Philips HD8654/59 Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с руководством пользователя для кофемашины Philips 2100 HD8654. Я могу ответить на ваши вопросы о приготовлении различных напитков, настройке параметров, процедурах очистки и устранении неисправностей. В руководстве подробно описаны функции автоматического вспенивания молока, регулировки помола и автоматической очистки от накипи. Задавайте ваши вопросы!
  • Как заполнить резервуар для воды?
    Как приготовить капучино?
    Как очистить кофемашину от накипи?
    Что делать, если кофемашина не включается?
    Как отрегулировать крепость кофе?
HD8654
HD8654 2100 FRONT COVER A5 BW.indd 1 29-01-16 16:31
Қазақша 5
Русский 32
Українська 61
Memo
Memo
Milk
clean
1 3
2 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
16
17
18
20
21
19
14
15
2523 2422
26
27
2830
31
32
29
1
Қазақша
Мазмұны
Кіріспе 6
Маңызды 6
Ескерту 6
Абайлаңыз 7
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) 7
Құрылғыға шолу (1-сурет) 7
Алғашқы орнату 8
Құрылғыны орнату 8
Су ыдысын толтыру 9
Кофе дәндері ыдысын толтыру 10
Құрылғыны қыздыру 10
Intenza+ су сүзгісін орнату 11
Құрылғыны пайдалану 11
1 немесе 2 эспрессо шынысын қайнату 12
Сүт негізіндегі сусындарды қайнату 12
Капучино қайнату 12
Сүт шайқау 13
Ыстық су 14
Құрылғыны реттеу 14
Тарту дәрежесін реттеу 14
MEMO (Ескертпе) функциясымен кофе көлемін реттеу 15
MEMO (Ескертпе) функциясымен капучино көлемін реттеу 15
Тазалау және күту 15
Сүт жүйесін жылдам тазалау 15
Автоматты сүт көпірткішін тазалау (күнделікті) 16
Сүт тізбегін тазалау құралының көмегімен сүт графинін толығымен тазалау (ай сайын) 16
Қайнату құралын тазалау 19
Майлау 21
Құрылғының қағын түсіру 22
Қақ түсіру процедурасы 22
Дайындау 22
Қақ түсіру бағдарламасы 23
Шаю бағдарламасы 23
Қақ кетіру процесінің кедергісі 24
Жарық сигналдарының мағынасы 25
Ақаулықтарды жою 27
Өңдеу 30
Техникалық қызмет көрсету өнімдеріне тапсырыс беру 30
Техникалық ерекшеліктер 30
5
Қазақша
Кіріспе
Құрметті тұтынушы, Philips 2100 сериялы автоматты эспрессо құрылғысын
сатып алғаныңызға рахмет! Philips ұсынған қолдау көрсету қызметін
толықтай қолдану үшін, өнімді www.philips.com/welcome сайтында тіркеңіз.
Құрылғы бүтін кофе дәндерімен эспрессо кофесін дайындауға арналған.
Сондай-ақ, бұл бусыз және ыстық сусыз жұмыс істей алады. Осы
пайдаланушы нұсқаулығында құрылғыны орнату, пайдалану, техникалық
қызмет көрсету және үздігін алу бойынша қажетті барлық ақпаратты табуға
болады.
Қосымша өнім ақпараты мен нұсқау бейнелері үшін
www.philips.com/support веб-торабына өтіңіз.
Маңызды
Құрылғы қауіпсіздік мүмкіндіктерімен жабдықталған. Дегенмен, құрылғыны
дұрыс пайдаланбауға байланысты кездейсоқ жарақаттануды немесе
зақымды болдырмау үшін қауіпсіздік туралы нұсқауларды мұқият оқып,
орындаңыз және құрылғыны тек осы нұсқауларда сипатталғандай
пайдаланыңыз. Осы пайдаланушы нұсқаулығын болашақта қарау үшін
сақтап қойыңыз.
Ескерту
-
Құрылғыны техникалық сипаттамаларға сәйкес кернеулі қабырға
розеткасына қосыңыз.
-
Құрылғыны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
-
Қуат сымы үстел немесе жұмыс орны жиегінен салбырап тұрмауы тиіс не
ыстық беттерге тимеуі керек.
-
Құрылғыны, электр тығынын немесе қуат сымын суға батырмаңыз (электр
тогының соғу қаупі).
-
Қуат сымы жалғағышына сұйықтықтарды ешқашан құймаңыз.
-
Ыстық су ағынын корпус бөліктеріне тікелей бағыттамаңыз. күйіктер қаупі.
-
Ыстық беттерді ұстамаңыз. Саптарын және тұтқаларын қолданыңыз.
-
Құрылғыны өшіру үшін ток тығынын розеткадан ажыратыңыз.
-
Егер ақаулық орын алса.
-
Егер құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса.
-
Құрылғыны тазалау алдында.
-
Қуат сымынан емес, тығыннан тартыңыз.
-
Электр тығынын ылғалды қолдармен түртпеңіз.
-
Электр тығыны, қуат сымы немесе құрылғының өзі зақымданған болса,
құрылғыны қолданбаңыз..
-
Құрылығыға немесе қуат сымына өзгерістер жасамаңыз.
-
Қауіпті болдырмау үшін жөндеу жұмыстары тек Philips ұйымымен
өкілеттік берілген қызмет орталығымен орындалуы керек..
-
Құрылғыны 8 жастан кіші балалар пайдаланбауы керек.
6
Қазақша
-
Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға пайдалануға болады.
-
Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін 8
жастан кіші және бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Құрылғыны және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
-
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Кофе тартқышқа саусақтар немесе басқа нысандар ешқашан салмаңыз.
Абайлаңыз
-
Осы құрылғы тек қалыпты тұрмыстық қолданысқа арналған. Ол
дүкендердің, кеңселердің, фермалардың немесе басқа жұмыс
орталарының қызметкерлердің ас үйлері сияқты орталарда пайдалануға
арналмаған.
-
Құрылғыны әрқашан тегіс және тұрақты бетке қойыңыз. Оны тасымалдау
кезінде де тік күйде ұстаңыз.
-
Құрылғыны плиткаға, не болмаса ыстық духовканың, жылытқыштың
немесе ұқсас жылу көзінің тікелей жанына қоймаңыз.
-
Дән ыдысына тек қуырылған кофе дәндерін салыңыз. Егер ұнтақталған
кофе, тез еритін кофе, өңделмеген кофе дәндері немесе басқа зат кофе
дәні ыдысына салынса, бұл құрылғының зақымына себеп болуы мүмкін.
-
Кез келген бөліктерді салу немесе шығару алдында құрылғыны
суытыңыз. Қыздыру беттерінде пайдаланудан кейін қалдық қызу болады.
-
Су ыдысын жылы, ыстық немесе көпіршіген сумен ешқашан
толтырмаңыз, өйткені бұл су ыдысын және құрылғыны зақымдауы мүмкін.
-
Құрылғыны тазалағанда ешқашан қырғыш шүберек пен тазалағыш
агенттерді немесе жанармай мен ацетон сияқты агрессивті
сұйықтықтарды қолданбаңыз. Сумен суланған жұмсақ матаны
пайдаланыңыз.
-
Құрылғының қағын жүйелі түрде түсіріңіз. Құрылғы қағын түсіру керектігін
көрсетеді. Бұлай істемеу құрылғының дұрыс жұмыс істеуін тоқтатады.
Бұндай жағдайда жөндеу жұмысы кепілдікпен қамтылмайды.
-
Құрылғыны 0 °C-тан төмен температураларда сақтамаңыз. Жылыту
жүйесінде қалған су қатып, зақым тудыруы мүмкін.
-
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде су ыдысында су
қалдырмаңыз. Су ластануы мүмкін. Құрылғыны пайдаланған сайын таза
су пайдаланыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Құрылғыға шолу (1-сурет)
1 Басқару тақтасы
2 Бу/сүт тазалау белгішесі
7
Қазақша
3 Басқару дискісі
4 Кофе дәні белгішелері
5 Эспрессо түймесі (Ескертпе функциясы)
6 Капучино түймесі (Ескертпе функциясы)
7 Ыстық су белгішесі
8 Қақтан тазалау жарығы
9 Ескерту жарығы
10 2 шыны/ескертпе шамы
11 Су ыдысы бос шамы
12 Шамы бар қосу/өшіру түймесі
13 Қорғағыш тұтқасы бар ыстық су/бу түтікшесі
14 Су ыдысы
15 Кофе құю шүмегі
16 Автоматты сүт көпірткіш
17 Сүт түтігі қосқышы
18 Соратын құбыр
19 Сүт графині үсті
20 Сүт графині үстіндегі ілмек
21 Сүт графині
22 Drip tray full (Тамшы науасы толы) индикаторы
23 Тамшы науасының қақпағы
24 Тамшы науасы
25 Тартылған кофе ыдысы
26 Қайнату құралы
27 Қызмет есігі
28 Тартқышты реттеу тұтқасы
29 Керамика кофе тартқыш
30 Кофе дәнінің ыдысы
31 Тарту градусын реттеу құралы
32 Кофе дәндері ыдысының қақпағы
Алғашқы орнату
Құрылғыны орнату
1 Құрылғыдан бүкіл орама материалын алыңыз.
2 Құрылғыны шүмектен, раковинадан және жылу көздерінен алыс жерге,
үстелдің немесе басқа жұмыс орнының үстіне қойыңыз.
15cm
15cm
15cm
15cm
15cm
Ескерту: Құрылғының үстінде, артында және екі жағында кемінде 15 см
бос орын қалдырыңыз.
8
Қазақша
3 Шағын ашаны құрылғының артындағы ұяшыққа қосыңыз.
4 Тоқ шанышқысын қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
5 Тамшы науасынан қорғағыш жапсырманы алып тастаңыз да, тамшы
науасын құрылғының алдындағы бағыттағыш ойықтарға сырғытыңыз.
Ескертпе: Тамшы науасы толығымен салынғанын тексеріңіз.
6 Автоматты сүт көпірткішті салыңыз.
Су ыдысын толтыру
1 Автоматты сүт көпірткішті сол жаққа бұраңыз.
2 Су ыдысын құрылғыдан шығарып алыңыз.
3 Су ыдысын ағып тұрған сумен шайыңыз.
4 Су ыдысын салқын ағынды сумен MAX (Макс) көрсеткішіне дейін
толтырыңыз.
5 Су ыдысын құрылғыға қайта сырғытып кіргізіңіз.
9
Қазақша
Кофе дәндері ыдысын толтыру
1 Кофе дәндері ыдысын эспрессо дәндерімен толтырыңыз.
Ескертпе: Тек эспрессо дәндерін пайдаланыңыз. Тартылған кофені,
қуырылмаған кофе дәндерін немесе карамельденген кофе дәндерін
ешқашан пайдаланбаңыз, өйткені бұл құрылғыны зақымдауы мүмкін.
2 Кофе дәндері ыдысын қақпақпен жабыңыз.
Құрылғыны қыздыру
Бастапқы қыздыру барысында таза су ішкі тізбек арқылы ағып, құрылғыны
қыздырады. Бұл бірнеше секунд алады.
1 Үлкен шыныны ыстық су/бу түтікшесі және кофе шүмегінің астына
қойыңыз. Басқару диcкісін кофе дәні белгішелерінің біріне қарап тұрғанын
тексеріңіз.
2 Қосу/өшіру түймесін басыңыз.
3 Ескерту шамы жылдам жыпылықтап тұрғанда басқару дискісін ыстық су
белгішесін бұрып, бірнеше секунд күтіңіз.
-
Ескерту шамы сөніп, ыстық су/бу түтікшесінен немесе автоматты сүт
көпірткішінен кішкене су шығады.
4 Бірнеше секундтан кейін ыстық су/бу түтікшесінен ыстық су аққаны
тоқтағаннан кейін және ескерту шамы баяу жыпылықтағанда басқару
дискісін қайта жалғыз дән белгішесін бұрыңыз.
-
Құрылғы қызып, қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтайды.
-
Қызғанда құрылғы ішкі тізбекті таза сумен тазалау үшін автоматты
шаю циклін орындайды. Бұл шамамен бір минут алады.
-
Қосу/Өшіру түймесі үздіксіз жанғанда құрылғы қолмен шаю цикліне
дайын.
Ескертпе: эспрессо немесе капучино түймесін басу арқылы автоматты
шаю циклін тоқтатуға болады.
Ескертпе: сондай-ақ, автоматты шаю циклі құрылғы күту режиміне
ауысқаннан немесе өшкеннен кейін 60 минут бойы орындалады.
10
Қазақша
Intenza+ су сүзгісін орнату
Intenza+ су сүзгісін орнату ұсынылады, өйткені бұл құрылғыда қақтың
жиналуын болдырмайды. Intenza+ су сүзгісін бөлек сатып алуға болады.
Қосымша мәліметтерді «Кепілдік және қолдау» тарауының «Техникалық
қызмет көрсету өнімдеріне тапсырыс беру» бөлімінен қараңыз.
1 Су ыдысынан шағын ақ сүзгіні алып, құрғақ жерде сақтаңыз.
Ескертпе: Шағын ақ сүзгіні болашақта пайдалану үшін сақтаңыз. Ол қақ
түсіру үшін қажет болады.
2 Сүзгіні орамасынан шығарып, саңылауын жоғары қаратып салқын суға
батырыңыз. Ауа көпіршіктерін шығару үшін сүзгінің шеттерін ақырын
басыңыз.
3 Сүзгі тұтқасын сіз тұратын аумақтың су кермектігіне сай параметрге
бұраңыз.
a Өте жұмсақ су/жұмсақ су
b Кермек су (әдепкі)
c Өте кермек су
Ескертпе: Су кермектігін су кермектігін тексеру жолағымен тексеруге
болады.
4 Сүзгіні бос су ыдысына салыңыз. Оны әрі қарай қозғалмай қалғанша
төмен басыңыз.
5 Су ыдысын MAX (Макс) көрсеткішіне дейін таза сумен толтырып,
құрылғыға сырғытып кіргізіңіз.
6 Құрылғы ыстық суды су ыдысы босағанша қайнатуға мүмкіндік беріңіз
Құрылғыны пайдалану» тарауының «Ыстық су» бөлімін қараңыз).
7 Су ыдысына MAX (Макс) көрсеткішіне дейін таза су толтырып, құрылғыға
қайтадан сырғытып кіргізіңіз.
-
Қосу/өшіру түймесі үздіксіз жанып тұрады.
Құрылғы пайдалануға дайын.
Құрылғыны пайдалану
Керемет эспрессоны дайындау үшін құрылғы ішкі тізбегін сумен үнемі шайып
тұрады. Автоматты шаю циклі құрылғы күту режиміне ауысқаннан немесе
өшкеннен кейін 60 минут бойы орындалады. Автоматты шаю циклі
11
Қазақша
барысында су ішкі тізбек арқылы тамшы науасына өтеді. Тамшы науасын жиі
босатып тұрыңыз.
1 немесе 2 эспрессо шынысын қайнату
1 Қосу/Өшіру түймесі ашық түсте үздіксіз жанып тұрғанын және басқару
дискісі қажетті кофе күшінің дәні белгішесіне қарап тұрғанын тексеріңіз.
2 1 немесе 2 шыны кофе шығатын жердің астына қойыңыз.
3 Басқару дискісін бір немесе екі дәнге бұраумен кофе күшін таңдаңыз.
Күштілеу дәм үшін 2 дән таңдаңыз.
4 Эспрессо түймесін басыңыз.
Ескертпе: қайнату циклін кез келген уақытта тоқтатуға болады. Кофе
қайнатуды бастау үшін басылған түймені басыңыз.
-
1 кофе шынысын қайнату үшін эспрессо түймесін бір рет басыңыз.
-
2 кофе шынысын қайнату үшін эспрессо түймесін екі рет басыңыз.
-
2 шыны кофе қайнату кезінде 2 шыны шамы жанады. Құрылғы бір
шыны үшін қажет кофе дәндерінің мөлшерін тартады, содан кейін
шынылардың екеуін де жартыға дейін толтырады. Содан кейін
құрылғы қайтадан бір шыны үшін кофе дәндерін тартады да,
шынылардың екеуін де толығымен толтырады.
Ескертпе: күту режимінде қалдырылса, құрылғы 60 минуттан кейін
автоматты түрде өшеді.
Сүт негізіндегі сусындарды қайнату
Ескертпе: Көпіршіктенудің оңтайлы нәтижесін қамтамасыз ету үшін кемінде
3% ақуыз бар салқын сүтті (шамамен 5°C/41°F температурада)
пайдаланыңыз. Майы алынбаған, майы алынған, соя және лактозасыз сүтті
пайдалануға болады.
Капучино қайнату
Ескерту: Күйік қаупі! Тамызу ыстық судың кішкентай тамшыларымен
жүреді. Бу пайдалану кезінде ыстық су/бу түтікшесі және автоматты
сүт көпірткіш ыстық болуы мүмкін. Бу түтікшесін тек қорғаныс
тұтқасымен ұстаңыз.
1 Автоматты сүт көпірткішті ыстық су/бу түтікшесін тіркеңіз.
12
Қазақша
2 Автоматты сүт көпірткіш құрылғыға тигенше және көлденең күйде
болғанша автоматты сүт көпірткішпен ыстық су/бу түтікшесін бұраңыз.
3 Сүт графині қақпағын алып, сүт графиніне сүт құйыңыз. Сүт графині
қақпағын жабыңыз.
4 Кіріс түтігінің басқа шетін сүт графинінің түбіне дейін сүт графиніне
салыңыз.
5 Үлкен шыныны автоматты сүт көпірткіш пен кофе шүмегі астына қойыңыз.
6 Басқару дискісін бір немесе екі дәнге бұраумен кофе күшін таңдаңыз.
Күштілеу дәм үшін 2 дән таңдаңыз.
7 Капучино түймесін басыңыз. Алдымен, құрылғы сүтті, одан кейін кофені
тамызады.
-
Құрылғының тамызуды тоқтатуына шамамен бірнеше секунд кетеді.
Ескертпе: Егер қайнату циклін үзу керек болса, капучино түймесін қайта
басыңыз.
8 Кофе және сүт мөлшерін реттеуге болады, «Құрылғыны реттеу» тарауын,
«Кофені және сүт ұзақтығын реттеу» бөлімін көріңіз.
9 Шыныны автоматты сүт көпірткіш астына қойыңыз. Капучино
қайнатқаннан кейін ыстық суды 3-5 секунд тамызумен жылдам
тазалаңыз, «Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын, «Сүт
жүйесін жылдам тазалау» бөлімін көріңіз.
10 Автоматты сүт көпірткіштен сүт түтігі қосқышын алыңыз.
11 Сүт ыдысы қақпағындағы істікке сүт қосқышын тығып, сүт ыдысын
тоңазытқышқа салыңыз.
Ескертпе: Сусын негізінде сүтті тамызғаннан кейін ыстық суды 5 секунд
тамызумен сүт жүйесін жылдам тазалаңыз.
Сүт шайқау
Ескерту: Күйік қаупі! Тамызу ыстық судың кішкентай тамшыларымен
жүреді. Бу пайдалану кезінде ыстық су/бу түтікшесі және автоматты
сүт көпірткіш ыстық болуы мүмкін. Бу түтікшесін тек қорғаныс
тұтқасымен ұстаңыз.
1 «Капучино қайнату» тарауынан 1-5 қадамдарын орындап, сүтті көбіктеу
үшін басқару дискісін бу/сүт тазалау белгішесін бұраңыз.
13
Қазақша
2 Сүтті көбіктеуді тоқтату үшін басқару дискісін бір немесе екі кофе дәні
белгішесін бұраңыз.
Ыстық су
Ескерту: Күйік қалу қаупі! Тамызу ыстық судың кішкентай
тамшыларымен жүреді. Тек тиісті қорғаныс тұтқасын пайдаланыңыз.
1 Қосу/өшіру индикаторы үздіксіз жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер
қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтаса, құрылғы қызады.
2 Автоматты сүт көпірткішті алыңыз. Қорғағыш тұтқаны су/бу түтікшесінде
сақтаңыз.
3 Шыныны ыстық су/бу түтікшесінің астына қойыңыз.
4 Басқару диcкісін ыстық су белгішесіне бұрыңыз.
-
Су/бу түтікшесінен су шығады.
5 Шыныны қажетті мөлшердегі ыстық су болғанда басқару дискісін кофе
дәні белгішелерінің біріне бұраңыз.
Құрылғыны реттеу
Талғамыңызға сай етіп демделген кофені алу үшін тарту дәрежесі мен кофе
көлемін реттеуге болады.
Тарту дәрежесін реттеу
Құрылғының тарту дәрежесін реттеуге болады. Керамикалық кофе тартқыш
әрбір қайнатқан кофе шынысы үшін тегіс және жақсы ұнтақталған ұнтақ
береді. Бұл әрбір шыныда толық иісін сақтап, жақсы дәм береді.
14
Қазақша
2
1
-
Тарту дәрежесін реттеу тұтқасын қатты басыңыз, содан кейін оны әр
ретте бір ойыққа бұраңыз.
-
Таңдауға болатын 5 түрлі ұнтақтау градусы параметрі болады. Нүкте
қаншалықты кішкентай болса, кофе соншалықты күшті болады.
-
Айырмашылық сіз жаңа параметрде 2-3 кофе шынысын демдегеннен
кейін байқалады.
Ескерту: Тартқышты зақымдамау үшін тарту дәрежесін реттеу
тұтқасын әр ретте бір ойықтан көбірекке бұрмаңыз.
MEMO (Ескертпе) функциясымен кофе көлемін реттеу
Кофе көлемін талғамға және шынылардың өлшеміне сай реттеуге болады.
Эспрессо түймесін бағдарламалауға болады.
1 Кофе тамызу шүмегі астына бір шыны қойыңыз.
2 Эспрессо түймесін басып тұрыңыз. Құрылғы кофе дәндерін тарта
бастағанда түймені жіберіңіз.
-
2 шыны шамы және қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтайды.
3 Шыныда қажетті кофе мөлшері болғанда эспрессо түймесін басыңыз.
Құрылғы жаңа параметрді автоматты түрде сақтайды.
MEMO (Ескертпе) функциясымен капучино көлемін реттеу
Кофе көлемін талғамға және шынылардың өлшеміне сай реттеуге болады.
Капучино түймесін бағдарламалауға болады.
1 Кофе тамызу шүмегі астына шыны қойыңыз.
2 Капучино түймесін басып тұрыңыз. Құрылғы кофе дәндерін тарта
бастағанда түймені жіберіңіз.
-
2 шыны шамы және қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтайды.
3 Шыныда қажетті сүт мөлшері болғанда капучино түймесін басыңыз.
Құрылғы жаңа параметрді автоматты түрде сақтайды.
Тазалау және күту
Жүйелі түрде тазалау және қақты түсіру құрылғының қызмет көрсету
мерзімін ұзартады және кофенің оңтайлы сапасы мен дәмін қамтамасыз
етеді.
Ескерту: Құрылғыны тазалау үшін еш уақытта қырғыштарды,
абразивті тазалағыш заттар немесе агрессивтік сұйықтықтарды
пайдаланбаңыз.
Ескерту: Тазарту алдында құрылғыны розеткадан ажыратып,
суытып алу керек.
Ескертпе: Ажыратылатын бөліктерді ыдыс жуу құрылғысында жууға болады.
Оларды ағып тұрған сумен шайыңыз.
Сүт жүйесін жылдам тазалау
Ескертпе: Капучино қайнатқаннан кейін сүт жүйесін жылдам тазалаңыз.
15
Қазақша
1 Шыныны автоматты сүт көпірткіш астына қойыңыз.
2 Басқару диcкісін ыстық су белгішесіне бұрыңыз.
3 HOT WATER (Ыстық су) 5 секунд тамызу
4 Ыстық су тамызуды тоқтату үшін кофе дәні белгішелерінің біріне басқару
дискісін бұраңыз.
Автоматты сүт көпірткішін тазалау (күнделікті)
1 Шыныны автоматты сүт көпірткіш астына қойыңыз.
2 Кіріс түтікті таза сумен толтырылған шыныға салыңыз.
3 Басқару диcкісін бу/сүт тазалау белгішесіне бұраңыз.
4 Ыстық суды 5 секунд тамызыңыз.
5 Ыстық су тамызуды тоқтату үшін кофе дәндерінің біріне басқару дискісін
бұраңыз.
Сүт тізбегін тазалау құралының көмегімен сүт графинін
толығымен тазалау (ай сайын)
Автоматты сүт көпірткішпен ай сайын тазалау
Сүт көпірткішті ай сайын тазалау ретімен орындалатын екі тазалау циклінен
тұрады: бірінші цикл суда еритін Saeco сүт тізбегін тазалау құралын
пайдалануды талап етеді және екінші цикл тізбекті шаюға тек суды
пайдалануды талап етеді.
Абайлаңыз: Егер құрылғы жақында пайдаланылса, бу түтігі және сүт
көпірткіш ыстық болуы мүмкін.
Ескертпе: Процедураны бастамас бұрын су ыдысы MAX (Макс) деңгейіне
дейін толтырылғанын тексеріңіз.
Сүт тізбегін тазалау құралымен және сумен тазалау циклі.
1 Saeco сүт тізбегін тазалағыш пакеті құрамын сүт графиніне құйып, сүт
графинін MAX (Макс) деңгейіне дейін толтырыңыз. Сүт графині қақпағын
жабыңыз.
2 Кіріс түтігінің басқа шетін сүт графинінің түбіне дейін сүт графиніне
салыңыз.
3 Сүт тамызу шүмегі астына үлкен ыдыс қойыңыз.
4 Басқару диcкісін бу/сүт тазалау белгішесіне бұраңыз.
-
Құрылғы тазалау ерітіндісін сүт тамызу шүмегі арқылы құяды.
5 Су ыдысы бос шамы жанғанша құрылғымен суды тамызыңыз.
6 Құрылғыдан кіріс түтігін шығарып алыңыз. Сүт графинін дұрыстап шайып,
MAX (Макс) деңгейіне дейін таза сумен толтырыңыз.
7 3-6 дейінгі қадамдарды қайталаңыз.
Автоматты сүт көпірткіш бөліктерін тазалау
Автоматты сүт көпірткіш демонтаждалуы қажет төрт бөліктен тұрады:
16
Қазақша
1
2
4
5
3
1 Кіріс түтік
2 Сүт көпірткіш қақпағы
3 Резеңке сақина
4 Сүт көпірткіш
5 Резеңке қақпақ
Автоматты сүт көпірткішпен тазалау әдісі
1 Бу түтігінен автоматты сүт көпірткішті алып тастаңыз.
Абайлаңыз: Егер құрылғы жақында пайдаланылса, бу түтігі және сүт
көпірткіш ыстық болуы мүмкін.
2 Сүт көпірткіш қақпағынан кіріс түтікті алып тастаңыз.
3 Автоматты сүт көпірткіштен резеңке сақинаны алыңыз.
2
1
1
4 Автоматты сүт көпірткішті ажырату үшін бүйірлерін (1) басып, бүйірлік
қозғалыстар (2) жасау кезінде тартып алып тастаңыз.
5 Сүт көпірткіштен резеңке қақпақты алып тастаңыз.
6 Құрамдастарды жылы сумен шайыңыз.
Ескерту: Бұл құрамдастарды ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
17
Қазақша
7 Қайта монтаждау үшін резеңке қақпақты сүт көпірткішке тіркеу
мақсатында ортасын басып, орнында екендігін тексеріңіз.
8 Автоматты сүт көпірткішті сүт көпірткіш қақпағына тіркеңіз. Екі бөлік
орнына құлыпталған кезде сырт еткен дыбыс естіледі.
9 Кіріс түтікті автоматты сүт көпірткішке салыңыз.
10 Резеңке сақинаны автоматты сүт көпірткішке кері салыңыз.
11 Автоматты сүт көпірткішті ыстық су/бу түтікшесін кері тіркеңіз.
18
Қазақша
Қайнату құралын тазалау
Ескерту: Қайнату құралын ыдыс жуу құрылғысында тазаламаңыз
және оны тазалау үшін жуу сұйықтығын немесе тазалағыш зат
пайдаланбаңыз.
Қайнату құралын аптасына бір рет тазалаңыз.
1 Құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Тартылған кофе ыдысын құрылғыдан шығарыңыз.
3 Қызмет көрсету есігін ашыңыз.
1
2
4 PUSH (Басу) түймесін басып, қайнату құралы тұтқасын тартып,
құрылғыдан алыңыз.
5 Қасықтың сабымен немесе басқа ұшы дөңгелек ас үй құралымен кофе
шығару арнасын тазалаңыз.
6 Құрылғы ішін сулы шүберекпен тазалаңыз.
19
Қазақша
7 Қайнату құралының сыртын жылы ағынды сумен шайыңыз.
Ескерту: Қайнату құралын тазалау үшін жуу сұйықтығын немесе
басқа тазалау затын ешқашан пайдаланбаңыз.
Ескерту: Қайнату құралының ішінде талшықтар жиналмауы үшін
қайнату құралын шүберекпен кептірмеңіз. Шаюдан кейін жай
қайнату құралынан артық суды сілкіп жіберіңіз немесе оны ауада
кептіріңіз.
8 Қайнату құралын құрылғыға қайта сырғыту алдында бүйірдегі екі
анықтамалық белгі сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер олар сәйкес келмесе,
мына қадамды орындаңыз:
-
Тұтқа қайнату құралының түбіне тиіп тұрғанын тексеріңіз.
9 Қайнату құралының құлыптау ілмегі дұрыс күйде екенін тексеріңіз.
-
Дұрыс орналастыру үшін ілгекті шеткі жоғарғы күйде болғанша жоғары
қарай басыңыз.
Ескертпе: әлі шеткі төменгі күйде болса, ілгек дұрыс орналастырылмаған.
20
Қазақша
/