• Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
• Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде
әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
• Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
• Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
• Кір дақ кетіргішпен жуылған болса,
кептіру циклын бастау алдында
қосымша шаю циклын қосыңыз.
• Құрылғыда кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі тазалауға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
• Тазартылған суды/конденсат суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
• Құрылғының ашық тұрған есігінің
үстіне отыруға немесе үстіне
шығып тұруға болмайды.
• Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
2.5 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.6 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
www.electrolux.com6