Electrolux EOB6850AOX Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для духового шкафа Electrolux EOB6850 и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны функции, такие как различные режимы нагрева, автоматические программы приготовления и функция пара. Задавайте ваши вопросы!
  • Как использовать функцию пара в духовом шкафу?
    Какие автоматические программы есть в духовом шкафу?
    Как очистить духовой шкаф?
EOB6850
KK БУ ПЕШІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ 2
RU ДУХОВОЙ ШКАФ С
ФУНКЦИЕЙ ПАРА
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ 50
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................9
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................10
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................. 15
8. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР.................................................................. 16
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................17
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР...........................................................................20
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 23
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 39
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................44
14. ОРНАТУ......................................................................................................... 46
15. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................47
16. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 48
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
ҚАЗАҚ 3
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
www.electrolux.com4
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне
жақындауға, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
ҚАЗАҚ 5
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
2.4 Буға пісіру
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Күйіп қалу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Шыққан бу күйдіруі мүмкін:
Тағамды буға пісіру барысында
құрылғының есігін ашпаңыз.
Тағамды буға пісіргеннен кейін
құрылғының есігін абайлап
ашыңыз.
2.5 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.6 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.7 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
www.electrolux.com6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
5
11
9
8
4
10
7
5
4
3
2
21 3
6
1
1
Басқару панелі
2
Электрондық бағдарламалағыш
3
Су тартпасы
4
Қыздырғыш элемент
5
Шам
6
Желдеткіш
7
Сөренің алмалы сырғытпалары
8
Су төгетін түтік
9
Су төгетін түтіктің клапаны
10
Сөре деңгейлері
11
Бу жіберетін түтікше
3.2 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
Диеталық тағамдар пісірілетін
ыдыс
Бумен пісіру функциялары үшін.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Электрондық бағдарламалағыш
1 112 4 63 9 105 7 8
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз.
Сенсор
лық
өріс
Функция Түсіндірме
1
ҚОСУ/СӨНДІРУ Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
арналған.
ҚАЗАҚ 7
Сенсор
лық
өріс
Функция Түсіндірме
2
Қыздыру
функциялары
немесе
Рецептілер
Қыздыру функциясын немесе мәзірді таңдау
үшін сенсорлық өрісті бір рет басыңыз:
Рецептілер. Мәзірлер арасын ауыстыру үшін
сенсорлық өрісті қайта басыңыз: Қыздыру
функциялары, Рецептілер. Шамды қосу
немесе сөндіру үшін өрісті 3 секунд
басыңыз.
3
Басты перне Мәзірде бір деңгей артқа жылжуға арналған.
Басты мәзірді көрсету үшін өрісті 3 секунд
басып тұрыңыз.
4
Температура
таңдау
Құрылғы температурасын орнату немесе
ағымдық температураны көрсетуге
арналған. Функцияны іске қосу немесе
сөндіру үшін өрісті 3 секунд басып тұрыңыз:
Жылдам қыздыру.
5
Таңдаулы
бағдарламалар
Таңдаулы бағдарламаларды сақтау және
ашу.
6
-
Дисплей Құрылғының ағымдық параметрлерін
көрсетеді.
7
"Жоғары"
пернесі
Мәзірде жоғары жылжуға арналған.
8
"Төмен" пернесі Мәзірде төмен жылжуға арналған.
9
Уақыт және
қосымша
функциялар
Түрлі функцияларды орнату. Қыздыру
функциясы жұмыс істеп тұрғанда, таймерді
немесе функцияларды орнату үшін
сенсорлық өрісті басыңыз: Бұғаттау
функциясы, Таңдаулы бағдарламалар,
Қыздыру+ Кідірту, Орнату + Орындау.
10
Минут
операторы
Функцияны орнату үшін: Минут операторы.
11
OK Таңдалған элементті немесе параметрді
құптау үшін.
www.electrolux.com8
4.2 Бейнебет
A
DE
B C
A) Қыздыру функциясы
B) Тәулік уақыты
C) Қыздыру индикаторы
D) Температура
E) Функцияның ұзақтығы немесе
аяқталатын уақыты
Дисплейдің басқа индикаторлары:
Белгіше Функция
Минут операторы Функция жұмыс істейді.
Тәулік уақыты Бейнебетте ағымдық уақыт
көрсетіледі.
Ұзақтық Бейнебетте қажетті пісіру уақыты
көрінеді.
Аяқтау уақыты Бейнебетте тағам пісіруді аяқтау
уақыты көрсетіледі.
Температура Бейнебетте температура
көрсетіледі.
Уақыт көрсеткіші Бейнебетте қыздыру
функциясының қанша уақыт
жұмыс жасайтыны көрсетіледі.
Уақытты бастапқы қалпына қою
үшін және түймешіктерін
қатар басыңыз.
Қыздыру индикаторы Бейнебетте құрылғының ішіндегі
температура көрсетіледі.
Жылдам қыздыру
индикаторы
Функция қосулы. Бұл қыздыру
уақытын азайтады.
Автоматты салмақ Бейнебетте салмақты автоматты
өлшеу жүйесінің қосылғаны
немесе салмақты өзгертуге
болатыны көрсетіледі.
Қыздыру+ Кідірту Функция қосулы.
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Алғашқы тазалау
Құрылғыдан керек-жарақтардың
барлығын және алмалы сөре
сырғытпаларын алыңыз.
ҚАЗАҚ 9
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
5.2 Алғаш рет іске қосу
Құрылғыны электр желісіне жалғау
үшін немесе электр қуаты өшіп
қалғаннан кейін тоққа қайта қосу үшін
тілді, бейнебет контрастын, бейнебет
ажыратымдылығын және тәулік
уақытын орнату қажет.
1. Мәнді орнату үшін
немесе
түймешігін басыңыз.
2. түймешігін басып құптаңыз.
5.3 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. Функцияны орнатыңыз: Үстіңгі/
Астыңғы қызу
және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. Функцияны орнатыңыз: Ыстық
желдеткішпен пісіру және ең
үлкен температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде
ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Мәзір ішінде шарлау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Мәзір параметрін таңдау үшін
немесе түймешігін басыңыз.
3. Ішкі мәзірге өту немесе параметрді
құптау үшін түймешігін
басыңыз.
түймешігінің көмегімен
негізгі мәзірге кез келген
уақытта оралуға болады.
6.2 Мәзірлердің жалпы көрінісі
Негізгі мәзір
Белгі
ше
Мәзір элементі Қолданылуы
Қыздыру функциялары Қыздыру функцияларының тізімдері
қамтылған.
Рецептілер Автоматты бағдарламалардың тізімі
қамтылған.
Таңдаулы бағдарламалар Пайдаланушы жасаған, таңдаулы пісіру
бағдарламаларының тізімі қамтылған.
Негізгі параметрлер Бұны басқа параметрлерді орнату үшін
қолдануға болады.
Арнайы тағамдар Қосымша қыздыру функцияларының тізімі
қамтылған.
www.electrolux.com10
Ішкі мәзір: Негізгі параметрлер
Белгі
ше
Ішкі мәзір Сипаттама
Тәулік уақытын орнату Сағатқа ағымдық уақытты орнатады.
Уақыт көрсеткіші ҚОСУ қалпында тұрса, құрылғыны сөндірген
кезде бейнебетке ағымдық уақытты
шығарады.
Орнату + Орындау ҚОСУ қалпында тұрса, Параметрлерді
таңдау терезесінен функцияны таңдаңыз:
Орнату + Орындау.
Қыздыру+ Кідірту ҚОСУ қалпында тұрса, Параметрлерді
таңдау терезесінен функцияны таңдаңыз:
Қыздыру+ Кідірту.
Time Extension Уақытты ұзарту функциясын іске қосады
және ажыратады.
Бейнебет контрасты Бейнебеттің контрастын градус бойынша
лайықтайды.
Бейнебет жарықтылығы Бейнебет жарықтылығын градус бойынша
лайықтайды.
Тілді орнату Бейнебет тілін орнатады.
Сигналдың үнділігі Түймешік басылғанда естілетін сигналдар
мен дыбысты сигналдардың қатаңдығын
реттейді.
Негізгі сигналдар Сенсорлық алаңдардың сигналдарын іске
қосады және ажыратады. ҚОСУ / СӨНДІРУ
сенсорлық алаңының сигналын сөндіру
мүмкін емес.
Ескерту/Ақаулық
сигналдары
Ескерту сигналдарын іске қосады және
ажыратады.
Қызмет Бағдарламалық жасақтама нұсқасын және
теңшелімін көрсетеді.
Зауыттық параметрлер Зауытта орнатылған параметрлердің
барлығын қалпына келтіреді.
6.3 Қыздыру функциялары
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Ыстық желдеткішпен
пісіру
Тағамды бір уақытта 3 сөреде пісіруге және
кептіруге арналған.Функциясына қарағанда,
температураны 20 – 40 °C төменірек
қойыңыз: Үстіңгі/Астыңғы қызу.
ҚАЗАҚ 11
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Ыстық желдеткіш +
Бу
Тағамдарды булауға арналған. Бұл
функцияны пісіру уақытын қысқарту үшін
және тағамның дәрумендері мен құнарлы
заттарын сол күйі сақтау үшін
пайдаланыңыз. Функцияны таңдаңыз да,
температураны 130 °C - 230 °C градус
аралығына қойыңыз.
Пицца параметрі Пицца, киш немесе бәліш тағамдарын буға
пісіруге арналған.
Үстіңгі/Астыңғы қызу Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға
арналған.
Баппен пісіру Жұмсақ, сөлді ет қуырмасын дайындауға
арналған.
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және
тағамды консервілеуге арналған.
Ылғалды
желдеткішпен пісіру
Құрғақтай пісірілетін тағамдарды пісіргенде
қуатты үнемдеуге арналған. Сондай-ақ,
пісірілген тағамды сөренің 1 деңгейіне
қойып пісіруге арналған. Бұл функция қуат
тиімділігі санатын EN50304 стандарты
бойынша анықтау үшін пайдаланылады.
ЭКО қуыру ЭКО функциясы тағам пісіру барысында
қуатты барынша тиімді жұмсауға
көмектеседі. Бұл үшін әуелі пісіру уақытын
орнату керек. Ұсынылатын параметрлер
туралы қосымша ақпаратты тиісті функция
берілген пісіру кестелерінен қараңыз.
Мұздатылған
тағамдар
Фри, картоп тіліктері, толтырмасы бар
құймақ т.с.с. тәрізді шала дайын
тағамдарды дайындауға арналған.
Гриль Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және
тост нанын жасауға арналған.
Жылдам гриль жасау Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған
тағамнан гриль жасау және тост жасау үшін.
Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар
құс етін 1 сөреге қойып, қуыруға арналған.
Сондай-ақ гратин жасауға және қызарғанша
қуыруға арналған.
Буды қайта бөліп
шығару
Пісірілген тағамды табаққа тікелей салып
қыздыруға арналған.
www.electrolux.com12
6.4 Арнайы тағамдар
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Нан пісіру Нан пісіруге арналған.
Au Gratin Лазанья не картоп гратині тәрізді
тағамдарға арналған. Сондай-ақ, аунатып
әрі қызарғанша қуыруға арналған.
Қамыр көтеру Пісіру алдында қамырдың бақылай отырып
тындыруға арналған.
Табақты жылыту Ыдыстағы тағамды дастарханға қою
алдында жылытуға арналған.
Консерв жасау Көкөністерден тұздықтағы консерв жасауға
арналған.
Кептіру Туралған жемістерді (мысалы, алма, өрік,
персик) және көкөністерді (мысалы, қызанақ,
кәдіш, саңырауқұлақ) кептіруге арналған.
Жылы ұстау Тағамды жылы ұстауға арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
6.5 Қыздыру функциясы іске
қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Мәзірді таңдаңыз: Қыздыру
функциялары.
3.
түймешігін басып құптаңыз.
4. Қыздыру функциясын орнатыңыз.
5. түймешігін басып құптаңыз.
6. Температураны орнатыңыз.
7. түймешігін басып құптаңыз.
6.6 Буға пісіру
Су тартпасының қақпағы басқару
панелінде орналасқан.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Суды ғана пайдаланыңыз.
Сүзілген (минералдардан
тазартылған) немесе
тазартылған суды
қолданбаңыз. Басқа
сұйықтарды
пайдаланбаңыз. Су
тартпасына жанғыш
немесе алкоголі бар
сұйықтарды құймаңыз.
1. Тағам пісірілетін ыдысты дұрыс
таңдаңыз.
2. Су тартпасын ашу үшін оның
қақпағын басыңыз.
3. Су тартпасына 900 мл су құйыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Су шамамен 55 - 60 минутқа
жетеді.
4. Су тартпасын бастапқы орнына
қойыңыз.
5. Құрылғыны іске қосыңыз.
6. Бумен қыздыру функциясын және
температураны таңдаңыз.
7. Егер қажет болса, Ұзақтық
немесе Аяқтау уақыты
функциясын орнатыңыз.
Бу генераторы босағанда
дыбыстық сигнал естіледі.
Пісіру уақыты аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіледі.
8. Құрылғыны сөндіріңіз.
9. Буға пісіру аяқталғаннан кейін су
тартпасын босатыңыз.
САҚТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғыдан қызу
шығады. Күйіп қалу
қатері бар. Су
тартпасын босатқан
кезде абай болыңыз.
Құрылғының есігін ашық қалдырып,
әбден құрғатыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Сыртқы клапаннан су
шығып кетпес үшін буға
пісіріп болған сайын кем
дегенде 60 минут күтіңіз.
6.7 "Сауыт бос" индикаторы
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су қажет және сауыт бос тұрғанда оны
толтыру қажет екенін ескерту үшін
дыбыстық сигнал естіледі.
Қосымша ақпаратты "Буға пісіру"
тарауынан қараңыз.
6.8 "Сауыт толы" индикаторы
Бейнебетте төмендегілер
көрсетілгенде: Су сауыты суға толып
тұр, буға пісіру функциясын
пайдалануға болады.
Сауыт толған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Егер сауытқа өте көп су
құйсаңыз, қауіпсіздік түтігі
артық суды тұмшапештің
табанына ағызады.
Суды жөкеге немесе
шүберекке сіңіріп
тазалаңыз.
6.9 Су сауытын босату
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Су сауытын босатпай
тұрып, құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. Пайдаланушы нұсқаулығы
салынған қалтадағы су төгетін
түтікті (C) дайындаңыз. Су төгетін
сауыттың ұшына жалғастырғышты
(B) жалғаңыз.
B
C
A
2. Түтікшенің екінші ұшын (С) сауытқа
салыңыз. Оны су төгетін
клапанның деңгейінен (A)
төмендеп салыңыз.
3. Тұмшапештің есігін ашып,
жалғастырғышты (В) су жіберетін
клапанға (А) салыңыз.
4. Су сауытын босатқан сайын
жалғастырғышты қайта-қайта
салыңыз.
www.electrolux.com14
Бейнебетте келесі жазу
көрсетілгенде сауытта
шамалы су тұруы
мүмкін: Су қажет.
Су жіберетін клапаннан
су ақпай тоқтағанша
күтіңіз.
5. Су ақпай тоқтаған кезде
жалғастырғышты клапаннан
алыңыз.
Су сауытын қайта толтыру
үшін аққан суды
қолданбаңыз.
6.10 Қыздыру индикаторы
Қыздыру функциясын іске қосқан
кезде, бейнебеттегі жолақ жанады.
Жолақ температураның жоғарылай
бастағанын көрсетеді.
6.11 Жылдам қыздыру
индикаторы
Бұл функция қыздыру уақытын
азайтады.
Функцияны іске қосу үшін түймешігін
3 секунд басып тұрыңыз. Қыздыру
индикаторы алма-кезек жанады.
6.12 Қалдық қызу
Құрылғыны ажыратқанда, бейнебетте
қалдық қызу көрсетіледі. Қызуды
тағамды жылы ұстау үшін
қолдануыңызға болады.
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолданылуы
Минут операторы Кері санақты (ең көбі 2 сағат 30 минут)
орнатуға арналған. Бұл функция
құрылғының жұмысына әсер етпейді.
Функцияны іске қосу үшін түймешігін
қолданыңыз. Минутты орнату үшін
немесе , бастау үшін түймешігін
басыңыз.
Ұзақтық Жұмыстың ұзақтығын орнатуға
арналған (ең көбі 23 сағ. 59 мин).
Аяқтау уақыты Қыздыру функциясын өшіру уақытын
(ең көбі 23 сағ. 59 мин.) орнатуға
арналған.
Сағат функциясына уақытты
орнатсаңыз, 5 секундтан кейін
уақыттың кері санағы басталады.
Егер сағат функцияларын
пайдалансаңыз: Ұзақтық,
Аяқтау уақыты, құрылғы
орнатылған уақыттың 90 %
өткен кезде қыздырғыш
элементтерді сөндіреді.
Құрылғы қалдық қызуды,
орнатылған уақыт
аяқталғанша тағам пісіру
үрдісін жалғастыру үшін
қолданады (3 - 20 минут).
ҚАЗАҚ 15
7.2 Сағат функцияларын
орнату
Функцияларды
пайдалану алдында:
Ұзақтық, Аяқтау уақыты,
әуелі қыздыру
функциясы мен
температураны
орнатыңыз. Құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Келесі функцияларды:
Құрылғыны кейін
автоматты түрде іске
қосып және сөндіргіңіз
келсе Ұзақтық және
Аяқтау уақыты
түймешіктерін қатар
басыңыз.
1. Қыздыру функциясын орнатыңыз.
2. түймешігін бейнебетте қажетті
сағат функциясы мен сәйкес
белгіше көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
3. Қажетті уақытты орнату үшін не
басыңыз.
4.
түймешігін басып құптаңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы сөнеді.
Бейнебетте жазу көрсетіледі.
5. Сигналды тоқтату үшін сенсорлық
өрісті басыңыз.
7.3 Қыздыру+ Кідірту
Функцияның жұмыс жасауына қажетті
параметрлер:
Орнатылған температура 80 °C
градустан артық болуға тиіс.
Функция: Ұзақтық орнатылады.
Функция: Қыздыру+ Кідірту функциясы
дайын тағамды 80 °C градуста 30
минут жылы ұстайды. Бұл функция
пісіру немесе қуыру бағдарламасы
аяқталғаннан кейін іске қосылады.
Келесі мәзірдегі функцияны іске қосуға
немесе ажыратуға болады: Негізгі
параметрлер.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Қыздыру функциясын таңдаңыз.
3. 80 °C градустан жоғары
температураны орнатыңыз.
4. Бейнебетте келесі көрсетілгенше
түймешігін қайта-қайта
басыңыз: Қыздыру+ Кідірту.
5.
түймешігін басып құптаңыз.
Функция аяқталған кезде дыбысты
сигнал естіледі.
Қыздыру функцияларын өзгертсеңіз,
бұл функция қосулы тұрады.
7.4 Time Extension
Функция: Time Extension функциясы,
Ұзақтық функциясы аяқталғаннан
кейін де, қыздыру функциясын
жалғастырады.
Ұзақтық немесе Автоматты
салмақ параметрі бар
барлық қыздыру
функцияларында
қолданылады.
1. Пісіру уақыты аяқталған кезде
дыбысты сигнал естіледі.
Сенсорлық өрісті басыңыз.
Бейнебетте жазу көрсетіледі.
2. Іске қосу үшін
немесе
болдырмау үшін түймешігін
басыңыз.
3. Функцияның ұзақтығын орнатыңыз.
4. түймешігін басыңыз.
8. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Рецептілер арқылы
Автоматты рецепті
Құрылғыда қолдануға болатын
рецептілер бар. Рецептер біржола
www.electrolux.com16
орнатылған, оларды өзгерту мүмкін
емес.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Мәзірді таңдаңыз: Рецептілер.
түймешігін басып құптаңыз.
3. Мәзір санаты мен тағамды
таңдаңыз. түймешігін басып
құптаңыз.
4. Рецептіні таңдаңыз.
түймешігін
басып құптаңыз.
Келесі функцияны
пайдаланғанда: Қолдан,
құрылғы автоматта
орнатылған параметрлерді
қолданады. Оларды басқа
функциялар тәрізді
өзгертуге болады.
8.2 Рецептілер арқылы
Автоматты салмақ
Функция қуыру уақытын автоматты
түрде есептеп шығарады. Оны
қолдану үшін тағамның салмағын
көрсету қажет.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Мәзірді таңдаңыз: Рецептілер.
түймешігін басып құптаңыз.
3. Мәзір санаты мен тағамды
таңдаңыз. түймешігін басып
құптаңыз.
4. Функцияны таңдаңыз: Автоматты
салмақ. түймешігін басып
құптаңыз.
5. Тағамның салмағын орнату үшін
немесе түймешігін
басыңыз. түймешігін басып
құптаңыз.
Автоматты бағдарлама басталады.
6. Салмақты кез келген уақытта
өзгертуіңізге болады. Салмақты
өзгерту үшін немесе
түймешігін басыңыз.
7. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Сигналды ажырату
үшін сенсорлық өрісті басыңыз.
Кейбір бағдарламаларда
тағамды 30 минут өткенде
аударыстырыңыз.
Бейнебетте ескерту
сигналы көрсетіледі.
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдарды
орнату нұсауларын кейін
пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
1. Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
°C
2. Сымтемір торды сөре
сырғытпаларына салыңыз да,
құрылғыға қарай абайлап итеріңіз.
ҚАЗАҚ 17
°C
Тұмшапештің есігін жабар алдында,
сырғытпа жолдардың құрылғыға әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
9.2 Буға пісіруге арналған
керек-жарақ
Буға пісіру функцияларында
пайдаланылатын диеталық тағам
пісіру ыдысы
Ыдыс шыны шарадан, инжектор
түтікшесіне (C) арналған тесігі бар
қақпақтан және пісірме табақтың
астына салуға арналған темір тордан
тұрады.
Шыны шара (A)
Қақпақ (B)
Инжектор және инжектор түтікшесі
C
D
«C»- бумен пісіруге арналған инжектор
түтікшесі, «D» - тура булап пісіруге
арналған инжектор.
Инжектор түтікше (C)
Тура булап пісіруге арналған
инжектор (D)
Темір тор (E)
Ыстық ыдысты суық / дымқыл
жерлерге қоймаңыз.
www.electrolux.com18
Суық сұйықтықтарды ыстық пісірме
табаққа құймаңыз.
Пісірме табақтарды ыстық пісіру
алаңдарына қоймаңыз.
Пісірме табақты түрпілі, жеміргіш
заттармен және ұнтақтармен
тазаламаңыз.
9.3 Диеталық тағам пісіру
ыдысын пайдаланып буға
пісіру
Тағамды пісірме табақтағы темір торға
салыңыз да, қақпағын жабыңыз.
1. Инжектор түтікшесін диеталық
тағам пісірілетін табақтағы арнайы
ұяшыққа кіргізіңіз.
C
2. Пісірме табақты астынан
санағанда екінші деңгейге
қойыңыз.
3. Инжектор түтікшесінің екінші ұшын
бу шығатын тесікке кіргізіңіз.
Инжектор түтікшені жаншып немесе
тұмшапештің үстіндегі қыздырғыш
элементке тигізіп алмас үшін абай
болыңыз.
4. Тұмшапешті бумен пісіру
функциясына қойыңыз.
ҚАЗАҚ 19
9.4 Буға тура пісіру
Тағамды пісірме табақтың ішіне
қойылған темір торға салыңыз.
Шамалы су қосыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Ыдыстың қақпағын
пайдаланбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тұмшапеш жұмыс істеп
тұрғанда инжекторды
абайлап пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ыстық тұрғанда
инжекторды әрқашан
қолғап киіп ұстаңыз. Буға
пісіру функциясын
пайдаланбайтын кезде
инжекторды тұмшапештен
үнемі алып қойыңыз.
Инжектор түтікше тағам
пісіруге арналған және
оның құрамында ешбір
зиянды зат жоқ.
1. Инжекторды (D) инжектор
түтікшесіне салыңыз (C). Екінші
ұшын бу шығатын тесікке
жалғаңыз.
2. Пісірме табақты астынан
санағанда бірінші немесе екінші
деңгейге қойыңыз.
Инжектор түтікшені жаншып немесе
тұмшапештің үстіндегі қыздырғыш
элементке тигізіп алмас үшін абай
болыңыз.
3. Тұмшапешті бумен пісіру
функциясына қойыңыз.
Тауық, үйрек, күркетауық, кішкене
немесе үлкен балық тәрізді тағамды
пісіргенде, инжекторды (D) еттің ашық
жағына тура кіргізіңіз. Тесіктерінің
бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Буға пісіру режиміне қатысты қосымша
ақпаратты "Ақыл-кеңес" тарауындағы
буға пісіру кестелерінен қараңыз.
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
10.1 Таңдаулы
бағдарламалар
Ұзақтық, температура немесе қыздыру
функциясы тәрізді таңдаулы
параметрлерді сақтап қоюға болады.
Оларға келесі мәзірде қол жетімді:
Таңдаулы бағдарламалар. 20
бағдарламаны сақтауға болады.
www.electrolux.com20
/