39
KZ
ЖЕЛІМДЕУШІ ПИСТОЛЕТ
АРНАЛУЫ
Бұл желімдеуші пистолет ағаш, пластмасса,
микрокеуекті резина, маталар, картон, қаптама
тақтайша, керамикалық бұйымдар жəне т.б. секілді
материалдарды желімдеу үшін арналған. Жыл-
дам қатаятын желім төсенішті жабындарды, кітап
мұқабаларын, аяқ киімді жəне т.с.с. жөндеу үшін та-
маша сəйкес келеді. Ауыр жүк астындағы аса берік
қосылымдар үшін
пайдалануға ұсынылмайды. Писто-
лет жылдам əсер етуімен, экологиялық қауіпсіздігімен,
энергия сақтаушы сипаттамаларымен ерекшеленеді,
монтажды жұмыстарды жеңілдетеді жəне тездетеді.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қуат алу кернеуі, В 230
Ток жиілігі, Гц 50
Тұтыну қуаты, Вт 16
Желім өзегінің диаметрі, мм 11,2
Өнімділігі, г/мин 10
Салмағы, кг 0,2
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Тұтанудан, электр тогының соққысынан жəне
жарақаттардан сақтану үшін электрсайманды аталмыш
нұсқаулықтың талаптарына сəйкес пайдалану қажет.
EN 50144 талаптарына сəйкес сайман қосарланған
оқшаулағышпен жабдықталған, сондықтан жерлендіру
талап етілмейді.
• Қуат алу желісіне жалғау
алдында:
- аспап кернеуі қуат алу желісіндегі кернеуге сəйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз;
- тұғырды орнатыңыз.
• Ыстық желімге қол тигізбеңіз.
• Пистолет ауада суынуы керек. Оны суға салуға тиым
салынады.
• Егер сіз ұзартқышты пайдаланатын болсаңыз, оның
сымдарының көлденең қию аймағы 1,5 мм
2
кем бол-
мауы керек.
• Орауыш ұзартқышты пайдаланған кезде оны толық
жазу керек. Келесі жағдайларда пистолетті қуат алу
желісінен дереу ажыратыңыз:
• пистолет қызып кетсе;
• шанышқының, розетканың ақаулануы немесе қуат алу
сымының зақымдалуы;
• ажыратқыш сынып қалғанда;
• түтін немесе күйген оқшаулағыштың иісі пайда
болғанда.
ПАЙДАЛАНУ
• Пистолетті қуат алу желісіне жалғаңыз.
•
Пистолетке желім өзегін салыңыз.
• Желім қызғанша 5 минут күтіңіз.
• Желімді қысып шығару үшін шүріппені басыңыз.
• Ыстық желімнің жабысуының номиналды уақыты - 30
секунд. Тиісті бетке желімді жаққан соң 15-20 секунд
күтіңіз, содан кейін оларды қосыңыз.
Шамамен 1 минут өткен соң желімді жапсар өзінің жа-
бысу беріктігінің 90% жетеді.
• Егер желімді көп мөлшерде жағатын болса, қатаю
уақыты 50-60 секундқа дейін артуы мүмкін, немесе
егер желім қысқа, жұқа штрихтармен жағылатын болса,
азаюы мүмкін.
• Желімнің таусылған бірінші белгілерінде-ақ жаңа
өзекті салыңыз.
• Əдетте барлық аймақ желіммен жабылғанға дейін
желім қатайып қалатындықтан үлкен беттерді желімдеу
қиынға соғады.
• Желімделетін беттерді алдын-ала қыздырып алу
берік қосылымды қамтамасыз етеді. Осы əсерді күн
сəулелері де береді.
• Желім жоғары температурада ериді, сондықтан қызып
кетуге бейім материалдармен бірге пайдаланылмауы
тиіс.
• Пистолет пайдаланылмаған кезде, оны столға орнатып
қоюға мүмкіндік беретін тұғырымен бірге жинақтамада
беріледі.
• Жұмыс барысында үзіліс жасағанда пистолетті қуат
алу желісінен ажыратып қойыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында
пистолетті қуат алу желісінен ажыратыңыз!
Сайманды тазалау
Пистолетке тұрақты күтім көрсету ақаулықтардың
пайда болуын болдырмайды.
Шүмектің таза болуын қадағалаңыз. Шүмектегі желім
қалдықтарын түйреуіш көмегімен алып тастаңыз. Əрбір
пайдаланудың алдында шүмекте желім қалдықтарының
жоқтығын тексеріңіз. Пистолетті тазалау үшін жағармай
сұйықтықтарын қолдануға тиым салынады.
Сайманның корпусын, мүмкіндігінше əрбір пайдалану-
дан кейін, жұмсақ матаны пайдалану арқылы тұрақты
түрде тазалап отыру қажет. Қажеттілік туындаса, сай-
манды тазалау үшін қолданылатын матаны сабынды
ерітіндіге малып алу қажет.
Ақаулықтар Сайман ақауланған жағдайда SBM Group
сервис Қызметіне хабарласыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Сізге қажеті жоқ аспапты, жабдықтарды жəне (немесе)
қаптаманы қайталама өңдеумен айналысатын таяу
маңдағы ұйымға өткізуді өтінеміз.