Абайлаңыз!
- Құрылғыны қоспас бұрын, құрылғыда көрсетілген кернеудің
жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Құрылғыны жерге қосылған розеткаға қосыңыз.
- Құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа
біреу қадағалаған және құрылғыны пайдалануға қатысты қауіп-
қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құрылғыны 8 жасқа толған
балалар және физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі,
білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады. 8 жасқа толмаған
балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс. Құрылғы мен оның сымын
8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
- Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
- Бұл құрылғы дәндерді ұнтақтап, кофе қайнату үшін жасалған. Ыстық
су немесе буға күйіп қалуын болдырмау үшін оны мақсаты бойынша
және күтіммен қолданыңыз.
- Желі сымы коннекторына сұйықтық құймаңыз.
- Аша, қуат сымы немесе құрылғының өзі зақымданған болса,
құрылғыны қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны
тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
Абайлаңыз
- Құрылғыны тексеру немесе жөндету үшін оны тек Philips мақұлдаған
қызмет орталығына апарыңыз. Құрылғыны өзіңіз жөндеген жағдайда,
сіздің кепілдігіңіз күшін жояды.
- Құрылғыны әрқашан түзу және тұрақты бетке қойыңыз.
Оны тасымалдағанда да тігінен сақтаңыз.
- Құрылғыны плитаға немесе ыстық пештің, қыздырғыштың немесе
соған ұқсас жылу көзінің қасына орнатпаңыз.
- Үгіту немесе демдеу кезінде ақаулық пайда болса және тазалауды
бастамас бұрын, құрылғыны қуаттан ажыратыңыз.
- Құрылғыны орнатудың немесе қанда да бір бөлшектерді кірістірудің
алдында оны суытыңыз.
- Қақты үнемі тазалап тұрыңыз.
- Егер қақты тазаламасаңыз немесе жоймасаңыз, құрылғы бұзылып
қалуы мүмкін және кепілдігіңіз жарамсыз болып қалуы мүмкін.
- Су ыдысын ешқашан жылы, ыстық немесе газдалған суға
толтырмаңыз, себебі ол су ыдысы мен құрылғыны зақымдауы мүмкін.
- Құрылғыны тазалау үшін агрессивті тазалағыш заттар, еріткіштер
немесе химиялық заттар қолданбаңыз.
- Құрылғыны 0°C-тан төмен температурада сақтамаңыз.
Жылыту жүйесінде қалған су қатып, зақымдануға әкелуі мүмкін.
- Бұл құрылғы қалыпты үй жағында ғана пайдалануға арналған.
Ол дүкендердің, кеңселердің, фермалардың немесе басқа жұмыс
орталарындағы асхана қызметкерлері үшін пайдалануға арналмаған.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл құрылғы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
ҚАЗАҚША8