Бағдарламаны орнату жəне бастау
Reset функциясы
Құрылғы кей параметрлер үшін
пайдаланушы баптайтын режимде тұруға
тиіс.
Барлық бағдарламалардың
индикаторлары жанса, құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұрады.
Құрылғыны пайдаланушы режиміне қою
үшін Reset функциясын орындаңыз
1. Барлық бағдарламалардың
индикаторлары жанғанша бағдарлама
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
3. Бағдарлама
түймешігін орнатқыңыз
келген бағдарламаның индикаторы
ғана жанғанша қайта-қайта басыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған
жерінен бастап жұмыс істейді.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Reset функциясын орындаңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
"Соңы" индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/сөндіру түймешігін
баспасаңыз, бағдарлама
аяқталғаннан кейін бірнеше минут
өткенде барлық индикаторлар сөнеді.
Бұл электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі,
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар
осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне
су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат,
ыдыс-аяққа қарағанда тез
салқындайды.
Ақыл-кеңес
Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға
нұқсан келтіруі жəне жуу нəтижесіне
жаман əсер етуі мүмкін минералдар өте
көп мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш
бұл минералдарды бейтарап етеді.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су
жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта
ұстайды. Су жұмсартқыштың дұрыс
деңгейін орнатқан маңызды. Бұл су
жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина
тұзы мен суды дұрыс мөлшерде
қолдануын қамтамасыз
етеді.
Тұз, шайғыш зат жəне жуғыш затты
пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған
тұзды, шайғыш жəне жуғыш затты
пайдаланыңыз. Басқа өнімдер
құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай
құрғатуға көмектеседі.
• Аралас жуғыш таблеткалардың
құрамында жуғыш зат, шайғыш зат
жəне басқа қоспалар бар. Бұл
заттардың тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне
сай келетініне көз
21
www.zanussi.com