EN3850DOX

Electrolux EN3850DOX Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я чат-бот, прочитавший руководство пользователя для холодильника-морозильника Electrolux EN3850DOX. Я могу ответить на ваши вопросы о его функциях, таких как система фильтрации воды PureAdvantage, режим быстрого замораживания и режим EcoMode, а также помочь с устранением неполадок. Задавайте свои вопросы!
  • Как включить режим быстрого замораживания?
    Как заменить фильтр для воды PureAdvantage?
    Что делать, если холодильник слишком шумно работает?
    Как очистить внутреннюю часть холодильника?
EN3850DOX
................................................ .............................................
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-
МҰЗДАТҚЫШ
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
2
RU ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ЭКСПЛУАТАЦИИ
28
UK ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
ІНСТРУКЦІЯ 55
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
5. PUREADVANTAGE СҮЗГІ КАРТРИДЖІ БАР СУ ҮЛЕСТІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛІ . . . . . . . . . . . . 11
6. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
9. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
11. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
12. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
2
www.electrolux.com
1.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс
қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде
кеңестері мен ескертулеріне назар салып
оқып шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз
ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын
алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек.
Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап
қойыңыз және тоңазытқышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану
және қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз,
себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не
болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не
пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен қорабын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын
розеткадан суырыңыз да, қорек сымын
қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар
ішіне кіріп қамалып не электр тогының
қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін
ағытып алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не
қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі
құрылғыны ең алдымен оның серіппелі
құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе
кіріктірілген элементіндегі желдеткіш
саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы әдеттегі үй жағдайларында
тамақты және/немесе сусындарды сақтау
үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында
ешқандай механикалық немесе кез келген
басқа жасанды құралды пайдаланушы
болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа
электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын
құрылғы сияқты) салып қолданушы
болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым
келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат ағатын
жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған
ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ
сонда да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым
келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның сипаттарын
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа
тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу
қаупі төнеді.
ҚАЗАҚ 3
Назарыңызда болсын!
Кез келген электрлік бөлшектерін
(қуат сымы, аша, компрессор),
қатерлі жағдай орын алмас үшін,
куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы
немесе білікті техник маман
ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы
жағында мыжылып немесе
зақымдалып қалмағанына көз
жеткізіңіз. Мыжылған немесе
зақымдалған қуат кабелі тым қызып
кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды
оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт
шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының
қақпағы (егер бар болса) жабылмаса
іске қосуға болмайды.
Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
абай болу керек.
Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,
себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі
немесе қарылып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
сәулелерінің астына қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді жарықтандыру
үшін қолдануға жарамайды.
1.3 Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик
жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты
қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі
мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға
болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын
болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны
қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды мұздатылған
тағам өндірушінің нұқсауларына сай
сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін
сусындарды тоңазытқыш камераға
қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым
оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте
пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
1.4 Күтім және тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр
желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-
мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,
табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша
толып қалған жағдайда су құрылғының
астыңғы жағына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы
бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің
бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының
бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да
бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны
сатып алған жерге дереу хабарлаңыз.
Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде
айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз
болса құрылғы қызып кетеді. Желдету
жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын
бөлшектерін (компрессор, конденсатор)
ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып
күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт
жағын әрқашан қабырғаға қаратып
қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің қасына
жақын орналастыруға болмайды.
4
www.electrolux.com
Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының
қол оңай жететін жерде болуын
қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер
суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған
белгішесімен
белгіленген материалдар қайта
өңдеуден өткізуге жарайды.
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
54 7 8 96
11
1
10
32
ҚАЗАҚ 5
1
Жеміс тартпалары
2
Freshzone тартпасы
3
Шыны сөрелер
4
Ауамен үздіксіз салқындату
5
Шөлмек сөресі
6
Басқару панелі
7
Сары май сөресі
8
Есіктің сөресі
9
Шөлмек қоятын сөре
10
Мұздатқыш себеттер
11
Техникалық ақпарат тақтайшасы
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
234567
1
Бейнебет
2
Drink Chill түймешігі және Құрылғы ON/
OFF түймешігі
3
Суығырақ температураға қою тетігі
4
Жылырақ температураға қою тетігі
5
Тоңазытқыш бөліктің түймешігі
6
Мұздатқыш бөліктің түймешігі
7
Mode түймешігі
Түймешіктердің алдын ала қойылған
сигналдарын Mode және Суығырақ
температураға қою тетігін бірнеше секунд
бірге басып қатайтуға болады. Осыны қайта
өзгертуге болады.
3.1 Бейнебет
ABCDE FG H I
JKLMNO
A. Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
B. Тоңазытқыштың OFF (сөндіру)
индикаторы
C. Демалыс режимі
D. Тоңазытқыштың Эко режимі
E. ShoppingMode
F. Ескерту индикаторы
G. Мұздатқыштың Эко режимі
H. FastFreeze режимі
I. Мұздатқыш температурасының
индикаторы
J. Минут операторы
K. DrinksChill режимі
L. Мұздатқыштың OFF" (сөндіру)
индикаторы
M. Ауа сүзгісі
N. Еркін сақтау режимі
O. Демо режимі
6
www.electrolux.com
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш
бөлікті таңдағаннан кейін
жандану басталады.
Температураны таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше минут
жыпылықтайды.
3.2 Құрылғыны қосу
Құрылғыны қоу үшін, мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2.
Температура индикаторы бастапқы
орнатылған температураны көрсетеді.
Егер бейнебетте DEMO көрсетілсе, құрылғы
демо-режимде тұрады: "КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК..." тарауын қараңыз.
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
3.3 Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Құрылғы ON/OFF түймешігін 3 секунд
басыңыз.
2.
Бейнебет сөнеді.
3.
Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін
ашаны розеткадан суырыңыз.
3.4 Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1.
Fridge Compartment түймешігін бірнеше
секунд басыңыз.
2.
Тоңазытқыш OFF индикаторы
көрсетіледі.
3.5 Демалыс режимі
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Демалыс функциясы іске қосулы
тұрғанда, тоңазытқыш бөлік бос
болуға тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
Демалыс индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған температураны
көрсетеді.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Mode түймешігін Демалыс индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2.
Демалыс индикаторы өшеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
3.6 Температураны реттеу
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
Температураны орнату үшін температура
түймешігін басыңыз.
Орнатылған әдепкі температура:
тоңазытқыш үшін +4°C
•мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
3.7 FreeStore режимі
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
FreeStore индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
2.
FreeStore индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Mode түймешігін FreeStore индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2.
FreeStore индикаторы сөнеді.
Егер функция автоматты түрде іске
қосылса, FreeStore индикаторы
көрсетілмейді ("Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз).
FreeStore режимін іске қосқанда қуат
шығыны артады.
3.8 DrinksChill режимі
DrinksChill функциясы дыбысты сигналды
қажетті кезде орнату үшін қолданылады,
мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны
белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет
ҚАЗАҚ 7
болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту
үшін қойылған шөлмектерді ұмытып кетпеу
үшін ескерту сигналы қажет болған кезде
қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
DrinkChill түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрсетіледі.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді (30
минут).
2.
Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90
минут аралығында өзгерту үшін
"Суығырақ температура" түймешігі және
"Жылырақ температура" түймешігін
басыңыз.
3.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill
индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты
сигнал естіледі:
1.
Мұздатқыш камерадағы сусындарды
алыңыз.
2.
Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
DrinkChill түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып тұрған
кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.
1.
DrinkChillтүймешігін басыңыз.
2.
DrinksChill индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі мен
"Жылырақ температура" түймешігін басып,
уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде
және аяқталған кезде өзгертуге болады.
3.9 ShoppingMode
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-
түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,
тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес
үшін ShoppingMode функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
ShoppingMode индикаторы бірнеше
секунд жыпылықтайды.
ShoppingMode функциясы шамамен 6 сағат
өткенде автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін ShoppingMode
индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2.
ShoppingMode индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
3.10 Тоңазытқыш және Мұздатқыш
бөлікке арналған EcoMode режимі
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
EcoMode режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
2.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
EcoMode индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
тоңазытқыш үшін: +4°C
мұздатқыш үшін: -18°C
3.
EcoMode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
2.
Mode түймешігін EcoMode индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
3.
EcoMode индикаторы сөнеді.
Функция басқа орнатылған
температураны таңдаған кезде
ажыратылады.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
4.1 Мұздатылған тағамды
сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
8
www.electrolux.com
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр
қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру
уақыты" бөлімінде берілген
мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
4.2 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
4.3 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен
тоңазыған және мұздатылған тағамдарды
ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Fast Freeze
функциясын, мұздатылатын тағамды
мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем
дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы
бөлікке қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның
ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа
тағамды қосып салмаңыз.
4.4 DYNAMICAIR
Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам
суытып, камера ішіндегі температураны
барынша біркелкі ұстауға көмектесетін
құралмен жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен іске
қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін
немесе бөлме температурасы жоғары болған
кезде температураны жылдам қалпына
келтіреді.
Қажет болғанда құралды қолмен қосуға
мүмкіндік береді ("DYNAMICAIR функциясы"
тарауын қараңыз).
DYNAMICAIR құралы есік ашық кезде
тоқтайды да, есік жабылғаннан кейін дереу
іске қосылады.
4.5 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
ҚАЗАҚ 9
4.6 Бөтелке сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын
ала орналастырылған сөреге қойыңыз.
Сөре көлденең орналастырылған болса, тек
жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз.
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл
нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары
қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп
қоюға болады.
4.7 Есіктің сөрелерін орналастыру
2
1
3
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды
орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі
биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен
тартып шығарыңыз да, қажетті орынға
қойыңыз.
4.8 Freshzone тартпа
FreshZone тартпасы балық, ет, теңіз өнімдері
сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы,
себебі бұл тартпаның температурасы,
тоңазытқыштың басқа жеріндегі
температурадан төмен.
10
www.electrolux.com
4.9 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу
2
1
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып
қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін
тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан
алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да,
шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын
жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы
жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа
салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан
кейін, себеттерді өз орындарына қарай
итеріңіз.
5. PUREADVANTAGE СҮЗГІ КАРТРИДЖІ БАР СУ ҮЛЕСТІРГІШТІ
ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛІ
5.1 Таза сүзгісі бар су жүйесі
Ішкі құралас бөлшектері:
D
E
F
C
A
B
A. Қақпағы + тығыны
B. Таза су сүзгісін қосқанда
C. Ішкі сауыт
D. Су сауыты
E. Таза су индикаторы - картридж ауыстыру
электрондық индикаторы
F. Клапан + тығыздағыш
Сыртқы құралас бөлшектері:
A
B
C
•A. Үлестіргіш
B. Су тетігі
C. Су тамшылайтын науа
ҚАЗАҚ 11
5.2 Су үлестіргішті пайдаланудағы
алғашқы қадамдар
1.
Сауыт жинағынан кез келген таспаны
және басқа да қорғағыш заттарды алып
тастаңыз
2.
жиналып қалған қалдықты тазалау үшін
"Су үлестіргішті тазарту рәсімі"
тарауында көрсетілгендей құралас
бөлшектерді тазалаңыз.
5.3 Су үлестіргішті тазалау рәсімі
Суреттерде көрсетілгендей, сауыттың екі
жанындағы екі шектегіш элементті
босатыңыз:
су сүзу құрылғысынан PUREADVANTAGE
картриджін алып шығыңыз
шектегіш элементтердің ортасынан
басыңыз да, жоғары жылжытыңыз
шектегішті ортаңғы сауытқа қарай
жылжытыңыз.
Сауытты клапанға қарай ұзынынан
тартыңыз.
Қақпақ пен ішкі сауытты алыңыз
Клапанды сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап алыңыз (клапанның тығыздағышын
жоғалтып алмаңыз, себебі ол
функциялардың дұрыс жұмыс істеуі үшін
керек).
Сауыттың қақпағын, клапанды және
тығыздағышты бейтарап сабын езілген
жылы сумен тазалаңыз. Оны шайыңыз да,
басқа құраластарды тазалау кезінде есік
саңылауының ішіне салыңыз
(тоңазытқыштан суық ауа шықпас үшін).
Сауыт пен ішкі сауытты бейтарап сабын
езілген жылы сумен тазалап, шайыңыз.
Сауыттың құраластарын тазалағаннан
кейін клапанды тоңазытқыштың есігінен
алыңыз да, сауытты бөлшектеу ретіне
керісінше түрде (4;3;2;1) жинақтаңыз
(клапан тығыздағышының орналасуына
назар аударыңыз).
Жинақталған сауытты клапанның
бағытымен есіктің үстіне ұзынынан
салыңыз.
Шектегіш элементтерді ағытқан ретке
керісінше бұғаттаңыз.
PUREADVANTAGE картриджін ішкі сауытқа
қайта салыңыз.
12
www.electrolux.com
5.4 PUREADVANTAGE сүзгі картриджін пайдалану тәсілі
1-ші қадам: Картриджді дайындау
PUREADVANTAGE сүзгі картриджін дайындау
үшін қорғағыш орамын алыңыз (ескерім:
картридж бен ішкі орағышы дымқыл болуы
мүмкін, бұл жай ғана конденсат).
Картриджді суық суға матырып, ішіндегі ауа
көпіршігін шығару үшін ақырындап сілкіңіз.
Сүзгі енді қолдануға дайын.
Басқа кейбір су сүзу картридждеріндегідей
жаңа PUREADVANTAGE картриджін алдын
ала суға батырып қоюдың қажеті жоқ.
2-ші қадам: Ішкі сауытқа салыңыз
Қақпағын алыңыз. Картриджді салар алдында
ішкі сауытты алыңыз да, оны мұқият шайып,
құрғатып сүртіңіз.
Содан кейін су сауытының ішін дымқыл
шүберекпен жақсылап тазалап, оны да
құрғатып сүртіңіз.
Картриджді су сауытының ішіне салыңыз да,
орнына сырт етіп түскенше төмен басыңыз.
Ішкі сауытты төңкерген кезде картридж
орнында тұруға тиіс.
3-ші қадам: Картриджді шаю
2x
3x
Ішкі сауытты PUREADVANTAGE су сүзу
құрылғысынан алыңыз да, ағып тұрған суық
судан құйып, сүзгіден өткенше қоя тұрыңыз.
Алғашқы екі рет құйылған суды раковинаға
төгіңіз. Осы алғашқы екі рет құйылған су сүзгі
картриджін шаю үшін қолданылады.
Содан кейін ішкі сауытты қайта
PUREADVANTAGE су сүзу құрылғысына
салыңыз.
Сауыттың қақпағын қайта жабыңыз да,
орнына дұрыс түскенше үстінен абайлап
төмен басыңыз.
4-ші қадам: Су сауытын қайта толтыру
ҚАЗАҚ 13
1
2
Сауытқа суық су құю үшін үстіңгі ашылмалы
қақпақшаны көтерсеңіз болды, шүмектен
аққан судан бір құмыра құйып алып, оны
суретте көрсетілгендей (су құю үшін үнемі
қақпақты пайдаланыңыз) сауыттың
қақпағынан құйыңыз немесе су сауытын
(тұтқасын тартып (1), содан кейін орнынан (2)
алыңыз) су шүмегінің астына тосып, суық суға
толтырыңыз.
Тоңазытқыштың есігін ашып-жапқан
кезде су шашырап кетпес үшін біз су
сауытын шегіне дейін толтырмай, ең
көбі 4 литр су құюды ұсынамыз.
Егер су сауытындағы сүзілген судың
бәрін 1-2 күнде пайдаланбасаңыз,
PUREADVANTAGE су сүзу
құрылғысына қайта су құяр алдында,
оның ішінде қалған суды түгел төгіңіз.
Су сүзгіден өткенше күтіңіз де,
PUREADVANTAGE су сүзу құрылғысына су
толғанша "4-ші қадамды" қанша рет
қайталағыңыз келсе, сонша рет қайталаңыз.
5.5 Картриджді шығырлы тұтқадан ұстап шығару
Төрт аптадан кейін картриджді ауыстыру үшін
ішкі сауыттан картриджді алу үшін оның
үстіндегі шығырлы тұтқаны пайдаланыңыз да,
жоғарыдағы 1 - 3-ші қадамдарды қайталаңыз.
14
www.electrolux.com
5.6 PUREADVANTAGE сүзгісіне қатысты ескерім
Сүзгінің тиімділігі барынша жоғары және
судың дәмі жақсы болуы үшін
PUREADVANTAGE картриджін уақытылы
ауыстырып отырудың маңызы зор.
PUREADVANTAGE компаниясы
тоңазытқыштың PUREADVANTAGE
құрылғысындағы картриджді төрт апта сайын
ауыстыруға кеңес береді.
PUREADVANTAGE Memo картриджді
ауыстыру уақытын автоматты түрде
ескертеді.
Бірегей PUREADVANTAGE Memo индикаторы
картриджді пайдалану үшін ұсынылған
уақытты есептейді.
PUREADVANTAGE Memo су сауытының
алдыңғы жағында орналасқан.
Memo бейнебетін іске қосу
Memo индикаторын іске қосу үшін қақпақтағы
бастау түймешігін бейнебетте төрт жолақтың
бәрі көрініп, екі рет жыпылықтағанша басып
ұстап тұрыңыз. Memo индикаторы енді
орнатылды.
Функцияны басқару тетігі
Memo индикаторындағы жыпылықтаған
түймешіктер Memo индикаторының жұмыс
істеп тұрғанын көрсетеді.
Қолданыс мерзімі индикаторы
ҚАЗАҚ 15
Қолданыс мерзімі индикаторы
PUREADVANTAGE сүзгісінің
картридждерінде ғана пайдалануға
арналып жасалған.
Қолданыс мерзімі индикаторы
PUREADVANTAGE™ сүзгісін ауыстыратын
уақыт келгенін ескертеді. Әр нүкте қолданыс
мерзімінің шамамен бір аптасына сай келеді.
PUREADVANTAGE™ сүзгісінің ұсынылатын
қолданыс мерзімі шамамен (30 күн) төрт апта
және бұл мерзім төрт нүктемен (100%)
көрсетіледі. Әр апта өткен сайын қалған
қолданыс мерзімін көрсету үшін бір шеңбер
көрінбей қалып отырады. Қолданыс мерзімі
индикаторы былай жұмыс істейді:
1.
Бейнебетті іске қосу үшін STATUS
(ҚАЛЫП-КҮЙ) түймешігін басыңыз.
2.
PUREADVANTAGE™ сүзгісінің қалып-
күйін кез келген уақытта көру үшін
түймешікті 0.5-2 секунд басыңыз.
Мысалы, төрт жарық көрінген кезде сүзгі
төрт апта қолдану үшін 100% толып
тұрады
3.
Уақытты бастапқы қалпына келтіру үшін
түймешікті 3 секунд немесе одан ұзақ
басыңыз.
4.
Барлық шамдары жыпылықтаған кезде
PUREADVANTAGE™ сүзгісін
ауыстырыңыз
5.7 Маңызды ақпарат
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрғанда,
тоңазытқыш есігінің клапан саңылауы Су
клапанымен жабылуға тиіс.
Ауыз суды ғана пайдаланыңыз. Басқа
сусын түрін қолданылса, сауытта немесе
шүмекте қалдық, дәм немесе иіс қалуы
мүмкін.
Сауытта су қалған кезде, ауа кірген кезде
шуыл естілуі мүмкін.
Су дұрыс ақпаған жағдайда, жетек тұтқаны
тағы бір рет басыңыз. Шүмектің астындағы
стақанға судың бәрі жиналуы үшін оны сәл
уақыт ұстай тұрыңыз.
Алкогольсыз сусындар сияқты газдалған
сусындарды пайдаланбаңыз. Сусын газ
қысымының әсерінен жылыстап ағуы
мүмкін.
Судың тағамға жататыны есіңізде болсын.
Сүзгіден өткен суды бір - екі күнде
пайдаланыңыз.
PUREADVANTAGE су сүзу құрылғысын
ұзақ уақыт бойы (мысалы, демалысқа
кеткен кезде) пайдаланбайтын болсаңыз,
құрылғының ішінде қалған суды төгіп
тастап, картриджді сүзгі сауытта
қалдыруды ұсынамыз.
Жүйені қайтадан пайдаланардан бұрын
картриджді алып, "PUREADVANTAGE сүзгі
картриджін пайдалану тәсілі" тарауының 1 -
4-ші қадамдарын қайталаңыз.
PUREADVANTAGE су сүзу құрылғысы тек
қала бойынша өңделген құбыр суымен
(ескерім: бұл су үнемі бақыланады және
заңнамалық ережелерге сәйкес ішуге
қауіпсіз) немесе ішуге қауіпсіздігі бойынша
сыналған жеке сумен жабдықтау көздерінен
алынған суды пайдалануға арналған.
Егер уәкілетті мекемелерден құбыр суын
қайнату керек деген нұсқау алынса,
PUREADVANTAGE сүзгісінен өткен суды да
қайнату керек. Суды қайнату туралы
нұсқаудың күші жойылған кезде, бүкіл
16
www.electrolux.com
сүзгілеу жүйесін тазалап, жаңа картридж
орнату керек.
PUREADVANTAGE сүзгі
картридждері мен Memo индикаторын
пайдалану туралы толық ақпаратты
PUREADVANTAGE ақпараттық
нұсқаулығынан табуға болады.
Сіз жаңа PUREADVANTAGE сүзгі
картридждері мен Memo индикаторын
Electrolux немесе PUREADVANTAGE
компанияларының тұтынушыларға
қызмет көрсету желісінен сатып ала
аласыз.
6. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
6.1 Қуатты үнемдеуге қатысты
ақыл-кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан
артық уақыт ашып тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және тоңазытқыш
ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың үстіне
мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса, температура
регуляторын құрылғы электр қуатын
үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
6.2 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп орналастырыңыз
6.3 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап
көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны
сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек
бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген сөреге
қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият
тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа
өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий
қағазға не полиэтилен қалтаға орап,
мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға
қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
6.4 Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер
берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп
тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір
қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,
қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
ҚАЗАҚ 17
6.5 Тоңазытылған тағамдарды
сақтауға қатысты ақыл-кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз
жеткізіңіз;
мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде
жеткізіңіз;
егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз
немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін
сапасы дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды;
тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық
мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
7.1 Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
7.2 Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал
сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап,
кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып
отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не
сымдардың ешқайсысын тартпаңыз,
жылжытып не бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса
хош иістендірілген тазалағыш
заттарды не балауыз
жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,
себебі бұндай заттар құрылғының
беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше
иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара
гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
құрылғы жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан
келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
18
www.electrolux.com
7.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау
тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,
мотор компрессоры тоқтаған сайын
автоматты түрде шығарылады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнерге су шығатын саңылау арқылы
жиналады да, осы жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға
тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі
науаның ортасындағы еріген су ағатын
саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған
маңызды.
Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы
тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су
ағатын тесіктен аласыз.
7.4 Тоңазытқыш қырауын еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге
жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда
құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды
дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық
ауаның болуына байланысты.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін анықтамас
бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулықты тек білікті электрші немесе
уәкілетті адам ғана анықтауға тиіс.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған
кезде шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың
айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс орнықпаған. Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға
тиіс).
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы
тым жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Жылдам мұздату функциясы
қосылған.
"Жылдам мұздату функциясы"
тарауын қараңыз.
Су тоңазытқыштың
артқы тақтасына қарай
ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында мұз артқы
тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
ақпайды.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Тағамдар дұрыс оралмаған. Тағамдарды жақсылап
ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі
температура тым
жоғары.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Тағамның температурасы
тым жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам
сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
Құрылғының ішінде суық ауа
айналымы жоқ.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
жоғары.
Тағамдар бір-біріне өте
жақын қойылған.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз.
Құрылғы жұмыс істемей
тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
20
www.electrolux.com
/