тұрыңыз.
Бұрылмалы істік
айналмайды.
Бұрылмалы істік
бұрылмалы істіктің тесігіне
дұрыс салынбаған.
"Керек-жарақты пайдалану"
тарауын, бұрылмалы істікті
пайдалану тарауын
қараңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ДЕРЕГІ
Ақаулықты өзіңіз түзете алмасаңыз,
дилеріңізге неуәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы
пеш корпусының алдыңғы жақтауында
орналасқан. Тұмшапештің ішіндегі техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз.
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
16
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ГАЗҒА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Газ беру алдында
ашаны розеткадан ағытыңыз
немесе сақтандырғыш
қорапшасындағы сақтандырғышты
сөндіріңіз. Газбен жабдықтауға
арналған негізгі клапанды
жабыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы құрылғының
артқы жағында орналасқан.
ЕСКЕРТУ! Резеңке иілгіш
түтіктерді пайдаланбаңыз!
Тұмшапешті кіріктірілген ас үй қаптамасының
шегіне (шамамен 30 см) дейін кіргізбеңіз.
Иілгіш темір түтікпен немесе қатты темір
түтік арқылы жалғау:
A B C
A. Газбен жабдықтау бағыттауышы,
бағыттауышы бар білікшенің ұшы
B. Тығырық
C. Бунақты келтеқұбыр
Жинақпен келген тығыздағышты түтік пен
газбен жабдықтайтын бағыттағыштың
арасына салыңыз. Түтікті 1/2" газбен
жабдықтау бағыттағышына бұраңыз.
1. Гайкаларды қатайту үшін 22 мм гайка
кілтін пайдаланыңыз. Газбен жабдықтау
бағыттағышын дұрыс орынға қойыңыз.
Газбен жабдықтау циклына салмақ
түсірмеңіз.
ЕСКЕРТУ! Газды тексеру үшін
отты пайдаланбаңыз!
2. Тұмшапешті ас үй қаптамасының шегіне
дейін жылжытыңыз.
ЕСКЕРТУ! Тұмшапешті ас үй
қаптамасының ішіне қарай
жылжытқан кезде газбен
жабдықтау бағыттағышын
майыстырып алмаңыз.
3. Қосылымды дұрыс тығыздап орнатыңыз.
Газдың ағатын-ақпайтынын басқару үшін
тексергішті пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ! Тек Ресей үшін: бұл
құрылғы G20 20 мбар табиғи
газбен жұмыс істейді. Газға қосар
алдында параметрді
қолданылатын газдың түріне
дұрыс (G20 13 мбар) реттеп алу
маңызды. "Құрылғыны газдың
басқа түрлеріне лайықтау"
тарауындағы нұсқауларды
қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ГАЗДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІНЕ
ЛАЙЫҚТАУ
Тек білікті техник ғана құрылғыны
басқа газ түріне ауыстыруға
құқылы.
Пеш табиғи газға бапталған болса,
дұрыс инжекторларды пайдаланып
сұйылтылған газға ауыстыруға
болады.
Газдың тұтынылатын мөлшерін
қажетінше лайықтауға болады.
ЕСКЕРТУ! Инжекторларды
ауыстыру алдында, газ тетіктерінің
"Off" қалпында тұрғанына көз
жеткізіңіз. Пешті электр желісінен
ажыратыңыз. Тұмшапешті
салқындатыңыз. Жарақат алу қаупі
бар.
ТҰМШАПЕШТІҢ ИНЖЕКТОРЫН АУЫСТЫРУ
1. Тұмшапеш қуысының астыңғы
пластинкасын (A) тұмшапештің оттығына
(B) қол жеткізу үшін алыңыз.
17
AB
2. Оттықты ұстап тұратын бұранданы (C)
босатыңыз.
C
3. Оттықты инжектор тағанынан (D) ептеп
алыңыз.
D
E
F
4. Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Тұтату
ашасының ағытпасының сымына (F) және
термореле жалғастырғышына (E) салмақ
салмаңыз.
5. Оттықтың инжекторын (D) 7 мм гайка
кілтімен босатып, орнына өзіңіз
қолданатын газ түріне сәйкес келетін түрін
салыңыз.
"Техникалық ақпарат" тарауын қараңыз.
6. Оттықты осы әрекеттерді кері ретпен
орындап салыңыз.
Газбен жабдықтау бағыттауышының
жанындағы газ түрінің жапсырмасының
орнына жаңа газ түрінің жапсырмасын
қолданыңыз.
Газ пешінің оттығы үшін бастапқы газды
реттеудің қажеті жоқ.
Құрылғының газбен жабдықтау
қысымы ұсынылған мәндерге
сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті
қысымнан басқаша болса, онда
газбен жабдықтау түтігіне
қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
ТҰМШАПЕШ ОТТЫҒЫН ЕҢ ТӨМЕНГІ
ДЕҢГЕЙГЕ ҚОЮ
1. Құрылғыны электр қуатынан ажыратыңыз.
2. Газды басқару тетігін ең аз қалпына
бұраңыз да, алыңыз.
3. Жалпақ жүзді бұранда бұрағышпен (A)
реттегіш бұранданы бұраңыз.
Газ түрінің
өзгертілуі
Реттегіш
бұранданы
реттеу
Табиғи газдан
сұйылтылған
газға
Айналма
бұранданы
түгелдей
қатайтып
бұраңыз.
18
Сұйылтылған
газдан табиғи
газға
Реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 1/3
мөлшеріне дейін
босатыңыз.
Тек Ресей үшін:
Газ түрінің
өзгертілуі
Реттегіш
бұранданы
реттеу
Сұйылтылған
газдан 13 мбар
табиғи газға
Реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 3/4
мөлшеріне дейін
босатыңыз.
20 мбар табиғи
газдан 13 мбар
табиғи газға
Реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 1/4
мөлшеріне дейін
босатыңыз.
4. Газды басқару тетігін орнына салыңыз.
5. Құрылғыны электр тоғына қосыңыз.
ЕСКЕРТУ! Ашаны розеткаға
пештің барлық бөлшектерін өз
орындарына қойып болғаннан
кейін ғана сұғыңыз. Жарақат алу
қаупі бар.
6. Газ пешінің оттығын жағыңыз.
"Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз.
7. Газды басқару тетігін ең үлкен мәнге
қойыңыз да, тұмшапешті кем дегенде10
минут қыздырыңыз.
8. Газды басқару тетігін ең үлкен мәннен ең
кішкене мәнге бұраңыз.
Жалынды бақылаңыз. Жалын өшсе, әрекетті
қайталаңыз. Тұмшапеш оттығының шілтерінен
жалын аз мөлшерде тұрақты шығып тұруға
тиіс.
Осы қауіпсіздік шараларын сақтамасаңыз
өндіруші ешбір жауапкершілік көтермейді.
КІРІКТІРІП ОРНАТУ
Құрылғыны ас үй ішіне немесе студио ас үйге
ғана орнатыңыз. Құрылғыны жуынатын
немесе жатын бөлмеге орнатпаңыз.
Құрылғыны "ішіне кіріктіріп" немесе "астына
кіріктіріп" орнатуға болады. Кіріктірілген ас үй
шкафының өлшемдері тиісті суреттерге сай
келуі керек.
80
520
60
60
20
min. 550
110
600
min. 560
130cm²
min. 4mm
114
18
595
±1
21548
198
523
3
5
589
594
65cm²
19
130cm²
110
50
min. 550
110
114
18
590
min. 560
595
±1
21548
70
60
520
60
20
198
523
589
594
3
5
65cm²
Құрылғының үстіңгі жағы мен ас үй
қаптамасының ішкі төбесіне дейін кем дегенде
4 мм орын болуы керек.
Құрылғыны "ішіне кіріктіріп" (пештің астына)
орнатқан кезде, пешті тұмшапешті орнатпай
тұрып орнату керек.
Материалдар қоршаған орта
температурасымен салыстырғанда кем
дегенде 60 °C градусқа төзімді болуы керек.
Тұмшапеш қатты ысып кетпес үшін
тұмшапештің айналасында ауа жеткілікті
айналып тұруға тиіс.
Дұрыс жұмыс істеу үшін тұмшапештің
қаптамасы алдыңғы жағынан немесе бүйір
жақтарынан кем дегенде 130 см² (кем дегенде
әр жағынан 65 см²) болуға тиіс. Өндіруші
кірпіштен жасалған қаптаманың алдыңғы
жағынан 130 см², ағаштан жасалған
қаптаманың бүйір жақтарынан 65 см² ашық
орын қалдыруды ұсынады.
Тұмшапештің үстіне пеш орнатқан кезде, пеш
пен тұмшапешті электртоғына жеке-жеке
қосыңыз.
Қосылымды құрылғыға жіберілетін қуат
параметріне сай кабельді пайдаланып іске
асырыңыз.
Орнатып болғаннан кейін, жөндеу
немесе күтім көрсету жұмыстары
қажет болғанда құрылғыға оңай
қол жеткізуге болатынын
тексеріңіз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ШКАФ ІШІНЕ ОРНАТУ
A
B
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
«Қауіпсіздік ақпараты»
тарауындағы сақтық шаралары
орындалмаса, өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен ғана
жабдықталған.
20
/