• Пайдалану кезінде сынуына жол бермеу үшін құралды қолданбас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау бұйымның
сынып қалуына əкеп соғып, пайдаланушыға материалдық залал келтіруі немесе денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
• Қоспас бұрын бұйымның техникалық ерекшеліктері электр желісінің параметрлеріне сəйкес келетінін тексеріңіз.
• Құрал төмен дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттіліктері бар тұлғалардың (балаларды қоса есептегенде) немесе оларда тəжірибе немесе білім
болмаған жағдайда, егер де олар бақылау астында болмаса немесе қауіпсіздігіне жауапты адамның құралды пайдалану туралы нұсқаулықтан
өтпесе, қолдануына болмайды.
• Осы Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес тек тұрмыстық мақсаттарда қолдану қажет. Құрал коммерциялық жəне/немесе өнеркəсіптік
мақсаттарда пайдалануға арналмаған.
• Құрал жұмыс істеп тұрған кезде шашты сəндеуге арналған құралдарды бүркемеңіз.
• Құралды ванна бөлмесінде пайдаланған кезде судың жақындығы құрал қосылып тұрған кезде де қауіп төндіретіндіктен, оны пайдаланған соң,
желіден сөндіру қажет.
• Қосымша қорғаныс үшін ванна бөлмесіндегі электр қуатының тізбегіне іске қосылудың номинал тоғы 30 мА-ден аспайтын қорғаныстық ажырау
құрылғысын (ҚАҚ) орнату қажет. Білікті маманға кеңес алу үшін жүгінген жөн.
• Электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Егер де ондай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ,
оны электр желісінен дереу сөндіріңіз. Бұл ретте қолыңызды еш жағдайда суға салмаңыз. Тексеру үшін өкілетті Сервис орталығына жүгініңіз.
• Балалардың құралмен ойнауына жел бермеу үшін бақылау астында болуы қажет.
• Үй-жайлардан тыс немесе аса жоғары ылғалдылық жағдайларында, əсіресе, ванна, себезгі бөлмесі немесе бассейнмен тікелей жақындықта
пайдаланбау.
• Құралды қуат көзінің желісінен сөндірген кезде қолыңызбен айырынан ұстаңыз, қуат көзінің білтесін тартпаңыз.
• Фенді білтесінен немесе асып қоюға арналған ілмегінен тасымалдамаңыз.
• Құралды өздігінен жөндемеңіз. Оны өкілетті Сервис орталығына тапсырыңыз.
• Қуат көзінің білтесі өткір жиекке жəне ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
• Қоспас бұрын құралды қарап шығыңыз. Құрал мен желілік баусым зақымдаулары болған жағдайда, құралды ешбір жағдайда розеткаға қоспаңыз.
Өкілетті Сервис орталығына жүгініңіз.
• Қуат білтесі зақымданған кезде қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші, сервистік қызмет немесе ұқсас білікті маман ауыстыруы тиіс.
• Құралды қоспас бұрын режимдерді ажыратып-қосқыштың сөнген қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құралды синтетикалық париктерді сəндеу үшін пайдаланбаңыз.
• Құралдың қызып кетуіне, сондай-ақ, тікелей күн сəулесінің түсуіне жол бермеңіз.
• Өндіруші қосымша хабарлаусыз қауіпсіздігіне, жұмысқа қабілеттігіне жəне атқарымдылығына айтарлықтай əсер етпейтін бұйымның құрылымына
болмашы өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.
• Егер де Сіз құралды пайдаланбасаңыз, сондай-ақ, тазаламас бұрын желіден əрдайым сөндіріп отырыңыз.
• Қосылып тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
• Жеткізіп салу жиынтығына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
• Қуат көзінің білтесі немесе айыры зақымданған құралды, сондай-ақ, егер де ол сұйықтықтардың əсеріне ұшыраса, құласа немесе қандай да
бір басқа түрде зақымданса, пайдаланбаңыз. Құралды өз бетіңізбен бөлшектеуге жəне жөндеуге тырыспаңыз, сервис орталығына жүгініңіз.
• Құралдың қозғалып тұрған бөліктерімен байланыстан аулақ болыңыз. Түрлі заттарды жұмыс істеп тұрған феннің қорғаныс торы арқылы тықпаңыз.
• Ауаарна саңылауларына шаш, шаң, мамық жəне басқа заттар тимеуін қадағалаңыз.
• Кіреберіс жəне шығаберіс ауаарналарды жаппаңыз, əйтпесе, фен қозғалтқышы мен қыздыру элементі жанып кетуі мүмкін.
• Сақ болыңыз, жұмыс кезінде қондырмалар қызады.
• Қатты қызып кетуін болдырмау үшін 10 минуттан аса үздіксіз жұмыс жасамаңыз жəне міндетті түрде кемінде 10 минут үзіліс жасаңыз.
1. Қуат білтесін толықтай жазыңыз.
2. Фенді электр желісіне қосыңыз.
3. Ауа ағынының қалаған температурасын орнатыңыз:
«0» позициясы: СӨН.
«С» позициясы: «Ауаның салқын ағыны» режимі.
«1» позициясы: Жылы (шашты жұмсақ кептіру жəне ұқыпты сəндеу үшін).
«2» позициясы: Ыстық (шашты жылдам кептіру үшін).
4. Аяқтаған соң, құралды сөндіріп, айырын электр желісінен ажыратыңыз.
Сіздің фен қыздыру элементінің қорғаныс жабынымен жабдықталған. Алғаш қосқан жəне қыздырған кезде аздаған өткінші түтін мен
иіс пайда болуы мүмкін. Бұл пайдаланушы үшін қауіпсіз жəне фен ақауын білдірмейді. Алғаш пайдаланған кезде түтін мен иістің
бөлінуі тоқтағанша, күтіңіз. Бұл кемінде 30 секундқа созылуы мүмкін. Сіздің фенге қызып кеткен кезде феннің қуат көзінің тізбегін
үзетін, қызып кетуден қорғаныс орнатылған (кіреберіс жəне шығаберіс тесіктері бұғатталған кезде). Қорғаныс іске қосылған кезде фен
сөнеді. Осы жағдайда фенді желіден сөндіріп, фен суығанша, бірнеше минут күтіңіз.
- Құралды ванна бөлмесінде, себезгі кабинасында немесе суы толған бассейнде пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды ванна бөлмесінде, себезгі бөлмелерінде, бассейндерде жəне т.б. судың жанында пайдаланбау.
ҚАЗАҚ
ЕАЭО (Беларусь, Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан)
елдерінде жəне Украинада, Грузияда, Əзірбайжанда
стандартты кепілді мерзімі – он екі ай.
Номинал кернеу: 220-240 В
Тоқтың номинал жиілігі: 50 Гц
Номинал тұтынылатын қуаты: 1000-1200 Вт
Өтінеміз, құралды пайдалануға кіріспес бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты сақтаңыз, ол болашақта Сізге керек болуы мүмкін.
Аталған құрал шашты кептіру мен сəндеуге арналған.
Үй шаруашылығына арналған, өнеркəсіптік қолдануға жарамсыз.
Маңызды! Жылдың суық мезгілінде сатып алынған құралды электр желісіне қоспас бұрын, істен
шығуына жол бермеу үшін бөлме температурасында кемінде төрт сағат ұстау қажет.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ПАЙДАЛАНУ
ТАСЫМАЛДАУ, ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ САҚТАУ
ТАСЫМАЛДАУ. Құралды бұйымның тауарлық түрін жəне/немесе қаптамасының сақталуын қамтамасыз ететін, жүктерді бекіту жəне бұдан əрі қауіпсіз
пайдалану ережелерін пайдалана отыра, жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау қажет. Бұйымның жəне/немесе ораманың тауарлық түрін
сақтауды қамтамасыз ететін жүктерді бекіту ережелерін қолдана отырып, жабық көліктің кез келген түрімен аспапты тасымалдау қажет
жəне оны одан əрі қауіпсіз пайдалану. Сондай-ақ кез келген көлік түрімен тасымалдау кезінде қаптаманың кез келген түріне не
бұйымға ылғалдың кіру мүмкіндігін болдырмай.Құралды тиеу-түсіру жұмыстары кезінде соққылы жүктемелерге ұшыратуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.