Whirlpool I5V51(W)/KZ, K3C51(W)/U S Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал руководство пользователя для плиты Indesit K3 C51/U S. Готов ответить на ваши вопросы о ее функциях, установке, использовании и уходе. В руководстве подробно описаны режимы работы духового шкафа, варочная поверхность и меры безопасности. Спрашивайте!
  • Как правильно использовать функцию гриля?
    Можно ли одновременно готовить на нескольких уровнях в духовом шкафу?
    Что делать, если стеклокерамическая поверхность треснула?
    Как очистить дверцу духового шкафа?
Cuisinière avec four multifonction
et table vitrocéramique
Instruction pour l’installation et l’emploi 7
Fornuis met multifunctie-oven en keramische
kookplaat
Instructies voor het installeren en gebruik 16
Fogão com forno multifunção e
plano de vitrocerâmica
Instruções para a instalação e utilização
Інструкціі з експлуатаціі
КУХНЯ
44
Herd mit Multifunktions-Backofen und
Glaskeramik-Kochfeld
DE
34
ПЕШ ПЕН АСТЫҢҒЫ ПЕШ
Пайдалану нұсқаулығы
KZKZ
54
Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруші
болмаңыз, оның орнына құрылғыны
өшіріп, жалынды жабыңыз, мысалы
қақпақпен немесе өртенбейтін
матамен.
Пеш есігінің шынысын тазалау
үшін қатты ысқыш тазалағыштарды
немесе өткір метал ысқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар
шыныны сызып, оның шағылуына
әкелуі мүмкін.
Бөліктің (бар болса) ішкі беттері
қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыда ешқашан бу
тазартқышты немесе шаңсорғышты
пайдаланбаңыз.
Қақпақты ашпас бұрын ондағы
сұйықтықты сүртіп алыңыз.
Шыны қақпақты (бар болса) газ
оттықтары немесе электр плиталар
әлі ыстық болған кезде жаппаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тоқ соғу мүмкіндігінің
алдын алу үшін шамды
ауыстырмас бұрын құрылғы
өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: пісіру
беттерінде заттарды сақтамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Шыны мен керамикадан
жасалған бет шатынаған болса, тоқ
соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
! Тартпаны ішке салған кезде
шектегіш жоғары қарап, қуыстың
артқы жағында тұрғанына көз
жеткізіңіз.
DE
54
KZ
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу
қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Шыны керамикалық плита температура
ауытқулары мен келең өзгерістерге төзімді.
Дегенмен, жүздер немесе ас үй құралдары
плитаның бетің зақымдауы мүмкін екенін ескеру
керек. Мұндай жағдай орын алса, пештің айырын
розеткадан ағытып, бастапқы бөлшектерге
тапсырыс беру үшін өкілетті техникалық көмек
көрсету орталығына хабарласыңыз. Жоғарыдағы
шарт орындалмаса, құрылғының қауіпсіздігі
бұзылуы мүмкін.
Плита беті шатынаған болса, тоқ соғудың алдын
алу үшін құрылғыны өшіріңіз.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
Құрылғыны далада, тіпті үсті жабылған болса да,
орнатуға болмайды. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе
2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған)
құрылғымен бірге беріледі.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтері және пеш есігінің белгілі
бөліктері қатты қызады. Бұларға тимеу және
балалардан аулақ ұстау керек.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында
жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.)
қолданбаңыз.
Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне
жанғыш материалдар салуға болмайды. Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың
жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар
позициясында тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, оны
ешбір жағдайда өз басыңызбен жөндеуге
әрекеттенбеңіз. Тәжірибесіз адам тарапынан
жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының
істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы
мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Қоқысқа тастау
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс
жинау қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті
жинау орындарына апаруға немесе, ағымдағы
ұлттық заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге
ауыстыру үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы
бойынша қайтаруға болады.
Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері
ескі және қолданыстан шыққан құрылғыларды
жинау және тастау жүйелерін жасауға және
ұйымдастыруға қатысады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ЖЕЛДЕТКІШІ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою
қажет: Бұл қуатты сақтай отырып (шамамен 10%),
жақсы нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
Сақтандырулар
мен кеңестер
KZ
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса,
біреуге берілсе немесе көшірілсе, iнұсқаулар онымен
бірге болатынына көз жеткізіңіз.
! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі
бар маман орнатуға тиіс.
! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету
қажет болса, оны құрылғыны токтан ажыратқаннан
кейін орындау керек.
Орналастыру және түзулеу
! Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын
шкафтардың қасына орнатуға болады.
! Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға
жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (T 90°C)
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз
(ваннаға қоймаңыз).
Плитаның жоғарғы жағы шкафтан жоғары
болса, құрылғыны олардан кем дегенде 200 мм
қашықтықта орнату керек.
Пеш қабырғаға
ілінетін шкафтың астына
орнатылса, осы шкаф пен
плитаның жоғарғы жағы
арасында кем дегенде
420 мм ара қашықтық
болуы тиіс.
Қабырғаға ілінетін
шкафтар жанғыш
болса, бұл қашықтықты
700 мм-ге дейін үлкейту
керек (суретті қараңыз).
Пештің артқы жағына немесе бүйірлеріне 200 мм-
ден жақын жерге жалюзи орнатпаңыз.
Қалқалар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын* бұраңыз
(суретті қараңыз).
Құрылғымен бірге берілетін
аяқтар* плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
Электр қосылымдары
Электр кабелін орнату
Кабель төмендегі жалғау сызбасына сәйкес
қолданылатын электр қосылым түріне сай болуы
тиіс.
Электр кабелін дұрыс орнату үшін:
1. Контактілер
тақтасындағы «V»
бұрандасын босатып,
қақпағын ашу үшін оны
тартыңыз (суретті
қараңыз).
2. «А» қосылым
тірегін (суретті
қараңыз) жоғарыда
көрсетілген жалғау
сызбасына сәйкес
орналастырыңыз.
Контактілер тақтасы
бір фазалық 230 В
қосылымына арналған:
1, 2 және 3 контактілері
бір-біріне қосылады; 4-5 жалғастырғышы контактілер
тақтасының төменгі аумағында орналасқан.
3. «N» және
сымдарын сызбаға (суретті
қараңыз) сәйкес орналастырып, контактілер
тақтасының бұрандаларын мүмкін болғанша мықтап
қатайту арқылы қосылымды жасаңыз.
4. Қалған сымдарды 1-2-3 контактілеріне
орналастырып, бұрандаларды қатайтыңыз.
СОРҒЫШ
Мин.
420
мм.
Мин.
420
мм.
сорғышпен мин.
650
мм.
сорғышсыз мин. 700 мм.
Мин.
600
мм.
V
1
2
3
N
A
B
Орнату
KZ
1 2
3
4
5
12345
1
2
3
4
5
R
S
T
N
R
S
N
R
N
400 3N
H05RR-F 5x2.5 CEI-UNEL 35363
400V 2N
H05RR-F 4x4 CEI-UNEL 35363
230V
H05RR-F 3x4 CEI-UNEL 35363
H05VV-F 3x4 CEI-UNEL 35746
H05VV-F 4x4 CEI-UNEL 35746
H05VV-F 5x2.5 CEI-UNEL 35746
5. Кабельдің қыспа бұрандасын нығайтып, электр
кабельді орнына бекітіңіз.
6. «V» бұрандаларын бұрау арқылы контактілер
тақтасын жабыңыз.
Электр кабелін желіге қосу
Құрылғыда орналасқан деректер кестесінде
көрсетілген жүктемеге сәйкес стандартты
айырғышты орнатыңыз.
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр
желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене
байланыс бар бірнеше каналды айырып-қосқыш
арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
55
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
Розетка деректер тақтасында көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
Кернеу деректер тақтасында көрсетілген мәндер
аралығында.
Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес
келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса,
өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және
техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген
нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.
*
Тек белгілі модельдерде болады.
ТЕХНИКАЛЫҚ
ДЕРЕКТЕР
Пеш өлшемдері
(БхЕхТ)
34x39x41 см
Көлемі 56 л
Пеш бөлігіне
қатысты пайдалы
өлшемдер
ені 42 см
тереңдігі 44 см
биіктігі 23 см
Ток кернеуі мен
жиілігі
Керамикалық
плита
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Артқы оң жақ
Алдыңғы оң жақ
Керамикалық
плитаның ең жоғары
қуат тұтыну мәні
1200 Вт
1700 Вт
1200 Вт
1700 Вт
5800 Вт
ҚУАТ БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы. EN 50304
стандарты
Табиғи конвекция – қыздыру
режимі үшін қуат тұтынуы:
Статикалық;
Мәжбүрлі конвекция класы
– қыздыру режимі үшін
мәлімденген қуат тұтынуы:
Желдеткіш көмегімен.
ЕҚ Директивалары: 2006
жылғы 12-желтоқсан
2006/95/EC (төмен кернеу)
директивасы және одан кейінгі
түзетулер –
2004 жылғы 15-желтоқсан
2004/108/EC (электромагниттік
үйлесімділік туралы)
директивасы және одан кейінгі
түзетулер –
1993 жылғы 22-шілде 93/68/
EEC және одан кейінгі
түзетулер –
2002/96/EC.
1275/2008 (күту/өшу режимі)
56
KZ
230V/400V 3N~ 50/60 Hz
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Пеш қауіпсіздік
! Құрылғы
байқаусызда
түсіп кетпеуі
үшін, мысалы
бала пеш
есігіне шыққан
жағдайда,
бірге берілген
қауіпсіздік
шынжыры
орнатылуы
ТИІС!
Пеш қауіпсіздік шынжырымен жабдықталған; оны
құрылғының артындағы қабырғаға,
шынжыр құрылғыға бекітілген биіктікте
бұрандамен (пешпен бірге берілмейді) бекіту
қажет.
Бұранда мен бұранда анкерін құрылғы артындағы
қабырға материалына сəйкес таңдаңыз.
Бұранда басы 9 мм-ден
кіші болса, тығырық
қолданылуы тиіс. Бетон қабырғаға кем дегенде
диаметрі 8 мм жəне ұзындығы 60 мм бұранда
керек.
Шынжыр пештің артқы жағына жəне қабырғаға
суретте көрсетілгендей,
орнатылғаннан кейін жермен параллель күйде
тартылып тұратындай бекітіңіз.
31
Басқару
тақтасы
ГРИЛЬ тартпасы
МАЙ ЖИНАЙТЫН
ТАБА
Реттелмелі аяқ
ТЕРМОСТАТ
тұтқасы
ТАҢДАУ
тұтқасы
ТАЙМЕР
тұтқасы
ТЕРМОСТАТ
индикатор шамы
БЕЛСЕНДІ КОНФОРКА
индикатор шамы
Жылумен пісіру
конфорка тұтқалары
57
KZ
Құрылғы сипаттамасы
A
D
B
C
D
N
S
L
O
H
M
A.
B.
C.
D.
H.
L.
M.
N.
O.
S.
Қосу және пайдалану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.
Пешті қосу
1. ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру
режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті
температураны таңдаңыз.
Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам
дайындау температуралары туралы мәліметті
қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады
(«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер»
кестесін қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді
орындауға болады:
ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын
орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).
РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
ТЕРМОСТАТ индикатор шамы
Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің
іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді.
Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сөйтіп термостат
жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір
қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.
Пеш шамы
ТАҢДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген
қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп
тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен
параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі
қосылмай, шам жанады.
31
58
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Температура мәнін төмендегі режимдерден басқа
барлық пісіру режимдері үшін 50 °С мен Макс.
аралығына орнатуға болады
ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС қуат деңгейін
орнатыңыз).
ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРИЛЬ (кеңес:
200°C-тан асырмаңыз).
Пештің әр түрлі сипаттарын басқару тақтасындағы
тұтқалар мен түймелердің көмегімен басқаруға
болады.
! Пеш пен грильді алғаш рет пайдаланбас
бұрын оны шамамен 30 минутқа қызуға қойып
қойыңыз. Пеш бос екенін, термостат максималды
параметрге орнатылғанын, есік жабылғанын және
бөлме жақсылап желдетілетінін тексеріңіз. Өндіру
процесінің соңында пеш пен грильге қолданылған
қорғайтын заттардың булануы байланысты бұл
кезде пештен жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Айналмалы істікпен (берілген болса) пісірген
кезде тек ең төменгі сөрені қолданыңыз. Ең төменгі
сөрені басқа пісіру түрі үшін қолданушы болмаңыз
және пеш істеп тұрғанда түбіне ештеңе қоймаңыз,
себебі эмаль қабы зақымдалуы мүмкін. Ыдыстарды
(тәрелкелер, алюминий науалар, т.б.) берілген
тартпаға қойып, тартпа бағыттауыштар көмегімен
пеш ішіне дұрыс орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
ЕРІТУ режимі
Термостат тұтқасын кез келген қалыпқа бұраңыз
Пештің түбіндегі желдеткіш бөлме
температурасындағы ауаны тағам айналасында
айналдырып отырады. Бұл бағдарлама тағамның
кез келген түрін еріту үшін қолайлы, әсіресе
қыздыруға болмайтын нәзік тағамдар, мысалы:
балмұздақ торттары немесе тәтті крем, крем немесе
жеміс қосылған торттар. Еріту уақыты шамамен
екі есе азаяды. Ет, балық немесе нан еріткен
кезде «көп тағам дайындау» режимін пайдаланып,
температураны 80-100 °C аралығында орнату
арқылы процессті жылдамдатуға болады.
ТҰРАҚТЫ ПЕШ режимі
Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. қалпының
аралығына қойыңыз. Бұл позиция жоғарғы және
төменгі қыздыру элементтерін қосады. Бұл –
тұтынатын қуат мөлшерін шектей отырып, жылу
үлестірудің ерекше деңгейін қамтамасыз ету үшін
түрлендірілген классикалық дағдылы пеш. Тұрақты
пеш екі не одан көп заттан тұратын ингредиенттері
бірігетін тағамды пісіру бойынша осы күнге
дейін ең жақсы жүйе болып есептеледі; мұндай
тағамдардың мысалы: қабырғалар мен қырыққабат,
испан мәнеріндегі нәлім, Анкона мәнеріндегі
қақталған балық, жұмсақ бұзау еті мен күріш, т.б.
Бұл пісіру режимі сиыр немесе бұзау етінен тұратын
тағамдарды пісірудің ең үздік жолы, мысалы:
бұқтырылған ет, бұқтырылған тағам, гуляш, жабайы
аң еті, шошқа саны мен филесі, т.б., себебі оларды
сұйықтық қосып отырып, баяу пісіру қажет. Сондай-
ақ, ол десерттерді, жемістерді және үсті жабылып,
пеште пісірілетін тағамдар үшін өте қолайлы. Пешті
тұрақты режимде қолданған кезде тек бір сөрені
қолданыңыз (бірнеше сөре қолданылса, жылу дұрыс
тарамауы мүмкін). Әр түрлі сөрелерді қолдану
арқылы пештің жоғарғы және төменгі жағындағы
жылу үлестірімін реттеуге болады. Тағамның үстіне
не түбіне көбірек қызу керек болса, тиісінше төменгі
немесе жоғарғы сөрені қолданыңыз.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚОЛДАНУ режимі
Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі
аралығына бұраңыз.
Қыздыру элементтері мен желдеткіш іске қосылады.
Пештің қызуы біркелкі таралғандықтан ауа тағамды
біркелкі қызартып пісіреді. Оған қоса, пісіру
температуралары ұқсас болса, бір уақытта бірнеше
тағамды пісіруге болады. «Бір уақытта бірнеше
сөреде пісіру» азат жолында берілген нұсқауларға
сәйкес бір уақытта ең көбі 2 тартпаны қолдануға
болады.
Бұл функция гратин тағамдарын немесе ұзақ уақыт
пісетін тағамдарды пісіруге өте қолайлы, мысалы:
лазанья, пісірілген паста өнімдері, тауық пен
картопты қуыру, т.б.. Қуырылған етті пісірген кезде
бұл режимнің айтарлықтай артықшылықтары бар,
себебі температура тиісті түрде таралатындығынан
төменірек температураларды орнатуға болады.
Мұның арқасында еттің суы көп шықпай, пеште
оның көлемі сақталып, жұмсақ болады. Желдеткішті
қолдану режимі әсіресе балықты пісіруге қолайлы,
себебі бұл режиммен пісірілген кезде көп сұйықтық
қосудың қажеті жоқ, яғни оның бастапқы дәмі мен
түрі сақталады.
Десерт: бұл режим көтерілетін кекстерді пісіру үшін
ле қолдануға болады.
Температураны 80 °С-қа орнату арқылы
«желдеткішті қолдану» функциясын қызыл я ақ
етті немесе нанды жылдам жібіту үшін қолдануға
болады. Одан нәзік тағамдарды жібіту үшін
температураны 60 °С-қа орнатыңыз немесе
температура тұтқасын 0 °С-қа орнату арқылы
салқын ауа айналымын қолданыңыз.
ҮСТІҢГІ ПЕШ режимі
Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі
аралығына бұраңыз.
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады.
Бұл режимді тағамды дайындаудың аяғында
қызарту үшін пайдалануға болады.
Грильдің аса жоғары әрі тіке температурасы
ет пен қақталған етті жұмсақ түрде қалдыру
үшін нәрін ішінде ұстай отырып, олардың бетін
қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары бет
температурасын қажет ететін тағамдарға грильді
пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті, қабырға
стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...
Кейбір мысалдар «Тағам дайындау бойынша кеңес»
бөлімінде берілген.
ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРИЛЬ режимі
Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі
аралығына қойыңыз.
Ортаңғы жоғарғы қыздыру элементі мен желдеткіш
қосылады.
Осы мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның
күшейтілген айналымы арқылы қыздыру
элементтерінің бір бағытқа жылылық бөлуінің
тиімділігін арттырады. Бұл тағамды күйіп кетуден
сақтауға көмектеседі және жылудың тағамның
ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Желдеткіш
қолданылатын гриль режимін пайдалану арқылы
ет пен көкөніс араласқан кебабтар, сосискалар,
шошқа қабырғаларын, жас қой котлеттерін,
дәмдеуіш қосылған тауық, жалбыз қосылған құр,
шошқа филесін дайындап, керемет нәтижеге жетуге
болады. Осы режимде пештің есігін жауып, гратин
тағамдарды пісіріңіз. «Гратин» – алабұға, тунец,
семсер балық, тұрама салынған кальмар, т.б.
пісірудің ең қолайды жолы.
Таймер
Таймерді қосу үшін төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Сигналды орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын сағат
тілі бағытымен бір толық айналымға бұрыңыз.
2. Қажетті уақыт ұзақтығын орнату үшін ТАЙМЕР
тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Бірнеше сөреде бір уақытта тағам дайындау
Екі тартпаны қолдану қажет болса, ЖЕЛДЕТКІШТІ
ҚОЛДАНЫП пісіру режимін
пайдаланыңыз,
себебі ол тағам дайындаудың бұл түріне қолайлы
жалғыз пісіру режимі. Сондай-ақ, төмендегілерді
орындауды жөн санаймыз:
1- және 5-позицияларды қолданбау керек.
Себебі, тым қатты тура бағытталған қызу ыстыққа
сезімтал тағамды күйдіріп жіберуі мүмкін.
2- мен 4-позиция қолданылады және көбірек
қызуды қажет ететін тағам 2-позициядағы
тартпаға қойылады.
Пісіру уақыты мен температурасы әр түрлі
тағамдарды пісірген кезде ұсынылған екі
температураның («Пеште тағам дайындау
бойынша кеңестер» кестесін қараңыз) орташа
мәнін орнатыңыз және азырақ қызуды қажет
ететін тағамды 4-позицияға қойыңыз. Алдымен,
жылдамырақ пісетін тағамды алып шығыңыз.
Температураны 220 °С-қа орнатып бірнеше
тартпада пицца пісірген кезде пеш 15 минут
алдын ала қыздырылады. Жалпы айтқанда,
4-позициядағы тартпада пісіру ұзағырақ болады:
алдымен, төменгі тартпа позициясындағы
пиццаны алып, одан бірнеше минуттан кейін
4-позициядағы пиццаны алып шыққан жөн.
Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал
тартпаны үстіңгі жаққа орнатыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Термостат тұтқасын 50 °С пен Макс. параметрі
аралығына қойыңыз.
Ортаңғы жоғарғы қыздыру элементі мен айналмалы
істік қосылады.
ЕСКЕРТУ! Пеш
тартпаларды алып
шығуға арналған
және пештен шығып
кетуіне жол бермейтін
шектегіш жүйемен
жабдықталған.
Сызбада
көрсетілгендей, толығымен шығарып алу үшін
тартпаларды алдыңғы шетінен ұстап көтеріп,
тартсаңыз (2) болғаны.
Термостат индикатор шамы
Ол пештің қызу кезеңін білдіреді; пеш ішіндегі
температура орнатылған температураға жеткен
кезде шам сөнеді. Бұл кезде индикатор шамы
бір жанып, бір сөніп тұрады; яғни термостат пеш
ішіндегі температураны тұрақты ұстап тұру үшін
дұрыс жұмыс істеп тұр.
31
59
KZ
Тағам
дайындау
режимдері
Тағамдар
Салмақ
(кг)
Тартпа
позициясы
Алдын
ала
қыздыру
ұзақтығы
(мин)
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
Еріту Барлық мұздатылған тағамдар
Статикалық
Үйрек
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Печенье (кішкентай кондитерлік өнімдер)
Бәліш
1
1
1
-
1
3
3
3
3
3
15
15
15
15
15
200
200
200
180
180
65-75
70-75
70-80
15-20
30-35
Желдеткіш
көмегімен
Пицца (2 тартпада)
Лазанья
Жас қой еті
Қуырылған тауық еті + картоп
Макрель
Йогурттан жасалған пирог
Көпіршітілген қаймақ қосылған бәліш (2 тартпада)
Печенье (2 тартпада)
Бисквит торты (1 тартпада)
Бисквит торты (2 тартпада)
Хош иісті бәліш
1
1
1
1
1
1
0.5
0.5
0.5
1
1.5
2 және 4
3
2
2 және 4
2
2
2 және 4
2 және 4
2
2 және 4
3
15
10
10
15
10
10
10
10
10
10
15
230
180
180
200
180
170
190
180
170
170
200
15-20
30-35
50-60
60-70
30-35
40-50
20-25
10-15
15-20
20-25
25-30
Үсті Кәміл тағам дайындау үшін тағамды қызарту - 3/4 15 220 -
Гриль
Камбала мен каркатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Треска белдемесі
Грильде пісірілген көкөністер
Бұзау етінен пісірілген стейк
Котлет
Гамбургер
Макрель
Қуырылған нан
1
1
1
1
1
1
1
1
4 дана
4
4
4
3/4
4
4
4
4
4
5
5
5
5
5
5
5
5
5
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
8-10
6-8
10
10-15
15-20
15-20
7-10
15-20
2-3
Істікпен
Істікте қуырылған бұзау еті
Істікте қуырылған тауық еті
Істікте қуырылған жас қой еті
1.0
1.5
1.0
-
-
-
5
5
5
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
80-90
70-80
70-80
Желдеткішпен
пісірілген
гриль
Грильде пісірілген тауық еті
Каракатица
1.5
1.5
2
2
5
5
200
200
55-60
30-35
31
60
KZ
Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесі
Шыны керамикалық плитаны
пайдалану
! Аралық қабаттағы желім шыныда май іздерін
қалдырады. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны
қырмайтын тазалағыш затпен алып тастауға кеңес
береміз. Пайдаланудың алғашқы сағаттарында тез
кетіп қалатын резеңкенің иісі шығады.
Пісіру аймақтарын қосу және өшіру
Пісіру аумағын қосу үшін тиісті тұтқаны сағат тілі
бағытымен бұраңыз.
Оны өшіру үшін тұтқаны «0» қалпына жеткенше
сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
ЭЛЕКТР КОНФОРКАСЫ ҚОСУЛЫ индикатор шамы
жанып тұрса, демек плитада кем дегенде бір
конфорка қосылып тұр.
Пісіру аймақтары
Плита электр қызу тарату элементтерімен
жабдықталған. Олар қолданылған кезде плитада
келесі заттар қызарады.
А. Қызу шығаратын қыздыру
элементтері бар пісіру
аймағы.
В. Қалдық қызу индикатор
шамы: ол қыздыру элементі
өшіріліп, бірақ әлі ыстық
кезде тиісті пісіру аумағының
температурасы 60 °С-тан асатынын білдіреді.
Қызу тарататын элементтері бар пісіру
аумақтары
Олар ішіндегі қызу шамдарынан қызуды
сәулелендіру арқылы шығарады. Олар газ
жаққыштарға ұқсас сипаттарға ие: оларды басқару
оңай және олар орнатылған температураға тез
жетіп, берілген қуатты көруге мүмкіндік береді.
Тиісті тұтқаны сағат тілі бағытымен 1 мен 6
аралығындағы позицияға бұраңыз
Плитаны пайдалану бойынша кеңестер
Пісіру аймағына толық тиіп тұруы үшін асты қалың
әрі тегіс табаларды пайдаланыңыз.
Шығарылған қызуды толық пайдалану үшін
конфорканы толық жабатындай диаметрі үлкен
табаларды пайдаланыңыз.
Табаның асты әрдайым таза әрі құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз: мұның нәтижесінде табалар
пісіру аумақтарына толығымен тиіп, таба мен
плита ұзағырақ қызмет етеді.
Газ оттығында пайдаланылатын ыдысты
пайдаланбаңыз: газ оттығындағы қызу табаның
қалпының бұзылып, оның бетке толық тимеуіне
себеп болады.
Пісіру аймағын табасыз қосып кетпеңіз, әйтпесе
ол зақымдалуы мүмкін.
A
A
A
A
B
Параметр Қалыпты немесе жылдам плита
0 Өшірулі
1 Көкөніс, балық пісіру
2
Картоп (бумен), ноқат, бұршақ пісіру,
сорпа дайындау
3
Үлкен мөлшерде тағам және көкөніс
қосылған етті сорпаны дайындауды
жалғастыру
4 Қуыру үшін (орташа)
5 Қуыру үшін (орташадан жоғары)
6
Қызарту және қайнауға аз уақытта
жеткізу үшін.
31
61
KZ
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
токтан ажыратыңыз.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пешті тазалау
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
• Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
• Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес
губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу
қажет.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын
жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан кейін шам ұясын жауып
тұрған шыны қақпақты шешіп алыңыз (суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай басқа
шаммен ауыстырыңыз: кернеуі 230
В, қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып, пешті
токқа қайтадан қосыңыз.
Шыны керамикалық плитаны тазалау
! Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
(мысалы, барбекю жасайтын құралдар мен пештерді
тазалауға арналған спрейлер), дақ кетіргіштерді,
тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш заттарды немесе
қырғыш беттері бар губкаларды пайдаланбаңыз: олар
құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас
үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Плита өте кір болса, оны арнайы шыны керамиканы
тазалау затымен ысқылап, одан кейін жақсылап
шайыңыз да, кептіріңіз.
• Кетпей қойған кірді кетіру үшін тиісті қырғышты
қолданыңыз (ол құрылғымен бірге берілмейді).
Төгілген тамақ қатып қалмауы үшін, құрылғының
суғанын күтпей-ақ, оны дереу сүртіп алыңыз. Шыны
керамикалық беттерге арналған тот баспайтын
болат сымнан жасалған губканы сабынды суға
малып қолдансаңыз, тамаша нәтижеге қол жеткізуге
болады.
• Пластмассалық немесе қантқа ұқсас заттар абайсыз
плитада ерісе, плита беті әлі ыстық кезде оларды
дереу қырғышпен алып тастау керек.
• Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш күтім
өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім қалдыратын
көзге көрінбейтін үлдір плитаның бетін пісіру кезінде
таматын тамшылардан қорғайды. Бұл қызмет
көрсету жұмыстарын құрылғы жылы (ыстық емес)
немесе салқын кезде орындау керек.
• Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді
ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде жабысып,
қатып қалуы мүмкін.
Шыны керамикалық
плита тазартқыштары
Сатылатын жерлер
Терезе қырғышы Ұстара
жүзінің қырғыштары
Керек-жарақ дүкендері
Қосалқы жүздер
Құрал-жабдық дүкендері,
супермаркеттер, дәріханалар
COLLO luneta
HOB BRITE
Плитаны тазалау
SWISSCLEANER
Boots, кооперативтік дүкен,
универмаг, аймақтық электр
компаниясының дүкендері,
супермаркеттер
Тот баспайтын болатты тазалау
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған
қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор
бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін. Болат
беттерді жақсылап шайып, мұқият кептірген абзал.
31
62
KZ
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
31
63
KZ
/