EOC6851AAX

Electrolux EOC6851AAX Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я прочитал руководство пользователя для духового шкафа Electrolux модели EOC6851 и готов ответить на ваши вопросы. В руководстве подробно описаны функции устройства, включая приготовление на пару, различные режимы нагрева и автоматические программы. Я также владею информацией о пиролитической самоочистке и других важных аспектах использования духовки. Задавайте свои вопросы!
  • Как использовать функцию приготовления на пару?
    Как работает пиролитическая самоочистка?
    Как установить время на часах?
EOC6851
................................................ .............................................
KK БУ ПЕШІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ДУХОВОЙ ШКАФ С
ФУНКЦИЕЙ ПАРА
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
45
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
7. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
8. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
11. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35
13. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 42
14. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
15. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
ҚАЗАҚ 3
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Пиролитпен тазалау алдында көп ластықты тазалау керек.
Тұмшапештің ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
Осы құрылғыға ғана арналған ішкі температура сенсорын
пайдаланыңыз.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре сырғытпасының
алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік
қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын әрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған
конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын
етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
4
www.electrolux.com
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Ашаны розеткаға қосар алдында
құрылғының есігін толық жабыңыз.
2.2 Пайдалану
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
немесе жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын
немесе ашық отты жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыстарды және тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
Буға пісіру
Назарыңызда болсын!
Күйіп қалу және құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Тағамды буға пісіру кезінде құрылғының
есігін ашпаңыз. Бу шығып кетуі мүмкін.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 5
Құрылғының ішінде қалған майдың немесе
тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын
орындаңыз.
Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын!
Күйіп қалу қаупі бар.
Пиролит функциясымен өздігінен тазалау
немесе Функцияны алғаш рет қолданар
алдында тұмшапештен келесі заттарды
алыңыз:
Тағам қалдықтарын, май немесе тоңмай
шашырандыларын / жиналған
қалдықтарды.
Алмалы керек-жарақтарды (соның
ішінде, құрылғымен бірге жеткізілген
сөрелерді, сырғытпа жолдарды т.с.с.),
зат жабыспайтын қаптамасы бар
табаларды, науаларды, ыдыстарды,
т.с.с.
Пиролитпен тазалау нұсқауларын мұқият
оқып шығыңыз.
Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып кетеді.
Пиролитпен тазалау жоғары
температурада іске асырылады және тағам
қалдықтарынан, қолданылған
материалдардан күшті иіс шығуы мүмкін,
сондықтан да пайдаланушыларға келесі
жағдайларды ерекше ескертеміз:
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үнемі жақсы
желдетіңіз.
Бірінші рет қосқан кезде және бірінші рет
қолданып болғаннан кейін жоғары
температураға қойып жақсылап
желдетіңіз.
Пиролитпен тазалау барысында және
тазалап болғаннан кейін үй жануарларын
(әсіресе құстарды) құрылғының қасынан
алыңыз және жақсы желдетілген жерде
әуелі ең жоғары температураға қойыңыз.
Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында бөлінетін
түтіндердің барлығына адамдарға
қарағанда ерекше сезімтал келеді.
Кішкене үй жануарлары да Пиролитпен
өздігінен тазалау бағдарламасы қосылып
тұрғанда, Пиролит тұмшапештерінің
қасындағы температураның өзгерісіне өте
сезімтал келеді.
Кәстрөлдердің, табалардың, науалардың,
ыдыстардың т.с.с. зат жабыспайтын
қаптамасы барлық Пиролит
тұмшапештерінің жоғары температурада
Пиролитпен тазалау бағдарламасы жұмыс
істеп тұрған кезде бүлініп қалуы мүмкін
және олардан аздаған зиянды түтіндер
бөлінуі мүмкін.
Пиролит тұмшапештерінен / Тағам
қалдықтарынан бөлінген, жоғарыда
сипатталған түтіндердің адамдарға, соның
ішінде жас балалар мен дәрігердің
бақылауындағы адамдарға зияны жоқ.
2.4 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
6
www.electrolux.com
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
5
12
9
10
8
4
3
11
7
5
4
1
2
3
1 2
6
1
Электрондық бағдарламалағыш
2
Су тартпасы
3
Ішкі температура сенсорлық құралының
розеткасы
4
Гриль
5
Тұмшапештің шамы
6
Желдеткіш
7
Сөренің алмалы сырғытпалары
8
Су төгетін түтік
9
Су төгетін түтіктің клапаны
10
Техникалық ақпарат тақтайшасы
11
Сөре деңгейлері
12
Бу жіберетін түтікше
3.1 Тұмшапештің керек-жарақтары
Торкөз сөре
Ыдыстарға, торт қалыптарын қоюға, тағам
қуыруға арналған.
Пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль- / Қуыру науасы
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын
таба ретінде қолдануға арналған.
Ішкі температура сенсоры
Тағамның қаншалықты піскенін тексеруге
арналған.
Сырғытпа жолдар
Сөрелер мен науаларға арналған.
Диеталық тағамдар пісірілетін ыдыс
Бумен пісіру функциялары үшін.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
4.1 Алғашқы тазалау
Керек-жарақтарының барлығын және
алмалы сөре сырғытпаларын (бар болса)
алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
4.2 Алғаш рет іске қосу
Құрылғыны электр желісіне жалғау үшін
немесе тоқ сөніп қалғаннан кейін тілді,
бейнебет контрастын, бейнебет
ажыратымдылығын және тәулік уақытын
орнату қажет.
1.
Мәндерді орнату үшін немесе
түймешігін басыңыз.
2.
OK түймешігін басып растаңыз.
4.3 Алдын ала қыздыру
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны 45 минут қосып қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс және түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналуын қамтамасыз етіңіз.
ҚАЗАҚ 7
5. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Электрондық бағдарламалағыш
1 10
11
2 43 8 95 6 7
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық алаңдарды пайдаланыңыз
Нөмір
Сенсорлық
өріс
Функция Түсіндірме
1
Қосу/сөндіру Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге
арналған.
2
Heating Functions
(Қыздыру
функциялары)
немесе Assisted
Cooking (Пісіру
барысында
көмектесу)
Қыздыру функциясын немесе Assisted
Cooking (Пісіру барысында көмектесу)
функциясын таңдау. Қажетті функцияны
ашу үшін құрылғы іске қосылған кезде өрісті
бір немесе екі рет түртіңіз. Шамды жағу
немесе сөндіру үшін өрісті 3 секунд
басыңыз.
3
Басты перне Мәзірде бір деңгей артқа жылжуға
арналған. Басты мәзірді көрсету үшін өрісті
3 секунд басыңыз.
4
Температураны
таңдау
Температураны орнату немесе құрылғының
ағымдық температурасын көрсету. Fast
Heat Up (Жылдам қыздыру) функциясын
іске қосу немесе ажырату үшін өрісті 3
секунд басыңыз.
5
Favourite
Programme
(Таңдаулы
бағдарлама)
Таңдаулы бағдарламаларды сақтауға және
оларға баруға арналған.
6
"Жоғары" пернесі Мәзірде жоғары жылжуға арналған.
7
"Төмен" пернесі Мәзірде төмен жылжуға арналған.
8
Уақыт және
қосымша
функциялары
Түрлі функцияларды орнату. Қыздыру
функциясы жұмыс істеп тұрғанда, таймерді,
Балалар қауіпсіздігі, Таңдаулы бағдарлама
жады, Қыздыру + Кідірту немесе Орнату +
Орындау функцияларын орнату үшін
немесе ішкі температура сенсорының
параметрлерін өзгерту үшін сенсорлық
өрісті түртіңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
8
www.electrolux.com
Нөмір
Сенсорлық
өріс
Функция Түсіндірме
9
Минут операторы Минут операторы -н орнату.
10
OK Таңдалған элементті немесе параметрді
құптау.
11
Бейнебет Құрылғының ағымдық параметрін
көрсетеді.
Бейнебет
A
DE
B C
A)
Қыздыру функциясы
B)
Тәулік уақыты
C)
Қыздыру индикаторы
D)
Температура
E)
Ұзақтық және Аяқтау функциялары
Бейнебеттегі басқа индикаторлар
Белгіше Функция
Минут операторы Функция жұмыс істейді.
Тәулік уақыты Бейнебетте тәулік уақыты көрсетіледі.
Ұзақтық Бейнебетте қажетті тағам пісіру уақыты көрсетіледі.
Аяқтау Бейнебетте пісіру уақыты қашан аяқталатыны
көрсетіледі.
Уақыт көрсеткіші Бейнебетте қыздыру функциясының қаншалықты
ұзақ жұмыс жасайтыны көрсетіледі. Уақытты нөлге
қою үшін
және түймешіктерін бір уақытта
басыңыз.
Қыздыру индикаторы Бейнебетте құрылғы ішіндегі температура
көрсетіледі.
Жылдам қыздыру
индикаторы
Функция жұмыс істейді. Бұл функция қыздыру
уақытын азайтады.
Автоматты салмақ Бейнебетте автоматты салмақ жүйесінің жұмыс
жасап тұрғаны немесе салмақты өзгертуге болатыны
көрсетіледі.
Қыздыру + Кідірту Функция жұмыс істейді.
6. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
6.1 Мәзір ішінде шарлау
Мәзірлердің жұмысы:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
ҚАЗАҚ 9
2.
Мәзір параметрін таңдау үшін
немесе түймешігін басыңыз.
3.
Ішкі мәзірге өту немесе параметрді
растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Негізгі мәзірге
түймешігінің көмегімен кез
келген уақытта оралуға болады.
6.2 Мәзірлердің жалпы көрінісі
Негізгі мәзір
Белгіше Мәзір элементі Қолданылуы
Қыздыру функциялары Қыздыру функцияларының тізімдері қамтылған.
Пісіру барысында
көмектесу
Автоматты түрде пісіретін бағдарламалар тізімін
қамтиды.
Таңдаулы бағдарламалар
Пайдаланушы жасаған, таңдаулы пісіру
бағдарламаларының тізімі қамтылған.
Пиролит Пиролитпен тазалау.
Негізгі параметрлер
Бұны басқа параметрлерді орнату үшін
пайдалануға болады.
Арнайы тағамдар
Қосымша қыздыру функцияларының тізімі
қамтылған.
Ішкі мәзірлер: Негізгі параметрлер
Белгіше Ішкі мәзір Сипаттама
Тәулік уақытын орнату Сағатқа ағымдық уақытты орнатады.
Уақыт көрсеткіші
ON қалпында тұрса, құрылғыны сөндірген кезде
бейнебетте ағымдық уақыт көрінеді.
SET + GO (ОРНАТУ +
ОРЫНДАУ)
ON қалпында тұрғанда, қыздыру функциясын
қосқан кезде, функцияларды іске қоса аласыз.
Heat + Hold (Қыздыру +
Кідірту)
ON қалпында тұрса, қыздыру функциясын
қосқан кезде, осы функцияны іске қоса аласыз.
Extra time (Қосымша
уақыт)
Функцияны іске қосады және ажыратады.
Display Contrast
(Бейнебет контрасты)
Бейнебет контрастын градус бойынша
лайықтайды.
Display Brightness
(Бейнебет жарықтылығы)
Бейнебет жарықтылығын градус бойынша
лайықтайды.
Set Language (Тілді
орнату)
Бейнебет тілін орнатады.
Buzzer Volume
(Сигналдың үнділігі)
Түймешік сигналдары мен дыбыстық
сигналдардың үнділігін реттейді.
Key Tones (Негізгі
сигналдар)
Сенсорлық алаңдардың сигналдарын іске
қосады және ажыратады. ҚОСУ / СӨНДІРУ
сенсорлық алаңының сигналын сөндіру мүмкін
емес.
10
www.electrolux.com
Белгіше Ішкі мәзір Сипаттама
Alarm/Error Tones
(Ескерту/Ақаулық
сигналдары)
Ескерту сигналдарын іске қосады және
ажыратады.
Cleaning Assistant
(Тазалау барысында
көмектесу)
Тазалау барысында нұсқау беріп отырады.
Тазалық ескертушісі
Құрылғыны қашан тазалау қажет екенін
ескертеді.
Service (Қызмет көрсету)
Бағдарламалық жасақтама нұсқасын және
теңшелімін көрсетеді.
Factory Settings (Зауыттық
параметрлер)
Зауытта орнатылған параметрлердің барлығын
қалпына келтіреді.
6.3 Қыздыру функциялары
Ішкі мәзір: Қыздыру функциялары
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Ыстық желмен пісіру Бір мезгілде ең көбі пештің үш сөресінде пісіруге
арналған. Осы функцияны қолданғанда
тұмшапештің температурасын Дәстүрлі пісіру үшін
қалыпты температурадан 20 - 40 °C градусқа
азайтыңыз.
Ыстық желдеткіш + Бу Тағамдарды булауға арналған. Бұл функцияны
пісіру уақытын азайту үшін және тағамның
дәрумендері мен құнарлы заттарын сақтау үшін
пайдаланыңыз. Бұл функцияны пайдалану үшін
функцияны таңдаңыз да, температураны 130 °C -
230 °C градус аралығына қойыңыз.
Пицца параметрі Пицца, киш немесе бәліш тағамдарын буға
пісіруге арналған.
Дәстүрлі пісіру Бір деңгейде пісіру және қуыру үшін.
Баяу пісіру Етті былбыратып, баппен қуыруға арналған.
Астыңғы қызу Торттардың астыңғы жағын кіртілдек немесе
қытырлақ етіп пісіруге және консерв жасауға
арналған.
ЭКО қуыру ЭКО функциясы тағам пісіру барысында қуатты
барынша тиімді жұмсауға көмектеседі. Бұл үшін
әуелі пісіру уақытын орнату керек.
Мұздатылған тағамдар Фри, картоп тілімдері немесе рулет тәрізді
тағамдарды кіртілдек етіп пісіруге арналған.
ҚАЗАҚ 11
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Гриль жасау Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің
ортасына қойып грильдеуге және нанды
қыздыруға арналған.
Жылдам гриль жасау Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған тағамнан
гриль жасауға және нанды қыздыруға арналған.
Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс етін
бір сөреде қақтауға арналған. Сондай-ақ, гратин
жасауға және қызарғанша қуыруға арналған.
Буды қайта бөліп шығару Пісірілген тағамды табаққа салып тікелей қайта
қыздыруға арналған.
Ішкі мәзір: Арнайы тағамдар
Қыздыру функциясы Қолданылуы
Нан пісіру Нанды бумен пісіруге арналған.
Гратин Лазанья немесе картоп гратині сияқты
тағамдарды дайындауға арналған. Сондай-ақ,
гратин жасауға және қызарғанша қуыруға
арналған.
Қамырды көтеру Қамырды пісірер алдында оның көтерілуіне
арналған.
Табақты жылыту Дастарқанға тартылатын табақты алдын ала
жылытуға арналған.
Консерв жасау Шыны ыдыстарға құйылған сұйықтағы
көкөністерден консерв жасауға арналған
(мысалы, көкөністерді араластырып тұздау).
Кептіру Алма, өрік немесе шабдалы тәрізді туралған
жемістерді және қызанақ, цуккини не
саңырауқұлақ тәрізді көкөністерді кептіруге
арналған.
Жылы ұстау Пісірілген тағамды жылы ұстауға арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
6.4 Қыздыру функциясы іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Қыздыру функциялары мәзірін таңдаңыз.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3. Қыздыру функциясын орнатыңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
4. Температураны орнатыңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
түймешігін бір немесе екі рет
басып, Қыздыру функциялары
мәзіріне (құрылғы іске қосылған
кезде) тікелей бара аласыз.
6.5 Буға пісіру
Су тартпасының қақпағы басқару
панелінде орналасқан.
12
www.electrolux.com
1.
Су тартпасын ашу үшін қақпақты
басыңыз.
2.
Су тартпасына 900 мл су құйыңыз.
Су шамамен 55-60 минутқа жетеді.
Суды бу генераторына тікелей
құймаңыз.
Суды ғана пайдаланыңыз. Сүзгіден
өткізілген (минералы тазартылған)
немесе тазартылған суды
пайдаланбаңыз. Басқа
сұйықтықтарды пайдаланбаңыз. Су
тартпасына жанғыш немесе алкоголі
бар сұйықтарды құймаңыз.
3.
Су тартпасын бастапқы орнына қойыңыз.
4.
Құрылғыны іске қосыңыз.
5.
Тағамды дұрыс ыдысқа салып пісіріңіз.
6.
Буға пісіру функциясын және
температураны таңдаңыз.
7.
Қажет болса Ұзақтық немесе Аяқтау
функцияларын орнатыңыз.
Пісіру уақыты аяқталғанда дыбыстық
сигнал естіледі.
8.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының есігін ашық қалдырып,
әбден құрғатыңыз.
9.
Буға пісіріп болғаннан кейін су сауытын
босатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Буға пісіру функциясын пайдаланып
болған сайын, су жіберетін клапаннан
ыстық су ағып кетпес үшін кем
дегенде 60 минут күтіңіз.
6.6 "Сауыт бос" индикаторы
Сауыт босап, оны қайта толтыру қажет болған
кезде бейнебетте Су қажет жазуы пайда
болады да, дыбыстық сигнал естіледі.
Қосымша ақпаратты "Буға пісіру" тарауынан
қараңыз.
6.7 "Сауыт толы" индикаторы
Бейнебетте Су сауыты толы жазуы
көрсетілген кезде буға пісіру функциясын
пайдалануға болады.
Сауыт толы болса дыбыстық сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су құйсаңыз,
қауіпсіздік түтігі артық суды
тұмшапештің табанына ағызады.
Суды жөкемен немесе шүберекпен
тазалаңыз.
6.8 Су сауытын босату
Су сауытын босатпай тұрып
құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз.
1.
Пайдаланушы нұсқаулығы салынған
қалтадағы су төгетін түтікті (C) дайындап
алыңыз. Су төгетін түтіктің бір ұшына
жалғастырғышты (B) салыңыз.
2.
Су төгетін түтіктің екінші ұшын (C)
сауытқа салыңыз. Оны су төгетін түтік
клапанының (A) деңгейінен төмен
орнатыңыз.
3.
Тұмшапештің есігін ашыңыз да,
жалғастырғышты (B) су төгетін клапанға
(A) салыңыз.
4.
Су сауытын босатқан кезде
жалғастырғышты қайта-қайта итеріңіз.
5.
Су ақпай тоқтаған кезде жалғастырғышты
клапаннан алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Су сауытын қайта толтыру үшін
сауытты босатқан кезде жиналған
суды пайдаланбаңыз.
Бейнебетте Су қажет жазуы
көрсетілген кезде сауытта шамалы су
тұруы мүмкін. Су төгетін түтік
клапанынан ағып жатқан су
тоқтағанша күтіңіз.
6.9 Қыздыру индикаторы
Қыздыру функциясын іске қосқан кезде,
бейнебеттегі жолақ жанады. Жолақ
температураның жоғарылай бастағанын
көрсетеді.
B
C
A
ҚАЗАҚ 13
6.10 Жылдам қыздыру индикаторы
Бұл функция қыздыру уақытын азайтады. Осы
функцияны іске қосу үшін
түймешігін 3
секунд басып тұрыңыз. Қыздыру
индикаторының кезек-кезек жанып тұрғанын
көресіз.
6.11 Қалдық қызу
Құрылғыны ажыратқанда, бейнебетте қалдық
қызу көрсетіледі. Қызуды тағамды жылы ұстау
үшін қолдануыңызға болады.
6.12 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар:
Қалдық қызу:
Қыздыру функциясы немесе бағдарлама
жұмыс істеп тұрғанда, қыздыру
элементтері 10 % ертерек ажыратылады
(шам мен желдеткіш жұмыс істей
береді). Осы функция жұмыс істеуі үшін
пісіру уақыты 30 минуттан артық болуы
керек немесе сағат функцияларын
( Ұзақтық , Аяқтау ) қолдануыңыз керек.
Құрылғы сөнгенде, қызуды тағамды
жылы ұстау үшін қолдануға болады.
Бейнебетте қалдық температура
көрсетіледі.
Шам сөніп тұрғанда тамақ пісіру - тамақ
пісіру кезінде шамды сөндіру үшін
түймешігін 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Эко функциялары - " Қыздыру
функциялары " тарауын қараңыз.
7. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
7.1 Сағат функциялары
Белгіше Функция Сипаттама
Минут операторы
Кері санақты (ең көбі 2 сағ 30 мин) орнатуға арналған.
Бұл функция құрылғының жұмысына әсер етпейді. Бұл
функцияны құрылғы сөндірулі тұрса да қосуға болады.
Функцияны іске қосу үшін
түймешігін қолданыңыз.
Минутты орнату үшін
немесе , ал бастау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Ұзақтық
Құрылғының қанша уақыт (ең көбі 23 сағ. 59 мин.) жұмыс
істеуге тиіс екенін көрсетуге арналған.
Аяқтау
Қыздыру функциясын өшіру уақытын (ең көбі 23 сағ. 59
мин.) орнатуға арналған.
Сағат функциясына уақытты орнатсаңыз, 5
секундтан кейін уақыттың кері санағы
басталады.
Егер Ұзақтық және Аяқтау
сағат функцияларын қолдансаңыз,
орнатылған уақыттың 90 % пайызы
өткеннен кейін құрылғы қыздыру
элементтерін сөнеді. Құрылғы қалдық
қызуды, уақыт аяқталғанша тағам
пісіру үрдісін жалғастыру үшін
қолданады (3 - 20 минут).
Сағат функцияларын орнату
1.
Қыздыру функциясын орнатыңыз.
2.
түймешігін бейнебетте қажетті сағат
функциясы мен сәйкес белгіше
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
3.
Қажетті уақытты орнату үшін не
басыңыз. OK түймешігін басып құптаңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі. Құрылғы сөнеді. Бейнебетте
жазу көрсетіледі.
4.
Сигналды тоқтату үшін сенсорлық өрісті
басыңыз.
14
www.electrolux.com
Ұзақтық
және Аяқтау
функциясын пайдалану үшін әуелі
қыздыру функциясы мен
температураны орнату қажет.
Содан кейін сағат функциясын
орнатуға болады. Құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Құрылғыны кейін белгілі бір
уақытта автоматты түрде қосу
немесе сөндіру үшін Ұзақтық
және Аяқтау функцияларын
қатар қолдануға болады.
Ішкі температура сенсорын (егер
қолданылса) пайдаланған кезде,
Ұзақтық
және Аяқтау
функциялары жұмыс істемейді.
7.2 Қыздыру + Кідірту
Қыздыру + Кідірту функциясы тағамды 80 °C
градус температурада 30 минут жылы
ұстайды. Бұл функция пісіру немесе қуыру
бағдарламасы аяқталғаннан кейін іске
қосылады.
Бұл функцияны Негізгі
параметрлер мәзірінде іске қосуға
немесе ажыратуға болады.
Функцияның жұмыс жасауына
қажетті параметрлер:
Орнатылған температура 80 °C
градустан артық.
Функцияның Ұзақтық мәні
орнатылады.
Функцияны қосу
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Қыздыру функциясын таңдаңыз.
3.
80 °C градустан жоғары температураны
орнатыңыз.
4.
түймешігін бейнебетте Қыздыру +
Кідірту көрсетілгенше қайта-қайта
басыңыз. OK түймешігін басып құптаңыз.
Функция аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Қыздыру+Кідірту функциясы 30 минут жұмыс
істейді.
Қыздыру функцияларын өзгертсеңіз Қыздыру
+ Кідірту функциясы қосулы күйінде қалады.
7.3 Қосымша уақыт
Қосымша уақыт функциясы Ұзақтық
функциясы аяқталғаннан кейін қыздыру
функциясын жалғастырады.
Ұзақтық немесе Автоматты салмақ
параметрлері бар барлық қыздыру
функцияларында қолданылады.
ІТ сенсоры бар қыздыру функцияларында
қолданылмайды.
Функцияны іске қосу:
1.
Пісіру уақыты аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Сенсорлық өрісті
басыңыз.
2.
Бейнебетте Қосымша уақыт
функциясына қатысты хабар бес минут
көрсетіледі.
3.
Іске қосу үшін (немесе болдырмау
үшін
) түймешігін басыңыз.
4.
Қосымша уақыт функциясының
ұзақтығын орнатыңыз. OK түймешігін
басып құптаңыз.
8. АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР
8.1 Пісіру барысында көмектесу
( Автоматты рецепт параметрі бар)
Құрылғыда қолдануға болатын рецептілер
жинағы бар. Рецептілер біржола орнатылған,
оларды өзгерту мүмкін емес.
Функцияны іске қосу:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Пісіру барысында көмектесу мәзірін
таңдаңыз. OK түймешігін басып
құптаңыз.
3.
Санат пен тағамды таңдаңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
4.
Автоматты рецепт функциясын таңдаңыз.
OK түймешігін басып құптаңыз.
Қолдан пісіру функциясын
қолдансаңыз, құрылғы автоматты
параметрлерді пайдаланады.
Оларды басқа функциялардағыдай
өзгертуге болады.
ҚАЗАҚ 15
8.2 Пісіру барысында көмектесу
( Автоматты салмақ параметрі бар)
Бұл функция қуыру уақытын автоматты түрде
есептеп шығарады. Оны қолдану үшін
тағамның салмағын көрсету қажет.
Функцияны іске қосу:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Пісіру барысында көмектесу функциясын
таңдаңыз. OK түймешігін басып
құптаңыз.
3.
Санат пен тағамды таңдаңыз. OK
түймешігін басып құптаңыз.
4.
Автоматты салмақ мүмкіндігі бар барлық
функцияларда қолданылады. OK
түймешігін басып құптаңыз.
5.
Тағамның салмағын орнату үшін не
түртіңіз. OK түймешігін басып
құптаңыз.
Автоматты бағдарлама басталады. Салмақты
кез келген уақытта өзгертуіңізге болады.
Салмақты өзгерту үшін
немесе
түймешігін басыңыз. Уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі. Сигналды ажырату
үшін сенсорлық өрісті басыңыз.
Кейбір бағдарламаларда тағамды 30
минут өткенде аударыстырыңыз.
Бейнебетте ескерту сигналы
көрсетіледі.
9. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
9.1 Ішкі температура сенсоры
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі
температурасын өлшейді. Еттің
температурасы орнатылған температураға
жеткенде құрылғы сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
Тұмшапештің температурасы.
Ішкі температура.
Құрылғымен бірге жеткізілген ішкі
температура сенсорын ғана немесе
фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
1.
Ішкі температура сенсорының ұшын еттің
ортасына салыңыз.
2.
Құрылғыны іске қосыңыз.
3.
Ішкі температура сенсорының ашасын,
құрылғының алдындағы розеткаға
сұғыңыз.
Бейнебетте ішкі температура
сенсорының белгішесі көрсетіледі.
4.
Ішкі температураны орнату үшін не
түймешігін 5 секундтан азырақ
басыңыз.
5.
Тұмшапеш функциясын және, қажет
болса, тұмшапеш температурасын
орнатыңыз.
Құрылғы болжамды аяқталу уақытын
есептейді. Аяқталу уақыты тағамның
мөлшерінің әр түрлі болуына, орнатылған
тұмшапеш температурасына (кем
дегенде 120 °C) және жұмыс режиміне
байланысты әр түрлі болады. Құрылғы
аяқтау уақытын шамамен 30 минут ішінде
есептейді.
16
www.electrolux.com
6.
Тағам пісіру барысында ішкі температура
сенсорының етке салынып және
розеткаға қосылып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
7.
Егер қажет болса, тағам пісіру
барысында жаңа ішкі температураны
орнатуға болады. Ол үшін
түймешігін
басу керек.
8.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткенде, дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
Сигналды тоқтату үшін сенсорлық өрісті
түртіңіз.
9.
Ішкі температура сенсорының ашасын
розеткадан суырыңыз. Етті құрылғыдан
алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ішкі температура сенсоры ыстық.
Күйіп қалу қатері бар. Ішкі
температура сенсорының ұшы мен
ашасын алған кезде абай болыңыз.
9.2 Сырғытпа жолдар
°C
1.
Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып шығарыңыз.
°C
2.
Сымтемір торды сөре сырғытпаларына
салыңыз да, құрылғыға қарай абайлап
итеріңіз.
Сөре сырғытпаларын тұмшапеш есігін
жаппай тұрып, құрылғыға әбден итеріп
кіргізгеніңізге көз жеткізіңіз.
Сырғытпа жолдарды орнату бойынша
нұсқауларды кейін қарап жүру үшін
сақтап қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен сөрелерді
оңай алып-салуға болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Сөре сырғытпаларын ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Сөре
сырғытпаларын майламаңыз.
9.3 Буға пісіруге арналған керек-
жарақ
Буға пісіру функцияларында пайдаланылатын
диеталық тағам пісіру ыдысы
ҚАЗАҚ 17
Шыны шара (A)
•Қақпақ (B)
Инжектор түтікше (C)
Тура булап пісіруге арналған инжектор (D)
Темір тор (E)
18
www.electrolux.com
C
Ыдыс шыны шарадан, инжектор түтікшесіне
(C) арналған тесігі бар қақпақтан және пісірме
табақтың астына салуға арналған темір
тордан тұрады.
C
D
Инжектор және инжектор түтікшесі. “C” -
бумен пісіруге арналған инжектор түтікшесі,
“D” - тура булап пісіруге арналған инжектор.
Диеталық тағам пісіру ыдысын пайдаланып буға пісіру
Тағамды пісірме табақтағы темір торға
салыңыз да, қақпағын жабыңыз. Инжектор
түтікшесін диеталық тағам пісірілетін
табақтағы арнайы ұяшыққа кіргізіңіз. Пісірме
табақты астынан санағанда екінші деңгейге
қойыңыз. Инжектор түтікшесінің екінші ұшын
бу шығатын тесікке ("Бұйым сипаттамасы"
тарауын қараңыз).
Инжектор түтікшені жаншып немесе
тұмшапештің үстіндегі қыздырғыш элементке
тигізіп алмас үшін абай болыңыз. Тұмшапешті
бумен пісіру функциясына қойыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Буға тура пісіру
Тағамды пісірме табақтың ішіне қойылған
темір торға салыңыз. Шамалы су қосыңыз.
Инжекторды (D) инжектор түтікшесіне
салыңыз (C). Екінші ұшын бу шығатын тесікке
жалғаңыз.
Ыдыстың қақпағын пайдаланбаңыз.
Тауық, үйрек, күркетауық, кішкене немесе
үлкен балық тәрізді тағамды пісіргенде,
инжекторды (D) еттің ашық жағына тура
кіргізіңіз. Тесіктерінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Пісірме табақты астынан санағанда бірінші
немесе екінші деңгейге қойыңыз. Инжектор
түтікшені жаншып немесе тұмшапештің
үстіндегі қыздырғыш элементке тигізіп алмас
үшін абай болыңыз. Тұмшапешті бумен пісіру
функциясына қойыңыз.
Буға пісіру режиміне қатысты қосымша
ақпаратты "Ақыл-кеңес" тарауындағы буға
пісіру кестелерінен қараңыз.
Инжектор түтікше тағам пісіруге
арналған және оның құрамында
ешбір зиянды зат жоқ.
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда инжекторды
абайлап пайдаланыңыз. Тұмшапеш ыстық
тұрғанда инжекторды әрқашан қолғап киіп
ұстаңыз. Буға пісіру функциясын
пайдаланбайтын кезде инжекторды
тұмшапештен үнемі алып қойыңыз.
Ыстық ыдысты суық / дымқыл жерлерге
қоймаңыз.
20
www.electrolux.com
/