• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еден тегіс, орнықты,
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан
кейін, ватерпас арқылы деңгейінің әбден
дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі
дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше
реттеңіз.
• Құрылғыны едендегі су ағатын арықшаның
үстіне тура орнатпаңыз.
• Құрылғыға су шашпаңыз және шамадан
тыс көп ылғалдың әсер етуіне жол
бермеңіз.
• Құрылғыны құрылғының есігі толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін жабық сауыт қоймаңыз.
Қолданылатын керек-жарақтың түрін
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласып біліңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
СУҒА ҚОСУ
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш
түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті
ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Су төгетін түтіктен судың ағып тұрғанын
көруге болады. Бұл құрылғыны зауытта
суды пайдаланып сынақтан өткізгенге
байланысты.
• Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға
болады. Басқа су төгетін түтік алу немесе
оны ұзарту үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
• Май немесе басқа да майлы заттар қатты
ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір
жуғыш машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір
жуғыш машинаға салар алдында, алдын
ала қолмен жуыңыз.
• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі
мүмкін.
СЕРВИС
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
4