17
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫНДАҒЫ (1) ЖӘНЕ
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТЫНДАҒЫ (14)
БАТЫРМАЛАР
Іске қосу/сөндіру батырмасы (16).
– Құрылғыны іске қосу үшін батырмаға (16)
қол тигізіңіз/басыңыз (ҚБ пультында),
құрылғыны сөндіру үшін тағы да батырмаға
(16) қол тигізіңіз/басыңыз.
«Будың» шығу қарқындылығын белгілеу
тақтасы (15)
– Ауа ылғалдатқышын іске қсоқаннан кейін
Сіз «бу» шығуының қажетті қарқындылығын
белгілей аласыз. Бұл үшін тақтаның (15)
қажетті жеріне саусағыңызды тигізіңіз
немесе тақта (15) бойынша саусақпен
жүргізіңіз, «будың» шығу қарқындылығы
дисплейде таңбалармен (23) көрсетіледі.
– «Будың» шығуының қажетті қарқындылығын
қашытан басқару пультынан белгілеу үшін
батырманы (15) басыңыз.
Ионизаторды және суға арналған
сауытты көмескілеуді іске қосу/сөндіру
батырмасы (17)
– Батырмаға (17) қол тигізіңіз/басыңыз, кері
иондар генераторы іске қосылады және
дисплейде таңба (20) жанады.
– Ионизация режимін сөндіру үшін
батырмаға (17) қайтадан қол тигізіңіз/
басыңыз, таңба (20) сөнеді.
– Батырмаға (17) қол тигізіңіз/басыңыз және
3 секунд бойы ұстап тұрыңыз, суға арналған
сауыттың (2) көмескілеуі (7) іске қосылады,
суға арналған сауыттың (2) көмескілеуін (7)
сөндіру үшін қайтадан батырмаға (17) қол
тигізіңіз/басыңыз және 3 секунд бойы ұстап
тұрыңыз, көмсекілеу (7) сөнеді.
Панажайдағы салыстырмалы
ылғалдылықты белгілеу батырмасы (24)
– Батырмаға (24) кезектеп қол тигізіп/
басып, сіз панажайдағы салыстырмалы
ылғалдылықтың қажетті деңгейін 30%-дан
75%-ға дейінгі ауқымда 5%-дық қадаммен
белгілей аласыз, ылғалдылық деңгейі
дисплейде таңбалармен (22) көрсетіледі.
– Қажетті ылғалдылық белгіленгеннен кейін
санды көрсетілімдер (22) 5 рет жанып-сөнеді,
содан кейін панажайдағы шын мәніндегі
ылғалдылықтың санды көрсетілімдері (24)
көрсетіледі және «%RH» таңбасы жанып-
сөніп тұрады.
– Қажетті ылғалдылық деңгейіне жеткенде
ылғалдатқыш сөнеді, ылғалдылық деңгейі
төмендегенде аспап қайтадан іске қосылады,
осылайша панажайдағы белгіленген
ылғалдылықтың сақталуы жүзеге асады.
– Белгіленген ылғалдылықты сақтау режимін
сөндіру үшін дисплейде «СО» таңбалары
көрсетілгенше батырмаға (24) қол тигізіңіз/
басыңыз, ылғалдылықты сақтау режимі
сөнеді және дисплейде панажайдағы шын
мәніндегі ылғалдылық таңбалары (22)
жанады.
– Белгіленген ылғалдылық мәндерін тексеру
қажет болған кезде батырмаға (24) бір
рет қол тигіңіз/басыңыз, белгіленген
ылғалдылық мәндері (22) дисплейде
көрсетіледі және бес рет жанып-сөнеді,
содан кейін панажайдағы шын мәніндегі
ылғалыдылық (22) көрсетіледі.
Ескерту: панажайдағы ылғалдылық деңгейін
өлшеу әр 15 минут сайын жүзеге асырылады.
Таймердің жұмыс істеу уақытын белгілеу
батырмасы (25)
– Батырмаға (25) кезектеп қол тигізіп/басып,
Сіз таймердің жұмыс істеу уақытын 1-ден
12 сағатқа дейінгі ауқымда 1 сағаттық
қадаммен белгілей аласыз, бұл дисплейде
таңбалармен (19) көрсетіледі.
– Белгіленген уақытқа жеткенде құрылғы
сөнеді.
– Таймерді сөндіру үшін дисплейде
таңбалар (19) сөнгенге дейін батырмаға (25)
қол тигізіңіз/басыңыз.
Судың жеткіліксіз көлемінің көрсетілімі
– Сауытта (2) су біткенде, құрылғы сөнеді,
дыбыстық сигнал шығады, осы кезде
дисплейде қызыл түспен судың бітуінің
таңбасы (21) жанады.
– Құрылғыны батырмамен (16) сөндіріңіз,
шүмекті (3) шешіңіз, бекіткіш қолсабын (12)
сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұраңыз
және сауытты (2) шешіңіз.
– Сауытты (2) сумен толтырыңыз («АУА
ЫЛҒАЛДАТҚЫШЫН ПАЙДАЛАНУ» тарауын
қар.).
– Алдымен толтырылыған сауытты (2), содан
кейін – шүмекті (3) орнына орнатыңыз,
бекіткіш қолсабын (12) сағат тілі бойынша
тірелгенге дейін бұрап, сауытты (2) бекітіңіз.
– Құрылғыны келесі пайдалану үшін іске
қосыңыз.
IM VT-2336.indd 17 28.12.2016 17:46:13