Whirlpool KN6E11(W)/EX Руководство пользователя

  • Привет! Я прочитал инструкцию по эксплуатации для кухонной плиты Indesit KN6E11/EX и готов ответить на ваши вопросы. В инструкции описаны функции духовки (конвекция, гриль, нижний нагрев), варочной панели, а также даны советы по уходе и технике безопасности. Спрашивайте!
  • Как включить духовку?
    Какие режимы приготовления есть в духовке?
    Как очистить духовку?
    Как заменить лампочку в духовке?
Мазмұны
Орнату, 43-44
Орналастыру және түзулеу
Токқа жалғау
Сипаттамалар кестесі
Құрылғы сипаттамасы, 45
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Қосу және пайдалану, 46-48
Пешті қосу
Тағам дайындау режимдері
Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі
Электр плитаны пайдалану, 49
Пісіру аймақтарын қосу және өшіру
Пісіру аймақтары
Сақтандырулар мен кеңестер, 50
Жалпы қауіпсіздік
Қоқысқа тастау
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Күтім және техникалық қызмет көрсету, 51
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Пеш шамын ауыстыру
Плитаны тазалау
Көмек
Пайдалану нұсқаулығы
ПЕШ ПЕН АСТЫҢҒЫ ПЕШ
KZ
KZ
Espanol,
ES
FR
AR
Português,32
PT
Français, 11
Қазақша, 42Қазақша, 42Қазақша, 42Қазақша, 42Қазақша, 42
KN6E11/EX
21
English,1
GB
43
KZ
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса,
біреуге берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулар
онымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.
! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет.
! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету
қажет болса, оны плитаны токтан ажыратқаннан
кейін орындау керек.
Орналастыру және түзулеу
! Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын
шкафтардың қасына орнатуға болады.
! Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға
жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (T 90°C)
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз
(ваннаға қоймаңыз).
Плита шкафтардан биік болса, құрылғыны олардан
кем дегенде 600 мм қашық орнату қажет.
Плита қабырғаға
ілінетін шкафтың астына
орнатылса, осы шкаф пен
плита үстінің арасында
кем дегенде 420 мм
аралық болуы тиіс.
Қабырғаға ілінетін
шкафтар жанғыш
материалдан жасалған
болса, бұл аралықты
700 мм-ге дейін жеткізу
керек (суретті қараңыз).
Плита артына немесе оның шеттеріне 200 мм-ден
жақын жерге перде ілмеңіз.
Қалқалар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын бұраңыз
(суретті қараңыз).
Аяқтар плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
Токқа жалғау
Электр кабелін орнату
Контактілер тақтасын ашу үшін:
Контактілер тақтасы қақпағының бүйір құлақшаларына
бұрауышты тығыңыз.
• Қақпақты ашу үшін
оны тартыңыз.
Кабельді орнату үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
Кабель қысқышының бұрандасын және сым
контактісінің бұрандаларын босатыңыз.
! Жалғастырғыштар зауытта 230 В бір фазалық
қосылымға алдын ала орнатылған (суретті қараңыз).
Электр қосылымдарды суреттердегідей жасау үшін
қораптағы екі жалғастырғыштарды қолданыңыз
(суретті қараңыз - «P» әрпімен белгіленген).
Орнату
* Тек белгілі үлгілерде болады.
N
L2
L1
L3
P
NL
230V ~
H05RR-F 3x4 CEI-UNEL 35363
1
3
2
4
5
H05VV-F 3x4 CEI-UNEL 35746
KZ
44
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР КЕСТЕСІ
Пеш өлшемдері
(БхЕхТ)
32x43,5x43 см
Көлемі 60 л
Пештің ең жоғары
қуат тұтыну мәні
2250 Вт
Пеш бөлігіне
қатысты пайдалы
өлшемдер
ені 46 см
тереңдігі 42 см
биіктігі 8,5 см
Кернеу мен жиілік деректер кестесін қараңыз
Керамикалық
плита
Жылдам Ø 180 мм
Қалыпты Ø 145 мм:
Қалыпты Ø 220 мм:
Керамикалық
плитаның ең жоғары
қуат тұтыну мәні
2000 Вт
1000 Вт
2000 Вт
7000 Вт
ҚУАТ БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы.
EN 50304 стандарты
Табиғи конвекция қуатын
тұтынып қыздыру режимі:
Конвекция
Бұл құрылғы Еуропа
экономикалық
қауымдастығының келесі
нұсқауларына сай келеді:
12.12.2006 жылғы 2006/95/
EC (төмен кернеу) және
кейінгі өзгертулері –
15.12.04 жылғы 2004/108/
EC (Электромагнитті
үйлесімділік) және кейінгі
өзгертулері – 22.07.1993
жылғы 93/68/EEC және кейінгі
өзгертулері.
2002/96/EC
1275/2008 (Күту/өшірулі
режим)
Кабельдің қыспа бұрандасын қатайту арқылы ток
кабелін бекітіңіз де, одан кейін қақпақты орнына
салыңыз.
Электр кабелін желіге қосу
Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген
жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты
орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін
қараңыз).
Құрылғы мен желі арасында орнатылған 3 мм ашық
кішкене байланыс бар жан-жақты айырып-қосқышты
пайдалану арқылы құрылғы тікелей электр желісіне
қосылуы қажет. Айырып-қосқыш анықталған
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында болады.
Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес
келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса,
өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
! Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған
жағдайда өндіруші жауапкершілікті өз мойнына
алудан бас тартады.
Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және
техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген
нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.
N L2 L1
400V 2N~
H05RR-F 4x4 CEI-UNEL 35363
H05VV-F 4x4 CEI-UNEL 35746
1
3
2
4
5
N L3 L1L2
400V 3N~
H05RR-F 5x2.5 CEI-UNEL 35363
H05VV-F 5x2.5 CEI-UNEL 35746
1
3
2
4
5
45
KZ
Құрылғы сипаттамасы
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Басқару тақтасы
ЭЛЕКТР КОНФОРКА
ТҰТҚАЛЫ таба
Сырғымалы тартпаларға арналған
БАҒЫТТАУШЫ ЖОЛДАР
3-позиция
2-позиция
1-позиция
Төгілген сұйықтықтарды
ұстайтын бет
Реттелетін аяқ
Реттелетін аяқ
5-позиция
4-позиция
Электр конфорканың
индикатор шамы
Таңдау тұтқасы
Термостат тұтқасы
Таймер тұтқасы
Электр конфорка
басқару тұтқалары
Термостат шамы
KZ
46
Қосу және пайдалану
*
Тек белгілі үлгілерде болады.
Пешті қолдану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.
1. СЕЛЕКТОР тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұру арқылы пісіру
режиміне ұсынылатын температураны немесе
қажетті температураны таңдаңыз.
Пісіру режимдері мен ұсынылатын пісіру
температураларын сипаттайтын тізімді қатысты
кестеден табуға болады («Пеште тағам пісіру
бойынша кеңестер кестесін» қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді
орындауға болады:
ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын
орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).
ТАҢДАУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Тағам дайындау режимдері
Конвекция режимі
60°C мен Ең жоғары арасындағы термостат
тұтқасының позициясы
Бұл параметр орнатылғанда жоғарғы және төменгі
қыздыру элементтері қосылады. Бұл мінсіз қалыпқа
жетілдірілген пештің классикалық, дәстүрлі түрі,
ол керемет қызу таратуы мен аз қуат тұтынуды
қамтамасыз етеді. Конвекциялық пеш басқаларына
қарағанда қабырға мен қырыққабат, испан мәнерінде
дайындалған нәлім, Анкона мәнерінде қақталған
балық, күріш пен жұмсақ бұзау етінің тілімдері, т.б.
сияқты бірнеше ингредиенттен тұратын тағамдарды
пісіру жағынан әлі жоғары деңгейде. Баяу пісіруді
және қуырған кезде соус не сұйықтық қосуды қажет
ететін бұзау етіне немесе сиыр етіне негізделген
тағамдарды (бұқтырылған ет, бұқтырылған
тағамдар, гуляш, жабайы құс еті, қой еті және т.б.)
дайындаған кезде де өте жақсы нәтиже береді.
Дегенмен, ол торт пен жеміс пісіруге, сондай-ақ
пеште пісіруге арналған кіші табақтармен жауып
пісіруге қолданылатын ең жақсы жүйе болып
табылады. Конвекция режимінде пісірген кезде,
бір уақытта тек бір тұтқалы табаны немесе пісіру
тартпасын пайдаланыңыз, әйтпесе қызу біркелкі
таралмайды. Қолдануға болатын әртүрлі тартпа
биіктіктерін пайдалану арқылы пештің жоғарғы және
төменгі жағынан берілетін қызуды реттеуге болады.
Тағам жоғарыдан қаншалықты қызу қажет ететініне
байланысты әртүрлі тартпа биіктіктерінен таңдаңыз.
Кондитер тағамдары режимі
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз: 60°C пен
Ең жоғары арасына
Астыңғы қыздыру элементі іске қосылады.
Бұл режим жеңіл тағамдарды, әсіресе көтерілетін
торттарды (себебі астыдан келетін ыстық ашу
процессіне көмектеседі) пісіруге өте ыңғайлы.
Жоғарғы температураларға жету үшін едәуір уақыт
кетеді, сондықтан бұндай жағдайларда «Конвекция
режимін» пайдалану ұсынылады.
«Жоғарғы» пеш
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз: 60°C пен
Ең жоғары арасына
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады.
Бұл режимді тағамды дайындаудың аяғында
қызарту үшін пайдалануға болады.
Гриль
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз: Ең жоғары
Үстіңгі орта қыздыру элементі іске қосылады.
Грильдің аса жоғары әрі тіке температурасы
ет пен қақталған етті жұмсақ түрде қалдыру
үшін нәрін ішінде ұстай отырып, олардың бетін
қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары бет
температурасын қажет ететін тағамдарға грильді
пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті, қабырға
стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...
Кейбір мысалдар «Тағам дайындау бойынша кеңес»
параграфында берілген.
47
KZ
Төменгі бөлім
Пештің астында пештің
керекарақтары мен
терең ыдыстарды
сақтау үшін қолдануға
болатын бөлім бар.
Есікті ашу үшін оны
төмен қарай тартыңыз
(суретті қараңыз).
Тағам дайындау бойынша кеңес
! ГРИЛЬ режимінде тағамның қалдықтарын (тоң май
не май сияқты) жинау үшін тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
ГРИЛЬ
Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
Пеш шамы
Оны қосу үшін тұтқаны
таңбасына орнатыңыз.
Ол жанады және пештегі кез келген электр қыздыру
элементтері қосылып тұрғанда жанып тұрады.
Термостат шамы
Бұл шам пештің қызып жатқанын білдіреді. Ол
сөнсе, демек пеш ішінде температура термостат
тұтқасымен орнатылған температураға жетті.
Бұл кезде, пеш температураны бір қалыпта ұстап
тұратындықтан бұл шам бір жанып, бір сөнеді.
Таймер тұтқасы
Таймерді пайдалану үшін тұтқаны сағат тілі
бағытында
бір рет толық айналдырып өтіп, оны
құру қажет. Одан кейін, оны артқа қарай бұрыңыз
да
, минуттарды білдіретін сандарды басқару
тақтасындағы белгілерге туралап, қажетті уақытты
орнатыңыз.
47
KZ
48
Реттеу
тұтқасының
қалпы
Дайындалатын тағам Салмақ
(кг)
Төменнен
санағанда
пісіру
тартпасының
позициясы
Алдын ала
қыздыру
ұзақтығы
(минут)
Термостат
тұтқасының
қалпы
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
1 Конвекция Үйрек
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Печенье (кішкентай нан өнімдері)
Бәліш
Лазанья
Жас қой еті
Макрель
Мейіз қосылған кекс
Шайқалған қаймақты бәліш
Пирог
Хош иісті бәліш
1
1
1
-
1
1
1
1
1
0.3
0.5
1.5
3
3
3
3
3
3
2
2
2
3
3
3
15
15
15
15
15
10
10
10
10
10
10
15
200
200
200
180
180
190
180
180
170
180
170
200
65-75
70-75
70-80
15-20
30-35
35-40
50-60
30-35
40-50
30-35
20-25
30-35
2
Кондитерлік
тағамдар
режимі
Көтерілген торттар
Бәліш
Жеміс қосылған бәліш
Бриошьтар
0,5
1
1
0,5
3
3
3
3
15
15
15
15
160
180
180
160
30-40
35-40
50-60
25-30
3 Пештің
жоғарғы
жағы
Кәміл тағам дайындау үшін тағамды
қызарту
- 3/4 15 220 -
4 Гриль Камбала мен каркатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Треска белдемесі
Грильде пісірілген көкөністер
Бұзау етінен пісірілген стейк
Котлет
Гамбургер
Скумбрия
Қызартылған нан мен бутерброд
1
1
1
1
1
1
1
1
№ ° 4
4
4
4
3/4
4
4
4
4
4
5
5
5
5
5
5
5
5
5
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
8-10
6-8
10
10-15
15-20
15-20
7-10
15-20
2-3
Ескертпе: пісіру уақыттары шамалап берілген және оларды жеке қалауға қарай өзгертуге болады.
Грильді пайдаланып тағам дайындаған кезде, тұтқалы таба пештің түбінен санағанда бірінші тартпада
орналастырылуы тиіс.
Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі
49
KZ
Электр плитаны қолдану
Плитаны пайдалану бойынша кеңестер
Пісіру аймағына толық тиіп тұруы үшін асты қалың
әрі тегіс табаларды пайдаланыңыз.
Шығарылған қызуды толық пайдалану үшін
конфорканы толық жабатындай диаметрі үлкен
табаларды пайдаланыңыз.
Табаның асты әрдайым таза әрі құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз: бұл табалардың пісіру
аймақтарына толық тиюін және табалар мен
плита ұзақ уақыт бойы тиімді жұмыс істейтінін
қамтамасыз етеді.
Газ оттығында пайдаланылатын ыдысты
пайдаланбаңыз: газ оттығындағы қызу табаның
қалпының бұзылып, оның бетке толық тимеуіне
себеп болады.
Пісіру аймағын табасыз қосып кетпеңіз, әйтпесе
ол зақымдалуы мүмкін.
Пісіру аймақтарын қосу және өшіру
Плитаның электр конфоркаларын басқару
тұтқалары
Плиталар қалыпты және жылдам электр
конфоркалармен әртүрлі амалдармен жабдықталуы
мүмкін (жылдам конфоркаларды басқаларынан
ортасындағы қызыл дөңгелектерімен айыруға
болады). Қызуды жоғалтпау және конфоркаларға
зақым келтірмеу үшін диаметрі конфорканың
диаметріне сәйкес келетін түбі тегіс табаларды
қолданған жөн. Кестеде тұтқада көрсетілген әртүрлі
параметрлер және конфорканы пайдалануы
ұсынылатын мақсаттар берілген.
Конфоркаларды алғаш рет пайдаланбас бұрын
оларды таба қоймай, 4 минут бойы ең жоғары
температурада қыздыру керек. Осы бастапқы
кезең барысында қорғаушы қаптама қатайып,
өзінің ең жоғары төзімділігіне жетеді.
Электр конфорканың индикатор шамы
Электр конфоркалары бар плитада кез келген
электр конфорка қосылған кезде бұл шам жанады.
Параметр Қалыпты немесе жылдам пеш
0 Өшірулі
1 Көкөніс, балық пісіру
2 Картоп (бумен), ноқат, бұршақ пісіру,
сорпа дайындау
3 Үлкен мөлшерде тағам және көкөніс
қосылған етті сорпаны дайындауды
жалғастыру
4 Қуыру үшін (орташа)
5 Қуыру үшін (орташадан жоғары)
6 Қызарту және қайнауға аз уақытта
жеткізу үшін.
KZ
50
Сақтандырулар мен
кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай
жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен құрылғыда
орналасқан сериялық нөмір тілімшесінде таңбалары
көрсетілген елдер үшін жарамды.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау қажет.
Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса
қауіпті.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен,
аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек
ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында
пайдалануы тиіс. Құрылғыны басқа түрде пайдалану
(мысалы, бөлмені жылыту үшін) дұрыс емес әрі
қауіпті. Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез келген
зақымға өндіруші жауапты болмайды.
Нұсқаулық кітапшасы 1-сынып (оқшауланған)
немесе 2-сынып - 1-ішкі сынып (2 шкаф арасына
орналастырылған) құрылғымен бірге беріледі.
Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру элементтерін
немесе пеш есігінің белгілі бөліктерін ұстамаңыз, бұл
бөліктер қатты қызады. Құрылғыны балалар қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің ыстық
бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пісіру аймақтарында тұрақсыз немесе майысқан табаларды
қолданбаңыз; әйтпесе ондағы сұйықтық кездейсоқ төгілуі
мүмкін. Байқаусыздықтан күйіп қалмау үшін табалардың
тұтқаларын плитаның ортасына қарай бұрып қойыңыз.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған кезде
әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Құрылғыны қолданған кезде оны маңына жанғыш
сұйықтықтар (спирт, бензин және т.б.) қоймаңыз.
Төменгі сақтау бөліміне немесе пештің өзіне жанғыш
заттар салмаңыз. Егер байқаусызда құрылғы қосылса,
бұл заттардың жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар • позициясында
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты
ұстап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан тазалау
немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда жөндеу
жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз адам тарапынан
жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының істен
шығуы немесе жарамсыз болып қалуы мүмкін. Көмек
көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Бөлімнің (бар болған жағдайда) ішкі беттері қызуы мүмкін.
Шыны керамикалық плита соққыларға шыдамды, бірақ
ол қатты істік затпен ұрғанда жарылып (тіпті сынып) кетуі
мүмкін. Егер мұндай жағдай болса, құрылғыны дереу электр
тоғынан суырып қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Плита беті шатынаған болса, тоқ соғудың алдын алу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
Пісіру аймақтары сөндірілгеннен кейін кемінде отыз минут
салыстырмалы түрде ыстық болатынын есте сақтаңыз.
Еритін заттарды плитадан алыс ұстаңыз, мысалы
пластмасса, алюминий немесе құрамында көп
қанты бар өнімдер. Пластикалық үлдірді, алюминий
фольгасын немесе қаптамаларды қолданғанда аса
мұқият болыңыз: егер оларды әлі ыстық беттерге
қойсаңыз, олар плитаны қатты зақымдауы мүмкін.
Плитаға металдан жасалған заттарды (пышақтар,
қасықтар, таба қақпақтары, т.б.) қоймаңыз, себебі олар
қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық
қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем
дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер
жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына
қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Қоқысқа тастау
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына
(WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа заңнамасына
сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты қалалық қалдық
айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған
орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын
ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын
оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.
Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің
бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты
қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері халыққа
қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті
өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз.
ЖОҒАРҒЫ ПЕШ, ГРИЛЬ және ГРАТИН режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою қажет.
Бұл энергияны сақтай отырып (шамамен 10%), жақсы
нәтижеге жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
51
KZ
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Пешті тазалау
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш
затты немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап,
оның сынуына әкелуі мүмкін.
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес
губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу
қажет.
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Болат беттерді жақсылап шайып, мұқият
кептірген абзал.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын
жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз
(суретті қараңыз).
2. Шамды бұрап алып,
оны ұқсас басқа шаммен
ауыстырыңыз: кернеуі 230 В,
қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып,
пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Мәліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
/