Electrolux EW6CR428W Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации сушильной машины Electrolux EW6CR428W. Готов ответить на ваши вопросы о функциях устройства, программах сушки, уходе и решении возможных проблем. В руководстве подробно описаны различные режимы работы, функция отложенного старта, а также процедура очистки фильтра и контейнера для конденсата.
  • Как очистить фильтр сушильной машины?
    Как опустошить контейнер для конденсата?
    Что делать, если сушильная машина выдает код ошибки?
    Как использовать функцию отложенного старта?
EW6CR428W
KK Кептіргіш барабан Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Сушильный барабан Инструкция по эксплуатации 30
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................8
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 9
6. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................10
7. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................12
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................13
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................14
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 16
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 17
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................20
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................23
14. ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ............................................................................. 25
15. ӨНІМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҒЫ EO 1369/2017 СТАНДАРТЫНА САЙ
КЕЛЕДІ.................................................................................................................27
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Бұл құрылғыны орнату және іске қолдану алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар
болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен
мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды
басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан
алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын керек-жарақтармен бірге
жеткізілетін нұсқаулықта көрсетілген құрылғыларда
ғана пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына не топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғыны таймер сияқты
сырттан қосатын құралмен жабдықтамау немесе
жиі қосылып және сөніп тұратын желілерге қоспау
керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Ең көбі 8 кг-нан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі”
тарауын қараңыз).
Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін
осы құрылғыны қолданбаңыз.
www.electrolux.com4
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз.
Пайдаланар алдында немесе пайдаланып
болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке
толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада
кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларына сәйкес
пайдалану керек.
Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне
айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер барлық кір дереу алынып,
қызулары тезірек тарап кетпесе, кір кептіргіш
машинаны ешқашан кептіру циклы аяқталмай
тұрып тоқтатпаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны температурасы 5°C
градустан төмен немесе 35°C
градустан жоғары жерге
орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғыны жылжытқан кезде
әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
Құрылғының артқы жағын
қабырғаға қаратып қою керек.
Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Төсемесі немесе толтырмасы
(жыртылған, сөгілген) бар, нұқсан
келген заттарды кептірмеңіз.
Кір дақ кетіргішпен жуылған болса,
кептіру циклын бастау алдында
қосымша шаю циклын қосыңыз.
Құрылғыда кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі тазалауға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
Тазартылған суды/конденсат суды
ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін
пайдаланбаңыз. Себебі адамдар
мен жануарлардың денсаулығына
нұқсан келтіруі мүмкін.
Құрылғының ашық тұрған есігінің
үстіне отыруға немесе үстіне
шығып тұруға болмайды.
Суы сорғалап тұрған киімдерді
құрылғыға салып кептірмеңіз.
2.4 Ішкі жарық
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу қауіпі бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Ішкі жарықтама шамын ауыстыру
үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
2.6 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
www.electrolux.com6
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр және сумен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын
тастауға (WEEE) арналған
жергілікті ережелерге сәйкес
тастаңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1 2
5
3
4
6
7
8
9
1
Су сауыты
2
Басқару панелі
3
Құрылғының есігі
4
Сүзгі
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Ауа саңылаулары
7
Қызу алмастырғыштың қақпағы
8
Қызу алмастырғыштың қалқаны
9
Реттемелі тірек
Кірді оңай салу үшін
немесе ауыстырылатын
есікті оңай орнату үшін.
(бөлек парақшаны
қараңыз).
ҚАЗАҚ 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
89 7 6
3
5
4
2
1
Бағдарлама тетігі және RESET
түймешігі
2
Дисплей
3
Сушка по времени (Уақыт)
түймешігін басыңыз
4
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз
5
Отсрочка (Кешіктіру) түймешігін
басыңыз
6
Антисминание+ (Мыжылудан
сақтау+) түймешігін басыңыз
7
Тонкие ткани (Нәзік мата)
түймешігін басыңыз
8
Влажность (Құрғақтық) түймешігін
басыңыз
9
Қосу/Өшіру түймешігі
Сенсорлық түймешіктердің
белгісі не опция атауы
көрсетілген тұсын
саусағыңызбен түртіңіз.
Басқару тақтасын
қолданғанда қолғап
кимеңіз. Басқару
тақтасының үнемі таза
және құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
4.1 Дисплей
Бейнебеттегі белгі Белгі сипаттамасы
кептіру уақыты қосулы
кешіктіріп бастау параметрі қосулы
индикаторы:
қызу алмастырғышты тексеру
индикаторы:
сүзгіні тазалаңыз
www.electrolux.com8
Бейнебеттегі белгі Белгі сипаттамасы
индикаторы:
су сауытын босатыңыз
бала қауіпсіздігінің құралы қосулы
теріс таңдау не тетік "Қайта қалп. келт."
қалпына қойылған
бағдарлама ұзақтығы
-
Кептіру уақытының ұзақтығы
-
кешіктіріп бастау уақыты
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Бағдарлама
Жүк
1)
Ерекшеліктері / Мата түрі
2)
3)
Хлопок (Мақта
мата) Eco
8 кг
Қуатты барынша үнемдеп,
мақта матаны «мақта мата,
шкафқа» кептіру деңгейіне
дейін кептіруге арналған цикл.
/
Хлопок (Мақта мата) 8 кг
Барлық мақта мата түрлерін
сақтауға болатын (шкафқа)
етіп кептіруге арналған цикл.
/
Синтетика (Синтетика) 3,5 кг
Синтетика және аралас
маталар.
/
Тонкие ткани (Нәзік
мата)
4 кг
Вискоза, жасанды жібек, акрил
және басқа қоспалар.
/
Легкая глажка (Жеңіл
үтіктеу)
1 кг
(немесе 5
жейде)
Көп үтіктеуді қажет етпейтін
күтімі жеңіл маталар. Кептіру
нәтижелері матаның түріне
қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Кірлерді құрылғыға салар
алдында сілкілеңіз.
Бағдарлама аяқталған кезде
заттарды дереу алып, ілгішке
іліңіз.
/
Освежить (Жаңарту) 1кг Шкафта тұрған маталарды жаңарту.
Рубашки (Жейделер)
1,5кг
(немесе 7
жейде)/
Көп үтіктеуді қажет етпейтін
күтімі жеңіл маталар. Кептіру
нәтижесі матаның түріне қарай
өзгеше болуы мүмкін. Кірлерді
құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Бағдарлама
аяқталған кезде заттарды
дереу алып, ілгішке іліңіз.
/
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама
Жүк
1)
Ерекшеліктері / Мата түрі
2)
Одеяла (Көрпе) 3 кг
Бір қабат немесе қос қабат
көрпе және жастықтар (құс
жүні, мамық, синтетика
салынған) үшін.
/
Постельное белье
(Tөсек)
3кг
Жалқы және қос қабат төсек
жаймалары, жастық қаптары,
көрпе тысы.
/
Спортивное (Спорт.
киімдер)
2 кг
Спорт киімдері, жұқа және
жеңіл маталар, микроталшық,
полиэстер.
/
Джинсы (Джинсы) 4 кг
Еркін киім, соның ішінде
материал қалыңдығы әр түрлі
джинс, бүрмелі жейде
(мысалы, мойында, жеңде
және тігісте).
/
Смешанные ткани
(Жылдам микс)
3кг
Мақта мата және синтетика
маталар. Төмен
температуралы бағдарлама.
Жылы ауамен нәзік
бағдарлама.
/
1)
Максималды салмақ кептірілетін заттарға қатысты.
2)
Мата таңбасының мағынасын мына тарауда қараңыз:
СӨЗКӨМЕКТЕР ЖӘНЕ
КЕҢЕСТЕР: Кірді дайындау.
3)
Ал Хлопок (Мақта мата) В шкаф (Шкафқа) ECO бағдарламасы — ЕО
Комиссиясының № 392/2012 Ережесіне сай «Стандартты мақта мата бағдарламасы».
Бұл қалыпты деңгейдегі дымқыл мақта матаны кептіруге жарамды және дымқыл мақта
матаны кептіргенде қуатты барынша тиімді пайдаланатын бағдарлама.
6. ФУНКЦИЯЛАР
6.1 Влажность (Құрғақтық)
Бұл функция кірдің құрғақтығын
жоғарылатуға арналған. Функцияның 3
түрі бар:
Очень сухое (Өте құрғақ)
В шкаф (Шкафқа)
Под утюг (Үтіктеуге)
6.2 Тонкие ткани (Нәзік мата)
Осы функцияның көмегімен төмен
температуралы нәзік кептіру
бағдарламасын орнатуға болады. Бұл
опцияны матасының жапсырмасына
белгісі салынған маталар үшін
(мысалы, акрил, вискоза) қолданыңыз.
6.3 Антисминание+
(Мыжылудан сақтау+)
Кептіру циклының соңында
мыжылудан сақтау фазасын 60
минутқа созады. Бұл функция
мыжылуды азайтады. Мыжылудан
сақтау циклы кезінде кірді шығарып
алуға болады.
6.4 Сушка по времени (Уақыт)
Бағдарлама ұзақтығын кемінде 10
минуттан ең көбі 2 сағатқа орнатуға
болады. Қажетті ұзақтық құрылғының
ішіндегі кірдің мөлшеріне байланысты
қойылады.
www.electrolux.com10
Кірдің аздаған мөлшеріне
не тек бір затқа қысқа
ұзақтықты орнату
ұсынылады.
КЕПТІРУ УАҚЫТЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫ
10 - 20 мин
тек
салқындату
ауасының
әрекеті
(қыздырғышс
ыз).
20 - 40 мин
алдыңғы
кептіру
циклінен кейін
құрғақтықты
жақсарту
мақсатындағ
ы қосымша
кептіру.
КЕПТІРУ УАҚЫТЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫ
>40 мин
4 кг дейінгі аз
мөлшердегі
кірді толық
кептіру,
жақсы
айналдыру
(>1200 айн/
мин).
6.5 Функциялар кестесі
Бағдарламалар
1)
Влажность
(Құрғақтық)
Тонкие
ткани
(Нәзік
мата)
Антисмин
ание+
(Мыжылу
дан
сақтау+)
Сушка по
времени
(Уақыт)
Хлопок (Мақта
мата) Eco
Хлопок (Мақта мата)
Синтетика
(Синтетика)
Тонкие ткани (Нәзік
мата)
Легкая глажка
(Жеңіл үтіктеу)
Освежить (Жаңарту)
Рубашки
(Жейделер)
Одеяла (Көрпе)
Постельное белье
(Tөсек)
ҚАЗАҚ 11
Бағдарламалар
1)
Влажность
(Құрғақтық)
Тонкие
ткани
(Нәзік
мата)
Антисмин
ание+
(Мыжылу
дан
сақтау+)
Сушка по
времени
(Уақыт)
Спортивное (Спорт.
киімдер)
Джинсы (Джинсы)
Смешанные ткани
(Жылдам микс)
1)
Бағдарламамен бірге 1 не одан көп опцияларды орнатуға болады. Оларды қосу не
ажырату үшін тиісті сенсорлық түймешікті басыңыз.
7. ПАРАМЕТРЛЕР
A B C
E
DF
A. Сушка по времени (Уақыт)
түймешігін басыңыз
B. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз
C. Отсрочка (Кешіктіру) түймешігін
басыңыз
D. Антисминание+ (Мыжылудан
сақтау+) түймешігін басыңыз
E. Тонкие ткани (Нәзік мата)
түймешігін басыңыз
F. Влажность (Құрғақтық) түймешігін
басыңыз
7.1 Бала қауіпсіздігі
функциясы
Бұл опция бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде, балаларға құрылғымен
ойнауға жол бермейді. Сенсорлық
түймелер бұғатталған.
Қосу/сөндіру түймешігі ғана
бұғатталмай тұрады.
Бала қауіпсіздігі функциясын
қосу:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. (D) сенсорлық түймесін бірнеше
секунд басыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясының
индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі
функциясын бағдарлама
жұмыс істеп тұрған кезде
ажыратуға болады. Осы
сенсорлық түймелерді
бала қауіпсіздігі
индикаторы сөнгенше
басып тұрыңыз. Бала
қауіпсіздігінің құралы
құрылғыны қосқаннан кейін
8 үшін қолжетімді емес.
7.2 Кірде қалған ылғалды
реттеу
"Кірде қалған
ылғалдылықты реттеу”
режиміне кірген сайын
алдыңғы орнатылған
ылғалдылық деңгейінің
мәні, келесі мәнге ауысады
(мысалы, алдыңғы
орнатылған мән
мәніне өзгереді).
www.electrolux.com12
Қалған ылғалдың әдепкі деңгейін
өзгерту үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Кез келген бағдарламаны орнату
үшін бағдарлама тетігін
қолданыңыз.
3. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
4. (F) және (E) түймелерін қатар
басыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
макс. құрғақтық
барынша құрғақ кір
қалыпты құрғақ кір
5. (F) және (E) түймелерін дұрыс
деңгейдің индикаторы жанғанша
қайта басыңыз.
Қалған ылғалдылық
деңгейін орнатып
жатқанда дисплей
қалыпты режимге
ауысса (2-қадамда
таңдалған
бағдарламаның уақыты
көрсетіледі) (F) және
(E) түймелерін қайта
қатар басып, "Кірде
қалған ылғалдылықты
реттеу” режиміне кіріңіз
(алдыңғы орнатылған
ылғалдылық мәні
келесі мәнге ауысады).
6. 5 секундтан кейін дисплей қалыпты
режимге оралады.
7.3 Су сауытының
индикаторы
Әдетте су сауытының индикаторы
жанып тұрады. Бұл индикатор
бағдарлама аяқталған кезде немесе су
сауытын босату қажет болған кезде
жанады.
Егер су төгу жинағы
(қосымша керек-жарақ)
орнатылса, құрылғы су
сауытындағы суды
автоматты түрде төгеді.
Бұндай жағдайда су
сауытының индикаторын
сөндіріп қоюды ұсынамыз.
Су сауытының индикаторын
сөндіру:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (E) және (D) түймешіктерін бірге
басып ұстап тұрыңыз.
Дисплейде осы 2 теңшелімнің бірі
көрсетіледі:
Дисплейде "Сөндіру"
көрсетіледі. 5 секундтан кейін
дисплей қалыпты режимге
оралады.
Дисплейде "Қосу" көрсетіледі. 5
секундтан кейін дисплей
қалыпты режимге оралады.
7.4 Сигнал қосулы/сөндірулі
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
немесе қосу үшін (A) және (C)
сенсорлық түймешіктерін шамамен 2
секунд бірге басып ұстап тұрыңыз.
8. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Кептіргішті бірінші рет іске
қосқанда, барабанның
артқы құлыптары
автоматты түрде алынады.
Шамалы шуыл естілуі
мүмкін.
Барабанның артқы құлпын ашу
үшін:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Кез-келген бағдарламаны
орнатыңыз.
3. Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
Барабан айнала бастайды.
Барабанның артқы құлыптары
автоматты түрде сөнеді.
Заттарды кептіруге арналған
құрылғыны пайдалану алдында:
ҚАЗАҚ 13
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Ылғал киімдерді салып 1 сағаттық
бағдарламаны бастаңыз.
8.1 Ерекше иіс
Құрылғы тығыз оралған.
Өнімді қораптан шығарғаннан кейін
ерекше иісті сезінесіз. Бұл жаңа
өнімдер үшін қалыпты жағдай.
Құрылғы әр түрлі материалдардан
жасалған, олардың бәрі бірігіп ерекше
иіс шығарады.
Пайдалану барысында бірнеше
кептіру циклынан кейін ерекше иіс
біртіндеп жоғалады.
8.2 Шуыл түрлері
Кептіру циклы кезінде әр
түрлі уақытта әр түрлі
шуыл естілуі мүмкін. Бұл
қалыпты жұмыс кезіндегі
дыбыстар.
Айналмалы барабан.
Жұмыс істейтін кептіргіштер.
Сорғы жұмыс істеп, сауытқа
конденсатты жібереді.
9. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9.1 Кешіктіріп бастау
функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Кірді дайындап, құрылғыға
салыңыз.
www.electrolux.com14
АБАЙЛАҢЫЗ
Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен
резеңке
тығыздағышының
арасына кір тұрып
қалмайтынын
тексеріңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама уақыты
көрсетіледі.
Нақты кептіру уақыты
кірдің түріне (мөлшері мен
құрамы), бөлме
температурасына және
айналдыру циклінен кейін
кірдің қаншалықты дымқыл
болатынына байланысты.
4. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
сенсорлық түймесін басыңыз.
Бағдарлама басталады.
9.2 Кешіктіріп бастау
функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және
функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін
бейнебетте қажетті кешіктіріп
бастау уақыты пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны ең кемі
1 сағаттан бастап, ең
көбі 20 сағатқа дейін
кешіктіріп бастай
аласыз.
3. Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте кешіктіріп бастау
функциясының кері санағы көрінеді.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
9.3 Бағдарламаны өзгерту
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
Балама ретінде:
1. Таңдау тетігін "Қайта қалп. келт."
қалпына бұраңыз.
2. 1 секунд күтіңіз. Бейнебетте
көрсетіледі.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
9.4 Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде:
Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
Бейнебетте көрсетіледі
Фильтр (Сүзгі) және
Резервуар для воды (Сауыт)
индикаторлары жанады.
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы жанады.
Егер Антисминание+ (Мыжылудан
сақтау+) опциясы орнатылған болса,
құрылғы қыжымданудан сақтау
функциясымен бірге тағы 30 минут не
бұдан ұзақ жұмыс істейді. (
Опция -
Антисминание+ (Мыжылудан сақтау+)
тармағын қараңыз).
Қыжымданудан сақтандыру
функциясы қыжымдануды азайтады.
Кірді қыжымданудан сақтау циклы
аяқталмай тұрып алуға болады.
Нәтижесі жақсы болу үшін кірді цикл
аяқталған кезде немесе аяқталуға
жақын қалған кезде алуды ұсынамыз.
Қыжымданудан сақтау циклы
аяқталғанда:
Дисплейде әлі
көрсетіліп
тұр
Фильтр (Сүзгі) және
Резервуар для воды (Сауыт)
индикаторлары жанады.
Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс)
индикаторы өшеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғы есігін ашыңыз.
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Орынсыз кептіру нәтижелерінің
ықтимал себептері:
Әдепкі құрғақтық деңгейі
параметрлері тиісті емес. Тарауды
қараңыз
Әдепкі құрғақтық деңгейін
реттеу
Бағдарлама аяқталған
кезде үнемі сүзгіні
тазалаңыз және су
сауытын босатыңыз.
9.5 Күту режимі
Пайдаланылатын қуатты азайту үшін,
бұл функция құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді:
Егер бағдарламаны бастамасаңыз
5 минуттан кейін.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткен кезде.
Таңдау тетігін "Қайта
қалп. келт." қалпында
тұрса, уақыт 30 секундқа
азаяды.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Кірді дайындау
Жуу циклынан кейін
киімдер жиі иленіп және
оралып қалады.
Иленген және оралған
киімдерді кептіру тиімсіз.
Ауа ағынының дұрыстығын
және біркелкі кептіруді
қамтамасыз үшін киімді
бір-бірден кептіргішке салу
ұсынылады.
Кептіру үрдісін дұрыс қамтамасыз ету:
Тартқыштарын жабыңыз.
Көрпе тыстарының түймелерін
салыңыз.
Галстук немесе бантиктерді
(мысалы, фартук бауларын) сол
күйінде кептірмеңіз. Оларды
бағдарламаны бастамай тұрып
байлаңыз.
Қалталардағы барлық заттарды
алыңыз.
Ішкі астары мақта матадан
жасалған заттарды аударыңыз.
Мақта мата қабаты сыртқа қарап
тұруы керек.
Әрқашан кірдің түріне сәйкес
бағдарламаны орнатыңыз.
Ашық және баран түстерді бірге
салмаңыз.
Мақта мата, джерси және тоқыма
заттардың отырып қалуын азайту
үшін сай келетін бағдарламаны
пайдаланыңыз.
Бағдарлама тарауында немесе
дисплейде көрсетілген макс.
салынатын кір салмағынан
асырмаңыз.
Кептіргіш машинада кептіруге
болатын кірлерді ғана кептіріңіз.
Заттардың матасындағы затбелгіні
қараңыз.
Үлкен және кішкене заттарды бірге
кептірмеңіз. Кішкене заттар үлкен
заттардың ішіне кіріп, кеппей қалуы
мүмкін.
Үлкен киімдерді, маталарды
кептіргішке салар алдында
сілкілеңіз. Бұл кептіру циклынан
кейін матаның кейбір жерлерінің
дымқыл болмауына арналған.
Матаның
затбелгісі
Сипаттамасы
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамды кір.
www.electrolux.com16
Матаның
затбелгісі
Сипаттамасы
Кептіргіш машинамен жоғары температурада кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен төмен температурада ғана кептіруге
жарамды кір.
Кептіргіш машинамен кептіруге жарамсыз кір.
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
11.1 Сүзгіні тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Сүзгіні сумен тазаламаңыз.
Ұлпаны қоқыс себетіне
тастаңыз (пластик
талшықтың айналадағы
суға түспеуін
қадағалаңыз).
Кептіру өнімділігін
барынша жақсарту үшін
сүзгіні жиі тазалап
тұрыңыз, сүзгінің бітелуі
циклдердің ұзаруына
әкеледі және қуат тұтыну
артады.
Сүзгіні қолыңызбен
тазалаңыз және қажет
болған кезде
шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
1. 2.
1
2
3. 4.
ҚАЗАҚ 17
5.
1)
6.
2
1
1)
Егер қажет болса, сүзгі ұяшығындағы және тығыздағыштағы қыл-қыбырды кетіріңіз.
Шаңсорғышты пайдалануға болады.
11.2 Су сауытын босату
1. 2.
3. 4.
Дистилденген судың
орнына су сауытындағы
суды пайдалануға болады
(мысалы, бумен үтіктеу
үшін). Суды пайдаланбас
бұрын, қалдық қоқысты
сүзгімен кетіріңіз.
11.3 Қызу алмастырғышты тазалау
1. 2.
www.electrolux.com18
3. 4.
2
1
1
5. 6.
7. 8.
2
2
1
9. 10.
11.4 Ылғалдылық сенсорын
тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Ылғалдылық сенсорының
зақымдану қаупі бар.
Сенсорды тазалау үшін
жеміргіш материалдарды
немесе темір жүн жөкені
қолданбаңыз.
Жақсы кептіру нәтижелеріне қол
жеткізу үшін құрылғы металл
ылғалдылық сенсорымен
жабдықталған. Ол есіктің ішкі жағына
орналастырылған.
Қолдану барысында сенсордың беті
кірлеуі мүмкін, бұл кептіруді
нашарлатады.
Сенсорды кем дегенде 3 немесе 4 рет
немесе кептіру нәтижесі нашарлаған
жағдайда тазалауды ұсынамыз.
Тазалау үшін ыдыс жууға арналған
жөкенің нығыз жағын және аздап сірке
суын немесе ыдыс жууға арналған
сабынды пайдаланыңыз.
Сенсорды тазалау үшін:
1. Кір салынатын есікті ашыңыз.
2. Ылғалдылық сенсорының металл
бетін бірнеше рет сүртіп,
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 19
11.5 Барабанды тазалау
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны тазалар
алдында тоқтан ағытыңыз.
Барабанның ішкі беті мен барабан
көтергіштерді тазалау үшін стандартты
бейтарап сабынды жуғышты
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Барабанды тазалау үшін
жеміргіш материалдарды
немесе темір жүн жөкені
қолданбаңыз.
11.6 Басқару панелі мен
корпусын тазалау
Басқару панелі мен корпусын тазалау
үшін стандартты, бейтарап сабынды
жуғышты қолданыңыз.
Тазалау үшін дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны жиһаз
тазалайтын заттармен не
тот бастыратын жуғыш
заттармен тазаламаңыз.
11.7 Ауа шығатын
саңылауларын тазалау
Желдеткіш саңылаулардағы қыл-
қыбырды тазалау үшін шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
12.1 Қате кодтары
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс істеп тұрған кезде тоқтап
қалады.
Алдымен мәселенің шешімін табуға тырысыңыз (кестені қараңыз). Мәселе
жойылмаса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кез келген тексеру жұмыстары алдында құрылғыны сөндіріңіз.
Елеулі мәселелер пайда болғанда, дыбыстық сигналдар естіледі және
дисплейде ескерту коды көрініп, Іске қосу/Кідірту түймесі үздіксіз
жыпылықтауы мүмкін:
www.electrolux.com20
/