12
7. Тек машинамен бірге келетін жаңа құбыршек жинағын пайдаланыңыз, ескі
құбыршекті пайдалану ұсынылмайды.
8. Сумен жабдықтау желісіндегі су қысымы 1 Мпа-дан аспау керек. Ең төмен
қысым: 0,05 МПа.
ЭЛЕКТРМЕН ҚОСУ
1. Кір жуғыш машинаның астындағы қуат сымының қысылып қалуына жол
бермеңіз, бұл оның бүлінуіне әкеледі.
2. Кір жуатын машинаны жерге тұйықталған және «техникалық сипатта-
малар» кестесінде көрсетілген сақтандырғышпен қорғалған розеткаға
қосыңыз. Жерге қосу тізбегін орнатуды білікті электрик жүргізуі керек.
Машинаны орнату жергілікті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
3. Су мен электр қуатын қосуды шығарушының нұсқауларына және жергілікті
қауіпсіздік талаптарына сәйкес білікті маман орындауы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
– Электрлік ұзартқыштар мен үштіктерді пайдалануыңа тыйым салынады.
– Кір жуғыш машинаны таймерлер сияқты сыртқы коммутациялық
құрылғылар арқылы, сондай-ақ әлсін-әлсін тоқсыздандырылатын
желілерге қосуға тыйым салынады.
– Жанғыш газбен газданған жағдайда, қуат сымын розеткадан ажыратуға
тыйым салынады.
– Қуат беру ашасын дымқыл қолмен ұстауға тыйым салынады.
– Ашаны розеткадан суырарда, баусымынан емес, ашаның өзінен тартыңыз.
– Машина қолданылмаса, ашаны розеткадан суырып тастаңыз.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА/КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ
1. Су қысымының өзгеруіне төзімділігіне сумен жабдықтау құбыршектерінң,
тығындау кранының және су төгетін түтіктің қосылуын тексеріңіз. Егер
қосылыстар босап қалса немесе су ағып кетсе, тығындау клапанын жау-
ып, қосылысты жөндеңіз. Кір жуатын машинаны білікті мамандар барлық
қосылыстарды дұрыс орындағаннан кейін ғана қолданыңыз.
2. Кір жуғыш машинаның есігінің әйнегі жұмыс істеу кезінде қатты қызуы
мүмкін. Жұмыс істеу кезінде балалар мен үй жануарларының кір жуғыш
машинаның жанында болуына жол бермеңіз.
3. Жеткізу және ағызу құбыршектері бүлінбеуі үшін қауіпсіз орындарға орна-
тылуы тиіс. Әйтпесе, судың ағып кетуі мүмкін.
4. Кір жуатын машинада су болған кезде, ағызу сорғысының сүзгісін алып
тастауға жол берілмейді. Сұйықтықтың көп мөлшері ағып кетуі мүмкін, со-
нымен қатар ыстық сумен күйіп қалу қаупі бар.
ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Жанғыш, жарылғыш немесе улы еріткіштерді пайдалануға тыйым салына-
ды. Тазалау үшін бензин, алкоголь және т.б. пайдалануға тыйым салынады.
Кір жуғыш машиналарға жарамды жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
2. Жуар алдында, киімнің қалталарын тексеріңіз. Монеталар, түймелер, шеге-
лер, бұрандалар, тастар және т.б. сияқты өткір және қатты заттар машина-
ны қатты бүлдіруі мүмкін.
3. Жуар алдында қалтаңыздан оттықтар, сіріңкелер және т.б. сияқты заттар-
ды алып тастаңыз.
4. Алдын ала қолмен жуылған киімдерді мұқият шайыңыз.
5. Күнбағыс майы, ацетон, алкоголь, бензин, керосин, дақ кетіргіштер, ски-
пидар, балауыз немесе балауыз кетіргіштер сияқты заттармен ластанған
киімдерді сығар алдында жоғары температурада жуғыш зат мөлшерін
көбейте отырып жуу керек.
6. Кір жуғыш машинада көбік резеңке немесе латекс бар заттарды сығу
ұсынылмайды: душқа арналған қалпақшалар, су өткізбейтін маталар,
резеңкеленген киімдер немесе көбік резеңке төсемдері бар киімдер
7. Мата жұмсартқыштар мен соған ұқсас құралдар шығарушылардың
нұсқауларына сәйкес қолданылуы керек.
8. Машинаның есігін мәжбүрлеп ашуға тыйым салынады. Есік жуу айналымы
аяқталғаннан соң біраз уақыттан кейін ашылады.
9. Есікті жабу кезінде артық күш салуға тыйым салынады. Есікті жабу қиын
болған жағдайда, киімнің дұрыс орналасуы мен машинаға салынуын
тексеріңіз.
10. Әр қолданғаннан кейін және техникалық қызмет көрсетуден бұрын кір
жуғыш машинаны желіден ажыратып, тығындау кранын жабыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ СОҒУ ҚАУПІ!
– Қуат беру кабелі бүлінген жағдайда, қауіпті жағдайларды болдырмау
үшін, оны шығарушының, оның сервистік қызметінің немесе өзге де білікті
мамандардың күшімен ауыстыру қажет.
– Машина істен шыққан жағдайда, ақаулық шығарушының, оның сервистік
қызметінің немесе өзге де білікті мамандардың күшімен жойылғанға дейін
оны пайдалануға тыйым салынады.
1. Егер физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе
өмірлік тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдар (балаларды қоса алғанда)
бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адам аспапты
пайдалану туралы нұсқау бермесе, кір жуғыш машина олардың пайдала-
нуына арналмаған. Кір жуғыш машинамен ойын ойнауға жол бермеу үшін,
балалар бақылауда болуы керек.
Еуропалық Одақ заңнамасының талаптарына сәйкес ескерту:
– 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-
ой мүмкіндіктері шектеулі немесе жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдардың аспапты пайдалануына аспапты қауіпсіз пайдалану және
қауіп факторлары бойынша нұсқама алғаннан кейін және ересек адамның
жетекшілігімен ғана жол беріледі. Балаларға кір жуғыш машинамен ойнауға
рұқсат етілмейді. Балаларға машинаны ересектердің қарауынсыз тазалауға
және күтіп ұстауға рұқсат етілмейді.
– Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде, балаларды қадағалаңыз,
балалардың онымен ойнауына жол бермеңіз.
– 3 жасқа дейінгі балалар кір жуғыш машинаға қол жеткізе алмауы керек
және үнемі бақылауда болуы керек.
2. Кір жуатын машинаның ішіне жануарлар мен балалар кіріп кетуі мүмкін.
Әрбір пайдаланар алдында, машинаны тексеріңіз.
3. Кір жуатын машинаның үстіне тұруға немесе отыруға тыйым салынады.
ОРНАТУ ОРНЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
1. Кез-келген жуғыш заттар мен қоспалар балалардың қолы жетпейтін жерде
сақталуы керек.
2. Машинаны кілемге орнатпаңыз. Жабын салқындатуға арналған тесіктерді
жауып, машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін.
3. Пластикалық және резеңке бөлшектердің бүгілуіне жол бермеу үшін, кір
жуғыш машинаны жылу көздеріне жақын және тікелей күн сәулесі түсетін
жерге қоймаңыз.
4. Кір жуғыш машинаны ылғалдылығы жоғары немесе жарылғыш немесе
күйдіргіш газдары бар бөлмелерде пайдаланбаңыз. Су кеткен немесе су
шашылған кезде, кір жуғыш машинаны ашық ауада кебуіне жол беріңіз.
5. Кір жуғыш машинаны құлыпталатын есіктері, жылжымалы есіктері немесе
кір жуғыш машинаның орнатылған жеріне қарама-қарсы жаққа қарай
ашылатын есіктері бар үй-жайларда орнатуға тыйым салынады.
6. Кір жуатын машинаны температурасы 5°C-тан төмен бөлмелерде
пайдалануға тыйым салынады, кір жуатын машинаның бөліктерін бүлдіруі
мүмкін. Егер жеткілікті температураны қамтамасыз ету мүмкін болмаса,
мұздың пайда болуын болдырмау үшін, әр қолданғаннан кейін кір жуғыш
машинадан суды мұқият төгіп тастаңыз («техникалық қызмет көрсету –
сорғы сүзгісін тазалау» бөлімін қараңыз).
7. Кір жуғыш машинаға жақын жерде кез-келген тұтанғыш аэрозольдер мен
басқа заттарды қолдануға тыйым салынады.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
1. Кір жуғыш машина жұмыс істей бастағанға дейін барлық қаптау материал-
дары мен тасымалдау бұрандаларын алып тастаңыз. Бұл талапты орында-
мау елеулі бүлінуге әкелуі мүмкін.
2. Кір жуатын машина бір кіріс қысымтығынмен жабдықталған және тек суық
сумен жабдықтау желісіне қосылады.
3. Желілік сымның ашасы оңай қол жетімді жерде орналасуы керек.
4. Киімді бірінші рет жуар алдында, киімді машинаға салмай-ақ бір толық жуу
айналымын орындаңыз.
5. Пайдаланар алдында, кір жуатын машинаны калибрлеу керек.
6. Кір жуғыш машинаға су ыдыстары мен жылыту ыдыстары сияқты ауыр зат-
тарды салмаңыз.