Electrolux EOG92102CX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
EOG92102
KK ТҰМШАПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU ДУХОВОЙ ШКАФ ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 31
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
6. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................. 10
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................10
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.............................................................................11
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 11
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 20
11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................23
12. ОРНАТУ......................................................................................................... 25
13. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................29
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
ҚАЗАҚ 3
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: KZ RU UA
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
Құрылғыны корпустың төменгі
қақпағынсыз іске пайдаланбаңыз.
Бұл функциональдық қауіпсіздік
үшін қажет.
Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
www.electrolux.com4
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне
жақындауға, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының
барлығын білікті маман ғана іске
асыру керек.
Орнатар алдында жергілікті
жабдықтау жағдайлары (газдың түрі
мен газдың қысымы) мен құрылғы
параметрлерінің сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату
ережелеріне сай орнатыңыз.
Желдету талаптарының дұрыс
орындалуына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің
(мысалы, есіктің) артына
орналастырылса, онда құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық
панеліне жиналған жылу мен ылғал
келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің
бүлінуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыны
қолданғаннан кейін толық суығанша
жиһаздың панелін жаппаңыз.
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.6 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
www.electrolux.com6
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.7 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
2.8 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
1
2 63
13
54
1
14
7
8
9
11
12
5
4
3
2
1
10
1
Басқару панелі
2
Гриль индикаторы
3
Тұмшапеш функцияларының тетігі
4
Минут операторының тетігі
5
Газды басқару тетігі
6
Қуат индикаторы
7
Желдеткіштің ауа шығатын
саңылаулары
8
Қыздырғыш элемент
9
Шам
10
Бұрылмалы істіктің тесігі
11
Желдеткіш
12
Тұмшапеш қуысының табанындағы
пластинка
13
Сөренің алмалы сырғытпалары
14
Сөре деңгейлері
3.2 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Бұрылмалы істік
Ет пен құс етінің ірірек кесектерін
қуыруға арналған.
ҚАЗАҚ 7
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Тұмшапеш қуысының
табанындағы пластинка
Құрылғыны сатып алған кезде
тұмшапештің керек-жарақтарында
корпустың астыңғы табақшасы
тұрады. Құрылғыны бірінші рет
қолданар алдында "Өнімнің
сипаттамасы" тарауында
көрсетілгендей астыңғы табақшаны
оттық аумағына орнатыңыз.
4.2 Алғашқы тазалау
Құрылғыдан керек-жарақтардың
барлығын және алмалы сөре
сырғытпаларын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
4.3 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде
ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұмшапешті салқындатыңыз. Жұмсақ
матаны шамалы жуғыш зат қосылған
суға батырып, тұмшапештің ішін
тазалау үшін пайдаланыңыз.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Жеңіл Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Гриль +
Бұрылмалы
істік
Еттен гриль, сондай-ақ, кәуап және кішкене
еттерден гриль жасауға арналған.
www.electrolux.com8
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Температура
мәндерін
орнату
Корпустың ортасындағы электр грилінің
температурасын шамамен ең азы 50 °C
градустан бастап, ең көбі 220 °C градусқа дейін
реттеу үшін.
Ыстық
желдеткішпе
н пісіру /
Жібіту
Тағамды пісіруге және кептіруге арналған.
Желдеткішті тұмшапештің газ оттығымен
біріктіріп пайдалана аласыз.
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Пеш газы мен Гриль +
Бұрылмалы істік
функциясын бірге қолдана
алмайсыз.
5.2 Қуат индикаторы
Қуат индикаторы тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраған кезде
жанады.
5.3 Газды басқару тетігі
Белгі Функция
Тұмшапештің оттығы
сөндірулі.
ең аз
- ең
үлкен
Температураны реттеу
ауқымы (145 °C - 250 °C).
5.4 Тұмшапештің газ оттығын
жағу
Тұмшапеш қауіпсіздігі
құралы:
Газ тұмшапеші
термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын
сөніп қалғанда, газдың
берілуін тоқтатады.
1. Газды басқару тетігін басып,
қалпына бұраңыз.
2. Газды басқару тетігін, термореле
қызғанша 15 секунд немесе одан
аз уақыт басып ұстап тұрыңыз.
Бұлай істемесеңіз, газ берілмей
қалады.
Тетікті жалын пайда болғанша
босатпаңыз.
Тұмшапеш
функцияларының тетігін 15
секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер пештің
оттығы 15 секундтан кейін
жанбаса, тұмшапеш
функцияларының тетігін
босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да,
тұмшапештің есігін ашып,
кем дегенде 1 минуттан
кейін тұмшапештің
оттығын тағы бір рет жағып
көріңіз.
5.5 Пеш газының оттығын
жаққаннан кейін
1. Газды басқару тетігін босатыңыз.
2. Газды басқару тетігін бұрап,
қажетті қызу параметрін
орнатыңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
5.6 Желдеткішті пайдалану
Газ оттығы тұмшапештің
ішіндегі ауаны қыздырады.
Температураны біркелкі
ұстау үшін желдеткіш
ыстық ауаны таратып
тұрады.
1. Пеш газының оттығын жағыңыз.
2. Жалын пайда болғанда, тұмшапеш
функцияларының тетігін
қалпына бұраңыз.
ҚАЗАҚ 9
5.7 Гриль
1. Тұмшапеш функциясының
тетігін сағат тілінің бағытымен
бұрап, ең жоғары температураға
қойыңыз.
2. Гриль мен шұңғыл науаның
сырғытпасының деңгейін
қалыңдығы әр түрлі тағамға
лайықтап реттеңіз.
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және
баппен пісіру үшін одан алыс
қойыңыз.
Ауа барынша жақсы ауысу үшін
және тағамды майы мен сөлінен
бөлу үшін тағамның көбін шұңғыл
науаға салып, оны тор сөреге қою
керек. Егер қаласаңыз, балық,
бауыр және бүйрек тәрізді
тағамдарды шұңғыл науаға тура
салуға болады.
Тағамның май-сөлі шашырамас
үшін тағамды қақтамас бұрын
мұқият кептіру керек. Пісіру
барысында кебір болып кетпес үшін
майсыз еттер мен балыққа шамалы
өсімдік майын немесе сары май
жағыңыз.
Етті қақтаған кезде қызанақ және
саңырауқұлақ тәрізді
қосымшаларды тордың астына
салуға болады.
Нанды қыздырған кезде үстіңгі
сырғытпаны пайдалану керек.
Тағамды пісіру барысында
қажетінше аударып отыру керек.
5.8 Гриль индикаторы
Грильмен пісіру функциясы
таңдалғаннан кейін гриль индикаторы
жанады. Ол пеш қажетті
температураға дейін қызған кезде
өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы
қажетті температураның реттелгенін
көрсетеді.
6. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
6.1 Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ
уақытын орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз
да, содан кейін қажетті уақытқа
бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Бұрылмалы істікті қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде абай
болыңыз. Шанышқылары
мен істігі өткір. Жарақат
алу қаупі бар.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұрылмалы істікті алған
кезде тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз.
Бұрылмалы істік пен гриль
ыстық. Күйіп қалу қатері
бар.
www.electrolux.com10
A B
D
C
A) Бұрылмалы істіктің жақтауы
B) Шанышқылар
C) Істік
D) Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре
қалпына қойыңыз.
3. Істіктің жақтауын астынан
санағанда үшінші деңгейге
қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке
орнатыңыз да, содан кейін етті
бұрылмалы істікке салып, екінші
шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің
тесігіне салыңыз.
7. Істіктің артқы жағын бұрылмалы
істіктің жақтауына салыңыз.
"Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын
алыңыз.
9. Бұрылмалы істік параметрі бар
функцияны таңдаңыз. Бұрылмалы
істік айналады.
10. Қажетті температураны
орнатыңыз. Пісіру кестелеріне
қараңыз.
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
ҚАЗАҚ 11
9.1 Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған
бес деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат
мөлшерін барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
9.2 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған
пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өткенше ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына
бір ашық қатар қалдырыңыз.
9.3 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем
тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте
майлы тағамды пісіргенде шұңғыл
табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің
іші қатты түтіндеп кетпес үшін
шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп
құйып отырыңыз.
9.4 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
9.5 Пісіру және қуыру кестесі
Бос тұмшапешті таға
пісірер алдында 10 минут
алдын ала қыздырыңыз.
Торттар
Тағам Желдеткішпен пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Көпіршітілген
тағам
рецептілері
160 4 45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
www.electrolux.com12
Тағам Желдеткішпен пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Ашыған қамыр 160 4 20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
160 4 70 - 80 Торкөз сөреге
қойылған торт
қалыбында
Алма торты
(Алма бәліші)
160 4 80 - 100 Торкөз сөреге
қойылған 20
см торт
қалыбында
Штрудель 150 4 60 - 80 Пісірме
табақта
Джем
тарталеткасы
165 4 30 - 40 Тортқа
арналған
қалыпта
Бисквит торт 160 4 50 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
Кристмас
торты / Көп
жеміс
қосылған торт
150 4 90 - 120 20 см торт
қалыбында
Қара өрік
торты
160 4 50 - 60 Нан
қалыбында
Кішкене
кекстер - бір
деңгейде
150 - 160 4 25 - 35 Пісірме
табақта
Печенье / тәтті
таспалар - бір
деңгейде
140 - 150 4 30 - 35 Пісірме
табақта
Тоқаштар 180 4 15 - 20 Пісірме
табақта
Эклер 170 4 25 - 35 Пісірме
табақта
Тарталетка 170 4 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Көп жеміс
қосылған торт
150 4 110 - 120 24 см торт
қалыбында
ҚАЗАҚ 13
Тағам Желдеткішпен пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Виктория
сэндвичі
160 4 (Оң және
сол)
50 - 60 20 см торт
қалыбында
Нан және пицца
Тағам Желдеткішпен пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Ақ нан 190 3 60 - 70 1 - 2 бөлке,
біреуі 500 г
Қарабидай
наны
180 3 30 - 45 Нан
қалыбында
Булочкалар 230 - 250 3 10 - 20 Пісіру
табасында 6 -
8 булочка
Пицца 190 3 10 - 20 Пісірме
табақта
немесе
шұңғыл
табақта
Шелпек 190 3 10 - 20 Пісірме
табақта
Ашық бәліштер
Тағам Желдеткішпен пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Паста фланы 180 4 45 - 50 Қалып
Көкөніс фланы 175 4 45 - 60 Қалып
Киш 180 4 50 - 60 Қалып
Балық
Тағам Желдеткішпен пісіру Уақыт (мин.) Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Бақтақ /Теңіз
мөңкесі
175 3 40 - 55 3 - 4 балық
Тунец/Албырт
балық
175 3 35 - 60 4 - 6 филе
www.electrolux.com14
9.6 Газ тұмшапеште тамақ
пісіру
Уақытқа алдын ала
қыздыру уақыты кірмейді.
Бос тұмшапешті әрқашан
10 минут қыздырыңыз.
Ет және Құс еті
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Сүйегі бар
сиыр еті
1 150 40 - 50 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Сүйексіз
сиыр еті
1 190 50 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Қой еті 1 150 40 - 50 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Шошқа еті 1 180 - 190 75 - 85 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Тауық/Қоян
еті
1,2 220 - 230 75 - 85 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Үйрек еті 1 190 80 - 90 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Күркетауық
еті
4,5 - 5,5 160 210 - 240 2 Шұңғыл
табаны
қолданыңыз
.
Көкөніс
пісірмесі
1 160 - 3 Көкөніс
түріне
қарай әр
түрлі
болады.
Ағылшын
ростбифі -
шала
пісірілген
- 220 44 - 50 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Ағылшын
ростбифі -
орташа
пісірілген
- 220 51 - 55 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Ағылшын
ростбифі -
әбден
пісірілген
- 220 56 - 60 3 Торкөз
сөреде.
Шұңғыл
табаны
екінші
сөреге
қойыңыз.
Кондитер өнімдері
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Жеміс
бәліштері
- 165 40 - 50 4 Тор сөреге
қойылған 26
см дөңгелек
қалыпта
www.electrolux.com16
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Жеміс
бәліші
- 150 40 - 50 4 Тор сөреге
қойылған 26
см дөңгелек
қалыпта
Шұжық
орамалары
- 180 20 - 30 4 Алюминий
пісіру
науасында
Чокс
тоқашы
- 190 25 - 30 4 Алюминий
пісіру
науасында
Воловент
тоқашы
- 170 15 - 20 4 Алюминий
пісіру
науасында
Джем
қосылған
пирожныйл
ар
- 165 40 - 50 4 Тор сөреге
қойылған 26
см дөңгелек
қалыпта
Пудингтер
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Бен-мариде
пісірілген
жұмыртқа
десерті
- мин. 60 - 75 3 Шұңғыл
табаға ішіне
2 см су
құйылған 9
керамика
стақандард
ы салыңыз
Торттар
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Көп жеміс
қосылған
торт
- 150 150 - 170 4 Тор сөреге
қойылған 20
см
алюминий
қалып
Жай жеміс
торты
- 150 150 4 Тор сөреге
қойылған 20
см
алюминий
қалып
ҚАЗАҚ 17
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Мадейра
торты
- 150 105 - 120 4 Тор сөреге
қойылған 20
см
алюминий
қалып
Кішкене
кекстер
- 150 - 170 35 - 50 4 Алюминий
пісіру
науасында
Зімбір наны - 150 35 - 45 4 Алюминий
пісіру
науасында
Нан
Тағам Мөлшері
(кг)
Температу
ра (°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Түсіндірме
Нан
бөлкелері
0,5 180 - 190 40 - 50 4 Алюминий
пісіру
науасында
Нан
бөлкелері
1 180 - 190 50 - 60 4 Алюминий
пісіру
науасында
Орамалар,
мейізді
тоқаш
- 180 - 190 15 - 20 4 Алюминий
пісіру
науасында
9.7 Гриль
Бос тұмшапешті таға
пісірер алдында 3 минут
алдын ала қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Саны (г) 1-ші
жағы
2-ші
жағы
Қоң ет
стейктері
4 800 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Сиыр
етінің
стейктері
4 600 макс. 10 - 12 6 - 8 4
Шұжықта
р
8 - макс. 12 - 15 10 - 12 4
www.electrolux.com18
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Саны (г) 1-ші
жағы
2-ші
жағы
Туралған
шошқа еті
4 600 макс. 12 - 16 12 - 14 4
Тауық (2-
ге
бөлінген)
2 1000 макс. 30 - 35 25 - 30 4
Кәуап 4 - макс. 10 - 15 10 - 12 4
Тауықтың
төс еті
4 400 макс. 12 - 15 12 - 14 4
Гамбурге
р
6 600 макс. 13 - 15 12 - 14 4
Балықтың
қоң еті
4 400 макс. 12 - 14 10 - 12 4
Тост
сэндвичте
рі
4 - 6 - макс. 5 - 7 - 4
Қыздыры
лған нан
4 - 6 - макс. 2 - 4 2 - 3 4
9.8 Бұрылмалы істік
Бос тұмшапешті таға
пісірер алдында 3 минут
алдын ала қыздырыңыз.
Тағам Мөлшері Температура
(°C)
Уақыт
(мин.)
Сөренің
орналасуы
Құс еті 1000 - 1200 макс. 75 - 85 3
Қуырылған тағамдар 800 - 1000 макс. 75 - 85 3
9.9 Жібіту
Тағам Мөлшері
(г)
Жібіту
уақыты
(мин)
Қосымша
жібіту уақыты
(мин.)
Түсіндірме
Тауық еті 1000 100 - 140 20 - 30 Тауықты төңкерілген
табақша қойылған
табақтың үстіне
қойыңыз. Орта
тұсында аударыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Тағам Мөлшері
(г)
Жібіту
уақыты
(мин)
Қосымша
жібіту уақыты
(мин.)
Түсіндірме
Ет 1000 100 - 140 20 - 30 Орта тұсында
аударыңыз.
Ет 500 90 - 120 20 - 30 Орта тұсында
аударыңыз.
Форель 150 25 - 35 10 - 15 -
Құлпынай 300 30 - 40 10 - 20 -
Сары май 250 30 - 40 10 - 15 -
Қаймақ 2 x 200 80 - 100 10 - 15 Кілегейдің кейбір
жерлері сәл тоңазыса
да, шайқауға болады.
Печеньелер 1400 60 60 -
10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Тазалауға қатысты
ескерім
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
зат қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін
тазалау үшін әдетте қолданылатын
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын
пайдаланып болған сайын тазалап
отырыңыз. Май жиналғанда немесе
басқа тағам қалдығы жиналса, өрт
шығуы мүмкін.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып
болған сайын тазалап, құрғатып
отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына
ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен
тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
10.2 Тот баспайтын болаттан
не алюминийден жасалған
құрылғылар
Тұмшапештің есігін
дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар
тұмшапештің бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару
панелін де осындай сақтық
шараларды орындап
тазалаңыз.
10.3 Есіктің тығыздағышын
тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының
айналасында орналасқан. Есіктің
тығыздағышына нұқсан келсе,
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64

Electrolux EOG92102CX Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ