Electrolux OPEB2640C Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Это руководство также подходит для

For quick access to manuals, how-to guides,
support and more through our photo
registration visit electrolux.com/register
Get the most out
of your appliance
OPEB2640B
OPEB2640C
OPEB2640R
OPEB2640V
KK
Бу пеші Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Духовой шкаф с функцией пара Инструкция по эксплуатации 36
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ОРНАТУ............................................................................................................. 7
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 9
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................10
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................10
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ................................................................................. 13
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ..................................................................14
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР.............................................................................15
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 15
11. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 28
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................33
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................34
14. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 34
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Пайдалануға қатысты кеңесті, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет көрсету
және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз:
www.electrolux.com/support
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com2
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдар қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа
толмаған балаларды және мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар
қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау
керек.
Балаларға құрылғымен орнатылған мобильді
құралдармен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе
ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын
оған жақындатпаңыз. Қол жетімді бөлшектер
пайдалану кезінде ыстық болады.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек.
Тұмшапеш ыдыстарын немесе керек-жарақтарын
алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды
ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
Құрылғыны орнатпас бұрын,
тұмшапештің есігі кедергісіз
ашылып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
www.electrolux.com4
Корпустың
минимальды
биіктігі (Корпус пен
жұмыс бетінің
арасындағы
минимальды
биіктік)
590 (600) мм
Корпустың ені 560 мм
Корпустың
тереңдігі
550 (550) мм
Құрылғының
алдыңғы жағының
биіктігі
594 мм
Құрылғының артқы
жағының биіктігі
576 мм
Құрылғының
алдыңғы жағының
ені
595 мм
Құрылғының артқы
жағының ені
559 мм
Құрылғының
тереңдігі
569 мм
Құрылғының
кіріктірілген
тереңдігі
548 мм
Есік ашық кездегі
тереңдігі
1022 мм
Желдеткіш
саңылауының ең
төменгі өлшемі
Төменгі артқы
бөлікте орналасқан
саңылау
560x20 мм
Желілік сымның
ұзындығы. Кабель
артқы бөліктің оң
жақ бұрышына
орналастырылған
1500 мм
Бекіту
бұрандалары
4x25 мм
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз.
Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет
көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге
немесе құрылғының есігіне не
құрылғының төменгі жағына,
әсіресе ыстық тұрған есікке
жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және
гидроизоляциясы бар бөлшектерді
электр қатерінен қорғау үшін
құралсыз алынбайтын етіп мықтап
орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қорек ашаны қолмен тартып
шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды,
сақтандырғыштарды (ұстатқыштан
алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштарды пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны
кез келген ток полюстерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құрылғы болуы керек.
Оқшаулағыш құрылғыда кеңдігі 3
ҚАЗАҚ 5
мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен
және негізгі ашамен жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға
немесе ауыстырғанда пайдалануға
болатын сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05
VV-F, H05 V2V2-F (T90), H05 BB-F
Сымды техникалық ақпарат
тақтайшасындағы жалпы қуат мәніне
қарап таңдаңыз. Кестеге назар
аударуыңызға болады:
Жалпы қуат (Вт) Электр
сымының
көлденең
қимасы (ммІ)
ең үлкен 1380 3 x 0.75
ең үлкен 2300 3 x 1
ең үлкен 3680 3 x 1.5
Пештің жерге тұйықталатын сымы
(жасыл / сары сым) фаза және
бейтарап сымдарға (көк және қоңыр
сымдар) қарағанда 2 см ұзынырақ
болуға тиіс.
2.3 Қолдану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының
есігін ашқан кезде абай болыңыз.
Ыстық ауа шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Ашық есікке күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғының есігін абайлап
ашыңыз. Алкогольді
ингредиенттерді қолданғанда,
алкоголь мен ауа қоспасы пайда
болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, жанына немесе
үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Эмаль қаптамасының немесе
түсінің өзгеруін болдырмау үшін:
пештің ыдыстарын немесе
басқа заттарды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды
құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
керек-жарақтарды алғанда
немесе орнатқанда абай
болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат
бөлігінің түсінің өзгеруі құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны
қолданыңыз. Жеміс шырындары
кетпейтін дақтар қалдырады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Тағамды әрқашан тұмшапештің
есігін жауып пісіріңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің
(мысалы, есіктің) артына
орналастырылса, онда құрылғы
жұмыс істеп тұрған кезде есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық
www.electrolux.com6
панеліне жиналған жылу мен ылғал
келешекте құрылғының,
қаптаманың немесе еденнің
бүлінуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыны
қолданғаннан кейін толық суығанша
жиһаздың панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі
немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі
жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Буға пісіру
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Шыққан бу күйдіруі мүмкін:
Тағамды буға пісіру барысында
құрылғының есігін ашпаңыз.
Тағамды буға пісіргеннен кейін
құрылғының есігін абайлап
ашыңыз.
2.6 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері
жеке сатылады: Бұл шамдар
температура, діріл, ылғалдылық
сияқты төтенше физикалық
жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына
немесе құрылғының жұмыс
жағдайы туралы сигнал беруге
арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
пайдаланыңыз..
2.7 Сервис
Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
2.8 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ҚАЗАҚ 7
3.1 Кіріктіріп орнату
www.youtube.com/electrolux
www.youtube.com/aeg
How to install your AEG/Electrolux
Oven - Column installation
18
594
589
114
21548
595
+-1
min. 550
20
600
min. 560
3
5
60
20
80
520
60
198
523
(*mm)
min. 550
20
595
+-1
18
590
min. 560
594
589
114
21548
3
5
70
60
520
60
20
198
523
(*mm)
www.electrolux.com8
3.2 Тұмшапешті корпусқа
бекіту
4. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Жалпы көрінісі
10
8
9
16
13
14
12
5
4
1
2
3
4 63 5 721
11
15
1
Басқару панелі
2
Қыздыру функцияларының тетігі
3
Қуат шамы / белгісі
4
Аналогты таймер
5
Басқару тетігі (температура үшін)
6
Температура индикаторы / белгісі
7
Су сауытының индикаторы
8
Су тартпасы
9
Қыздырғыш элемент
10
Шам
11
Желдеткіш
12
Сөренің алмалы сырғытпалары
13
Су төгетін түтік
14
Су төгетін түтіктің клапаны
15
Сөре деңгейлері
16
Бу жіберетін түтікше
4.2 Керек-жарақтар
Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге
арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіруге, қуыруға немесе май
жинауға арналған таба ретінде
қолдануға болады.
Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға
болады.
ҚАЗАҚ 9
5. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Алғашқы тазалау
Пештен керек-жарақтардың барлығын
және алмалы сөре сырғытпаларын
алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Пешті және керек-жарақтарды алғаш
рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
5.2 Алдын ала қыздыру
Бос пешті алғаш пайдаланар алдында
қыздырыңыз.
1. функциясын орнатыңыз. Ең
үлкен температураны орнатыңыз.
2. Пешті 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясын орнатыңыз. Ең
үлкен температураны орнатыңыз.
4. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
5. функциясын орнатыңыз. Ең
үлкен температураны орнатыңыз.
6. Тұмшапешті 15 минут қосып
қойыңыз.
7. Тұмшапешті сөндіріңіз де,
салқындатыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Пештен иіс және түтін
шығады. Бөлме ішіндегі ауаның
жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Қыздыру функциялары
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Сөндіру
қалпы
Пеш өшірулі.
Шам
Шамды қосу үшін.
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Ыстық
желмен
пісіру + Бу
Тағамдарды булауға
арналған. Бұл
функцияны пісіру
уақытын қысқарту үшін
және тағамның
дәрумендері мен
құнарлы заттарын сол
күйі сақтау үшін
пайдаланыңыз.
Функцияны таңдаңыз
да, температураны
130 °C - 230 °C градус
аралығына қойыңыз.
www.electrolux.com10
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Ылғалды
желдеткішпе
н пісіру
Бұл тағам пісіру
барысында қуатты
үнемдеуге арналған
функция. Бұл
функцияны
пайдаланғанда ішкі
температура
орнатылған
температурадан
өзгеше болуы мүмкін.
Жылу қуаты азаюы
мүмкін. Қосымша
ақпарат алу үшін
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз,
ескертулер: Ылғалды
желдеткішпен пісіру.
Астыңғы
қыздыру
Түбі қытырлақ
күлшелерді пісіруге
және тағамды
консервілеуге
арналған.
Желдеткішпе
н пісіру
Тағамды бір уақытта
үш сөреде пісіруге
және кептіруге
арналған.
Дәстүрлі пісіру
қарағанда
температураны 20 -
40 °C төменірек
қойыңыз.
Турбо-гриль
Үлкен ет кесектерін
немесе сүйегі бар құс
етін бір сөреге қойып,
қуыруға арналған.
Гратин жасауға және
қызартуға арналған.
Жылдам
гриль
Жұқа етіп көп
мөлшерде
дайындалған тағамнан
гриль жасау және тост
жасау үшін.
Қыздыру
функциясы
Қолдану
Пицца
функциясы
Пицца пісіруге
арналған. Түбін
қытырлақ етіп, қатты
қызартып пісіруге
арналған. 230°C
температураны
орнатыңыз.
Дәстүрлі
пісіру
Тағамды бір сөреде
пісіруге және қуыруға
арналған.
6.2 Ескертулер: Ылғалды
желдеткішпен пісіру
Бұл функция ЕО 65/2014 және ЕО
66/2014 стандарттарының қуат
тиімділігі және экодизайн санат
талаптарына сәйкес пайдаланылған.
ЕО 60350-1 стандартына сай
тексереді.
Функцияға кедергі келтірмеу үшін
пісіру барысында тұмшапештің есігі
жабылып тұруы керек және тұмшапеш
қуат тиімділігі жағынан ең тиімді
режимде жұмыс істеуі қажет.
Тағам пісіру туралы нұсқауларды
"Ақыл-кеңестер және ұсыныстар"
тарауынан қараңыз, Ылғалды
желдеткішпен пісіру. Жалпы қуат
үнемдеуге арналған ұсыныстарды
"Қуат тиімділігі" тарауы, Қуат үнемдеу
тармағынан қараңыз.
6.3 Қалай орнатасыз:
Қыздыру функциясы
1-қадам Қыздыру функциясын
таңдау үшін қыздыру
функцияларының тетігін
бұраңыз.
2-қадам Температура.
3-қадам Пісіру аяқталғаннан кейін
пешті сөндіру үшін
тетіктерді сөндіру қалпына
бұраңыз.
ҚАЗАҚ 11
6.4 Буға пісіру
Суды ғана пайдаланыңыз.
Сүзілген
(деминералданған) немесе
тазартылған суды
пайдаланбаңыз. Басқа
сұйықтарды
пайдаланбаңыз. Су
тартпасына жанғыш
немесе алкоголі бар
сұйықтарды құймаңыз.
1. функциясын орнатыңыз.
2. Су тартпасын ашу үшін оның
қақпағын басыңыз.
3. Су тартпасын "Сауыт толы"
индикаторы жанғанша суға
толтырыңыз.
Сауыттың ең үлкен сыйымдылығы
900 мл. Бұл шамамен 55 - 60 минут
пісіруге жетеді.
4. Су тартпасын бастапқы орнына
қойыңыз.
5. Температураны 130 °C градуспен
230 °C градус аралығында
орнатыңыз.
Осы температура ауқымын
пайдаланғанда бумен пісіру
функциясы жақсы нәтиже береді.
6. Буға пісіру аяқталғаннан кейін су
сауытын босатыңыз.
Сыртқы су клапанынан су шығып
кетпес үшін бу функциясын қолданып
болған сайын кемінде 60 минут күтіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғы ыстық. Күйіп қалу
қатері бар. Су тартпасын
төккен кезде абай
болыңыз.
6.5 "Сауыт бос" индикаторы
индикаторы сауыттың бос екенін,
оны қайта толтыру керек екенін
көрсетеді.
Қосымша ақпаратты "Буға пісіру"
тарауынан қараңыз.
6.6 "Сауыт толы" индикаторы
индикаторы тұмшапештің бумен
пісіруге дайын екенін көрсетеді.
Егер сауытқа өте көп су
құйсаңыз, қауіпсіздік түтігі
артық суды тұмшапештің
табанына ағызады.
Суды жөкеге немесе
шүберекке сіңіріп
тазалаңыз.
6.7 Су сауытын босату
АБАЙЛАҢЫЗ
Су сауытын босату
алдында пештің салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. Пайдаланушы нұсқаулығымен
бірге берілген су төгетін түтікті (C)
дайындаңыз. Су төгетін сауыттың
ұшына жалғастырғышты (B)
жалғаңыз.
2. Түтікшенің екінші ұшын (С) сауытқа
салыңыз. Оны су төгетін
клапанның деңгейінен (A)
төмендеп салыңыз.
B
C
A
3. Тұмшапештің есігін ашып,
жалғастырғышты (В) су жіберетін
клапанға (А) салыңыз.
4. Су сауытын босату алдында
жалғастырғышты қайта-қайта
салыңыз.
5. Су ақпай тоқтаған кезде
жалғастырғышты клапаннан
алыңыз.
Су сауытын қайта толтыру
үшін аққан суды
қолданбаңыз.
www.electrolux.com12
7. САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат таймері
A
B
A. Сағат параметрлерінің терезесі
B. Параметрлер тетігі
7.2 Қалай орнатасыз: Тәулік
уақыты
Тәулік уақытын орнатуға арналған.
1-қадам 1-қадам
Уақытты орнату үшін параметрлер
тетігін басып, сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
Параметрлер тетігін бастапқы қалпына
қойыңыз немесе абайлап артқа
тартыңыз.
Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытымен бұрамаңыз.
7.3 Қалай орнатасыз:
Пісірудің соңы
Сөндіру уақытын орнатуға арналған. Ең көбі 180 минут уақытты қоюға болады.
1-қадам 2-қадам
Тұмшапештің функциясын және
температурасын орнатыңыз.
Параметрлер тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы, сағат параметрлері
терезесінде сөндіру уақыты
көрсетілгенше бұраңыз.
Орнатылған уақытта аяқталғанда сигнал естіліп, пеш сөнеді.
Сигналды болдырмау үшін
параметрлер тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы, сағат параметрлері
терезесінен төмендегі көрсетілгенше
бұраңыз: .
Функцияны сөндіру үшін параметрлер
тетігін сағат тілінің бағытына қарсы,
сағат параметрлері терезесінен
төмендегі көрсетілгенше бұраңыз: .
ҚАЗАҚ 13
8. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Керек-жарақтарды салу
Үстіңгі жағындағы шағын ойық
қауіпсіздікті арттырады. Дөңес тұстар
аударылып кетуден сақтайтын
құралдың рөлін атқарады. Сөренің
айналасындағы биік жиек ыдыстардың
сөреден сырғып кетуіне жол бермейді.
Торкөз сөре:
Сөрені сөре бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің
төмен қарап тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Пісірме табақ /Шұңғыл таба:
Табақты сөре бағыттағыштардың
арасына кіргізіп итеріңіз.
Торкөз сөре, Пісірме табақ /
Шұңғыл таба:
Науаны сөре тірегінің
бағыттағышының және жоғарыда
көрсетілген бағыттағыштар
үстіндегі тор сөренің арасына
кіргізіңіз.
8.2 Сөре сырғытпасын
қолдану
Сырғытпа жолдарды майламаңыз.
Пештің есігін жабар алдында,
бағыттауыш жолдардың пешке әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com14
1-қадам Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
2-қадам Тор сөрені бағыттауыш
жолдарға салыңыз да,
пештің ішіне абайлап
итеріңіз.
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
9.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
9.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автомтты түрде қосылады.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Пісіруге арналған ақыл-
кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын бес
қатары бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе
қуыруы мүмкін. Төмендегі кестелерде
температураға, пісіру уақытына және
сөре орындарына қатысты стандартты
ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас
біреуін пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен
тағамды булы ортада, ішін жұмсақ,
сыртын кітірлек етіп пісіруге болады.
Бұл пісіру уақыты мен қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
10.2 Ыстық желмен пісіру + Бу
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
ТОРТТАР /
КОНДИТЕРЛІК
ӨНІМДЕР
(°C) (мин)
Ашық бәліштер,
алдын ала қыздыру
қажет емес
175 30 - 40 2 Торт қалыбы, Ø 26
см
Жеміс торты, алдын
ала қыздыру қажет
емес
160 80 - 90 2 Торт қалыбы, Ø 26
см
Панеттоне 150 - 160 70 - 100 2 Торт қалыбы, Ø 20
см
Қара өрік торты 160 40 - 50 2 Нан қалыбы
Печенье, алдын ала
қыздыру қажет емес
150 20 - 35 3 (2 және
4)
Пісірме табақ
Тәтті тоқаш 180 - 200 12 - 20 2 Пісірме табақ
Бриошь 180 15 - 20 3 (2 және
4)
Пісірме табақ
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Пісірме табақты пайдаланыңыз.
НАН / ПИЦЦА
(°C) (мин)
Ақ нан, әрқайсысы 2x 0,5
кг
180 - 190 45 - 60 2
Булочкалар, 6 - 8, 0,5 кг 190 - 210 20 - 30 2 (2 және 4)
www.electrolux.com16
НАН / ПИЦЦА
(°C) (мин)
Пицца 200 - 220 20 - 30 2
Торт қалыбын пайдаланыңыз.
АШЫҚ БӘЛІШ
(°C) (мин)
Толтырмасы бар
көкөністер
170 - 180 30 - 40 1
Лазанья 170 - 180 40 - 50 2
Картоп гратині 160 - 170 50 - 60 1 (2 және 4)
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тор сөрені пайдаланыңыз.
ЕТ
(°C) (мин)
Қуырылған
шошқа еті, 1 кг
180 90 - 110
Бұзау еті, 1 кг 180 90 - 110
Ростбиф,
шала піскен, 1
кг
210 45 - 50
Ростбиф,
шала
пісірілген, 1 кг
200 55 - 65
Ростбиф,
әбден
пісірілген, 1 кг
190 65 - 75
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
(°C) (мин)
Қойдың
сирағы, 1 кг
175 110 - 130
Бүтін тауық, 1
кг
200 55 - 65
(°C) (мин)
Бүтін
күркетауық
еті, 4 кг
170 180 - 240
Бүтін үйрек
еті, 2 - 2,5 кг
170 - 180 120 - 150
Туралған
қоян еті
170 - 180 60 - 90
Бірінші сөре деңгейін қолданыңыз.
(°C) (мин)
Бүтін қаз еті,
3 кг
160 - 170 150 - 200
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
БАЛЫҚ (°C) (мин)
Форель, 3 - 4
балық, 1,5 кг
180 25 - 35
Тунец, 4 - 6
филе, 1,2 кг
175 35 - 50
ҚАЗАҚ 17
БАЛЫҚ (°C) (мин)
Нәлім 200 20 - 30
Тағамды табаққа салып қыздырыңыз.
Бос тұмшапешті алдын ала
қыздырыңыз.
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
БУМЕН
АЛДЫН АЛА
ҚЫЗДЫРУ
(°C) (мин)
Кассероле /
Гратин
140 15 - 25
БУМЕН
АЛДЫН АЛА
ҚЫЗДЫРУ
(°C) (мин)
Макарон және
тұздық
140 10 - 15
Тағам
қосымшалары
140 10 - 15
Бір табақтағы
тағамдар
140 10 - 15
ет 140 10 - 15
Көкөністер 140 10 - 15
10.3 Пісіру және қуыру
ТОРТТАР
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Көпіршітілген
тағам
рецептілері
170 2 160 3 (2 және 4) 45 - 60 Торт
қалыбы
Ашыған
қамыр
170 2 160 3 (2 және 4) 20 - 30 Торт
қалыбы
Сарысу
қосылған
чизкейк
170 1 165 2 60 - 80 Торт
қалыбы, Ø
26 см
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
табақ
Джем
тарталеткас
ы
170 2 165 2 30 - 40 Торт
қалыбы, Ø
26 см
Рождество
торты, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
160 2 150 2 90 - 120 Торт
қалыбы, Ø
20 см
www.electrolux.com18
ТОРТТАР
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Қара өрік
торты, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
175 1 160 2 50 - 60 Нан
қалыбы
Маффин 170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
табақ
Маффин, екі
деңгей
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
табақ
Маффин, үш
деңгей
- - 140 - 150 1, 3 және 5 30 - 45 Пісірме
табақ
Печенье 140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
табақ
Печенье, екі
деңгей
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
табақ
Печенье, үш
деңгей
- - 140 - 150 1, 3 және 5 35 - 45 Пісірме
табақ
Меренга 120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
табақ
Меренга, екі
деңгей, бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
- - 120 2 және 4 80 - 100 Пісірме
табақ
Тоқаштар,
бос
тұмшапешті
алдын ала
қыздырыңыз
190 3 190 3 12 - 20 Пісірме
табақ
Эклер 190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
табақ
Эклер, екі
деңгей
- - 170 2 және 4 35 - 45 Пісірме
табақ
Тарталетка 180 2 170 2 45 - 70 Торт
қалыбы, Ø
20 см
Көп жеміс
қосылған
торт
160 1 150 2 110 -
120
Торт
қалыбы, Ø
24 см
ҚАЗАҚ 19
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
НАН
ЖӘНЕ ПИЦЦА
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Ақ нан, 1 - 2
дана,
әрқайсысы 0,5
кг
190 1 190 1 60 - 70 -
Қарабидай
наны, алдын
ала қыздыру
қажет емес
190 1 180 1 30 - 45 Нан
қалыбы
Булочкалар, 6 -
8 булочка
190 2 180 2 (2
және 4)
25 - 40 Пісірме
табақ
Пицца 230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Эмальме
н
қапталған
таба
Шелпек 200 3 190 3 10 - 20 Пісірме
табақ
Бос тұмшапешті алдын ала қыздырыңыз.
Торт қалыбын пайдаланыңыз.
АШЫҚ
БӘЛІШ
Дәстүрлі пісіру Желдеткішпен
пісіру
(мин)
(°C) (°C)
Паста фланы, алдын
ала қыздыру қажет
емес
200 2 180 2 40 - 50
Көкөніс фланы, алдын
ала қыздыру қажет
емес
200 2 175 2 45 - 60
Киш 180 1 180 1 50 - 60
Лазанья 180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40
Каннелони 180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тор сөрені пайдаланыңыз.
www.electrolux.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

Electrolux OPEB2640C Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Это руководство также подходит для

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ