Candy CDIM 5366-07 Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, ознакомленный с инструкцией по эксплуатации посудомоечной машины Candy CDIM 5366. Готов ответить на ваши вопросы об установке, использовании и особенностях данной модели. В инструкции подробно описаны программы мойки, загрузка моющих средств, уход и устранение неполадок. Спрашивайте!
  • Как подключить посудомоечную машину к водопроводу?
    Как загрузить регенерирующую соль?
    Как очистить фильтры?
    Какие моющие средства можно использовать?
    Что делать, если на посуде остаются пятна после мытья?
Іске пайдалану
жөніндегі нұсқаулық
KK
CDIM 5366
ЫДЫСЖУҒЫШ МАШИНА
3
Біз Сізді құттықтаймыз!
Сіз тамаша таңдау жасадыңыз,
Candy ыдысжуғыш машинасы
жоғары сапасымен, сенімділігімен
және тамаша тұтынушылық
сипаттарымен ерекшеленеді.
Candy компаниясы электртұрмыстық
аспаптардың барлық түрлерін:
кіржуғыш машиналарды, ыдысжуғыш
машиналарды, кіржуғыш-кептіргіш
және кептіргіш машиналарды,
асүй плиталарын, ЖЖС
пештерді, духовкалар мен
панельдерді, тоңазытқыштарды
және мұздатқыштарды шығарады.
Ағымдағы жылға Candy бұйымда-
рының толық ауқымы берілген
каталогты Сізге өзіңіздің дилеріңізден
сұрауға болады.
Осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығуыңызды өтінеміз. Бұл жерден
Сіз қауіпсіздік талаптарын сақтай
отырып, өзіңіздің ыдысжуғыш
машинаңызды орнатуды қалай
жүргізу, қалай пайдалану және
қалай қызмет көрсету керек екені
жайында қажетті түсініктемелерді,
сондай-ақ біздің ұсыныстамаларыз
бен пайдалы ақыл-кеңестерді
табасыз.
Нұсқаулықты тастамаңыз. Оны
қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Ақпаратты еске түсіру қажет
болғанда немесе әлдеқандай бір
жағдайларда Сіздің қажетіңізге
жарауы мүмкін.
23.11.09 жылғы Федералдық
Заңның талаптарына және РФ
Үкіметінің 31.12.09 жылғы № 1222
Қаулысына сәйкес, бұл тауар
тұтынушыларға сатылатын орында
аспаптың беттік бөлігінде
орналастырылуға тиіс арнайы
заттаңба түрінде орыс тілінде
энергетикалық тиімділігі туралы
ақпаратпен жабдықталған.
КЕПІЛДІК
Бұйым Техникалық қолдау қызметінің
қызметтерін тегін пайдалануға
мүмкіндік беретін кепілдік
сертификатымен жиында жеткізіледі.
Сауда чегін тастамаңыз. Ол, егер
сіз сервистік орталықтың жұмыскерін
шақыруды ұйғарсаңыз, аспаптың
мәртебесін растау үшін қажет
болады.
4
МАЗМҰНДАМА
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Су құбырына қосу
Регенерациялағыш тұзды жүктеу
Үстіңгі себетті реттеу
Ыдыс-аяқты жүктеу
Сынақтау зертханаларына арналған ақпарат
Жуғыш құралды жүктеу
Жуғыш құралдардың түрлері
Жылтыратқышты жүктеу
Сүзгілерді тазалау
Практикалық кеңестер
Күтім жасау және ағымдағы қызмет көрсету
Басқару панелі
Техникалық сипаттамалары
Бағдарламалар мен қосымша функцияларды орнату
Бағдарламалар тізімі
Суды жұмсартуға арналған құрылғы
Ұсақ ақаулықтарды іздестіру
Сізден осы нұсқаулықта баяндалған ережелер мен ұсыныстамаларды мұқият
оқып шығуыңызды өтінеміз, өйткені оларда қауіпсіз орнату, пайдалану, ағымдағы
қызмет көрсету жөнінде маңызды нұсқаулар, сондай-ақ Сіздің жаңа ыдысжуғыш
машинаңызды барынша тиімді пайдалану үшін басқа да бірқатар пайдалы
ақыл-кеңес берілген.
Сұрақтар туындаған жағдайда жүгініп отыру үшін, осы нұсқаулықты күтіп
сақтаңыз.
5-ші бет
8-ші бет
10-шы бет
11-ші бет
12- ші бет
14-ші бет
15-ші бет
16- шы бет
17- ші бет
18- ші бет
19- шы бет
20- шы бет
21- ші бет
21- ші бет
22- ші бет
26- шы бет
28- ші бет
29- шы бет
А.Сурет
3
2
1
4
5
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
ЕРЕЖЕЛЕРІ
n Бұл құрылғылар үйде
пайдалануға және ұқсас
шарттарда пайдалануға, мысалы:
- дүкендердегі, офистердегі және
басқа жұмыс орындарындағы
қызметші құрамға арналған ас
үйлерде;
- фермаларда;
- қонақүйлерде, мотельдерде
және азаматтарды уақытша
орналастыратын басқа
мекемелерде клиенттердің
пайдалануына;
- орналастыруды және таңғы
асты ұсынатын қонақүйлерде
пайдалануға арналған.
Құрылғыны үйде пайдаланудан
бөлек түрде немесе
сарапшылардың немесе
арнайы үйретілген тұлғалардың
коммерциялық мақсаттарда
пайдалануы секілді әдеттегі
үй шаруашылығынан бөлек
мақсаттарда пайдалануға тіпті
жоғарыда аталған шарттарда
да жол берілмейді.
Құрылғыларды жоғарыда
баяндалған шарттарды бұзып
пайдалану құрылғының қызмет
мерзімінің қысқаруына әкеліп
соғуы және өндірушінің
кепілдіктерін құқықтық
күшінен айыруы мүмкін.
Құрылғының үйде пайдалану
немесе үй шаруашылығын
жүргізу мақсаттары үшін
қолдану кезінде туындайтын
зақымдар мен сынықтардан
бөлек кез келген зақымдалуын
(тіпті құрылғы үй шаруашы-
лығын жүргізуге арналған
аймақта орналастырылған
жағдайда да) өндіруші заңмен
рұқсат етілген шектерде
мойындамайтын болады.
n Бұл электр аспапты 8 жастан
асқан балалр және дене
немесе ақыл-ой қабілетінің
бұзылушылықтары бар
адамдар, сондай-ақ жеткілікті
тәжірибесі мен білімдері жоқ
адамдар, егер олардың
іс-қимылдарын жауапты тұлға
бақылайтын болса, немесе
егер ол адамдар электр
аспапты қауіпсіз іске пайдалануға
қатысты нұсқауландырылған
және оның жұмыс істеуіне
байланысты қауіптерді ұғынатын
болса, пайдалануына болды.
Балаларға электр аспаппен
ойнауға рұқсат етпеңіз.
Балалар тазалауды және
қызмет көрсетуді ересектердің
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
n Балалардың электр аспаппен
ойнамауын қадағалаңыз.
n 3 жастан кіші балалар
машинаның қасында болмауға
тиіс немесе ересектердің үнемі
бақылауында болуға тиіс.
n Егер машинаның қоректендіру
бауын ауыстырудың қажеттілігі
туындаса, уәкілетті сервистік
орталыққа хабарласу керек.
n Ыдысжұғыш машинаны су
құбырына тек жиында
жеткізілетін жаңа шлангілерді
пайдаланып қосу керек.
Бұрын қолдануда болған ескі
шлангілерді пайдаланбаңыз.
5
n Су қысымы кем дегенде 0,08
МПа және көп дегенде 0,8 МПа
құрайтын болуға тиіс.
n Егер машина кілемнің немесе
ковролиннің үстіне орнаты-
латын болса, машинаның
астыңғы бөлігіндегі желдеткіш
ойықтардың жабылып қал-
мағанын тексеріңіз.
n Электр аспап электр розетка-
сына оңай қол жеткізу мүмкін-
дігі қамтамасыз етілетіндей
етіп орнатылуға тиіс.
n Сіздің машинаңыздың жиын-
тықталымдарының макси-
малды жүктелімін анықтау
үшін,ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАЛАРЫ бөлімін
қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Пышақтар мен жиектері
өткір басқа құралдар себетке
ұшын төмен немесе көлденең
қаратып орналастырылуға
тиіс.
n Ықтимал жарақаттардан
(мысалы, құлаудан) сақтану
үшін, есікшені көлденең
қалыпта ашық қалдырмаңыз.
n Бұйымның техникалық
деректерінің анықтамалық
парағын өндірушінің вебсайтынан
табуға болады.
Қауіпсіздік жөніндегі
нұсқаулықтар
n Электр аспаптың жерге
тұйықталғанын тексеріңіз.
Егер электр аспап жерге
тұйықталмаған болса, тәжірибелі
электриктің көмегіне жүгініңіз.
Өндіруші фирма жерге
тұйықтаудың жоқ болуы-
ның салдарынан жеке
тұлғаларға немесе мүлік-
ке нұқсан келген жағдайда
жауапкершілік көтермейді.
n Машинаның қоректендіру
бауын жаныштамауын
қадағалаңыз.
n Адаптерлерді, үштік тетіктер-
ді немесе ұзартқыштарды
пайдаланбаған жөн.
n Ашаны розеткадан суыру
үшін қоректендіру бауын
немесе машинаның өзін
тартпаңыз.
n Аспапты атмосфералық
құбылыстардың (жаңбыр, күн
көзі және т.б.) әсеріне
ұшыратпаңыз.
n Ашық тұрған есікшеге шынтақ
тіреуге және отыруға болмайды,
өйткені бұл машинаның
аударылуына әкеліп соғуы
мүмкін.
6
7
n Ыдысжұғыш машина әдеттегі
үй ыдыс-аяғын жуу үшін құрас-
тырылға: оларда бензиннің,
бояудың, коррозиялық химиялық
заттектердің, қышқылдардың
немесе сілтілердің іздері
қалған, сондай-ақ болат немесе
темір жоңқа бар заттарды
ыдысжұғыш машинада жууға
болмайды.
n Егер Сіздің үйіңізде суды
жұмсартуға арналған қондырғы
бар болса, онда ыдысжұғыш
машина жарақталған тиісті
құрылғыға регенерациялағыш
тұз үстеудің қажеті жоқ.
n Ақаулық немесе жұмыстың
қалыпы режимінен ауытқу
жағдайында, машинаны өшіру,
су жіберетін кранды жабу
және аспапты өз бетіңізбен
жөндеуге тырыспау керек.
Егер жөндеу қажеттілігі
туындаса, жөндеу үшін
түпнұсқалық қосалқы бөлшек-
терді пайдалануға тиіс серви-
стік орталыққа хабарласу
керек. Жоғарыда баяндалған
ережелерді сақтамау аспап-
тың қауіпсіздігінің бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін, ол болса,
соңынан тұтынушы үшін
қатерді ілестіреді.
n Қапталымнан босатылған
машинаны тасу үшін есікшенің
астыңғы жағынан ұстамаңыз,
оны сәл ашып, үстіңгі
панельден ұстау керек.
n Ішке орнатылатын аспапты
орнату үшін іске пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың
арнайы бөлімін немесе қосымша
қоса тіркелетін орнату
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Электр аспап келесідегі
түзетулерімен төмендегі
Еуропалық директивалар-
дың талаптарына сәйкес
келеді:
n 2006/95/EC (LVD);
n 2004/108/EC (EMC);
n 2009/125/EC (ErP);
n 2011/65/EU (RoHS).
1
2
8
СУ ҚҰБЫРЫНА ҚОСУ
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Ыдысжұғыш машинаны су
құбырына тек жиында жеткізілетін
жаңа шлангілерді пайдаланып
қосу керек.
Бұрын қолдануда болған ескі
шлангілерді пайдаланбаңыз.
n Су құятын және су ағызатын шлангілерді
кез келген жаққа бағыттауға болады.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Ыдысжұғыш машинаны суық суға
немесе температурасы 60°С
градустан аспауға тиіс ыстық суға
қосуға болады.
n Су қысымы кем дегенде 0,08 МПа
және көп дегенде 0,8 МПа құрайтын
болуға тиіс.
n Су құятын құбыр машинаны жұмыс
істемейтін уақытта суды жабу үшін,
су құбырына кран арқылы жалғанған
болуы қажет (1 В сурет).
n Ыдысжұғыш машинаға жиында оның
ұшында ”3/4” бұрандалы гайка бар су
құятын шланг қоса жеткізіледі (2
сурет).
n Су құятын шлангіні "А" ”3/4”
бұрандасы бар су құбыры кранына
жалғау керек. Гайканың мықты
бұралғанын тексеріңіз.
n Қажет болған жағдайда су құятын
шлангіні 2,5 метрге дейін ұзартуға
болады. Ол үшін сервистік
орталыққа жүгіну керек.
n Егер жалғау жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаған құбырларға
жасалатын болса, кірістік сүзгіні құм
мен тат бітеп қалмауы үшін,
жалғаудың алдында суды ағызу
керек.
9
Суды бұру
n Су ағызатын шлангіні кәріз суағарына
сұғыңыз, оның бүктеліп қалмауын
қадағалаңыз (4 сурет).
n Кәріз суағарының ішкі диаметрі кем
дегенде 4 см болуға және кем
дегенде 40 см биіктікте тұруға тиіс.
n Жағымсыз иістің алдын алу
мақсаттарында сифон орнатуға
кеңес беріледі (4Х сурет).
n Қажет болған жағдайда, су құятын
шлангіні 2,5 метрге дейін ұзартып,
оны еденнен 85 см асырмай бекітуге
болады. Ол үшін сервистік
орталыққа жүгіну керек.
n Имек сипат беретін арнайы
пластмасс ұстатқыштың көмегімен
шлангының шетін жуғыштың шетіне
бекітіп қоюға болады.
Ол жуу барысында ақаба су сорылып
кетпеуі үшін, суға батпай тұруға тиіс
(4Y сурет).
n Егер машина үстелдің астына
орнатылатын болса, шлангының
шетін тураны оның астында
мүмкіндігінше жоғары бекіту керек
(4Z сурет).
n Машинаны орнатқан кезде су құятын
және су ағызатын шлангілердің
бүктеліп қалмауын тексеріңіз.
4
РЕГЕНЕРАЦИЯЛАЙТЫН
ТҰЗДЫ ЖҮКТЕУ
n Ыдыс-аяқта ақ дақтардың пайда
болуы әдетте тұзға арналған
контейнерді толтырудың қажеттілігі
туралы ескертетін белгі болып
табылады.
n Жуғыш камераның түбінде суды
жұмсартуға арналған құрылғының
жұмысы үшін қажетті регенерация-
лағыш тұзға арналған контейнер
орналасқан.
n Тек ыдысжуғыш машиналар үшін
арнайы шығарылған регенерация-
лағыш тұзды пайдалану керек,
тұздың басқа түрлерінің құрамында
ерітілмейтін заттектердің айтар-
лықтай көлемі кезігеді, олар уақыт
өте келе суды жұмсартуға арналған
құрылғыны істен шығаруы мүмкін.
n Регенерациялағыш тұзды жүктеу
үшін жуғыш камераның түбінде
тұрған контейнердің қақпағын бұрап
ашу керек.
n Жүктеген уақытта азғантай су
көлемі ағып шығады, тұзды жүктеуді
контейнер әбден толғанша қасықпен
араластыра отырып, жалғастыра
беріңіз. Жүктеу аяқталғаннан кейін
қақпақтың бұрандасын тұздың
қалдықтарынан тазартыңыз және
оны бұрап жабыңыз.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Тұзды жүктегеннен кейін толық
жуу циклын немесе АЛДЫН АЛА
ЖУУ бағдарламасын іске қосу
ҚАЖЕТ.
10
n Контейнерге шамамен 1,5÷1,8 кг
регенерациялағыш тұз сияды және
құрылғы тиімді жұмыс істеу үшін әрі
реттелуіне қарай, оны мезгіл-мезгіл
толтырып отыру керек.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Тек машинаны орнатқаннан кейін,
контейнерді тұзға әбден толтырып,
оған шүпілдетіп су толтыру қажет.
11
ҮСТІҢГІ СЕБЕТТІ РЕТТЕУ
Диаметрі 29 – 32,5 см аралығындағы
тәрелкелер астыңғы себетке жүктеледі.
Оның алдында үстіңгі себетті
төмендегідей түрде ең биік қалыпта
бекіту керек:
1. Үстіңгі себетті тартып шығарыңыз.
2. Себетті екі шетінен ұстап, жоғары
тартыңыз (1 сурет).
Осы операцияны орындағаннан кейін,
үстіңгі себетке диаметрі 14 см
аспайтын ыдыс-аяқ жүктеуге және
ағытпалы тұғыршаларды үстіңгі
қалыпқа орнатуға болмайды.
СЕБЕТТІ АЛАСА ҚАЛЫПҚА ОРНАТУ
ҮШІН:
1. Себетті екі шетінен ұстап, жоғары
тартыңыз (2а сурет);
2. Себетті ақырындап түсіріңіз, ол
төмен түседі, бұл орайда оны
қолмен демеп тұрыңыз (2b сурет).
ЕСКЕРІМ:СЕБЕТТІ БІР ЖАҒЫНАН
ҰСТАП КӨТЕРУГЕ НЕМЕСЕ ТҮСІРУГЕ
БОЛМАЙДЫ(3 сурет).
Назар аударыңыз:
Себеттердің қалпын ыдыс-аяқты
жүктегенге дейін реттеп алған жөн.
1
3
a
b
a
b
2
12
BB1
AA1
Стандартты күндік жүктелім 1 және 2
суреттерде көрсетілген.
Үстіңгі себет (1 сурет)
Үстіңгі себет (2 сурет)
Астыңғы себетті пайдалану
n Астыңғы себетте қазандарды,
табаларды, көже құйғыштарды,
тостағандарды, қақпақтарды,
табақтарды, жайпақ және шұңғыл
тәрелкелерді жүктеуге болады.
Пышақтар астыңғы себетте
орналастырылатын қасық-шанышқыға
арналған пластмасс ұстатқышқа
саптарын жоғары қаратып орнатылуға
тиіс (6 сурет); қасық-шанышқы
бүркігіштердің айналуына бөгет
болмауын қадағалаңыз.
ЫДЫС-АЯҚТЫ ЖҮКТЕУ
Үстіңгі себетті пайдалану
n Үстіңгі себетте ағытпалы тұғыршалар
бар, олар себеттің шеттеріне ілінеді
және 4 қалыпта орнатыла алады.
n Төменгі қалыпта (A-A1) тұғыршалар
шай және кофе шыныаяқтары, асүй
пышақтары мен ожаулар үшін
пайдаланыла алады.
Тұғыршалардың шеттеріне фужерлерді
ілуге болады.
n Үстіңгі қалыпта (B-B1) тұғыршаларды
ұсақ және шұңғыл тәрелкелер үшін
пайдалануға болады (максималды
диаметрі 19 см). Тәрелкелерді түбін
ыдысжұғыш машинаның артқы
жағына қаратып, тігінен жүктеу
керек, бұл орайда тәрелкелердің
арасында судың еркін айналымын
қамтамасыз ету үшін саңылау болуға
тиіс.
n Үлкен тәрелкелерді себетті
ыдысжұғыш машинаға салу жеңілірек
болу үшін, артқа сәл шалқайтып
орналастырған жөн.
n Үстіңгі себеттің конструкциясы
оны пайдаланудың барынша
ыңғайлылығын қамтамасыз етеді
және бұл себет оған стакандар,
шыныяқ, шағын тәрелкелер мен
шағын салат салғыштар жүктеуге
арналған.
1
2
13
n Астыңғы себет арнайы ағытпалы
топмен жарақталады (3 және 4
суреттерді қараңыз), оны пайдалану
жүктемені тұрақтандыруға және
тіпті тәрелкелердің мөлшерлері
және/немесе пішіндері стандарттыдан
алыс болған уақытта да, оларды
жууды оңтайландыруға мүмкіндік
береді.
- "А" ҚАЛПЫ: стандартты тәрелкелерді
немесе тек қана қазандарды, салат
салғыштар мен басқасын жүктеу.
- "В" ҚАЛПЫ: мөлшерлері стандартты
болғанымен, пішіні әдеттен тыс (өте
шұңғыл немесе шаршы, немесе
жайпақ және т.б.) тәрелкелер үшін.
- "С" ҚАЛПЫ: олардың мөлшері
әдеттегіден үлкен және/немесе
пішіні ерекше (шаршы, алты қырлы,
сопақ, пиццаға арналған табақтар
және басқа) тәрелкелер үшін.
n Шағын, мысалы, десерттер үшін
пайдаланылатын тәрелкелерді де
сондай-ақ 5 суретте көрсетілгендей,
ашық тұғыршмен ("В") астыңғы
себетке жүктеуге болады.
Қалыпты немесе үлкен тәрелкелер
үшін жайылатын тұғырша ("А")
қалпында тұруға тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер тұғыры бар кішкентай тәрелкелер
дұрыс тұрмаса, тәрелкелердің шеттері
астыңғы жуғыш қанатшаға тиетін болады
және оған айналуға мүмкіндік бермейді.
Стандартты күндік жүктелім 6 суретте
көрсетілген.
Астыңғы себет (6 сурет)
Ыдыс-аяқты оңтайлы әрі дұрыс
орналастыру жақсы жуу нәтижесіне қол
жеткізудің негізгі шарты болып
табылады.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Астыңғы себет тоқтатқышпен
жарақталған, ол тіпті толық
жүктелген кезінде де оның жуғыш
камерадан шығарылуының
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Регенерациялағыш тұзды жүктеу,
сүзгіні тазалау және ағымдағы
қызмет көрсету мен күтім жасау
бойынша жұмыстар үшін, себетті
толық шығарып алу қажет.
Қасық-шанышқыға арналған себет
Қасық-шанышқыға арналған себеттің
үстіңгі бөлігін шешіп алуға болады,
сонда оны жүктеудің сан алуан
мүмкіншіліктері ашылады.
3
4
A
C
A
B
6
5
A
B
14
Үшінші себетті пайдалану
n Үшінші себет оған мөлшерлері шағын
асүй ыдыс-аяғын, сондай-ақ жайпақ
және ұзын заттарды жүктеуге
арналған. Астыңғы себетті ондай
заттардан босатқанда, сіз онда ірі
заттарды анағұрлым ыңғайлы
орналастыра аласыз және оған
тәрелкелер мен қазандарды жүктей
аласыз.
n Үшінші себетке мына заттарды
жүктеуге болады: кофе ішетін
шыныаяқ пен табақшалар, жемістер
мен десерттерге арналған тостағандар,
кішкене салат салғыштар, шай
табақшалары, асүй пышақтары мен
шанышқылар, ожаулар мен үлкен
қасықтар, үккіштер, сондай-ақ шағын
асүй электр аспаптарына арналған
керек-жарақ (мысалы, миксерлерге
арналған қалақшалар).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үшінші себет оған пышақ бұйым-
дарын жүктеуге АРНАЛМАҒАН.
Пышақ бұйымдарын бекітуге
арналған сөрелердің жоқ болуы ол
заттардың астыңғы себеттерге
құлауына себеп болуы мүмкін.
n Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу
үшін, ыдыс-аяқты жуған кезде
заттарды (мысалы, шағын тәрелкелер
мен тостағандарды) олардың
астыңғы жағын жоғары қаратып
жүктеген жөн.
n Үшінші себетті ыдысжұғыш машинадан
шығарып алу үшін, себеттің
бағыттауыштарының бас жағында
орналасқан алдыңғы тоқтатқыштрды
шешіп алу қажет.
n Үшінші себет машинаны пайдаланған
кезде барынша ыңғайлылықты
қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Оның үш еңкейген секцияға
бөлінгенінің және бекітілген сөрелерінің
жоқ болуының арқасында, оған
7
тек кофе ішетін шыныяқтар мен
табақшаларды, немесе кофе ішетін
шыныаяқтарды тостағандармен және
асүй керек-жарағымен аралас,
немесе табақшаларды, үккіштерді
және қасықтарды әр түрлі
тәсілдермен жүктеуге болады.
Стандартты күндік жүктелім 7 суретте
көрсетілген.
Үшінші себет (7 сурет)
СЫНАҚТАУ ЗЕРТХАНАЛАРЫНА
АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Салыстырмалы сынақтау жүргізу және
EN нормативіне сай шуыл деңгейін
өлшеу үшін қажет ақпаратқа төмендегі
мекенжай бойынша сұрау салуға
болады:
testinfo-dishwasher@candy.it
Сұрауда ыдысжұғыш машинаның
моделінің атауы мен сериялық нөмірін
көрсету қажет (төлқұжаттық табличкада
көрсетілген).
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДЫ ЖҮКТЕУ
Жуғыш құрал
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Тек ыдысжуғыш машиналарға
арнап шығарылған ұнтақ тәрізді,
сұйық немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралдарды пайдала-
ныңыз.
Ыдысжуғыш машинадан Сіз тамаша
жуу нәтижелеріне кепілдік беретін
"CALGONIT" жуғыш құралының
сынамалық үлгісін табасыз.
Жарамсыз жуғыш құралдардың
(мысалы, қолмен жууға арналған)
құрамында ыдысжуғыш машинада
жууға арналған ингредиенттері жоқ
және оның қалыпты жұмыс жасауына
кедергі жасайды.
Контейнерге жұғыш
құралды салу
Жуғыш құралға арналған контейнер
есіктің ішінде орналасқан (А "2" сурет).
Контейнердің қақпағын ашу үшін, бекіту
механизмінің түймешігін (А) басса
жеткілікті: кез келген жуатын бағдарлама
аяқталған соң, қақпақ әрдайым
контейнерді келесі жүктеу үшін ашық
тұрады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
!
Астыңғы себетті жүктеген кезде,
ыдыс-аяқтың жуғыш құралдарға
арналған бөлімді жауып тұрмағаны-
на көз жеткізіңіз.
Жуғыш құралдың мөлшерлері ластану
дәрежесіне және ыдыстың түріне қарай
өзгеше болуы мүмкін. Тиісті контейнерге
20÷30 г жуғыш құрал жүктеген жөн (В).
15
A
Жуғыш құралды жүктегеннен кейін
контейнерді жабыңыз, ол үшін қақпақты
сәл жылжытыңыз (1), содан кейін шырт
еткенге дейін оның үстінен сәл басыңыз
(2).
Жуғыш құралдар өздерінің сипаттары
жағынан өзгеше болатындықтан,
қапталымдағы нұсқауды мұқият
оқыңыз. Жуғыш құралдың көлемінің
жеткіліксіз болғаны кірдің толық
кетірілмеуіне апаратынын, жуудың
жақсы нәтижелеріне пайдасы жоқ
екенін, демек ақшаны бекерге
шығындау болып табылатынын
ұмытпаңыз.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Жуғыш құралды шамадан тыс
жүктеуден бас тарту Сіздің қор-
шаған ортаны ластауды шектеуге
қосқан үлесіңіз болады.
B
16
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ
Таблеткалардағы жуғыш
құралдар
Түрлі өндірушілердің таблеткалардағы
жуғыш құралдары әртүрлі жылдамдықпен
ериді. Осының себебінен кейбір құралдар
қысқа бағдарламаларда онша тиімді
болмауы, өйткені түгелдей еріп үлгермеуі
мүмкін. Сондықтан таблеткаларды
ұзақ бағдарламалар үшін ұсынуға
болады, сонда олардың суда түгелдей
еріп үлгеретініне шүбә жоқ.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Жуудың нәтижесі қанағаттанарлық
болу үшін, таблеткаларды жуғыш
барабанға ЕМЕС, жуғыш құралдарға
арналған контейнердің жуғыш
бөлімшесіне салу КЕРЕК.
Концентратталған жуғыш
құралдар
Сілті құрамы төмен және табиғи энзимдері
бар концентратталған жуғыш құралдар
50°С бағдарламаларында қоршаған
ортаға жұмсақ әсер етеді, ыдыс-аяқ
пен ыдысжуғыш машина үшін қауіпсіз.
50°С температура кезінде энзимдердің
әсері неғұрлым тиімді, ал жуудың
сапасы 65°С температура кезінде
жуғанмен бірдей.
Ұштастырылған жуғыш
құралдар
Жылтыратқышпен ұштастырылған
жуғыш құралдарды жуғыш құралға
арналған бөлімшеге орналастыру
керек. Жылтыратқышға арналған
бөлімше бұл орайда бос тұруға тиіс
(егер ол бос болмаса, ұштастырылған
құралды пайдаланбастан бұрын,
шаюды реттегішті минималды деңгейге
орнату керек).
"БАРЛЫҒЫ 1-де" ұштасты-
рылған жуғыш құралдар
Егер Сіз құрамына, мысал үшін, тұз
және/немесе жуғыш компоненттер кіре-
тін "БАРЛЫҒЫ 1-де" ("3 – 1"/" 4 - 1"/"5 - 1"
және т.б.) ұштастырылған жуғыш құрал-
дарды пайдалануды жоспарласаңыз,
онда біз:
n
Жуғыш құралды өндірушінің
нұсқаулығын мұқият оқып шығуға;
n
Әрдайым тұз немесе жылтыратқыш
кіретін жуғыш құралдың тиімділігі
басқасымен қатар, пайдаланылатын
судың қатқылдығымен айқындалатынын
ұмытпауға – ақпаратты мұқият оқуға
кеңес береміз: Сіздің суыңыздың
қатқылдығы қапталымда көрсетілген
мәндердің диапазонының шегінен
шықпайтын болуға тиіс.
Егер машинада "БАРЛЫҒЫ 1-де"
құралы пайдаланылатын болса, тұз
бен жылтыратқыштың индикаторлары
(бірқатар модельдерде бар) өздерінің
функционалдық маңызын жоғалтатынын
және олардың индикациясына назар
аудармауға болатынын ұмытпаңыз.
Кейбір жағдайларда "Үшеуі біреуінде"
ұштастырылған құралын пайдалану:
n
ыдыс-аяқтағы және ыдысжуғыш
машинаның бөлшектеріндегі қаққа;
n
ыдыс-аяқты жуу мен кептірудің
сапасының төмендеуіне себеп болуы
мүмкін.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Аталған құралдарды пайдаланғанның
тікелей салдары ретінде туындайтын
барлық проблемаларға біздің
кепілдік таралмайды.
Егер машинада "Үшеуі біреуінде"
құралы пайдаланылатын болса, тұз
бен жылтыратқыштың индикаторлары
(бірқатар модельдерде бар) өздерінің
функционалдық маңызын жоғалтатынын
және олардың индикациясына назар
аудармауға болатынын ұмытпаңыз.
Егер жуудың және/немесе кептірудің
сапасы Сіздің көңіліңізден шықпаса, біз
дәстүрлі құралдарды (тұзды, жуғыш
құрал мен жылтыратқышты бөлек)
пайдалануға оралуға кеңес береміз.
Бұл орайда су жұмсартқыштың әсері
неғұрлым пәрменді.
Ондай жағдайда, біз:
n тұзға және жылтыратқышқа арналған
бөлімшелерді қайтадан толтыруға;
n машины бір қалыпты жуудың толық
циклына, бірақ ыдыс-аяқсыз қосуға
кеңес береміз.
Бұл қорытындылық шаю фазасында
автоматты түрде үстелетін, ыдыс-аяқтың
жылдам кебуіне жәрдемдесетін және
дақтар мен кіреңкі жұғынжының
түзілуіне жол бермейтін құрал.
ЖЫЛТЫРАТҚЫШТЫ ЖҮКТЕУ
Жылтыратқыш
Бұл қорытындылық шаю фазасында
автоматты түрде үстелетін, ыдыс-аяқтың
жылдам кебуіне жәрдемдесетін және
дақтар мен кіреңкі жұғынжының
түзілуіне жол бермейтін құрал.
Жылтыратқышқа арналған
бөлімді толтыру
Жылтыратқыш құралдың дозаторы
жуғыш құралға арналған контейнердің
сол жағында тұрады (А "3" сурет).
Дозатордың қақпағын ашу үшін, оны
арнайы белгімен көрсетілген тұстан
басып, және сонымен қатар алдыға
шығып тұрған тілден тарту керек.
Тек автоматты ыдысжуғыш машиналарға
арналған шайғыш құралдарды пайдалану
керек.
Жылтыратуға арналған құралдың бар
екенін дозатордың үстінде орналасқан
қарауыл тесіктің (С) көмегімен тексеруге
болады
Жылтыратқыш құралдың
деңгейін 1-ден 6-ға дейін
реттеу
Реттегіш (D) қақпақтың астында
орналасқан және оны монетаның
көмегімен бұрауға болады.
Ұсыныстамалық қалпы 4.
Судағы әктастық қосындылардың
құрамы жұғындының түзілуіне де,
тап солай кептірудің сапасына да
айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Сондықтан, оңтайлы нәтижелерге жету
үшін, жылтыратуға арналған құралдың
мөлшерлерін реттеп отырған маңызды.
Егер жуғаннан кейін ыдыс-аяқта
жолақтар пайда болса, жылтыратқыш
құралдың деңгейін азайту керек.
Егер ыдыста дақтар немесе ақшыл
таңдақтар пайда болса, деңгейін
ұлғайту керек.
17
ТОЛЫ БОС
күңгірт көрініс ақшыл көрініс
C
D
18
1
2
3
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
Сүзу жүйесіне (А "4" сурет) төмендегілер
кіреді:
Орталық стаканша, ең ірі кірдің
бөлшектерін ұстап қалады;
Ірі көзді сүзгі, жуу үшін пайдаланылатын
суды үнемі сүзеді;
Ұсақ көзді сүзгі, ірі көзді сүзгінің астында
орналасқан, ең ұсақ кірдің бөлшектерін
ұстап қалып, тамаша шаю сапасын
қамтамасыз етеді.
n Әрдайым тамаша нәтижелерге жетіп
отыру үшін, әрбір жуудың алдында
сүзгілерді тексеріп және тазалап
отыруға керек.
n Сүзгілердің бір тобын шығару үшін,
тұтқасынан алып, оны сағат тілінің
бағытында бұрған жеткілікті
(1 сурет).
n Сүзгілерді тазалауды жеңілдету
үшін, орталық стаканша ағытпалы
болып табылады (2 сурет).
n Ірі көзді сүзгіні (3 сурет) шешіп
алып, оны аққан судың астында
жуыңыз, қажет болса, шөткені
пайдаланыңыз.
n Ұсақ көзді өздігінен тазаратын
сүзгінің арқасында сүзгілердің тобын
әрбір 15 күн сайын тексеріп отырған
жеткілікті. Солай болса да, әрбір
жуғаннан кейін орталық стаканша
мен ірі көзді сүзгінің ластанбағанын
тексеріп отырған жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тазалағаннан кейін сүзгілердің
дұрыс ілініскенін және ірі көзді
сүзгінің жуғыш камераның
түбінде дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
Ұсақ көзді сүзгіні ірі көздіге
салып, сағат тілінің бағытында
мұқият бұраңыз, өйткені сүзгілер
тобының жаңсақ жиналғаны
ыдысжуғыш машинаның қалыпты
жұмыс режимін бұзуы мүмкін.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Ыдысжуғыш машинаны сүзгілер-
сіз пайдалануға болмайды.
19
ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
Тамаша жуу нәтижелеріне
жетуге арналған ұсыныстамалар
n Ыдыс-аяқты ыдысжуғыш машинаға
салардың алдында, бітелуге
(сүзгілердің, төгетін тесіктің және
бүркігіштердің) жол бермеу үшін,
тамақтың қалдығын (ұсақ сүйектерді,
еттің немесе көкөністің түйірлерін,
кофенің қоймалжыңын, жемістердің
қабығын, сигареттің күлін, тіс
тазалағыштарды және т.б.) кетіру керек.
n Ыдыс-аяқты ыдысжуғыш машинаға
салардың алдында оны шаюдың
қажеті жоқ.
n Егер қазандар мен табалар күйген
тамақтан қатты былғанған болса,
жуардың алдында оларды суға
салып қойған жөн.
n Ыдысты түбін жоғары қаратып
орналастыру керек.
n Мүмкін болса, ыдыс-аяқтың бір біріне
тигеніне жол бермеген дұрыс. Дұрыс
орналастыру жуудың барынша жақсы
нәтижелерін қамтамасыз етеді.
n Ыдыс-аяқты орналастырғаннан
кейін бүркігіштердің еркін айнала
алуын тексеріңіз.
n Жууға қиын немесе күйген тамақтың
қалдығы бар қазанды немесе басқа
ыдысты ыдысжуғыш машиналарға
арналған жуғыш құралдың ерітіндісіне
салып қою керек.
n Асханалық күмісті жуудың тамаша
нәтижелеріне ие болу үшін:
a) оны пайдаланғаннан кейін,
әсіресе, егер ол майонез,
жұмыртқа, балық және т.б. үшін
пайдаланылған болса, бірден
шаю қажет;
в) жууға арналған құралды оның
үстіне тура құймаңыз;
с) оны басқа металлдарға тигізбеуге
тырысыңыз.
Үнемдеу жөнінде пайдалы
кеңестер
n Сіз толық жүктеліммен жууды орын-
дауды қалаған жағдайда, ыдыс-
аяқты машинаға тамақ ішкеннен
кейін бірден бірнеше бөліп, қажет
болса, негізгі жуатын бағдарламаны
орындамастан бұрын әрбір жаңа
партияны жүктеген кезде кірді
жұмсарту және неғұрлым ірі
тамақтың қалдықтарын кетіру үшін
СУҒА САЛУ бағдарламасын
пайдаланып, орналастырыңыз.
n Егер ыдыс-аяқ онша қатты кірлемеген,
ал себеттер толық толтырылмаған
болса, бағдарламалардың тізімінде
берілген нұсқауларды ұстана
отырып, ҮНЕМДІ ЖУУ бағдарламасын
таңдау керек.
Ыдысжұғыш машинада нені
жууға болмайды
n Ыдысжуғыш машинада ыдыс-аяқтың
барлық түрлерін жууға бола бермейтінін
ұмытпаңыз: термопластика ыдысты,
ағаш және пластик сапты
қасық-шанышқыны, ағаш тұтқалы
қазандарды, егер оған қоса тіркелген
нұсқаулықта ондайға рұқсат етілмесе,
алюминий және хрусталь ыдысты
жумау керек.
n Кейде ыдыс-аяқтағы сурет бозаруы
мүмкін, сондықтан машинада бір
затты бірнеше жуған жөн. Өзіңіз
бояулардың орнықты екеніне көз
жеткізгеннен кейін, машинада
ыдыс-аяқтың бүкіл жиынтықталымын
жууға болады.
n Химиялық реакцияның туындауына
жол бермеу үшін, күмістен жасалған
қасық-шанышқыны тотығатын болаттан
жасалған қасық-шаныұшымен бірге
жумаған жөн.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Жаңа ыдыс-аяқ сатып алатын
кезде, оны ыдысжуғыш машинада
жууға болатынын тексеріңіз.
Бағдарлама аяқталғаннан
кейін орындау керек
болатын ұсыныстамалар
n Үстіңгі себеттен астыңғысына су
тамшыламау үшін, алдымен астыңғы
себетті шығару керек.
n Егер Сіз ыдыс-аяқты біраз уақытқа
машинада қалдырғыңыз келсе, ауа
циркуляциясын және кептірудің
жалғасуын қамтамасыз ету үшін,
есікті сәл ашып қойыңыз.
20
1
2
1b
ПАЙДАЛАНҒАННАН КЕЙІН
Әрбір жуғаннан кейін суқұбырдан
ыдысжуғыш машинаға су келуін жабу
үшін кранды жауып керек, машинаны
желіден ажырату үшін, старт/стоп
түймешігін өшіріңіз.
Егер машина ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, төмендегі
операцияларды орындаған жөн:
1. машинаны майсыздандыру үшін
ыдыс-аяқсыз жуғыш құралды
пайдаланып, жуатын бағдарламаны
орындау;
2. ашаны розеткадан суырыңыз;
3. су келетін кранды жабыңыз;
4. жылтыратқыш құралдың дозаторын
толтырыңыз;
5. есікті сәл ашық қалпында
қалдырыңыз;
6. жуғыш камераға ешнәрсе салмаңыз;
7. егер машина олардың жағдайында
температура 0°С градустан төмендейтін
жағдайларда қалдырылатын болса,
ішкі құбыржолдардағы қалдық су
қатып қалуы мүмкін. Сондықтан
температураның 0°С градустан
төмен түспегенін тексеріңіз және
машинаны қосардан бұрын, шамамен
24 сағат күтіңіз.
АҒЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
n Ыдысжуғыш машинаның сыртқы беттерін
тазалау үшін еріткіштерді,
майсыздандырғыш және абразивтік
жуғыш құралды пайдалануға болмайды.
Тек жылы суға малынған жұмсақ
шүберекті пайдаланыңыз.
n Ыдысжуғыш машина арнайы күтім
жасауды талап етпейді, өйткені
жуғышк камера өздігінен тазартылатын
болып табылады.
n Дымқыл шүберектің көмегімен есіктің
тығыздағыш резеңке аратөсемінен
тамақтың немесе жылтыратқыш
құралдың қалдығын ұқыптап кетіріп,
жүйелі түрде жуып отырыңыз.
n Шағын әктасты түзілімдерді немесе
кірді тиімді кетіру үшін, алдын
ала жуғыш камераның түбіне бір
стакан сірке құйып, және биязы жуу
бағдарламасын орнатып, мезгіл-мезгіл
толық жуу бағдарламасын орындап
отырған жен.
n Егер сүзгілерді тұрақты тазалап
отырғанға қарамастан, ыдыс-аяқты
жуу немесе шаю жеткілікті сапалы
болмай шықса, бүркігіштердің
барлық жиклерлерінің (А "5" сурет)
кірдің қалдығынан тазартылғанын
тексеріңіз.
Егер олай болмай шықса, онда төмен-
дегідей тәсілмен тазалауды жүргізіңіз:
1. Үстіңгі бүркігішті тілмен белгіленген
орнықтыру қалпына (1 b сурет) дейін
бұрап, оны шешіп алыңыз. Оны
жоғары қарай итеріңіз (1 сурет) және,
басуды жалғастыра беріп, сағат тілінің
бағытында бұрап алыңых(орнына
қайта орнату үшін, бүркігішті сағат
тіліне қарсы қатайтып, операциялар-
ды қайталаңыз). астыңғы бүркігішті
шешу үшін, оны жай ғана жоғары
тарту керек (2 сурет);
2. Бүркігіштерді ағын суға салып жуып,
бітелген жиклерлердің кірін тазартыңыз;
3. Тазалау аяқталған соң, үстіңгі бүркігішті
орнықтыру қалпына келтіруді және
оны ақырына дейін қатайтып бұрауды
ұмытпай, бүркігіштерді орындарына
орнатыңыз.
n Жуғыш камера да, тап солай есіктің
ішкі жағы да тот баспайтын болаттан
жасалған. Егер оларда тотығу туралы
байқататын дақтар пайда болса, оған
себеп тек судағы темір тұздарының
жоғары концентрациясы болмақ.
n Дақтарды кетіру үшін ұсақтүйірлі
абразивтік құралды пайдаланған
жөн, хлорқұрамдас құралдарды,
болат сымнан жасалған жөкелерді
және т.б. пайдалануға болмайды.
/