AEG L59869FL Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 35
Стиральная машина
L 59869 FL
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................8
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ......................................................................................... 12
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................15
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................16
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................18
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................18
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................19
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 23
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 25
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................29
14. ЕСІКТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА АШУ............................................................32
15. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................33
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану
үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.aeg.com2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 9 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында
болуға тиіс.
ҚАЗАҚ 3
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
Орам материалдарының және
тасымал тетіктерінің барлығын
алыңыз.
Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен немесе ауа-райы
әсер ететін жерлерге орнатпаңыз
немесе пайдаланбаңыз.
Құрылғы орнатылатын еденнің
тегіс, орнықты, қызуға төзімді және
таза болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
Құрылғы мен еден арасында
ауаның айналуын қамтамасыз
етіңіз.
Құрылғы мен кілемнің арасында
тиісті орын болуын қамтамасыз ету
үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
Құрылғыны есігі толық ашылмайтын
жерге орнатпаңыз.
2.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге
хабарласыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Қорек
www.aeg.com4
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қорек сымын немесе ашасын су
қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
ҰБ мен Ирландияға ғана арналған:
Құрылғының 13 амперлік қуат
ашасы бар. Егер қуат ашасының
сақтандырғышын ауыстыру қажет
болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)
сақтандырғышын пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
2.3 Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір
зақым келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
құбырларға жалғамай тұрып, суын
тазарғанша ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған
кезде еш жерінен су ақпай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.4 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды
орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Кірдегі темір заттардың
барлығының алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі
мүмкін суды құю үшін сауыт
қоймаңыз. Қолданылатын керек-
жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып
біліңіз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде есіктің шынысына қол
тигізбеңіз. Шыны ыстық болуы
мүмкін.
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 5
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Құрылғының жалпы көрінісі
1
2
3
5
6
7
4
1
Жұмыс тақтасы
2
Жуғыш зат үлестіргіші
3
Басқару панелі
4
Есіктің тұтқасы
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Су төгетін сорғының сүзгісі
7
Құрылғы деңгейін реттеуге
арналған тірек
3.2 Бала қауіпсіздігі
құралын қалай қосу керек
Бұл құрал балалар немесе үй
жануарлары құрылғыға кіріп кетуден
қорғайды.
Құралды сағат тілінің бағытымен
кертігі көлденең қалыпқа келгенше
бұраңыз.
Есікті жаба алмайсыз.
Есікті жабу үшін, құралды сағат тілінің
бағытына қарсы, кертігі тік қалыпқа
келгенше бұраңыз.
3.3 Орнатуға арналған
жинақ (4055171146)
Уәкілетті дилерден алуға болады.
www.aeg.com6
Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату
тақтайшасына бекіту керек.
Жинақпен бірге берілген нұсқаулықты
мұқият оқыңыз.
3.4 Керек-жарақтары
1 2
45 3
Гайка кілті: тасымал болттарын алуға
арналған.
Пластик тығындар: тасымал
болттарын алғаннан кейін, корпустың
арт жағындағы тесіктерді жабуға
арналған.
Шуылдан қорғағыш: құрылғы жұмыс
істеп тұрған кезде шуылды азайтуға
арналған.
Пластик түтік бағыттағыш: су төгетін
түтікті раковина жиегіне жалғау үшін.
Тасқынға қарсы су құятын түтік: су
ағуға жол бермеу үшін қолданылады.
ҚАЗАҚ 7
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
4.1
1 2 3
4
5
6789101112
1
Автоматты сөндіру түймешігі (Auto
Off)
2
Бағдарлама түймешесі
3
Бейнебет
4
Бу сенсорлық түймешігі (Пар)
5
Жады сенсорлық түймешігі
(Память)
6
Бастау/Үзіліс сенсорлық түймешігі
(Старт/Пауза)
7
Кешіктіріп Бастау сенсорлық
түймешігі (Oтсрочка старта )
8
Уақытты Үнемдеу сенсорлық
түймешігі (Экономия времени)
9
Қосымша Шаю сенсорлық
түймешігі (Доп.полоскание)
10
Функцияның сенсорлық түймешігі
(Пятна/Предварит.стирка)
11
Айналдыру жылдамдығын азайту
түймешігі (Отжим)
12
Температура сенсорлық түймешігі
(Температура)
www.aeg.com8
4.2 Бейнебет
A B C D
EFGH
IJ
Бейнебетте төмендегілер
көрсетіледі:
A
Мәтін жолағы:
Құрылғыны қолдануға қатысты нұсқаулар береді.
Бағдарламаның қалып-күйі мен циклін көрсетеді.
Ескерту хабарларын көрсетеді. "Ақаулықты түзету" тарауын қараңыз.
Тиісті цикл немесе функция орнатылған кезде бейнебетте белгішелер көрсетіледі.
B
Бала қауіпсіздігі құлпы
C
Есік бұғаттаулы
Белгіше көрсетіліп тұрғанда құрылғының есігін аша алмайсыз.
Есікті белгіше көрінбей кеткенде ғана аша аласыз.
Бағдарлама аяқталса да, белгіше көрсетіліп тұрса:
«Шаюды кідірту» функциясы қосулы.
Барабанның ішінде су бар.
ҚАЗАҚ 9
D
Мән аумағы
Тәулік уақыты
Құрылғыны іске қосқан кезде бейнебетте тәулік уақыты бірнеше секунд
көрсетіледі. Сағатты реттеу үшін "Сағат параметрлері" тарауын қараңыз.
Бағдарлама ұзақтығы
Тиісті түймешікті басқанда, бағдарлама циклының ұзақтығы бірнеше секунд
көрсетіледі де, содан кейін бағдарлама аяқталатын уақыт қайта көрсетіледі.
Бағдарлама ұзақтығының индикаторы
Сандар бағдарлама ұзақтығын көрсеткен кезде индикатор
жанады.
Бағдарлама аяқталатын уақыт
Бағдарламаны аяқтау индикаторы
Сандар бағдарлама аяқталатын уақытты көрсеткенде индикатор
жанады.
Кешіктіру уақыты
Кешіктіріп бастау уақытын орнатқан кезде, бағдарламаның аяқталу уақыты 30
минуттан 10 сағатқа дейін және бір сағаттан 20 сағатқа дейінгі қадам бойынша
ұзарады.
Бағдарламаның аяқталуы
Бейнебетте нөл көрсетіледі.
E
Бұл есік ашық болса ғана көрсетіледі - 'Құрылғыны іске қосу және
бағдарламаны орнату' тарауын қараңыз.
Орнатылған бағдарлама үшін салуға болатын кірдің ең көп
салмағы (кг бойынша).
Индикатордың жолағы орнатылған кірдің мөлшеріне қарай тола
бастайды.
Кір макс. салмаққа дейін салынған кезде индикатор жолағы
толық боялады.
Графикалық жолақ
Функцияны орнату үшін:
Егер функцияны орнатылған бағдарлама үшін таңдауға болса
ғана бос индикатор жолағы көрсетіледі.
Егер индикатор жолағы жанбаса, оған қолжетімді емес.
Индикатордың жолағы орнатылған функцияларға қарай тола
бастайды.
www.aeg.com10
Егер теріс функция таңдалса, Err жазуы көрсетіліп, таңдаудың теріс
екенін көрсетеді.
F
Уақытты үнемдеу
Бағдарлама ұзақтығының бірін орнатқан кезде индикатор
жанады.
Қысқарған уақыт
Өте жылдам
H
Қосымша шаю
Бұл мән шаю циклдерінің жалпы санын көрсетеді.
Индикатор жолағы шаю циклдарының санына қарай
толтырылады.
I
Дақ индикаторы
Алдын ала жуу индикаторы
Жібіту индикаторы
Индикатордың жолағы орнатылған функцияларға қарай тола
бастайды.
J
Орнатылған бағдарламаның айналдыру жылдамдығы
Айналдырмау индикаторы
1)
Шаюды кідірту индикаторы
1)
АЙНАЛДЫРУ/СУ ТӨГУ бағдарламасында ғана жұмыс істейді.
K
Орнатылған бағдарламаның әдепкі температурасы
Суық су
ҚАЗАҚ 11
5. БАҒДАРЛАМАЛАР
5.1 Бағдарлама кестесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Жуу бағдарламалары
Хлопок
95°C- Суық
9 кг
1600
мин/айн
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
және шамалы ластанған кір.
Очень тихая
95°C- Суық
9 кг Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
және шамалы ластанған кір. Бағдарлама
шуылсыз циклды орындау үшін айналдыру
циклдарының барлығын алып тастайды. Цикл
барабан ішіндегі суды төкпестен тоқтайды.
Синтетика
60° C - Суық
4 кг
1200
мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Легкая глажка
60° C - Суық
4 кг
800 мин/айн
Баппен жуылатын синтетикалық заттар.
Қалыпты және шамалы ластанған кір.
1)
Тонкие ткани
40° C - Суық
4 кг
1200
мин/айн
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы
матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Шерсть/Шелк
40° C - Суық
2 кг
1200
мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын жүн маталар.
2)
Одеяла
60°C - 30° C
3 кг
800 мин/айн
Бір синтетикалық төсек жапқыш, көрпе,
төсек жабдығы т.с.с. заттарды жууға
арналған арнайы бағдарлама.
Антиаллергенная
60° C
9 кг
1600
Ақ мақта мата заттар. Бұл бағдарлама 60°C
градуста жуу циклінің көмегімен микро-
ағзаларды жояды және бір шаю циклін
қосады. Осылайша киім барынша тиімді
жуылады.
Отжим/Слив
9 кг
1600
мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Барлық маталар.
www.aeg.com12
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Полоскание
Суық
9 кг
1600
мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар.
Верхняя одежда
40°- Суық
2.5 кг
800 мин/айн
Су өткізбейтін, спорттық және көшеге
арналған заттар.. Ешбір мата жұмсартқыш
қолданбаңыз!
20 мин - 3 кг
40°C - 30°C
3 кг
1200
мин/айн
Шамалы кірлеген немесе бір рет ғана
киілген мақта мата және синтетика заттар.
Супер Eco
Суық
3 кг
1200
мин/айн
Аралас маталар (мақта мата және синтетика
заттар).
3)
Хлопок Eco
4)
60°C - 40° C
9 кг
1600
мин/айн
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта
мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының уақыты
ұзарады.
Бу бағдарламалары
5)
Бу циклін кепкен, жуылған немесе бір рет жуылған кір үшін қолдануға болады.
Бұл бағдарламалар кірдің бырысын жазып, иісін азайтып, матаны барынша
тегіс етуге көмектеседі.
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, дақты жуу немесе жумай
тұрып тазарту арқылы кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсызданыру циклін орындамайды.
Мына заттар үшін Бу бағдарламасын орнатпаңыз:
зат белгісінде кептіргіш машинада кептіруге болады деген жазуы жоқ заттар.
пластик, темір, ағаш немесе сол сияқты заттар тағылған киімдердің барлығы.
Освежить паром
40° C
1.5 кг Мақта мата және синтетика заттарға
арналған бу бағдарламасы. Бұл цикл кірдің
иісін кетіреді.
6)
ҚАЗАҚ 13
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамды
ғы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Разглаживание
40° C
1.5 кг Синтетикалық заттарға арналған бу
бағдарламасы. Бұл цикл кірдің бырысын
жазуға көмектеседі.
1)
Бұл цикл кірлер мыжылып қалмас үшін судың температурасын реттеп, баппен жуады және
сығады. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған
сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
3)
Бұл күнделікті пайдалануға арналған, жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін су мен қуаттың
пайдаланылатын мөлшерін азайтатын бағдарлама.
4)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 9 салмаққа
арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай
берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны
орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
5)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы мүмкін. Кірді
кептіріп алу үшін таза ауаға шамамен 10 минут қою керек. Бағдарлама аяқталған кезде кірді
барабаннан дереу алыңыз. Бу циклі аяқталғаннан кейін, кірді бәрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл
үтіктеледі!
6)
Бу киімнен шығатын жануарлардың иісін кетірмейді.
Бағдарлама параметрлерінің
сыйысымдылығы
Бағдарлама
Отжи
м
Пятна/
Пред
варит
.стир
ка
1)
Жібіт
у
Доп.п
олоск
ание
2)
Экон
омия
врем
ени
3)
Oтср
очка
старт
а
Хлопок
Очень тихая
Синтетика
Легкая глажка
4)
Тонкие ткани
Шерсть/Шелк
Одеяла
Антиаллергенная
www.aeg.com14
Бағдарлама
Отжи
м
Пятна/
Пред
варит
.стир
ка
1)
Жібіт
у
Доп.п
олоск
ание
2)
Экон
омия
врем
ени
3)
Oтср
очка
старт
а
Отжим/Слив
5)
Полоскание
Верхняя одежда
20 мин - 3 кг
Супер Eco
Хлопок Eco
6)
1)
Егер сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, Алдын ала жуу циклі жоқ бағдарламаны орнатыңыз. Дақ
функциясы 40°C градустан төмен температурада жұмыс істемейді.
2)
Айналдыру жылдамдығы төмен болған кезде, құрылғы баппен шаяды және аз уақыт
айналдырады.
3)
Егер қысқа цикл уақытын орнатсаңыз, кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Құрылғыға кірді
толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі төмендейді.
4)
Тек Алдын ала жуу функциясына қол жетімді.
5)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Оның кірге сай келетініне жақсылап көз жеткізіңіз. Егер
Айналдырмау циклын орнатсаңыз, тек су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
6)
Осы бағдарламаларда қысқа цикл ғана орнатуға болады.
5.2 Woolmark сертификаты
Woolmark компаниясы бұл машинаның
жүн матаны жуу бағдарламасын
тексерген және сертификаттаған, бірақ
бұл компанияның талабы бойынша
«қолмен жуу» деген затбелгісі бар
заттарды, киім өндіруші мен кір жуғыш
машинаны өндіруші нұсқауларын
сақтап жуу керек. M1144
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг
пен Индияда Woolmark белгісі -
сертификатталған сауда белгісі болып
табылады.
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі
себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен
түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
ҚАЗАҚ 15
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне
арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі. Жуу циклы кезінде
бағдарлама ұзақтығы автоматты түрде есептеледі және салынған
кірдің салмағы кірдің ең көп мөлшерінен аз болса барынша азаяды
(мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп мөлшері 9 кг болса, онда
бағдарлама ұзақтығы 2 сағаттан асады; нақты салмақ 1 кг болса,
бағдарлама ұзақтығы 1 сағатқа жетпейді). Құрылғы бағдарламаның
нақты уақытын есептеп тұрғанда бейнебетте нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салма
қ (кг)
Қуат
тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды
ұзақтығы (минут)
Мақта мата 60 °C 9 1.6 69 168
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
1)
9 0.90 57 233
Мақта мата 40 °C 9 1.0 69 164
Синтетика 40 °C 4 0.6 48 105
Нәзік мата 40 °C 4 0.7 58 86
Жүн мата/Қолмен жуу 30
°C
2 0.35 57 61
1)
9 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» қуат мәндері көрсетілген
тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,05 0,05
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру үшін
ЕО Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
7. ФУНКЦИЯЛАР
7.1 Бағдарлама түймешесі
Бағдарламаны орнату үшін осы тетікті
бұраңыз. Тиісті бағдарламаның
индикаторы жанады.
7.2 Пар
Бұл түймешікті будың деңгейін орнату
үшін басыңыз. Бұл бу функциясы бар
бағдарламада ғана жұмыс істейді. Бу
циклының ұзақтығы таңдаған
параметріңізге сай өзгереді.
7.3 Память
Бағдарламаны жадыға енгізу немесе
жадыға сақталған бағдарламаны
орнату үшін Память түймешіктерінің
бірін басыңыз.
www.aeg.com16
Бағдарламаны жадыға енгізу:
1. Құрылғыны іске қосу үшін Auto Off
түймешігін басыңыз.
2. Бағдарлама тетігін таңдаулы
бағдарламаға бұраңыз.
3. Қажет болса, бір немесе бірнеше
функцияны орнатыңыз.
4. Түймешіктердің бірін Память
бірнеше секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Сигнал естіледі де, бейнебетте
бағдарламаның сақталғаны
көрсетіледі.
Жадыға енгізілген бағдарламаны
орнату: Бағдарламаны орнату үшін
сол бағдарлама сақталған түймешікті
басыңыз.
Бағдарлама индикаторы жанады да,
бейнебетте барлық мағлұмат
көрсетіледі.
Жадыға енгізілген
бағдарламаны болдырмау
үшін жаңа бағдарламаны
жадыға сақтау керек.
7.4 Старт/Пауза
Бағдарламаны бастау немесе кідірту
үшін Старт/Пауза түймешігін түртіңіз.
7.5 Oтсрочка старта
Бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастау үшін Oтсрочка
старта түймешігін басыңыз.
7.6 Экономия времени
Бағдарлама уақытын азайту үшін
Экономия времени түймешігін
басыңыз.
Келесі функцияны таңдауға болады:
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН УАҚЫТ:
күнделікті кірлейтін заттарды жуу
үшін.
ӨТЕ ЖЫЛДАМ: мүлдем кірлемеген
заттарды жылдам жууға арналған.
Кей бағдарламаларда осы
функциялардың біреуін
ғана қабылдайды.
7.7 Доп.полоскание
Бағдарламаға шаю циклдарын қосу
үшін Доп.полоскание түймешігін
басыңыз.
Жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдар үшін немесе суы тым тұщы
жерлерде осы функцияны
қолданыңыз.
7.8 Пятна/Предварит.стирка
Келесі функциялардың біреуін орнату
үшін түймешікті басыңыз:
Алғашқы жуу
Қатты кірлеген кірді жуу үшін осы
функцияны қолданыңыз. Құрылғы
негізгі жуу циклына алдын ала жуу
циклын қосады. Бағдарламаның
уақыты ұзарады.
Жібіту
Қатты кірлеген кірді жуу үшін осы
функцияны қолданыңыз. Құрылғы
кірді жуу алдында шамамен жарты
сағат 30°C бойынша жібітеді.
Дақтар
Дағы оңай кетпейтін кірлерді жуу
үшін осы функцияны қолданыңыз.
Осы функцияны орнатқан кезде,
дақ кетіргішті бөлігіне салыңыз.
Бағдарламаның уақыты
ұзарады. Бұл функция
40° C градустан төмен
температурада жұмыс
істемейді.
7.9 Отжим
Келесі әрекетті орындау үшін Отжим
түймешігін басыңыз:
Бағдарламаның айналдыру циклінің
ең үлкен жылдамдығын азайту
үшін.
Бейнебетте тек
орнатылған
бағдарламада ғана
қолжетімді айналдыру
жылдамдықтары
көрсетіледі.
Айналдыру циклын сөндіру
("Айналдырмау" функциясы).
Шаюды кідірту функциясын іске
қосыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Мата мыжылып қалмас үшін осы
функцияны орнатыңыз. Бағдарлама
аяқталған кезде құрылғы суы
төгілмейді.
7.10 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы түймешікті түртіңіз.
және белгілері = суық су
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигнал келесі жағдайларда
естіледі:
Құрылғыны іске қосқанда.
Құрылғыны сөндіргенде.
Түймешіктерді басқанда.
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін Пятна/Предварит.стирка және
Доп.полоскание түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар түймешіктерді басқан
кезде және ақаулық орын
алған кезде ғана іске
қосылады.
8.2 Балалар құлпы
функциясы
Осы функцияның көмегімен балаларға
басқару панелімен ойнауға жол
бермейсіз.
Осы функцияны іске қосу/сөндіру
үшін, Температура және Отжим
түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
Осы функцияны іске қосуға болады:
Старт/Пауза түймешігін түрткеннен
кейін: барлық түймешіктер мен
бағдарлама тетігі сөнеді.
Старт/Пауза түймешігін басар
алдында: құрылғы іске
қосылмайды.
8.3 Тұрақты қосымша шаю
Осы функцияның көмегімен қосымша
шаю параметрін тұрақты түрде, жаңа
бағдарламаны орнатқан кезде
қолданатын етіп орнатуға болады.
Осы функцияны іске қосу/сөндіру
үшін Экономия времени және
Oтсрочка старта түймешіктерін
бейнебетте индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар
басыңыз.
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклының жуғыш затына
арналған бөлікке 2 литр су
құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
9.1 Тілді орнату
Құрылғыны алғаш рет іске қосқан
кезде бейнебетте әдепкі тіл
көрсетіледі де, оны растауды немесе
өзгертуді сұрайды.
1. Қажетті тілді орнату үшін
бағдарлама тетігін бұраңыз.
2. Бейнебетте қажетті тіл көрсетілген
кезде таңдауды растау үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз.
www.aeg.com18
9.2 Бірінші рет іске
қосқаннан кейін тілді
өзгерту
1. Отжим және Пятна/
Предварит.стиркатүймешігін
бірнеше секунд қатар басыңыз.
2. Бейнебетте орнатылған тіл
көрсетілген кезде, жаңа тілді
орнату үшін бағдарлама тетігін
бұраңыз.
3. Таңдауды растау үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
9.3 Сағатты орнату
Тілді орнатқаннан кейін бейнебетте
сағатты орнату қажет деген хабар
көрсетіледі. Сағат мәндері
жыпылықтайды.
1. Сағатты өзгерту үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
2. Таңдауды растау үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
Минут мәндері жыпылықтайды.
3. Минутты өзгерту үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
4. Таңдауды растау үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
9.4 Бірінші рет іске
қосқаннан кейін уақытты
өзгерту
1. Доп.полоскание және Экономия
времени түймешігін бірнеше
секунд қатар басыңыз.
Сағат мәндері жыпылықтайды.
2. Сағатты өзгерту үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
3. Таңдауды растау үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
Минут мәндері жыпылықтайды.
4. Минутты өзгерту үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
5. Таңдауды растау үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Салмақ сенсорларын
пайдалану
Салмақ сенсоры дұрыс
жұмыс істеуі үшін,
құрылғыны іске қосыңыз
да, бағдарламаны кірді
барабанға салар
АЛДЫНДА орнатыңыз.
10.2 Құрылғыны іске
қосудың алдында
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Ашаны розеткаға қосыңыз.
10.3 Құрылғыны іске қосу
және бағдарламаны орнату
1. Құрылғыны іске қосу үшін Auto Off
түймешігін басыңыз.
2. Бағдарлама тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз немесе
Память түймешіктердің басып,
жадыға сақталған
бағдарламалардың бірін
орнатыңыз.
Бағдарлама индикаторы жанады.
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
қызыл түспен жанады.
Бейнебетте әдепкі температура,
айналдыру жылдамдығы және
таңдауға болатын функциялардың бос
индикатор жолақтары көрсетіледі.
3. Егер қажет болса, Температура
және Отжим түймешігін басып
судың температурасы мен
айналдыру жылдамдығын
өзгертіңіз.
4. Егер қажет болса, кей
функцияларды қосу немесе
кешіктіріп бастау функциясын
орнату үшін басқа түймешіктерді
түртіңіз.
ҚАЗАҚ 19
Бейнебетте орнатылған функцияның
белгішесі мен кешіктіріп бастау
уақытының мәні көрсетіледі.
10.4 Кірді салу
1. Құрылғының есігін ашыңыз.
Бейнебетте орнатылған
бағдарламада қоюға болатын кірдің ең
үлкен салмағы және барабанға
салынған кірдің
салмағы
көрсетілген.
Бейнебеттегі мәтін жолағы кірді
үстемелеп салу қажет екенін
көрсетеді.
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз. Кірлерді құрылғыға салар
алдында сілкілеңіз.
Бейнебетте кірдің салмағы 0,5 кг
қадаммен жаңартылып көрсетіледі.
Салмақ жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген және кірдің түріне
байланысты өзгереді.
Егер барабанға кірді ең
үлкен салмақтан асыра
салсаңыз, мәтін
жолағында салынған кірдің
салмағы ең үлкен
салмақтан артық екені
көрсетіледі. Кірді жууға
болады, бірақ су мен
қуатты тұтыну мөлшері
көбейеді. Кірді жақсы
жуып, қуат пен суды
қажетті мөлшерде тұтыну
үшін кейбір кірлерді
алыңыз Кірдің салмағы
артық екені, салынатын
кірдің ең үлкен салмағы,
құрылғыға салынатын ең
үлкен салмақтан төмен
бағдарламаларда ғана
көрсетіледі.
3. Есікті жабыңыз.
Мәтін жолағында жуғыш заттың
мөлшері пайыз түрінде көрсетіледі.
Бұл өндіруші ұсынған кірдің ең көп
мөлшеріне арналған жуғыш заттың
мөлшеріне қатысты жалпылама дерек
болып табылады.
4. Тығыздағыш пен есіктің арасына
ешбір кір қыстырылып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су ағуы немесе кірге нұқсан келуі
мүмкін.
10.5 Жуғыш зат пен
үстемелерді салу
Алдын ала жуу және жібіту
бағдарламасына арналған бөлік.
Жуу циклына арналған бөлік.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
Сұйық үстемелердің мөлшеріне
арналған ең жоғары деңгей.
Дақ кетіретін құралға арналған
бөлік.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа
арналған бөлгіш.
Жуғыш заттардың
орамында көрсетілетін
нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
www.aeg.com20
  • Page 1 1
  • Page 2 2
  • Page 3 3
  • Page 4 4
  • Page 5 5
  • Page 6 6
  • Page 7 7
  • Page 8 8
  • Page 9 9
  • Page 10 10
  • Page 11 11
  • Page 12 12
  • Page 13 13
  • Page 14 14
  • Page 15 15
  • Page 16 16
  • Page 17 17
  • Page 18 18
  • Page 19 19
  • Page 20 20
  • Page 21 21
  • Page 22 22
  • Page 23 23
  • Page 24 24
  • Page 25 25
  • Page 26 26
  • Page 27 27
  • Page 28 28
  • Page 29 29
  • Page 30 30
  • Page 31 31
  • Page 32 32
  • Page 33 33
  • Page 34 34
  • Page 35 35
  • Page 36 36
  • Page 37 37
  • Page 38 38
  • Page 39 39
  • Page 40 40
  • Page 41 41
  • Page 42 42
  • Page 43 43
  • Page 44 44
  • Page 45 45
  • Page 46 46
  • Page 47 47
  • Page 48 48
  • Page 49 49
  • Page 50 50
  • Page 51 51
  • Page 52 52
  • Page 53 53
  • Page 54 54
  • Page 55 55
  • Page 56 56
  • Page 57 57
  • Page 58 58
  • Page 59 59
  • Page 60 60
  • Page 61 61
  • Page 62 62
  • Page 63 63
  • Page 64 64
  • Page 65 65
  • Page 66 66
  • Page 67 67
  • Page 68 68
  • Page 69 69
  • Page 70 70
  • Page 71 71
  • Page 72 72

AEG L59869FL Руководство пользователя

Тип
Руководство пользователя

Задайте вопрос, и я найду ответ в документе

Поиск информации в документе стал проще с помощью ИИ