Electrolux ENA38935X Руководство пользователя

  • Здравствуйте! Я ознакомился с инструкцией по эксплуатации холодильника-морозильника Electrolux ENA38935X. Готов ответить на ваши вопросы о его функциях, таких как режимы Eco Mode, Holiday, FreeStore и Action Freeze, а также о системе фильтрации воды BRITA MAXTRA и решении возможных проблем. Задавайте свои вопросы!
  • Как установить оптимальную температуру в холодильнике?
    Как использовать функцию быстрой заморозки?
    Как заменить картридж BRITA MAXTRA?
    Что делать, если холодильник слишком шумный?
Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
Інструкція
Тоңазытқыш-мұздатқыш
Холодильник-морозильник
Холодильник-морозильник
ENA38935X
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Басқару панелі 5
Бірінші қолдану 8
Əркүндік қолдану 9
BRITA MAXTRA сүзгі картриджі бар су
үлестіргішті пайдалану тəсілі 12
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
18
Күту менен тазалау 19
Не істерсіңіз, егер... 20
Техникалық сиппатама 21
Орнату 22
Қоршаған орта мəселелері 23
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш
пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз
бен құрылғыны дұрыс қолдану
мақсатында, пайдаланушыға арналған
бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері
мен ескертулеріне назар салып оқып
шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы,
қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
апаттардың алдын алу үшін,оны
пайдалану тəсілдерімен жəне
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы
нұсқаулықты сақтап қойыңыз
жəне
тоңазытқышты басқа адамдарға
бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны
пайдаланатын əрбір адамның
бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты
пайдалану жəне қауіпсіздік
шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді
орындаңыз, себебі қадағалаудың
жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен əлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл
құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой
деңгейіне байланысты не пеш
жұмысына қатысты тəжрибиесі мен
білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар
(балаларды қоса алғанда), пешті
пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін
оларды қадағалап отыру қажет.
Машинаның орауыштары мен
қорабын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Тұншығып кету қаупі
бар.
Егер құрылғыны тастасаңыз, оның
ашасын розеткадан суырыңыз да,
қорек сымын қиып(құрылғыға
барынша тақата)балалар ішіне кіріп
қамалып не электр тогының қатерлі
əсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып
алып тастаңыз.
Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны,
есігінде не қақпағында серіппелі
құлыбы бар ескі құрылғының орнына
қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең
алдымен
оның серіппелі құлыбын
жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл
құрылғыны бала ішіне қамалып
қалатын қауіп көзіне айналудан
сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Сақтандыру туралы ескерту!
Желдету тесіктерін ашық ұстаңыз.
2 electrolux
Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл
құрылғы əдеттегі үй жағдайларында
тамақты жəне/немесе сусындарды
сақтау үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату
мақсатында ешқандай механикалық
немесе кез келген басқа жасанды
құралды пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне
басқа электр құрылғыларды
(балмұздақ жасайтын құрылғы
сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге
зақым келтірмеңіз.
Құрылғының
салқындатқыш зат
ағатын жүйесінде изобутан (R600a)
жəне қоршаған ортамен
сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда
да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау жəне орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне
зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі
зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері
болмауы тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені
жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның техникалық
сипаттамаларын
өзгерту қауіпті.
Сымға зақым келсе, қысқа тұйықталу,
өрт шығу жəне/немесе тоқ соғу қатері
орын алады.
Назарыңызда болсын! Кез келген
электрлік бөлшектерін (қуат сымы,
аша, компрессор), қатерлі жағдай
орын алмас үшін, куəлігі бар қызмет
көрсетуші агент немесе білікті
техник маман ауыстыруға тиіс.
1. Қуат сымын ұзартуға болмайды.
2. Қуат ашасын құрылғының артқы
жағының жаншып немесе бүлдіріп
тастамағанына көз жеткізіңіз.
Жаншылған немесе бүлінген қуат
сымы қатты қызып кетіп, өртке
ұласуы мүмкін.
3. Құрылғы
ашасының қол жететін
жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Қуат сымынан ұстап тартпаңыз.
5. Қуат ашасының розеткасы бос
тұрса, қуат ашасын сұқпаңыз.
Электр тоғы соғу немесе өрт
шығуы мүмкін.
6. Шамның қақпағы болмаса
құрылғыны іск қоспаңыз
1)
ішкі
жарықтаманың).
Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Жылжытқан кезде абай болыңыз.
Қолыңыз су болса, мұздатқыш
камерадағы заттарды алмаңыз жəне
оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың
терісі сыдырылып немесе қырылып
кетуі мүмкін.
Құрылғыны күн сəулесі тура түсетін
жерге ұзақ уақытқа қоймаңыз.
Жарықтама шамдары
2)
осы
құрылғыда тек тұрмыстық аспаптарда
пайдаланылуға арналған арнайы
шамдар ғана қолданылады. Олар
үйді жарықтандыру үшін қолдануға
жарамайды.
Күнделікті пайдалану
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі
пластик жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен
сұйықты қоймаңыз, себебі олар
жарылып кетуі мүмкін.
Тағамды пештің артқы
қабырғасындағы ауа шығатын
саңылауға тура қарама-қарсы жерге
қоймаңыз.
3)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған
соң оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды
мұздатылған тағам өндірушінің
нұқсауларына сай сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не
көпіршитін сусындарды тоңазытқыш
камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа
түскен қысым оның жарып,
нəтижесінде құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
1) Егер шамның қақпағы бар болса.
2) Егер шамы бар болса.
3) Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса.
electrolux 3
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
бетте пайдаланғанда аяз қарып
жіберуі мүмкін.
Күтім жəне тазалау
Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны
электр желісіндегі розеткадан суырып
алыңыз. Егер желідегі розеткаға
қолыңыз жетпесе, ток желісін өшіріп
қойыңыз.
Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
Еріген суды жинайтын табақшаны
мезгіл-мезгіл
тексеріп отырыңыз.
Қажет болса, табақшаны тазалап
отырыңыз. Табақша толып қалған
жағдайда су құрылғының астыңғы
жағына жиналады.
Орнату
Өте маңызды! Электр желісіне
қосарда, арнайы бөлімдерде берілген
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Құрылғы орамын ашып, оның еш
жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз.
Құрылғының бір жері бүлініп қалса
қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік
орын алғанда, құрылғыны сатып
алған жерге дереу хабарлаңыз
.
Бұндай жағдайда қорабын сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
Құрылғы айналасында ауа жеткілікті
түрде айналуға тиіс, ауа айналымы
жеткіліксіз болса құрылғы қызып
кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін
орнатуға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
Мүмкін болса, құрылғының жылы
тұратын бөлшектерін (компрессор,
конденсатор) ұстап қалып не оларға
қол
тигізіп алып күйіп қалмас үшін
тоңазытқыштың арт жағын əрқашан
қабырғаға қаратып қойыңыз.
Құрылғыны радиатор не пештердің
қасына жақын орналастыруға
болмайды.
Құрылғыны орнатқан соң оның
ашасының қол оңай жететін жерде
болуын қамтамасыз етіңіз.
Тек ауыз суы жүйесіне ғана жалғаңыз.
4)
Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті
адам жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек
уəкілетті қызмет көрсету орындары
жүзеге асыру керек жəне құрылғының
нағыз өз бөлшектері ғана
пайдаланылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон
қабатына зиян келтіретін газдар
жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық
қалдық пен қоқыстар тасталатын
жерге тастауға болмайды. Оның
изоляция қабаттамасында
тұтанғыш газдар бар: құрылғыны
жергілікті құзырлы мекемелерден
алынатын жарамды ережелерге сай
тастау қажет. Салқындатқыш
құралға, əсіресе оның қызу
алмастырғышқа жақын артқы
бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Құрылғыда пайдаланылған
белгішесімен белгіленген
материалдар қайта өңдеуден
өткізуге жарайды.
4) Егер суға қосу қажет болса.
4 electrolux
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
7
6
5
2
3
4
1 Тоңазытқыш температурасын реттеу
тетігі
Минус түймешігі
2 Тоңазытқыш температурасын реттеу
тетігі
Плюс түймешігі
3 ON/OFF түймешігі
OK түймешігі
4 Мұздатқыш температурасын реттеу
тетігі
Плюс түймешігі
Таймер тетігі
5 Бейнебет
6 Мұздатқыш температурасын реттеу
тетігі
Минус түймешігі
Таймер тетігі
7 Mode түймешігі
Түймешіктердің алдын ала қойылған
дыбысын қаттырақ етіп өзгерту үшін
Mode түймешігін
7
жəне минус
түймешігін
6
бірнеше секунд бірге
басу керек. Осыны қайта өзгертуге
болады.
Бейнебет
1 Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
2 Балалар құлпы функциясы
3 Тоңазытқышты сөндіру функциясы
4 Drinks Chill функциясы
5 Таймер
6 Мұздатқыш температурасының
индикаторы
7 Ескерту индикаторы
8 Шопинг функциясы
9 Action Freeze функциясы
10 Eco Mode функциясы
11 Демалыс функциясы
12 FreeStore функциясы
Қосу
Құрылғыны қосу үшін, мына əрекеттерді
орындаңыз:
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Бейнебет сөніп қалса, ON/OFF
түймешігін басыңыз.
3. Бірнеше секундтан кейін ескерту
құралы сигнал береді.
Ескерту құралын бастапқы қалпына
қайтару үшін, "Жоғары
температураны ескерту" тарауын
қараңыз.
4. Температура индикаторы бастапқы
орнатылған температураны
көрсетеді.
Орнатылған температураның басқа
түрін таңдау үшін, "Температураны
реттеу" тарауын қараңыз.
10
12
11
9
1
8
7
5
6
2
4
3
electrolux 5
Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін, мына
əрекеттерді орындаңыз:
1. Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд
басыңыз.
2. Бейнебет сөнеді.
3. Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін, ашаны розеткадан суырыңыз.
Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш индикаторында үзік
сызықшалар көрінеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
көрсетіледі.
Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты
іске қосу үшін:
1. Тоңазытқыш температурасын реттеу
тетігін басыңыз.
Немесе:
1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
жыпылықтайды.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы
өшеді.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
Температураны реттеу
Тоңазытқыш пен мұздатқыштың
орнатылған температурасын
температура түймешігін басып реттеуге
болады.
Орнатылған əдепкі температура:
тоңазытқыш
үшін +5°C
мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Өте маңызды! Əдепкі температураны
қайта келтіру үшін құрылғыны
сөндіріңіз.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Орнатылған температураның бірнеше
градусқа ауытқуы қалыпты жағдай, бұл
құрылғыда ақаулық бар дегенді
білдірмейді.
Өте маңызды! Электр қуаты үзіліп
қалса, орнатылған температура
сақтаулы қалады.
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
Eco Mode функциясын таңдаңыз. " Eco
Mode функциясы"
тарауын қараңыз.
Eco Mode функциясы
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
Eco Mode функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Eco Mode индикаторы
жыпылықтайды.
Температура индикаторы
орнатылған температураны бірнеше
секунд көрсетеді:
тоңазытқыш үшін: +5°C
мұздатқыш үшін: -18°C
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Eco Mode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Mode түймешігін Eco Mode
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін
басыңыз.
3. Eco Mode индикаторы сөнеді.
Өте маңызды! Функция басқа
орнатылған температураны таңдау
арқылы ажыратылады.
Балалар құлпы функциясы
Түймешіктер арқылы орындалатын
жұмысты бұғаттау үшін балалар құлпы
функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
2. Балалар құлпы индикаторы
жыпылықтайды.
3. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Балалар құлпы индикаторы
көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Балалар
құлпы индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
6 electrolux
3. Балалар құлпы индикаторы өшеді.
Демалыс функциясы
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болмастан
тоңазытқышты жабық əрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Өте маңызды! Демалыс функциясы
іске қосулы тұрғанда, тоңазытқыш
камерасы бос болуға тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Демалыс индикаторы
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны бірнеше секунд
көрсетеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Демалыс индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Демалыс индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Демалыс индикаторы өшеді.
4. Егер Eco Mode функциясы алдын
ала таңдалған болса, ол қалпына
келтіріледі.
Өте маңызды! Функция
тоңазытқыштың басқа орнатылған
температурасын таңдау арқылы
ажыратылады.
FreeStore функциясы
Функцияны іске қосу үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше
басыңыз.
FreeStore индикаторы
жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
FreeStore индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1. Mode түймешігін FreeStore
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
3. FreeStore индикаторы сөнеді.
Өте маңызды! Егер функция
автоматты түрде іске қосылса,
FreeStore индикаторы көрсетілмейді
("Күнделікті пайдалану" тарауын
қараңыз).
FreeStore функциясы іске қосылғанда
қуат тұтыну көлемі артады.
Drinks Chill функциясы
Мұздатқыш камераға шөлмектерді
қойған кезде, Drinks Chill функциясы
қауіпсіздік туралы
ескерту міндетін
атқарады.
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Drinks Chill индикаторы
жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мəнді (30 минут)
бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
2. Таймердің орнатылған мəнін 1 мен
90 минут аралығында өзгерту үшін
таймер тетігін басыңыз.
3. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Drinks Chill индикаторы көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды.
Кері санақ аяқталғанда, Drinks Chill
индикаторы жыпылықтап, дыбыстық
сигнал
естіледі:
1. Мұздатқыш камерадағы сусындарды
алыңыз.
2. Функцияны ажыратыңыз.
Функцияны ажырату үшін:
1. Mode түймешігін Drinks Chill
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Drinks Chill индикаторы өшеді.
Функцияны кез келген уақытта
ажыратуға болады.
Шопинг функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы,
азық-түлік дүкенінен келген бетте
салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым
тез тоңазыту үшін, əрі тоңазытқыштағы
басқа тағамдар жібіп кетпес
үшін
Шопинг функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
electrolux 7
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Шопинг индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны бірнеше секунд
көрсетеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Шопинг индикаторы көрсетіледі.
Шопинг функциясы шамамен 6 сағат
уақыт өткенде автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1. Шопинг индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Шопинг индикаторы
өшеді.
4. Алдын ала таңдалған Eco Mode
функциясы қайта қалпына
келтіріледі.
Өте маңызды! Функция
тоңазытқыштың басқа орнатылған
температурасын таңдау арқылы
ажыратылады.
Action Freeze функциясы
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode
түймешігін басыңыз.
Action Freeze индикаторы
жыпылықтайды.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы
белгішесін бірнеше
секунд көрсетеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Action Freeze индикаторы
көрсетіледі.
Анимация басталады.
Бұл функция 52 сағат өткенде
автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1. Mode түймешігін Action Freeze
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Action Freeze индикаторы өшеді.
4. Алдын ала таңдалған Eco Mode
функциясы қайта қалпына
келтіріледі.
Өте маңызды! Функция мұздатқыштың
басқа орнатылған
температурасын
таңдау арқылы ажыратылады.
Жоғары температураны ескерту
сигналы
Мұздатқыш камераның
температурасының көтерілуі (мысалы,
электр қуаты үзіліп қалуы себепті)
төмендегілер арқылы көрсетіледі:
ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:
1. Кез келген түймешікті басыңыз.
2. Дыбыстық сигнал ажыратылады.
3. Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары
температураны бірнеше секунд
көрсетеді. Содан
кейін орнатылған
температураны қайтадан көрсетеді.
4. Ескерту индикаторы қалыпты
жағдайлар қалпына келгенше
жыпылықтап тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде,
ескерту индикаторы сөнеді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тəн иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-
жарақтарын сəл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң
мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
8 electrolux
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Мұздатылған тағамды сақтайтын
камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
қосқан кезде, камераға тамақ салмас
бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2
сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып
жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
мысалы электр қуаты өшіп, ток
техникалық сипаттамалар
кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мəндерден де ұзақ
уақыт бойы қосылмай тұрса
, еріп кеткен
тағамды жылдам пайдаланып не дереу
пісіріп алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
FreeStore
Тоңазытқыш
камера тағамдарды
жылдам суытып, камера ішіндегі
температураны барынша біркелкі
ұстауға көмектесетін құралмен
жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен
іске қосылады, мысалы есік
ашылғаннан кейін немесе бөлме
температурасы жоғары болған кезде
температураны жылдам қалпына
келтіреді.
Қажет болғанда құралды қолмен қосуға
мүмкіндік береді ("FreeStore
функциясы" тарауын қараңыз).
Өте маңызды! FreeStore құралы есік
ашық кезде тоқтайды да, есік
жабылғаннан кейін дереу іске
қосылады.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қажетті қатарға
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттағыш жолдар
бар.
Бөтелке сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып)
алдын ала орналастырылған сөреге
қойыңыз.
Өте маңызды! Сөре көлденең
орналастырылған болса, тек жабық
бөтелкелерді ғана қойыңыз.
electrolux 9
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады.
Бұл нəтижеге қол жеткізу үшін сөрені
жоғары қарай бұрып, келесі жоғарғы
деңгейге көтеріп қоюға болады.
Есіктің сөрелерін орналастыру
Əр түрлі көлемде оралған тағамдарды
орналастыру үшін, есіктегі сөрелерді əр
түрлі биіктікке қоюға болады.
Бұл істеу үшін төмендегі əрекеттерді
орындаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша
орнынан шыққанша ақырын тартыңыз
да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.
Ылғалдылықты басқару функциясы
бар көкөніс тартпасы
Бұл тартпа жеміс-жидек пен көкөніс
сақтауға қолайлы.
Тартпаның астында құрылғының
астыңғы бетінде түзілуі мүмкін
ылғалдан жеміс-жидек пен көкөністі
бөліп тұратын тор (егер бар болса) бар.
Тартпаның ішіндегі бөлшектердің
барлығын тазалау үшін алуға болады
Көкөніс тартпасының ылғалдылығын
реттеуге арналған, тіліктері бар құрал
(жылжымалы тетігі арқылы реттеуге
болатын) бар.
10 electrolux
Желдету саңылаулары жабық тұрған
кезде:
жеміс пен көкөніс тартпасына салынған
тағамның құрамындағы табиғи
ылғалдылық ұзағырақ сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған
кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен
көкөніс салынатын бөліктердегі ауаның
ылғалдылығы төменірек болады.
FreshZone тартпа
Тартпа FreshZoneбалық, ет, теңіз
өнімдері сияқты жас тағамдарды
сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің
температурасы, тоңазытқыштың басқа
жеріндегі температурадан төмен.
Мұздатқыш себеттерді
мұздатқыштан алу
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ
алынып қалуға немесе құлап кетуге жол
бермейтін тіреуішпен жабдықталған.
Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті
өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне
жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын
жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің
алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп
мұздатқышқа салыңыз. Шеткі жақтарын
келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз
орындарына қарай итеріңіз.
2
1
electrolux 11
BRITA MAXTRA СҮЗГІ КАРТРИДЖІ БАР СУ ҮЛЕСТІРГІШТІ
ПАЙДАЛАНУ ТƏСІЛІ
BRITA су сүзу құрылғысы
Ішкі құралас бөлшектері:
6
3
5
2
1
4
1 Су сауыт
2 Құйғыш
3 Сауыттың қақпағы
4 Клапан - тығын
5 Жинаққа BRITA MAXTRA сүзгісі
кіреді
6BRITA Memo - электрондық
картридж ауыстыру индикаторы
Сыртқы құралас бөлшектері:
1
2
3
1 Үлестіргіш
2 Су деңгейі
3 Су тамшылайтын науа
Су үлестіргішті пайдаланудағы
алғашқы қадамдар
1. Сауыт жинағынан кез келген
таспаны жəне басқа да қорғағыш
заттарды алып тастаңыз
2. қандай да бір қалдықты алып тастау
үшін "Су үлестіргішті тазартау
рəсімі" тарауында суреттелгендей,
құралас бөлшектерді тазалаңыз.
Су үлестіргішті тазалау рəсімі
1. Суреттерде көрсетілгендей,
сауыттың екі жанындағы екі
шектегіш элементті босатыңыз:
су
сүзу құрылғысынан BRITA
MAXTRA картриджін алып
шығыңыз
шектегіш элементтердің
ортасынан басыңыз да, жоғары
жылжытыңыз
шектегішті ортаңғы сауытқа қарай
жылжытыңыз.
2. Сауытты клапанға қарай ұзынынан
тартыңыз.
12 electrolux
3. Қақпақ пен құйғышты алыңыз.
A
4. Клапанды сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап алыңыз (клапанның
тығының жоғалтып алмаңыз, себебі
ол функциялардың дұрыс жұмыс
істеуі үшін керек).
5. Сауыттың қақпағын, клапанды жəне
тығынды бейтарап сабын езілген
жылы сумен тазалаңыз. Оны
шайыңыз да, басқа құраластарды
тазалау кезінде есік саңылауының
ішіне салыңыз (мұздатқыштан суық
ауа шықпас үшін).
6. Сауыт пен құйғышты ыдыс жуғыш
машинада немесе бейтарап сабын
езілген жылы сумен тазалап,
шайыңыз.
7. Сауыттың құраластарын
тазалағаннан кейін клапанды
мұздатқыштың есігінен алыңыз да,
сауытты бөлшектегенге керісінше
түрде (4;3;2;1) жинақтаңыз (клапан
тығынының орналасуына назар
аударыңыз).
8. Жинақталған сауытты клапанның
бағытында ұзынынан салыңыз.
9. Шектегіш элементтерді ағытқан
ретке керісінше бұғаттаңыз.
10. BRITA MAXTRA картриджін
қайтадан құйғышқа кіргізіңіз.
BRITA MAXTRA сүзгі картриджін
пайдалану тəсілі
1-қадам: Картриджді дайындау
BRITA сүзгі картриджін дайындау үшін
қорғаныс орауышын
алып тастаңыз
(ескерім: картридж бен ішкі орауыш
дымқыл болып шығуы мүмкін, бұл жай
ғана конденсат).
Картриджді суық суға матырып, ішіндегі
ауа көпіршігін шығару үшін ақырындап
сілкіңіз. Сүзгі енді қолдануға дайын.
Басқа кейбір су сүзу картридждері керек
ететіндей, жаңа Maxtra картриджін
алдын ала суға малшудың қажеті жоқ.
2-қадам: Су сауытын салу
Сауыттың қақпағын алыңыз. Картриджді
салмас бұрын құйғышты алыңыз да,
оны шайып, жəне құрғатып сүрту
арқылы жақсылап тазалаңыз.
electrolux 13
Содан кейін су сауыттың ішін дымқыл
шүберекпен жақсылап тазалап, оны да
құрғатып сүртіңіз.
Картриджді су сауыттың ішіне салыңыз
да, орнына сырт етіп түскенше төмен
басыңыз.
Құйғышты төңкерген кезде, картридж
орнында қалуға тиіс.
3-қадам: Картриджді шаю
2x 3x=ok
Құйғышты BRITA су сүзу құрылғысынан
алыңыз да, ағып тұрған құбыр суынан
құйып, сүзгіден өткенше қоя тұрыңыз.
Алғашқы екі рет құйылған суды төгіп
тастаңыз. Осы алғашқы екі рет
құйылған су сүзгі картриджін шаю үшін
қолданылады.
Содан кейін құйғышты қайтадан BRITA
су сүзу құрылғысына орнатыңыз.
Қақпақпен құмыраны қайтадан жабыңыз
да, орнына дұрыс түсуі үшін үстінен
абайлап төмен басыңыз.
4-қадам: Су сауытын қайта толтыру
Сауытқа суық су құю үшін қайырма
қақпақты ашыңыз да, құбырдан
ағызылған суды суретте
көрсетілгендей, қақпақ арқылы сауытқа
құйыңыз (су толтырғыңыз келге сайын
қайырма қақпақты пайдаланыңыз).
Өте маңызды! Тоңазытқыш есігін
ашып-жапқан кезде судың шашырауына
жол бермеу үшін біз су сауытты жиегіне
дейін толтырмай, судың бетінен бос
жер қалдыруды ұсынамыз.
Егер
су сауыттағы сүзілген судың бəрін
1-2 күнде пайдаланбасаңыз, BRITA су
сүзгісіне қайтадан су толтырардан
бұрын оның ішінде қалған суды төгіп
тастаңыз.
Су сүзгіден өткенше күтіңіз де, BRITA су
сүзу құрылғысына су толғанша
қалағаныңызша бірнеше рет "2-
қадамды" қайталаңыз.
14 electrolux
Картриджді шығырлы тұтқадан ұстап
шығару
Төрт аптадан кейін картриджді
ауыстыру үшін құйғыштан картриджді
алу үшін оның үстіндегі шығырлы
тұтқаны пайдаланыңыз да, жоғарыдағы
1 - 3-қадамдарды қайталаңыз.
BRITA Memo
Сүзгінің өнімділігі барынша жоғары, ал
судың дəмі жақсы болуы үшін BRITA
картриджін үнемі ауыстырып отырудың
маңызы зор. BRITA компаниясы
тоңазытқыштың BRITA құрылғысындағы
картриджді төрт апта сайын ауыстыруға
кеңес береді.
BRITA Memo картриджді қашан
ауыстыру керек екенін сізге
автоматты түрде ескертеді.
START
%
100
75
50
25
Бірегей BRITA Memo индикаторы
картриджді пайдаланудың ұсынылған
уақытын есептейді.
Memo индикаторын пайдалану оңай, ол
картриджді қашан ауыстыруды
автоматты түрде сіздің есіңізге салады.
BRITA Memo индикаторы су сауытының
қақпағында орналасқан. Оны пайдалану
оп-оңай.
Memo бейнебетін іске қосу
Memo индикаторын іске қосу үшін
бастау түймешігін басып, бейнебетте
төрт жолақтың бəрі көрініп, екі рет
жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз. Memo
индикаторы енді орнатылды.
electrolux 15
START
%
100
75
50
25
Функцияны басқару тетігі
Memo индикаторының астыңғы оң жақ
бұрышында жыпылықтаған нүкте Memo
индикаторының жұмыс істеп тұрғанын
көрсетеді.
START
%
100
75
50
25
Бейнебетті өзгерту
START
%
100
75
50
25
16 electrolux
Апта сайын бір жолақ ғайып болып,
картридждің қалған мерзімін көрсетеді.
Төрт аптадан кейін төрт жолақтың бəрі
ғайып болады. Осы жəне
жыпылықтаған меңзер картриджді қазір
ауыстыру керек екенін білдіреді.
Жаңа картриджді нұсқауларға сəйкес
салыңыз да, Memo индикаторын
жоғарыда суреттелгендей қайта іске
қосыңыз.
START
%
100
75
50
25
Бір ғана жолақ қалғанда, қолыңызда
дайын жаңа BRITA MAXTRA сүзгі
картриджі бар-жоғын тексеруіңіз қажет.
Өте маңызды! Memo индикаторы тек
BRITA сүзгі картридждерімен бірге
пайдалану үшін жасалған.
BRITA Memo: электрондық картридж
ауыстыру индикаторының мерзімі
шамамен 5 жылды құрайды. Memo
индикаторының мерзімі аяқталғанда,
оның электрондық құрылғы екенін
ұмытпай, Memo индикаторынан барлық
қолданыстағы ережелер мен
талаптарға сəйкес арылыңыз.
Таусылған Memo индикаторын алу үшін
бұрағышты Memo тұсындағы ойыққа
сұғып
, сыртқа итеріп шығарыңыз.
Memo индикаторын тек одан арылу
мақсатында ғана алуға болатынын
ескеріңіз.
Маңызды ақпарат
Тоңазытқыш үздіксіз жұмыс істеп
тұрғанда оның есігінің клапан
саңылауы су клапанымен жабылуға
тиіс.
Тек ауыз суды пайдаланыңыз. Басқа
сусын түрін қолданылса, сауытта
немесе шүмекте қалдық, дəм немесе
иіс қалуы мүмкін.
Сауытта су қалғанда кіріп жатқан ауа
шығаратын шамалы шуыл естілуі
мүмкін.
Су дұрыс ақпаған жағдайда, жетек
тұтқаны тағы бір рет басыңыз.
Шүмектің
астындағы стақанға судың
бəрі жиналуы үшін оны сəл уақыт
ұстай тұрыңыз.
Алкогольсыз сусындар сияқты
газдалған сусындарды
пайдаланбаңыз. Сусын газ
қысымының əсерінен жылыстап ағуы
мүмкін.
Судың тағамға жататыны есіңізде
болсын. Сүзгіден өткен суды бір - екі
күнде пайдаланыңыз.
•BRITA су сүзу құрылғысын ұзақ уақыт
бойы (мысалы, демалысқа кеткен
кезде) пайдаланбайтын болсаңыз,
құрылғының ішінде қалған суды төгіп
тастап,
картриджді сүзгі сауытта
қалдыруды ұсынамыз.
Жүйені қайтадан пайдаланардан
бұрын картриджді алып шығып,
"BRITA MAXTRA сүзгі картриджін
пайдалану тəсілі" тарауының 1 - 4
қадамдарын қайталаңыз.
•BRITA су сүзу құрылғысы тек қала
бойынша өңделген құбыр суымен
electrolux 17
(ескерім: бұл су үнемі бақыланады
жəне заңнамалық ережелерге сəйкес
ішуге қауіпсіз) немесе ішуге
қауіпсіздігі бойынша сыналған жеке
сумен жабдықтау көздерінен алынған
сумен пайдалану үшін жасалған.
Егер уəкілетті органдардан құбыр суы
қайнатылуға тиіс деген нұсқау
алынса, BRITA сүзгісінен өткен суды
да қайнату керек. Суды қайнату
туралы нұсқаудың күші жойылған
кезде, бүкіл сүзгілеу жүйесін тазалап,
жаңа картридж орнату
керек.
BRITA сүзгі картридждері мен Memo
индикаторын пайдалану туралы толық
ақпаратты BRITA ақпараттық
нұсқаулығынан табуға болады.
Сіз жаңа BRITA сүзгі картридждері
мен Memo индикаторын Electrolux
немесе BRITA компанияларының
тұтынушыларға қызмет көрсету
желісінен сатып ала аласыз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Қалыпты жұмыс шуылы
Тоңазытқыш сұйық түтікшелер
арқылы аққан кезде, сылдыраған
немесе көпіршіген тəрізді əлсіз шуыл
естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа
таралады да, компрессордан
сылдырлаған, сондай-ақ дірілдеген
дыбыс естисіз. Бұл дұрыс.
Жылу əсерінен кеңею кезінде кенет
тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті
физикалық
құбылыс емес. Бұл дұрыс.
Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-
кеңес
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті
уақыттан артық уақыт ашып
тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса жəне
тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса
салынса, компрессор буландырғыш
құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз
жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай
орын алса, температура регуляторын
құрылғы электр
қуатын үнемдей
отырып өздігінен жібу үшін төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты
ақыл-кеңес
Ең жақсы нəтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, əсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп
орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы
кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен
қалтаға орап көкөніс суырмасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге
қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша
тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау
керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген
сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
мұқият тазалап арнайы сөреге (лер)
салу қажет.
Сарымай мен
ірімшік: бұларды арнайы
ауа өткізбейтін сауыттарға салып не
алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа
өткізбеуге тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын
қатарға қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
24 сағат ішінде
тоңазытуға болатын
ең көп тағам мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында берілген;
18 electrolux
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында тоңазытылуға
тиіс ешбір қосымша тағамды қосып
салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа жəне
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
тағамды жылдам əрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап, орамының
ауа өткізбейтіндігіне
көз жеткізіп
алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды
əлдеқашан мұздаған тағамға, оның
температурасы көтеріле бастамас
үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы əрі ұзақ сақталады;
тұз тағамның сақталу уақытын
азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш
камерадан алған бетте тура
пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі
мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының
кестесін жасау үшін, тағамның əрбір
жеке орамасына оның
тоңазытылған
ай-күнін жазып қою ұсынылады;
Тоңазытылған тағамдарды сақтауға
қатысты ақыл-кеңес
Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:
сатылып алынатын тағамдардың
бөлшек сауда орнында тиісті түрде
сақталғанын тексеріп алыңыз;
мұздатылған тағамдардың тағам
дүкенінен тоңазытқышқа
мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде
жеткізілуін қадағалаңыз;
есікті жиі-жиі ашып не қажетті
уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.
Тағамды бірден жібітіп алған
соң
оның сапасы төмендей бастайды
жəне қайта тоңазытуға келмейді.
Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан
артық уақыт сақтамаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уəкілетті маман ғана жүзеге
асыруға тиіс.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы
жиналады да, осы жерде буға
айналады
.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне
ақпас үшін тоңазытқыш ортасындағы
каналдағы еріген суды ағызатын тесікті
мезгіл-мезгіл тазалап отырған дұрыс.
Арнайы берілген тазалағышты
пайдаланыңыз, оны су ағызатын
тесіктен таба аласыз.
electrolux 19
Тоңазытқыш қырауын еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын"
түрге жатады. Бұл құрылғы
пайдаланылып тұрғанда құрылғының
ішкі қабырғаларына да, тағамдырдың
үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді
білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы
суық ауаның болуына байланысты.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Сақтандыру туралы ескерту!
Ақаулықтың себептерін анықтамас
бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулықты тек электрші маман
немесе білікті адам ғана анықтауға
тиіс.
Өте маңызды! Құрылғы қалыпты
жұмыс істеп тұрған кезде шуыл естіледі
(компрессор, салқындатқыш
сұйықтықтың айналуы).
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады.
Құрылғы дұрыс орнықпаған. Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға
тиіс).
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура тетігі дұрыс
орнатылмаған болуы мүмкін.
Жылырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы
тым жоғары.
Тағамды сақтардың алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Мұздату функциясы
қосылған.
"Мұздату функциясы" тарауын
қараңыз.
Су тоңазытқыштың
артқы тақтасына қарай
ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында еріген су артқы
тақтаға ағады.
Бұл дұрыс.
Су тоңазытқыштың
ішіне ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
ақпайды.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Қырау, мұз тым көп
қатқан.
Тағамдар дұрыс оралмаған. Тағамдарды жақсылап ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
20 electrolux
/