Electrolux EOB95750AX Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который ознакомился с инструкцией по эксплуатации духового шкафа Electrolux EOB95750. Я могу ответить на ваши вопросы о его функциях, например, о различных режимах нагрева, автоматических программах, установке времени и уходе за устройством. Спрашивайте!
  • Как установить время на духовом шкафу?
    Какие автоматические программы есть в духовом шкафу?
    Как очистить духовой шкаф?
    Что делать, если духовой шкаф перестал работать?
EOB95750
ТҰМШАПЕШ
ДУХОВОЙ ШКАФ
KK
RU
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 38
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................9
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................10
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................. 12
8. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР.................................................................. 14
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................15
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР...........................................................................16
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 18
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 30
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................34
14. ОРНАТУ......................................................................................................... 36
15. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................37
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы
жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып,
сымын ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
ҚАЗАҚ
3
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері реттілікпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
www.electrolux.com4
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарын құрылғының
есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке
тигізуге болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
ҚАЗАҚ
5
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына
сәйкес қарастырылатын ақаулық
емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындарынан
кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.5 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
www.electrolux.com6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
7
5
6
5
4
3
2
1
21
4
3
1
Басқару панелі
2
Электронды бағдарламалағыш
3
Қыздырғыш элемент
4
Шам
5
Желдеткіш
6
Сөренің алмалы сырғытпалары
7
Сөре деңгейлері
3.2 Керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май
жинайтын таба ретінде қолдануға
арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1 Электронды бағдарламалағыш
1 112 3 4 65 7 8 9 10
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз.
Сенсор
лық
өріс
Функция Сипаттама
1
ҚОСУ / СӨНДІРУ Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
арналған.
ҚАЗАҚ
7
Сенсор
лық
өріс
Функция Сипаттама
2
ФУНКЦИЯЛАР Тұмшапештің функциясын немесе
автоматты бағдарламаны орнатуға
арналған.
3
ТҰМШАПЕШ
ШАМЫ
Тұмшапеш шамын жағуға немесе өшіруге
арналған.
4
ТЕМПЕРАТУРА /
ЖЫЛДАМ
ҚЫЗДЫРУ
Тұмшапештің температурасын немесе ішкі
температура сенсорының температурасын
орнатуға және тексеруге арналған (егер
бар болса). Егер үш секунд басып ұстап
тұрсаңыз, Жылдам қыздыру функциясын
ON (ҚОСУ) және OFF (СӨНДІРУ) қалпына
қояды.
5
ТАҢДАУЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛА
Р
Таңдаулы бағдарламаңызды сақтауға
арналған. Таңдаулы бағдарламаңызға
құрылғы сөніп тұрған кезде тура кіру үшін
қолданыңыз.
6
-
БЕЙНЕБЕТ Құрылғының ағымдық параметрін
көрсетеді.
7
ЖОҒАРЫ Мәзірде жоғары жылжуға арналған.
8
ТӨМЕН Мәзірде төмен жылжуға арналған.
9
САҒАТ Сағат функцияларын орнатуға арналған.
10
МИНУТ
ОПЕРАТОРЫ
Минут операторын баптауға арналған.
11
OK Таңдалған элементті немесе параметрді
құптау. Мәзірде төмен жылжуға арналған.
4.2 Бейнебет
B C
DE
A
A) Тұмшапеш функциясының белгішесі
B) Тұмшапеш функциясының /
бағдарламасының нөмірі
C) Сағат функцияларының
индикаторлары ("Сағат функциялары"
кестесіне қараңыз)
D) Сағат / қалдық қызу дисплейі
E) Температура / тәулік уақытының
дисплейі
www.electrolux.com8
Дисплейдің басқа индикаторлары:
Белгіше Атауы Сипаттама
Автоматты бағдарлама Автоматты бағдарламаны
таңдауыңызға болады.
Таңдаулы бағдарлама Таңдаулы бағдарлама жұмыс істейді.
/
кг / г Тағамның салмағы көрсетілетін
автоматты бағдарлама жұмыс
істейді.
/
сағ / мин Сағат функциясы жұмыс істейді.
Қыздыру / қалдық қызу
индикаторы
Құрылғының ішіндегі температураны
көрсетеді.
Температура / жылдам
қыздыру
Функция жұмыс істейді.
Температура Температураны тексеруге немесе
өзгертуге болады.
Минут операторы Минут операторы функциясы жұмыс
істейді.
4.3 Қыздыру индикаторы
Егер тұмшапеш функциясын іске
қоссаңыз, жолақтар
бейнебетте
жанады. Жолақтар құрылғының ішкі
температурасының көбейгенін немесе
азайғанын көрсетеді.
Құрылғы орнатылған температураға
жеткенде, жолақтар бейнебеттен
өшеді.
5. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Алғашқы тазалау
Құрылғыдан керек-жарақтардың
барлығын және алмалы сөре
сырғытпаларын алыңыз.
"Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
5.2 Уақытты орнату
Электр желісіне алғаш қосқаннан кейін
бейнебеттегі белгішелер бірнеше
секунд жанып тұрады. Келесі бірнеше
секундта бейнебетте бағдарламалық
жасақтама нұсқасы көрсетіледі.
Бағдарламалық жасақтама нұсқасы
көрінбей кеткеннен кейін, бейнебетте
"h" және "12:00" көрсетіледі.
1. Сағаттарды орнату үшін
не
басыңыз.
2.
түймешігін басыңыз.
3. Минуттарды орнату үшін не
басыңыз.
4. не басыңыз.
Температура/Уақыт бейнебетінде
жаңа уақыт көрсетіледі.
ҚАЗАҚ
9
5.3 Уақытты өзгерту
Тәулік уақытын тек құрылғы сөніп
тұрғанда ғана өзгерте аласыз.
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте жыпылықтайды.
Жаңа тәулік уақытын өзгерту үшін
«Уақытты орнату» тарауын қараңыз.
5.4 Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып
қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс және
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай.
Ауаның жеткілікті түрде айналып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Құрылғыны іске
пайдалану
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегіні
қолдануға болады:
қол режимі
автоматты бағдарламалар
6.2 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Ыстық
желдеткішпен
пісіру
Тағамды бір уақытта 3 сөреде пісіруге және
кептіруге арналған.Температураны Дәстүрлі
пісіру функциясына қарағанда 20 – 40 °C
төменірек қойыңыз.
Пицца
параметрі
Тағамды қатты қызартып, түбін қытырлақ ету
үшін 1 сөреде пісіруге арналған. Температураны
Дәстүрлі пісіру функциясына қарағанда 20 - 40
°C төменірек қойыңыз.
Дәстүрлі пісіру Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға
арналған.
Баяу пісіру Жұмсақ, сөлді ет қуырмасын дайындауға
арналған.
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
www.electrolux.com10
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Ылғалды
желдеткішпен
пісіру
Құрғақтай пісірілетін тағамдарды пісіргенде
қуатты үнемдеуге арналған. Сондай-ақ, пісірілген
тағамды сөренің 1 деңгейіне қойып пісіруге
арналған. Бұл функция қуат тиімділігі санатын
EN50304 стандарты бойынша анықтау үшін
пайдаланылады.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Жылы ұстау Тағамды жылы ұстауға арналған.
ЭКО қуыру ЭКО функциясы тағам пісіру барысында қуатты
барынша тиімді жұмсауға көмектеседі. Бұл үшін
әуелі пісіру уақытын орнату керек. Ұсынылатын
параметрлер туралы қосымша ақпаратты тиісті
функция берілген пісіру кестелерінен қараңыз.
Гриль жасау Приготовление на гриле продуктов плоской
формы и тостов.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған
тағамнан гриль жасау және тост жасау үшін.
Турбо-гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс
етін 1 сөреге қойып, қуыруға арналған. Сондай-
ақ гратин жасауға және қызарғанша қуыруға
арналған.
6.3 Тұмшапеш функциясын
орнату
1. Құрылғыны көмегімен қосыңыз.
Бейнебетте орнатылған температура,
тұмшапеш функциясының белгішесі
мен нөмірі көрсетіледі.
2. Тұмшапеш функциясын орнату
үшін не басыңыз.
3. басыңыз немесе тұмшапеш бес
секундтан кейін автоматты түрде
іске қосылады.
Құрылғыны іске қосып,
ешбір тұмшапеш
функциясын немесе
бағдарламасын
орнатпасаңыз, құрылғы 20
секундтан кейін автоматты
түрде сөнеді.
6.4 Температураны өзгерту
Температураны 5 °C градустық
қадаммен өзгерту үшін
немесе
түймешігін басыңыз.
Құрылғы орнатылған температураға
жеткен кезде, дыбыстық сигнал үш рет
естіледі де, Қыздыру индикаторы
сөнеді.
6.5 Температураны тексеру
Функция немесе бағдарлама жұмыс
істеп тұрған кезде құрылғының ішіндегі
температураны көре аласыз.
1.
түймешігін басыңыз.
Температура / Уақыт бейнебеті
құрылғының ішіндегі температураны
көрсетеді.
ҚАЗАҚ
11
2. Орнатылған температураға оралу
үшін түймешігін басыңыз
немесе ол бес секундтан кейін
автоматты түрде бейнебетте
көрсетіледі.
6.6 Жылдам қыздыру
функциясы
Жылдам қыздыру
функциясы жұмыс істеп
тұрғанда тұмшапештің
ішіне тағам қоймаңыз.
Жылдам қыздыру функциясы
тұмшапештің кез келген
функциясында жұмыс істей бермейді.
Егер «Параметрлер мәзірінде» Ақау
функциясы қосулы тұрса, орнатылған
функцияда Жылдам қыздыру
функциясына қолжетімсіз кезде
дыбыстық сигнал естіледі.
Жылдам қыздыру функциясы қыздыру
уақытын азайтады.
Жылдам қыздыру функциясын қосу
үшін түймешігін үш секундтан көп
басып ұстап тұрыңыз.
Егер жылдам қыздыру функциясын
іске қоссаңыз, бейнебеттегі көлденең
жолақтар жыпылықтап, функцияның
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
6.7 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар:
Қалдық қызу
Тұмшапештің функциясы
немесе бағдарламасы жұмыс
істеп тұрғанда, қыздыру
элементтері 10% ертерек
ажыратылады (шам мен
желдеткіш жұмыс істей береді).
Осы функция жұмыс істеуі үшін,
пісіру уақыты 30 минуттан артық
болуы керек немесе сағат
функцияларын (Ұзақтық,
Аяқтау, Уақытты кідірту)
қолдануыңыз керек. Бұл
функция қақтау
функцияларында жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөнгенде, қызуды
тағамды жылы ұстау үшін
қызуды пайдалануға болады.
Сағат / қалдық қызу
бейнебетінде қалдық
температура көрсетіледі, ал
температураның азайғаны
жолақтарда көрсетіледі.
Шам сөніп тұрғанда тамақ пісіру -
Тамақ пісіру кезінде шамды сөндіру
үшін басыңыз.
Эко функциялары - "Тұмшапеш
функциялары" тарауын қараңыз.
Ылғалды желдеткішпен пісіру
функциясын пайдаланған кезде
шам 30 секундтан кейін сөнеді. Шам
белгісін түрткен кезде қайта
қосылады.
Эко функцияларды
пайдаланғанда, шам сөнеді. Шам
белгісін түрткен кезде қайта
қосылады.
Дисплейді сөндіру - Қажет болса,
дисплейді толық сөндіруге болады.
Дисплей сөнгенше
және
түймешіктерін қатар басыңыз. Бұл
әрекет сондай-ақ құрылғыны іске
қосады.
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат функцияларының кестесі
Сағат функциясы Қолданылуы
ТӘУЛІК УАҚЫТЫ Тәулік уақытын көрсетуге арналған. Тәулік
уақытын өзгерту үшін «Уақытты орнату» тарауын
қараңыз.
www.electrolux.com12
Сағат функциясы Қолданылуы
ҰЗАҚТЫҚ Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға
арналған.
АЯҚТАУ Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
Құрылғыны кейін автоматты түрде қосу немесе
сөндіру қажет болса Ұзақтық және Аяқтау
функцияларын (Уақытты кешіктіру) қатар
қолдануға болады.
7.2 Санақ таймері
Егер Ұзақтық және Аяқтау
параметрлері орнатылса,
Санақ таймері
қосылмайды.
Құрылғы қыза бастаған кезде Санақ
таймері санай бастайды.
Санақ таймерін бастапқы қалпына қою
үшін және түймешіктерін
дисплейде "00:00" көрініп, Санақ
таймері қайта санай бастағанша қатар
басыңыз.
7.3 ҰЗАҚТЫҚ функциясын
орнату
1. Құрылғыны іске қосыңыз да,
тұмшапеш функциясы мен
температураны орнатыңыз.
2. түймешігін бейнебетте
көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте жыпылықтайды.
3. ҰЗАҚТЫҚ функциясының минут
мәндерін орнату үшін не
қолданыңыз.
4. Растау үшін түймешігін
басыңыз.
5. ҰЗАҚТЫҚ функциясының сағат
мәндерін орнату үшін
не
қолданыңыз.
ҰЗАҚТЫҚ функциясын
орнату барысында
түймешігін бассаңыз,
құрылғы АЯҚТАУ
функциясының
параметріне ауысады.
6. Орнатылған уақыт аяқталған
кезде, екі минут бойы дыбыстық
сигнал естіледі.
Бейнебетте және уақыт параметрі
жыпылықтайды. Құрылғы сөнеді.
7. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
сенсор өрісін басыңыз.
8. Құрылғыны сөндіріңіз.
7.4 АЯҚТАУ функциясын
орнату
1. Құрылғыны іске қосыңыз да,
тұмшапеш функциясы мен
температураны орнатыңыз.
2. түймешігін бейнебетте
көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз.
Бейнебетте жыпылықтайды.
3. АЯҚТАУ параметрін орнату үшін
немесе пайдаланыңыз
және көмегімен растаңыз.
Әуелі минутты, содан кейін сағатты
орнатыңыз.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде, екі
минут бойы дыбыстық сигнал естіледі.
Дисплейде және уақыт параметрі
жыпылықтайды. Құрылғы сөнеді.
4. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
сенсор өрісін басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріңіз.
7.5 МИНУТ ОПЕРАТОРЫН
орнату
МИНУТ ОПЕРАТОРЫН кері санақты
орнату үшін (ең көбі 2 сағ 30 мин)
пайдаланыңызБұл функция
құрылғының жұмысына әсер етпейді.
МИНУТ ОПЕРАТОРЫН кез келген
ҚАЗАҚ
13
уақытта, және құрылғы сөніп тұрғанда
да орнату болады.
1. түймешігін басыңыз.
Бейнебетте және "00"
жыпылықтайды.
2. МИНУТ ОПЕРАТОРЫН орнату
үшін
немесе түймешігін
басыңыз. Әуелі минуттарды, содан
кейін сағаттарды орнату керек.
3. Орнатылған уақытты бастапқы
қалпына қою үшін және
түймешіктерін қатар басыңыз.
4. басыңыз немесе МИНУТ
ОПЕРАТОРЫ бес секундтан кейін
автоматты түрде іске қосылады.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде, екі
минут бойы дыбыстық сигнал естіледі
де, бейнебетте 00:00 және
жыпылықтайды.
5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
сенсор өрісін басыңыз.
7.6 Уақытты кешіктіру
функциясын орнату
Құрылғыны кейін автоматты түрде
қосу немесе сөндіру қажет болса,
ҰЗАҚТЫҚ және АЯҚТАУ
функцияларын қатар қолдануға
болады. Мұндай жағдайда, әуелі
ҰЗАҚТЫҚ функциясын, содан
кейін АЯҚТАУ функциясын
орнатыңыз ("ҰЗАҚТЫҚ функциясын
орнату" және "АЯҚТАУ функциясын
орнату" тарауларын қараңыз).
Уақытты кідірту функциясы
қосылғанда, бейнебетте
тұмшапеш функциясының
белгішесі, нүктесі бар
және көрсетіледі. Нүкте
Сағат / қалдық қызу
дисплейінде қай сағат
функциясының қосулы
екенін көрсетеді.
8. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Автоматты бағдарламалар саны 9.
Тамақ пісіре білмесеңіз немесе
тәжірибеңіз болмаса, автоматты
бағдарламаны немесе рецептіні
қолданыңыз. Дисплейде барлық
автоматты бағдарламалар үшін
сөренің орналасқан орны және әдепкі
пісіру уақыттары көрсетіледі.
8.1 Автоматты бағдарламалар
Бағдарлама нөмірі Бағдарлама атауы
1 РОСТБИФ
2 ҚУЫРЫЛҒАН ШОШҚА ЕТІ
3 ТҰТАС ТАУЫҚ ЕТІ
4 ПИЦЦА
5 КЕКСТЕР
www.electrolux.com14
Бағдарлама нөмірі Бағдарлама атауы
6 КИШ ЛОРЕН
7 АҚ НАН
8 КАРТОП ГРАТИНІ
9 ЛАЗАНЬЯ
8.2 Автоматты
бағдарламалар
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте автоматты
бағдарламаның (P1 – P9) нөмірі пайда
болады.
3. Автоматты бағдарламаны таңдау
үшін немесе түймешігін
түртіңіз.
4. түймешігін түртіңіз немесе
құрылғы автоматты түрде жұмыс
істей бастағанша бес секунд
күтіңіз.
5. Орнатылған уақыт аяқталған
кезде, екі минут бойы дыбыстық
сигнал естіледі. белгішесі
жыпылықтайды.
Құрылғы сөнеді.
6. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
сенсор өрісін басыңыз.
8.3 Салмақ көрсетілетін
автоматты бағдарламалар
Егер еттің салмағын көрсетсеңіз,
құрылғы қуыруға қажетті уақытты
есептеп шығарады.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. түймешігін басыңыз.
3. Салмақ бағдарламасын орнату
үшін немесе түймешігін
басыңыз.
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
пісіру уақыты, ұзақтық белгішесі ,
әдепкі салмақ, өлшем бірлігі (кг, г).
4. басыңыз немесе параметрлер
бес секундтан кейін автоматты
түрде сақталады.
Құрылғы іске қосылады.
5. Әдепкі салмақтың мәнін
немесе түймешігімен өзгерте
аласыз. түймешігін басыңыз.
6. Орнатылған уақыт аяқталған
кезде, екі минут бойы дыбыстық
сигнал естіледі.
жыпылықтайды.
Құрылғы сөнеді.
7. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
сенсор өрісін басыңыз.
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
9.1 Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдарды
орнату нұсқауларын кейін
пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
ҚАЗАҚ
15
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
1. Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
°C
2. Сымтемір торды сөре
сырғытпаларына салыңыз да,
құрылғыға қарай абайлап итеріңіз.
°C
Тұмшапештің есігін жабар алдында,
сырғытпа жолдардың құрылғыға әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
10.1 Таңдаулы бағдарлама
функциясын пайдалану
Бұл функцияны тұмшапеш
функциясының немесе
бағдарламасының таңдаулы
температурасы мен уақыт
параметрлерін орнату үшін
қолданыңыз.
1. Тұмшапеш функциясы немесе
бағдарламасы үшін температура
мен уақытты орнатыңыз.
2.
түймешігін үш секундтан астам
басып ұстап тұрыңыз. Дыбыстық
сигнал естіледі.
3. Құрылғыны сөндіріңіз.
Осы функцияны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз. Құрылғы
таңдаулы бағдарламаңызды іске
қосады.
Бұл функция жұмыс
істеп тұрғанда, уақыт
пен температураны
өзгерте аласыз.
Осы функцияны өшіру үшін
түймешігін басыңыз. Құрылғы
таңдаулы бағдарламаңызды
өшіреді.
10.2 Бала қауіпсіздігі
функциясын пайдалану
Бала қауіпсіздігінің құралы
құрылғының кездейсоқ іске қосылуына
жол бермейді.
1. Функцияны қосу үшін құрылғыны
көмегімен сөндіріңіз. Тұмшапеш
функциясын орнатпаңыз.
2. және түймешігін қатар
басып, кем дегенде 2 секунд ұстап
тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі.
бейнебетте SAFE пайда болады.
Бала қауіпсіздігі функциясын ажырату
үшін 2-ші қадамды қайталаңыз.
www.electrolux.com16
10.3 Функция бекітпесін
пайдалану
Бұл функцияны тек құрылғы жұмыс
істеп тұрғанда ғана іске қоса аласыз.
Функция бекітпесі тұмшапеш
функциясының кездейсоқ өзгеріп
кетуіне жол бермейді.
1. Функцияны қосу үшін құрылғыны
іске қосыңыз.
2. Тұмшапеш функциясын немесе
параметрін іске қосыңыз.
3.
және түймешігін қатар
басып, кем дегенде 2 секунд ұстап
тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі.
бейнебетте Loc пайда болады.
Функция бекітпесін ажырату үшін 3-ші
қадамды қайталаңыз.
Функция бекітпесі қосулы
тұрғанда құрылғыны
сөндіруге болады.
Құрылғыны сөндірсеңіз,
Функция бекітпесі
ажыратылады.
10.4 Параметрлер мәзірін
пайдалану
Параметрлер мәзірін тек құрылғы
сөніп тұрғанда ғана орната аласыз.
Параметрлер мәзірі негізгі мәзірдегі
функцияларды қосуға немесе
сөндіруге мүмкіндік береді. Дисплейде
SET және параметр нөмірі көрсетіледі.
Сипаттама Орнатылатын мән
ҚАЛДЫҚ ҚЫЗУ ИНДИКАТОРЫ ON/OFF
ТҮЙМЕШІК СИГНАЛЫ
1)
ШЕРТУ / СИГНАЛ / СӨНДІРУ
АҚАУЛЫҚ СИГНАЛЫ ON/OFF
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘЗІРІ -
ПАРАМЕТРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ON/OFF
1)
ҚОСУ / СӨНДІРУ сенсорлық алаңының сигналын сөндіру мүмкін емес.
1. Құрылғы сөнген кезде
түймешігін үшін секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Дисплейде SET1 көрсетіледі және «1»
жыпылықтайды.
2. Параметрді орнату үшін
немесе түймешігін басыңыз.
3.
түймешігін басыңыз.
4. Параметр мәнін өзгерту үшін
немесе түймешігін басыңыз.
5. түймешігін басыңыз.
10.5 Автоматты түрде сөндіру
Егер тұмшапеш функциясы қосылса
және ешбір параметрді өзгертпесеңіз,
құрылғы қауіпсіздікті сақтау үшін
шамалы уақыттан кейін автоматты
түрде сөнеді.
Температура
(°C)
Сөндіру уақыты
(сағ)
30 - 115 12.5
120 - 195 8.5
200 - 245 5.5
250 - ең көбі 1.5
Автоматты түрде сөнгеннен кейін
құрылғыны қайта іске қосу үшін
сенсорлық өрісті басыңыз.
ҚАЗАҚ
17
Автоматты сөндіру келесі
функцияларда жұмыс
істемейді: Шам, Баяу
пісіру, Ұзақтық, Аяқтау,
Уақытты кешіктіру.
10.6 Бейнебеттің
жарықтылығы
Бейнебет жарықтылығының екі режимі
бар:
Түнгі жарықтылық - құрылғы сөніп
тұрғанда, бейнебеттің
жарықтылығы 22:00:00 және
06:00:00 аралығында төменірек
болады;
Күндізгі жарықтылық:
құрылғы қосылған кезде.
Егер түнгі жарықтылық
режимінде сенсорлық өрісті
бассаңыз (ҚОСУ / ӨШІРУ
түймешігінен басқа), келесі 10
секунд ішінде бейнебет күндізгі
жарықтылық режиміне ауысады.
егер құрылғы сөндірулі, Минут
операторы орнатулы болса.
Минут операторы функциясы
аяқталған кезде, бейнебет түнгі
жарықтылық режиміне ауысады.
10.7 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
10.8 Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автоматты түрде қосылады.
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
11.1 Жалпылама ақпарат
Құрылғының сөре қоюға арналған
бес деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
Құрылғы ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат
мөлшерін барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
11.2 Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған
пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өткенше ашпаңыз.
www.electrolux.com18
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына
бір ашық қатар қалдырыңыз.
11.3 Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем
тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте
майлы тағамды пісіргенде шұңғыл
табақты пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің
іші қатты түтіндеп кетпес үшін
шұңғыл табаққа шамалы су
құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін су таусылған сайын үстемелеп
құйып отырыңыз.
11.4 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
11.5 Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Көпіршітіл
ген тағам
рецептіле
рі
170 2 160 3 (2 және
4)
45 - 60 Тортқа
арналған
қалыпта
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 (2 және
4)
20 - 30 Тортқа
арналған
қалыпта
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 165 2 80 - 100 26 см
торт
қалыбынд
а
Алма
торты
(Алма
бәліші)
1)
170 2 160 2 (сол
және оң)
80 - 100 Тор
сөреге
қойылған
екі 20 см
торт
қалыбынд
а
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақта
ҚАЗАҚ
19
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық
желдеткішпен пісіру
Уақыт
(мин.)
Түсіндір
ме
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Джем
тарталетк
асы
170 2 165 2 (сол
және оң)
30 - 40 26 см
торт
қалыбынд
а
Бисквит
торт
170 2 150 2 40 - 50 26 см
торт
қалыбынд
а
Кристмас
торты /
Көп жеміс
қосылған
торт
1)
160 2 150 2 90 - 120 20 см
торт
қалыбынд
а
Қара өрік
торты
1)
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбынд
а
Кішкене
кекстер -
бір
деңгейд
е
1)
170 3 150 - 160 3 20 - 30 Пісірме
табақта
Кішкене
кекстер -
екі
деңгейд
е
1)
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақта
Кішкене
кекстер -
үш
деңгейд
е
1)
- - 140 - 150 1, 3 және
5
30 - 45 Пісірме
табақта
Печенье /
тәтті
таспалар
- бір
деңгейде
140 3 140 - 150 3 25 - 45 Пісірме
табақта
www.electrolux.com20
/