• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету орталығынан
алыңыз.
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
май сүзгісіне(егер бар болса),
қыздырғыш элементтер мен
термореле сенсорлық құралына
ешқашан қандай да бір затты бүркіп
шашпаңыз.
• Пиролит арқылы (егер бар
болса)тазалаған кезде қатып қалған
ластық, құрылғы бетінің түсін өзгертуі
мүмкін.
• Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер
бар болса).
• Пештің шамын айырбастаған кезде
абай болыңыз. Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар!
Орнату
• Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман
ғана орнатып, желіге қосып немесе
жөндеуге тиіс.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер
мен стандарттарды(қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу
бойынша ережелер, электр және/не
газ қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият
орындаңыз!
• Орнату нұсқауларын орындамасаңыз,
ақаулық орын алған жағдайда кепілдік
заңды күшке ие болмай қалады.
• Құрылғыны тасымалдаған кезде еш
жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге
қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны
сатқан жерге хабарласыңыз.
• Құрылғыны тез тұтанатын заттарға
(мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б.)
таятып орнатудан қашық болыңыз.
• Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз.
Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз!
• Маңызды! Пешті таған немесе сол
сияқты оны биіктететін заттың үстіне
қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір
жағына қарай ауып кету қаупін
күшейте түседі!
Электр желісіне жалғау
•
Құрылғыны міндетті түрде жерге
қосу қажет.
• Техникалық тақтайшадағы электр
параметрлерінің желі параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
ғана қолданыңыз.
• Көп тармақты ашаларды,
қосқыштарды және ұзартқыш
кабельдерді қолданбаңыз. Өрт шығу
қатері бар.
• Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға
немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғы кез келген полюсте
контакттарының арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік
беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
• Қорек сымы мен ашаның құрылғының
арт жағында жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны орнатып болған соң да
ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
• Құрылғыны сымынан тартып
ағытпаңыз. Әрқашан сымының
ашасынан ұстап ағытыңыз.
• Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс
түрін қолдану қажет: оларға айырып-
қосқыштар, сақтандырғыштар
(бұралмалы сақтандырғыштарды
ұясынан алу қажет ), жерге қосу және
контакт құралдары жатады.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Газға қосу
• Құрылғы қасындағы желдеткіштің
жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
Ауаның жеткілікті берілмеуі, оттегі
тапшылығын туғызуы мүмкін.
• Газдың берілуі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген газ түріне
4 electrolux