Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
• Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны орнынан жылжытқан
кезде әрқашан тік қалыпта ұстаңыз.
• Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
• Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
• Құрылғы орнатылған еден тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза
болуға тиіс.
• Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны
көшірген кезде, ішкі бөліктеріне
зақым келмес үшін барабанды
бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
• Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғы мен еден арасында тиісті
орын қалдыру үшін өзгермелі
тіректерді реттеңіз.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына
қойғаннан кейін, ватерпас арқылы
деңгейінің әбден дұрыс
қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату
алдында, жөндеу жұмыстарын
орындағаннан кейін немесе жаңа
құралдарды орнатқаннан кейін (су
өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және
тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында
немесе бірінші рет қолданғаннан
кейін ешбір су ағып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған
құрылғы.
www.aeg.com6