R221

ZTE R221 Руководство пользователя

  • Привет! Я чат-бот, который ознакомился с руководством пользователя для мобильного телефона ZTE. Я могу ответить на ваши вопросы о его функциях, таких как установка SIM-карты, использование камеры и других приложений, а также о мерах безопасности. Задавайте ваши вопросы!
  • Как установить SIM-карту?
    Как увеличить память телефона?
    Как заблокировать клавиатуру?
    Как использовать фонарик?
    Что делать, если жидкость из батареи попала на кожу?
Мобильді телефон
Пайдаланушының нұсқаулығы
2
ЗАҢДЫ АҚПАРАТ
Copyright © 2013 ZTE корпорациясы.
Барлық құқықтар қорғалған.
Бұл жарияланымның ешбір бөлігі ZTE Корпорациясының алдын
ала жазбаша рұқсатынсыз фотокөшіруді не микрофильмдерді
қоса, кез-келген түрде не кез-келген электрондық не
механикалық құралдармен дəйексөз алына алмайды, жаңғыртыла
алмайды, аударыла алмайды не пайдаланыла алмайды.
Нұсқауды SRE Корпорациясы басып шығарды. Біз өзімізг
е алдын
ала хабарландырусыз қате басылған сөздерді түзетуге не
спецификацияны жаңартуға құқық қалдырамыз.
: R0.1TE-G R221 нұсқа
3
Мазмұны
Қауіпсіздік....................................................................................5
Қауіпсіздік шаралары ...................................................................5
Жаупкершілікті шектеу ..............................................................16
Негізгі қызметтер .......................................................................17
Пернетақтаны бұғаттау және бұғаттан шығару ..........................19
Интерфейс белгілері ..................................................................20
Батареяны орнату......................................................................21
Батареяны алу ...........................................................................23
Жады картасын орнату ..............................................................26
Мәтінді енгізу.............................................................................30
Байланысты телефон кітабына қосу...........................................31
Қоңырау шалу және қоңырауларды қабылдау ...........................32
4
Хабарлама жіберу ......................................................................33
Хабарлама алу ...........................................................................34
Пайдаланушының профилін орнату ...........................................34
Қоңыраулар тарихын қарап шығу ..............................................35
Шақырулар параметрлерін баптау .............................................35
Телефон баптаулары .................................................................36
Органайзер ................................................................................37
Файлдық менеджер....................................................................37
Камера.......................................................................................38
Ойнатқыш ..................................................................................38
FM-радионы пайдалану..............................................................39
Қызметті пайдалану ...................................................................40
5
Қауіпсіздік
Мобильді телефоныңызды заңсыз пайдаланудан қорғау үшін,
мынадай қауіпсіздік шараларын қолдану керек:
SIM-картаның PIN-кодын орнатыңыз.
телефонды бұғаттау кодын орнатыңыз.
Қоңырауларға шектеу орнатыңыз.
Қауіпсіздік шаралары
Осы бөлім қауіпсіз және тиімді пайдалану бойынша кейбір
маңызды мәліметтерді қамтиды. Өтінеміз, телефонды пайдаланар
алдында осы ақпаратты оқыңыз.
Пайдалану кезінде қауіпсіз шаралары
Өтінеміз, телефонды дұрыс пайдаланыңыз. Қоңырау шалғанда
немесе шақыру қабылдағанда телефонды сымсыз телефон
тәрізді ұстаңыз. Телефон сөйлесу кезінде шамамен екі жарым
сантиметр қашықта болу керек.
6
Телефонды пайдаланған кезде антеннаны ұстамаңыз.
Антеннаны ұстасаңыз, байланыс сапасы нашарлап кетуі мүмкін
және телефонды қажеттен артық қуаттың жоғары деңгейінде
жұмыс істетеді.
Кейбір адамдарда жарқылдың әсерінен эпилептикалық
ұстамалары немесе есінен танып қалулары болу мүмкін,
мысалы теледидар көрсе немесе бейнеойындар ойнағанда.
Егер сізде осындай аурулар болса, отбасыңызда осындай
жағдайлар болса, телефоныңыздағы бейне ойындар ойнар
алдында немесе телефоныңыздағы жарық беру режімін
(жарық беру қызметі барлық өнімлдерде болмайды) қолданар
алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Телефонды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Ойыншық ретінде пайдаланса, телефонмен жарақаттану
мүмкін.
7
Көлік жүргізген кезде қауіпсіздік шаралары
Өтінеміз, жол жүру қауіпсіздігіне назар аударыңыз. Телефонды
пайдаланудың жергілікті заңдарымен және ережелерімен
танысыңыз. Оларды әрқашан орындаңыз.
Егер қолжетімді болса, телефонның қатты дауыс қызметін
қосыңыз.
Жағдай талап етсе, қоңырау шалу немесе шақыруға жауап
беру үшін жолдың шетіне шығып тоқтаңыз.
Медициналық құрылғыларды және аспаптарды
пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары
Қосылған телефонды кардиоынталандырушының қасында
пайдаланғанда телефонды шамамен жиырма сантиметр
қашықтықта ұстаңыз. Кедергі пайда болу мүмкіндігін
туындырмау үшін телефонды төс қалтада,
кардиоынталандырушыға қарама-қарсы құлаққа жақын
ұстамаңыз. Қажет болса, дереу сөндіріңіз.
8
Кейбір телефондар есту аппараттарынң жұмысына кедергі
жасау мүмкін. Осындай кедергілер пайда болған жағдайда, сіз
есту аппараттарын дайындаушысына хабарласыңыз.
Егер сіз өзге жеке медициналық құрылғыны пайдалансаңыз,
онда жоғары жиілік сәулененуден жақсы қорғалғаны туралы
білу үшін құрылғының өндірушісімен кеңесіңіз.
Емхана немесе медициналық мекеме тәрізді ерекше
нысандарда мобильді телефондарды пайдалануға қойылған
шектеулерге назар аударыңыз. Қажет болса, телефонды
сөндіріңіз.
9
Мобильді телефон
Телефонның өндірушісі рұқсат еткен және сәйкес келетін
аксессуарларды пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін
аксессуарларды пайдалану мобильді телефонның жұмысына
әсер етуі, телефонға зақым келтіру, тіпті сіздің
денсаулығыңызға қауіп төндіру мүмкін және
телекоммуникациялық терминалдар туралы тиісті жергілікті
ережелерді бұзады.
Тазартар алдында телефонды сөндіріңіз. Телефонды тазарту
үшін дымдалған немесе антистатикалық матаны пайдаланыңыз.
Құрғақ матаны немесе электростатикалық қуатпен матаны
пайдаланбаңыз. Химиялық немесе абразивті тазартқыш затты
пайдаланбаңыз, өйткені бұл телефонды зақымдауы мүмкін.
Мобильді телефоныңыз электр магниттік өрістер шығара
алатындығынан, компьтерлік дискілер тәрізді магниттік
элементтер көздері жанына қоймаңыз.
Кедергі жасайтын компьютер, теледидар, телефон, радио
тәрізді элект құралдардың жанында пайдаланбаңыз.
10
Телефонға тікелей күн сәулелерінің түсуінен қорғаңыз және
жоғары температурасымен жерлерде сақтамаңыз. Жоғары
температура электронды құралдардың қызмет мерзімінің
қысқаруына әкеліп соғады.
Телефонды құрғақ жерде ұстаңыз. Кез келегн сұйықтық
телефоныңызды зақымдауы мүмкін.
Телефонды құлатпаңыз, соққылардан сақтаңыз. Телефонды
абайсыз пайдалансаңыз ішкі плпталардың зақымдалуына
әкеліп соғады.
Телефонға үйлеспейтін аксессуар қоспаңыз.
Мобильді телефонды немесе батареяны бөлшектеуге
тырыспаңыз.
Телефонды тез өртенгіш немесе жарылғыш өнімдермен бірге
сақтамаңыз.
Мобильді телефонды батареясыз қуаттандырмаңыз.
11
Жарылу қауіпі бар жерлерде қауіпсіздік шаралары
Телефонды жарылу қауіпі бар жерлердің аумағына кірер
алдында сөндіріңіз, мысалы, химиялық заттарды тасымалдау
немесе сақтау орындары.
Осындай аумақтарда батареяны шығармау, орнатпау және
қауаттандырмау керек. Жарылу қауіпі бар жерлерде ұшқындар
жарылысқа және өртке әкеліп соғуына, немесе дене
жарақатына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Жаратын жұмыстарды жүргізгенде мүмкін болатын
кедергілерді болдырмау үшін «Электронды құралдарды
сөндіріңіз» маңдайша жазуы бар жарылу аймақтарда және
орындарда, электр детонаторлардың қасында телефонды
сөндіріңіз. Барлық ережелерді және нұқсаулықтарды қатаң
сақтаңыз.
12
Электронды құралдар үшін қауіпсіздік шаралары
Көлік құралдардың электронды жүйелері тәрізді кейбір толық
қорғалмаған электронды құралдар мобильді телефондардың
электр магниттік кедергілерінің әсеріне ұшырайды. Өтінеміз,
қажеттілік туындаса телефонды пайдаланар алдында
құрылғының өндірушісіне хабарласыңыз.
13
Көлік құралдарындағы қауіпсіздік техникасы және жалпы
пайдалану
Қауіпсіздік жастықтары, тежегіштер, басқару жүйесінің
жылдамдығы сымсыз таратуға кедергілер тудырмау керек.
Егер сіз жоғарыда көрсетілгендерге тап болсаңыз, онда
автокөлік жеткізушісімен байланысыңыз. Телефонды
қауіпсіздік жастықтың үстіне немесе қауіпсіздік жастықтары
ашылатын аумаққа қоймаңыз. Қауіпсіздік жастықтары үлкен
жылдамдықпен ашылады. Егер телефон қауіпсіздік
жастықтарының ашылатын аумағында болса, қауіпсіздік
жастықтары ашылған кезде телефон қатты күшпен соғылу
және көлік жүргізушісін және көліктің ішіндегілерді зақымдау
мүмкін.
Өтінеміз, жанар май құю станцияларында және екі жақты
радиобайланысты пайдалануға тыйым салынған жерлерде
мобильді телефонды сөндіріңіз.
14
Ұшақтарда ұшу қауіпсіздігі
Ұшақ ұшар алдында мобильді телефоныңызды сөндіріңіз.
Ұшақтардың байланыс жүйесін кедергілерден қорғау
мақсатында ұшу кезінде мобильді телефонды пайдалануға
тыйым салынады. Қауіпсіздік ережелері ұшақ жерде тұрған
кезінде телефонды пайдалануға экипаж мүшелерінен рұқсат
алуды қажет етеді.
Егер мобильді телефонда автоматты түрде қосылу қызметін
болса, ұшу кезінде телефоныңыз автоматты түрде қосылып
кетпеуіне көз жеткізу үшін, оятқыш баптауларын тексеріңіз.
Батареяны пайдалану
Батареяны ыстық жерлерде ұстамаңыз және оны отқа
лақтырмаңыз. Кері жағдайда, жарылысқа әкеліп соғады.
Батареяны бөлшектемеңіз және шығармаңыз. Кері жағдайда,
сүйықтықтың ағып кетуіне, батареяның қызуына, жарылуына
және тұтанып кетуіне әкеліп соғады.
15
Өтінеміз, егер оны ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз,
батареяны құрғақ салқан жерде сақтаңыз.
Батареяны бірнеше жүз рет қауаттандыруға болады, бірақ
бірте-бірте ол тозады. Егер жұмыс уақыты (сөйлесу немес күту
режімінде) бұрынғыдан қарағанда айтарлықтай қысқарса, онда
оны жаңаға ауыстыру уақыты келді.
Тозу дәлелі пайда болған кезде қу
аттандыру құралын және батареяны пайдалануды тоқтатыңыз.
Ескірген батареяларды провайдерге қайтарыңыз немесе
қоршаған орта ережелеріне сәйкес тиісті жерге тастаңыз.
Тұрмыс қалдықтарымен бірге тастамаңыз.
Телефон өндірушісімен рұқсат етілген үйлесетін батареяларды
немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз. Кез келген рұқсат
етілмеген батареяны пайдалану телефон жұмысына әсер етуі
немесе жарылысқа әкеліп соғуы мүмкін.
16
Назар аударыңыз: Егер батарея зақымдалған болса,
пайдаланбаңыз оны. Егер батареяның сүйықтығы теріңізге
немесе көзіңізге тисе, таза сумен ұқыпты жуыңыз және дәрігер
көмегіне жүгініңіз.
Жаупкершілікті шектеу
ZTE осындай зиянның келуі туралы білгеніне және есертпегеніне
қарамастан, осы өнімді пайдалануымен байланысты немесе
нәтижесінде кез келген жанама, арнайы, кездейсоқ кірістердің
жоғалуына немесе шығындары үшін жауапкершілік тартпайды.
Пайдаланушы кепілдік талонымен толық кепілді қызмек алу үшін
хабарласу керек.
Ескерту: нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен белгілер
қызметтердің сұлбалық сызбалары болып табылады. Егер олар
телефоныңызға сәйкес келмесе, өтінеміз, телефоныңызды мысал
ретінде қараңыз. Егер нұсқаулықта телефон қызметерінде
сәйкестік болмаса, ZTE Corporationың кезекті ашық ақпаратын
алыңыз.
интерфейс гарнитурасы
# батырмасы* батырмасы
Жіберу батырмасы
Солға/оңға батырмалары
Қуаттандыру ұяшығы
құлаққап
Фонарь
Əріптік-сандық
батырмалары
Қосу/сөндіру пернесі
4-позициялық
навигациялық
батырмалары жəне
орталық батырмасы
18
Қызметтері Сипаттамасы
Сол батырма
Экранның сол төмен жағында
көрсетілген қызметтерді орындайды.
Оң батырма
Экранның оң төмен жағында көрсетілген
қызметтерді орындайды.
Орталық батырма Әрекетті растау үшін «таңдау» басыңыз.
4-позициялық
навигациялық
батырма
Бұл батырма (жоғары, төмен, солға және
оңға) мәзір бойынша навигация және
мәзірдің кейбір қызметтеріне жылдам
қатынау үшін пайдаланады.
Жіберу батырмасы
Телефон нөмірін теру немесе шақыруға
жауап беру үшін, сонымен қатар түту
режімінде қоңыраулар тарихын қарап
шығу үшін басыңыз.
Қосу/сөндіру
батырмасы
Күту режіміне кіру үшін басыңыз.
Қосу/сөндіру үшін басып ұстап тұрыңыз.
19
Әріптік-сандық
батырмалар
0-9 сандары және A-Z әріптерін енгізу
үшін басыңыз
Ескерту: осы нұсқаулықта «батырманы басыңыз» деген
батырманы басып жібере салуды білдіреді, «батырманы ұстап
тұрыңыз» дегенді батырманы басып екі секундтай ұстап тұруды
білдіреді.
Пернетақтаны бұғаттау және бұғаттан
шығару
Пернетақтаны бұғаттау үшін , күту режімінде сол батырманы,
содан кейін * батырмасын екі секундтай басыңыз. Бұғаттан шығару
әдісі тұра сондай.
Пернетақтаны бұғаттау абайсызда жасалатын әрекеттерді
болдырмайды. Сіз пернетақта бұғатталып тұрған кезде жалпы
режімінде кіріс қоңырауға жауап бере аласыз.
20
Интерфейс белгілері
Сигнал қарқыны
Жаңа SMS
Пернетақта
бұғатталған
Дыбыссыз
Батарея деңгейі
Жалпы
Оятқышты орнату
Құлаққап
Жаңа MMS
Қабылданбаған
қоңырау
/