Electrolux EKG601104X Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
Інструкція
Пеш
Кухонная плита
Плита
EKG 601104
KZ
RU
UA
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 5
Бірінші қолданғанға дейін 6
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
6
Пештің үсті - Пайдалы нұсқаулар менен
кеңестер 7
Пештің үсті - Күту менен тазалау 7
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану 8
Тұмшапеш - Пайдалы нұсқаулар менен
кеңестер 9
Тамақ пісіру панелі 10
Тұмшапеш - Күту менен тазалау 12
Не істерсіңіз, егер... 13
Орнату 14
Тастау 18
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен
құрылғыны дұрыс іске қосу үшін, оны
орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де
осы нұсқаулық құрылғымен бірге
болсын. Құрылғыны пайдаланатын
адамдар оның қауіпсіздік функциялары
мен іске қосу жолдарын толық білуге тиіс.
Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен
қолдануға байланысты туындаған
ақаулықтар үшін жауапкершілік
көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігін сақтау
Бұл құрылғыны жасы 8-ге толған
және одан асқан балалар мен
физиологиялық, сезімдік не болмаса
ақыл-ой деңгейіне не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімі аз
адамдар, өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауымен,
құрылғыны іске қосу туралы ерекше
нұсқау алып, қатерлі жағдайлардан
хабардар болғаннан кейін ғана
пайдалануға тиіс. Балалар
құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.
Балаларды құрылғыдан алыс
ұстаңыз. Жарақат алу немесе
мүгедектікке апарып соқтыратын
жағдайлар орын алуы мүмкін.
•Құрылғыда бекітпені іске қосатын
немесе бекітетін құрал болса, оны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен
үй жануарларының құрылғыны
байқаусызда қосып қоюына жол
бермейді.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
Бұл өнімді өзгертуге не оның
техникалық сипаттарына өзгеріс
енгізуге болмайды. Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны ең алғаш іске қоспас
бұрын орам материалдарының,
жапсырмалары мен төсем
материалдарының барлығын алыңыз.
Пісіру алаңдарын әр қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Қолданылуы
Құрылғы тек үйде ғана қолдануға
арналып шығарылған.
Құрылғының үстін жұмыс алаңына не
зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз. Өрт шыққан жағдайда
құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл
қақпағымен сөндіріңіз , оны ешқашан
сумен сөндіруге болмайды.
Күйіп қалу қаупі бар! Пісіру алаңына
металл заттарды, мысалы ас
құралдары мен кастрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
2 electrolux
Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің
керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
Шойын, алюминийден жасалған, не
түбіне нұқсан келген ыдыстарды әрі-
бері сырғытсаңыз, керамика бетке
сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының бетіне сызат түссе,
электр тоғының қатеріне ұшырамас
үшін оны ажыратып қойыңыз.
Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан
келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі
әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос
ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
Пештің эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі, құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдікті заңды күшінен
айырмайды.
Құрылғының есігін күш салып
баспаңыз.
Құрылғы іске қосылып тұрғанда, оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қатері бар.
Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді
алып не салып жатқанда қолғап киіңіз.
Іске қосылып тұрған құрылғының
есігін ашатын кезде (әсіресе бумен
пісірген кезде) әрқашан артқа
шегініңіз. Бұлай істегенде жиналып
қалған бу немесе қызу сыртқа шығады.
Құрылғының сырлы қаптамасы
бүлініп қалмас үшін:
құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз
Ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз
тағам пісіруді аяқтағаннан кейін су
ыдыстарды және тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Бұл пешті суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
Су ыдыстар мен пісірілген
тағамдарды құрылғының ішінде
ұстамаңыз, себебі бу құрылғының
сырлы қаптамасын бүлдіреді немесе
құрам бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
Тез тұтанғыш сұйықтар мен
материалдарды, немесе балқығыш
заттарды (пластик не алюминийден
жасалған) құрылғы үстіне немесе
оған жақын қоймаңыз.
Тек қызуға төзімді керек-жарақтарды
ғана пештің астындағы суырмаға
салған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш
материалдарды салмаңыз.
Пеш қуысындағы ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан
саңылаудың бітеліп не далдада
қалмағанын әрқашан тексеріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Шыны
қақпақ қызған кезде шытынап кетуі
мүмкін. Қақпақты оттықтардың
барлығын сөндіргеннен кейін ғана
жабыңыз.
Күтім көрсету және тазалау
Жөндеу жұмысын жүргізбей тұрып,
құрылғыны сөндіріп, ашаны
розеткадан ағытып алыңыз.
Құрылғының суығанына көз жеткізіп
алыңыз.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Пеште жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Құрылғының бетін жиі-жиі тазалап
тұру, оны сыны кетіп сапасы түсуден
сақтайды.
Құрылғыны тазалау үшін тек су мен
сабынды пайдаланыңыз. Өткір
заттар, түрпілі тазалағыш құралдар,
жеміргіш жөкелер мен дақ кетіргіштер
құрылғыға нұқсан келтіреді.
Құрылғыны бу бүріккішпен немесе
жоғары қысым арқылы тазалайтын
құралмен тазаламаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынып, жарылып
кетуі мүмкін.
•Шыны панельдерді тазаламай тұрып,
олардың салқындағанына көз
жеткізіңіз. Шыны сынып қалуы
ықтимал.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қосымша нұсқауларды
electrolux 3
жергілікті қызмет көрсету
орталығынан алыңыз.
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
май сүзгісіне(егер бар болса),
қыздырғыш элементтер мен
термореле сенсорлық құралына
ешқашан қандай да бір затты бүркіп
шашпаңыз.
Пиролит арқылы (егер бар
болса)тазалаған кезде қатып қалған
ластық, құрылғы бетінің түсін өзгертуі
мүмкін.
Каталитті эмальды тазаламаңыз
(егер бар болса).
Пештің шамын айырбастаған кезде
абай болыңыз. Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар!
Орнату
Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман
ғана орнатып, желіге қосып немесе
жөндеуге тиіс.
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен
стандарттарды(қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша ережелер, электр
және/не газ қауіпсіздігі ережелері
т.с.с.) мұқият орындаңыз!
Орнату нұсқауларын орындамасаңыз,
ақаулық орын алған жағдайда
кепілдік заңды күшке ие болмай
қалады.
Құрылғыны тасымалдаған кезде еш
жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге
қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны
сатқан жерге хабарласыңыз.
Құрылғыны тез тұтанатын заттарға
(мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б.)
таятып орнатудан қашық болыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз.
Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум арақашықтықты
сақтаңыз!
Маңызды! Пешті таған немесе сол
сияқты оны биіктететін заттың үстіне
қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір
жағына қарай ауып кету қаупін
күшейте түседі!
Электр желісіне жалғау
Құрылғыны міндетті түрде жерге
қосу қажет.
Техникалық тақтайшадағы электр
параметрлерінің желі параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
ғана қолданыңыз.
Көп тармақты ашаларды,
қосқыштарды және ұзартқыш
кабельдерді қолданбаңыз. Өрт шығу
қатері бар.
Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға
немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғы кез келген полюсте
контакттарының арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік
беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
Қорек сымы мен ашаның құрылғының
арт жағында жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны орнатып болған соң да
ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны сымынан тартып
ағытпаңыз. Әрқашан сымының
ашасынан ұстап ағытыңыз.
Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс
түрін қолдану қажет: оларға айырып-
қосқыштар, сақтандырғыштар
(бұралмалы сақтандырғыштарды
ұясынан алу қажет ), жерге қосу және
контакт құралдары жатады.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Газға қосу
Құрылғы қасындағы желдеткіштің
жақсы жұмыс істейтініне көз
жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті
берілмеуі, оттегі тапшылығын
туғызуы мүмкін.
Газдың берілуі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген газ түріне
сай келетініне көз жеткізіңіз, "Бұйым
сипаттамасы" тарауын қараңыз.
4 electrolux
Бұл пеш жану өнімдерін кетіретін
құрылғыға жалғанбаған. Бұл пеш
қолданыстағы орнату ережелеріне
сай орнатылып, желіге қосылуға тиіс.
Желдетуге қатысты талаптардың
орындалуына ерекше назар аудару
керек.
Газға тамақ пісіру құрылғысын
пайдаланған кезде оны орнатқан
бөлме ысып кетеді және ылғал
түзіледі. Ас бөлмедегі желдеткіштің
жақсы жұмыс істейтініне көз
жеткізіңіз: табиғи жолмен
желдетілетін саңылауларды ашып
қойыңыз не механикалық желдету
құралын орнатыңыз (механикалық
тартқыш құрылғы).
Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені
көбірек желдету (мысалы, терезені
ашу немесе механикалық желдеткіш
бар болса, деңгейін көтеру) керек.
Қызмет көрсету
Бұл құрылғыны уәкілетті қызмет
көрсету орталығының инженері ғана
жөндей алады. Фирмалық қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы көрінісі
1
2
3
4
1
2
64
3
9
10
11
5
7
8
1 Пеш шамының түймешігі
2 Тұтату генераторының түймешігі
3 Пешті басқару түймешелері
4 Тұмшапешті басқару түймешесі
5 Минут операторын басқару
түймешесі
6 Гриль индикаторы
7 Гриль
8 Пеш шамы
9 Астыңғы табақ
10 Техникалық ақпарат тақтайшасы
11 Сөре сырғытпасы
Пісіру қабатының орналасуы
21
4 3
1 Жартылай жылдам оттық
2 Жартылай жылдам оттық
3 Қосымша оттық
4 Жылдам оттық
Керек-жарақтар
Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру және қуыру үшін немесе май
жинайтын таба ретінде қолданылады.
electrolux 5
Пеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау
суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау
суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Пешті пайдаланбас бұрын, оның
ішкі және сыртқы орам
материалдарының барлығын
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Пештің
есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар
құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін.
"Күтім көрсету және тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған
кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы
кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты
жағдай. Бөлменің жақсы
желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде
ашық отты пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалынды дұрыс
пайдалану жағдайлары үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Тұтату генераторы түймешігін
басып, ұстап тұрыңыз
.
2. Басқару түймешесін сағат тілінің
бағытына қарсы түбіне дейін
бұраңыз
.
3. Тұтату генераторы түймешігін
босатыңыз, бірақ басқару
түймешесін осы қалыпта шамамен 5
секунд басыңыз; бұл жылыту
элементінің қызуына мүмкіндік
береді. Егер олай етпесеңіз, газ
беріліміне кедергі келтіріледі.
4. От біркелкі жанғаннан кейін оны
реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
1
2
3
4
1 Оттықтың қақпағы
2 Оттықтың шілтері
3 Тұтатқыш жанарғы
4 Жылыту элементі
Назарыңызда болсын! Егер оттық
15 секундтан кейін жанбаса,
басқару түймешесін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да,
кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
6 electrolux
Өте маңызды! Оттықты электр құралын
қолданбай жағуға болады (мысалы, ас
үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз да,
оны сағат тілінің бағытына қарсы ең көп
газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе
қуат үзілісінен кейін электр қуатын
қосқан кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына
белгіге бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан
бұрын отты азайтыңыз немесе
сөндіріп қойыңыз.
Glass lids may shatter when
heated. Turn off all burners before
shutting the lid.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін
табалар мен кәстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың
диаметрі
Жылдам 180 мм - 260 мм
Жартылай
жылдам
120 мм - 220 мм
Қосымша 80 мм - 160 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалардан бұрын оны сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
Эмальмен қапталған бөліктерін,
қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Таба тағандары ыдыс жуғыш
машинаға жарамайды ; оларды
қолмен жуу керек.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды
ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде
абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
electrolux 7
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Гриль индикаторы
Гриль индикаторы ("Бұйым
сипаттамасы" тарауын қараңыз) гриль
пісіру функциясы таңдалған кезде
жанады. Ол пеш қажетті температураға
дейін қызған кезде өшеді. Одан соң
жанып-сөну арқылы қажетті
температураның реттелгенін көрсетеді.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Алдымен минут операторының басқару
түймешесін ("Бұйым сипаттамасы"
тарауын қараңыз) сағат бағытымен
шегіне дейін бұраңыз. Одан кейін
қажетті уақыт мәніне кері бұраңыз.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне әсер
етпейді. .
Уақытты орнатпай пісіру үшін,
минут операторының басқару
түймешесін келесіге қарай бұраңыз:
.
Пештің функциялары
Пештің төмендегідей функциялары бар:
Пеш функциясы Қолданыс аясы
0 Off қалпы Құрылғыны сөндіруге арналған.
1-8
Температура мәндерін
орнату
Тағамды дәстүрлі жолмен пісіру үшін орнатуға болатын
температура мәндері.
(1 - 160 °C; 2 - 175 °C; 3 - 190 °C; 4 - 210 °C; 5 - 225 °C; 6 -
240 °C; 7 - 260 °C; 8 - 275 °C)
Гриль
Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің ортасына
қойып грильдеуге арналған. Тостер жасау үшін.
Пеш шамы
Пештің ішін еш функция қосылмай тұрған кезде
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану үшін
пеш шамының түймешігін басыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Тұтату генераторы түймешігін
басып, ұстап тұрыңыз (
)
3. Газ пешінің басқару түймешесін
сағат тілінің бағытына қарсы түбіне
дейін бұрап, оны қосыңыз. Тұтату
генераторы түймешігін босатыңыз,
бірақ газ пешінің басқару түймешесін
осы қалыпта шамамен 15 секунд
ұстаңыз. Оны жалын пайда
болғанша босатпаңыз.
Егер пештің газ оттығы от алмаса
немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пешінің басқару түймешігін
босатып, оны “Off” қалпына
қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ
оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату:
Электр қуаты уақытша өшіп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктің
жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде газ пешін
басқару түймешесін итеріп, сағат
тілінің бағытына қарсы ең жоғары
температураға бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару түймешесін шамамен 15
8 electrolux
секундтай ең жоғарғы қалыпта ұстап
тұрыңыз.
Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Гаш пешінің басқару түймешігін
босатыңыз..
2. Пештің есігін жабыңыз.
3. Гаш пешінің басқару түймешігін
қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пеш термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп
қалғанда, газ берілуін тоқтатады.
Газ пеші мен электр гриль
құрылғысын бір уақытта қолдана
алмайсыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Назарыңызда болсын! Тағамды
пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде
де әрқашан пеш есігін жауып отыру
қажет.
Пісіру табалары, кәстрөлдерді т.с.с.
пештің сыры кетпес үшін оның
табанына қоймаңыз.
Пештің сырын кетіріп алмас үшін
оның керек-жарақтарын салып, не
алып жатқан кезде абай болыңыз.
Пештің төрт сөре қатары бар. Сөре
қатарлары пештің астынан бастап
саналады.
Әртүрлі тағамдарды пештің екі
қатарына қойып, бір мезгілде
пісіруіңізге болады. Сөрелерді 1-ші
және 3-ші қатарға қойыңыз.
Пеш ауаны үздіксіз айдап және буды
тұрақты айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйе тамақты булы ортада пісіріп,
тағамдардың ішін жұмсақ, ал сыртын
қытырлақ күйде сақтайды. Сондай-ақ,
бұл тамақ пісіретін уақыт пен қуат
шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына конденсат тұруы мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріліп
жатқан кезде есікті әрқашан артқа
шегініп барып ашыңыз. Бу
конденсаты аз жиналу үшін пешті
тағамды пісірмей тұрып 10 минуттай
қыздырып алыңыз.
Құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша
сай келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың
арасындағы бір қатарды ашық
қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет
өте кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын әбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны
200 °C-250 °C аралығында орнатыңыз.
Үй құсының еті не балық тәрізді ақ
етті пісіру үшін температураны 150°C
- 175 °C аралығында орнатыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
•Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен
сайын қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыты
Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына
және мөлшеріне қарай әртүрлі болады.
electrolux 9
Алғаш тағам пісірген кездері пісіру
үрдісіне жақсы назар аударып
отырыңыз. Осы құрылғы арқылы
пісіргенде ыдыстарыңызға, рецепт және
тағам мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді(қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
ТАМАҚ ПІСІРУ ПАНЕЛІ
Газ тұмшапеште пісіру
Уақыт аралықтарына алдын ала
қыздыру уақыты қосылмаған.
Бос пешті әрқашан 10 минут алдын
ала қыздыру қажет.
Салм
ағы
(кг)
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
Минутқа
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
Ескертпелер
Температ
ура (°C)
деңгейі
ЕТ ЖӘНЕ ҚҰС ЕТІ
1
Сүйегі бар сиыр
еті
160 2 не 3 40
1 Сүйексіз сиыр еті 190 2 не 3 50
1 Қой еті 160 2 не 3 40 - 50
1 Шошқа еті 175 2 не 3 50
1,2 Тауық/Қоян еті 210 2 не 3 70 - 80
1 Үйрек еті 190 2 не 3 80
1 Күркетауық еті 180 2 не 3 60
0,5 Бұқтырма тағам 135 2 не 3 150
1 Көкөніс пісірмесі 150 2 /
көкөніс түріне қарай әртүрлі
болады
ТОҚАШ
ӨНІМДЕРІ
Жеміс бәліштері 165 2 35
Жеміс бәліші 160 2 не 3 35
Шұжық
орамалары
180 2 не 3 20
Чокс тоқашы 190 2 не 3 25 - 30
Воловент тоқашы 175 2 не 3 15
Джем қосылған
пирожныйлар
180 2 не 3 30 - 40
пеш сөресіндегі 26 см
алюминий қалып
қолданылады
ПУДДИНГ
Бен-мариде
пісірілген
жұмыртқа десерті
135 2 не 3 60 - 75
Кілегей жеміс
торты
135 2 не 3 90
Меренга 135 2 не 3 70 - 90
алюминий тегіс пісіру
науасында
10 electrolux
Салм
ағы
(кг)
ТАҒАМ ТҮРІ
Газ тұмшапеште
пісіру
Минутқа
шаққанд
ағы
пісіру
уақыты
Ескертпелер
Температ
ура (°C)
деңгейі
ТОРТТАР
Шырынды жеміс
торты
150 2 не 3 150 - 170
пеш сөресіндегі 20см
қалыпта
Жай жеміс торты 160 2 не 3 150
Мадейра торты 160 2 не 3 105 - 120
Кішкене кекстер 160 3 30 - 40
Зімбір наны 160 3 35 - 45
НАН
0,5 Нан бөлкелері 190 2 не 3 40 - 50
алюминий тегіс пісіру
науасында
1 Нан бөлкелері 190 2 не 3 50 - 60
алюминий тегіс пісіру
науасында
Орамалар,
мейізді тоқаш
180 2 не 3 15 - 20
Печеньелер 180 2 не 3 25 - 35
Грильдеу
Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті
10 минут қыздырып алыңыз.
Мөлшері Грильдеу Минутқа шаққандағы
пісіру уақыты
ТАҒАМ ТҮРІ Бөлікте
р
г
деңгейі
Темпера
тура (°C)
1-ші жағы 2-ші жағы
Филе стейкі 4 800 3 250 12-15 12-14
Сиыр еті стейкі 4 600 3 250 10-12 6-8
Шұжықтар 8 / 3 250 12-15 10-12
Шошқа етінің
бөлігі
4 600 3 250 12-16 12-14
Тауық еті (2-ге
бөлінген)
2 1000 3 250 30-35 25-30
Кебаб 4 / 3 250 10-15 10-12
Тауықтың кеудесі 4 400 3 250 12-15 12-14
Гамбургер 6 600 3 250 20-30
Балық филесі 4 400 3 250 12-14 10-12
Қызартылған
сендвич
4-6 / 3 250 5-7 /
Тост 4-6 / 3 250 2-4 2-3
electrolux 11
ТҰМШАПЕШ - КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
•Құрылғының алдыңғы жағын сабын
мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш
әрекеттерді кері ретпен орындай
отырып салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Пештің есігін тазалау
Тазалау жұмысын жеңілдету үшін
пештің есігін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына
көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып
қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
панельдеріне нұқсан келсе не сызат
түссе, шыны босап, сынып қалады.
Бұндай жағдай орын алмас үшін
оларды ауыстыру керек. Қосымша
нұсқауларды жергілікті қызмет
көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
12 electrolux
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
3. Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Мұқият
құрғатыңыз
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек су мен сабынды
пайдаланып ғана тазалаңыз.
Жеміргіш тазалағыштар, дақ
кетіргіштер және өткір заттар
(мысалы, пышақ не
қырғыштар)шыныны бүлдіруі
мүмкін.
Тазалап болғаннан кейін пештің есігін
салыңыз. Есікті салу үшін әрекеттерді
кері тәртіпте орындаңыз.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Оны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не
тазалағыш құралдарды ешқашан
пайдаланбаңыз, себебі олар пештің
бетін бүлдіреді. Пештің басқару
панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
•Пешті өшіріңіз.
Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына
қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық
қызуға төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Электр қуаты берілмейді Құрылғының жалғанғанын
және электр қуатының іске
қосылғанын тексеріңіз.
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Электр қуаты берілмейді Үйдегі электр жабдығының
сақтандырғышын тексеріңіз.
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған
Оттықтың қақпағы мен
шілтері дұрыс қойылғанына
көз жеткізіңіз.
Тұтатқан бетте жалын дереу
сөніп қалады
Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды
Отты жаққаннан кейін
түймешені шамамен 5
секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Газ шеңбері біркелкі
жанбайды
Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған
Инжектордың бітеліп
қалмағанын және оттықтың
шілтерінің тағам қалдығынан
бос екенін тексеріңіз.
electrolux 13
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Құрылғы жұмыс істемей тұр Сақтандырғыш
қорапшасындағы
сақтандырғыш ағытылып
қалған
Сақтандырғышты
бақылаңыз. Сақтандырғыш
бірнеше рет ағытылып
қалса, білікті электрик
маманын шақырыңыз.
Пеш қызбай тұр Пеш тоққа қосылмайды Пешті қосыңыз
Пеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
орнатылмаған
Параметрлерді бақылаңыз
Пеш шамы жұмыс істемейді Пеш шамының ақауы бар Пеш шамын ауыстырыңыз
Пеште және пеш қуысында
бу және конденсат тұрып
қалған
Тағам пеште тым ұзақ
уақытқа қалдырылған
Пеште тағамдарды пісіру
процесі аяқталғаннан кейін
15-20 минуттан артық
уақытқа қалдырмаңыз
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше
алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тек электрик маманға немесе білікті
адамға ғана жөндету керек.
Өте маңызды! Құрылғыны дұрыс
пайдаланбаған жағдайда, құрылғының
кепілдік мерзімі аяқталмаса да, қызмет
көрсету орталығы не дилер жіберген
маманның көрсеткен қызметі үшін
төлемақы алынады.
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше
алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бұл деректер сізге тез әрі дұрыс көмек
көрсету үшін қажет. Бұл мәліметтер
техникалық ақпарат тақтайшасында
("Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз) берілген
Үлгінің сипаттамасы............
Құрылғының нөмірі (PNC)............
Сериялық нөмірі (S.N.)..........
Метал бөліктері бар құрылғыларға
арналған ақыл-кеңестер:
Есікті тағамды пісіріп немесе
қуырып болғаннан кейін дереу
ашсаңыз, терезені бу басады.
ОРНАТУ
Өте маңызды! First read "Safety
information" chapter carefully.
Техникалық ақпарат
2-ші санат, 1-ші қосымша санат және 1-
ші санат құрылғысы.
Өлшемдері
Биіктігі 850 мм
Ені 600 мм
Тереңдігі 600 мм
Пештің
сыйымдылығы
53 л
Газ санаты II2H3+
Газбен жабдықтау G20/13 мбар
Айналма диаметрлері
Оттық Ø Ішкі айналма,
1/100 мм.
Қосымша 28
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 52
14 electrolux
Газ оттықтары
ОТТЫҚ
ҚАЛЫПТЫ
ҚУАТ
АЗАЙТЫ
ЛҒАН
ҚУАТ
ҚАЛЫПТЫ ҚУАТ
ТАБИҒИ ГАЗ
G20 (2H) - 20 mbar
СҰЙЫЛТЫЛҒАН ГАЗ
(Бутан/Пропан) G30/31-30 mbar
кВт кВт
инж.
1/100 мм
м³/сағ.
инж.
1/100 мм
г/сағ.
G30 G31
Қосымша
оттық
1,0 0,33 70 0,095 50 72 71
Жартыла
й
жылдам
оттық
2,0 0,45 96 0,190 71 145 143
Жылдам
оттық
3,0 (табиғи
газ)
2,8
(cұйылтылғ
ан газ)
0,75 119 0,286 86 204 200
Тұмшапе
ш оттығы
2,7 1 114 0,257 83 196 193
Газға қосу
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе тот
баспайтын болатпен қапталған иілгіш
түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл
түтіктерді пайдаланатын болсаңыз,
олардың жылжымалы бөлшектерге
жанаспауын немесе қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы
Егер қосылымды түгелдей оңай
басқаруға болатын мүмкіндік болса,
иілгіш түтікті пайдалануыңызға болады.
Иілгіш түтікті қысқыштармен берік бекіту
керек.
Орнату: резеңке түтік ұстатқышты
пайдаланыңыз. Әрдайым
тығыздауышты орнатыңыз. Содан кейін
газ желісіне қосуды жалғастырыңыз.
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда
қолдану үшін дайындалады:
ол бөлме температурасынан жоғары,
30°C-тан асып қызып кете алмайды;
оның ұзындығы 1500 мм-ден аспайды;
оның ысырмалары болмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
–оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмаса;
материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болса;
бекіткіш қапсырмаларды тот баспаған;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген
болса.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
оны ауыстыру керек.
Өте маңызды! Орнату аяқталғаннан
кейін әр түтік сәйкестендіргішінің
жақсылап бекітілгенін тексеріңіз.
Жалынды емес, сабын ерітіндісін
пайдаланыңыз!
Газ беретін еңіс басқару панелінің
артқы жағында орналасқан.
Назарыңызда болсын! Газды
жалғардың алдында, ашаны
розеткадан ағытыңыз немесе
сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғышты сөндіріңіз. Газ
беретін негізгі клапанды жабыңыз.
electrolux 15
1 42325
1 Газ қосылатын жер (құрылғының тек
бір жеріне ғана газға жалғауға
болады)
2 Тығыздағыш
3 Реттелетін қосылым
4 Сұйылтылған газ (LPG) резеңке түтік
ұстатқышы
5 Табиғи газ түтік ұстатқышы
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту
үшін тізімнен түтік ұстатқышты
таңдаңыз. Әрқашан тығыздағышты
қолданыңыз
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5. Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ
келетін түтіктің жанында) газбен
жабдықтаудың жаңа түрінің
затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл
затбелгіні сіз құрылғымен бірге
жеткізілетін инжекторлар орамынан
таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
Ең кіші деңгейді реттеу
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
реттеу үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Түймешені ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару түймешесін қозғаңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен айналма
бұранданы реттеп бұраңыз. Егер 20
мбар табиғи газды сұйылтылған
газға ауыстырсаңыз, айналма
бұранданы түгелдей қатайтып
бұраңыз. Егер сұйылтылған газды,
20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
айналма бұранданы шамамен 1/4
мөлшеріне босатыңыз.
1 Ең кіші реттегіш бұранда
5. Түймешені ең үлкен қалпынан ең
кіші қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, оттың өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Газдың басқа түрлерін лайықтау
Назарыңызда болсын! Пешті
газдың басқа түріне сай лайықтау
жұмысын тек уәкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.
Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға
болады.
Газдың тұтынылатын мөлшері
пайдаланылуға лайықталады.
Газ оттықтарының инжекторын
ауыстыру:
1. Пеш табанындағы табақшаны
алыңыз ( A ) газ оттығына қол
жеткізу үшін алыңыз ( B ).
1
16 electrolux
B
A
2. Газ оттықтарын ұстап тұрған екі
бұранданы ( C ) босатыңыз.
C
3. Газ оттығын еппен инжектор
тағанынан ( D ) алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз.
Газ оттығының шілтері, оттық
табақшасында тұрғанына көз
жеткізіңіз. Ұшқын шығаратын құрал
жалғастырғышының ( E ) және
термоэлемент жалғастырғышының
( F ) сымына күш салмаңыз.
D
E
F
4. Газ оттығының инжекторын ( D ) 7-ші
сомынкілттің көмегімен көмегімен
ағытып, оны алып тастаңыз. Орнына
қажетті инжекторды салыңыз ("Газ
пеші оттығының техникалық
параметрлері" кестесін қараңыз).
5. Газ пеші оттығын құрастыру үшін,
әрекеттерді кері бағытта орындаңыз.
6. Газ беретін еңіс жанында
орналасқан, газ түрінің
жапсырмасының орнына, жаңа газ
түріне сәйкес келетін тиісті
жапсырманы қолданыңыз (инжектор
жинағымен бірге беріледі).
Назарыңызда болсын! Газ пеші
оттығының бастапқы ауасын
реттеудің қажеті жоқ.
Газ пеші оттығын ең төменгі деңгейге
орнату:
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Гаш пешінің басқару түймешігін
алыңыз.
3. Реттегіш бұранданы ( G ) жүзі бар
жіңішке бұрағышпен реттеңіз.
G
Газ түрінің
өзгертілуі
Реттегіш
бұранданы
лайықтау
табиғи газдан
сұйылтылған газға
реттегіш
бұранданы шегіне
дейін қатайтып
бұрау
сұйылтылған
газдан табиғи
газға
реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 3/4
мөлшеріне дейін
босату
electrolux 17
Газ түрінің
өзгертілуі
Реттегіш
бұранданы
лайықтау
сұйылтылған
газдан табиғи 13
мбар газға
реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 3/4
мөлшеріне дейін
босату
20 мбар табиғи
газдан 13 мбар
табиғи газға
реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 1/4
мөлшеріне дейін
босату
4. Гаш пешінің басқару түймешігін
тіркеңіз.
5. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Назарыңызда болсын! Ашаны
розеткаға пештің барлық
бөлшектерін өз орындарына қойып
болғаннан кейін ғана сұғыңыз.
6. Газ пешінің оттығын жағыңыз ("Газ
пеште тағам пісіру - Газ пешінің
оттықтарын тұтату" тарауын
қараңыз).
7. Газ пешінің басқару түймешесін 240
мәніне қойыңыз да, пешті кем
дегенде 10 минут қыздырыңыз.
8. Газ пешінің басқару түймешесін 240
мәнінен ең кіші қалпына қойыңыз.
Жалынды бақылаңыз. Жалын сөніп
қалса, 1-ден бастап 7-ге дейінгі
қадамдарды қайта орындаңыз. Газ пеші
оттығының шілтерінен жалын аз
мөлшерде тұрақты шығып тұруға тиіс.
Бұл қауіпсіздік шаралары
орындалмаған жағдайда, өндіруші
ешбір жауапкершілік көтермейді.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
таған үстіне қоймаңыз
Тіктеп орнату
Пештің бетін басқа құрылғылардың
бетімен бірдей деңгейге қою үшін
құрылғының астындағы кішкене
сирақтарды қолданыңыз
Токқа қосу
Назарыңызда болсын! Токқа қосуды
тек кәсіби білікті маман ғана
орындау қажет.
"Қауіпсіздік" тарауындағы сақтық
шаралары орындалмаған жағдайда,
өндіруші еш жауапкершілік
көтермейді.
Құрылғы тек электр сымымен
жабдықталған.
MANUFACTURER:
C.so Lino Zanussi, 26-33080 Porcia (PN),
Italy.
ТАСТАУ
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
және электроникалық бұйымдарды
жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
денсаулығына түсіп пайда бола алатын
зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
Осы бұйымның утилизациясы туралы
көбірек білуіңіз үшін жергілікті
әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
әкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
18 electrolux
Орам материалдары
Құрылғыны орау үшін қолданылған
материалдардың қоршаған ортаға
зияны жоқ әрі оларды қайта
өңдеуден өткізуге болады. Пластик
бөлшектер келесі халықаралық
таңбаламалармен белгіленген:PE,
PS, т.б. Орам материалдарды
тұрғын үйлі жердегі қалдықтарды
жинау мекемесі орнатқан тиісті
қоқыс жәшіктеріне тастаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
ешқандай қауіп - қатер көзіне
айналмас үшін оны біржола
пайдалануға жарамсыз етіп барып
тастау қажет.
Бұл үшін ашаны розеткадан
суырыңыз да қорек қабелін
құрылғыдан ағытып алыңыз.
electrolux 19
Electrolux. Thinking of you.
Обменяйтесь с нами своими мыслями на
www.electrolux.com
СОДЕРЖАНИЕ
Сведения по технике безопасности
20
Описание изделия 23
Перед первым использованием 24
Варочная панель — Ежедневное
использование 24
Варочная панель — Полезные советы
25
Варочная панель — уход и чистка 26
Духовой шкаф — ежедневное
использование 26
Духовой шкаф — полезные советы
27
Таблицы для приготовления пищи 28
Духовой шкаф — уход и чистка 30
Что делать, если ... 32
Установка 33
Утилизация 37
Право на изменения сохраняется
СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
С целью обеспечения вашей безо‐
пасности и надлежащей работы прибо‐
ра необходимо внимательно ознако‐
миться с данным руководством перед
тем, как выполнять установку прибора и
эксплуатировать его. Всегда храните
данное руководство пользователя вме‐
сте с прибором, даже если вы передае‐
те его другим лицам при переезде или
продаете его. Лица, использующие дан‐
ный прибор, должны досконально изу
чить порядок работы с ним и его устрой‐
ство для обеспечения безопасности.
Изготовитель не несет ответственность
за повреждения, вызванные неправиль‐
ной установкой и эксплуатацией.
Безопасность детей и лиц с
ограниченными возможностями
Этот прибор могут эксплуатировать
дети в возрасте от 8 лет и старше, а
также лица с ограниченными физиче‐
скими, сенсорными или умственными
способностями или с недостаточным
опытом или знаниями, если они нахо‐
дятся под присмотром или получили
инструкции касательно безопасной
эксплуатации прибора и понимают со‐
пряженную с ней опасность. Детям за‐
прещается играть с прибором.
Держите все упаковочные материалы
в недоступном для детей месте. Су‐
ществует риск смерти от удушения.
Не подпускайте детей к прибору. Су‐
ществует риск получения травмы или
увечья.
Если прибор оснащен блокировкой
включения или блокировкой клавиш,
используйте ее. Она предотвращает
случайное включение прибора деть‐
ми или домашними животными.
Общие правила техники безопасности
Не изменяйте параметры и не вноси‐
те изменений в конструкцию данного
прибора. Это может привести к повре‐
ждению прибора или травмам.
Перед началом эксплуатации прибо‐
ра удалите с него все элементы упа‐
ковки, наклейки и пленку.
После каждого использования прибо‐
ра выключайте конфорки.
Назначение
Настоящий прибор предназначен ис‐
ключительно для приготовления пи‐
щи в бытовых условиях.
Не используйте прибор в качестве ра‐
бочего стола или подставки для каких-
либо предметов.
Не оставляйте прибор без присмотра
во время его работы. В случае пожа
ра выключите прибор. Тушите огонь
при помощи крышки кастрюли, ни в
коем случае не применяйте воду.
Опасность ожога! Не кладите метал‐
лические предметы, например, прибо‐
ры или крышки кастрюль, на вароч‐
20 electrolux
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56

Electrolux EKG601104X Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ