кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
• Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды,
сақтандырғыштарды (ұстатқыштан
алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштарды пайдаланыңыз.
• Электр қондырғысында құрылғыны
кез келген ток полюстерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құрылғы болуы керек.
Оқшаулағыш құрылғыда кеңдігі 3
мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
• Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен
ғана жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға
немесе ауыстырғанда пайдалануға
болатын сымдардың түрлері:
H05 V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат
тақтайшасындағы жалпы қуат мәніне
қарап таңдаңыз. Кестеге назар
аударуыңызға болады:
Жалпы қуат (Вт) Электр
сымының
көлденең
қимасы (мм²)
ең үлкен 1380 3 x 0.75
ең үлкен 2300 3 x 1
ең үлкен 3680 3 x 1.5
Пештің жерге тұйықталатын сымы
(жасыл / сары сым) фаза және
бейтарап сымдарға (көк және қоңыр
сымдар) қарағанда 2 см ұзынырақ
болуға тиіс.
2.3 Газға қосу
• Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыру керек.
• Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдетуге арналған талаптарды
орындаңыз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
• Ашық есікке күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкогольді
ингредиенттерді қолданғанда,
алкоголь мен ауа қоспасы пайда
болуы мүмкін.
www.electrolux.com6