Electrolux EW8HR258B Руководство пользователя

  • Привет! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации сушильной машины Electrolux EW8HR258B. Я могу ответить на ваши вопросы о её функциях, программах сушки, уходе и устранении неполадок. Например, я знаю, как часто нужно чистить фильтр, как использовать функцию отложенного старта и что делать при появлении кодов ошибок. Задавайте свои вопросы!
  • Как часто нужно чистить фильтр сушильной машины?
    Что делать, если сушильная машина выдает код ошибки?
    Как использовать функцию отложенного старта?
    Можно ли сушить шерстяные вещи в этой сушильной машине?
EW8HR258B
KK Кептіргіш барабан Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Сушильная машина Инструкция по эксплуатации 33
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ.....................................................................3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 8
4. БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ......................................................................................... 9
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................. 10
6. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................12
7. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................15
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................16
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................18
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 19
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 20
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................23
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР............................................................................26
14. ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ............................................................................. 28
15. ӨНІМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҒЫ EO 1369/2017 СТАНДАРТЫНА САЙ
КЕЛЕДІ.................................................................................................................30
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.kz/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.part33.ru
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғыны орнатуды және пайдалануды бастау
алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау
нәтижесінде орын алған жарақаттарға немесе
зақымға өндіруші жауапты емес. Нұсқауларды
болашақта анықтама алу үшін әрқашан қауіпсіз және
қолжетімді жерде сақтаңыз.
- Жинақтағы нұсқауларды оқыңыз.
Ескерту: Өрт қаупі бар/тұтанғыш материалдар.
Құрылғының құрамында жылдам тұтанатын газ,
пропан (R290), қоршаған ортамен үйлесімділігі өте
жоғары газ бар. Өрт және тұтану көздерін
құрылғыдан алыс ұстаңыз. Пропан бар
салқындатқыш тізбегіне зақым келтіріп алмас үшін
абай болыңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғы дене, сезім немесе ақыл-ой
қабілеттері шектеулі не тәжірибесі және білімі жоқ
адамдардың (соның ішінде балалардың)
пайдалануына арналмаған. Қауіпсіздігіне жауапты
адам құрылғы пайдалануын қадағаласа немесе
нұсқаулар беріп тұрса ғана олар құрылғыны
пайдалана алады.
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау
керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
ҚАЗАҚ 3
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны белсендіру керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын керек-жарақтармен бірге
жеткізілетін нұсқаулықта көрсетілген құрылғыларда
ғана пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына не топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғыны таймер сияқты
сырттан қосатын құралмен жабдықтамау немесе
жиі қосылып және сөніп тұратын желілерге қоспау
керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сонымен қатар ашық оттан
бөлінетін қажетсіз газдар бөлмеге қайта кірмес
үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
www.electrolux.com4
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны ауа алмаспайтын ортаға
орнатпаңыз.
Құрылғының құрамында жылдам тұтанатын пропан
(R290), қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте
жоғары табиғи газ бар. От пен тұтанғыш көздерді
құрылғыдан алыс ұстаңыз. Пропаны бар
салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін
абай болыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ: Салқындатқыш жүйенің контурын
зақымдамаңыз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Ең көбі 8,0 кг-нан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі”
тарауын қараңыз).
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
ҚАЗАҚ 5
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларына сәйкес
пайдалану керек.
Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне
айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер барлық кір дереу алынып,
қызулары тезірек тарап кетпесе, кір кептіргіш
машинаны ешқашан кептіру циклы аяқталмай
тұрып тоқтатпаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Ескерту: Өрт қатеріне ұшырау
қаупі бар / Жанғыш заттар.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыны ауа алмаспайтын
ортаға орнатпаңыз
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын пропан (R290), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте
жоғары табиғи газ бар. От пен
тұтанғыш көздерді құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Пропаны бар
салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны температурасы 5°C
градустан төмен немесе 35°C
градустан жоғары жерге
орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде
әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
www.electrolux.com6
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Ескерту: Өрт қатеріне ұшырау
қаупі бар / Жанғыш заттар.
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын пропан (R290), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте жоғары
табиғи газ бар. От пен тұтанғыш
көздерді құрылғыдан алыс ұстаңыз.
Пропаны бар салқындатқыш жүйеге
зақым келтіріп алмас үшін абай
болыңыз.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір дақ кетіргішпен жуылған болса,
кептіру циклын бастау алдында
қосымша шаю циклын қосыңыз.
Құрылғыда кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі тазалауға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
Тазартылған суды/конденсат суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Құрылғының ашық тұрған есігінің
үстіне отыруға немесе үстіне
шығып тұруға болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.4 Ішкі жарық
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Шамнан көзге көрінетін сәуле
шығады, сәулеге тура қарамаңыз.
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Ескерту: Өрт қатеріне ұшырау
қаупі бар / Жанғыш заттар.
Құрылғының құрамында жылдам
тұтанатын пропан (R290), қоршаған
ортамен сыйысымдылығы өте жоғары
табиғи газ бар. От пен тұтанғыш
көздерді құрылғыдан алыс ұстаңыз.
Пропаны бар салқындатқыш жүйеге
зақым келтіріп алмас үшін абай
болыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Салқындату жүйесін зақымдамау
үшін құрылғыны абайлап
тазалаңыз.
2.6 Компрессор
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Компрессор мен оның кептіргіш
машина ішіндегі жүйесі фтор-хлор-
көмірсутек қосылмаған арнайы
затпен толтырылған. Бұл жүйе
ҚАЗАҚ 7
жабық тұруға тиіс. Жүйеге зақым
келсе ішіндегі зат ағып кетуі мүмкін.
2.7 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.8 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Ескерту: Өрт қатеріне ұшырау
қаупі бар / Құрылғының және
материалдың зақымдану қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Құрылғының құрамында тұтанатын
газ бар (R290). Құрылғыны қоқысқа
дұрыс тастау туралы ақпарат алу
үшін жергілікті уәкілетті мекемеге
хабарласыңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
6
3
4
5
7
8
9
10
1
Су сауыты
2
Басқару панелі
3
Ішкі жарық шамы
4
Құрылғының есігі
5
Сүзгі
6
Техникалық ақпарат тақтайшасы
7
Ауа саңылаулары
8
Қызу алмастырғыштың қақпағы
9
Қызу алмастырғыштың қалқаны
10
Реттемелі тірек
Кірді оңай салу үшін
немесе ауыстырылатын
есікті оңай орнату үшін.
(бөлек парақшаны
қараңыз).
www.electrolux.com8
4. БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
1
1112 10 9 8
5
7
6
432
1
Бағдарлама тетігі және ЫСЫРУ
қосқышы
2
Антисминание+ (Мыжылудан
сақтау+) сенсорлық түймесі
3
Влажность (Құрғақтық) сенсорлық
түймесі
4
Дисплей
5
Сушка по времени(Уақыт)
сенсорлық түймесі
6
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
сенсорлық түймесі
7
Отсрочка (Кешіктіру) сенсорлық
түймесі
8
Освежить (Жаңарту) сенсорлық
түймесі
9
Звук оконч. (Дабыл) сенсорлық
түймесі
10
Реверс плюс(Кері плюс) сенсорлық
түймесі
11
Очень тихая (қосымша үнсіз)
сенсорлық түймесі
12
Қосу/өшіру түймесі
Сенсорлық түймешіктердің
белгісі не опция атауы
көрсетілген тұсын
саусағыңызбен түртіңіз.
Басқару тақтасын
қолданғанда қолғап
кимеңіз. Басқару
тақтасының үнемі таза
және құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
4.1 Дисплей
Бейнебеттегі белгі Белгі сипаттамасы
кірдің құрғақтығының опциясы: үтіктеу үшін,
шкаф үшін, өте құрақ.
ҚАЗАҚ 9
Бейнебеттегі белгі Белгі сипаттамасы
кептіру уақыты қосулы
кешіктіріп бастау параметрі қосулы
индикаторы:
қызу алмастырғышты тексеру
индикаторы:
сүзгіні тазалаңыз
индикаторы:
су сауытын босатыңыз
бала қауіпсіздігінің құралы қосулы
теріс таңдау не тетік "Қайта қалп. келт."
қалпына қойылған
индикаторы:
кептіру циклы
индикаторы:
салқындату циклы
индикаторы:
қыжымданудан сақтау циклы
бағдарлама ұзақтығы
, , ,
қыжымданудан сақтау циклын ұзарту:
+30мин, +60мин, +90мин, +2сағ)
-
уақытпен кептіруді таңдау (10мин-2сағ)
-
кешіктіріп бастауды таңдау (1сағ-20сағ)
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарлама
Жүк
1)
Ерекшеліктері / Мата түрі
2)
3)
Хлопок (Мақта
мата) Eco
8,0 кг
Қуатты барынша үнемдеп,
мақта матаны «мақта мата,
шкафқа» кептіру деңгейіне
дейін кептіруге арналған цикл.
/
Хлопок (Мақта мата) 8,0 кг
Барлық мақта мата түрлерін
сақтауға болатын (шкафқа)
етіп кептіруге арналған цикл.
/
Синтетика (Синтетика) 4,0 кг
Синтетика және аралас
маталар.
/
Смешанные ткани
(Жылдам микс) XL
6 кг
Мақта мата, мақта-синтетика
және синтетика маталар
аралас.
/
Тонкие ткани (Нәзік
мата)
4 кг
Вискоза, жасанды жібек, акрил
және басқа қоспалар.
/
www.electrolux.com10
Бағдарлама
Жүк
1)
Ерекшеліктері / Мата түрі
2)
Спортивное (Спорт.
киімдер)
2 кг
Спорт киімдері, жұқа және
жеңіл маталар, микроталшық,
полиэстер.
/
Постельное белье
(Tөсек) XL
4,5 кг
Үш төсек жаймасынан тұратын
жинақ, біреуі екі еселік
болуына болады.
/
Одеяла (Көрпе) 3 кг
Бір қабат немесе қос қабат
көрпе және жастықтар (құс
жүні, мамық, синтетика
салынған) үшін.
/
Kyртки (Outdoor)
2 кг
Сыртта киілетін киімдерді,
жұмыс киімдерін, спорт, су
өткізбейтін және ауа өткізетін
күртешелерді, алмалы флис
немесе ішкі қабаты бар шолақ
күртешені кептіруге арналған.
Кептіргіш барабанда кептіруге
жарамды.
/
Джинсы (Джинсы) 4 кг
Еркін киім, соның ішінде
материал қалыңдығы әр түрлі
джинс, бүрмелі жейде
(мысалы, мойында, жеңде
және тігісте).
/
Шелк (Жібек мата)
1 кг
Қолмен жуылатын жібек
маталарды баппен кептіру.
/
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама
Жүк
1)
Ерекшеліктері / Мата түрі
2)
Шерсть (Жүн мата)
1 кг
Жүн маталар. Қолмен жуылатын жүн
маталарды баппен кептіру. Бағдарлама
аяқталған кезде заттарды дереу алыңыз.
Осы машинаның жүн матаны кептіру циклі
Woolmark компаниясымен киімдерді осы
машина өндірушісі берген нұсқауларға
сәйкес кептіру шартымен «қолмен жуу»
деп белгіленген жүн мата киімдерін
кептіруге мақұлданған. Басқа кір
нұсқаулары бойынша киімнің күтім
затбелгісін қараңыз. M2101
Woolmark белгісі көп елдерде
сертификаттау белгісі болып табылады.
1)
Максималды салмақ кептірілетін заттарға қатысты.
2)
Мата таңбасының мағынасын мына тарауда қараңыз:
СӨЗКӨМЕКТЕР ЖӘНЕ
КЕҢЕСТЕР: Кірді дайындау.
3)
Ал Хлопок (Мақта мата) В шкаф (Шкафқа) ECO бағдарламасы — ЕО
Комиссиясының № 392/2012 Ережесіне сай «Стандартты мақта мата бағдарламасы».
Бұл қалыпты деңгейдегі дымқыл мақта матаны кептіруге жарамды және дымқыл мақта
матаны кептіргенде қуатты барынша тиімді пайдаланатын бағдарлама.
6. ФУНКЦИЯЛАР
6.1 Антисминание+
(Мыжылудан сақтау+)
Кептіру циклының соңында
қыжымданудан сақтау циклын 30,60,
90 минутқа не 2 сағатқа созады. Бұл
функция мыжылуды азайтады.
Мыжылудан сақтау циклы кезінде кірді
шығарып алуға болады.
6.2 Влажность (Құрғақтық)
Бұл функция кірдің құрғақтығын
жоғарылатуға арналған. Функцияның 3
түрі бар:
Очень сухое (Өте құрғақ)
В шкаф (Шкафқа)
Под утюг (Үтіктеуге)
6.3 Сушка по
времени(Уақыт)
Бағдарлама ұзақтығын кемінде 10
минуттан ең көбі 2 сағатқа орнатуға
болады. Қажетті ұзақтық құрылғының
ішіндегі кірдің мөлшеріне байланысты
қойылады.
Кірдің аздаған мөлшеріне
не тек бір затқа қысқа
ұзақтықты орнату
ұсынылады.
www.electrolux.com12
КЕПТІРУ УАҚЫТЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫ
10 - 20 мин
тек
салқындату
ауасының
әрекеті
(қыздырғышс
ыз).
20 - 40 мин
алдыңғы
кептіру
циклінен кейін
құрғақтықты
жақсарту
мақсатындағ
ы қосымша
кептіру.
>40 мин
4 кг дейінгі аз
мөлшердегі
кірді толық
кептіру,
жақсы
айналдыру
(>1200 айн/
мин).
Сондай-ақ бұл опция
кептіру сөресіне (үлгіге
байланысты, стандартты
немесе қосымша
аксессуар) қатысты
6.4 Сушка по времени(Уақыт)
Шерсть (Жүн мата)
бағдарламасында
Шерсть (Жүн мата) бағдарламасына
арналған, соңғы құрғақтық деңгейін
реттеуге арналған опция.
6.5 Освежить (Жаңарту)
Шкафта тұрған киімдерді жаңарту. Ең
үлкен салмақ 1 кг-нан аспауы керек.
6.6 Звук оконч. (Дабыл)
Сигнал естіледі:
цикл соңында
қыжымдану циклының басы мен
соңында
циклды кідірту
Әдетте сигнал құралы функциясы
үнемі қосулы тұрады. Бұл функцияны
сигналды қосу немесе ажырату үшін
қолдануға болады.
Ал Звук оконч. (Дабыл)
опциясын барлық
бағдарламалармен
белсендіре аласыз.
6.7 Реверс плюс(Кері плюс)
Заттардың мыжылуын не бұратылуын
болдырмау үшін барабанның кері
айналдыру жылдамдығын көбейтеді.
Кептіру нәтижесін біркелкі ету және
кірдің қыжымдануын азайту үшін.
Үлкен немесе ұзын заттарға арналған
(мысалы, төсектің ақжаймасы,
шалбар, ұзын көйлек)"
6.8 Очень тихая (қосымша
үнсіз)
Құрылғы кептіру сапасына ешбір әсер
етпей, өте төмен деңгейде шуыл
шығарады. Құрылғы баяу жұмыс
істейді, цикл уақыты ұзағырақ болады.
ҚАЗАҚ 13
6.9 Опциялар кестесі
Бағдарламалар
1)
Влажность
(Құрғақтық)
Анти
смин
ание
+
(Мыж
ылуд
ан
сақта
у+)
Очен
ь
тихая
(қос
ымш
а
үнсіз
)
Реве
рс
плю
с(Кер
і
плюс
)
Осве
жить
(Жаң
арту)
Сушк
а по
врем
ени(У
ақыт)
Хлопок (Мақта
мата) Eco
Хлопок (Мақта мата)
Синтетика
(Синтетика)
Смешанные ткани
(Жылдам микс) XL
Тонкие ткани (Нәзік
мата)
Спортивное (Спорт.
киімдер)
Постельное белье
(Tөсек) XL
Одеяла (Көрпе)
Kyртки (Outdoor)
Джинсы (Джинсы)
Шелк (Жібек мата)
Шерсть (Жүн мата)
2)
1)
Бағдарламамен бірге 1 не одан көп опцияларды орнатуға болады. Оларды қосу не
ажырату үшін тиісті сенсорлық түймешікті басыңыз.
2)
ОПЦИЯЛАР тарауын қараңыз: «Жүн» бағдарламасындағы кебу уақыты
www.electrolux.com14
7. ПАРАМЕТРЛЕР
A B C
E
DFGHI
A. Сушка по времени(Уақыт)
түймешігін басыңыз
B. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз
C. Отсрочка (Кешіктіру) түймешігін
басыңыз
D. Освежить (Жаңарту) түймешігін
басыңыз
E. Звук оконч. (Дабыл) түймешігін
басыңыз
F. Реверс плюс(Кері плюс) түймешігін
басыңыз
G. Очень тихая (қосымша үнсіз)
түймешігін басыңыз
H. Антисминание+ (Мыжылудан
сақтау+) түймешігін басыңыз
I. Влажность (Құрғақтық) түймешігін
басыңыз
7.1 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Бұл опция бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде, балаларға құрылғымен
ойнауға жол бермейді. Сенсорлық
түймелер бұғатталған.
Қосу/сөндіру түймешігі ғана
бұғатталмай тұрады.
Бала қауіпсіздігі функциясын
қосу:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. (D) сенсорлық түймесін бірнеше
секунд басыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі
функциясын бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде
ажыратуға болады. Осы
сенсорлық түймелерді
бала қауіпсіздігі
индикаторы сөнгенше
басып тұрыңыз. Бала
қауіпсіздігінің құралы
құрылғыны қосқаннан кейін
8 үшін қолжетімді емес.
7.2 Қалған ылғалдылықты
реттеу
"Кірде қалған ылғал
деңгейін реттеу" режиміне
кірген сайын алдыңғы
орнатылған ылғалдылық
деңгейі (мысалы, алдыңғы
орнатылған
мәніне ауысады) келесі
мәнге ауысады.
Қалған ылғалдың әдепкі деңгейін
өзгерту үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Кез келген бағдарламаны орнату
үшін бағдарлама тетігін
қолданыңыз.
3. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
4. (G) және (F) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
макс. құрғақтық
барынша құрғақ кір
стандартты құрғақ кір
5. (G) және (F) түймешігін дұрыс
деңгейдің индикаторы жанғанша
қайта басыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Егер дисплей қалыпты
режимге ауысса (2-ші
қадамда таңдалған
бағдарлама уақыты
көрінеді) қалатын
ылғал деңгейін орнату
барысында (G) және
(F) түймелерін басып
тұрып, ""Кірде қалған
ылғал деңгейін реттеу"
режиміне қайта кіріңіз
(алдыңғы орнатылған
ылғал мәні келесі
мәнге ауысады).
6. Таңдалған қалдық ылғал деңгейін
қабылдау үшін 5 с күтіңіз, дисплей
қалыпты режимге ауысады.
Влажность
(Құрғақтық)
Дисплей белгісі
макс.
құрғақтық
барынша
құрғақ кір
стандартты
құрғақ кір
7.3 Су сауытының
индикаторы
Әдетте су сауытының индикаторы
жанып тұрады. Бұл индикатор
бағдарлама аяқталған кезде немесе су
сауытын босату қажет болған кезде
жанады.
Егер су төгу жинағы
(қосымша керек-жарақ)
орнатылса, құрылғы су
сауытындағы суды
автоматты түрде төгеді.
Бұндай жағдайда су
сауытының индикаторын
сөндіріп қоюды ұсынамыз.
Су сауытының индикаторын
сөндіру:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (H) және (I) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Дисплейде осы 2 теңшелімнің бірі
көрсетіледі:
Дисплейде "Сөндіру"
көрсетіледі. 5 секундтан кейін
дисплей қалыпты режимге
оралады.
Дисплейде "Қосу" көрсетіледі. 5
секундтан кейін дисплей
қалыпты режимге оралады.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Кептіргішті бірінші рет іске
қосқанда, барабанның
артқы құлыптары
автоматты түрде алынады.
Шамалы шуыл естілуі
мүмкін.
Барабанның артқы құлпын ашу
үшін:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Кез-келген бағдарламаны
орнатыңыз.
3. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Барабан айнала бастайды.
Барабанның артқы құлыптары
автоматты түрде сөнеді.
Заттарды кептіруге арналған
құрылғыны пайдалану алдында:
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Ылғал киімдерді салып 1 сағаттық
бағдарламаны бастаңыз.
www.electrolux.com16
Кептіру циклының бас
кезінде (бастапқы 3-5 мин)
сәл қаттырақ шуыл естілуі
мүмкін. Бұл
компрессордың іске
қосыла бастауына
байланысты. Бұл
тоңазытқыш және
мұздатқыш тәрізді
компрессордан қуат
алатын құрылғылар үшін
қалыпты жағдай.
8.1 Ерекше иіс
Құрылғы тығыз оралған.
Өнімді қораптан шығарғаннан кейін
ерекше иісті сезінесіз. Бұл жаңа
өнімдер үшін қалыпты жағдай.
Құрылғы әр түрлі материалдардан
жасалған, олардың бәрі бірігіп ерекше
иіс шығарады.
Пайдалану барысында бірнеше
кептіру циклынан кейін ерекше иіс
біртіндеп жоғалады.
8.2 Шуыл түрлері
Кептіру циклы кезінде әр
түрлі уақытта әр түрлі
шуыл естілуі мүмкін. Бұл
қалыпты жұмыс кезіндегі
дыбыстар.
Жұмыс компрессоры.
Brrrr
Айналмалы барабан.
Жұмыс істейтін кептіргіштер.
Сорғы жұмыс істеп, сауытқа
конденсатты жібереді.
ҚАЗАҚ 17
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9.1 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Кірді дайындап, құрылғыға
салыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен
резеңке
тығыздағышының
арасына кір тұрып
қалмайтынын
тексеріңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама уақыты
көрсетіледі.
Нақты кептіру уақыты
кірдің түріне (мөлшері мен
құрамы), бөлме
температурасына және
айналдыру циклінен кейін
кірдің қаншалықты дымқыл
болатынына байланысты.
4. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
сенсорлық түймесін басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.2 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп
бастау уақыты пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі
1 сағаттан бастап, ең
көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай
аласыз.
3. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
9.3 Бағдарламаны өзгерту
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
Балама ретінде:
1. Таңдау тетігін "Қайта қалп. келт."
қалпына бұраңыз.
2. 1 секунд күтіңіз. Бейнебетте
көрсетіледі.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
9.4 Бағдарлама соңында
Бағдарлама аяқталған кезде:
Үзік-үзік дыбыстық сигнал іске
қосылады.
Дисплейде мынау көрсетіледі:
Енді
Индикатор: қосулы.
Индикаторлар:
Сүзгі және
Сауыт жануы мүмкін.
Ал Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы қосулы.
Құрылғы Антисминание+ (Мыжылудан
сақтау+) опциясы орнатылған кезде
(
Опция - Антисминание+ (Мыжылудан
сақтау+)
тарауын қараңыз )
қыжымданудан сақтау кезеңімен
шамамен 30 минут не ұзақтау жұмыс
істей береді.
www.electrolux.com18
Қыжымданудан сақтау кезеңі
қыжымдануды азайтады.
Кірді қыжымданудан сақтау кезеңі
аяқталмай тұрып алуға болады.
Жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін
кірді кезең аяқталуға жақын қалған
кезде алуды ұсынамыз.
Қыжымданудан сақтау кезеңі
аяқталғанда:
Дисплейде әлі көрсетіліп тұр
Енді
Индикатор: өшірулі.
Индикаторлар:
Сүзгі және
Сауыт қосулы болады.
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы өшеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймесін басыңыз.
2. Құрылғы есігін ашыңыз.
3. Кірді шығарып алыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Орынсыз кептіру нәтижелерінің
ықтимал себептері:
Әдепкі құрғақтық деңгейі
параметрлері тиісті емес. Тарауды
қараңыз
Әдепкі құрғақтық деңгейін
реттеу
Бөлме температурасы тым төмен
не тым жоғары. Бөлменің оңтайлы
температурасы 18°-25°C арасында.
Бағдарлама аяқталған
кезде үнемі сүзгіні
тазалаңыз және су
сауытын босатыңыз.
9.5 Күту режимі
Пайдаланылатын қуатты азайту үшін,
бұл функция құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді:
Егер бағдарламаны бастамасаңыз
5 минуттан кейін.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткен кезде.
Таңдау тетігін "Қайта
қалп. келт." қалпында
тұрса, уақыт 30 секундқа
азаяды.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кірді дайындау
Жуу циклынан кейін
киімдер жиі иленіп және
оралып қалады.
Иленген және оралған
киімдерді кептіру тиімсіз.
Ауа ағынының дұрыстығын
және біркелкі кептіруді
қамтамасыз үшін киімді
бір-бірден кептіргішке салу
ұсынылады.
Кептіру үрдісін дұрыс қамтамасыз ету:
Тартқыштарын жабыңыз.
Көрпе тыстарының түймелерін
салыңыз.
Галстук немесе бантиктерді
(мысалы, фартук бауларын) сол
күйінде кептірмеңіз. Оларды
бағдарламаны бастамай тұрып
байлаңыз.
Қалталардағы барлық заттарды
алыңыз.
Ішкі астары мақта матадан
жасалған заттарды аударыңыз.
Мақта мата қабаты сыртқа қарап
тұруы керек.
Әрқашан кірдің түріне сәйкес
бағдарламаны орнатыңыз.
Ашық және баран түстерді бірге
салмаңыз.
Мақта мата, джерси және тоқыма
заттардың отырып қалуын азайту
үшін сай келетін бағдарламаны
пайдаланыңыз.
Бағдарлама тарауында немесе
дисплейде көрсетілген макс.
салынатын кір салмағынан
асырмаңыз.
Кептіргіш машинада кептіруге
болатын кірлерді ғана кептіріңіз.
Заттардың матасындағы затбелгіні
қараңыз.
Үлкен және кішкене заттарды бірге
кептірмеңіз. Кішкене заттар үлкен
заттардың ішіне кіріп, кеппей қалуы
мүмкін.
Үлкен киімдерді, маталарды
кептіргішке салар алдында
сілкілеңіз. Бұл кептіру циклынан
ҚАЗАҚ 19
кейін матаның кейбір жерлерінің
дымқыл болмауына арналған.
Матаның
затбелгісі
Сипаттамасы
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамды кір.
Кептіргіш машинамен жоғары температурада кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен төмен температурада ғана кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамсыз кір.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
11.1 Сүзгіні тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Сүзгіні сумен тазаламаңыз.
Ұлпаны қоқыс себетіне
тастаңыз (пластик
талшықтың айналадағы
суға түспеуін
қадағалаңыз).
Кептіру өнімділігін
барынша жақсарту үшін
сүзгіні жиі тазалап
тұрыңыз, сүзгінің бітелуі
циклдердің ұзаруына
әкеледі және қуат тұтыну
артады.
Сүзгіні қолыңызбен
тазалаңыз және қажет
болған кезде
шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
1. 2.
1
2
3.
1
2
4.
www.electrolux.com20
/