MF65M

ZTE MF65M Руководство пользователя

  • Привет! Я — чат-бот, который изучил руководство пользователя модема ZTE MF65M. Я могу ответить на ваши вопросы о его установке, настройке и использовании. В руководстве описаны способы подключения к интернету через 3G и Wi-Fi, а также подробные инструкции по устранению неисправностей. Задавайте свои вопросы!
  • Как подключить модем к компьютеру?
    Как подключиться к интернету через Wi-Fi?
    Что делать, если модем не подключается к интернету?
    Как изменить пароль Wi-Fi?
1
MF65M
Қысқаша нұсқаулық
ZTE CORPORATION
Хай-Тек оңтүстік жолы, 55, Шэньчжэнь, Қытай Халық
Республикасы
Пошталық индексі: 518057
2
Құрылғымен танысу
Сыртқы түрі
Суретте сұлба тек үлгі ретінді берілген.
1. LED индикаторлары
2. Қосу батырмасы
3. WPS батырмасы
4. Қуаттаушы/ микро USB-ажыратқыш
5. SIM-картаға арналған ұяшық
6. microSD-картаға арналған ұяшық
ЕСКЕРТПЕ:
MicroSDHC™ логотипі SD-3C, LLC сауда белгісі
болып табылады.
3
Индикаторлар
Құрылғы қосылып тұрғанда, LCD экранда төменде
көрсетілген тиісті нұсқаулармен мынадай белгілер пайда
болу мүмкін:
Индикатор Жағдайы Сипаттамасы
Желі
Тұрақты қызыл
Қатені білдіреді. Ұялы
байланыс желісінде
тіркелмеген, жабдықта
SIM-карта жоқ немесе
желілік сервер
қолжетімсіз.
Тұрақты жасыл
Мобильді желіде
тіркелген.
Жыпылықтаған
жасыл
Мобильді байланыс
желісіне және деректер
жіберу қызметіне қосылу.
Wi-Fi
Жыпылықтаған
көгілдір
Wi-Fi белсенді.
Тұрақты көгілдір WPS белсенді.
LED жанбайды
Wi-Fi сөндірілген немесе
жабдық күту режімінде.
Құрылғымен танысу
4
SMS
Тұрақты көгілдір
Оқылмаған хабарламалар
бар.
Жыпылықтаған
көгілдір
Сіз жаңа хабарламалар
алдыңыз.
LED жанбайды Хабарламалар жоқ
Батарея
Тұрақты қызыл
/жыпылықтаған
Батареяның қуаты
таусылды. Өтінеміз,
аккумуляторды қуаттаңыз.
Жыпылықтаған
жасыл
Аккумулятор қуатталуда.
Тұрақты жасыл
Батарея қуатының деңгейі
орташа немесе жоғары.
LED жанбайды
Құрылғы күту режімінде,
қуатталмай тұр немесе
батарея орталмаған.
Құрылғымен танысу
5
Қосылу сценарийлері
Құрылғыда интернетке қатынаудың екі тәсілі бар және
бірнеше пайдаланушыға бір уақытта жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. Келесі суретте сұлба тек үлгі ретінде
көрсетілген.
3G режімі: SIM-карта Интернетке қатынау үшін
пайдаланылады.
Wi-Fi интернет режімі: Интернетке қосылу үшін
құрылғы WLAN құрылғысына (мысалы, құрылғының
қосылу нүктесі немесе сымсыз бағыттауыш) Wi-Fi
арқылы қосыла алады. WLAN құрылғысы Интернетке
қосылып тұру тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы және WLAN құрылғысы түрлі кіші
желілерде болу тиіс.
Құрылғымен танысу
6
Құрылғыны орнату
1. Артқы қақпақшаны ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қақпақшаны дөрекі ашпаңыз.
2. SIM картасын SIM-картаға арналған ұяшыққа енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз микро/нано SIM-
картаны немесе кез келген стандартқа сай емес сим-
картаны қолдамайды. Құрылғы бұзылмау үшін, оларды
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен танысу
7
3. Қажет болса MicroSD-картаны орнатыңыз.
Құрылғыны орнату
8
4. Аккумуляторды орнатыңыз.
5. Артқы қақпақшаны жабыңыз.
Құрылғыны орнату
9
Құрылғыға қосылу
Wi-Fi пайдалану
1. Құрылғыны қосу.
2. Компьютерге немесе басқа клиенттік құрылғыларға Wi-
Fi және қолжетімді сымсыз желілерді іздеу қолжетімді
екеніне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: сымсыз желілерді іздеу туралы
толық ақпаратты алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын
басшылыққа алыңыз. Егер Сіз компьютерді пайдалансаңыз,
онда IP-адресті автоматты түрде алу үшін компьютеріңізді
баптаңыз.
1. Құрылғыңыздан Wi-Fi-ды (SSID) таңдаңыз да «Қосылу»
батырмасын басыңыз.
2. Қажет болса Wi-Fi құпия сөзін енгізіңіз және ОК
батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бастапқы қалып бойынша Wi-Fi SSID және
құпия сөзді алу үшін Wi-Fi SSID және құпия сөзбен танысу
бөлімін қараңыз.
Клиент құрылғыға қосылғанша күте тұрыңыз.
10
USB-шоғырсымды пайдалану
1. Құрылғыны компьютерге USB-шоғырсым арқылы
қосыңыз.
2. Құрылғыны қосыңыз. Операциялық жүйе жаңа
жабдықты табады және сәйкестендіреді, одан кейін
жабдықты автоматты түрде орнатады.
ЕСКЕРТПЕ:
Егер жүйе автоматты түрде қосылмаса, онда сіз Менің
компьютерім > ZTEMODEM қадамы бойынша орнату
бағдарламасын іске қоса аласыз.
Клиент құрылғыға қосылғанша күте тұрыңыз.
Wi-Fi SSID және құпия сөзді алу
Бастапқы қалып бойынша Wi-Fi SSID және құпия сөзді алу
үшін құрылғының затбелгісін қараңыз.
Құрылғыға қосылу
11
Конфигурация бетінде 3G мобильді
қосылыс нүктесін тіркеу
1. Құрылғы мен клиенттік құрылғы арасында қосылу
дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
2. Веб-шолушыны іске қосыңыз және мекенжай жолында
http://192.168.0.1 немесе http://u.ztedevice.com
енгізіңіз
ЕСКЕРТПЕ: IE (7.0 немесе соңғысы), Firefox (15,0
немесе соңғысы), Opera (10,0 немесе соңғысы), Safari
(4.0 немесе соңғысы) немесе Google Chrome (10,0 немесе
соңғысы) нұсқасын пайдалануға кеңес беріледі.
3G мобильді қосылу нүктесінің конфигурациясы бетіне кіру
үшін құпия сөзді енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бастапқы қалып бойынша құпия сөз - admin.
Wi-Fi SSID немесе құпия сөзді ауыстыру
1. 3G мобильді қосылу нүктесінің конфигурациясы бетіне
кіріңіз.
2. Баптаулар> Wi-Fi баптаулары> Негізгі баптаулар
таңдаңыз.
3. Басты SSID желі атын (SSID) немесе сөйлемшені (құпия
сөз) енгізіңіз.
4. Қолдану батырмасын басыңыз.
12
Интернетке қосылу
3G режимі
Клиент құрылғыға сәтті қосылғаннан кейін, Сіз
автоматты түрде және қолмен баптап Интернетке қосыла
аласыз. Бастапқы қалып бойынша автоматты режим
пайдаланылады.
Режимі Oперациялар
Автоматты
түрде
Құрылғы Интернетке автоматты түрде
қосылады, содан кейін клиенттер
Интернетке кіре алады.
Қолмен
1. Конфигурацияның 4G мобильді
қосылысының веб-бетіне кіріңіз.
2. Баптаулар> Желінің баптаулары>
Қашықтан қосылу баптаулары>
WAN қосылыс режимін таңдаңыз,
содан кейін Қолдану батырмасын
басыңыз.
3. Басты бет>Қосылу/Сөндіру.
ЕСКЕРТПЕ:
Құрылғының параметрлерін өзгерту үшін, 3G мобильді
қосылыс конфигурациясының бетіне кіріңіз.
13
Wi-Fi Интернет режимі
1. 3G мобильді қосылыс конфигурациясының бетіне
кіріңіз.
2. Баптаулар>Wi-Fi Интернетті таңдаңыз.
3. Wi-Fi Интернет ауыстырғышын және қалаған желіні
орнатыңыз және Қолдану батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосу үшін Wi-Fi Интернет ауыстырғышын
және Wi-Fi-ға арналған қалаған желіні таңдаңыз.
4. Wi-Fi-ға қосылу нүктесін қосыңыз.
Келесі екі әдіс мысал үшін.
u
Wi-Fi аясында аталған Wi-Fi-ға қосылу нүктесін
таңдаңыз, құпия сөйлемшені Код сөзі жолағына енгізіңіз
және Қолдану батырмасын басыңыз.
u
Қосу батырмасын басыңыз, Wi-Fi аясында аталған Wi-
Fi-ға қосылу нүктесі туралы ақпаратты енгізіңіз және
Қолдану батырмасын басыңыз.
Интернетке қосылу
14
Клиенттік құрылғы Wi-Fi-ға қосылу нүктесіне сәтті
қосылғаннан кейін, Сіз Интернетке қосыла аласыз. Келесі
процедура Wi-Fi-ға қосылу үшін Windows 7 операциялық
жүйесінде Интернет-хаттаманы қалай баптауға болатынын
сипаттайды.
1. Желіге тінтуірдің оң батырмасын басыңыз және
Сипаттамаларын таңдаңыз.
2. Адаптер параметрлерін өзгерту тармағын таңдаңыз.
3. Сымсыз желілік қосылыс батырмасын басыңыз және
Сипаттамаларын таңдаңыз.
4. 4 нұсқаның Интернет хаттамасын (TCP / IPv4)
таңдаңыз және Сипаттамаларын таңдаңыз.
5. IP-адресті автоматты түрде алу және DNS-сервердің
адресін автоматты алу батырмаларын таңдаңыз да
ОК батырмасын басыңыз.
Интернетке қосылу
15
Қауіпсіздік шаралары
Пайдаланушыға арналған
Егер кейбір электронды құралдар жеткілікті қорғалмаса,
онда олар көлік жүйелерінің электронды жүйелері
тәрізді электр магниттік кедергілер әсеріне ұшырайды.
Пайдаланар алдында құрылғының өндірушісімен
кеңесіңіз.
Операциялық құрылғы есту аппараттары,
кардиостимулятор тәрізді медициналық құралдарға
әсер етуі мүмкін. Ондай құралдар қосылып тұрғанда,
өтінеміз, солардан 20 сантиметр қашықтықта ұстаңыз.
Қажет болса, құрылғыны сөндіріңіз. Пайдаланар
алдында дәрігермен немесе медициналық құралдың
өндірушісімен кеңесіңіз.
Құрылғыны пайдаланғанда шектеулерді сақтаңыз.
Маршрутизаторды жарылу қауіпі бар немесе жарылу
қауіпі бар өнімдер өңделетін мұнай өнімдер қоймасы
немесе химиялық фабрика сыңайлы қауіпті ортада
пайдаланбаңыз. Қажет болса, құрылғыны сөндіріңіз.
Электронды жіберу құрылғыларын ұшақтарда,
жанармай станцияларында және емханаларда
пайдалануға тыйым салынады. Барлық ескертпе
белгілерін орындаңыз және сақтаңыз, осындай
жағдайларда құрылғыны сөндіріңіз.
16
Егер қажеттілік болмаса, антеннаның ішкі аумағына қол
тигізбеңіз. Кері жағдайда ол құрылғының жұмысына
әсер тигізеді.
Құрылғыны тұйық кеңістікте немесе жылу шығаруы
дұрыс емес жерде пайдаланбаңыз. Осындай жерде
ұзақ уақыт жұмыс істеу қызып кетуге әкеліп соғады және
қоршаған ортаның температурасын көтеріп жіберді, ол
сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, құрылғының автоматты түрде
сөндірілуіне әкеліп соғады. Осындай жағдай болған
жағдайда, дұрыс пайдалану үшін құрылғыны жақсы
желдетілетін жайда салқындату қажет.
Кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құрылғыны ойыншық ретінде пайдаланса, жарақат алу
мүмкін.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, күйіп қалмау үшін
металл бөлшектеріне қол тигізбеңіз.
Түпнұсқалық аксессуарларды пайдаланыңыз. Кез келген
басқа аксессуарларды пайдалану құрылғыңыздың
жұмысына әсер келтіреді және телекоммуникациялық
терминалдар туралы тиісті ережелерді бұзады.
Қауіпсіздік шаралары
17
Электрмагниттік толқындар шығаратын
металлқұрылғылардың немесе мекемелердің жанында,
не ішінде пайдаланбаңыз. Кері жағдайда бұл сигнал
қабылдауға әсер етеді.
Бұл құрылғы су өткізбейтін емес. Оны құрғақ ұстаңыз
және қараңғы, салқын жерде ұстаңыз.
Құрылғыны температура күрт өзгерген кезде
пайдаланбаңыз. Мұндай жағдайда, құрылғының іші-
сыртында ылғал пайда болады, сол үшін оны құрғап,
кепкенше пайдалануға болмайды.
Құрылғыны ұқыпты пайдаланыңыз. Лақтырмаңыз,
майыстырмаңыз, кері жағдайда құрылғы бұзылады.
Бөлшектемеңіз, тек кәсіби мамандар жөндеу
жұмыстарын жүргізе алады.
Жұмыс температурасының диапазоны 0 ° C ~ +45 ° C
дейін және ылғал 5% ~ 95% дейін болу керек.
Аккумуляторды пайдалану
Құрылғының ішіне құрылған аккумуляторды өз бетіңізбен
ауыстырмаңыз. Батарея ZTE-нің мамандандырылған
қызмет көрсету орталығында ауыстырылуы тиіс.
Қауіпсіздік шаралары
18
Шектелген кепілдік
Бұл кепілдік Өнімнің келесі себептерден болған ақауларына
немесе қателеріне қолданылмайды:
І. Табиғи тозудан.
ІІ. Ақырғы пайдаланушының ZТЕ-ні орнатуға, жұмыс
істеуге немесе қызмет көрсетуге қатысты нұсқаулары
мен рәсімдерін бұзуынан.
ІІІ. Өнімді дұрыс ұстамаудан, салақтықтан не дұрыс
орнатпаудан, бөлшектемеуден, сақтамаудан, қызмет
көрсетпеуден немесе пайдаланбаудан.
IV. ZТЕ немесе ZТЕ сертификаттаған адамдар жүргізбеген
түрлендіруден не жөндеуден.
V. Қоректендірудің үзілуінен, өрттен, су тасқынынан,
апаттардан, үшінші тараптардың әрекеттерінен не ZТЕ
негізді бақылауынан тыс басқа жағдайлардан.
VI. Мұндай ақаулар қиыстырып пайдаланудың себебінен
орын алған болса, үшінші тараптардың өнімдерін
пайдаланудан не үшінші тараптардың өнімдерімен бірге
пайдаланудан.
VII. Өнімнің қалыпты пайдаланылуынан тыс кез-келген
басқа себептерден.
Қауіпсіздік шаралары
19
Ақырғы пайдаланушының жоғарыда аталған жағдайларда
Өнімнен бас тартуға не оны қайтаруға не ZTE-дан Өнімге
жұмсалған ақшаны қайтарып алуға құқығы болмайды.
Осы кепілдік өнімнің бұзылуынан немесе стандартқа
сәйкес келмейтін өнімнен, пайдаланушының
жалғыз қорғаныс құралы және ZTE компаниясының
жалғыз жауапкершілігі болып табылады және
заңмен белгіленген не көзделген басқа кепілдіктерді
алмастырады, оның ішінде нақты мақсаттарға сай тауар
жарамдылығы мен жағдайының кепілдігін ескереді,
егер өзгесі заңмен көзделген нормаларға сәйкес талап
етілмесе.
Жауапкершілікті шектеу
ZTE табыстарды жоғалтуды, бизнестің уақытша тоқтатуын,
капиталдың құнын, өндірістік үй-жайларды не өнімді
ауыстырудың құнын немесе тұрып қалуға байланысты кез-
келген басқа шығындарды қоса, бұл өнімді пайдаланудан
туындайтын не соған байланысты кез-келген табыстарды
жоғалту не жанама, арнайы, қосымша не қосалқы
зиян үшін, ZTE мұндай зиянның мүмкін екені туралы
ескерткеніне, білгеніне немесе білуі керек болғанына
қарамастан жауап бермейтін болады.
Қауіпсіздік шаралары
20
ЗАҢДЫ АҚПАРАТ
Copyright © 2014 Корпорация ZTE.
Барлық құқықтар қорғалған.
Бұл жарияланымның ешбір бөлігі ZTE Корпорациясының
алдын ала жазбаша рұқсатынсыз фотокөшіруді не
микрофильмдерді қоса, кез-келген түрде не кез-келген
электрондық не механикалық құралдармен дәйексөз
алына алмайды, жаңғыртылмайды, аударылмайды не
пайдаланылмайды.
Нұсқаулықты SRE Корпорациясы басып шығарды. Біз
өзімізге алдын ала хабарландырусыз қате басылған
сөздерді түзетуге не спецификацияны жаңартуға құқық
қалдырамыз.
Нұсқа нөмірі: №: R1.0
Жарияланған күні: 2014ж. 13 тамыз.
Нұсқаулықтың нөмірі: 079584506916
/