Қажетті бағдарламаны таңдау
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. "Старт/Пауза"
түймешігі жасыл түспен жыпылықтайды.
Егер бағдарлама таңдау тетігін цикл
орындалып жатқанда басқа бағдарламаға
бұрсаңыз, құрылғы жаңадан таңдалған
бағдарламаны елемейді. "Err" жазуы
жыпылықтайды да, "Старт/Пауза"
түймешігі бірнеше секунд қызыл түспен
жыпылықтайды.
Айналдыру жылдамдығын таңдау
Егер жуылған кірді құрылғыда таңдалған
айналдыру жылдамдығынан басқа
жылдамдықпен айналдырғыңыз келсе,
айналдыру
жылдамдығын өзгерту үшін
"Отжим" түймешігін басыңыз. Сонымен
қатар, "Айналдырмау"
немесе "Шаюды
кідірту"
функциясын таңдауға болады.
Ең үлкен айналдыру жылдамдығын "Жуу
бағдарламалары" тарауынан қараңыз.
Айналдырмау
Осы функцияны таңдағанда айналдыру
кезеңдерінің ешқайсысы орындалмай,
орнына киімдер бырысып қалмас үшін
суды төгу циклі орындалады. Бұл функция
аса нəзік маталар үшін ұсынылады.
Шаюды кідірту
Осы функция таңдалса, киімдер мыжылып
қалмас үшін соңғы шаю циклынан қалған
су түгел төгілмейді.
Егер "Шаюды кідірту"
функциясын
таңдасаңыз, бағдарламаның соңында
циклді аяқтап, суды төгу үшін "Отжим"
немесе "Слив" циклын таңдау керек.
Параметрлерді таңдау
Бағдарламаны таңдағаннан кейін, "Старт/
Пауза" түймешігін баспай тұрып əр түрлі
параметрлерді таңдау керек ("Жуу
бағдарламалары" кестесін қараңыз).
Қалаған түймешікті (түймешіктерді)
басыңыз; тиісті индикаторлар жанады.
Қайта басқан кезде шамдар сөнеді. Егер
параметрлердің бірі таңдалған
бағдарламамен сыйысымды болмаса,
дисплейде
“Err” түймешігі жанып, "Старт/
Пауза" түймешігі қызыл түспен жанады.
"Алдын ала жуу" параметрі
Құрылғы алдын ала жуу циклін ең көбі
30°C градуста қосады.
“Быстрая стирка" функциясы
Жуу уақыты таңдалған бағдарламаға
қарай қысқарады.
“Eco" функциясы
Бұл параметр, тиімділігі жоғары
температурамен жуатын бағдарламаның
тиімділігіндей, төмен температурамен жуу
бағдарламасын таңдауға мүмкіндік береді.
“Легкая глажка" функциясы
Бұл параметрді таңдасаңыз, кір бырысып
қалмас үшін баппен жуылып, баппен
айналдырылады. Бұл кірді оңай
үтіктелетін етеді.
“Доп. полоскание" функциясы
Кір жуғыш машина цикл орындалып тұрған
кезде бір немесе бірнеше шаю циклдерін
қосады. Бұл функция терісі сезімтал
адамдарға
жəне суы тұщы жерлерде
қолдануға арналған.
“Задержкa старта”
Бұл параметр жуу бағдарламасын 30
минутқа, 60 минутқа, 90 минутқа, 2
сағаттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп
бастауға мүмкіндік береді. Таңдалған
уақыт дисплейде бірнеше секунд
көрсетіліп тұрады.
Кешіктіріп бастау функциясын "Бастау/
Үзіліс" түймешігін баспай тұрып,
"Задержкa старта" түймешігін қайта басып
кез келген уақытта өзгертуге немесе
біржола тоқтатуға болады (
’ дереу
бастауды көрсетеді)
"Бастау/Үзіліс" түймешігін əлдеқашан
басып қойсаңыз жəне кешіктіріп бастау
параметрін өзгерткіңіз немесе біржола
тоқтатқыңыз келсе, келесі əрекетті
орындаңыз:
• Кешіктіріп бастауды болдырмай, циклды
бірден бастау үшін "Бастау/Үзіліс"
түймешігін, содан кейін "Задержкa
старта" түймешігін басыңыз. Циклді
бастау үшін "Бастау/Үзіліс" түймешігін
басыңыз.
7
www.zanussi.com